UF

Халқының қамы үшін жанын аямай қызмет еткен жандар қаншама. Бірақ, олардың көпшілігін кейінгі ұрпақ біле бермейді. Ал олардың қаламынан төгілген не-не асыл сөздері шаң басып архивтерде жатыр. Сондай азаматтардың бірі - Қошмұхамед Кеменгеров. Ол өзінің жазған шығармаларын Көшкеше деген есіммен шығарып барған. Оның туылған жері - Павлодар уәлаятының Баян-ауыл ауданы. 1896 жылы дәулеті жетерлік, мұсылманшылықты берік ұстаған Дүйсебай қажының отбасында дүниеге келеді. Ер жеткенге дейін Омбының ауылшаруашылық мектебінде одан кейін дәрігерлік институтында оқуын жалғастырады. Сондай-ақ Ташкенттегі Орта Азия университетінде және оның аспирантурасында білімін ары қарай жалғастырады. Көкше еңбек жолын 1920 жылы Қызылжардағы мұғалімдер дайындайтын курста биология мен химиядан сабақ беруден бастайды. Ал Ташкенттегі Орта Азия университетінде және әскери училищелерде қазақ тілінен дәрістер беріп, ісін ұштай түседі.

Оның туындылары 1918 жылы «Жас азамат»үнқағазы мен 1924 жылы «Сана» айнамасында жауапты шығарушы болып жүргенде шыға бастайды. Ал 1925 жылы «Ақжол» үнқағазында қызмет істеп, көптеген келелі жұмыстар атқарады. Тұңғыш өлеңі 1915 жылы «Айқап» айнамасында басылуы оның жоғарыда аты аталған үнқағазбен айнамаларда істеуіне, олардың тартымды шығуына ат салысуына күш-қуат болады. Сондай-ақ қағаз беттерінде оның шырқыратып айтқан ащы шындықтары орын тебеді. Жақыным да жетім демей бетіне баттитып айтатын жандардың бірі болады. Турасын айтып, туғанына жақпаған Қошке 1930 жылы ұсталып Алматы абақтысына жабылады. Қамауда отырсада шығармашылық еңбегін тоқтатпайды. Абақтыдағы аштық пен ауыр халді ол бір өлеңінде былай деп, ашына жырлайды.

Камалдым өткелі жок, терең жарға,

Әділдік таба алмадым, амал бар ма?

Осыдан олай-булай болып кетсем, - Жеткізер кім сәлемімді жолдастарға, - деп, мұңға батады. Осы төрт қатар өлеңнің өзінен жұлдыздай болып жарқ еткен асыл ердің қыршын кеткеніне қандай адам болсын қатты күйінеді. Оның жан азабы мен мұңды зары көз алдыңа елестейді.

Жазушының зайыбы Гүлсім Көкшенің адамгершілігін жоғары бағалай білген ана болған. Оны Көкше де жанындай жақсы көрген. 1932 жылы Украина жерінде айдауда жүргенде, елін, жерін, халқын, сүйген жарын, балашағасын, туған-туысқандарын сағынып хат жазады.

Жаздым сәлем сендерге,

Тілегі бір жандарға.

Гүлсім менен үш ботам,

Бір жылша қонақ ортаққа,-

деп, жүрегінен жарып шыққан сөздерін жолдайды. Бірақ, Көкшені тек 1935 жылы ғана босатады. Қайтып оралған соң, халқының денсаулығын ойлап, шипагер болып істейді. Оның қолынан Шарбақкөл маңайының адамдары шипа табады. Адамгершілігі мол, жаны жайсаң, қарапайым мінезді Көкше келген соң ауруларды жылы ісімен де бауырына баурап, еміне ем қосатын қасиеттілігімен абыройға ие бола береді.

Амал қанша, 1937 жылы тажалдың қара бұлты төніп, есіл азаматты тағы да түрме есігіне сүйрейді. Қазақтың бетке тұтар біртуар қыршындарының арасында жас жаны ажалынан үш күн бұрын қиылып кете барады.

Ол қаншама азапта жүрсе де қажымай келешекке сенеді. Кейінгі жастарды сабырлылық пен қайратқа, төзімділік пен қуанышқа шақырады. Оны төмендегі өлең жолдарынан байқаса да болады.

Ойласам адам-қайық, тұрмыс-теңіз,

Тұрғанда бақыт құсы көңіл семіз.

Кажыма, қайратқа сал, сабырлық қыл,

Қуаныш, реңішпен екеуі егіз.

Көкшенің нағыз шығармашылық кезеңі жиырмасыншы жыл десе болады. Отызыншы жылдары отбасына түскен ойран оған көп мұрша бермейді. Әйтсе де тиіп-қашып жазып жүреді. Жазықсыз жазаға, қайғылы қасіретке ұшыраған абзал азамат ойындағысын жүзеге асыру жолдарын арман етіп, түрмелерде түңіледі. Бойына қайрат жинаған ол кейінгілерге өсиет қалдыруды ойлап, аз да болса, саз қылып қағаз бетіне өлең жолдарын түсіреді. Оған да мүмкіндік бермеген қанішерлер, оның өлең жазуға да мұршасын келтірмейді, Жабылған жаланың жарасына ұшыраған ол былай деп, іштегі дертті сыртқа шығарады.

Жазығым жоқ инедей,

Неден жала жабылған?

Осы екі қатар өлеңі арқылы ол тек өз басының ғана емес, бүкіл қазақтың қаймағының аппақ сүт бетінен сытылғанын айтып тұрғандай. Басқалар сияқты оның да бар жазығы-шындықты жүзеге шығару, тамаша талантын халқына бағыштау, білімін кейінгілерге жеткізу ғана еді. Өз халқын отаршылық азабынан құтқару ең басты арманы еді.

Көкше өмірден ерте кетсе де, артында өшпес із қалдырған жан. Ол халқына жан-жақты саланы қамтитын мол мұра қалдырды. Оның өлеңдері мен көркем әңгімелері мен мақалалары, очерктері, рецензиялары мен аудармалары т.б. еңбектері 1920-30 жылдар аралығындағы үнқағаз бен айнамаларда жарияланып тұрды. 1919 жылы «Бостандық жемісі», 1920 жылы «Қасқырлар мен қойлар», 1925 жылы «Алтын сақина», 1926 жылы «Парашылар», 1927 жылы Ескі оқу», 1930 жылы «Күнәсіз күйгендер» деген драмалық шығармалары жарық көріп, оның кейбіреулері сол кезде-ақ үйірмелерде қойылады.

Тіл біліміне, тарихқа байланысты еңбектері жарық көреді. Атап айтқанда: «Қазақша-орысша тілмаш (1925 ж.), «Қазақ тарихынан» (1924 ж.), «Жалпы европалықтар үшін оқу құралы» (1-2 кітап, 1928-1929 ж.), «Бұрыңғы езілген ұлттар» (1925 ж.). Көкше аудармаға да көңіл болген. А.С.Пушкиннің «Пайғамбар» деген өлеңін аударады. Ондағы негізгі мақсаты - А.С.Пушкинді  қазақ арасына кеңінен тарату. Оның өлеңдері заманына лайық болып, халық арасына кіріп барған. Оны оқыған көпшілік өлең мазмунынан нәр алған. Әсіресе, әйел тендігіне арналған өлеңдер ана жүрегінен орын тауып отырады. Әйелдерді еркектрден кем туту әдет болып тұрғанда, Көкшенің шындықты айтпасқа амалы қалмайды. Қалың малдың кесірінен өз сүйгеніне қосыла алмай, арманда кіңкен қазақ қыздарының жарымжан жүректерін жырлайды. Ана қадірін биік тутқан ол әйелдердің ауыр тұрмысын «Әйел теңдігін», «Жетім қыз» деген шығармаларында көрсете білді.

«Дурия» (1927ж.), «Назиха» (1928ж.) деген әңгімелерінде бас еркіндігі үшін күрескен қыздардың тағдырын суреттейді.

Жиырмасыншы жылдардағы жазушыларымызбен ақындарымыздың негізгі тақырыптары әйел теңдігі, жетім тағдыры, азамат азаттығы болса, Көкше де сол тақырыптарға белсене атсалысады. Ол өзінің «Жетім қыз» деген әңгімесінде жетім қыздың ауыр жағдайын суреттейді. Жетімдерге қашанда қол ушын берудің өте қажет екенін тебірене жеткізеді. Өмірі өксікпен өткен жетімдер жайлы басқа да әңгімелерінде жаны ашыған күйде күңіреніп жазады.

Ғасырымыздың басындағы ақын-жазушыларымыз драматургияға көп көңіл бөлген. Себебі сол кезеңде өте қажет еді. Жер-жерлерде жазушылардың өздері басқарып, түрлі тақырыпқа пьесалар қойған. Өздері және сол кездегі халық арасында қызмет етіп жүргенде рольдерде ойнаған. Мәселен, 1920 жылы Қызылжарда қойылған парақорлық жайлы жазылған «Қасқырлар мен қойлар» пьесасында Сәбит Мұқановтың, 1923 жылы Орынборда қойылған «Алтын сақина» пьесасында белгілі актер Қапан Бадыровтың ойнағандары елең еткізбе қоймайды. Тіпті, 1920 жылы Көкше Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасын талапкерлердің қатысуымен көпшілікке сахнада көрсетеді.

Көкше қазақ тілінің таза болуы үшін де көп еңбек еткен. Ол орыс тілін де, қазақ тілін де бірдей білген. Сондай-ақ, ағылшын, араб, неміс, парсы т.б. тілдерін де меңгерген. Бұл жайлы Көкшенің зайыбы Гүлсім мен қызы Зайра өздерінің естеліктерінде жазған. Көкше өз тілін құрметтеумен бірге шет тілдерін де сүйіп үйрену мәселесін айтқан. Сөзді бұрмалап сөйлеушілерге де төзбеген. Өз тілін таза білмегендерге насихат бере отырып, шалалықтан арылу жолдарын көрсеткен. Өз тілінде таза сөйлеушілердің бәрін жанындай жақсы көрген. Былапыт сөздерді араластырып сөйлеушілерді өлгенше жек көрген.

Көкше қазақтың ұлы перзенттерін пір тұтқан. Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты ардақты азаматтарын қашанда халық арасында дәріптеп жүрген. Олар жайлы «Қазақ тарихынан» (1924ж.) кітабында ерекше тоқталған. Абайды қараламақшы болған- соққы берген. Абайдың өлеңдерін талдап жатқан шындық екенін дәлелдегі отырған. Бұл еңбекті оқып отырсаңыз, қазақ тарихын жазған тұңғыш зерттеу кітабы екеніне көзіңіз жетеді.

Көкше Кемеңгеров ауыл еңбекшілері мен шаруалар мәселесін де сөз етеді. Кедейлердің сауатын ашып, әлеуметтік жұмысқа араластыруды жөн деп табады. Солар араласқанда ғана халық тұрмысының жақсаратынына көз жеткізеді. Себебі, ауыл кедейлері өмірдің ащы-тұщысын жақсы біледі деген тиянақты тұжырым айтады. Қулар мен сұмдар ауыл кедейлерінен шыға бермейтініне де дәлелдер келтіреді. Қалада жүріп әрбәлені көріп-біліп қалған жылпостардан парақор, сұмдардың шығатынына күмән келтірмейді.

Көкше рушылдықты да әшкерелейді. Дерт болып жабысқан қазаққа тек азап беріп жатқанын айта келіп, одан құтылу жолдарын іздестіреді. Абайдың ойын жалғастыруды мақұл деп табады. Рушылдықтың қазақты қашанда артқа тартқанын халқымыз біліп келеді. Біреу атқа мінсе, оның атына жабысатындар негізінен сол рудың «жақсы» азаматтары екен белгілі.

Кокше Абаймен бірге Шоқанның, Ыбырайдың да еңбек ету, ізденулерін жалғастырған ғалым. Әдебиет саласында да жинаған тергендері жазғандары баршылық. Оның «Еңбекші қазақ» үнқағазында 1926 жылы шыққан «Көркем әдебиет туралы» мақаласы қазіргі әдебиетімізге тигізер себі бар екені белгілі. Ол ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинап, баспалардан шығарып тұрды.

Көкше Кемеңгеровтың кім екені жоғарыда айтылған дәлелдерден айқындалып тұр. Ол-ақын, жазушы, драматург, педагог, ғалым, еңбекші халқын сүйген нағыз асыл адам. Оның еңбектері қазақ халқының ғана емес, түркі тектес халықтардың мәдениеті мен әдебиетіне үлгілі үлес қосары күмән келтірмейді. Тек оның құнды қазынасын ерінбей зерттей беруіміз қажет.

Көкшенің артында қалған: «Үш ботасы» әке жолын жалғастырып халқына адал еңбек етіп келеді. Зайрасы да, Нартайы да, Сәулежаны да бір-бір маман иелері. Ал, Ризабек, Гүлнар т.б. немерелері білім жолында тер төгіп, жаңалық үшін күресіп жүрген жандар.

Қошмұхаммед Кемеңгеров Шоқан ағасындаи жарқ етіп аққан жұлдыздай өте шыққан Көкше сияқты елін естен шығармас ер-азаматының ізінде ұрпақтары, бауырлары, қандастары оның армандарын бұлжытпай жүзеге шығарады.

Әдеб.: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.18-25.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-12-03 14:07:39     Қаралды-2327

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »