UF

ВЕНЕСУЭЛА (Vеnеzuеlа), Венесуэла Республикасы - Оңтүстік Американың солтүстік бөлігіндегі мемлекет. Венесуаланы солтүстігінен Кариб теңізі мен Атлант мұхиты қоршайды, батысы мен оңтүстік-батысы Колумбиямен, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы Бразилиямен, шығысы Гайанамен шектеседі. Жері 912 мың км2. Халқы 30,7 млн. (2015). Астанасы - Каракас қаласы. Венесуала бір федералдық (астаналық) округтан, 20 штаттан, 2 өлкеден, Кариб теңізіндегі 72 аралды біріктіретін федералдық иеліктен құралады.

Каракас (Саrасаs) - Венесуэла астанасы. Кариб теңізі жағасынан 13 км жерде. Жағалық Анды тауы етегіндегі аңғарда орналасқан. Жол торабы.

1567 жылы үндістердің каракас тайпасының мекені орнында іргесі қаланды. Тамақ, мата тоқу, химия, дәрі-дәрмек, мұнай айыру кәсіпорындары шоғырланған. Университет, жаратылыс тану ғылымдарының музейі, Ұлттық театр т. б. мәдени-ағарту орындары бар. 1812 және 1900 жылы қалада күшті жер сілкіну болды.

Мемлекеттік құрылысы. Венесуала - федеративтік республика. Конотитуциясы 1961 жылы 23 қаңтарда қабылданған. Үкімет пен мемлекеттік басшысы президент, оны халық 5 жылға сайлайды. Мемлекеттік басқаруда президентке кең право берілген: ол министрлерді тағайындайды және ауыстырады, конгресті басқарады, әскери қолбасшы қызметін т. б. мемлекеттік басқару істерін атқарады. Өкіметтін жоғары заң шығарушы органы - екі палаталы парламент (конгресс), ол сенаттан және депутаттар палатасынан құрылған. Парламентті халық 5 жылға сайлайды. 18 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Штаттарда губернаторлар мен бір палаталық парламенттер - зан шығаратын ассамблеялар бар. Қалаларда муниципалитеттер сайланады. Сот жүйесі Жоғарғы сот (оның мүшелерін конгресс палаталары 5 жылға сайлайды), апелляциялық және округтық соттардан құралады. Әрбір штаттың Жоғарғы соты сайланады. Бас прокурорды конгрестің палаталары сайлайды.

Табиғаты. Елдің қиыр солтүстік-батысындағы Кариб теңізінің жағалауы ойпатты, ал солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауы көбінесе жартасты болып келеді. Жағалауды бойлай жатқан көптеген аралдар бар. Рельефі негізінен үш аймаққа бөлінеді: елдің солтүстік, солтүстік-батысын Анд жоталары, орталық бөлігін Ориноко жазығы (Льянос Ориноко), оңтүстік-шығысын Гвиана таулы үстірті алып жатыр.

Басты қазба байлығы - Маракайбо қазан шұңқырынан өндірілетін мұнай мен газ. Жарияланған деректер бойынша, Венесуаладағы мұнай қоры 1969 жылдың аяғында 2,4 млрд. т шамасында, (келешекте 10-14 млрд. т болуы ықтимал деп жорамалданады). Барланған табиғи газ қоры 778 млрд. м3 (1968).

Венесуаланың климаты субэкваторлық: жазы ыстық, жаңбырлы, қысы құрғақ. Оңтүстік-батысында ғана ұдайы ылғалды экваторлық климат. Айлық орташа температурасы 25-29°С. Жауын-шашын: солтүстік-батыста 280 мм, орталық бөлігінде 750-1200 мм, оңтүстік-шығысында 2000 мм, Кордильера-Мериданың солтүстік беткейлерінде 2000-3000 км-ге дейін. Басты өзені - Ориноко. Жануарлар дүниесі өте бай. Мұнда жалпақ тұмсықты маймыл, ұсақ бұғы, құмырсқа жегіштер, ягуар т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылар мен насекомдар да көп. Құстардан қаратұмсық құтан, тукан, якана, тоты т. б., өзендерде каймандар, электрлі жылан балықтар кездеседі.

Халқы. Негізгі халқы - венесуэлалықтар (8,7 млн. шамасында, 1968). Оңтүстік бөлігіндегі аз игерілген жерлерде жартылай көшпелі үндіс тайпалары, Ориноко атырауында варрау тайпасы, батысында чибча, кариб, аравак тайпалары мекендейді. Мемлекеттік тілі - испан тілі; католиктік дінді ұстайды. Венесуала халықтың өсу қарқыны жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінен саналады (1963-1969 жылдары 3,5% өсті). Халқының 50%-і әйелдер (1968), 46%-і жасөспірімдер. Еңбек етуші халық 2,9 млн. (1966), оның 29,7%-і ауыл шаруашылығында, 25,4%-і өңдеу өнеркәсібінде, 43,2%-і халықтың қажетін өтеу саласында істейді. Қала халқының үлесі 75% (1969). Халқының саны 100 мыңнан асатын ірі қалалары: Каракас, Маракайбо, Баркисимето, Валенсия.

Тарихы. Ежелгі заманнан бастап Венесуала жерін үндіс тайпалары мекендеді; олар алғашқы қауымдық құрылыстың түрлі сатыларында тұрды. Үндістердің негізгі кәсібі аң және балық аулау, тұрпайы егіншілік болған. Венесуала жағалауын 1498 жылы X.Колумб ашқан. 1499 жылы испандардың А. де Охеды экспедициясы жағалауды зерттеп жүріп, Маракайбо шығанағына келді. Үндістердің тұғырға орнатып, судың үстіне салған үйлерін көріп, испандар бұл елді Венесуэла («кішкентай Венеция») деп атады. 16 ғасырдың басында испандар Венесуаланы отарына айналдыра бастады. Қант құрағы, мақта, темекі плантациялары жасалды. Мал шаруашылығы едәуір дамыды. Испан отаршылдары бірқатар қалалар салды. Отарлық Венесуаладағы негізгі жұмыс күші - Африкадан әкелінген құл-негрлер мен жергілікті үндістер. Испания үкіметі Венесуала халқының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуына бөгет жасады, бұл халықтың отаршылдарға деген наразылығын күшейтті. 1810 жылы 19 сәуірде Каракаста болған халық көтерілісі тәуелсіздік жолындағы соғыстың бастамасы болды. Испан генерал-капитанының өкімет билігі құлатылып, революция хунта құрылды. 1811 жылы шілдеде Венесуала тәуелсіз республика болып жарияланды. Бірақ негр және үндіс бұқарасынан қызу қолдау таппаған республика көп кешікпей құлап, испандардың үстемдігі қайтадан орнады. Тек 1830 жылы ғана Венесуала дербес республика болып құрылды. Бірақ өкімет билігі ірі жер иелерінің қолында болды, олар өз позицияларын және шаруаларды қанаудың феодалдық әдістерін сақтап қалуға тырысты. Дегенмен, президенттер X. А. Паэстің (1830-1835, 1838-1843) ағайынды X. Т. және X. Г. Монагастың (1846-1858) үкіметтері елдің капиталистік жолмен дамуына көмектескен бірқатар шаралар жүргізді: құлдық жойылды (1854), саудаға шек қойылмайтын болды, Ұлттық банк құрылды (1841), темекі монополиясы құртылды, сыртқы сауда едәуір дамыды.

Венесуалада екі саяси партия: помещиктер олигархиясы мен католик дін басшыларының мудделерін көздейтін консерваторлар партиясы, сауда буржуазиясының және сыртқы рынокпен байланысты плантация иелерінің мүдделерін көздейтін либералдар партиясы болды. Бұлардың арасындағы ішкі саяси күрес 1870 жылы либералдардың өкілі Гусман Бланко диктатурасының орнауымен аяқталды. Гусман Бланконың үкіметі қала шаруашылығына және темір жол құрылысына зор көңіл бөлумен қатар, шетел капиталының енуін қолдады. Мұның өзі, әсіресе, 19 ғасырдың 70 жылдарында Венесуалада мұнай кен орындарының ашылуына байланысты ерекше күшейе түсті. Венесуалада әсіресе атылшындардың ықпалы ерекше күшті болды.

Венесуала жөнінде экспансия жасау саясатын жүргізген Ұлыбритания, Германия мен Италия 1902-1903 жылдар бұл елдің порттарын қоршауға алды. Дау-жан-жалға АҚШ та араласты. (Венесуэла дағдарысы, 1902-1903). 1908 жылдың аяғында АҚШ империалистерінің көмегімен Венесуалада мемлекеттік төңкеріс жасалды. 1909 жылы өкімет басына X. В. Гомес келді; ол помещиктердің, ірі буржуазия мен шетел капиталының мүддесін көздеп, еңбекшілер мен прогресшіл күштерді аяусыз қудалады. 1-дүние жүзілік соғыстан кейін елде мұнай шығару еселеп арта түсті. Мұның өзі фабрика-завод пролетариатының құрылуына игілікті әсер етті. Үкімет пен кәсіпкерлердің қастандыгына қарамастан, жұмысшылар өз праволарын қорғау жолындағы күреске шықты. Астыртын тұңғыш кәсіподақ ұйымдары құрылды.

Венесуэла дағдарысы (1902-1903) - Кариб теңізі бассейнінде империалистік қайшылықтардың шиеленісуі салдарынан туған халықаралық дағдарыс. Ұлыбритания, Германия, Италия, АҚШ капиталистері Венесуэладағы қарыздарын алғысы келген және ондағы азамат соғысы кезінде (1809-1902) зиян шекті дегеңді желеу етіп, соның есесін қайтармақшы болған пиғылдарына байланысты туды. Германия мен Ұлыбритания Венесуэладан қарызды төлеу жөнінде үзілді-кесілді талап қойды, ал Италия Венесуэланың үш кемесін суға батырды да, десант түсірді. Кариб теңізі бассейнінде үстемдік жүргізуге ұмтылған АҚШ Венесуэланы айнала қорғап алуға қарсы шықты, бірақ сонымен бірге Венесуэладан Европа мемлекеттеріне берешегін өтеуді талап етті. АҚШ-тың Венесуэланы қоршауға алған мемлекеттерге дипломатиялық қысым жасауы салдарынан 1903 жылы ақапанында әлгі мемлекеттер Венесуэламен келісім жасасып, Венесуэланың Пуэрто-Кабельо және Ла-Гуайра порттарынан түсетін баж табысының 30%-ін алатын болды.

2-дүние жүзілік соғыстан кейін Венесуалада демократиялық қозғалыс өрістей түсті. 1945 жылы наурызда Венесуала үкіметі СССР-мен дипломатиялық қатынас орнатты. ВКП ашық жұмыс істей бастады. 1948 жылы реакцияшыл әскер басшылары американ мұнай монополияларының қолдауымен төңкеріс жасады. Өкімет басына әскери хунта келді, демократиялық бостандықтар аяққа тапталды, ұлттық конгресс таратылып, 1947 жылғы демократиялық конституцияның күші жойылды, оппозициялық партиялар заңнан тыс деп жарияланды. 1952 жылы маусымда хунта СССР-мен дипломатиялық қатынасты үзді.

Елдің ВКП бастаған патриоттық күтптерінің Перес Хименестің (1952 жылы үкімет басына келген) диктатурасына қарсы күресі күшейе түсті. ВКП-нің инициативасымен құрылған (1957) Патриоттық хунтаның басшылығымен 1958 жылы қаңтарда елде жаппай ереуіл болып, ол қарулы көтеріліске ұласты. Осының нәтижесінде әскери диктатура құлап, президент және парламент сайлауынан кейін Демократиялық қимыл партиясының басшысы Р. Бетанкур бастаған үкімет құрылды. Бірақ бұл үкімет те халықтың үмітін ақтамады, патриоттық күштерді қудалау, атып-асу күшейді. Арчияның бір бөлегі Бетанкур үкіметіне қарсы шықты, партизан қозғалысы кең өріс алды. 1968 жылы желтоқсанда сайлауда Социал-христиандық партияның басшысы Р. Кальдера президент болып сайланды. Сайлау науқанының барысында ол халықтың демократиялық праволарын қорғаймын, шетелдік мұнай монополияларына жаңа концессияляр бермеймін деп уәде берді. Өкімет басына келгеннен кейін (1969 жылы наурыз) Р. Кальдера үкіметі бұрынғы парламент мүшесі коммунистерді, көптеген саяси тұтқындарды түрмеден босатты, компартияның жария жұмыс жүргізуіне ерік беру туралы декрет шығарды. Сонымен бірге, өкімет орындары Каракастағы, Валенсиядағы, Меридегі т.б. қалалардағы студенттердің бас көтеруін басып-жанышты. Сыртқы саясат саласында Р.Кальдераның үкіметі социалистік елдермен қарым-қатынасты жақтады. 1970 жылы сәуірде Венесуала үкіметі СССР-мен дипдоматиялық қатынасты қайтадан қалпына келтірді.

Экономикасы. Венесуала - даму жолындағы ел; мұнай өндіруден капиталистік дүниеде 1928 жылдан бері АҚШ-тан кейін 2-орында келеді. Елдің экономикасында шетел капиталының (АҚШ-тың) үлесі басым. Мемлекеттік сектордың ролі, негізінен су энергетикаеы, қара металлургия, химиялық өнеркәсібінің кейбір салаларын бақылаумен шектеледі. Венесуала өнеркәсібінің басты саласы - мұнай өндіру. Маракайбо аймағы барлық мұнайдың 77%-ін береді. Мұнай кәсіпшіліктерінің барлығы дерлік шетелдік компаниялардың меншігінде. Венесуаланың мемлекеттік мұнай корпорациясы барлық өнімнің 0,4%-ін ғана өндіреді. 1968 жылы табиғи газ өндірудің товарлы мөлшері 7,8 млрд. м3-ге жетті.

Электр станцияларының белгіленген қуаты 2,5 млн. квт (1967). Электр энергиясының 83%-і жылу станцияларында өндіріледі. Елдің су энергетикасы қорының 0,5%-і ғана пайдаланылады. Карони өзенінен СЭС-тер жүйесі салынуда (1971).

Венесуаланың барлық өндірген мұнайының 1/3-ін өңдейтін ең ірі заводтар Амуай, Пунта-Кардоп портында, Парагуана түбегінде. Мұнайдың 94%-і АҚШ-қа, Канадаға, Пуэрто-Рикоға, Тринидад пен Тобагоға, Батыс Европаға айрылмаған күйінде экспортқа шығарылады. Венесуаланың өз ауыр өнеркәсібі 60 жылдардың басынан ғана жасалуда.

Венесуала жерінің 2%-ке жуығы ғана өңделеді, 18%-і жайылым мен шабындық. Ұсақ шаруашылықтар тым көп. Товарлы өнімнің басым көпшілігін капиталистік типтегі шаруашылықтар береді. 1960 жылдан латифундиялардағы жерлерді мемлекет сатып алуда. Шаруаларға бөлінетін жердің 60%-і мемлекеттік жерінен, 40%-і помещиктік жерден беріледі. 1968 жылға дейін 162 мың шаруа 4,5 млн. га жер алды. Ауыл шаруашылық өнімдері құнының жартысынан астамын егіншілік береді. Тропиктік кеп жылдық дақылдар плантациялары негізінен солтүстік жағалауда және тау бөктерлерінде. Пуэрто-Кабельо өңірінде какао өндіріледі, кофе плантациялары Андыда (1500 м биіктігі дейін), қант плантациялары тау бөктерлерінде орналасқан. Азықтық дақылдардан - жүгері, юкка, маниок, бұршақ тұқымдастар егіледі. Овощ барлық жерде, картоп Андының таулы аймақтарында, күріш Апура өзенінің бас жағында өсіріледі. Венесуалада 1967-1968 жылда 6,9 млн. мүйізді ірі қара, 1,2 млн. ешкі, 2 млн. шошқа, 0,4 млн жылқы, 0,5 млн. есек болды.

Ішкі жүк тасымалының 86%-і автотранспорттың улесіне тиеді. 1968 жылы 482 мың жеңіл, 197,1 мың жүк машинасы болды. Мұнай құбырлары - 6,4 мың км, газ құбырлары - 2,3 мың км. Темір жолдарының ұзындығы 800 км-дей (1966), тас жолдарының ұзындығы 40 мың км. Басты порттары: Маракайбо, Амуай, Пунта-Кардон т. б. Сыртқа мұнай, темір рудасын, кофе, какао, алмас, цемент, банан шығарады. Сырттан құрал-жабдықтар, транспорт құралдарын, химикат, азық-түлік әкеледі. Экспортында АҚШ-тың улесі басым.

Ақшасы - боливар.

Денсаулық сақтау ісі. 1968 жылы 1000 тұрғынға шаққанда баланың тууы 39,5, адамның өлімі 6,6, балалар өлімі орташа есеппен тірі туған әрбір 1000 баладан 44,3. Халқының орташа ғұмыры 60 жас. Венесуалада жиі кездесетін аурулар: гастроэнтерит, жүрек сырқаттары, түрлі ішек-қарын аурулары, гельминтоз, аскаридоз, анкилостомидоз т. б. Сондай-ақ Сукре, Нуэва-Эспарт, Ансоатеги т. б. штаттарында алапес, энцефаломиелит т. б. аурулары кездеседі. Венесуалада 1968 жылы 31,2 мың төсектік 326 аурухана, 1490 емдеу мекемелері, 8,6 мың дәрігер (1120 адамға 1 дәрігер) болды. Медицина мамандарын Венесуаланың 6 университетінің медицина факультетінде дайындайды.

Оқу-ағарту ісі және ғылыми мекемелері. Венесуаланың қазіргі халық ағарту жүйесі 1949 жылы майда халық ағарту ісі жөнінде қабылданған Уақытша заңға негізделеді. Бастауыш мектепте міндетті оқу жүйесі бар және ол тегін жүргізіледі. Бірақ көптеген балалар тұрмыс жағдайы мен отырықшылықтың бытыраңқылығына байланысты, мектепке бара алмайды. 1956 жылы 4-5 жастағы балаларды мектепке дейін тәрбиелеу жүйесі құрылды. Бастауыш мектепке балалар 6 жастан бастап қабылданады, онда оқу мерзімі 6 жыл (екі циклде: 4 және 2 жыл). Бастауыш мектепті бітіргендер 5 жылдық орта мектепке (лицейге) қабылданады. Орта мектептің екінші басқышында балалар қоғам тану не жаратылыс тану бағытының біреуін таңдайды. Кәсіптік дайындық бастауыш мектептің алғашқы 4 жылдық циклінде 3-6 жылдың ішінде, орта мектептің бірінші басқышында 4 жылдың ішінде іске асырылады. Бастауыш мектеп мұгалімдерін 4 жылдық педучилшце, орта мектеп мұғалімдерін 4 жылдық пединститут даярлайды. Ең үлкен университеттері: Орталық унивесритет (1725 жылы құрылған), Каракастағы Андрес Бельо университеті, Меридадағы Анд университеті (1785), Валенсиядағы (1852), Маракайбодағы (1946) университеттер т. б. Ең ірі кітапханалары: Каракастағы ұлттық кітапхана (1883 жылы құрылған, кітап қоры 400 мың дана) мен Орталық университет кітапханасы (1850 жылы 58 мыңнан астам дана). Ірі музейлері: Боливар музейі, Ұлттық пантеон, Каракастағы Жаратылыс ғылымдары музейі т. б. 1882 жылы Венесуэла тіл академиясы, 1888 жылы Ұлттық тарих академиясы, 1904 жылы Ұлттық медицина академиясы, 1917 жылы Физика, математика, жаратылыс тану академиясы және саяси-әлеуметтік ғылымдар академиясы құрылды. Бірсыпыра ғылым орталықтары 2-дүние жүзілік соғыстан кейін құрылды.

Баспасөзі, радиохабары, телевизиясы. Венесуалада мерзімді баспасөз 1898 жылы пайда болды. Каракаста шығатын аса ірі буржуазия баспасөзге: «Насьональ» (1943 жылдан), «Универсаль» (1909), «Релихион» (1890), «Ультимас нотисиас» (1941), «Мундо» (1958), «Дейли джорнал» (ағылшын тілінде, 1945) газеттері мен «Элите» (1925) апталық журналы жатады. Венесуала Компартиясы ОК-нің органы - «Трибуна популар» (1947) газеті. Маракайбода буржуазия газет - «Панорама» (1914) шығып тұрады. Венесуалада радиохабар 1930 жылдан ұйымдастырыла бастады. Елде испан тілінде хабар жүргізетін 108 радиостанция бар (1970). Олардың ең бастылары: «Радио Насьональ» (мемл.). «Радио Каракас», «Радио румбос» және «Радио континенте». Жеке программалар ағылшын, француз, неміс, итальян, португал, галисий тілдерінде жүргізіледі. Алғашқы телеорталық 1952 жылы құрылды. 1970 жылы Венесуалада 6 телеорталық болды.

Әдебиеті. Венесуала халқының әдебиеті испан тілі негізінде туып калыптасқан. Венесуала әдебиетінің қалыптасуына ақын, әрі ғалым А. Бельо (1781-1865) творчествосының елеулі әсері болды. 19 ғасырдың 2-жартысында романтикалық бағыт үстемдік алды (көрнекті өкілі - X. А. Перес Бональде, 1846-1893). 20 ғасырдың басында Р.Б.Фомбона (1874-1944) бастаған жазушылар тобы шаруалар тұрмысынан натуралистік романдар («Америка новеллалары», 1904, «Алтын адам», 1915, т. б.) жазды. Гомес диктатурасы (1909-1935) кезінде революцияшыл және прогресшіл жазушылардың бірқатары (Д. Санчес, 1851-1920; X. Р. Покатерра, 1888-1955, т. б.) қамауға алынды. Елдегі қатал террорга наразылық білдірген прогресшіл әдебиет белең алды. Оған совет әдебиетінің де игі әсері болды. 50 жылдардан бері Венесуала әдебиетінде бейбітшілік пен демократияны қорғау тақырыбы кең өрістеді. Бұл тақырып Э.Мухика (1927 ж. т.), А. Ламеда (1920 ж. т.) П. Лайа (1921 ж. т.) т. б. ақын-жазушылар творчествосынан мол орын алған.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Венесуала архитектурасының көрнектілері - испан отаршылдары салған Каракастағы собор (17-18 ғ.), 19 ғасырдың 2-жартысында салынған қоғамдық гимараттар (арх. Л. Урданета, X. Муньос-Тебар т. б.). 17-18 ғасырдағы кескіндеу мен мүсін өнері негізінен шіркеулік сипатта болды. 19 ғасырдың ортасында азаттық күресінің әсерімен монументті мүсін (Э. Паласиос-и-Кавельо), тарихи патриоттық кескіндеме дамыды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың бас кезінде жанрлық кескіндеу (А. Мичелена, К. Рохас) мен табиғат көрінісін салудың шеберлері (Ф. Брандт), импрессионизм өкілдері (Р. Монастериос) шықты. Қазіргі Венесуала өнерінде халықтық бейне жасалумен бірге (Э. Полео) модернистік бағыт та өріс алған.

Әдеб.: Гонионский С.А. Очерки новейшей истории стран Латинской Америки. М., 1964; Демушкина Е. В. Венесуэла после 2-й мировой войны. 1945-1958. М., 1969; Венесуэла. Экономика, политика, культура. Сб. ст., М., 1967; Художественная литература Латинской Америки в русской печати. 1765-1959. Библиография, [сост. Л. А. Шур). М., 1960; Вольский В. В. Венесуэла. Колумбия. Эквадор. Гвиана. М., 1957.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-05-04 10:06:22     Қаралды-2499

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »