UF

МАВРИТАНИЯ (Әл-Муритания), Мавритания Ислам Республикасы (Әл-Джумхурия әл-Исламия Mauritania) – Солтүстік-батыс Африка - мемлекет. Батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Солтүстікте Алжир, Батыс Сахарамен (Испания), шығысында және оңтүстігінде Мали, Сенегалмен шектеседі. Жері 1031 мың км2. Халқы 1,8 млн. (1998). Астанасы - Нуакшот қадасы. Әкімшілік жағынан 8 ауданға, 1 астаналық округқа бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Мавритания - республика. Қазіргі конституциясы 1961 жылы 20 мамырда қабылданған. Мемлекеттік басшысы - президент. Оны халық тең және төте сайлау жолымен 5 жылға сайлайды. Президент министрлерді тағайындап, ауыстыра алады. Ұлттық жиналыс қабылдаған заңдарды жариялайды, халықаралық шарттарды бекітеді. Қарулы күштердің бас қолбасшысы да сол. Үкімет - Мин. Советі, президент пен министрлерден ңұралады. Заң шығарушы жоғары өкімет органы - халық 5 жылға сайлайтын 50 депутаты бар бір палаталы Ұлттық жиналыс. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы беріледі. Облыстарды губернаторлар басқарады. Облыстарда, қалалар мен селолық коммуналарда сайланып қойылатын органдар - облыстық жиналыстар мен жергілікті Советтер. Сот жүйесі: Жоғары сот және бірінші инстанция соттары, бірқатар арнаулы соттардан құралады. Мұсылмандық право соттары да бар.

Табиғаты. Мавритания жерінің көпшілігін Батыс Сахараның құмды және тастақты шөлі алып жатыр. Рельефінде ойпатты жазықтар, аласа үстірттер басым келеді. Елдің солтүстігінде Адрар қыраты (биік жері Амоззага тауы, 732 м), оңтүстігінде Тагант, Асаба құмды үстірттері (орташа биіктігі 300-400 м) бар. Қыраттар мен үстірттер айнала шөлге жалғасады.

Мавритания территориясы геологиялық құрылымы жағынан күшті метаморфтанған докембрий жыныстарының қабаттарынан түзілетін ежелгі Африка - Арабия платформасына жатады. Солтүстік-батысы архей және төменгі протеозой кристалл қатпарларынан тұрады. Адрар және Тагант өңірі палеозой шөгінділері, солтүстік-батысы мен оңтүстігін және Атлант мұхиты жағалауын мезозой құмдары мен конгломерат шөгінділері алып жатыр. Пайдалы қазындылары: мыс рудасы (Акжужт), темір рудасы (Зуэрат-Иджиль), ас тұзы жөне ильменит (Атлант мұхиты жағалауы), гипс (Нуакшот атырабы).

Мавритания жері тропиктік шөлді климатты болып келеді. Шығыстан соғатын құрғақ желдің өсері күшті. Қаңтардың орташа температурасы 16-20° С, шілдеде 30-32°С. Батыс жағалауының климаты мұхит өсерінен ылғалды, тұманды келеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм, солтүстік-шығысындағы 50 мм. Басты өзені - Сенегал (оңтүстік шекарасымен өтеді). Шөлді аймақтарында бұта, акация, шөл жағдайына бейімделген өсімдіктер еседі. Жануарлардан шүйебөрі, түлкі, мавританиялық қарақұйрық т. б. кездеседі. Теңіздіқ жағаға таяу аймағынан балық ауланады.

Халқы. Мавритания тұрғындарының шамамен ¾-ні Батыс Сахараның арабтары (маврлар). Маврлар шығу тегі жағынан арабтанған берберлерге жатады. Араб тілінің хасания диалектісінде сөйлейді. Оңтүстігінде бербер-зенагалардың шағын тобы қоныстанған. Шетелдіктерден ең көбі негізінен француздар (3,7 мың адам шамасында). Ресми тілі - араб, француз тілдері. Діні - ислам. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 11 адамнан. Қала халқы 10% (1973). Басты қалалары: Нуакшот, Нуадибу, Зуэрат, Каэди, Росо, Атар т. б.

Тарихы. Мавританиянің ежелгі замандағы және орта ғасырлардағы тарихы жете зерттелмеген. 7-11 ғасырларда Мавританиянің оңтүстік бөлігі Батыс Африканың орта ғасырлардағы мемлекеттерінің (Гана, Текрур) құрамына кірді, ал Солтүстік Мавритания жерінде санхаджа берберлердің мемлекеттік бірлестігі өмір сүрді. 11 ғасырдың орта шенінде Мавритания жеріндө Альморав әулеті билеген күшті мемлекет құрылды, бұған Мавританиямен бірге Марокко және Батыс Алжирдің территориясы да қосылды. 14-15 ғасырларда Мавританияға арабтардың макиль тайпасы басып кірді, бұл Мавританияны исламдандыру және арабтандыру процесін жеделдетті.

15 ғасырда Мавританияға европалықтар да бірте-бірте ене бастады. Испандар мен португалдар теңіз жағалауына Арген, Портендик мекендерін салып, елдің қазба байлықтарын еркін иемденді, адамдарын құлға айналдырды. Ағылшын, француз, голландықтар да ен байлыққа қол салды. 1788 жылы Версаль бітімі бойынша Мавритания жағалауы Францияның мүдделі жері болып танылды. 19 ғасырдың орта шенінде Франция Мавританияны отарлауға белсене кіріеті. 2-дүние жүзілік соғыстан (1939-1945) кейін Мавританияны азат ету жолындағы күрес жаңа қарқынмен өріс алды. Бұл күрес Адрарда (1956-1957), Форт-Треикада (1958) т. б. жерлерде Марокконың тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін ерекше сипат алып, бүкіл елді қамтыды. Франция үкіметі 1958 жылы Мавританияға автономия беруге мәжбүр болды. 1960 жылы 28 қарашада Нуакшотта тәуелсіз Мавритания Ислам Республикасы жарияланды.

1958 жылы Мавритания қайта топтасу партиясы (МҚТП) құрылды. Бұл партия елдің тәуелсіз жолмен дамуына көп үлес қосты. 1961 жылы мамырда Мавритания. конституциясы қабылданды. МҚТП-нің басшысы Моктарульд Дадда президент болып сайланды. 1961 жылы желтоқсанда ашылған мавритан бірігу конгресі МҚТП-нің негізінде елдегі барлық саяси партияларды біріктіріп, Мавритания халқының партиясын (МХП) құрды. Мавритания бейбітшілікті, барлық елдермен достық қатынас жасауды, араб және африкан елдерінің бірлестігі жолындағы күресті қолдайды. 1961 жылы қазанында Мавритания БҰҰ-ға қабылданды. Мавритания Африка бірлігі ұйымының, Сенегал өзенінің алқабын игеру ұйымының және Араб мемлекеттері лигасының (1973 жылдың ақырынан) мүшесі. 1964 жылғы 12 шілдеде Мавритания мен Совет Одағы арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. 1966 жылы СССР мен Мавритания арасында сауда келісіміне, 1967 жылы мәдени және ғылыми байланыс жасау, 1973 жылы мұхит балығын аулау жөніндегі келісімдерге қол қойылды.

Саяси партиялары, кәсіподақтары мен басқа да қоғамдық ұйымдары. Мавритания халқының партиясы (МХП); бұл партия Мавритания қайта топтасу партиясының (1958 жылы негізі қаланған), бұған дейін оппозицияда болған Мавритания ұлттық одағы (1958 негізі қаланған), Ұлттық қайта өркендеу (1958 негізі қаланған), Мавритания мұсылман социалистерінің одағы (1960) партияларымен бірігуі нәтижесінде 1961 жылы желтоқсанда құрылды. 1961 жылғы желтоқсанна басқарушы партия. 281 мың мүшесі бар (1973). Мавритания еңбекшілерінің одағы, 1961 жылы құрылды. 26 әр түрлі кәсіподақтарды біріктіреді. 11 мыңға жуық мүшесі бар (1973); МХП құрамына кіреді. Мавритания халқы партиясының жастары (1966 жылы негізі қаланды), Мавритания халқы партиясының әйелдері, 1964 жылы құрылды.

Экономикасы. Мавритания - аграрлық ел. Ауыл шаруашылығының басты салалары - экстенсивті мал өсіру мен егін шаруашылығы. Ел толық тәуелсіздік алғаннан кейін, Мавритания үкіметі елдің экономикасын көтеру бағытында бірінші (1963-1966) және екінші (1970-1973) төртжылдық жоспарларды іске асырды. Халық шаруашылығын дамытудың бұл жоспарларында, ең бастысы табиғи ресурстарды пайдалану мен игеру, жаңа өндіріс салаларын әсіресе темір, мыс рудаларын өндіретін кендерді ашу, балық шаруашылығын өркендету мәселелері қойылған.

Ауыл шаруашылығы. Мавритания ұлттық жалпы өнімінің 30%-і көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының еншісіне тиеді. 1970-1971 жылдар мал саны (млн.): қой 5,9, ешкі 2,5, мұйізді ірі қара (зебу) - 2,7, түйе - 0,7, есек - 0,2. Солтүстік және Орталық Мавританияда көшпелі мал шаруашылығы, ал Сенегал өзенінің аңғарларында егін шаруашылығы басым дамыған. Елдің өңделетін жері 300 мың га. Басты дақылдары: африка тарысы, сорго, (егістік жердің 7/3-нен астамы), құрма ағашы (880 мың түптен астам), жүгері, бұршақ, жер жаңғағы, батат. 1972 жылы елде 2000 тонна күріш өнімі жиналды. Мұхит жағалауы мен Сенегал өзенінен балық (жылына шамамен 20 мың тонна ауланады).

Өнеркәсібі. Елдің негізгі энергетикалық кәсіпорындары Нуакшот, Нуадпбу және Атар, Акжужт жылу электр станциялары, 1971 жылы 73 млн. квт-сат электр энергиясы алынды. Тау-кен өнеркәсібінде темір рудасын өндіру басты орын алады; 1965 жылы 6,3, 1972 жылы 9,3 млн. тонна руда өндірілді, ірі кен орындары - Фдерик, Тазадит, Руес. Тау-кен өндірісі негізінен шетел (Франция, Ұлыбритания, Батыс Германия, Италия) капиталының қолынан Жартылай өңделген руда мұхит Францияға (20,6%, 1971 жылы), Ұлыбританияға (18,9%), Италияға (12,97 т. б. елдерге жөнелтіледі.

Транспорты. Мавританияда 1963 жылы темір жолдың алғашқы тармағы Зуэрет-Нуадибу (652 км) жолы іске қосылды. Автомобиль жолдары мен сүрлеу жолдағының жалны ұзындығы 3,2 мың км. Негізгі теңіз порты - Нуадибу. Нуакшот және Нуадибу қалаларында халықаралық аэропорттар бар.

Сыртқы саудасы. Сыртқы сауда айналымында шетке темір рудасын (экспорт құнының 3/4-ін береді), мыс концентратын, балық өнімдерін шығарудың үлесі басым. Басқа мдерден шай, қант т. б. азық-түлік заттары, өнеркәсіп жабдықтары, мұзай өнімдері, цемент әкелінеді. Саудағы басты әріптесі - Франция сүлесі Мавритания сыртқы сауда айналымының 25%-і). Мавритания мен СССР арасында соңғы жылдары сауда, экономикалық байланыс күшейіп келеді. Ақша өлшемі - угия, 1 угия 5 африка франкісіне, 10 француз сантимына тең.

Денсаулық сақтау ісі. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының 1964-1966 жылдар мәліметі бойынша 1000 адамға шаққанда баланың тууы 45,1, адамның елімі 28,0; әрбір тірі туған 1000 баладан өлгені 187,0. Өмірдің орташа ұзақтығы 40 жас. Өлімнің негізгі себебі - инфекциялы және паразиттік аурулар. Елде амебиаз, грипп, туберкулез, дизентерия, венералық аурулар, алапес, балалар ауруы т. б. кездеседі. Мавританияда паразиттік аурулармен күрес жұмыстары жүргізілмейді. 1972 жылы 600 төсектік 22 аурухана (1000 тұрғынға 1,7 төсек), 1 поликлиника, 16 денсаулық сақтау орталығы және 46 диспансер болды. Мавританияда 1970 жылы 44 дәрігер (26 мың тұрғынға 1 дәрігер), 5 тіс дәрігері. 8 фармацевт және 300-ден астам медсестралар қызмет істеді. Дәрігерлерді шетелде даярлайды. Мавританияда денсаулық сақтау ісіне 1972 жылы өкімет қаржысынан 7% жұмсалды.

Мавритан өнері, мавр стилі – 11-15 ғасырларда Солтүстік Африка мен Испанияның оңтүстік бөлігінде өркендеген орта ғасырлық өнердің шартты аты. Ол Араб халифаты мен берберлер және вестшттардың дәстүрлі өнері негізінде қалыптасты. Мавритан өнері Алжир, Тунис, Марокко және араб Испаниясында әр кезеңде түрліше дамыды. Мешіттері негізінен мұнаралы (төрт бұрышты), мінәжат залды, ашық алаңды болып келеді. Діни және зиялыларға арналған құрылыстарда арканың бірнеше түрлері, кумбез, фриз, карниздер мен қабырға өрнектер қолданылды. Құрылыстарды әсемдеу мен қосалқы өнерде көгеріс және геометриялық өрнектер басым пайдаланылды (Альгамбрадан табылған «Фортуна вазасы», фаянс, 14 ғ., Ленинград, Эрмитаж).

Оқу-ағарту ісі. Халқының 95%-тен астамы сауатсыз. Білім беру жүйесі француз үлгісімен құрылған. Бастауыш кектепке 6 жастан қабылданады. Оқу мерзімі 6 жыл, 3 циклді (2 жылдан); даярлық, элементарлық және орта бастауыш мектеп жағындағы балалардың 12%-і ғана оқуға тартылған. 1971 жылы 28 мың оқушы болса, оның 28%-ке жуығы қыздар. 1971 жылы 3,4 мың оқушы орта білім алды. Ұлттық ислам тану институты жоғары діни білім береді (1961 жылы құрылған, оңда 1970 жылы 270 студент оқыды), басқа жоғары оқу орны жоқ, 150-дей студент Францияда, Сенегалда т. б елдерде оқиды. Нуакшотта Орталық көпшілік кітапхана, Ұлттық әкімшілік және тарихи кітапхана, араб діни әдебиетінің бірнеше кітапханасы бар.

Әдеб.: Новейшая история Африки. -2 изд. -М., 1968; Уткин Г.Н. Мавритания. -М., 1968; Всеобщая история архитектуры. -т. 8. -М., 1969.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-03-10 14:11:54     Қаралды-1869

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »