UF

ФИДЖИ РЕСПУБЛИКАСЫ (Republic of Fiji) - Мұхит аралдарындағы мемлекет. Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігіндегі осы аттас аралдарда орналасқан. Британ Ынтымағы құрамында. Жері 18,3 мың км2. Халқы 884,8 мың (2017). Астанасы - Сува қаласы. Әкімшілік жағынан 4 округқа бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Фиджи - парламентарлық монархия. Мемлекеттік басшысы ағылшын королы болып есептеледі. Қазіргі конституциясы 1970 жылы қабылданған. Іс жүзінде мемлекет басшылығын ағылшын королы тағайындайтын генерал-губернатор атқарады. Заң шығаратын жоғары өкімет органы - екі палаталы парламент. Парламенттің төменгі уәкілдер палатасы (52 мүше) 5 жылға сайланса, жоғары палата-сенаттың 22 мүшесі 6 жылға тағайындалады. Сенат мүшелерінің 3 жылда бір рет жаңартылып отырады. 21 жасқа толған барлық азаматтарға сайлау правосы берілген. Мемлекеттік үкіметтің атқару органы - министрлер кабинеті, оның премьер-министрі бастаған құрамын генерал-губернатор тағайындайды. Жергілікті үкімет билігі провинциялық кеңес лен көсемдердің ұлы кеңесінің қолында.

Табиғаты. Фиджи архипелагы 300-ден астам аралдардан тұрады. Ірі аралдары - Вити-Леву, Вануа-Леву. Барлық аралдарының жағасы маржанды рифтермен қоржалған және қатты тілімделген. Ірі өзендері - Рева, Ваинимбука, Мба, Сингатока. Климаты тропиктік, мұхиттық, ылғалды. Жыл маусымдарында ауаның ауытқу мөлшері шамалы (орташа 3°С-қа жуық). Жылдық жауын-шашыны 1500-4000 мм. Жері көбіне қызыл топырақты болып келеді. Оңтүстік-шығыс жел жақ тау беткейінде ылғалды тропиктік орман өседі (сандал, тик ағашы, қылқан жапырақтылардан - подокарпус). Пальманың бірнеше түрлері (кокос, саго), нан ағашы, батат, каучук ағашы кездеседі. Құрғақ ық жақ беткейлерінде саванна басым.

Халқы. Фиджидің ірі этникалық тобы - үнділер, фиджиліктер, қалғандары - ротумалықтар, мұхиттықтар, қытайлар, ағылшындар, европалықтар. Ресми тілі - ағылшын тілі. Тұрғындарының жартысынан көбі - христиандар, қалғандары мұсылмандар. Ресми календары - григориандық. Еңбек ететін тұрғындары 148 мың (1970), оның 49%-і ауыл шаруашылығында істейді. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 30 адамнан (1974). Қала халқы 33%. Басты қалалары - Сува, Лаутока, Ламбаса, Наусори, Левука.

Тарихы. Тынық мұхиттың оңтүстігіндегі барлық аралдар сияқты, Фиджи жерін де өте ерте заманнан-ақ адам қоныстаған. Бірақ бұл аралдардағы адам қоғамы жайлы ғылымда айқын деректер жоқ. Сондықтан олардың көп мағлұматтары бұл жерлерді европалықтар игергеннен басталады. Осы сияқты Фиджи аралының да ежелгі тарихы верттелмеген. Оны европалықтар үшін голланд теңіз саяхатшысы А. Тасман (1643) мен ағылшын саяхатшысы Дж. Кук (1774) ашып берді. 1835 жылы аралға ағылшын миссионерлері келе бастады. Бұл тұста Фиджиде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастаған болатын. 1874 жылы Ұлыбритания Фиджиді өз отарына айналдырды. 19 ғасырдың аяқ шенінен бастап ағылшындар қант құрағы плантацияларында жұмыс істеу үшін Фиджиге Үндістаннан кісі тасыды. Аралда отарлық тәртіп 100 жылдай мызғымады. Тек 1970 жылы 10 қазанда Фиджиге тәуелсіздік берілді (Ұлыбритания бастаған ынтымақ шеңберінде). Сол жылдан бастап Фиджи - БҰҰ мүшесі.

1975 жылы қаңтарда премьер-министр Рату К. Мару Ұлыбритания мен «Ортақ рынок» елдеріне жыл сайын белгілі бір мөлшерде қант өткізіп тұру туралы келіссөздер жүргізді; Фиджи Европалық экономикалық одаққа «ассоциациялы мүше» болып қабылданды. Сол жылы қыркүйек-қазанда Фиджи өкілдері Оңтүстік Тынық мұхит комиссиясына енетін елдер мен территориялардың Науруда болған конференциясына қатысты. Тамызда Фиджи (Жаңа Зеландиямен бірге) БҰҰ Бас ассамблеясы Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігін «ядросыз аймақ» деп жариялауы туралы шешім қабылдауы жөнінде ұсыныс енгізді. Қарашада Фиджи ҚХР-мен дипломатиялық қатынас орнатты.

1974 жылы қаңтарда СССР мен Фиджи, ГДР мен Фиджи арасында дилломатиялық қатынас орнады.

Фиджидің билеуші партиясы - Одақ партиясы, 1966 жылы құрылған. Оппозициядағы партия - Ұлттық федерация партиясы.

Экономикасы. Фиджи - аграрлы ел. Экономикасы шетел капиталына тәуелді (негізінен Австралия капиталына). Жалпы ұлттық өнімнің 20%-і ауыл шаруашылығының, 13,7%-і өнеркәсіптің, 5%-і құрылыстың, 19,4%-і сауданың, 6,3%-і транспорттың, 35,6%-і т. б. салалардың үлесіне тиеді. Экономикалық дамудың 1976-1980 жылдар жоспары жүзеге асырылуда.

Ауылшаруашылығының негізі - егіншілік. Жартылай натуральды шаруашылықтармен (негізгі товарлы дақылы - кокос пальмасы) фиджиліктердің біріккен қауымдары айналысады. Ауыл шаруашылық товарлы өнімдерін (қант қамысын) қауымдық жерлерді арендаға алған үнді фермерлері (15 мың ферма, 1975) береді. Ел территориясының 11,5%-і ауыл шаруашылық жері, оның ішінде 8%-і егістік. Басты экспорттық дақылдары - қант қамысы (жөрі 44 мың га, өнімі 2,1 млн. т, өңделмеген қант 273 мың т, экспорты 25 мың т, 1974), кокос пальмасы (жаңғақтың өнімі 273 мың т, копра 30 мың т, экспорты 1,1 мың т, кокос майы 14 мың т), банан (жері 4 мың га, өнімі 4 мың т), какао, ананас. Өз қажеттері үшін күріш, жүгері, қонақ жүгері, тары, маниок, батат, ямс егіледі. 1974 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 165, жылқы 33, ешкі 57, шошқа 30. Кәсіптік балық аулау шаруашылығы құрылуда.

Өнеркәсібі негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін алғашқы өңдеу өндірісіне негізделген. Қант, май з-дтары, күріш тазалау, ет, жеміс шырындарын және консерв өндіру, шай, темекі ф-калары, тақтай тілу, цемент з-дтары бар. 1974 жылы 442 млн. дана сигарет, 84 мың т цемент, 3,1 мың т ет, 0,9 мың т сары май шығарылды. 2,1 т алтын, 840 кг марганең рудасы өндірілді (1974).

Транспорты. Автомобиль жолының ұзындығы 2,3 мың км, оның ішінде асфальтталғаны 277 км, темір жолының ұзындығы (тар табанды) 644 км (1972). Теңіз порттарының жүк айналымы 1,2 млн. т (1973). Басты порттары - Сува, Лаутока, Левука. 1974 жылғы экспорты 123,7 млн., импорты 219,3 млн. фиджи доллары болды. Шетке қант, кокос майы және копра шығарады. Өздеріне азық-түлік, отын, машина және жабдықтар, басқа өнеркәсіл бұйымдарын әкеледі. Негізгі сыртқы сауда серіктестері: Австралия (экспортының 11,4%-і, импортының 30,3%-і), Жаңа Зеландия (6,3% және 11,2%), Ұлыбритания (38,3% және 9,9%), Жапония (1,7% және 17,9%), АҚШ (31,5% және 4,5%). Туризм дамыған. 1974 жылы 181 мың шетел туристері келеді.

Ақша өлшемі - фиджи доллары. 100 фиджи доллары - 126,4 АҚШ долларына тең (1977 жыл маусым).

Әдеб.: Советская историческая энциклопедия. -Т.15. -М., 1974. -С.73; Ежегодник, выпуск девятнадцатый. -М., 1976. -С.418; Ежегодник, выпуск двадцатый. -М., 1976. -С.407-408; Страны мира. Краткий политико-экономический справочник. -М., 1971. -С. 466.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-01-30 16:22:27     Қаралды-1235

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »