UF

МОЗАМБИК (Mozambique), Мозамбик Республикасы - Африканың оңтүстік-шығысындағы ел. Солтүстігінде Танзаниямен, оңтүстік-батысында ОАР-мен, Свазилендпен, батысында, Малави, Замбия және Оңтүстік Родезиямен шектеседі. Шығыс жағын Үнді мұхиты шаяды. Жері 783 мың км2. Халқы 28,8 млн. (2016). Әкімшілік орталығы - Мапуту. 10 округқа бөлінеді.

Табиғаты. Елдің Мозамбик бұғазы шайып жатқан шығыс жағалауының жалпы ұзындығы 3000 км, солтүстік бөлігінің жағасы гік жартасты, оңтүстігі аласа, жалпақ келеді. Мозамбиктің солтүстік жағы қыратты жазық, орталық бөлігі жалды, таулы (елдің еңі биік жері - Бинга тауы, 2436 м, осында), оңтүстігі аласа таулы (Лебомбо таулары, биіктігі 801 м) келеді. Шығыс жағын ұзына бойы жағалаулық, батпақты Мозамбик ойпаты (ені 80-400 км) алып жатыр. Елдің территориясы протерозойлық, палеозойлық, кайнозойлық әр түрлі жыныстардан түзілген. Басты пайдалы қазындылары - көмір (Замбези және Лимпопо өзендерінің аңғарларында, Ньяса көлінің алабында), уран және темір рудалары, асбест, фосфорит, слюда, алтын. Климаты субэкваторлық (солтүстік бөлігінде) және тропиктік пассатты (оңтүстігінде); қаңтардың орташа температурасы 26-30°С, шілдеде 15-20°С (Мозамбик ойпатында).

Жылдық жауын-шашын мөлшері 750-1500 мм. Ірі өзендері - Замбези, Лимпопо, Сави, Рувума. Мозамбик территориясына Ньяса (Малави) және Ширва көлдерінің шығыс бөліктері кіреді.

Солтүстік жағында селдір орман, саванна, ірі өзендер бойынша мәңгі жасыл ағаштар т. б. өседі. Жануарлардың сирек кездесетін түрлері қорықтарда және ұлттық парктерде сақталған.

Саванна, ормандарын африка пілі, зебр, мүйіз тұмсықтар, арыстан, қабылан, қорқау қасқыр, маймыл т. б. мекендейді.

Халқы. 98%-і - банту тілінде сөйлейтін халықтар. Елдің солтүстік жағында шығыс банту тобына жататын макуа, ломве, малави, ваяо, маконда, суахилплер, Оңтүстік Мозамбикте тсонга, машона, зулу, ангони, связи т. б. шығыс бантулық халықтар тұрады. 220 мыңдай (1970) европалықтар, азиялықтар, арабтар және мулаттар бар. Ресми тілі - португалдық. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 11 адамнан келеді. Еңбек етуші халық саны 2248 мың (1970), олардың 72%-і ауыл шаруашылығында, 3%-і өнеркәсіп салаларында, қалғандары тұрмыс қажетін өтейтін орындарында істейді. Қала халқы 5,7% (1970). Ірі қалалары: Лоренсу-Маркиш (384 мың, 1970), Бейра (85 мың, 1968), Келимане (20 мың, 1968).

Тарихы. Мозамбиктің ежелгі халықтары бушмендер мен готтентоттар болатын. Кейін оларды Оңтүстік Суданнан келіп қоныстанған банту тілі тобына жататын тайпалар ығыстыра бастады, бұлар көбінесе бақташылар мен диқандар еді. Мозамбик халқы алтын, темір және мыс кендерін өндіру әдісін ерте заманнан білген. Б. з. 1-мың жылдықтың аяғы мен 2-мың жылдықтың басында ертедегі таптық мемлекеттер қалыптасты, олардың ішіндегі ең ірісі Мономотапа мемлекеті болды. 8 ғасырдан бастап Мозамбик территориясына арабтар ене бастады, олар Шығыс Африка жағалауында толып жатқан сауда факторияларын құрып, бұл аймақта өздерінің экономикалық және саяси ықпалын арттыруға тырысты. 1498 жылы Португалияның Васко да Гама басқарған экспедициясы Үндістанға барар жолда Мозамбик территориясына соқты. 16 ғасырдың басында португалдар жағалауға орналасып, сауда факторияларын құра бастады, сөйтіп Мозамбикті жоспарлы түрде экспансиялауға кірісті. 1505 жылы Софалада порт, ал 1508 жылы Мозамбик бекінісін салды.

17-18 ғасырларда Португалия отаршылдары Мозамбиктен құлдар сатып алып, оларды қант қызылшасы плантацияларында жұмыс істету үшін Бразилияға жөнелтіп отырды, олар құл сатудан қыруар пайда тапты. 1850 жылы құл сатуға формальды түрде тыйым салынғанымен, бұл 20 ғасырдың бас кезіне дейін толастаған жоқ. Мозамбикте генерал-капитан басқарған жеке отарлау әкімшілігі құрылды. 19 ғасырдың басында португалдардың Мозамбиктегі үстемдігі жағалаудағы бекіністер мен факторияларға ғана жүрді. Португалия отаршыларының бұдан былай Мозамбиктің ішкі аудандарына нәтижелі бақылау жүргізуі португалдар мен африкан мемлекеті Ватуаның арасында ұзақ жылдық соғыстың тууына әкеп соқтырды. 1894-1895 жылдар Ватуа мемлекетінің қолбасшысы әрі дипломат Гунгуньяна отаршылдарды бірнеше рет ойсырата жеңді. Бірақ қарулы күрес бұдан кейін де екі жылдай уақытқа созылды. 20 ғасырдың бас кезінде Португалия отаршылдары Мозамбиктің неғұрлым шұрайлы аймақтарын басып алып, елде еріксіз еңбек ету тәртібін орнатты. Мозамбикте қант, мақта, темекі, кофе т. б. өнімдер өндіру, темір жол, порт құрылыстары шетел капиталының, әсіресе ағылшын-американ капиталдарының бақылауында болды.

Бірақ Мозамбик халқы отаршылдық саясатқа қарсы толассыз күрес жүргізді. Мыс., 1925 жылдың өзінде-ақ Мозамбикте темір жол жұмысшылары мен докерлердің көтерілісі болып өтті. 1949 және 1951 жылдары Лоренсу-Маркши докерлері мен жұмысшылары көтеріліс жасады. Азаттық қозғалысты басуға тырысқан Португалия үкіметі 1951 жылы Мозамбикті Португалияның «теңіз сыртындағы провинциясы» деп жариялады. 1964 жылы Мозамбикте қарулы күрес басталды. Күреске шаруалардан, қала жұмысшылары мен интеллигенциядан құрылған патриоттық партия - Азаттық майдан басшылық етті (1962). Бұл кезде партияны басқарған Э. Мондлане отаршылардың қолынан (1969) қаза тапты. 1970 жылдан бері партияға Самора Машел басшылық ОЭ етеді. Португалия әскерлеріне қарсы қарулы күресте Азаттық майдан өз әскерін құрып, отаршылдарға ойсырата соққы берді. 1973 жылдың бас кезіне дейін Азаттық майдан ел территориясының 1 млн-нан аса халқы бар 4-тен бірінен астам территориясын бақылауға алды. Азат етілген аудандарда халық өкіметі органдары халық тілегіне сай әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруда, фашистік диктатураны құлатқаннан кейін (1974 жылы 25 сәуір) Португалиядан бостандық алды, 1975 жылы 25 маусымда Мозамбик тәуелсіз республика болып жарияланды.

Экономикасы. Мозамбик - аграрлық ел. Экономика саласында шетел капиталы (негізінен Португалия, ОАР, Ұлыбритания, Франция, АҚШ) үстем. Жалпы ұлттық өнімінің 45%-іне жуығын ауыл шаруашылық өндіреді. Территориясының 60%-і ауыл шаруашылығына пайдаланылады, оның көпшілігі - шабындық пен жайылым. Құнарлы ауыл шаруашылық жерлер португалдық плантаторлар қолында. Жергілікті халық егістік алқаптарды арендалайды және негізінен жартылай натуралдық шаруашылықпен айналысады. Басты дақылдары: қант қамысы (егісі 56 мың га, өнімі 370 мың т қант, 1972), кокос пальмасы (412 мың т, жаңғақ және 68 мың т копра, 1972), шай (15,4 мың га, 19,5 мың т, 1972), сизаль (50 мың га, 24 мың т, 1972), мақта (364 мың га, 44,6 мың т, 1972), маниок (440 мың га, 2,1 млн. т, 1972), жүгері, арахис, сорго. Мозамбик копра өнімін жинаудан Африкада 1-орын, кешью жаңғағынан (1972 жыл 200 мың т) дүние жүзінде 2-орын (Үндістаннан кейін), шай жапырағын жинаудан Африкада 4-орын (Кения, Уганда, Малавиден кейін) алады. Мал басы (млн., 1972): мүйізді ірі қара 2,2, ешкі 0,9. Қой, шошқа өсіріледі. 1971 жылы елде 8,4 млн. м3 ағаш дайындалды, 10,4 мың т балық ауланды. Өңдеу өнеркәсібі жалпы ұлттық өнімнің 14%-ке жуығын береді. Негізгі салалары - мұнай айыру, азық-түлік шығару. Көмір (есептелген қоры 700 млн. т, 1972 ж. 336 мың т өндірілді), боксит, уран, берилл рудалары өндіріледі. 1971 жылы Мозамбикте 551 млн. квт-сағ электр энергиясы алынды; оның ішінде СЭС-тердің үлесі 50%. Халықаралық консорциум (ГФР, Франция, ОАР, Португалия) күшімен Замбези өзенінің бойында ірі Кабора - Басса СЭС-і салынуда (1974). Ірі кәсіпорындарының бірі Лоренсу- Маркиш мұнай айыру з-ды (1971 ж. 729 мың т мұнай өнімдерін шығарды). Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін, сыра қайнататын, ағаш өңдейтін т. б. кәсіпорындар бар. Целлюлоза з-ды (Вила-Пери атырабында), мата тоқу ф-касы (Нам-пула қаласында), қант з-ды (Дондо маңында) салынуда (1974).

Темір жолының ұзындығы 3,7 мың км, автомобиль жолы 38,4 мың км (1972). Лоренсу-Маркиш - Бейра автомобиль жолы салынуда (1974). Басты порттары - Лоренсу-Маркиш, Бөйра. Замбези, Лимпопо, Сави, Лурио өзендерінде кеме жүзеді. Лоренсу-Маркиш, Бейра, Лумбо қалаларында халықаралық аэропорттар бар.

Негізгі сыртқы сауда серіктері - Португалия, ОАР. Басқа елдерге кешью жаңғағын, мақта, қант, мұнай өнімдері, шай, копра, ағаш, сизаль шығарылады. Өзі өнеркәсіп жабдықтарын, машиналар, мата, азық-түлік, металл, мұнай сатып алады. Ақша өдшемі - португал эскудосы.

Денсаулық сақтау ісі. 1965-1970 жылдар әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы орта есеппен 43,3, адамның өлімі 22,9; балалар өлімі өте жоғары. Әрбір тірі туған 1000 баладан өлгені 92,5. Өмірдің ұзақтығы 41 жас. Елде инфекңиялы аурулар көп тараған. Әсіресе, безгекпен халықтың 50%-і ауырады, сондай-ақ ішек-қарын аурулары, туберкулез, алапес, зәр шығару органдарының аурулары да жиі кездеседі. Күнделікті тағамның құрамында белокты заттардың жетіспеушілігінен бауыр рагы да байқалады. Мозамбикте 1968 жылы 13 мың төсектік (1000 тұрғынға 1,8 тесек) 989 медицина мекемелер болды. Елде 1969 жылы 502 дәрігер (14 мың тұрғынға 1 дәрігер), 169 фармацевт және 2,3 мың орта білімді медицина қызметкерлер жұмыс істеді.

Оқу-ағарту ісі. 1970 жылдың есебі бойынша Мозамбик халқының 95%-і сауатсыз болған. Европалықтар мен африкандықтар бөлек оқытылады. Европалықтар үшін 7-ден 13 жасқа дейін міндетті оқу енгізілген. Мектеп жүйесі Португалиядағыдай: бастауыш мектеп 6 жылдық, орта мектеп 7 жылдық (5+2). Африкандықтарға тек бастауыш мектептердің есігі ашық, оқу мерзімі 5 жыл, оқушылардың көпшілігі 2 жыл ғана оқиды. Африкандықтардың шағын тобы ғана орта мектепке түседі, оқу мерзімі 5 жыл (2+3). Оқу португал тілінде жүреді. 1970-1971 оқу жылында барлық мектептерде 613,9 мың оңушы, оның ішінде орта мектептерде 10 мыңнан астам оңушы оқыды. Кәсіптік-техникалық білім бастауыш мектептердің базасында (оқу мерзімі 3-6 жыл) жүзеге асады. 1968-1969 оқу жылында кәсіптік оқу орындарында 14,2 мың оқушы болды. Лоренсу-Маркшптегі университетте (1962 жылы құрылған) 1972-1973 оқу жылында 2 мыңнан астам студент оқыды. Мозамбиктің бостандық алған аудандарында білім беруге және ұлттық кадрларын даярлауға баса көңіл болінеді. Сауатсыздықты жою жұмыстары кең өріс алған, африкандықтар балаларына арналған мектептер ашылуда.

Әдеб.: Xазанов А.М. Политика Португалии в Африке и Азии. М., 1967; Мондлане Э. Борьба за Мозамбик. пер. с англ. М., 1972; Ряузова Е. А. Португало-язычные литературы Африки. М., 1972; Поэзия Африки. М., 1973.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-05-04 11:05:48     Қаралды-2008

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »