UF

ГАНА (Ghаnа), Гана Республикасы (Republic of Ghana) - Батыс Африкадағы мемлекет. Британ Ынтымағына кіреді. Батысында Піл сүйегі жағалауымеп, солтүстік-батысы мен солтүстігінде Жоғары Вольтамен, шығысында Тогомен шектеседі. Оңтүстігінде - Гвиней шығанағы. Жері 238,5 мың км2, халқы 25,1 млн. (2013). Астанасы - Аккра. Әкімшілік жағынан 8 облысқа бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Гана - республика. Қазіргі конституциясы 1969 жылы 22 тамызда қабылданған. Мемлекеттік басшысы - президент; ол жанама сайлау жолымен 4 жылға сайланады. Президент қарулы күштердің бас қолбасшысы да. Мемлекеттік советтің 16 мүшесі бар. Заң шығаратын жоғары органы - бір палаталы Ұлттық жиналыс, ол жалпыға бірдей төте сайлау жолымен 5 жылға сайланады. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосьі берілген. Үкіметті премьер-министр басқарады, оны және министрлерді (министрлер саны 21-ден аспауға тиіс) президент тағайындайды. Гананың сот жүйесі Жоғарғы сот, апелляциялық сот, мәртебелі сот (жоғары сот), округтық және жергілікті соттардан құралады.

Табиғаты. Гана солтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуіндегі саванналар мен селдір орман және ылғалды тропиктік орман зонасында орналасқан. Жері негізінен жазық болып келеді; жағалауды бойлай ені 15 км-дей ойпат жатыр. Оңтүстік-шығысында Аккра жазығы, оңтүстік батысында Акан ойпаты, орталық бөлігінде Ашанти үстірті, солтүстік бөлігінде - Ва және Мампруси жазықтары бар.

Климаты - экваторлық-муссондық; оңтүстік-батысында экваторлық климатқа ұласады. Ең жылы ай – наурыздың орта температурасы 27°-32° С; ең салқын ай – тамызда 23-26°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері әр өңірде әр түрлі: 650 мм-ден 2 000 мм-ге дейін. Ең ірі өзені - Вольта. Гана жерінің 60%-і осы өзеннің алабында. Басқа езендері: Пра (Офин, Бирим салаларымен), Анкобра, Тано. Ганада жалғыз ғана Босумтви көлі (аумағы 34 км2, тереңдігі 71 л) бар. Вольта өзенінен Акосомбо СЭС-і салынған.

Жерінің басым көпшілігі - саванна ормандары мен шөбі биік өсетін саванна; 10%-ке жуық жері - орман; жағалаудағы өңірде бұта өседі. Пальма көп. Жері негізінен қызыл-сары және қызыл латерит топырақты. Ормандары мен саванналарында арыстандар кездеседі. Буйвол, гиппопотам, қабылан, маймылдар, көптеген шөп коректі жануарлар мекендейді. Құстың алуан түрі бар.

Халқының 73%-і гвиней тілі тобына жататын халықтар. Олардың ішінен сан жағынан көбі - акан халқы (3,7 млн., 1967). Ресми тілі - ағылшын тілі; бірақ бұл тілде сөйлеушілер аз.

Халқының көпшілігі акан тілінде сөйлейді. Халықтың 78%-і жергілікті дәстүрлі діни нанымға сенеді, 17%-тейі христиандар, 5%-тейі мұсылмандар. Халықтың жылдық орташа өсімі 2,7%; орта тығыздығы 1 км2-ге 3,6 адамнан келеді. Қала халқы 23%-ке жуық. Ірі қалалары: Аккра, Кумаси, Секонди-Такоради.

Тарихы. Гана жерінен палеолит және неолит дәуірінде жасалған тас құралдардың (балта, қырғыш т. б.) табылуы бұл аймақта адамның көне заманда пайда болғанын дәлелдейді. 14 ғасырдың аяғында, европалықтар барғанға дейін Гана халықтары шаруашылық пен мәдениеттің біршама жоғары даму сатысына жетті. Олар құрылықтың шалғай мақтарымен керуені қолөнер арқылы жасады. Қазіргі Гана жерінде феодалдық типтегі көптеген ұсақ мемлекеттер өмір сүрді. 17-18 ғасырларда олар бір орталыққа бағынған ірі мемлекеттік құруға талпынды, бірақ европалық мемлекеттер бұған мүмкіндік бермеді.

Гана жеріне алғаш португалдықтар келіп, 1482 жылы Эльмина бекінісін салды. Олар бұл арадан көп алтын (елдің «Алтын Жағалау» аталуы осыдан) және құлдар әкетті. Алтын Жағалаудың байлығы Голландия, Дания, Швеция, Пруссия, Англияның назарын аударды. Англия өз бәсекелестерін бірте-бірте ығыстырып, 19 ғасырдың басында Алтын Жағалауға орнығып алды. Жергілікті халық отаршылдарға күшті қарсылық көрсетті. 1896 жылы Ұлыбритания Гана жеріндегі бір орталыққа бағынған Ашанти мемлекетін басып алды. Отарды ағылшын губернаторы басқарды. Ағылшын монополпялары бұл елден пайдалы кендер ашып, алтын, алмас т. б. тасып әкетті, сонымен қатар елдің өңдеу өнеркәсібінің дамуына кедергі жасады. Ауыл шаруашылық какао өсіруге ғана бір жақты мамандандырылды. Отарлық тәртіпке қарсы күресті алғашқыда феодалдық басшы топтар басқарды. Олар негізінен, ағылшын өкіметінің Гананың жер және орман байлығын ағылшын тәжінің меншігі деп жариялауына қарсы шықты. 1920 жылы Британ Батыс Африкасының Ұлттық конгресі құрылуына байланысты, ұлттық қозғалыстың жаңа кезеңі басталды. 1925 жылы Ұлттық конгрестің қысымымен ағылшын өкіметі жаңа отарлық конституция енгізуге мәжбүр болды. 2-дүние жүзілік соғыстан (1939-1945) кейін Ұлт-азаттық қозғалыс қанат жая түсті. 1945 жылы Алтын Жағалау Кәсіподақтарының конгресі, 1947 жылы ұлттық ұйым - Алтын Жағалаудың Біріккен конвенті құрылды. Конвент елге тәуелсіздік беруді талап етті. 1949 жылы маусымда Кваме Нкруманың инициативасымен Конвенттің Халық партиясы (КХП) құрылды. Партия тезірек тәуелсіздік алу мақсатын көздеді. 1950 жылы отаршылдарға қарсы ереуілдер мен демонстрациялар болды. 1951 жылы сайлауда жеңіп шыққан КХП партиясы Кваме Нкруманың басқаруымен отарлық үкімет құрды. 1957 жылы 6 наурызда Алтын Жағалау тәуелсіз ел деп жарияланып, жаңа мемлекеттік Гана (Батыс Судандағы орта ғасырлық Гана мемлекетінің атымен) деп аталды. Алайда 1957 жылғы конституция бойынша ағылшын королевасы мемлекеттік басшысы саналып, ағылшын генерал-губернаторы оның Ганадағы өкілі болып қалды. 1957 жылы 8 наурызда Гана БҰҰ-ға қабылданды.

Гана үкіметі елдің экономикасын қайта құру жоспарын жүзеге асыруға кірісті, ұлттық ақша жүйесін (1958) енгізді, ұлттық қарулы күштерін құрды, сыртқы саясатта позитивтік бейтараптылық бағыт ұстады, социалистік елдермен дипломатиялық қатынас орнатты, экономикалық және мәдени келісімдер жасады. 1959 жылы Гана СССР-мен дипломатиялық өкілдіктер алысты. 1960 жылы Гана мен СССР экономикалықжәне мәдени ынтымақ туралы келісімге қол қойды. Совет үкіметі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту үшін Ганаға ақша қарыз берді.

Гана үкіметі Аккрада Африканың тәуелсіз мемлекеттерінің 1-конференциясы (1958, сәуір) мен Африка халықтарының 1-конференциясын (1958, желтоқсан) шақыру жөнінде бастама көтерді. 1960 жылы 1 шілдеде Гана республика болып жарияланды. Кваме Нкрума президент әрі үкімет басшысы болды. Үкімет ағылшынның бірнеше кен өндіру компаниясын мемлекеттік қарамағына алды, мемлекеттік аппарат пен армияны ағылшындардан тазартты. КХП 11-съезі (1962) «Еңбек пен бақыт жолында» программасын қабылдады, онда елдің экономикасында қоғамдық сектордың басым болу бағытын жүзеге асыру және жеке капиталистік қанауды тежеу мақсаты көзделді. 1964 жылы Гана парламенті елді өркендетудің 7 жылдық жоспарын (1963-1964 – 1969-1970) қабылдады. Оған сәйкес мемлекеттік шаруашылықтар мен өндірістік кооперативтер, мемлекеттік оқу-ағарту және денсаулық сақтау жүйесі құрылды.

Ганадағы жүзеге асырылып жатқан шаралар империализм мен ішкі реакциялық күштерге ұнамады және ел экономикалық-финанс қиыншылықтарға ұшырады.

1966 жылы 24 ақпанда, Кваме Нкрума Ханойға сапар шегіп кеткен кезде, полиция басшылары мен армия офицерлері өкіметті басып алды. Генерал Анкра бастаған Ұлттық Азаттық совет (ҰАС) құрылып, бүкіл билік соның қолына көшті. Реакция өршіді, экономикада капиталистік сектор күшейтіле бастады, мемлекеттік шаруашылықтардың дені жойылды. Совет мамандары Ганадан кетуге мәжбүр болды.

1969 жылысәуірде генерал Анкра биліктен шеттетіліп, генерал Африфа өкімет басына келді. 1969 жылымамырда елде саяси қызметке рұқсат етіліп, саяси партиялар қалыптаса бастады. 1969 жылытамызда жаңа конституция бойынша Гана парламентарлық республика болып жарияланды. 1969 жылы 29 тамыздағы сайлауда Прогресс партиясы жеңіске жетті. Оның лидері К. А. Бусия премьер-министр болды. 1970 жылы 30 шілдеде Ұлттық жиналыстың шешімімен генерал Африфа бастаған Президенттік комиссия таратылып, 31 тамызда Э. Акуфо-Аддо президент болып сайланды. 1972 жылы12қаңтарда Ганада мемлекеттік төңкеріс жасалды. Өкімет билігі полковник Ачеампонг бастаған Ұлттық құтқару советі атқару комитетінің қолына көшті.

Саяси партиялары, кәсіподақтары және басқа қоғамдық ұйымдары.1969 жылы саяси қызметке рұқсат етілгеннен кейін мынадай саяси партиялар ұйымдасты: Прогресс партиясы, билеуші партия; Халықтың қимыл партиясы; Xалықтық-мәліми партия. 1970 жылықазанда Әділет партиясы ұйымдасты. Гананың кәсіподақтар конгресі, 1945 жылы негізі қаланды (1957 жылға дейін Алтын Жағалаудың кәсіподақтар конгресі), 17 салалық кәсіподақтарды біріктіреді (315 мың адам, 1970). Ганастуденттерінің ұлттық одағы.

Экономикасы. 1957 жылға дейін Ганада өңдеу өнеркәсібі болған жоқ, азық-түлік т.б. қажетті товарлар да сырттан әкелінді. 1966 жылға дейін мемлекеттік секторды нығайту, сыртқы сауданы национализациялау, ауыл шаруашылығын кооперациялау жолымен экономиканы жедел өркендету саясаты жүргізілді. 1966 жылғы төңкерістен кейін жекеменшіктегі капиталистік сектор ұлғая бастады. Гана какао-бұршақ жинаудан және оны экспортқа шығарудан калиталистер арасында 1-орыңда, алмас өндіруден де алдыңғы қатарда. Африкада алтын өндіруден 2-орында, марганец рудасын өндіруден 3-орында. Алтын елдің оңтүстік-батыс бөлігінде (Кононго, Обуаси, Престеа, Бондаи), Дунква маңынан өндіріледі. Алтын рудниктері 1968 жылы 50 жылға ағылшын компаниясының («Лонро») қарамағына берілді. Алмас Бирим және Бонса өзендері алабынан өндіріледі (ағылшын компаниялары). Марганец, боксит, темір рудасы кендері бар, Вольта өзені маңынан мұнай табылды. Темадағы алюминий зауыды 1968 жылы 124,5 мың тонна өнім берді; осында болат қорыту, мұнай өңдеу зауыдтары салынды. Жеңіл және тамақ кәсіп орындары бар, ондаған ағаш өңдеу зауыдтары жұмыс істейді. Электр станцияларының қуаты 631 мың квт (1969).

Гана жерінің 47%-і ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды. Ауыл шаруашылық бұршақ-какао (2435 мың га плантация бар) өсіруге маманданған (дүние жүзіндегі өнімнің 28,4%-ін береді, 1970). Экспортқа кофе, кола және пальма жаңғақтары, копра, банан, цитрус, арахис та шығарылады. Елдің ішкі қажетін өтеу үшін маниок, ямс, батат, тары, сорго, жүгері, күріш, майлы ағаш, темекі, қант құрағы т. б. өсіріледі. 1969 жылы 605 мың мүйізді ірі қара, 671 мың қой, 592 мың ешкі, 143 мың шошқа болды.

Темір жолының ұзындығы 1285 км (1968). Автомобиль жолдарының ұзындығы 33,2 мың км. Теңіз порттары: Такоради, Тема. Гананың 4 аэропорты бар. Гананың СССР-мен, басқа социалистік елдермен байланысы әлі онша дамыған жоқ. Гана ақшасы - седи.

Денсаулық сақтау ісі. 1969 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың тууы – 47-52, адамның өлімі 24; тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 156. Адам өмірінің орташа ұзақтығы 37 жас. Гана елінде жұқпалы патологиялық аурулар, безгек, ішек-қарын, аурулары, геогельминтоз, алапес, шешек т. б. аурулар кездеседі. 1969 жылы 9,1 мың төсегі бар 158 аурухана, 120 амбулатория бөлімшесі, 6 поликлиника, 197 диспансер болды. 1969 жылы 575 дәрігер, 57 дәрігерге көмекші, 33 тіс дәрігері, 359 фармацевт, 1051 акушер, 2,8 мың медсестра жұмыс істеді. Дәрігерлерді Ганадағы Аккра университетінің жанындағы медицина мектебі дайындайды.

Оқу-ағарту ісі. 1960 жылы Гана халқының 74%-і сауатсыз болды. 1961 жылы ағарту ісіне 6 жастан 15 жасқа дейін міндетті, тегін оқу жүйесі енгізілді. Халық ағарту жүйесінің бастапқы буыны – 4-5 жастағы балаларды қамтитын балалар бақшасы. 6 жастан бастап балалар сегіз жылдық бастауыш мектепке қабылданады. Оқушылар 1-кластан бастап ағылшын тілін ана тілімен қатар оқиды. Бастауыш мектептін; жоғары кластарында, орта және жоғары оқу орындарында оқу ағылшын тілінде жүреді. Орта мектеп - 6 жылдық, оның екі басқышы бар (4 және 2 жылдық). Жалпы білім беретін мектептердің бәрінде де дін оқуы жүргізіледі. 1967-1968 оқу жылында бастауыш мектептерде 1288,3 мың оқушы, орта мектептерде 180 мыңдай оқушы оқыды. Кәсіптік дайындықтар бастауыш мектеп базасында 1-3 жыл бойы жүргізіледі. Бастауыш мектеп мұғалімдерін 8 жылдық мектеп базасында 4 жыл немесе орта мектепте 4 жыл оқығаннан кейін, 2 жыл мерзімде педучилищелер дайындайды. 1967-1968 оқу жылында кәсіптік дайындық жүйесінде 17,5 мың адам, мұғалімдерді дайындау жүйесінде 16,7 мың адам оқыды.

Жоғары оқу орындары: Аккрадағы Гана университеті (1948 жылы құрылған), Кумасидағы дәлдік және жаратылыс тануғылымдары университеті (1951 жылы құрылған), Кейп-Костадағы университеттік колледж (1962), Аккрадағы Гана университетінің қасында дәрігерлік мектеп, бірқатар институттар және ғылыми-зерттеу мекемелері бар. 1967-1968 оқу жылында жоғары оқу орындарында 4,7 мың студент оқыды. Аккрада Гананың Ұлттық музейі (1957), Ұлттық ғылыми-жаратылыс тану музейі, ботаника бағы бар.

Баспасөз, радиохабар, телевизиясы. Ганада:«Ганаиен таймс» (1958), «Дейли грэфик» (1950), «Ивнинг ньюс» (1948), «Пайонир» (1970) күнделікті газеттері; «Санди миррор» (1953), «Нью ашанти таймс» (1948), «Уикли Спектектор» (1963), «Бизнес уикли» апталық газеттері шығып тұрады.

Радио және телехабарларына Гана мемлекеттік корпорациясы басшылық етеді. Радиохабары 1961 жылдан жергілікті (акан, га, эве, нзема, дагбани, хауса) және ағылшын, француз тілдерінде, телехабар 1965 жылдан бір программа бойынша жүргізіледі. Радио және телеорталықтары Аккра қаласында.

Әдебиеті. Гананың жазба әдебиеті 19-20 ғасырларда ағылшын тілінде пайда болды. 20-50 жылдардағы әдеби шығармалардың негізгі тақырыбы халық тарихы мен әдет-ғұрпы болды. Дж. X. Нкетианың пьесалары мен романдары, Дж. Б. Данкваның «Үшінші әйел» пьесасы, Г. Р. Аккуаның «Фанти халқы», «Фанти әдет-ғұрпы» поэмалары, Е.Г.Арматту мен Е. Амудың, К.А.Акрофидің өлең кітаптары - халық ой-санасының дамуына елеулі әсер етті. Гана халықтары тілдеріне аударылған У. Шекспир, М. де Сервантес, Б.Шоу, Ч.Диккенс, Л.Н.Толстой, Дж.Голсуорсилердің шығармалары халыққа қолжазба күйінде тараған. 1957 жылы Гана тәуелсіздік алғаннан кейін әдебиетте саяси-әлеуметтік тақырып өрістеді. Поэзия мен прозада, драматургияда халық өмірі жаңа дәуірге сай суреттелді. Бұл салада қазір Ә. Сатерленд, Дж. X. Нкетиа, X. Офори т. б. әйгілі жазушылары бар. Ганада Тіл білімі бюросы, Журналистер мен жазушылар бірлестігі, Батыс Африка жазушылар бөлімшесі, Гана Әдебиетін дамыту комитеті жұмыс істейді. Шығармалар ағылшын және тви, фанти, эве, га, хауса т. б жергілікті халықтар тілдерінде шығады.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Ганада төбесі сабанмен, пальма бұтақтарымен немесе шифермен конус тәрізді жабылған дөңгелек қабырғалы, кейде төрт бұрышты үлгімен салынған балшық үйлер көп. Елдің солтүстігінде қабырғалары аңның, құстыңсуреттерімен, ою бедерлермен нақышталған сарайлар (биіктігі 5 м-ге дейін) кездеседі. Аккра, Кумаси қалаларында көп қабатты үйлер, сәнді кварталдар бар. 1960 жылдан бері жаңа қалалар (Тема), ірі архитектуралық комплекстер (Кумасидегі мәдениет орталығы), тұрғын аудандар (Аккрада) салынды. Жері ыстық болғандықтан, Гана архитектурасында ашық галерея, терезені тереңірек орнату, үй шатырын етекті жасау дамыған. Ганада алтын, күміс, қоладан әр түрлі әшекейлі бұйымдар, вазалар, алтын өлшейтін таразы тастарын (аң, құс, балық пішіндес етіп) жасау едәуір дамыған. Ағаштан, піл сүйегінен үй жабдықтарын нақыштап ою; ұлттық киімдер үшін (канта т. б.) мата тоқу, адам, жануар бейнелерін, геометриялық ою-өрнектермен безелген керамикалық ыдыстар жасау ертеден дамыған өнер түріне жатады. Тәуелсіздік алған Гана елінде профессионалдық өнер қалыптаса бастады. Өнер көрмелері ашылып, «Аквапим-6» т. б. суретшілер ұйымдары, Өнер советі құрылды (1958).

Музыкасы. Ганадағы әр халықтың музыкасының өзіндік ерекшелігі бар және оның тұрмыста атқаратын қызметі де түрліше. Конкомба, дагбани, адангме халықтарында музыка той-думанның негізгі арқауы болса, акан т. б. халықтарда мұндай дәстүр жоқ. Гана музыкасының негізгі ерекшеліктерінің бірі - айқын және «еркін» ырғақтылық. Гананың негізгі музыкалық аспаптары - әр түрлі барабандар, бамбуктен, ағаштан жасалған флейталар, мүйізден, піл тісінен істеген кернейлер, нитралар, жалғыз ішекті скрипкалар, 6 және 7 ішекті арфалар т. б. 20 ғасырдың 50 жылдары Европа музыкалық аспаптары да қолданыла бастады. Көрнекті композиторлары: Э. Аму, Ф. Гбехо, К. Нкетия.

Театры. Гана мәдени мұрасында би өнері елеулі орын алады. 1962 жылы Гана университеті жанынан музыкалық және драма мектебі, би факультеті ашылды, халық билері ансамбльдері құрылды. 1958 жылы ақын Э. Сатерленд драма студиясын ұйымдастырды. Ағылшын, акан тілдерінде жұмыс істейтін студия Софоклдың «Эдип патшасы», У.Шекспирдің «Гамлетін», Д. де Графтының «Ұлдар мен қыздарын» т. б. қойды. Реж. Ф. Мориссо-Леруа 1961 жылы «Театр-клуб» труппасын, 1965 жылы жартылай професеионалдық Ұлттық драма қоғамын құрды. 1968 жылы алғашқы профессионал актерлер «Тәуелсіз актерлер» т.б. драма коллективтерін ұйымдастырып, Гана драматургиясының төл туындыларымен қатар Н. В. Гогольдің «Ревизоры» сияқты аударма пьесаларды да қойды.

Әдеб.: Потехин И. И. Становление новой Ганы. М., 1965; Нкрума Кваме. Автобиография. пер. с англ., М., 1961; Александровская Л. И. Гана. -М., 1965; Боатенг Е.А. География Ганы. пер. с англ., М., 1961.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-06-22 15:22:05     Қаралды-2305

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »