UF

ЭЛЛИНДІК МӘДЕНИЕТ - ұғым ретінде екі түрлі мөні бар: хронологиялық жағынан - эллинизм заманының мәдениеті, типологиялық жағынан - грек (эллиндік) және жергілікті элементтердің бір-біріне өзара ықпал жасауы нәтижесінде пайда болған мәдениет. Эллиндік мәдениет  эллинизм дүниесінің барлық жерінде бір текті болған емес. Әр аймақта ол мәдениеттің жергілікті, неғұрлым тұрақты дәстүрлі элементтерінің, шапқыншылар мен қоныстанушылар - гректер мен грек емес халықтар әкелген мәдениеттің бір-біріне өзара ықпал жасауы нәтижесінде қалыптасты.

Материалдық мәдениет саласында грек және жергілікті элементтер ең алдымен егіншілік пен қол өнерінде тәжірибе және өндірістік жетістіктер алмасу арқылы бір-біріне өзара ықпал етті. Греция мен Кіші Азиядан келіп қоныстанушылар Сирия мен Египетке зәйтүн ағаштары мен жүзім өсіру тәжірибесін әкелді, ал олар, өз кезегінде, жергілікті халықтардан хұрма пальмаларын отырғызу әдісін үйренді. Файюмдағы (Египет) халық қойдың милеттік тұқымын жерсіндіргісі келгені папирус жазуларында айтылады. Грек архитекторларының басшылыгымен Египетте негізінен жергілікті тұрғындар жүргізген кең көлемдегі суландыру жұмыстарынан екі жақтың да тәжірибесі ұштастырылғанын көруге болады. Египетте қолданылған суландыру тетіктерінің бірін жетілдіру Архимед есімімен (Архимед винті) байланысты.

Қол өнерінде жергілікті және келімсек адамдардың техникасы мен іскерлігін ұштастыру және олар өндірген өнімнің тоқтаусыз өтуі қол өнері өндірісінің жаңа түрлерін туғызған бірсыпыра маңызды өнертабысқа жеткізді, қол өнершілерді неғұрлым жеке салаға мамандандыруға, бірқатар бұйымдарды жаппай шығаруға мүмкіндік берді. Металлургияда, мыс., қола бұйымдарды құю үшін алмалы-салмалы жеке формалар қолданыла бастады, соның арқасында оларды көптеп шығаруға мүмкіндік туды. Гректердің Египет пен Алдыңғы Азияда қолданылған неғұрлым жетілдірілген тоқу станогын меңгеруі нәтижесінде өрнекті (Александрияда) және алтынмен апталған маталар тоқитын (Пергамда) шеберханалар салынды. Египетте папирусты, Пергамда пергаментті жаппай даярлау жолға қойылды. Шыны- өйнек бұйымдары өндірісінде әйнекті мозаикалық, екі түсті етіп, әшекейлеп және алтындап жасау тәсілдері ашылды.

Эллинизм кезеңінде кеме жасау техникасы мен теңізде жүзу, соғыс техникасы мен қала салу өнері өріс алды.

Родос, Александрия, Афины, Коринф верфтерінде т.б. порттарда триер, нентер сатумен қатар көп қатарлы (13, 16, 20, 30), жүрдек соғыс кемелері жасалды. Сауда флотының жүк сыйымдылығы, жүрдектігі артты, гаваньдар көркейтілді, маяктар салынды. Соғыс кезінде қоршау және қорғану техникасы дамыды. Соғыс қарулары жетілдірілді, олардың қуаты артты, түрлері көбейтілді. Құрылыс шеберлігі артып, архитектура дамыды. Жаңа қалалар жоспарлау принципі негізінде салынды; оларда түзу көшелер, алаңдар, тұрғын үйлер мен қоғам үйлерін, гибадатханалар, театрлар, стадиондар, сауда орындарын, су құбырларын салу белгіленді. Қала сырты қорғаныс қабырғаларымен қоршалды. Б.з.б. 3-2 ғасырларда мозаикамен, жазулармен, скульптуралармен безендірілген аса бай жеке меншік үйлер, кедейлер үшін бірнеше қабат уйлер тұрғызылды (Тирде, Арадта, Александрияда, Делоста т.б. қалаларда). Эллиндік полистердің архитектурасы грек дәстүрлерін жалғастырды, бірақ ғибадатханалар салумен қатар театр, гимнаси, булевтери, сарай құрылыстарына зор көңіл бөлінетін болды.

Евклидтің «Элементтері» «Негіздері», 300 ж. ш. атты еңбегін ежелгі дүниедегі математикалық білімдердің синтезі деп есептеуге болады. Онда баяндалған постулаттар мен аксиомалар және дәлелдеудің дедуктивтік әдісі ғасырлар бойы геометрия оқулықтары үшін негіз болды. Аполлоний Пергскийдің (3 ғ.) конустық сызықтар туралы еңбегі тригонометрияның бастамасы болды. Гидростатиканың негізгі заңдарының бірін, математиканың, механика мен техникалық өнертабыстардың бірсыпыра маңызды қағидаларын ашу Архимед (3 ғ.) есімімен байланысты болды.

Вавилонияда астрономиялық құбылыстарды зерттеу орталықтары және вавилон ғалымдары Кидиннаның, Судиннің т. б. (4-3 ғасырлар) еңбектері аллиндік кезеңде астрономияның дамуына зор әсер етті. Аристарх Самосский (310-230) жер мен планеталар айналымы орбита бойынша күнді айналып ұшады деген болжам ұсынды.

Александр Македонский жорықтары гректердің географиялық түсі иігін едәуір кеңейтті. 300 ж. ш. Диклерх дүние жүзінің картасын жасап, Грецияның көптеген тауының биіктігін есептеп шығарды. Гиппарх кеңдік және ендік ұғымын енгізді. Киренадан шыққан Эратосфен (3 ғ.) Жердің шар тәріздестігі туралы ұғым негізінде оның шеңбер ұзындығы 252 000 стадий, (39 700 км) екенін біршама дәл есептеп шығарды. Ол теңіздердің бәрі жиналып бір тұтас мұқит болып құралады және Африканы айнала жүзу немесе Испаниядан Батысқа қарай жүзу арқылы Үндістанға жетуге болады деп пайымдады. Оның болжамын Апамеядан шыққан Посидоний (135 ж. ш. -51 ж. ш.) қолдады. Посидоний сондай-ақ вулкан және метеорологиялық құбылыстарын зерттеп, жердің бес климаттық белдеуден тұратыны туралы концепция ұсынды. Страбон б. з. б. 7 ғасыр шамасында 17 кітаптан тұратын «География» атты еңбегін жазып бітірді.

Теофрастың «Өсімдіктер туралы зерттеулерінде» (4-3 ғасырлар) ботаника саласында жинақталған білім бір жүйеге келтірілді. Мұнан кейінгі еңбектерде дәрілік өсімдіктерді зерттеуде елеулі қосымшалар енгізді, бұл медицинаның дамуына байланысты болды.

Өз алдына мемлекет болған қалалардағы азаматтық коллективтің дүниеге көзқарасын бейнелеген Платон мен Аристотель мектебі полистің саяси маңызы төмен құлдыраған соң, өзінің бұрыңғы жетекшілік ролінен айрылды. Оның орнына киниктер мен уайымшылдар ағымдарының ықпалы күшейді. Дегенмен эллиндік дүниеде 4-шөне 3 ғасырларда жаңа заманның дүниеге көзқарасына негізделген стоиктер мен Эпикур ілімі басым болды. Эпикур философиясында Демокриттің материализмін дамытуда ілгері қадам жасалды. Стоиктер жеке адамға және этикалық проблемаларға баса назар аударды, ал онтология мәселесін олар 2-орынға қойды. Уайымшылдар айнала қоршаған шындықты білуден, өмір алға қойған мәселелерді шешуден бас тартуға шақырды. Киниктер өз заманындағы тәртіптің жөнсіз екенін дәлелдеп, кедейлікті мадақтады.

Егер эллиндік философия қоғамның дәрежелі, әбдеп эллинденген тобы творчествосының нәтижесін және онда шығыс элементтерінің ықпалын байқау қиын болса, эллиндік дін мен мифологияны бүкіл халық жасады және синкретизм оның неғұрлым айрықша сипаты болды, ал онда шығыс мұрасы орасан зор роль атқарды. Грек пантеондарының құдайлары ежелгі шығыс тәңірлерімен бара-бар саналды, жаңа сипат алды.

Негізінеп тарихшылардың шығармалары бойынша эллиндік қоғамның саяси көзқарастарында да едәуір өзгерістер болғанын байқауға болады. Тарихи шығармаларда тарихтағы аса көрнекті адамдар тағдырының ролі туралы мәселелер де, демократияның аристократия мен монархияның араласуынан туатын мемлекеттің жоғары мұратты формасы туралы, жеке елдер тарихының бүкіл дүние жүзілік тарихқа ұласатыны туралы мәселелер т. б. талқыланды. Каллисфен (4 ғасырдың аяғы) мен Клитарх Александрийский (280-270) Александр Македонскийдің тарихын, Тавромениядан шыққан Тимей Жерорта теңізінің батыс аймақтарындағы гректердің тарихын (264 жылдан кейін бірден), Филарх (Афинский) 280 жылдан 219 жылға дейінгі Грецияның тарихын жазды. Птолемей I Александр Македонскийдің жорықтары тарихын (301 жылдан кейін) тарихнама Сагытында баяндады. 220 жылдан 146 жылға дейінгі дүние жүзілік тарихтың авторы Полибий 2 ғасырдағы аса көрнекті тарихшы болды. Апамеядан шыққан Посидоний, Николай Дамасский, Агатархид Книдский, Диодор Сицилийский Полибийден кейін іле-шала 1 ғасырда дүние жүзі тарихын жазды. Жеке елдердің тарихы да жазыла берді.

Көркем әдебиетке тән образдар, тақырыптар мен көңіл күйі бейнелеу өнерінде де орын алды. Алаңдарға, ғибадатханаларга, қоғамдық құрылыс орындарына арналған монументті скульптура дами түсті. Мифологиялық сюжеттер, зор аумақтылық, композицияның күрделілігі мен драматизм оларға тән қасиет болды.

Әдеб.: Маркс К. Из подготовительных работ по истории эпикурейской, стоической и скептической философии. Маркс К. и Энгельс Ф. -Соч., т. 1; Эллинистическая техника. со. Ст. под ред. И.И.Толстого. М.-Л., 1948; История греческой литературы, под ред. С.И.Соболевского. т. 3. -М., 1960; Асмус В. Ф. История античной философии. –М., 1965; Блаватский В.Д. Культура әллинизма. «Советская археология», -т.1. –М., 1955; Вощинина А. И. Античное исскуство. –М., 1962; Зелинский Ф. Ф. Религия әллинизма. –П., 1922; Конрад Н.И. Полибий и Сыма-Цянь. Вестник древней истории. 1965. № 4.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-12-20 15:51:10     Қаралды-3264

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »