UF

ГОНДУРАС (исп. República de Honduras), Гондурас Республикасы – Орталық Америкадағы ел. Гватемаламен, Никарагуамен, Сальвадормен шектеседі. Оңтүстігі - Тынык, мұхит, солтүстігі және солтүстік-шығысы - Кариб теңізі. Жері 112,1 мың км2. Халқы 8,4 млн. (2017). Астанасы - Тегусигальпа. Әкімшілік жағынан 18 департаментке бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Гондурас - республика. Қазіргі конституциясы 1965 жылы қабылданды. Мемлекет және үкімет басшысы - 6 жылға сайланатын президент. Ол қарулы күштердің де қолбасшысы. Заң шығаратын өкіметтің жоғары органы - құрамы 64 депутаттан тұратын бір палаталы Ұлттық конгресс. 18 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы берілген. Департаменттердің басында президент белгілеп қойған чиновниктер отырады. Сот жүйесі: Жоғарғы сот (мүшелерін конгресс сайлайды), апеллядиялық сот, төменгі соттан тұрады.

Табиғаты. Көп жерін таулы қырат алып жатыр. Ең биік жері 2865 м (Грасьяс қаласының маңы). Теңізбен ұласқан бөліктері - ойпатты жазық. Пайдалы қазындылары: алтын, күміс, қорғасын, мырыш, темір, мыс рудасы, боксит. Климаты тропиктік; қаңтардың орташа температурасы 22°С, шілдеде 26°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 3000-5000 мм. Өзендері гидроэнергия қорына бай; ірілері - Патука, Умуя, Агуан. Жерінің 80%-ке жуығы тропиктік, субтропиктік және емен аралас қылқан жапырақты орман, қуаңдау бөлігінде саванна өседі.

Халқының 90%-і испандар мен үндістерден шыққан будандар, 7%-і үндістер (ленка, пайя, хикаке, мискито т. б. тайпалар), 2%-і негрлер, 1%-і европалықтар. Мемлекеттік тіл - испан тілі. Халқының 32%-і (1969) қалаларда тұрады. Астанасынан басқа ірі, қалалары - Сан-Педро-Сула  (96,3), Ла-Сейба (35,2).

Тарихы. Испан отаршылдары Гондурасты басып алғанға дейін жергілікті ленка, пайя, майя, хикаке тайпалары алғашқы қауымдық құрылыс сатысында өмір сүрді. Олар негізінен тұрпайы құралдармен егін егіп, аң және балық аулады. Дегенмен Гондурастың батысында тұрған майя тайпасы Американың ертедегі таптық ең жоғары цивилизацияларының бірін жасаушы болды. Олар жүгері өсіріп, қол өнерінің бірнеше түрін, тасқа өрнек салуды білді, жазу-сызуды меңгерді. Гондурас үндістерінің саны испан отаршылдары келер алдында (түрлі мәлімет бойынша) 50-70 мың адамнан млн. адамға дейін жетті.

Гондурас жағалауын X. Колумб ашты (1502); Үндістер өз елін Игуэрас немесе Йбуэрас деп атаған. Ал Колумб бұл елді «Гондурас» (тереңдік, теңіз жағалауы өте терең болғандықтан) деп атайды. 1525 жылы Гондурасты испандық Кортес басып алды. Үндістер өз бостандығы үшін аянбай күресті; 1536 жылы Лампира бастаған 30 мың үндіс испан отаршылдарына қарсы көтеріліс жасады. Алайда, жақсы қаруланған испан әскерлері бұл көтерілісті басып-жаншып тастады. 1539 жылы Гондурас Гватемала генерал-капитандығының құрамына кірді. Сол кезде Гондураста испан помещиктерінің ірі феодалдық жер иелігі құрылды. Дегенмен Гондурас экономикасының негізі күміс өндіру болып қала берді. Отаршылдардың қырып-жоюы және ашаршылық салдарынан үндістердің бірсыпырасы құрып кетті. 19 ғасырдың басында Гондурас халқы испан отарларындағы азаттық қозғалысына қатысып, 1821 жылы 15 қыркүйекте Гондурасты Испаниядан тәуелсіз деп жариялады. Елде консерваторлар (ірі жер иеленушілер) партиясы мен либералдар (қалыптасып келе жатқан буржуазия партиясы) партиясы құрылды. 1821-1823 жылдар Гондурас мексикалық Йтурбиде империясының құрамында болды, 1923 жылы империя жойылғаннан кейін, Орталық Американың құрама провинциялары федерациясының бір бөлігіне айналды. 1838 жылы Гондурас тәуелсіз республика деп жарияланды. Осы кезеңде Гондурастың ішкі істеріне шетелдік мемлекеттер, әсіресе АҚШ пен Англия араласа бастады. Елдегі партияның қырқысуынан туған ала ауыздықты шетелдіктер шебер пайдаланды: Американ капиталистері Гондурастың шикізат қорларын тонау мақсатымен өз плантацияларын кеңейтіп, темір жолдар мен тас жолдар сала бастады. Гондурастың өнеркәсібі мен сыртқы саудасы біртіндеп американ империалистерінің қолына көшті. Олар жергілікті халықтың арзан жұмыс күшін барынша пайдаланды. Американ плантацияларындағы ауыр еңбек жағдайы және ауыл шаруашылық жұмысшыларын аяусыз қанау халық бұқарасы арасында толқу (1905, 1907, 1911, 1912) тудырды, бірақ оны американ әскерлері қатаң басып отырды.

Гондурас халқының бостандық үшін күресі Ұлы социалистік революциясының ықпалымен жандана түсті. Халық қозғалысын басу үшін американ империалистері (1917, 1919, 1924, 1925) Гондурасқа өз әскерін жіберді. 1927 жылы алғашқы коммунистік топтар мен ауыл шаруашылық жұмысшыларының кәсіподақтары құрыла бастады. 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс халық бұқарасының жағдайын одан әрі нашарлатты. Еңбекшілердің наразылығы күшейе түсті. Бұдан шошынған алпауыттар американ империалистерінің көмегімен елде Т. К. Андиноның террорлық диктатурасын орнатты (1933-1949). Ол елдегі барлық демократиялық ұйымдарға тыйым салды. 2-дүние жүзілік соғыста фашистік Германияның талқандалуы Гондурас халқының азаттық күресінің жандануына (1944, 1947) себепкер болды. 1954 жылы майда Гондурас Компартиясының негізі қаланды. 1954-1956 жылдар елде мемлекеттік төңкерістер болды. 1957 жылы желтоқсандағы сайлауда либерал В.Моралес жеңіп шығып, ұлт экономикасын дамыту жөнінде кейбір шараларды жүзеге асырды. 1963 жылы қазанда мемлекеттік төңкеріс болып, өкімет билігін О.Лопес Арельяно бастаған әскери топ басып алды. Гондурастың экономикасы шетел империалистерінің шырмауында қалды.

1965 жылы 23 наурызда О.Лопес Арельяно «конституциялық президент» болып жарияланды. 1969 жылы 8 маусымда Компартия халықты Арельяноның диктатурасын құлатуға шақырды. 1966 жылы Арельяно өкіметі Орталық Америкадағы антикоммунизмнің дем берушілері жағына шықты. Тұрмыс жағдайын жақсарту, АҚШ монополиясын елден қуу жөнінде ереуілдер күшейді. 1967 жылы Гондурас пен Сальвадор арасында болған шекарадағы қақтығысқа байланысты жағдай шиеленісті. 1969 жылы демократиялық күштер президент О. Лопес Арельяноның конституциядан тыс екінші рет сайланамын деген әрекетіне қарсы бас көтерді. 1971 жылы либералдар партиясы мен консерваторлар партиясы өзара келісім жасап, елде екі партия қатар жұмыс істейтін болды. 1971 жылы маусымда консерватор Рамон Э. Крус президент болды.

Экономикасы. Гондурас - мешеу дамыған ел. Экономика салалары АҚШ капиталының қарамағында. Ұлттық өнім құнының 50%-ін ауыл шаруашылығындағы, 14%-ін өнеркәсіп береді. Ауыл шаруашылық негізінен АҚШ-тың «Юнайтед фрут компани» және «Стандард фрут энд стимшип компани» компанияларының қолында. Ауыл шаруашылық жері 4,2 млн. га. 1970 жылы жиналған ауыл шаруашылық өнімдері (мың т): банан 1350, кофе 33, жүгері 390, күріш 33. Бұлардан басқа мақта, қант қамысы, тары және лобия егіледі. Көбінесе етті мал өсіріледі. 1969-1970 жылдар мал саны (мың): ірі қара 1780, шошқа 980, қой 9, құс 6407. Гондурас өндіріс орындары 1968 жылы 191 кг алтын, 168 кг күміс, 6 мың от-ға жуық қорғасын, 10 мың от мырыш, 129 мың т цемент, 330 млн. квт-сағ электр энергиясын өндірді. Қалаларында азық-түлік, киім, аяқ киім шығаратын және металл, ағаш өңдейтін шағын кәсіпорындар жұмыс істейді. Целлюлоза-қағаз жасау комбинаты салынды (1971). Пуэрт-Кортес қаласында мұнай айыру з-ды бар. Жүк тасымалының дені (87%-і) автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Гондурас жерінен Панамерикан тас жолы өтеді. Темір жолы 1200 км. Басқа елдерге ауыл шаруашылық өнімдері (бастысы банан, кофе) мен ағаш өнімдері шығарылады, өзі азық-түлік, киім, машиналар т. б. сатып алады. Сыртқы саудадағы басты әріптестері - АҚШ, ГФР, Жапония. Ақшасы - лемпира.

Денсаулық сақтау ісі. 1968 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда, баланың тууы 43,7, адамның өлімі 9,3, тірі туған әрбір 1000 баладан өлгені - 41,7. Адам өмірінің орташа ұзақтығы еркектерде 41 жас, әйелдерде 44 жас. Елде амебиаз, дизентерия, бруцеллез, сіреспе, лептоспироз сияқты аурулар көп таралған. 1969 жылы 4,2 мың төсектік 39 аурухана болды. 1968 жылы 463 дәрігер, 182 медсестра және 1,2 мыңға жуық басқа медицина қызметкерлері болды. Дәрігерлерді Тегусигальпа университетінің медицина факультеті дайындайды.

Оқу-ағарту ісі. Оқу-ағарту жүйесінің бастапқы звеносы – 3-6 жастағы балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер. Олар, негізінен, жеке меншік иелерінің қарауында. 1965 жылы мекемелерде 4 мың бала тәрбиеленді, 7-15 жастағы балаларды міндетті түрде оқыту 1947 жылы белгіленген, бірақ ол толық жүзеге асырылмайды. 1961 жылы 15 жастан асқан тұрғын халықтың 55%-і сауатсыз болды. Гондураста мемлекеттік зиялылар мектебі және жеке меншік (негізінен католиктік) оқу орындары бар. Қалалардағы мемлекеттік бастауыш мектептердің оқу мерзімі 6 жыл, селолық мектептерде 3 жыл. 5 жылдық орта мектептің (лицейдің) 2 циклі (3 және 2 жыл) бар. Оның бірінші циклі жалпы білім береді, екінші циклдің гуманитарлық және ғылыми-жаратылыс тану бөлімдері бар. 1969-1970 оқу жылында мемлекеттік бастауыш мектептерде 392,7 мың оқушы, орта мектептерде 33,1 мың оқушы болды. Кәсіптік дайындықтар 3 және 5 жылдық ауыл шаруашылық техникалық және сауда мектептерінде жүргізіледі. Жоғары білім Тегусигальпадағы Ұлттық университетте (1847 жылы құрылған) беріледі. 1970-1971 оқу жылында онда 4 мың студент оқыды. Тегусигальпада Ұлттық кітапхана (1880 жылы құрылған, кітап қоры 55 мың том), Ұлттық музей бар.

Әдеб.: Народы Америки. -Т. 2. -М., 1959; Гонионский С.А. Очерки новейшей истории стран Латинской Америки. Пер. с исп. -М., 1960.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-01-30 17:07:06     Қаралды-3488

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »