UF

Бал арасының аурулары

Бал ара шаруашылығы - медицинаны, дәрі-дәрмек өнеркәсібін ара желімі (прополис), аналық уыз, гүл тозаңдары (перга), балауыз, ара уы сияқты дәрілік қасиеті өте күшті заттармен қамтамасыз етеді. Бұл саланың басты өнімі - бал. Ол адам организміне аса қажетті зат. Оның сыртында бал арасы өсімдіктерді тозаңдатып, олардың өнімін арттыруға да ат салысады. Сөйтіп одақ көлемінде жылына 10-12 миллион қосымша табыс келтіруде. 1986 жылы Қазақстан жерінде ең алғаш ара әкелінгеніне 200 жыл болғаны атап өтілді. Шығыс Қазақстан облысында қазір іріленген 5 ара шаруашылығы болса, Семей, Талдықорған, Алматы, Павлодар облыстарының кейбір шаруашылықтарында мамандандырылған ара бөлімшелері, бригадалары бар.

Осы саланың өсіп-өркендеуіне үлкен бір кедергі болып отырған бал арасының әр түрлі аурулары. Әсіресе, соңғы кездерде көптеген омарталарда варроатоз, шіріме, нозематоз сияқты аурулар жиі кездесіп жүр. Осы аурулар жайында толық мағлұмат берудің алдында бал арасы шаруашылығын ұйымдастыру, омартаның мал дәрігерлік-санитарлық дәрежелері және түрлі құрал-сайман жабдықтарды зарарсыздандыру жайында қысқаша мағлұмат беруді жөн көрдік.

Өйткені оларды білмей бал арасын өсіру, бал арасы ауруларының алдын алу мүмкін емес.

Жаңадан ара шаруашылығын ұйымдастырғанда алдымен жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын, ара семьясының биологиялық өніп-өсу ерекшеліктерін білетін омарташы дайындау керек. Ал ара семьяларын сатып алғанда сол аймақтағы шаруашылықтардың мал мамандарымен, аудандық ара шаруашылығы жөніндегі зоотехникпен кеңесіп, алынатын ара қандай тұқымнан, бұрын қайдан әкелінген, өсуі қалай, сондай-ақ сол өңірде бұрын ара шығыны болды ма, болса қандай себептерден екенін және мал дәрігерлік-санитарлық жағдайын ықтияттап, әр ара семьясын жекелеп тексеріп шығады.

Омарта маңына әр түрлі жеміс ағаштары отырғызылуы тиіс. Омарташының ара өсіру жөнінде арнаулы білімі немесе көп жылдық тәжірибесі болғаны жақсы. Әр омартаға жеке мал дәрігерлік-санитарлық паспорт толтырылады. Оны басқа жаққа көшіргенде, ара семьяларын немесе бал, балауыз т. б. түсімдерді сатқанда, сыртқа жөнелткенде осы паспортта көрсетілген деректерге сәйкес мал дәрігерлік анықтама куәлік беріледі. Омарта орнының шөбін шабады. Ұяларды ақ, көкшіл, сары түске бояп, жерден 15-20 см биік тұратындай етіп қадаларға орналастырады. Бөтен жәндіктер әсіресе жұмыртқалары ұяға кірмес үшін қадаларды автол, вазелин, солидол, керосин т. б. майлармен майлайды. Әр ұяның алдын 0,5X1 м шамасында өсімдіктерден тазартады. Қейін омарташы әлсін-әлсін сыпырып, жиналған қоқысты, ара өлекселерін өртеп отырады. Омарташы екі халат, екі сүлгі, сабын, леген, қақпақты шелек, қол жуғышпен қамтамасыз етіледі. Үйлердің, сарайлардың ашылатын терезелері ұсақ темір тормен қапталынады. Қоймада әр уақытта балы, гүл тозаңдары бар кәрездер, балауыз беттері (вощина) қант, бал айдағыш т. б. болуы керек.

Ара қыстауын әр кезде таза, құрғақ ұстау керек және оған желдеткіш орнатылады. Ондағы ауа температурасының 0-2°С, қалыпты ылғалдылығының 75-80% мөлшерде, ауа қозғалысының 0,435 м3/сағ. болғаны дұрыс.

Ара семьяларын омартаға топтастыру, ұстау, өсіру аурудан сақтандыру, емдеу жұмыстары 1986 ж. Мемлекеттік агроөнеркәсіптік комитет бекіткен «Ара ұстаудағы мал дәрігерлік-санитарлық нұсқауларға» сәйкес жүргізіледі.

Омартаны орналастыру. Омартаны (балшелек) құрғақ, жел өтінен қалқаланған, төңірегіне шырын, гүл тозаңдарын бөлетін әр түрлі өсімдіктерге бай жерге орналастырады. Жол үстінен, мал қораларынан, қант, кәмпит, химиялық заттар шығаратын өнеркәсіп орындарынан кемінде бір шақырым, көрші омарталардан 3-5 шақырым қашықтықта болғаны дұрыс.

Омартада, үйде, құрал-сайман қоятын қоймаларда, ара қыстауларында әр түрлі кеміргіштер (тышқандар) болмауын қадағалап, ондай жағдайда механикалық, биологиялық, химиялық әдістермен құртып отырады. Ол үшін бидай, сұлы, арпа, жүгері, нан ұнтақтарына және басқа да тамақ қалдықтарына 10-15% мөлшерінде бал немесе қант ерітіндісін араластырып мынандай улы заттардың бірі қосылады: 0,5 проценттік зоокумарин 5 процент, ротиндан 0,01-0,015 процент, бір проценттік зоокумарин 2 процент, крысид 1 процент, бір проценттік зоокумариннің натрий тұзына бір жарым процент мырыш фосфидін қосып 2-5 процент.

Бактокумарин дайын күйінде колданылатын дәрі. Оның 50-100 грамын алып 2-3 күн ұдайы тышқан індерінің айналасына, жүретін жолдарына бөліп-бөліп тастайды. Үйдің, қоймалардың, қабырғасындағы тесіктерді цементке не балшыққа сол мөлшерде уатылған әйнек немесе әйнек мақтасын қосып сылап бекітеді. Бұл жұмыстардың барлығы мал дәрігерінің не санэпидстанция мамандарының кеңесімен жүргізіледі.

Көктемде қыстаудан жайлауға шығарғанда аралардың іш босату қабілетіне ерекше көңіл аударады. Кейбір ұядан кешігіп ұшып шыққан аралар омартада жорғалап жүрсе, осындай әр 50-60 сақа араны алып, мал дәрігерлік лабораторияға жөнелтеді. Ара семьяларын зарарсыздандырылған ұяларға немесе жаңа ұяларға көшіреді, ұя түбіндегі қиқымдарды, ара өлекселерін жинап өртейді. Әр ұяда жетерліктей бал, гүл тозаңдарының қоры болуын қадағалайды.

Қарайып, мүжілген, тышқан кемірген, көгерген, ылғалданған, аналық ара жұмыртқалайтын ұяшалары тарылған кәрездерді түгелдей жинап, балауызға қайнатады. Босаған ұяларды қырып, тазартып жуады да зарарсыздандырады. Ол үшін төмендегідей тәсілдер қолданылады:

а) ұяларды, раманы және ағаштан жасалған басқа да заттарды тазалап, қыздырғыш шамның жалынымен қоңырқай тартқанша күйдіреді немесе зарарсыздандырады. Құрамында 10 проценттік сутегінің қос тотығы және 3 проценттік құмырсқа немесе сірке қышқылы бар ерітіндімен 1 шаршы метрге (12 шамалы ұя) 1 л есебімен арасына бір сағат салып 3 рет зарарсыздандырады.

Үшінші рет өңдегеннен кейін бір сағаттан соң ұяны пайдалана беруге болады. Сондай-ақ құрамында 5 проценттік формальдегид және 5 процент күйдіргіш натрийі бар жылы (30-40°С) формалиннің сілтілі ерітіндісімен 2 шаршы метрге 0,5 л есебімен, арасына бір сағат үзіліс жасап 2 рет зарарсыздандырады. Содан соң 5 сағаттан кейін ұяны сумен жуып, пайдалана беруге болады. 20 процентік күйдіргіш натрий ерітіндісімен немесе каустенген содопоташты қоспаның 40 проценттік ыстық (70°С) ерітіндісімен 1 шаршы метрге 0,5 л есебімен арасына бір сағат үзіліс жасап 2 рет зарарсыздандырса да жарайды. Мұндай ұяларды 2 тәуліктен соң сумен жуып кептіреді;

ә) ұя қондырмаларын, бөлгіш тақтайшаларды, бос рамаларды (механикалық жолмен тазаламай-ақ) күйдіргіш натрийдің 2 проценттік ерітіндісінде немесе каустенген содопоташты қоспаның 4 проценттік ерітіндісінде 15 минут қайнатады.

Құрамында 2 процент сутегінің қос тотығы және бір процент сірке қышқылы бар ерітіндіге батыру немесе гидропультпен шашу арқылы бос кәрездерді, көзгенектерді зарарсыздандыруға болады. Экспозициясы 24 сағат. Сондай-ақ оларды формалиннің 5 гіроценттік ерітіндісімен (формалиннің бір бөлігіне судың 9 бөлігі) зарарсыздандырады. Қөзгенектерді, кәрездерді сумен жуып кептіреді;

б) ұя төсеніштері мен жылытқыш көпшік тысын кальциленген соданың немесе күлдің күйдіргіш 3 проценттік ерітіндісінде 30 минут қайнатып зарарсыздандырады;

в) халат, сүлгі, бет перделерді төмендегі ерітінділердің біреуіне батыру арқылы зарарсыздандырады; яғни 20 проценттік сутегінің қос тотығында 3 сағат немесе 10 проценттік формалинде, сондай-ақ 4 проценттік параформ ерітіндісінде 4 сағат бойы, активтенген хлораминнің 1 проценттік ерітіндісінде 2 сағат ұстайды.

Зарарсыздандыру жұмысын жүргізуге пайдаланылған суды арнайы қазылған шұңқырға төгіп, мықтап көміп тастайды. Зарарсыздандыру жұмысын арнаулы киім, қорғаныш көзәйнек киіп, ауыз-мұрынға дәке байлап немесе противогаз киіп жұргізеді. Омартаға екі ара суарғыш қойып, тақтай үстіне су бірқалыпты тамшылап ағып тұратындай етіледі. Бір суарғышта таза су, екіншісінде 1% мөлшерінде ас тұзы ерітілген су болуы керек. Қүзге қарай араларға таза сапалы бал беріледі. Ол үшін омартадағы әр семьяның бал қорын анықтайды. Егер бал сапасыз немесе құрамында шірне болса, онда түгел алынып, ара семьялары қант ерітіндісімен қоректендіріледі.

Омарта қысқа қарай сол жазғы тұрған орнынан ауыстырылмаса, онда әр семьяның қоректік балы көбірек қалдырылып жел ызғары өтпейтін, дымқылданбайтындай жағдай жасалады.

* * *

Ара семьясы біртұтас биологиялық тіршілік көзі. Сондықтан сақа араларға немесе личинкаларға (ұрықтарға) әсер етуші ауру қоздырғышы ұядағы байырғы тіршіліктің бұзылуына әкеп соқтырады. Әр ұядағы аралар азайып, әлсірейді, ауру етек алып басқа ара семьяларын қамтуға дейін барады. Өкінішке орай, зоотехникалық-мал дәрігерлік жоғары білімі бар мамандар ара ауруларының пайда болу себептерін, алдын алуды, емдеу тәсілдерін толық біле бермейді. Сол себептен ара өсіретін шаруашылықтарға едәуір экономикалық зиян келеді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-11-09 10:20:17     Қаралды-380

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »