UF

ГРЕЦИЯ (Greece), Греция Республикасы (Republic of Greece) - Европаның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі мемлекет. Балқан түбегінің оңтүстік жағын және Эгей, Ион теңіздеріндегі аралдарды (ірілері Крит, Эвбея, Родос, Лесбос, Хиос) алып жатыр. Жері 131,9 мың км2. Халқы 10,7 млн. (2018). Астанасы - Афины. Әкімшілік жағынан 50 номға және 1 автономиялық облысқа бөлінеді, олар 10 тарихи округқа (Үлкен Афины, Орталық Греция және Эвбея аралы, Пелопоннес, Фессалия, Эпир, Македония, Фракия, Крит аралы, Эгей аралдары, Ион аралдары) бірігеді.

Мемлекеттік құрылысы. Греция - конституциялық монархия. Қазіргі конституциясы, негізінен 1968 ж., 15 қарашада күшіне енген (оның саяси право, сайлау тәртібі, парламент қызметі, азаматтардың бас бостандығы т. б. женіндегі статьялары әлі бекітілген жоқ). 1967 жылы 21 сәуірде Грецияда әскери диктатура орнаған. Содан бері үкімет билігі премьер-министр басшылық ететін әскери хунтаның қолында. Хунта министрлерді тағайындайды, орнынан ауыстырады және заңдарды бекітеді. Король правосына шек қойылған. 1967 жылғы желтоқсаннан бері король эмиграцияда болғандықтан, корольдың міндетін үкімет тағайындаған регент атқарады. Зақ шығаратын өкіметтің жоғары органы - 150 депутаттан тұратын парламент (5 жылға сайланады). Парламенттің заң шығару праволары қысқартылған. Парламент депутаты үкімет құрамына кірмейді (билеуші хунтаның мүшелерінен басқасы), Греция конституциясында Ұлттар советі, Конституциялық сот және Білім беру жөніндегі ұлттық совет сияқты 3 орган құру белгіленген. Ұлттар советіне парламенттің председателі, премьер-министр, екі ірі саяси партияның басшылары, қарулы күштер генштабының бастығы, Конституциялық соттың председателі кіреді. Ұлттар советінің шешімін король сөзсіз қабылдауға міндетті.

Табиғаты. Жерінің 65%-тен астамы таулы. Ең биік жері - Олимп тауы, 2911 м.

Фессалия, Салоники ойпаттары Эгей теңізі жағалауын алып жатыр. Пайдалы қазындылары: темір, марганец, қорғасын, мырыш, никель, хром рудалары, боксит, қоңыр көмір т. б. Климаты жерортатеңіздік, субтропиктік.

Афиныда қаңтардың орташа температурасы 9°С, шілдеде 27°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері таулы аймақтарында 1200-1400 мм. Өзендерінің көбі қысқа, суы аз болып келеді; ірілері - Вардар, Марица, Нестос, Стримон. Үлкен көлдері - Трихонис, Вегоритис, Преспа. Жері таулық қоңыр және қызғылт топырақты. Жерінің 15%-ке жуығы - орман. Қасқыр, түлкі, жабайы орман мысығы т. б. жануарлар кездеседі.

Халқының 95%-і гректер. Қалғаны түріктер, албандар, болгарлар т. б. Мемлекеттік тіл - грек тілі. Халқының 56%-і қалаларда тұрады, ірі қалалары: Афины (2530 мың, Пирей портымен қоса), Салоники (545 мың), Патры (қала төңірегін қосқанда 102,2 мың адам).

Тарихы. Қазіргі Греция жерінде адам қоғамы алғаш неолит дәуірінде (б. з. б. 6-5 мың жылдық) пайда болды. Грек тайпаларының арғы ата-бабалары б. з. б. 4-2 мың жылдықтарда дамудың жоғары дәрежесіне (крит-микен мәдениеті) жеткен. Гомер дәуірінде (б. з. б. 12-8 ғ.) Рулық құ рылыс ыдырап, құл иеленуші (өз алдына мемлекет болған) қалалар құрылды. Олардың ішіндегі ең маңыздылары - Афины мен Спарта (б. з. б. 8-6 ғ.). Б. з. б. 4 ғасырда Греция Александр Македонский империясының құрамына кірді, ол өлгеннен кейін, эллинистік одақтар туды. Б. з. б. 146 жылы Грецияны Рим жаулап алды. Б. з. 4 ғасырынан бастап Греция Византия құрамына кірді де, феодалдық қатынастар пайда болып, гүлдену дәрежесіне жетті. 15 ғасырда Греция Осман империясының билігінде болды. Грецияда түріктерге қарсы талай рет көтеріліс шықты. (1463-1479 жылдардағы Түркия-Венеция соғысы кезінде Пелопоннестегі қатеріліс; 1571 жылы құрлықтағы Грецияда, Македонияда, Эгей теңізі аралдарында, Пелопоннесте болған көтерілістер; 1611 жылы Дионисий философтың көтерілісі т. б.). Ұлы француз революциясының ықпалымен революционер-демократ Ригас Велестинлис Грецияға және басқа Балқан елдеріне арнап конституция жазды. 1814 жылы Одессада «Филики Этерия» («Достық қоғам») атты жасырын революция қоғам құрылып, түрік езгісіне қарсы көтеріліс әзірлеуге кірісті. 1820 жылы қоғамның басшылығына грек ақсүйектерінен шыққан, орыс қызметіндегі ген. А. Ипенланти келді. 1821 жылы көктемде қоғам грек ұлт-азаттық көтерілісінің (1821-1829) туын көтерді. 1822 жылы қаңтарда Пиададағы (Эпидавр маңы) Ұлттық жиналыс Грецияны тәуелсіз мемлекет деп жариялады, ал 1827 жылы сәуірде И. Наподистрияны Грецияның президенті етіп сайлады. 1830 жылы 3 ақпанда Греция тәуелсіз мемлекет деп танылып, онда монархиялық құрылыс орнады. 1831 жылы Каподистрияны өлтіріп, бавар принці Оттон король болды.

Түрік езгісінің жойылуы Грецияда капиталистік қатынастарды дамытуға қолайлы жағдайлар туғызды. Бірақ елдің өзіндік шикізат базасы болмағандықтан, капитализм баяу дамыды. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында капитализмнің дамуы едәуір шапшаңдады. Алдымен кен өнеркәсібі дамыды. Тұңғыш рет сыртқа қорғасын, мырыш, наждак шығарыла бастады. Өнеркәсіп өндірісінің өсуі пролетариаттың қатарын өсірді. 19 ғасырдың аяғында алғашқы кәсіподақ ұйымдары пайда болып, оның басшылығымен бірқатар кәсіпорындарда ереуілдер жасалды. Греция Балқан одағын (1912) құруға қатысып, 1-2-Балқан соғыстарының нәтижесінде Салоникимен қоса Эгей Македониясын, Батыс Фракияны, Эпир мен Критті алды.

1-дүние жүзілік соғыстың алғашқы жылдарындағы бейтараптық саясат гректің сауда буржуазиясын едәуір байытты. Бірақ көп ұзамай ағылшын- француз әскерлерінің Салоники провинциясын басып алуы (1915), одақтастар әскерлерінің елді қоршап алып, одан кейін соғысқа араластыруы (29 маусымда Греция Антантаның жағында соғысқа кірді) Грецияны экономикалық күйзеліске, финанстық дағдарысқа, аштыққа ұшыратты. Соғыс тауқыметі ел ішінде революция өрлеу туғызды. Ол Россиядағы Ұлы социалистік революциясының әсерімен бұрынғыдан бетер күшейе түсті. 1918 жылы қарашада Греция Социалистік жұмысшы партиясы (ГСЖП) құрылды [ол 1924 жылы Греция Коммунистік партиясы (ГКП) болып аталды]. 1919 жылы 1 мамырда грек пролетариаты Сов. Россияны тану, Грецияның антисоветттік интервенцияға қатысуына қарсылық білдіру ұранымен бой көрсетті. 1924 жылы 8 наурызда Греция СССР-мен дипломатиялық қатынас орнатты. 1924 жылы 25 наурызда Греция республика болып жарияланды. Соғыстан кейінгі жылдары Греция экономикасында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ол мешеу қалған аграрлық ел болып қала берді. 1929-1933 жылдар басталған дүние жүзілік экономикалық дағдарыс Грецияны, әсіресе оның ауыл шаруашылығын қатты күйзелтті. Мыңдаған шаруалар жерінен қуылды. Елді аштық жайлады. Өнеркәсіп өндірісі қысқарып, жұмыссыздардың саны 200 мыңға жетті. Елде шаруалар қозғалысы өріс алды, жұмысшы қозғалысы күшейді.

1934 жылы Греция Балқан Антантасының құрамына кіріп, Румыниямен, Түркиямен және Югославиямен келісімге қол қойды. 30 жылдардың орта шенінде империалистік, әсіресе фашистік Германия Грецияны билеп-төстеу үшін күрес жүргізді. 1936 жылы 4 тамызда И. Метаксас бастаған әскери топ фашистік төңкеріс жасап, барлық саяси партияларды таратып жіберді, коммунистік партияға ерекше шүйлікті.

1-дүние жүзілік соғыстың (1939-1945) бас кезінде Греция өзінің бейтараптығын жариялады. Алайда 1940 жылы 28 қарашада фашистік Италия Грецияға ультиматум қойып, грек жеріне итальян әскерлерінің еркін кіруін, бірқатар стратегиялық пункттер мен теңіз базаларын беруді талап етті. Греция үкіметі халық бұқарасының қысым жасауымен бұл ультиматумды қабылдамағаннан кейін, Италия әскерлері сол күні-ақ Греция жеріне басып кірді. 14 қарашада грек армиясы шабуылды тоқтатып, басқыншыларды Греция жерінен қуды. 1941 жылы 6 сәуірде Греция жеріне фашистік Германия басып кіріп, грек әскерлерінің қаһармандықпен қарсыласқанына қарамастан, Греция түгелдей оккупацияланды. Король мен үкімет Египетке қашты. Грек халқы Коммунистік партияның басшылығымен партизандық күреске шықты. Совет Одағының Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін, бұл күрес одан сайын күшейе түсті.

1941 жылы қыркүйекте ГКП бастауымен елдегі бүкіл патриоттық күштерді біріктіруші ұлт-азаттық майданы құрылды, желтоқсанда Халық-азаттық армиясы жасақтала бастады. 1943 жылы күзде грек патриоттары өз жерінің үштен бірін азат етті. 1944 жылы қазанда қарсыласу күштерінен ығысқан басқыншылар елден кетуге мәжбүр болды. Ұлт-азаттық күресінің барысында азат етілген аудандарда халықтық үкімет органдары, халықтық советтер, халықтық милиция, сот орындары құрылды.

Бірақ грек халқы жеңістің пайдасын көре алмады. 1944 жылы желтоқсандағы ағылшын интервенциясы, одан кейінгі американ империалистерінің сұғанақтықпен қол сұғуы жергілікті олигархия мен империализмге қызмет ететін мемлекеттік тәртіп орнатуға әкеліп соқтырды, елді азамат соғысына итермеледі. Бұл соғыста демократиялық күштердің жеңілуі (1949 жылы қазан) билеуші топтардың тұғырын одан сайын нығайтып, шетел монополияларымен байланысын күшейте түсті. Прогресшіл қайраткерлер қатал қуғындалды. 1952 жылы 31 наурызда ГКП ОК мүшесі Н. Белояннисті өлтірді. Билеуші топтар содан былай экономика саласында американ және батыс-герман монополияларына тәуелділікті күшейте түсуде. Сыртқы саясат саласында да осы бағыт басым. Греция 1952 жылы НАТО-ға кірді; 1953 жылы әскери келісім бойынша Греция жерінде АҚШ-тың көптеген соғыс базалары салынды; 1960 жылдың басынан Критте «НАТО-ның ракеталық жаттығу орталығы» салына бастады. 1966 жылы 1 млн-нан аса адам қатысқан 395 ереуіл болды. Оған халықтың қалың бұқарасы қатысты. Дамудың демократиялық жолын жақтаушы партиялар бел алды.

1967 жылы 21 сәуірдегі, АҚШ-пен құпия байланыста жасалған реакциялық әскери төңкерістен кейін, өкімет билігінің түгелдей «хунтаға» көшуі ел ішіндегі ең қарапайым демократиялық бостандықтарды жойып, реакцияны күшейтті. Партиялар таратылып, прогресшіл баспасөз талқандалды. Грецияны басқыншы блоктармен онан сайын байланыстыра түсті. Грециядағы антидиктаторлық күштер қастандық пен қудалауға қарамастан, күрес жүргізуші патриоттық ұйымдар құрды. Олардың ішіндегі ең ірісі - диктатураны құлатып, уақытша үкімет құруды, еркін парламент сайлауын өткізуді талап етуші Антидиктаторлық патриоттық майдан, ГКП елде барлық патриоттық күштердің кең майданын құруға күш салуда. Грек демократтарының күресі дүние жүзі елдерінің прогресшіл жұртшылығы тарапынан, ең алдымен Совет Одағының және басқа да мемлекеттер таралынан қолдау табуда.

Саяси партиялары мен кәсіподақтары. 1967 жылғы мемлекеттік төңкерістен кейін Грециядағы бірсыпыра партия іс жүзінде қызмет атқармайды. Олардың ішінде: Ұлттық радикалдық одақ (ҰРО) (1956 жылы қаңтарда құрылған), ірі өнеркәсіп-финанс буржуазиясының мүддесін қорғайды. Орталық одағы (1961 жылы қыркүйекте құрылған), негізінен ұлттық буржуазияның мүддесін білдіреді. Прогресшілдер партиясы (1955 жылы құрылды) сауда өнеркәсібінің жеке топтарының мүддесін қорғайды.

Заңнан тыс деп есептеліп, астыртын жағдайда жұмыс істейтіндері: 1947 жылдан Греция Коммунистік п артиясы (ГКП) (1918 ж. негізі қаланды); 1967 жылдан Бір тұтас демократиялық солшыл партия (1951 жылы маусымда құрылған), еңбекшілердің қалың бұқарасының мүддесін қорғайды.

Грецияның Жалпылама еңбек конфедерациясы, 1918 жылы құрылды. Салалық кәсіподақтардың көпшілігін біріктіреді. 500 мыңнан астам мүшесі бар (1971).

Экономикасы. Греция - өнеркәсібі шамалы дамыған аграрлы ел. Еңбек етуші халықтың 18,3%-і өнеркәсіп салаларында (мата тоқу, тамақ, тау-кен өндірісі т. б.) жұмыс ісейді. Бүкіл өнеркәсіп өнімінің 25%-ін мата тоқу, 20%- ін тамақ (темекі, қант, шарап) өнеркәсібі шығарады. 1970 жылы Грецияда 9,0 млрд. квт-сағ электр энергиясы, 2,3 млн. т боксит, 7,7 млн. т көмір (лигнит), 810 мың т темір рудасы, 40,6 мың т мақта-мата жібі өндірілді. Металлургия (1970 жылы 830 мың т болат, 87 мың т алюминий), құрылыс материалдары (1970 ж., 5,6 млн. т цемент), химия (мұнай айыру, күкірт қышқылын алу), кеме жасау кәсіп-орындары бар. Греция ұлттық табысының 10%-і теңіз сауда флотынан (басқа елдерге жалдайды) түседі, 1969 жылы елде 2,1 мың кеме (сыйымд. 11 млн. тоннадан астам) болды. Еңбек етуші халықтың 50%-ке жуығы ауыл шаруашылығын кәсіп етеді. Негізгі ауыл шаруашылықты аудандары - Македония, Орталық Греция, Пелопоннес, Фессалия. Басты дақылдары: темекі, жүзім, цитрус жемістері, бидай, жүгері, күріш, мақта, 1970 жылы жиналған ауыл шаруашылық өнімдері (мың т): бидай 2000, жүгері 527, күріш 106, мақта 95, темекі 99, цитрус жемістері 630, жүзім 1725. Мал шаруашылығы Грецияның өз мұқтажын толық өтей алмай келеді. 1970 жылғы мал саны (млн.): мүйізді ірі қара 1,1, қой 7,7, шошқа 0,4, жылқы, есек және қашыр 0,9, ешкі 4,0, Жылына 125 мың т балық ауланады. Туризм жақсы дамыған. Бүкіл жүгінің 90%-і теңіз транспортымен тасылады; басты порттары - Пирей, Патры, Керкира (Корфу), Салоники, Элефсис. Темір жолы 2,6 мың км, авто-көлік жолы 36 мың км. Басқа елдерге ауыл шаруашылық өнімі (темекі, цитрус жемістері, жүзім), өнеркәсіп бұйымдары, минералды шикізаттар сатылады. Шетелдерден - отын, өнеркәсіп бұйымдары, металлургия және химиялық өнеркәсіп шикізаттары сатып алынады. Сыртқы саудадағы басты әріптестері - ГФР, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия. Ақшасы - драхма.

Денсаулық сақтау ісі. 1967 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың тууы 18,7, адамның өлімі 8,3; тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені 34,3. Грецияда көбірек кездесетін аурулар: қатерлі ісік, атеросклероз, жүрек аурулары, орталық нерв жүйесі қызметінің бұзылуы, қантты және қантсыз диабет, туберкулез. 1970 жылы 53,7 мың төсектік 890 аурухана, оның ішінде 33,2 мың төсектік 237 мемлекеттік ауруханада 12,8 мың дәрігер жұмыс істеді. Дәрігерлерді Афины университетінің медицина факультеті дайындайды.

Оқу-ағарту ісі. 1929 жылғы заң бойынша ақысыз 6 жылдық бастауыш білім беру міндеті енгізілген. Бірақ бұл заң іс жүзінде орындалмайды. 1969 ж. халқының 17,7%-і сауатсыз болды. Мектеп шіркеуден бөлінбеген. Халық ағарту жүйесінің бастапқы сатысы - балалар бақшасы, 6 жылдық бастауыш мектеп. Жалпы білім беретін 3 жылдық гимназия (орталау мектеп), 3 жылдық лицей (орта мектеп) бар. Лицейге гимназияны бітіргендер қабылданады. Кәсіптік мектептерде оқу мерзімі 2-6 жылға дейін. 6 жылдық кәсіптік мектептерді бітіргендерге жоғары оқу орындарына түсуге право беріледі. Жоғары оқу орындары: 4 жылдық педагогикалық мектептер, мұғалімдер дайындайтын 3 жылдық педагогика академиялар, Афины мен Салоникидегі, Патрадағы университеттер және Афиныдағы политехникалық институт.

Ғылым және ғылыми мекемелері. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар. Жаратылыс тану мен техникалық ғылымдар Грецияда османдық езгіден арылғаннан кейін дами бастады. Бұған дейін медицина саласында жекелеген еңбектер жарық көрді (С. Иоанну, «Дәрігерлік өнердің тарихы», 1818; С. Вландис, «Гигиена жайлы анықтама» т. б.). Жаратылыс тану мен техникалық ғылымдардың дамуына 19 ғасырдың 2-жартысында басталған индустриализация себепкер болды. 19 ғасырдың аяғында А. Христоманос тұңғыш рет руда зерттеумен шұғылданды. 20 ғасырдың басында Греция территориясының геологиялық құрылымы жайлы Ф. Негрис маңызды еңбектер жариялады, К. Мицопулос сейсмологиялық зерттеумен шұғылданды. 20 ғасырдың бас кезінде өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты, жаратылыс тану мен техникалық ғылымдар да дами бастады. Грецияың физикалық ғылымы саласындағы аса маңызды ғылыми мекемесі - ядролық зерттеу орталығы «Демокрит» (1961 жылы құрылған) - радиоизотоптар шығарумен және радиоактивтік минералдарды зерттеумен шұғылданады. Астрономия, атмосфера физикасы, сейсмология және метеорология саласындағы зерттеулер Афины обсерваториясында (1842 жылы құрылған), Афины ҒА-ның есептеу орталығында жүргізіледі. Техникалық саласынан Афиныдағы политехникалық институтта, университеттерде және Ұлттық Қорғаныс министрілігінің ғылыми-зерттеу орталығында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Медициналық зерттеулер университеттердің медициналық факультеттері мен Афиныдағы гигиена институтында жүргізіледі. Онкология институты (1938 жылы құрылған) рак ауруын емдеу проблемасымен шұғылданады. Грецияда соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны өскенмен, олардың жеткен дәрежесі қазіргі ғылыми-техникалық дамудың талабына сай емес. Ғылыми қызметкерлерінің саны жағынан Греция Европадағы капиталистік елдер арасында ең соңғы орындарда келеді.

Қоғамдық ғылымдар. 15 ғасырдың ортасында Грецияда ежелгі грек дәстүрінің қайта өркендеуімен байланысты реформаторлық және гуманистік қозғалыс өріс алды. Қайта өркендеу дәуірінің көрнекті қайраткері Т. Коридалес, Н. Маврокордатос, В. Дамодос, М. Антракитис болды. Батыс Европа ағартушылық философиясының ықпалымен 18 ғасырдың ортасында басталған Грециядағы Ағарту дәуіріне тән қасиет ежелгі грек мәдени мұраларын зерттеу болды. Оның көрнекті қайраткерлері (Е. Вулгарис, И. Мисиодакис, Вениамин Лесбосский, революционер-демократ әрі «Грек монархиясының» авторы Ригас Велестинлис) қоғамдық прогресс идеясын қолдап, қарулы көтеріліс жасау арқылы елді османдық езгіден азат етуге шақырды. Османдық езгіден арылғаннан кейін діни философия мен гегелшілдік ой-пікір тарай бастады. 19 ғасырдың 50-60 жылдары жаңа Греция тарихынан Гректің ұлт-азаттық революциясына (1821-1829) арналған құнды еңбектер пайда болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында грек философтары мен тарихшыларының еңбектерінде Византия империясының Қайта өркендеу дәуірінің «Ұлы идеясын» қалыптастыруға талпынушылық байқалды. Осыған байланысты, грек тарихнамасында Византия тарихын жан-жақты зерттеу басталды. «Ұлы идеяны» жақтаушылар Я. Камбисис, И. Зервос, И. Драгумис т. б. буржуазияшыл тарихшылар болды.

2-дүние жүзілік соғыстан кейінгі дәуірде Грецияның экономикалық ғылымында әр түрлі бағыттар қалыптасты. Буржуазия саяси экономия өкілдері (Канелопулос, А. Андреадис, К. Золотас т. б.) билеуші топтар мен шетел монополистерінің (негізінен американ) экономикалық саясатын қолдады. Әр түрлі идеалистік және антимарксистік ағымдарға қарсы күресте көрнекті марксист-философ Д. Глинос алдыңғы қатарда болды. 1967 жылы Грецияда әскери диктатура режимі орнаған соң, марксистік философияға тарих пен экономикалық ой-пікірге тыйым салынды. Хунтаның негізгі идеологиялық тұжырымдары Т. Папаконстантинудың «Саяси сауат» (1970) атты кітабында жинақталған. Бұл кітап буржуазия демократия құрып бітті дегенді сылтау етіп, басқарудың диктаторлық әдісін қорғау және антикоммунизм бағытында жазылған. Грециядағы қоғамдық ғылымдардың басты орталықтары: Афины ҒА-сы; Афины унивесритеті, Солоникидегі университет; Орта ғасырлық және жаңа эллинизмді зерттеу орталығы: қазіргі эллинизмді зерттеу орталығы; экономикалық зерттеулер орталығы; тарих және этнография қоғамы.

Баспасөз, радиохабар, телевизиясы. Грецияда мерзімді баспасөз 19 ғасырдын 2-жартысында пайда болды. Афины басылымдары ғана жалпы ұлттық көлемде тарайды. 1967 жылы 21 сәуірдегі мемлекеттік төңкерістен кейін хунта демократиялық баспасөзді қудалая, қатаң цензура енгізді. Грецияда 14 жалпы ұлттық, 15 провинциялық, 3 апталық газет шығады (1971). Ресми үкімет органы - «Неа полития» (1968). Басты газеттері: «Акрополис» (1881), «Элефтерос козмос» (1966), «Апоевматини» (1952), «Вима» (1922), «Врадини» (1924), «Неа» (1931), «Эстия» (1898). Ресми информациялық агенттігі - Афинаикон практорион, идисеон (Афины) 1895 жылы құрылған. «Ризоспастис» («Вігозразіез), 1918) - Греция Компартиясы ОК органы, «Авги» (1951) - Бірыңгай демократиялық солшыл партия органы т. б. демократиялық газеттер құпия шығады.

Радиохабары 1938 жылдан жұмыс істейді. Афиныдағы орталық радио- станциялар (3) 3 программа бойынша грек, ағылшын, француз тілдерінде хабар жүргізеді. Телевизия жүйесі 1966 жылдан жұмыс істейді.

Әдебиеті. Гректің жаңа әдебиеті Константинополь үстемдігі жойылғаннан кейін (1453) халық поэзиясының дәстүрі негізінде қалыптасып, османдық езгіден арыла бастаған аймақтарда дамыған («Махаббат туралы сөз», Кипр, «Ұлдар мен қыздардың әзіл айтысы», «Махаббат жайлы мың сөз» Додеканес). 16-17 ғасырларда Крит өңірінде көркем әдебиет қалыптаса бастайды («Бала шопан» поэмасы, «Эрофили» трагедиясы). Халыққа ұғымды өз тілімен жазылған жаңа әдебиеттің қалыптасуына ежелгі грек және Византия әдеби мұраларының, сондай-ақ, Ренессанс және Батыс Европа өнерінің ықпалы зор болды. 16-17 ғасырлар византиялықтар ұрпағы мен діни ғұламалар тобы Константинополь қаласында діни, дидактикалық және естелік нұсқалы әдебиетпен және ежелгі грек, византия филологиясының мәселелерімен шұғылданды. 17-19 ғасырлар грек буржуазиясының пайда болуына байланысты, оның ірі колониялары - Венеция, Вена, Бухарест, Одесса т. б. жерлерде мәдени өмір жандана түсті. Поэзияда тұңғыш рет ұлт тақырыбы көтеріліп, «Намыс гүлдері» (1708, Венеция) атты жинаққа арқау болды. К. Дапонтестің (1714-1784) өлеңдері мен прозалық шығармаларында баяндау және бейнелей жазу үлгісі бой көрсетеді, Әдебиеттің өркен жаюына революционер-демократ Ригас Велестинлистің (1757-1798 жылдар шамасы) қызметі мен азаматтық лирикасының маңызы зор болды. Грек халқының 1821-1829 ұлт-азаттық соғысы және оның негізгі мақсаттарын бүкіл Европаның қолдауы - халықтық дәстүр мен тілді жақтаушы мектептің басты өкілі - Д. Соломостың (1798-1857, «Азаттық гимні», «Азаттық үшін ауыздықталғандар» т. б.) шығармаларына қанат бітіріп, тез таратты. А. Матесис (1794-1875) ұлттық драматургияның негізін салды («Базилик» пьесасы, 1829 т. б.). Я. Макриянис пен Т. Колокотронистің 1821-1829 жылдар ұлт азаттық көтерілісі жайлы естеліктері де көркем әдебиет туын жоғары көтерісті. Монархияға қарсы азаттық сарыны А.Суцос, П. Суцос, А. Рангавис т. б. шығармаларынан байқалады. Халықтық тіл мен ұлттық тақырыпты негіздеушілердің бірі 2-Афины мектебінің басты өкілі К. Паламас болды. Н. Политие грек фольклорын зерттеді, И. Психарис сөйлеу тілін батыл пайдалану жолындағы күресті басқарды. Прозаға реалистік әдісті енгізушілер-прозаик әрі драматург Греция Ксенопулос пен А.Каркавицас болды.

Греция әдебиетіне Ұлы социалистік революциясы идеяларының да ықпалы болды. Оны социалистік реализм мен маркстік эстетика тұрғысынан жазылған: «От шашқан жарық» (1922), «Құрсаулы құлдар» (1927), «Эстетика - сын» (1958) т. б. шығармалардан байқауға болады. Соғысқа қарсы идеядағы 20-30 жылдар жазылған шығармалардың ішінде С. Миривилистің «Табыттағы өмір» романын атап көрсетуге болады. Фашизмге қарсы бағытталған әдебиет өкілдері - А.Сикелианос, Н. Карвунис, В. Ротас т. б. Соғыстан кейін Греция поэзиясын ілгері дамытушылар: З. Карели, Р. Буми-Папа, Н. Папас, Т. Ливадитис т. б. Буржуазия қарым-қатынастар мен діни езгіге қарсы күрес пафосы Халықаралық Бейбітшілік сыйлығының лауреаты Н. Казандзакистің (1883-1957) соғыстан кейінгі творчествосынан айқын байқалады. Ерлік және әлеуметтік сарындар Я. Манглис, К. Сукас, Д. Хадзис т.б. творчестволарының негізгі арқауы болған. Мемлекеттік төңкерістен кейін (1967) бірнеше прогрессивті газет-журналдар жабылып, көптеген жазушылар ұсталып, жер аударылды. Осыған орай, Греция әдебиетінде мұңзар, торығу сарыны туды. Алайда, М. Авгеристің («Жағыспа жолдар мен жарыспа жолдар», 1969), Й. Манусакастың («Мылқау дене», 1970) өлеңдер жинақтарынан еркіндік аңсаған сенім үні естіледі. Демократиялық ағымдағы әдебиет өкілдері: Рицос, Вреттакос, О. Элитис, эмиграцияда тұратын Василикос, Кодзиас, Александропулос т. б.

Әскери диктатураның қатаң тәртібіне қарамастан, Греция жазушыларының демократиялық өзгерістер жасау жолындағы күресі үдей түсуде («Он сегіз жыр мен сыр», 1970). Бұл саладағы маңызды бір шығарма Варналис, Рицос, Авгерис және абақтыда отырған бірнеше жазушылар қатысқан «Жаңа жырлар мен сырлар» (1971) атты жинақ болды.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Жаңа дәуірдің архитектурасы 1830 жылы Афины қаласының құрылыс жоспарын жасаудан басталды. Грек сәулетшілері С. Клеантис, Л. Кавтадзоглу тұрғын үйлердің жаңа, классикалық пропорциядағы түрлерін іске асырса, шетел сәулетшілері көп бағаналы қоғамдық ғимараттар салды (дат сәулетшісі X. К. Хансен тұрғызған Ұлттық кітапхана, 1832; Афиныдағы университет, 1837). Шіркеу архитектурасында 19 ғасырдағы Византия үлгісіне көбірек еліктегендік байқалады. 1920 жылдан бастап қалалар кеңи бастады (негізінен порттыққалалар: Афины, Салоники т. б.). 20-30 жылдардағы Греция архитектурасы функционализм мен неоклассицизм ықпалында болды. 50-60 жылдар құрылыс негізінен Афиныда жүргізілді. Афинының орталық аудандарындағы көнерген үйлер бұзылып, көп қабатты үйлер ретсіз салына бастады. Бұл кезде тұрғын үй архитектурасы елеулі табысқа жетті: көп пәтерлі үй салу әдісі кемелденіп, оның құрылысында темір-бетон пайдаланылды. Виллалар мен жеке үйлер салу да ерекше дамыды. Олардың композициясы халықтың нақышқа негізделді (арх. Д. Пикионис т. б.). Жаңа дәуірдің бейнелеу өнері 19 ғасырдың 1-жартысындағы дәлме-әл портрет салу шеберлерінен басталады (Н. Кандунис, Н. Кунелакис). 1920 жылы суретшілер ұлттық бейне жасай отырып, европалық өнердің ең жаңа ағымдарындағы тәжірибені де пайдаланды (суретші К. Партенис, мүсінші Я. Халепас). 20 жылдардың орта кезінде Греция өнерінде әр түрлі бағыт: 19 ғасырдың дәстүрін қолдаушылар (суретшілер А. Георгиадис, Э. Томопулос), 20 ғасырдағы европалық кескіндеменің реалистік тәжірибесін жақтаушылар (Я. Моралис, Я. Царухис), орта ғасырлық және халықтық үлгілерге-сүйенушілер (Ф. Кондоглу, С. Василиу) және антикалық классика (Д. Галанис, Я. Кефалинос, М. Томброс), архаика сарынып жақтаушы (мүсінші А. Сохос) ағымдар пайда болды. 1939-1945 жылдар 2-дүние жүзілік соғыс жылдарындағы азаттық күрес реалистік демократиялық ағым тудырды (суретші-графиктер В.Семерцидис, мүсінші X. Капралос т. б.). 20 ғасырдың ортасында модернистік ағымдар пайда болып, 60 жылдары бұл ағым кеңінен өріс алды.

Музыкасы. Ұлттық профессионалдық музыка 19 ғасырдың 30 жылдарында Греция тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұған дейін Иони аралдарында ғана профессионалдық шығармалар жасаудың алғашқы адымдары жасалды. Н. Мандзарос «Бостандық гимнінің» музыкасын жазды, оның фрагменті 1865 жылы ұлттық гимн болып бекітілді. 1821-1829 жылдар Грек ұлт-азаттық революциясының ықпалымен П. Карер опералар мен әндер жазды.

В.Самарас есімі көпке белгілі тұңғыш грек композиторы болды. Ол - Олимпиялық ойындар гимнінің авторы (алғаш рет 1896 жылы Афиныда орындалды). Гректің жаңа ұлттық музыкалық мектебінің негізін қалаушылардың бірі - М. Каломирис грек фольклоры мен дүние жүзілік музыкалық мәдениеті жетістіктері негізінде профессионалдық музыка тудырды. Ол - Афиныдағы Грек консерваториясы мен Ұлттық консерваториясының негізін салушы, көптеген опералар мен симфониялық шығармалардың авторы. Грек музыкалық мектебінің негізін қалаушылардың қатарына тұңғыш опералық труппаны (1900) ұйымдастырған Д. Лавранга, М. Варвоглис, Г. Ламбелет, Э. Риадис т. б. жатады. 1920-1930 жылдар Грецияда отандық музыкалық оқу орындарын бітірген композиторлар, дирижерлер, қоғамдық-музыка қайраткерлері пайда болды (А. Незеритис, А. Евангелатос, Т. Кариотакис т. б.). 40-50 жылдар негізінен ән жанрымен айналысатын композиторлар шықты (М.Хадзидакис, М.Теодоракис). Атақты дирижерлері: Ф. Ваваянис, Ф. Византиу, А. Паридис; әншілері: М. Каллас, Н. Мосхонас т. б. Грецияда бір опера театры (1940 ж.), 5 симфониялық оркестр, 5 консерватория жұмыс істейді. Грек ұлттық музыкалық аспаптары: лютня, лира, волынка, флейта. Ерекше кең тарағандары: бузуки, мандолина, скрипка.

Театры. 15 ғасыр мен 19 ғасырдың 1-жартысы аралығында жаңа грек театрының дамуына османдық езгі тосқауыл болды. Грек театрының қайта талпынысы тек 17 ғасырда Крит, 18 ғасырда Закинтос аралдарында жасалды. Театр өнерінің қалыптасуы грек халқының ұлт-азаттың күресімен, соның ішінде «Филики Этерия» («Достың қоғам») астыртын патриоттың қоғамының әрекетімен тығыз байланысты. Соның ықпалымен Одессада (1814 ж. ш.), Бухаресте (1821) тұңғыш әуесқой театр труппалары ұйымдасып, Вольтер, В. Альфьери шығармаларымен қатар, грек драматургтерінің пьесалары (Н. Пиколостың «Демосфеннің өлімі», Г. Ласанистің «Греция мен шетелдігі», И. Замбелиостың «Тимолеоны» т. б.) қойылды. Афиныда алғашқы спектакльдер 1836 жылы қойылғанмен, тұрақты профессионалдық труппалар 19 ғасырдың 60 жылы ғана пайда болды. Актерлік өнерде жалаң декламация, жасанды пафос басым жатты.

19 ғасырдың орта шеніндегі көрнекті актерлер П. Суцас, Д. Тавуларис, П.Вонасера т. б. 19 ғасырдың аяғында трагик-актрисалар - Е.Параскевопулу, Е. Веронидің және Шекспир қаһармандарының ролін орындаушы Н. Лекацастың аты әйгілі болды. 1875 жылы Афиныда театрлар салынып, көптеген труппалар ұйымдасты. 70 жылдардың орта кезінде грек театрында «комидиллион» (комедиялар, ән аралас лирикалық драмалар) деп аталатын спектакльдің жаңа бір түрі қалыптасты. 1901 жылы К. Христоманос «Неа скини» («Жаңа сахна») театрын ұйымдастырды. 1905 жылы бұл театр күлдіргі жеңіл пьесалар қоюға көшті, ал 1906 жылы творчестволық тұйыққа тіреліп, жабылып қалды. 20 ғасырдың 10-20 жылдар театрлардың көпшілігі тоқырауға ұшырады. Бұл тұйықтан құтылу әрекеті режиссер Ф. Политис творчествосынан анық байқалды. Ол 1925 жылы Грек театр қоғамында (1919 жылы құрылған) Софоклдің «Эдип патша», Н. В. Гогольдің «Ревизор», Ф. М. Достоевскийдің романы бойынша «Ағайынды Карамавовтар» спектакльдерін қойды. 1930 жылы прогресшіл театр қайраткері әрі драматург В. Ротас Халық театрын (1934 жылға дейін жұмыс істеді) ұйымдастырды. Сол жылы режиссер әрі актер К.Кун (Д. Дивариспен бірге) Афиныда «Халық сахнасы» театрын ашты. Фашистік диктатура (1936-1941) мен неміс-фашист басқыншылығы кезінде (1941-1944) спектакльдерге тыйым салынды. 1945 жылы «Біріккен артистер» театры ашылды, онда Э.Веакис, А.Янидис, Г.Глинос т. б. өнер көрсетті. Оның репертуарында грек драматургтерінің шығармалары және аударма пьесалар болды. 1946 жылы саяси реакцияның күшеюіне байланысты, театр жабылып, прогресшіл театр қайраткерлері қуғынға ұшырады. Бірақ алдыңғы қатарлы актерлер бұдан кейін де демократиялық өнер үшін күресті тоқтатқан жоқ. 1955 жылы М. Катракистің басшылығымен Грек халық театры ұйымдастырылды. 40-50 жылы «Театрон технис» («Көркем театр», 1942 жылы ұйымдасқан) пен Пирей театрының (1957) жұмысы елеулі жаңалық болды. Репертуар мен театрлық форманы жаңарту жолында жас режиссерлер ұйымдастырған коллективтер біршама табысқа жетті. «Он екінші шымылдық» театры жыл сайын жас драматургтердің бір актілі 3 пьесасын қояды. 60 жылдары грек театрының репертуары айтарлықтай кеңейтіліп, онда Мольердің, А. П. Чеховтың, И. С. Тургеневтің пьесалары, Ф.М.Достоевскийдің шығармалары бойынша инсценировкалар қойылды. Әскери диктатураның орнауы (сәуір, 1967) Грецияда театр өнерін үлкен құлдырауға ұшыратты. Театр репертуарына диктаторлың режимді уағыздайтын жеңіл-желпі пьесалар енгізілді. Белгілі театр қайраткерлері: А. Папатанасиу, М. Плоритис, М. Какоянис, Э. Верис т. б.

Киносы. Грецияда 1906 жылы тұңғыш хроникалық фильм түсірілді. 1911-1912 жылдар қысқа метражды бірнеше комедиялық фильмдер шығарылды (режиссер әрі басты рольді орындаушы С. Димитракопулос). 1914 жылы «Афины-фильм» фирмасы ұйымдастырылып, толық метражды фильмдер шыға бастады. 1914-1918 жылдар негізінен әскери кинохроника басым болды. 1928-1931 жылдар ірі «Даг-фильм» фирмасы ұйымдастырылып, тарихи фильмдер түсірілді. Бұл киноленталардың ішінде елеулісі: «Махаббат және толқындар» (1927), «Тасқа таңылған Прометей» (1929, екеуінің де реж. Д. Газиадис) «Дафнис және Хлоя» (1931, реж. Д. Ласкос). 1932 жылы тұңғыш дыбысты фильм жарық көрді. Неміс-фашист басқыншылығы кезінде негізінен неміс және итальян фильмдері көрсетілді. Неміс-фашист басқыншылығынан кейін Грецияда жылына 8-9 фильм шығарылып тұрды, олардың біразы 2-дүние жүзілік соғыс тақырыбына арналды. 40 жылдарда қойылған фильмдердің таңдаулылары: «Маринос Кондарас» (1946, реж. Г. Дзавелас), «Соңғы миссия» (1949, реж. Н.Цифорос). 50 жылдары және 60 жылдың басында грек кинематографиясында отандық фильмдерге көп көңіл бөлініп, кино өндірісі ұлғайды (шамамен жылына 46 фильм түсірілді). Бірақ кинокартиналардың басым көпшілігі сентименталды мелодрамаларға, шпиондық, гангстерлік және кездейсоқ ұсақ оқиғаларға құрылды. Мыс., «Қанды рождество» (1951, режиссер Г. Зервос), «Жалған теңге» (1955), «Антигона» (1961; екеуінің реж. Дзавелас), «Ащы нан» (1951, реж. Г.Григориу). Әскери диктатура орнағаннан кейін көптеген кино қайраткерлері тұтқынға алынып, кейбіреулері жер аударылды. Көрнекті актерлері: И. Папас, К. Паксину, Э. Ламбети, М. Меркури т. б.

Әдеб.: Ленин В.И. Балканские народы и европейская дипломатия. Полн. собр. соч., 5 изд., т. 22; Добрынин Б. Ф. Физическая география Западной Европы. М., 1948; Освободительная борьба греческого народа в начале XIX в. и русско- греческие связи. М., 1970; Манчха П. И. Греция наших дней. М., 1961; Попов В. Д. Экономика современной Греции. М., 1971; Тронский И. М. История античной литературы. Л., 1957.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-05-08 14:59:24     Қаралды-1665

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »