UF

ҚЫТАЙ, Қытай Халық Республикасы, ҚХР (қыт. Чжунхуа жэньминь гунхэго) - халқының саны мен жерінің көлемі жағынан дүние жүзіндегі аса ірі мемлекеттердің бірі. Орталық және Шығыс Азияда орналасқан. Шығысын Тынық мұхиттың Сары теңізі, Шығыс Қытай және Оңтүстік Қытай теңіздері қоршап жатыр. Жағалауында көптеген аралдар бар, олардың ең ірілері - Тайвань және Хайнань. Солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Қазақстанмен), МХР-мен, батысында және оңтүстігінде Ауғанстанмен, Үндістанмен, Непалмен, Сиккаммен, Бутанмен, Бирмамен, Лаоспен және ВДР-мен, солтүстік-шығысында КХДР-мен шектеседі. Жері 9,6 млн.км2. Халқы БҰҰ мәліметтері бойынша 787 млн. (қытай әмигранттарын қоспағанда). Астанасы - Пекин қ.

Қытай әкімшілік жағынан 22 провинцияға (гоминьданшылардың қол астындағы Тайваньды қоса есептегенде), 5 автономиалық ауданға және орталыққа бағына тын 3 қалаға бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. 1954 жылы қабылданған конституция ҚХР «халықтық демократия мемлекеті» деп жариялады. Конституция бойынша барлық өкімет билігі халыққа, Бүкіл қытайлық халық өкілдерінің жиналысына (БХӨЖ), жергілікті жерде халық өкілдерінің жиналыстарына (ХӨЖ) берілген. Заң бойынша БХӨЖ көп сатылы сайлау арқылы құрылады. Әрбір шақырылуының 1 сессиясында ол Тұрақты комитет сайлайды. Тұрақты комитет БХӨЖ-дің жыл сайынғы сессиялары арасында оның көптеген функцияларын атқарады. Конституция бойынша БХӨЖ - Қытайдың бірден-бір заң шығарушы органы. Бірақ 1955 жылы БХӨЖндің Тұрақты комитетіне кейбір заңдар шығару (1959 жылдан бастап толық көлемде заң шығару) жөнінде право береді. БХӨЖ Тұрақты комитетпен бірге мемлекеттік басшысы қызметін атқаратын ҚХР председателін сайлайды. ҚХР председателі қарулы күштерді басқарады, жоғары кеңесші орган - Жоғарғы мемлекеттік кеңесті шақырады, мемлекеттік қорғаныс комитетінің председателі де сол; Үкіметті - ҚХР Мемлекеттік советін атқарушы орган және жоғары мемлекеттік әкімшілік орган есебінде БХӨЖ тағайындайды. Мемлекет советке премьер, оның орынбасарлары, министрлер және мемлекет комитеттердің председательдері кіреді. 1964 жылдан бері БХӨЖ шақырылмағандықтан, барлық өкімет билігі іс жүзінде үкімет қолында. Жергілікті барлық әкімшілік аймақтарда ХӨЖ кеп сатылы немесе төте сайлау жолымен сайланып қойылады, олар өздерінің атқарушы органдары - халық комитеттерін сайлайды. 1954 жылғы конституция аз ұлттар көп шоғырланған аудандардың бәріне автономия берілетінін жариялады. Автономиялы аудандарда, округтар мен уездерде өздерін-өздері билеу ұйымдары органдары, олардың компетенциялары белгіленді. Болыстық буындардағы өкілдік органдар және халық комитеттері 1958 жылы «Халық коммуналары» құрылуына байланысты іс жүзінде таратылды.

60 жылдардың басында БХӨЖ және басқа өкілдік органдар қызметі таза формальды сипат алды. ҚХР мемлекеттік органдардың барлық жүйесі тұтас алғанда елеулі өзгеріске ұшырады. 60 жылдардың 2-жартысында («мәдени революция» кезінде» ХӨЖ және халық комитеттері таратылып жіберілді. Жергілікті жерде өкімет билігі «ревком» дейтін органдардың қолына көшті. «Ревкомдар» сайланбады, олардың құрамы митингілерде жарияланды. Бұл органдарда әскер шешуші роль атқарады. «Мәдени революция» кезінде конституциялық орталық органдардың жұмысы тоқтап қалды, ҚХР председателі Лю Шао-ци 1968 жылы заңсыз орнынан алынды. Конституция бойынша орнатылған сот және прокуратура органдары осы кезде таратылып, қоғамдық қауіпсіздік органдарымен қосылды. Осылай ұйымдастырылған органдар «контрреволюцияны түптамырымен құрту жөніндегі комиссиялар» немесе тиісті «ревкомдар» жанындағы «диктатура бөлімдері» деп аталады. 70 жылдардың басында бұл тәртіпке елеулі өзгерістер енгізіле қойған жоқ.

Табиғаты. Қытай негізінен қоңыржай және субтропиктік климат белдеулерінде орналасқан, қиыр оңтүстігі ғана тропиктік белдеуде жатыр. Елдің шығыс бөлігін теңіз жағалауындағы ойпаттар, аласа және биіктігі орташа таулар алып жатыр; мұнда муссондық климат. Батыс бөлігіне биік таулы қыраттар мен ірі жоталар, аумақты үстірттер мен тау аралық ояңдар орналасқан, мұнда континенттік құрғақ климат. Елдің материктік бөлігінің жағалауы 15 мың км-ге дейін созылады. Шығыс Қытай және Оңтүстік Қытай теңіздерінің жағалауында көптеген шағын шығанақтар мен қойнаулар бар, олар өте қолайлы гавань саналады. Сары теңіздің жағалауы көбінесе қойнаулары аз, ойпатты келеді. Шаньдун және Ляодун түбектерінің жағалаулары қатты тілімделген.

Рельефі жағынан жері үстіртті, биіктік амплитудасы едәуір, орографиясы күрделі келеді және 3 аймаққа бөлінеді. Тибет таулы қыраты елдің оңтүстік-батысында, Қытайдың ең биік бөлігі (орташа биіктігі 4 мың м, жеке шыңдарының биіктігі 6-7 мың м). Ол Джангтанг жазықтарын, Орталық Тибет таулы үстіртін, сондай-ақ бірқатар ішкі жоталарды (Гандисышань, Тангла т. б.), шеткі ірі тау жүйелерін (Куньлуньді, Син-Тибет тауларын, Гималайды, Қарақорымды) қамтиды. Гималай мен Қарақорым тау жүйелері Қытай жері шегінен асады. Куньлуньнің сыртқы беткейлері тік, ал Тибет таулы қыратына қараған ішкі беткейлері көлбеу болып келеді. Куньлуньнің солтүстік бөлігімен қатарласа Алтынтағ жотасы Созылып жатыр, ол шығысқа қарай Наньшань тау жүйесіне ұласады. Куньлунь, Алтынтағ, Нань- шань, аралығында үлкен тектоникалық қазан шұңқыр бар. Орталық Азия жазықтары мен таулы үстірттер белдеуі (биіктігі 1200 м шамасында) Қашғар және Шоңғар жазықтарын қамтиды; бұлар бір-бірінен Шығыс Тянь-Шань жоталарымен бөлінген. Шығыс Қытайдың ойпатты жазықтары негізінен Сары теңіз жағалауын қамтиды. Бұлардың ішіндегі ең солтүстіктегілері -  Саньцзян мен Солтүстік Ханкай ойпаттары, оларға Сунляо және Ұлы Қытай жазықтары жалғасады. Ұлы Қытай жазықтығы оңтүстігіндегі Янцзы өзенінің төменгі және орта ағысы бойындағы жазық өңірге ұласады.

Геологиялық құрылымы жағынан Қытай жерінің көпшілік бөлігін ерте заманғы платформалар Оңтүстік Қытай, Қытай-Корей платформалары және бір кезде (протерозойда) платформалармен тұтас жатқан Тарим және Тибет массивтері алып жатыр. Қытай-Корей платформасы шегінде гнейстерден, тақта тастардан, кварциттерден құралған фундамент жер бетіне шығып жатады. Платформалардың шөгінді қабығы жоғары протерозойдың, төменгі, орталық және ішінара жоғары палеозойдың теңіз шөгінділерінен, жоғары палеозойдың, мезозойдың, кайнозойдың континенттік шөгінділерінен түзілген. Кунь-лунь, Циньлин, Наныпань тау жүйелері каледон және герцин қатпарлану көзеңдерінде, Тянь-Шань, Ішкі Монғолия т. б. тау жүйелері жоғары палеозойлық, Янцзы, Меконг және Салуин өзендерінің жоғары ағысы және Хайнань мен Тайвань аралдарындағы биік таулы аймақтар, Гандисышань, Гималай жоталары мезозойлық, кайнозойлық қатпарлану кезеңдерінде пайда болған. Қытай пайдалы қазындыларға бай. Тас көмір және жанатын тақта тас (Ляонин провинциясындағы Фушунь, Бэньси, Шаньсидағы Датун, Аньхойдағы Хуайнань кендері), мұнай (Ганьсудағы Юймынь, Цайдам қазан шұңқырында, Шынжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Қарамай кендері, Тайвань аралында), темір рудасы (Ляонин провинциясында, Ішкі Монғолия автономиялық ауданында, Хэбэй, Цзянсу және Хубэй провинцияларында), боксит (Шаньдун провинциясында), марганец рудасы, қалайы, вольфрам, сынап, мыс және полиметалл рудалары (негізінен Оңтүстік-Шығыс Қытайда), алтын (Амур алабында және елдің батыс бөлігінде), тас тұз (Сычуань провинциясында) т. б. кездеседі.

Шығыс Қытай климатының қалыптасуына атмосфераның муссондық циркуляциясы, қыста Азияның ішкі аймақтарынан келетін суық ауаның, жазда мұхиттық ауа массаларының (жазғымуссон) әсері күшті. Шығыс Қытай климатының ерекшелігі: ауаның температурасы онша жоғары емес, бірақ оның маусымдық ауытқуы едәуір. Қаңтардың орташа температурасы Харбинде - 20,4°С, Пекинде - 4,6°С, шілдеде 23°С, 26°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін. Батысқа және солтүстік-батысқа (әсіресе Үлкен Хинган және Тайханшань жоталарынан батысқа қарай) климаттың континенттігі арта түседі; жазы ыстық (Тұрфан ойпатында орташа температура шілдеде 34°С), қысы суық (қаңтардың орташа температурасы Солтүстік Қытайдағы Хайларда - 28°С, батысындағы Үрімшіде - 14,9°С). Жауын-шашын аз түседі (250-350 мм). Тибет таулы қыратының климаты қатаң, температура жыл бойы төмен болады. Гартокта (Үнді өзенінің бастауы) орташа температура қаңтарда - 11,8°С, шілдеде 11,8°С. Тәулік ішінде де температура қатты ауытқиды, әдетте күшті жел соғып тұрады. Таулы қыраттың батыс бөлігі құрғақтау, шығыс бөлігіне 250 мм-ден 750 мм-ге дейін ғана жауын-шашын түседі. Биік тауларда мұздықтар көп. Тянь-Шаньда мұздықтар 3200-5000 м-ге дейін, Тибет таулы қыратында 5500-6000 м-ге дейін төмен түседі. Қарақорымда, Гандисышаньда, Куньлуньде, Гималайдың шығысында қалың мұздықтар бар. Алайда климаттың құрғақтығынан мұздықтардың көлемі оншама үлкен емес (100 мың км2 шамасы).

Қытайдың шығыс бөлігінің ірі өзендері: Янцзы, Сицзян, Миньцзян, Хуанхэ; олардың әрқайсысының жылдық ағыны 50 кле3-ден асады. Янцзының төмен ағысында көптеген көлдер бар, олардың ірілері: Дунтинху, Поянху, Тайху. Шығыс Қытай өзендері мен көлдері кеме қатынасы, ирригация және балық аулау үшін пайдаланылады. Елдің солтүстік-батыс өзендері саяз келеді, олар тұйық шұңқырларға құяды, көлдерді қоректендіреді немесе құмға сіңіп кетеді, көбі құрғақшылық кезеңінде тартылып қалады; ірілері - Жаркент, Ақсу. Тибет таулы қыратының батыс және орталық бөліктерінің өзендері саяз және көп уақыт қатып жатады. Азияның көптеген ірі өзендері (Хуанхэ, Янцзы, Меконг, Салуин, Брахмапутра, Үнді) осы таулы қыраттан басталады. Солтүстік-Батыс Қытай мен Тибет таулы қыратында көл көп, олардың ішіндегі ірілері - Кукунор, Лобнор, Баграшкель, Намцо, Селлинг.

Қытайдың шығыс бөлігінде орман топырағы (орманның шым қабатты күлгін, қоңыр, қызыл т. б.) кең тараған. Өзен аңғарларында, әсіресе олардың атырауларында, егіншілікте кең пайдаланылатын аллювилік топырақтар кездеседі. Негізінен Хуанхэ өзенінің бойында көп тараған лесстік топырақ ауыл шаруашылық үшін өте бағалы. Қытайдың батыс бөлігіне шөлдалалық қызыл қоңыр, қоңыр, сұр қоңыр топырақ тән келеді. Тау бөктерінде сұр, тауда қызыл қоңыр, шалғын, Тибет таулы қыратында таулық суық шөл топырағы тараған.

Қытайдың шығыс бөлігі әр түрлі өсімдікке өте бай (25 мыңнан астам түрі бар). Халық ерте заманнан жиі қоныстанғандықтан орман шағын учаскелер туоіндө (негізінен тауларда) ғана сақталған. Қытайдың батыс жақ аридтік бөлігі өсімдікке әлдеқайда кедей. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрі 5 мыңнан аспайды. Ылғалдылығы біршама жақсы. Солтүстік-Шығыс Қытайдың өсімдігі оған қарағанда едәуір молырақ. Хинган маңы - астық тұқымдас әр түрлі шөп өсетін дала. Батысқа қарай атмосфералық жауын-шашын кемуімен бірге, шөбі шүйгін далалар құрғақ далалармен, ал одан әрі батыста шөлейт және нағыз шөл далалармен алмасады. Қытайдың бұл бөлігіндегі далалар мен шөлейт далалар негізінен мал жайылымына пайдаланылады. Тибет таулы қыратындағы суық шөлде жартылай бұта тектес және өте селдір өсімдік өседі, ал шығыс бөлігінің өсімдігі көбірек және әр түрлі. Тау аңғарларының беткейлері - субальпілік шалғын, қылқан жапырақты және жапырақты орман, орманды дала.

Қытайдың жануарлар дүниесі өте бай және алуан түрлі. Сүт қоректілер (400-дей түрі) мен құстарды (1 мыңнан астам түрі бар) қоса есептегенде омыртқалылардың 3,5 мыңға жуық түрі мекендейді. Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Қытайда маймыл, лемур, лори, мүйіз тұмсық, тапир, жолбарыс т.б. тропиктік жануарлар кездеседі. Жануарлардың қытайлық түрі (манчжур қояны, жанат тектес ит т.б.) Шығыс Қытайда тараған. Солтүстік-Шығыс Қытайда жануарлардың оңтүстік түрлерімен бірге сібірлік тайга жануарлары да (изюбрь, құдыр, тиін, сілеусін, бұлғын) бар. Елдің шөл дала бөлігінде Пржевальский жылқысы, құлан, жайран, қос өркешті түйе, тышқан кездеседі. Тибет таулы қыратыңда антилоп - оронго және ада антилопы, қодас, аргали қойы бар, кеміргіштер, жыртқыш аңдар (қасқыр, тибет түлкісі т. б.) және бауырымен жорғалағыштар көп.

Кіші Хинганның солтүстік-шығыс беткейінде У-Ин қорығы, Юньнань таулы қыратында Сосинпан қорығы ұйымдастырылған. Қытай жері табиғат жағдайына қарай Солтүстік-Шығыс Қытай (Дунбэй), Шығыс Қытай, Оңтүстік-Шығыс Қытай, Оңтүстік Қытай, Оңтүстік-Батыс Қытай, Солтүстік-Батыс Қытай, Тибет таулы қыраты аймақтарына ажыратылады.

Халқы. Қытай - көп ұлтты мемлекет. Халқының 95%-і қытайлар (ханьдар), олардан басқа 50-ден астам халық мекендейді. Қытай тілі 7 негізгі диалектіге бөлінеді, бірақ олардың арасындағы айырмашылық үлкен. Қытайдың солтүстік-батысында, Шынжаң ұйғыр автономиалық ауданында түркі тілі тобындағы халықтар - қазақтар (509 мың), ұйғырлар (3640 мың), қырғыздар (71 мың), саларлар (31 мың) тұрады. Біздің еліміз бен Қытайдың бұл бөлігі арасында ертеден сауда қатынасы болған: Мыс., Қызылжар (қазіргі Петропавл) мен Семей көпестері 19 ғасырда сауда керуенімен Қашгарияға жиі барып тұрған. Қазақтың тұңғыш ғалым-саяхатшысы Шоқан Уәлиханов сондай керуендердің бірімен 1858 жылы Тянь-Шань арқылы Қашғарияға барып, Шығыс Түркістанның этнографиясы мен Алтышәрдің тарихы жөнінен баға жеткісіз көп материал жинады Ол Батыс Қытай халықтарының мәдениеті мен тарихы жөнінен «Жоңғар очерктері» (1861), «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» (1958 ж. жарияланды), «Алтышәрдің немесе Нан-лу қытай провинциясының (Кіші Бұхарияның) шығысындағы алты қаласының 1858-1859 жылдардағы жағдайы» деген т.б. еңбек жазды.

Солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктеріне монғол тобындағы халықтар - монғолдар (1463 мың), дунсян (156 мың), ту (53 мың), Дунбэйде тұңғыс-маньчжур тобындағы халықтар - маньчжурлар (2419 мың; қытайлар мен күшті ассимиляцияланған), сиболар (19 мың) қоныстанған. Бұлармен бірге Қытайда тибет-бирма тобындағы, тай тобындағы тілдерде сөйлейтін мяо-яо тобындағы, мон-кхмер тіл семьясындағы халықтар мекендейді. Кореямен шектес аудандарында корейлер (1120 мың), Тайвань аралының орталығы мен шығысында гаошаньдар, Шынжаңның оңтүстік-батысында Памир тәжіктері тұрады.

Діндар қытайлар буддизм дінін (оның солтүстік тармағын), даосизм мен конфуцийшілдікті ұстайды. Тибеттіктер мен монғолдардың діні - буддизм- ламаизм; түркі тобындағы халықтардың көпшілігі ислам дініне табынады. Ресми тілі - қытай тілі. Ресми календары - григориандық календарь. Халықтың орналасуы біркелкі емес. Қытайдың шығыс аудандарын да халық өте тығыз (1 км2-ге 500 адамнан; кей жерлерінде 1000 адамнан асады) қоныстанған. Ал Ішкі Монғолияда, Тибетте, Цинхайда 1 км2-ге 1 адамнан да келмейді. Халық тығыз орналасқан Шаньдун, Хэнань, Хэбэй, Хунань, Цзянсу, Аньхой провинцияларынан халық осыған дейін аз игерілген аудандарға көшірілуде.

Еңбекке қатысатын халықтың 67% ауыл шаруашылығында істейді. Барлық халықтыц 25%-ке жуығы қалаларда тұрады. 1957 жылы халқы 100 мыңнан асатын 124 қаласы болды; ірі қалалары: Шанхай, Пекин, Тяньцзинь, Шэньян (бұларда 3 млн-нан артық), Люйда, Ухань, Чунцин, Гуанчжоу, Харбин, Нанкин (1 млн-нан артық).

Тарихы. Қазіргі Қытай жерін адам өте ерте заманнан-ақ мекендеген. Мұны қазбадан табылған синантроп адамының сүйектері мен алғашқы мәдениеттердің қалдықтары айқын дәлелдейді. Б.з.б. 2-мың жылдықта Хуанхэ өзені алабында пайда болған Инь-Шан мемлекеті Қытайдағы ең көне елдердің қатарына жатады. Көптеген ғалымдардың болжауынша, мұнда құл иеленушілік қатынастар үстемірек болған. Халық негізінен егіншілікпен және мал бағумен айналысқан. Сол тұста иероглиф жазбасы тұңғыш рет пайда болған. Б.з.б. 11 ғасырдың орта шенінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және таптардың қалыптасуы сатысында отырған Чжоу тайпасы Инь-Шанды жаулап алды. Чжоулықтар басып алған жерлерінде өздерінің Чжоу мемлекетін құрды; оны мирасқор монарх - ван биледі. Мемлекеттік жері 71 иелікке бөлініп, бұларды ванның туған-туысқандары мен жақын адамдары басқарды. Бұл тұста құл иеленушілік қатынастар дами бастады. Натуралды шаруашылықтың үстемдігі мен товар айырбасының мейлінше мешеулігі жағдайында жеке иеліктердің дербестігі біртіндеп күшейе берді. Б.з.б. 7-6 ғасырда Қытай көптеген дербес патшалықтарға бөлінді; бұлардың ішіндегі ең ірілері - Ци, Чу, Циньу Сун, Цзинь болды.

Б.з.б. 6 ғасырдан бастап, әсіресе Чжаньго («күресуші патшалықтар», б. з. б. 5-3 ғасылар) кезеңінде өндіргіш күштердің едәуір екендегені байқалды. Темір құрал-саймандарды кеңінен пайдалану нәтижесінде егіншілік техникасы жақсарып, егіс көлемі кеңейді. Қолөнер кәсібі сала-салаға бөлінді, сауда өркендеп, қалалар салына бас. Б.з.б. 6-3 ғасырда Қытайда философиялық ой-өріс едәуір дамыды; әр түрлі философиялық мектептер - конфуцийшілдік, даосизм, моизм (Моцзы ілімі), заңшылдар (фацзя) мектебі т. б. саяш- таптық күрестің күшеюін бейнелей отырып, қатты өрге басты және өзара күрес жүргізді. Чжаньго кезінде мемлекеттер арасындағы соғыстар Цинь патшалығының жеңісімен және Қытайдағы тұңғыш бір орталыққа бағынған Цинь империясының (б.з.б. 221-207) құрылуымен аяқталды. Империяның негізін қалаушы және бірінші императоры Цинъ Шихуанди елді біріктіріп, нығайту жөнінде бірқатар реформалар жасады. Оның тұсында Ұлы Қытай қорғанының едәуір бөлегі салынды. Аса қатты саяси езгі мен шаруаларды аяусыз қанау б.з.б. 209 жылы халық көтерілістерінің шығуына әкеліп соқтырды. Бір орталыққа бағынған мемлекет құрылуына байланысты өздерінің кейбір артықшылықтарынан айрылып қалған ескі аристократия да Цинь билігіне қарсы шықты. Бұл күресте көтеріліс басшыларының бірі Лю Бан жеңісқе жетіп, Хань әулетін құрды (б.з.б. 206 - б. з. 25).

Хань империясында құл иеленушілік құрылыспен қатар, феодалдық қатынастар дамыды. Б.з.б. 4 ғасырда осы күнгі Шынжаңды басып, Орта Азия мен Таяу Шығыс елдеріне өтетін сауда жолы салынды (Ұлы жібек жолы). Император У-ди тұсында (б. з. б. 140-87) қонфуцийшілдік үстемдік етуші ресмй идеология болып танылды. Б. з. 1 ғасыр басында (17 жылы) аса ірі халық көтерілістері шықты; бұған қатысушылар «Қызыл қастылар» және «жасыл орман тұрғындары» деп аталды («Қызыл қастылар» көтерілісі). 10жылға созылған бұл көтерілістер 27 жылы басылды. Алайда империя билеушілері шаруаларға бірқатар уақытша жеңілдіктер беруге мәжбүр болды. Хань дәуірінде бірыңғай көне қытай халқы қалыптасып, кейіннен ол ханьдықтар деген атақ алды (Хань империясының атымен). 184 жылы басталып, 20 жылдан астам уақытқа созылған аса қуатты халық көтерілісі («Сары орамалдылар» көтерілісі) бір орталыққа бағынған Хань мемлекетін күйретті. Көтеріліс нәтижесінде Қытай үш мемлекетке бөлініп, бұлардың өмір сүрген кезеңі Саньго деген атақ алды («Үш патшалық», 220-280). Хань империясы кұлағаннан кейін, құл иеленушілік құрылыстан феодализмге өту біржолата жүзеге асты.

Әр түрлі кезеңдерде қытайлық емес 16 патшалық құрылған. Солтүстік Қытайды 316 жылы көшпелі халықтар басып алды. 589 жылы Қытай Суй әулетінің билігімен қайта бірікті, 618 жылы оның орнына Тан әулеті келді. Тан империясы тұсында (618-907) ауыл шашуарылық, қолөнер кәсібі мен сауда едәуір өркендеді. Тан кезеңі қытай поәзиясының «алтын ғасыры» деп есептеледі. Империя көршілес елдер мен халықтарға қарсы басқыншылық соғыстар жүргізді. 630 жылы ол Шығыс-Турік қағандығын жойды. Ху-ан Чао, Ван Сянь-чжи т.б. бастаған аса күшті шаруалар көтерілісінен (874-901) әлсіреген Тан империясы 10 ғасырдың басында ыдырап кетті. 10 ғасырдың 2-жартысында Сун әулетінің (960-1279) билігімен ел қайта бірікті. Бірақ Қытай солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтары мен солтүстік-батыстағы бірсыпыра жерлерінен айрылып қалды. Сун империясы ел ішіне қайта-қайта басып кіре берген көшпелі тай паларға қарсы үздіксіз соғыс жүргізумен болды. 13 ғасырдың 2-жартысында монғол феодалдары Қытайды басып алды, сөйтіп ол монғолдардың Юань әулетінің (1271-1368, Қытайда 1280 жылдан бастап) билігінде болды. Ұлттық өзгі, өте ауыр алым-салық, шаруа жерлерін еріксіз тартып алу ел ішін қатты күйзелтті. Бұған шыдамаған қытай шаруалары 1349 жылы көтеріліске шықты («Қызыл әскер» көтерілісі), оны халықтың басқа топтары да кеңінен қолдады. 1367 жылдың аяғында қытай халқы монғол басқыншыларын аластады. Монғолдарға қарсы бұл халықтық көтерілістің нәтижесінде өкімет басына қытайлардың Мин әулеті келді (1368-1644), оның негізін салып кеткен бұрынғы монах Чжу Юань-чжан еді. Мин империясы сыртқы экспансияға бой ұрды. Ол солтүстік-шығыста чжурчжэнь тайпаларының бір бөлігін Цинхай, Юньнань, Гуйчжоу провинцияларының осы күнгі жерлерінің біразын өз билігіне бағындырды. Мин империясы Оңтүстік теңіздер мен Үнді мұхиты ауданына ықпал жасауға тырысып, 1405-1433 жылдар бұл жерлерге Чжэн Хэнің бастауымен 7 рет теңіз экспедициясын жіберді.

16 ғасырда Қытайға европалықтар ене бастады: 1516 жылы португалиялықтардың алғашқы кемелері келді, ал 1557 жылы Португалия Аомынь (Макао) жерін Қытайдан «жалға» алды. 16 ғасырдың 2-жартысында Қытайға алғашқы европалық миссионерлер - иезуиттер келді. 17 ғасырдың басында Мин империясы қатты дағдарысқа ұшырады, мұның себебі мыналарда еді: тап қайшылықтары шиеленісті, билеуші топтардың өзара күресі күшейді, 1618 жылдан бастап чжурчжэнь тайпаларының шабуылдары жиіледі (кейіннен бұлар маньчжурлар деп аталды). Жер-жерлерде шығып жатқаң шаруа көтерілістері 17 ғасырдың 20-30 жылдарында Қытайдың солтүстігіндегі шаруалар соғысына (1628-1645) айналды (Қытайдағы шаруалар көтерілісі), оны Ли Цзычэн, Чжан Сянь-чжун т.б. басқарды. Мұның нәтижесінде Мин әулеті тақтан түсті. Көтерілісшілерге қарсы күрестің барысында қытай феодалдарының бір бөлігі маньчжур феодалдарымен келісімге келіп, олардың әскер жіберуі үшін шекараны ашып берді. Көтерілісті екі бірдей күшпен басып-жаныштау Қытайды маньчжур шапқыншыларының жаулап алуын және маньчжурлық Цинь әулетінің (1644-1911) өкімет басына келуін жеңілдетті. Қытай халқы маньчжур басқыншыларына қарсы ерлік күрес жүргізді.

17 ғасырда Россия мен Қытай арасында сауда және дипломатиялық қатынастар орнады. 1689 жылы Цинь үкіметі әскоп күшімен тікелей қауіп төндіріп, орыс мемлекетін Нерчинск шартына қол қоюға мәжбүр етті. Бұл шарт бойынша, Россия Аргунь өзенінің оң жағалауындағы, Амур өзенінің сол және оң жағалауларының бір бөлегіндегі жерлерін Цинь империясына берді. Кяхта шарты (1727) Цинь империясы мен Россияның шекарасын Монғолия ауданына апарып белгіледі, Россияның Қиыр Шығыстағы Қытаймен шекарасы 1858 жылы Айгунь шарты мен 1860 жылы Пекин шарты (Пекин трактаты) бойынша түпкілікті тағайындалған болатын; бұл шекара Амур және Уссури өзендерінің бойымен, Ханка көлі, тау қыраттары арқылы өтіп, Тумынцзянь өзеніне дейін созылды; Орталық Азиядағы орыс-қытай жерлерін бөлісу 19 ғасырдың 90 жылдарының орта шенінде аяқталды. 17 ғасырдың аяғында Цинь әулеті Халханы (яғни Солтүстік Монғолияны) басып алды (Оңтүстік немесе Ішкі Монғолия 1636 жылы жаулап алынған болатын). 1757 жылы Жоңғар хандығы (Жоңғар мемлекеті) жойылып, оның жері 1760 жылы басып алынған Шығыс Түркістанмен (Қашғария) бірге Цинь империясының құрамына қосылды да, Шынжаң («Жаңа шекара») деп аталды. Қытай-маньчжур армиясының бірқатар жорықтарынан кейін Тибет Қытайға қосылды (18 ғасырдың аяғы). Осы тұстан бастап Цинь империясы құлдырауға бет бұрды. Таптық және ұлттық қайшылықтар қатты шиеленісті. Маньчжур шапқыншыларына қарсы астыртын секталар мен қоғамдар бастаған шаруалар көтерілістері, сол сияқты ұлт азшылықтарының көтерілістері (1826-1827 және 1830 жылы Шынжаңның қытай емес халықтарының қарулы қимылдары) жер-жерлерде болып жатты. Сатқындық пен парақорлыққа шалдыққан мемлекеттік бюрократтық аппарат іріп-шіріп бастады; қару-жарағы ескі армияның тым далиып кеткен империяны қорғап тұруға шамасы келмеді.

19 ғасырдың 1-жартысында Европа капиталистік елдерінің, әсіресе Англияның Қытайға экспансиясы күшейді. Цинь империясынан сауда және басқа да артықшылықтар алуға тырысып, Англия 1840 жылы Қтайға қарсы бірінші «апиын» соғысы дегенді бастады Қытай өкімет орындары ағылшын және американ саудагерлерінің контрабанды жолымен елге апиын әкеліп сатуына тыйым салуға әрекет жасаған еді, мұның өзі Қытайға қарсы соғыс бастауға сылтау болды; Ағылшын-қытай соғысы (1840-1842), Ағылшын-француз-қытай соғысы (1856-1860). Әскери-экономикалық жағынан артта қалған феодалдық Қытай бұл соғыста жеңіліп қалды. 1842 жылы Англия Қытайды Нанкин шартына қол қоюға мәжбүр етті, сөйтіп Қытай ағылшын сауда кемелерінің енуі үшін 5 портын ашуға, Сянган (Гонконг) аралын Англияға беруге, ағылшындар үшін баж нарқын кемітіп белгілеуге т.б. міндеттенді. 1844 жылы Қытайдың АҚШ-пен және Франциямен де осындай шарттарға қол қоюына тура келді. Англиямен соғыста Қытайдың жеңілуі және әділетсіз шарттарға қол қоюы Қытайдың жартылай отар елге айналуының бастамасы еді, Феодалдық құрылыс дағдарысының күшеюі мен шетел капиталистерінің шапқыншылық саясаты шаруалар бұқарасының жағдайын нашарлатты. Осы себепті 1850 жылы шаруалар соғысы (Тайпин көтерілісі) басталып, ол Оңтүстік және Орталық Қытай аудандарын қамтыды. Көтерілісшілер Нанкин және басқа қалаларды басып алып, Тайпин Тянго мемлекетін («Ұлы рахаттың аспаннан түскен мемлекетін») құрды. Маньчжур өкімет орындары ағылшын, француз және американ интервенттерінің көмегімен 1864 жылы Тайпин көтерілісін зорға басты. Тайпин көтерілісімен бірге және онан кейін Қытайда маньчжурларға қарсы басқа да халық көтерілістері, сол сияқты батыс провинциялардың ұлт азшылықтарының көтерілістері болды; Шэньси, Ганьсу, Шынжаң дүнгендері мен ұйғырларының 1862-1877 жылдары көтерілісі бұлардың ішіндегі ең ірілері еді.

60 жылдардың аяғы - 80 жылдардың басында Қытайдың билеп-төстеуші топтары «өзін-өзі күшейту» деп аталған саясат жүргізді; мұның мәнісі қарулы күштерді жетілдіру жөнінде шетелдік тәжірибені пайдалануда, өз елінің соғыс өнеркәсібін жасауда еді. Шетелдік үлгімен кәсіпорындар, сауда, провинциялардың өкімет орындары мемлекеттік есебінен жүзеге асырды. Әсіресе 80 жылдардан бастап қазына кәсіпорындарымен қатар, жеке меншікті кәсіпкерлік те дами бастады. 19 ғасырдың аяқ шенінде Қытайда капиталистік құрылыс қалыптасты. Жаңа экономикалық және мәдени орталықтар өркендеді (Шанхай, Ухань, Тяньцзинь). Буржуазия мен пролетарлық таптары қалыптасып, ұлттық буржуазиялық интеллигенциясы шықты. 1894-1895 жылдар капиталистік Жапониямен соғыста Қытайдың жеңілуі «өзін-өзі күшейту» саясатынан ештеңе шықпағанын көрсетті, сөйтіп империалистік мемлекеттердің Қытайға қыспағын күшейте түсуіне әкеліп соқты. Цинь үкіметі тиімсіз қарыздар алып, империалистік мемлекеттерге концессия беруге мәжбүр болды. Германия, Франция, Англия, Жапония және патшалық Россия Қытайдың бірсыпыра жерлерін «жалға» алып, онда ықпал жасау аймақтары дейтіндерді құрды. АҚШ мемлекет секретары Хэйдің 1899 жылы нотасында жарияланған «Ашық есік» доктринасы Қытайдағы американ экспансиясын барынша күшейтіп, басқа бәсекелестерді ығыстыру мақсатын көздеді.

Империалистердің агрессиясы мен Цинь әулетінің жігерсіз саясаты ел ішінде орасан зор наразылық туғызды. Бұқаралық жаппай қозғалыстармен қатар, феодалды-монархиялық тәртіпке қарсы күрестің жаңа түрлеріде өрістеді. 1894 жылы Қытайда Сунь Ят-сен бастаған революциялық-демократиялық қозғалыс қаулады. 1895-1898 жылдар қытай буржуазиясы мен помещиктерінің либералдық-реформистік қозғалысы кең құлаш жайды оған Кан Ю-вэй т.б. басшылық етті. 1898 жылы маусымда император Гуансюй реформашыларды мемлекет басқаруға қатыстырды. Алайда жоғарыдан бірте-бірте реформа жасау әдісінен түк шықпады. Императрица Цысидің жендеттері 1898 жылы 21 қыркүйекте мемлекет төңкеріс жасап, реформашыларды дарға асты және басқа да қатаң шаралар қолданды. Қытайды шетелдіктердің билеп-төстеуі халық бұқарасын қатты толқытты, сөйтіп мұның өзі 1899 жылы империализмге қарсы бағытталған аса ірі Ихэтуань көтерілісіне ұласты. Көтерілісшілердің қарулы отрядтары - ихэтуаньдар 1900 жылы маусымда Пекинге еніп, елшілік отырған ауланы қоршауға алды. Ихэтуаньдар орта ғасырлық қозғалыстарға тән артта қалған әдістермен қимылдады. Империалистік мемлекеттер (Англия, Германия, Австрия-Венгрия, Франция, Жапония, АҚШ, Россия, Италия) Қытайда интервенция ұйымдастырды. 1900 жылы тамызда интервенттер Пекинді алды. Ақыры, 1901 жылы 7 қыркүйекте шетелдік мемлекеттер мен Қытай арасындағы қорытынды протоколға қол қойылып, Цинь империясының жартылай отарлық жағдайы беки түсті. Кеңесшілері арқылы, дипломатиялық әдістерді пайдаланып және ақша қаражаты жағынан қысым жасай отырып, империалистер Цинь сарайының саясатын бақылауға алды. Елдің аса маңызды орталыктарында шетел әскерлері мен соғыс кемелері тұрды. Империалистер сеттльмендер мен концессиялар торабын барынша кеңейтті, Қытай таможняларын өз қолдарында ұстады.

1905-1907 жылдары орыс революциясынан кейін басталған «Азияның оянуы» дәуірі Қытайда революция қозғалыстың күшеюімен сипатталды. 1905 жылы тамызда Сунь Ятсен революция Тунмэнхой («Біріккен одақ») партиясын құрды; оның программасы маньчжур үкіметій құлатып, республика орнатуды, «жер иелену правосын теңестіруді» көздеді (дифференциал рентаны іс жүзінде мемлекет пайдасына беру шаралары белгіленді). 1905-1908 жылдары Цинь үкіметі конституциялық басқару жүйесін енгізуге уәде берді. Либерал буржуазия мен помещиктердің бір бөлігі бұл уәдені құттықтап қарсы алды, ал революция топтар оны халықты алдап-арбаудың бір түрі деп есептеді. 1911 жылы 10 қазанда революция пиғылдағы әскер бөлімдері Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы - Учан қаласында көтеріліс шығарды; мұның өзі 1911-1913 жылдар буржуазиялық революцияның бастамасы болды (Синьхай революциясы). Хубэйдің ізінше революция провинциялардың бірінен соң бірін қамтумен болды. Динь үкіметі күллі өкімет билігін Солтүстік Қытайдың реакцияшыл топтарының жетекшісі Юань Ши-кайға беріп, ол революцияшыл Оңтүстікке қарсы соғыс қимылдарын өрістетті. 1911 жылы жклтоқсанда революцияшыл провинциялар өкілдерінің жиналысы Сунь Ят-сенді Қытай республикасының уақытша президенті етіп сайлады. Алайда Тунмэнхойдың оңшыл (либералдық) қанатының қыспағымен және империалистердің соғыс интервенциясынан қорқып, Сунь Ят-сен көп кешікпей Юань Ши-каймен келісімге келді. 1912 жылы 12 ақпанда Цинь әулеті тақтан түсіп, монархия ажырады, ал 13 ақпанда Сунь Ят-сен өзінің уақытша президенттік қызметтен бас тартатынын мәлімдеп, бұл орынды Юань Ши-кайға берді. Ол ішкі контрреволюция күштері мен аса ірі империалистік мемлекеттердің қолдануына сүйеніп, 1913 жылы жазда революцияны тұншықтырды, сөйтіп ел ішінде әскери диктатура орнатты. Қытай жартылай отар және жартылай феодалдық ел болып қала берді.

1-дүние жүзілік соғыс кезінде Европа елдерінің ұрыс қимылдарынан қолы тимей жатқанын пайдаланып, Жапония өзінің Қытайдағы экспансиясын қатты күшейтті. 1915 жылы 18 ақпанда ол Қытайға «Жиырма бір талап» қойды, сөйтіп оны Жапонияға тәуелді елге айналдырудың кең программасын ұсынды. Юань Ши-кай үкіметі бұл талаптардың көбін қабыл алды (1915 жылы 8 мамыр). Бірақ Юань Ши-кайдың император болуға тырысуы, әсіресе оңтүстік провинцияларда монархияға қарсы тегеурінді қозғалыс туғызды. Бұл оқиғалардың нағыз қызу кезінде, 1916 жылы маусымда Юань Ши-кай қайтыс болды. Нақтылы өкімет билігі милитаристердің бэйян (солтүстік) тобының қолында қалды. Оңтүстік Қытай үкіметін 1917 жылы қыркүйекте (1919 жылы дейін) Сунь Ят-сен басқарды. 1917 жылы тамызда милитаристік Пекин үкіметі Германияға қарсы соғыс жариялады. Соғыс жылдарында Қытайдың орталық үкіметі әлсіреп, милитаристік топтардың ролі күшейді; олар кең байтақ аудандарға билік жүргізіп, өкімет билігі үшін өзара күресті. Сонымен бірге милитаристер империалистік мемлекеттердің (Жапония, Англия, АҚШ) Қытайға ықпал жүргізу жолындағы таласының қол шоқпарына айналды.

1918 жылы Сунь Ятсен В.И.Ленинге және Совет үкіметіне телеграмма жіберіп, қытай мен орыс революция партиялары бірлесіп күрес жүргізу үшін қоян-қолтық ынтымақтасады деген сенім білдірді. Ұлы Октябрьдің тікелей әсерімен 1919 жылы империализмге қарсы «Төртінші май» қозғалысы атты бұқаралық қимыл өріс алды, мұнда қытай пролетариаты дербес саяси күш ретінде тұңғыш рет әрекет жасады. 1921 жылы шілдеде Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) құрылды. Сунь Ят-сен мен оның көптеген жақтастарының саяси қөзқарасында елеулі өзгерістер болды, олар ҚКП-мен және жұмысшы шаруа қозғалысымен жақындасу бағытын ұстады. 1923 жылы ақпанда Сунь Ят-сен Гуанчжоуда Оңтүстік Қытай үкіметінің басына қайта келді, сөйтіп бұл аймақ күннен-күнге өршіп келе жатқан революция орталығына айналды. Сунь Ят-сеннің тілегі бойынша, Совет Одағы Гуанчжоуға саяси және әскери кеңесшілер жіберді (М. М. Бородин, В. К. Блюхер т. б.), қару-жарақ жөнелтті, ұлттық-революция армия (ҰРА) құруға жәрдемдесті. ҚКП мен Сунь Ят-сен бастаған ұлттық буржуазия Гоминьдан партиясының ынтымағы негізінде 1924 жылы пролетариаттың, шаруалардың, қаланың ұсақ буржуазиясы мен ұлттық буржуазияның бірыңғай революция майданы қалыптасты; мұның өзі Қытайда бұқаралық революция қозғалыстың өнан әрі өрістеуіне жәрдемдесті. Прогресшіл жұртшылықтың қатаң талап етуімен Пекин үкіметі 1924 жылы 31 мамырда СССР мен Қытай арасындағы мәселелерді реттеудің жалпы принципі туралы келісімге қол қоюға мәжбүр болды; бұған дейін ол тең праволы достық қатынастар орнату туралы Совет үкіметінің барлық ұсыныстарын империалистердің қыспағымен қабылдаман келіюн болатын. Келісім бойынша екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнады. Басқа да империалистік мемлекеттермен бірге, патша үкіметінің Қытайда пайдаланып келген барлық артықшылықт арынан СССР өзінің бас тартатынын мәлімдеді. 1925 жылы 12 наурызда Сунь Ят-сен дүние салды. Ол гоминьданға өсиет қалдырып, партияны Қытайды азат ету жолындағы күресті онан әрі жүргізе беруге және СССР-мен достықты нығайтуға шақырды.

1925 жылы 30 мамырда Шанхайда болған патриоттық демонстрацияны ағылшын-американ полициясының атқылауына жауап ретінде Қытайда империалимзге қарсы қуатты қозғалыс басталды (саяси стачкалар, жұмысшылардың, студенттерідің және халықтың басқа да топтарының демонстрациялары). «Отызыншы май» қозғалысы 1925-1927 жылдар ұлттық, буржуазиялық-демократиялық революцияның бастамасы болды (Қытайдагы 1925-1927 жылдар революция). 1925 жылы 1 Подпись: ҢЫТАЙшілдеде Гуан-Чжоу үкіметі өзін Қытайдың ұлттың үкіметімін дел жариялады. ҰРА-ның 1925 жылы және 1926 жылы басындағы жеңістері Гуанси, Гуйчжоу провинциялары мен Хунанңдің оңтүстік бөлегінде революция өкімет орнауын қамтамасыз етті.

1926 жылы шілдеде ҰРА Солтүстік жорығын бастап, Хунань, Хубэй, Цзянси, Фуцзянь провинцияларын азат етті.

1927 жылы мартта Шанхай жұмысшылары көтеріліске шықты. Көп кешікпей Нанкин азат етілді. Жұмысшылар мен шаруалардың революция қозғалысының кеңінен құлаш жаюынан, империалистік мемлекеттердің қыспағынан қорыққан ұлттық буржуазия революциядан тая бастады. Империалистермен ауыз жаласын және олардың қолдауына сүйене отырып, гоминьданның Чан Кай-ши бастаған оңшыл қанаты 1927 жылы 12 сәуірде Шанхай мен Нанкинде контрреволюция төңкеріс ұйымдастырды. Мұның ізінше оңшыл гоминьдан әскерлері Гуанчжоуда төңкеріс жасады. 1927 жылы 18 сәуірде Нанкинде Чан Кай-ши контрреволюцияшыл «Ұлттық үкімет» құрды. Сол жылы шілдеде солшыл гоминьданшылдар деп аталатын Ван Цзин-вэй мен оның жақтастары Уханьда контрреволюция төңкеріс ұйымдастырды. ҚКП заңсыз дел жарияланды, кәсіподақтар мен шаруалар одақтары таратылды. Контрреволюция құғын-сүргіннің аса ауыр жағдайында және революцияны оңан әрі жүргізе беру мақсатымен ҚКП 1927 жылы тамыз-желтоқсанда бірқатар көтерілістерге басшылық етті (Наньчан көтерілісі, Гуанчжоу көтерілісі - Кантон коммунасы т.б.). Алайда реакцияның басым күштері бұларды аяусыз басып-жаныштады. Талқандалудан аман қалған революция отрядтар селолық жерлерге қарай шегініп, партизан соғысын жүргізе бастады. Революция уақытша жеңіліске ұшырап, ел ішінде гоминьданның реакцияшыл диктатурасы - помещиктер мен ірі буржуазияның өкімет билігі орнады.

Гоминьдан үкіметі Совет Одағына қарсы ашықтан-ашық дұшпандық саясат жүргізді: Қытай әскерлері ақ эмигранттар отрядтарымен бірге совет жеріне шабуыл жасай бастады. Қытай өкімет орындары 1929 жылы 10-11 шілдеде Қытай-шығыс темір жолын басып алып, мыңдаған совет азаматын түрмеге жапты. Совет армиясы қытай әскерлеріне тойтарыс берді.

Қытай жерінің денінде реакция үстемдік еткеніне қарамастан, жеке селолық аудандарда ҚКП басшылыгымен Қытай Қызыл армиясының (ҚҚА) отрядтары мен ол кезде Советтер деп аталған революция-демократиялық өкімет билігінің жергілікті органдары құрыла бастады. 1930-1933 жылы ҚҚА гоминьдан әскерлерінің .4 «жазалау» жорығын тоқтатып, оларды талқандады. 1933-1934 жылдары Чан Кай-ши империалистік мемлекеттердің көметімен Қытайдағы совет аудандарына қарсы 5-жорық ұйымдастырды. ҚҚА бөлімшелері мен революция тірек базалары өте ауыр жағдайға ұшырады. Осыған байланысты ҚҚА мен ҚКП ОК-ін Оңтүстік Қытайдан солтүстік-батыс аудандарға көшіруге шешім қабылданды. 1934 жылы қазан - 1936 жылы қарашада жорықта ауыр шығынға ұшыраған ҚҚА Шэньси және Ганьсу провинцияларының түйіскен жеріндегі ауданға шықты; мұнда жаңа революция база жасалған болатын. ҚҚА-ның Солтүстік-Батыс жорығы кезінде 1935 жылы қаңтарда Цзунь қаласында Саяси бюро мүшелері мен ОК мүшелері бір бөлігінің кеңесі болып өтті. Кеңесте ҚКП ОК басшылығының құрамында өзгерістер жасалды. Бұл Мао Цзэ-дун мен оның жақтастарының позициясын күшейтті.

Империалистік Жапонияның агрессия жасауына байланысты 1930 жылдың аяғында гоминьдан әскерлері мен ҚҚА арасындағы қарулы соқтығыс тоқталды. Жапондар 1931 жылдың өзінде-ақ Солтүстік-Шығыс провинцияларды (Маньчжурияны) басып алып, шапқыншылық саясатты тоқтатқан жоқ еді. Жапондарға қарсы бүкіл халықтық күрес-өрістей түскен жағдайда ҚКП Коминтерннің 7-конгресінің шешімдерін (1935) басшылыққа ала отырып, бір тұтас антижапондық ұлттық майдан құруға бағыт ұстады.

1937 жылы шілдеде Жапония Қытайды өзінің отарына айналдыру үшін оған шабуыл жасады. Жапон басқыншыларына қарсы қытай халқының 8 жылдық ұлт-азаттық соғысы басталды. Соғыстың басында гоминьдан үкіметі халықтың қысымымен бір тұтас антижапондық ұлттық майдан құру туралы ҚКП-нің талабын қабылдауға мәжбүр болды. Совет Одағы Қытайға қазіргі заманғы қару-жарақ жіберіп тұрды, ерікті совет ұшқыштары қытай ұшқыштарымбн бірге Қытайдың қалаларын ерлікпен қорғады. Совет үкіметі Қиыр Шығысқа едәуір өз қарулы күштерін шоғырландырды, бұл жапон армиясының шеңберін тарылтып, қытай халқының күресіне қолайлы жағдай туғызды. Бірақ гоминьдан басшылығы халыққа қарсы бағыттан таймай, майданда селсоқ қорғаныс тактикасын жүргізді. Жапоң әскерлері бүкіл Солтүстік Қытайды, Орталық Қытайдың едәуір бөлігін, сондай-ақ Оңтүстік Қытайдың теңіз жағалауындағы маңызды аудандарды басып алды. Ұлт-азаттық соғыс барысында ҚКП жаудың тылында көптеген азат аудандар құрып, өзінің қарулы күштерін едәуір нығайтты. 1945 жылы сәуірге таман Қытайда 95 млн-нан астам адам тұратын 19 азат аудан құрылды.

1945 жылы 8 тамызда Совет Одағы Жапонияға соғыс жариялады. 9 тамызда совет әскерлері Монғол Халық Республикасының (МХР) әскерлерімен бірге Солтүстік-Шығыс Қытай мен Ішкі Монголия жеріне еніп, қысқа мерзім ішінде жапон қарулы күштерінің ең күшті бөлімшелері Квантун армиясын талқандады. Империалистік Жапония үкіметі 1945 жылы 2 қыркүйекте сөзсіз тізе бүгу жөнінде актіге қол қоюға мәжбүр болды. Совет Одағы шешуші роль атқарған 2-дүние жүзілік соғыс кезінде герман фашизмі мен жапон милитаризмінің талқандалуы, Европа мен Азияның бірқатар елдерінің социализм жолына түсуі дүние жүзілік аренадағы күштердің арасалмағын демократия мен социализм пайдасына біржолата өзгертті. Бұл Қытайда халық-демократиялық революцияның жеңуі үшін қолайлы жағдай жасады.

1946 жылы гоминьдан реакциясы АҚШ-тың көмегіне сүйеніп, ҚКП басқарған демократиялық лагерьге қарсы жаңа азамат соғысын бастады. Соғыстың барысында Халық-азаттық армиясы (ХАА) гоминьдан әскерлерінің шабуылына ойдағыдай тойтарыс беріп, 1947 жылы өзі жалпы шабуылға шықты. Совет халқы мен бүкіл дүние жүзі прогресшіл күштерінің қолдауы Қытайдың демократиялық күштерінің табысқа жетуінің маңызды факторы болды. Квантун армиясы талқандалғаннан кейін, совет қолбасшылығы жапондардың қолға түскен қару-жарағын ХАА-ға берді. Совет Одағы АҚШ-тың Қытайда интервенцияны кеңейту жоспарын жоққа шығарды. Американ әскерлерін Қытайдан әкету жолындағы Совет Одағының күресі қытай халқы үшін зор қолдау болды. Қытай халқының халық-азаттық соғысы (1946-1949) гоминьдан реакциясы соғыс күштерінің талқандалуымен, халық-демократиялық революциясының жеңісімен және 1949 жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасын (ҚХР) жариялаумен аяқталды. Гоминьдан әскерлерінің қалдығы Тайвань аралына қашып барып, АҚШ-тың көмегімен бекініп алды. Шетел және қытай қанаушыларына қарсы қытай халқының көп жылдық революциялық күресі табысқа жетті; Қытайдың  алдынан социализмге жол ашылды.

Совет Одағы ҚХР-ді бірінші болып таныды (1949 жылы 2 қазан). 1950 жылы 14 ақпанда Достық одақ және өзара көмек туралы Совет-қытай шартына қол қойылды. Совет Одағы ҚХР-ге 300 млн. американ доллары мөлшерінде ұзақ мерзімге несие ақша берді.

АҚШ үкіметі ҚХР жөнінде дұшпандық позиция ұстады. Тайваньға қашқан Чан Кайшиге жаң-жақты көмек көрсетіп, 1949 жылдың ақырында халықтық Қытаймен бүкіл сауда қатынасына, ҚХР-дің АҚШ-тағы мүлкіне арест салды. 1950 жылы маусымда Кореяда соғыс өртін тұтатып, АҚШ Тайвань және Пәнхуледао аралдарын оккупациялады. 1950 жылы қазанда американ әскерлері Кореяда 38-параллельден өтіп, ҚХР-дің шекарасына қарай ұмтылды да, тікелей қауіп төндірді. ҚХР-де ерікті халық отрядтары жасақталды; олар 1950 жылы 25 қазанда Корей Халық Демократиялық Республикасының (ҚХДР) тілегі бойынша корей жеріне еніп, американ басқыншыларына қарсы соғыстарға қатысты.

ҚХР құрылғаннан кейін елде саясат, экономика мен мәдениет саласында демократиялық реформалар жүргізілді. Совет Одағының, социалистік лагерьдің басқа да елдерінің көмегіне сүйене отырып, қытай халқы 1949-1952 жылдары соғыста бүлінген шаруашылықты ойдағыдай қалпына келтірді. Халық өкіметі сыртқы саудаға мемлекеттік бақылау орнатты, шетел  капиталистері меншігінің денін бірте-бірте ұлт меншігіне айналдырды, ірі (бюрократиялық) капиталдың меншігін конфискеледі. Соның нәтижесінде мемлекеттік социалистік сектор құрылды. 1953 жылы ақпанда ҚХР-де (кейбір ұлттық аудандарды қоспағанда) аграрлық реформа аяқталды 1953-1954 жылдар жергілікті және орталық өкімет органдарының жалпыға бірдей сайлаулары өткізілді. 1954 жылы қыркүйекте Халық өкілдерінің бүкіл қытайлық жиналысының 1-сессиясы болып өтті, онда ҚХР-дің Конституциясы қабылданды.

Совет Одағының, ҚХР мен КХДР-дің бейбіт жолмен күш жұмсауы нәтижесінде 1953 жылы 27 шілдеде Паньмыньяжонда уақытша бітім туралы келісімге қол қойылды; бұл келісім бойынша Кореяда соғыс тоқталды. 1954 жылы ҚХР Совет Одағымен, КХДР және Вьетнам Демократиялық Республикасымен (ВДР) бірге Кореядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу және Үндіқытайда бейбітшілікті қалпына келтіру жөніндегі Женева кеңесіне қатысты.

1953-1957 жылдары ҚХР ұсақ товарлы жене жеке меншікті капиталистік секторларды социалистік жолмен қайта өзгерту жөнінде зор жұмыс атқарды. 1956 жылы шаруалар шаруашылығының 96,3% ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтеріне бірікті. Жеке меншікті капиталистік өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының көпшілігі 1956 жылдың аяғында мемлекет-капиталистік (аралас мемлекет-жеке меншікті) кәсіпорындар болып қайта өзгертілді, оларды мемлекет басқарды. Ұсақ жеке меншікті сауда және қолөнер мекемелері кооперативтерге бірікті. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1-бесжылдықта (1953-1957) 2, 3 есе артты. Өнеркәсіптің авиация, автомобиль, станок жасау сияқты бірсыпыра жаңа маңызды салалары, химия, машина жасау өнеркәсібінің бірқатар салалары жаңадан құрылды. Ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі жоспар да орындалды. Халық бұқарасының материалдық және мәдени жағдайы біраз жақсарды. Түрлі типті оқу орындарының жүйесі едәуір кеңейді. 1953-1957 жылдар бірқатар совет-қытай келісімдеріне қол қойылды, бұл келісімдер бойынша Совет өкіметі 161 аса ірі өнеркәсіп объектісін салып, қайта жөндеу жөнінде ҚХР-ге көмек көрсетуге міндеттенді. Совет Одағы өзінің көмегімен салынып жатқан кәсіпорындар үшін жалпы құны 3 млрд. сомға жуық құрал-жабдықтар беру жөнінде міндеттеме қабылдады, мұны Қытай үкіметі Совет Одағына товарлар беру жолымен өтеді. Мыңдаған совет мамандары Қытайға жіберілді, Совет Одағының жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарында көптеген қытай мамандары мен жұмысшылары даярлықтан өтті. Сауда қатынасы ойдағыдай дамып, мәдени байланыстар ұлғайды. ҚХР-дің экономикасы мен мәдениетін дамытуда Герман Демократиялық Республикасы (ГДР), Польша, Чехословакия, Венгрия, басқа да социалистік елдер едәуір көмек керсетті.

1956 жылы қыркүйекте ҚКП-нің 8-съезі болып өтті; съезд ҚХР-дің социалистік елдермен сыртқы саясаттағы бағытын айқындап, «ұлы Совет Одағымен және халық демократиясының барлық елдерімен мәңгі және мызғымас туыс-қандық достықты нығайта және күшейте беруді» өзінің басты бағыты деп есептеді. 2-бесжылдық жоспар жөнінде қабылданған нұсқауларда съезд ұлттық табысты 50%, өнеркәсіптің жалпы өнімдерін 2 есе арттыруды, жиналатын азық-түлік дақылдарының мөлшерін 11 млрд. пұттан 15 млрд. пұтқа жеткізуді белгіледі. 2-бесжылдық жоспарды орындауда ҚХР-ге көмектесу мақсатымен 1958-1959 жылдары Совет Одағы мен ҚХР арасында бірқатар жаңа келісім жасалды. Келісімдер бойынша Совет Одағы халықтық Қытайға 125 жаңа ірі өнеркәсіп орындарын салуға және кеңейтуге техникалық көмек көрсетпек болды.

50 жылдардың 2-жартысында ҚКП мен оның басшылығында Мао Цзэдун бастаған ұлтшылдардың белсенділігі күшейе түсті. Маошылдардың қысымымен 1958 жылы халық шаруашылығын өркендетудің 2-бесжылдық жоспары іс жүзінде жоққа шығарылды. Социализмнің объективті экономикалық заңдарын аяққа басып, ҚХР басшылары елде «үлкен секіріс» жасау - өнеркәсіп өнімдерін 6,5 есе, ауыл шаруашылық өнімдерін 2,5 есе арттыру жөнінде волюнтаристік тапсырма белгіледі. Барлық ауыл шаруашылық кооперативтерін «халық коммуналары» жағдайына көшіру, яғни еңбек ақы төлеу принципін жою, үй маңындағы учаскелерді, жеке меншік мүліктерді қоғамдастыру, тіршілік пен жұмысты әскери жолға қою көзделді. «Үлкен секіріс» саясаты салдарынан халық шаруашылық бүлінді; көптеген өндірістік қуаттар қатардан шықты, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі күрт қысқарды. Волюнтаристік экономикалық программа толық күйрегеннен кейін, 1961 жылы ҚХР басшылығы экономикалық «реттеу» жөнінде шаралар қолдануға, яғни іс жүзінде «үлкен оекіріс» жөніндегі нұсқаулардың көпшілігі мен «халық коммуналарын» жоюға мәжбүр болды.

60 жылдардың басынан бастап ҚКП басшылығы коммунистік және жұмысшы партияларының 1957--1960 жылдардағы халықаралық кеңестерінде белгіленген (кеңестердің документтеріне ҚКП делегациясы да қол қойған болатын) дүние жүзілік коммунистік қозғалыс линиясы мен социалистік елдердің қазіргі кезеңдегі саясатына ревизия жасауға ашықтан-ашық көше бастады, мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі жөніндегі лениндік бағытқа қарсы шықты, халықаралық шиеленісті сақтап, тереңдете түсуге бой ұрды. Азияның, Африка мен Латын Америкасының дамып келе жатқан елдерінде революциялық процесті қолдан «жеделдету» бағытын ұстады. Совет Одағымен достық және ынтымақ саясатынан бас тартып, оған қарсы күреске шықты. ҚХР басшылары Совет Одағымен және басқа да социалистік елдермен арадағы экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақты түгелдей дерлік қысқартты. 1960 жылдан қытайлықтар совет-қытай шекарасын оқтын-оқтын бұза бастады. Тек 1963 жылы шекара 4 мың рет бұзылды. Маошылдар Совет Одағының Қиыр Шығыс пен Орталық Азиядағы территориясының едәуір бөлігін өзіне беруді талап етті.

Маошылдардың авантюристік ішкі және сыртқы саясаты елде, оның ішінде басшы партия және мемлекетік қызметкерлерінің едәуір бөлігі арасында үлкен наразылық тудырды. Елде өзінің үстемдігін сақтап қалу үшін маошылдар 60 жылдардың 2-жартысында «мәдени революция» ұйымдастырды. Қоғамдық қауіпсіздік органдары мен армияның бір бөлігіне және әдейі жастардан құрылған «хунвэйбиндер» («қызыл күзетшілер») мен цзаофандарға («бүлікшілер») сүйене отырып, Мао Цзэ-дунның ең жақын серіктері жүздеген мың жауапты партия қызметкерлерін, мемлекеттік қызметшілер мен интеллигенттерді жұмыстан аластап, дөрекілікпен қорлады, сонан соң оларды «қайтадан еңбекке тәрбиелеу» үшін деревняға жіберді немесе өз үйінде қамауға отырғызды. Олардың ішінде ҚХР Председателі Лю Шао-ци, ҚКП ОК мүшелерінің 2/3-інен астамы, орталық ведомстволардың, жергілікті партия комитеттері мен өкімет органдары басшыларының көпшілігі болды. Провинциялар мен уездердегі партия комитеттері мен халық сайлаған өкімет органдары іс жүзінде қуылып, жоғарыдан тағайындалған «ревкомдармен» ауыстырылды, бұл комитеттерде армияның өкілдері басты роль атқарды. Кәсіподақтар, комсомол, барлық қоғамдық ұйымдар жұмысын тоқтатты. Маошылдар Совет Одағына қарсы жалақорлық насихат пен қылмысты әрекеттерді шұғыл күшейтіп, ҚХР-дегі совет өкілдеріне қарсы дөрекі бұзақылықтар ұйымдастырды. Совет-қытай шекарасын бұзу едәуір күшейтіліп, 1969 жылы Совет Одағының шекаралық аймақтарына қарулы күшпен басып кіруге дейін барды. Совет үкіметі Маошылардың шекарадағы арандатушылық саясатына байсалдылықпен тойтарыс берді. Осы кезеңде ҚХР басшылары көптеген елдердің ішкі істеріне қол сұқты. Мұның өзі ҚХР-дің басқа елдермен арадағы қатынасын күрт шиеленістіріп, оны халықаралық көлемде толық дерлік оқшау қалдыруға әкеліп соқтырды.

1969 жылы сәуірде маошылдардың басшылығымен шақырылған ҚКП-нің 9-съезі «Мао Цзэдун идеясы» ҚКП-нің идеологиялық негізі деп жариялап, «мәдени революцияны» мақұлдады, Мао Цзэ-дунды асыра мадақтады. Сыртқы саясатта іс жүзінде КПСС пен Совет Одағына, басқа да социалистік елдерге, дүние жүзілік коммунистік қозғалысқа қарсы күресу қытай мемлекетінің түпкі мақсаты деп жарияланды: Коммунистік және жұмысшы партияларының халықаралық кеңесінде (1969 жылы маусым) (ҚКП басшылары кеңеске қатысудан бас тартқан болатын) ҚКП 9-съезінің шешімдері айыпталды.

Подпись: 143	ҢЫТАЙ9-съезден кейін ҚКП басшылары терең ішкі саяси және экономикалық дағдарысты жоюға, халықаралық көлемдегі толық дерлік оқшаулықтан шығуға бағытталған бірсыпыра шаралар қолданды. Бірақ Қытайдағы ішкі жағдай тұрақсыз күйінде қалды, халықтың жеке топтары қытай басшылығының саясатына наразылығын тоқтатпады, түрлі топтар арасында өкімет билігі үшін, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі мәселелері жөніндегі күрес толастамады. 1971 жылы қыркүйекте кезекті ішкі күрес әбден ушыққан кезде, ҚКП-нің 9-съезінде бекітілген Мао Цзэ-дунның орынбасары және «мирасқоры» - қорғаныс министрі Линь Бяо және бірқатар көрнекті әскер басшылары, ҚКП ОК-нің мүшелері мен Саяси бюросының мүшелері өкімет билігінен аласталды.

Өзінің сыртқы саясаттағы мақсаттарын бұлжытпай сақтай отырып, қытай басшылары халықаралық оқшаулықтан шығу, ҚХР-дің халықаралық жағдайын нығайту үшін 1969 жылы сыртқы саясатта бұдан былай шетел мемлекеттері жөнінде бейбіт қатар өмір сүру принциптерін, БҰҰ Уставын, басқа да халықаралық нормаларды басшылыққа алатынын жариялады. Бұл ҚХР үкіметіне 1969-1972 жылдары бірқатар елдермен «мәдени революцияға» дейінгі дипломатиялық қатынасты реттеуге, Батыс Европадағы капиталистік елдердің көпшілігімен, Канадамен, Жапониямен дипломатиялық байланыс орнатуға мүмкіндік берді. 1972 жылы АҚШ президентінің Пекинге келуі жоғары дәрежеде ресми қытай-американ байланысын орнатуға, екі жақтың тиісті мәселелерді реттеу мүмкіндіктерін іздестіруге бастама болды. Капиталистік елдер сыртқы экономикалық байланыста ҚХР-дің басты әріптестеріне айналды; 1971 жылы Қытайдың сыртқы сауда айналымындағы олардың үлесі 76%-ке жетті. 1971 жылы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 26-сессиясы ҚХР-дің БҰҰ мен Қауіпсіздік Советіндегі правосын қалпына келтірді. ҚХР БҰҰ-ға келгеннен кейін Қытай үкіметінің көкейтесті халықаралық мәселелерді, оның ішінде жалпыға бірдей және толық қарусыздану, ядролық қаруды сынауға тайым салу мәселелерін реттеуге солақай қарайтындығы айқынқерінді.

Дүние жүзі коммуниетік партияларының көпшілігі, прогресшіл күштері қытай басшылығының ұлы державалық, ұлтшылдық саясатын айыптап отыр. Қытай басшыларының жікшілдік, социализм ісіне дұшпандық саясатына КПСС батыл тойтарыс бере отырып, сонымен қатар Совет Одағы мен ҚХР арасындағы қатынастарды реттеу, совет және қытай халықтары арасында тату көршілік пен достықты қалпына келтіру мақсатын көздеп келеді.

Экономикасы. 1949 жылы халықтық революция жеңіске жеткеннен кейін ҚХР СССР-дің және басқа социалистік елдердің туысқандық көмегімен шаруашылықты қалпына келтіруге және социалистік құрылысты өрістетуге негіз әзірлеуге кірісті. 1-бесжылдық жоспар (1953-1957) ойдағыдай орыңдалды. 2-бесжылдық жоспар (1958-1962) экономиканы дамытудың бағыты өзгеруі салдарынан орындалмай қалды (Тарихи очеркін қараңыз). 1957 жылдан кейін елді социалистік индустрияландыру, ауыл шаруашылығының осы күнгі материалдық-техникалық базасын жасау, өскелең халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекшілердің материалдық әлауқаты мен мәдениет дәрежесін көтеру секілді аса маңызды әлеуметтік- экономикалық міндеттердің іске асырылуы кідіріп қалды.

Өнеркәсібі. Қытайдың осы күнгі өнеркасібінің негізі 1-бесжылдықта қаланды. 1953-1957 жылдары өнеркәсіп өндірісі жалпы алғанда 2,3 есе өссе, химиялық өнеркәсібінің өнімі 4, 5 есе, машина жасаудың өнімі 4 есе артты. Металл өңдеу мен машина жасаудың үлесі 1952 жылғы 10,6%-тен 1957 жылы 16,2%-ке дейін, қара металлургияның үлесі 5,1%-тен 8%-ке дейін, химиялық өнеркәсібінің үлесі 3,2%-тен 6,6%-ке дейін өсті. Отын - энергетика өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісі елдің қажетін қанағаттандыра алмады. 1958-1960 жылдары сала аралық диспропорция елеулі түрде күшейді. 1959-1960 жылғымен салыстырғанда, 1961 жылы өнеркәсіптің жалпы өнімі кеміді. Әсіресе, темір рудасын ендіру, металл жонатын станоктар жасау, болат қорыту, цемент өндіру, көмір өндіру де кеміп кетті. 1965-1966 жылдар халық шаруашылығын «реттеу» жөніндегі (шаралардың нәтижесінде өнеркәсіптің өнімі жалпы алғанда артты. 1967-1968 жылдарда «мәдени революцияның» салдарынан өндіріс қарқынының төмендеуі көмір өндіру, қара металлургия сияқты байырғы салаларды да, мұнай өндіру, электр энергиясы сияқты дами бастаған салаларды да қамтыды.

Өнеркәсібі тұтас алғанда елдің экономикалық дамуының талаптарынан кейін қалуда, ол халық шаруашылығын, әсіресе ауыл шаруашылығын техника жағынан қайта жарақтандыруды қамтамасыз ете алмай отыр. Оның көптеген салаларында өндіріс процестерін механикаландыру мен автоматтандырудың дәрежесі өте төмен.

Көмірдің барлық түрінің есептелген қоры жөнінен Қытай дүние жүзінде СССР мен АҚШ-тан кейінгі 3-орында. Көмір өндірудің негізгі орталықтары: Фушунь, Фусинь, Хэган (Солтүстік-Шығыс Қытай), Кайлуань, Датун (Солтүстік Қытай), Хуайнань (Шығыс Қытай). Негізгі мұнай кәсіпшіліктері Дацинде (Солтүстік-Шығыс Қытай), Қарамайда (Шынжаң), Юймыньде (Ганьсу) орналасқан. Мұнай ішінара өндірілген аудандарда өңделеді, ал едәуір бөлегі темір жолмен Ланьчжоу, Пекин, Люйда, Нанкин қалаларының мұнай айыру зауыдтарына апарылады. Тақта тас (Фушуньда, Гуандунда т. б.) пен көмірден жылына 2 млн. тонна сұйық отын өндіріледі. Сычуань, Цайдам қазан шұңқырларында газ өндіріледі. Руда өндіру негізінен Солтүстік-Шығыс (Анынань) және Солтүстік Қытайда, Баотоу ауданында (Ішкі Моңғолия), Уханьда, Хайнань аралдарында шоғырланған. Вольфрам, сурьма, қалайы, қорғасын, сынап кендері Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Қытайда. Электр энергетика өнеркәсібінің қуаты 15 млн. ввт-тан асады. Аса маңызды СЭС-тері (қуаттары 600 мың квт) - Фынмань (Солтүстік-Шығыс Қытай) және Синьаньцзян (Чжэцзян провинциясы). Электр станцияларының көпшілігі - ұсақ және орташа станциялар (қуаты 200 мың квт-қа дейін).

Елдің басты металлургиялық базасы - Солтүстік-Шығыс Қытай (Аньшань комбинаты, Бэньси, Далян, Фушун, Фулаэрцзи және Тунхуа з-дтары). Одан кейінгі екінші қара металлургиялық аудан - Солтүстік Қытай, (Шицзиншань және Тайюань комбинаттары, Тяньцзин және Таншан з-дтары). Түсті металлургияның аса ірі кәсіпорындары Шэнь-ян және Шанхай қалаларына, ауыр машина жасау Шэньян, Фулаэрцзи, Тайюань, Лоян, Ухань, Гуанчжоу қалаларына, энергетикалық машина жасау Шэньян, Харбин, Пекин, Тяньцзинь, Тайюань, Шанхай қалаларында шоғырланған. Қытайда жылына 70 мың автомашина, 35-40 мың трактор шығарылады (1971). Ең ірі автомобиль зауыды - Чан-чунда, ең ірі трактор зауыды - Лоянда. Металл жонатын станоктар Шанхай, Цицикар, Пекин қалаларында, темір жол машиналары Люйда, Харбин, Циндаода, кеме Шанхай, Люйда, Уханьда, прибор Харбин, Сиан, Чэндуда шығарылады. Химиялық өнеркәсібінде минералдың тыңайтқыштар өндіру басым дамыған ірі зауыдтары Люйдада, Нанкинде, Гиринде, Тайюаньда, Чжучжоуда орналасқан. Теңіз тұзынан сода және хлорлы кальций шығаратын зауыды (Люйда қаласында) бар. Синтетикалық және жасанды талшық (70 жылдың басында 100 мың т) жасау негізінен Пекинде, Баодинде, Шанхайда, Нанкинде, Бэньсиде, Таншанда, Нанкинде ірі цемент зауыдтары жұмыс істейді.

Тоқыма өнеркәсібі - Қытайдағы ежелгі өндіріс салаларының бірі. Мақта-мата өндіруден Қытай дүние жүзінде алдынғы орындардың бірін алады. Бұл саланың маңызды орталықтары - Шәнхай, Тяньцзинь, Циндао, Пекин, Гуанчжоу т. б. қалалар. Жібек (Шанхай, Ханчжоу), жүн (Шанхай, Ланьчжоу, Баотоу т. б. қалалар), мата тоқу дамыған. Тамақ өнеркәсібі жергілікті ауыл шаруашылық шикізат өндірумен байланысты. Майдагерлік-қолөнер өндірісінің елеулі маңызы бар. Қытайдың көркем бұйымдар жасау кәсіпшілігі кеңінен мәлім.

Ауыл шаруашылығы. Негізгі саласы - егіншілік. БҰҰ-ның 1967 жылғы мәліметтері бойынша, ауыл шаруашылығына жарамды жері 287,3 млн. га болды, оның ішінен өңделгені 110,3 млн га, (территорияның 11,5%-і), шабындығы мен жайылымдығы 177 млн. га (территорияның 18,6%-і) болды. 1949-1957 жылдарда жыртуға жарамды жер 97,9 млн. га-дан 111,8 млн. га-ға дейін ұлғайтылды, алайда 1958 жылдан бері жаңа жерлерді игеру тоқтап қалды. Топырақ-климат жағдайларының қолайлылығы елдің көпшілік бөлігінде жылына 2 рет, ал қиыр оңтүстігінде 3 рет өнім жинауға мүмкіндік береді.

Қытай суармалы жерінің үлес салмағы жағынан дүние жүзінде ежелден алдыңғы орындардың бірінде. Жыртылатын жерінің (басым көпшілігі оңтүстігінде) 31%-і (1957) суарылады.

1964 жылы ауыл шаруашылығында 100 мыңдай трактор болды. Жыртылатын жердің Уюндейі ғана машина күшімен, қалғаны қол күшімен өңделеді. Егіс көлемінің 3Д-нен астамы - дәнді дақылдар. Егіс көлеміңің У5-І және жйналатын астықтың Уг-і күріштің үлесіне тиеді. Күріш негізінен Янцзы өзені алабында өсіріледі. Қытай - мақта (Хуанхэ, Янцзы алаптары), соя (Солтүстік-Шығыс ойпат, Ұлы Қытай жазықтығы), шай (Қытай - шайдың отаны; Шығыс және Орталық Қытайда) өндіруші басты елдердің бірі. Елдің тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеулерінің көп салалы бау шаруашылығы дамыған.

Шошқаның саны жөнінен Қытай дүние жүзінде 1-орында. Көп жерінде жайылымдық мал шаруашылығы басым: мүйізді ірі қара, буйвол, шошқа, қой, ешкі, жылқы, қашыр, есек, құс. Янцзы және Чжуцзян өзендері алабында жібек шаруашылығы дамыған. 1970 жылы 125 мың тонна жібек құрты алынып, 10,2 мың тонна шитті жібек өндірілді (БҰҰ мәліметтері).

Балық аулаудан Қытай дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде. Балықтың %-і Сары және Шығыс Қытай теңіздерінен ауланады. 1960 жылы 5,8 млн. тонна балық ауланды.

Қытай жерінщ 10%-не жуығы орман. Қалың орманды массивтер елдің солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс аймақтарында.

Транспорты. Барлық жүктің 4/б-і темір жолы транспортымен тасылады. Темір жолының жалпы ұзындығы 40 мың км (1970). Маңызды темір жолы линиялары: Пекин - Гуанчжоу, Тяньцзинь - Шанхай, Ляньюньган - Ланьчжоу. Автомобиль жолының ұзындығы 550 мың км (1970). Ірі автомобиль жолдары - Сикан - Тибет (Яаньнан Лхаоаға дейін), Шынжаң - Тибет (Қашғардан Гартокқа дейін). Ішкі су жолы ұзындығы 160 мың км. Өзен тасымалы негізінен Янцзымен іске асырылады. Маңызды өзен порттары: Нанкин, Ухань, Чунцин. Ірі теңіз порттары: Шанхай, Люйда, Синьган, Гуанчжоу. Жергілікті әуе қатынасы дамыған.

Сыртқы экономикалық байланыстары. 1971 жылы сыртқы сауда айналымының көл. 4,4-4,6 млрд. долларға жетті. 1959 жылға дейін Қытай үшін социалистік елдермен екі арадағы сауданың (олардың үлесіне бүкіл айналымының 70%-і тиді) маңызы өте зор болды. Одан кейінгі кезеңде Қытай капиталистік елдермен сауданы ұлғайтуға бағыт ұстады. 1971 жылы Қытайдың сыртқы саудасында социалистік елдердің үлесі 20%, капиталистік елдер мен дамып келе жатқан елдердің үлесі 80% болды. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері (1971): Жапония (20%), Сянган (Гонконг), ГФР, Ұлыбритания.

Экспортқа негізінен ауыл шаруашылық өнімі, таукен өнеркәсібінің өнімдері, тоқыма бұйымдар шығарылады. Сырттан прокат, арнаулы болат, түсті металдар, машиналар, минералдық тыңайтқыштар, астық әкелінеді. Ақшасы - юань.

Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық салаларының мамандануына, табиғи ресурстар мөлшеріне және жергілікті халықтың ежелгі кәсіптеріне т. б. байланысты Қытай территориясы 8 экономикалық ауданға бөлінеді. Солтүстік-Шығыс Қытай (Ляонин, Гирин, Хэйлунцзян провинциялары), Солтүстік Қытай (Хэбэй, Шаньси провинциялары, Пекин, Тяньцзинь қаласы), Шығыс Қытай (Шаньдун, Аньхой, Цзянсу, Чжэцзян, Цзянои, Фуцзянь провинциялары, Шанхай қаласы), Орталық Қытай (Хэнань, Хубэй, Хунань провинциялары), Оңтүстік Қытай (Гуандун провинциясы, Гуанси- Чжуан автономдық ауданы), Оңтүстік-Батыс Қытай (Сычуань, Юньнань, Гуйчжоу провинциялары), Солтүстік-Батыс Қытай (Шэньси) Ганьсу, Цинхай провинциялары) және Ішкі Монғолия, Нинся-Хуэй, Шынжаң-Ұйғыр, Тибет автономдық аудандары.

Денсаулық сақтау ісі. Қытайда 1959 жылдан бері халықтың тууы, өлім-жітімі өмірдің ұзақтығы жөнінде мәлімет жарияланбайды. Халық арасында инфекциялы патология көбірек тараған. ҚХР құрылғанға дейін чума, шешек, оба, басыр, алапес сияқты жұқпалы аурулар, әсіресе дизентерия жиі кездесетін. Табиғи микроэлементтердің жетіспеуі салдарынан эпидемиялық бұғақ ауруы да жиі кездеседі. Республика құрылғаннан кейін халық арасында жиі кездесетін жұқпалы аурулармен күрес шаралары пәрменді жүргізілді. Қытайдың солтүстік-шығыс аудандарында Хейлунцзян және Гирин провинциясында геморагиялық нефрозо-нефрит, Солтүстік Қытайда қала-азар, вухере-риэз, Хэнань және Шэньси провинцияларында эндемиялық бұғақ, ал Орталық және Оңтүстік Қытайда жапондық шистосоматоз, анкилостомидоз, Оңтүстік Қытайда алапес ауруы да кездеседі. Гуандун провинциясында 1972 жылы 19 млн. адам безгекпен, 8,3 млн. адам шистосоматозбен ауырған. ҚХР-де 1950 жылы алғашқы санитарлық-эпидемиологиялық станция құрылып, оның саны 1958 жылы 1,4 мыңға жетті. Қытайда 1957 жылы іріленген 38 медицина және фармацевтика институттары, 32 медицина және 2 фармацевтика институты, халық медицина 4 институт болды. 1966 жылдан институттар мен училищелер мамандар даярламайды. Көптеген маман дәрігерлер жұмыстан босатылып, «қайтадан тәрбиеленуге», «7 май мектебіне» жіберілді. Денсаулық сақтау ісіне босатылатын қаржы кемітілді. Елде әр түрлі аурулар көбейді.

Оқу-ағарту ісі. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классикалық конфуциан діни кітаптарын оқытуға негізделген еді. 1902-1903 жылдар оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, соның нәтижесінде европалық елдер үлгісіндегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1949 жылға дейін Қытай халқының 90%-і сауатсыз болды. ҚХР құрылғаннан кейін (1949), оқу жүйесіне күрделі өзгерістер енгізілді. 1951 жылы жаңа реформа бойынша оқу-ағарту ісі мынадай жүйеге келтірілді: бірінші басқыш 3-7 жас аралығындағы бөбектерге арналған балалар бақшасы (1957 жылы оларда 1088 мың бала тәрбиеленді); 7 жасқа толған балалар 6 жылдық бастауыш мектепке барады (1959-1960 оқу жылында 90 млн. оқушы болды, бұл сол жастағы балалардың 87%-і); орта мектеп 6 жылдық, ол жоғары және кіші орта мектеп (әрқайсысы 3 жылдан) болып, екі сатыға белінеді (1959-1960 оқу жылында оларда 8520 мың оқушы болды). Бастауыш мектеп базасында 1-дәрежелі, кіші орта мектеп базасында 2-дәрежелі кәсіптік-техникалық және педагогикалық училищелер құрылған. 1957 жылы Қытайда 227 жоғары оқу орны (оның ішінде 15 университет, 48 жоғары техникалық оқу орны, 53 педагогикалық институт) болды. Аса ірі және байырғы жоғары оқу орындары: Пекин, Нанькай, Цинхуа, Ухань, Фудань, Навкин университеттері. 1959-1960 оқу жылында Қытайдың жоғары оқу орындарында 900 мың студент оқыды.

1949-1957 жылдары СССР-дің т.б. социалистік елдердің көмегімен Қытай халқы оқу-ағарту саласында үлкен жеңіске жетті. 1956 жылдың қарсаңында сауатсыздар саны 78%-ке дейін кеміді, ересектерге арналған оқу жүйесі құрылды. Қытайда өндірістік-техникалық оқу жүйесін өрістетуде Совет Одағы шешуші роль атқарды, яғни СССР-дің тікелей көмегімен 1-бес- жылдық жоспары кезінде 1 млн-нан астам маман жұмысшылар даярланды. 1949-1959 жылдар ҚХР оқу орындарында 760-тан астам совет мамандары жұмыс істеді. Олардың тікелей қатысуымен Қытайда 337 кафедра, 560-қа жуық лабораториялар ұйымдастырылды. Осы жылдары совет мамандары 4 мыңнан астам аспиранттар, 7 мыңдай оқытушылар дайындап берді. СССР-дің жоғары оқу орындарында (Қытайда «мәдени революция» басталғанға дейін) 10 мыңнан астам қытайлықтар жоғары мамандық алды және олардың шығынының 50%-н Совет Одағы көтерді. 1958 жылы «Үлкен секіріс» саясатынан кейін, ҚХР-дің оқу-ағарту ісі ұзақ дағдарысқа ұшырады. Мектеп оқушыларының саны азайып, оқу сапасы төмендеді. Оқу жүйесіндегі бұл дағдарыс әсіресе «мәдени революция» тұсында күшейе түсті. 1966-1967, 1967-1968 оқу жылдарында сабақ мүлдем тоқтатылды. 60 жылдардың аяғында ҚХР халқының 66%-і сауатсыз болды. Оқу мектептерде 1968 жылдан, ал жоғары оқу орындарында 1970 жылдан қайта басталды.

1970 жылдан Қытайдың оқу-ағарту жүйесі мынадай: білімнің негізі – 7-15 жасар балаларға арналған 9 жылдың орта мектеп. Кәсіптік-техникалық дайындық (2 жыл) пен бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау (2 жыл) кіші орта мектеп базасында жүзеге асырылады. 9 жылдық мектепті бітіргеннен кейін институтқа түсу үшін кемінде 3 жыл жұмыс істеу керек. Институттарда оқу мерзімі 2-3 жылға дейін қысқартылған. Америка баспасөзінде жарияланған мәліметтер бойынша 1971-1972 оқу жылында Қытайдың бастауш мектептерінде 120 млн-дай, орта мектептерде 30 млн-ға жуық оқушы, жоғары оқу орындарында 2 млн-дай студент болған. Бастауыш және орта мектептерде 3,5 млн. мұғалім жұмыс істеді. Оқу жүйесіндегі реформа оқу тәрбие жұмысын «Мао Цзэ-дун идеясына» бағындыруға бағытталған, оқушылардың әскери дайындығына баса көңіл бөлінеді. Оқу орындарын мемлекеттің көмегінсіз ұстау мақсатымен олардың жанынан оқу-өндірістік база жасау мәселесі алға қойылған.

Ірі кітапханалары: Пекиндегі ұлттық кітапхана (кітап қоры 4,4 млн. дана), ҚХР ҒА-ның кітапханасы (2,5 млн. дана), Нанкин кітапханасы (2,3 млн. дана). Музейлері: бұрынғы Император сарайы (Гугун), Пекиндегі Қытай тарихы музейі, Шанхай музейі т. б.

Ғылым және ғылыми мекемелері. Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар. Көне заманнан бастап ҚХР құрылғанға дейінгі жаратылыс тану және техникалық ғылымдар саласындағы зерттеулер.

300 мың жылдан астам тарихы бар қытай халқы жаратылыс тану және техникалық ғылымдардың дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми-техникалық жаңалықтар Қытай да басқа елдердел (соның ішінде Европалық елдерден де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ дәрі жасау, кітап шығару т. б.).

Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ едәуір дәрежеде дами бастаған. Б.з.б. 2 ғасырдың 1-жартысында Чжан Цан 2-3 белгісізі бар 1-дәрежелі теңдеу жүйесін шешу әдісін тапқан. Бұдан кейін Цзин Чоучан математикаға теріс шама ұғымын енгізіп, оларға амал қолдану ережесін ұсынды, сонымен қатар, квадрат және куб түбірлерді шығару әдісін тапты. Цзу Чун-Чжи шеңбердің ұзындығын оның диаметріне бөлу арқылы я-дің 7 цифрдан құрылған жуық шамасын тапты. Оны Европа ғалымдары бұдан көп кейін, б. з. 16 ғасырында қайтадан ашты. Қытайдың көрнекті математиктері: Цжу ІПи-цзе т.б. еңбектерінен Қытай ғалымдары 11-14 ғасырдың өзінде-ақ биномдық коэффициенттерін білгені және Паскаль ұшбұрышымен (арифмет. үшбұрыш) таныс болғаны байқалады.

Астрономия - Қытайда өте ерте заманда дамыған ғылымдардың бірі. Қытайдың б. з. б. 1-мың жылдықтағы тарихи ескерткіштерінде комета және планета туралы жазылған. Б.з-ға дейін келіп жеткен ең көне жұлдыздар каталогын (807 жұлдыз) б.з б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 ж. жазылған. Б. з. 8 ғасырының бас кезінде монах И Син мен Лян Линцзан «қозғалмайтын» жұлдыздар ара қашықтығының өзгеруі мүмкін деген пікір айтқан.

Географиялық білім де Қытайда өте ертеден басталады. Б. з. б. 138-126 жылдар Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың өздерінің батыс жағындағы елдер мен халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және Қытай мен Орта Азия арасындағы «Ұлы жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты. Сун дәуірінде (960-1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үндіқытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіздерде жүзу өрістей бастады. Әсіресе 15 ғасырдың 1-жартысында Қытайдың теңіз саяхатшылары географиялық ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Қытайда б. з. б. 206 жылы алғашқы компас, б. з. 3 ғасырында спидометр жасалған, сондай-ақ дүние жүзілік ең тұңғыш сейсмоскоп та Қытайда жасалған.

Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға саяды (Қытай медицинасы). Қытай медицинасының дамуында елеулі роль атқарған, медицинадан дүние жүзілік ең көне кітап - «Нэйцзин» (Қытай емшілерінің тәжірибелік бақылау жұмыстарын дәрігер Бянь Цао қорытқан, б. з. б. 6 ғ.) Қытай медицинасының дамуында үлкен роль атқарды. Дүние жүзілік тұңғыш «Фармакология» Қытайда жазылды. Инемен емдеу әдісі Қытай медицина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытайда европалық типтегі алғашқы емдеу орны 1904 жылы ашылып, онда шетелдік дәрігерлер жұмыс істеді. Нанкин мен Пекинде Медицина ғылыми-зерттеу институты (1928) мен Фармакология ғылыми-зерттеу институты (1929) европалық медицинаны зерттеумен ғана шұғылданды.

Қытайда химия мен техника ерте дамыған. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ дәрі жасауға пайдаланды. Сөйтіп, 16 ғасырда Қытайда оқ дәрі өндіріле бастады. Б. з. б. 16-11 ғасырда қола қорыту, ақ керамика және қыш бұйымдар жасау ісі дамыған. Б. з. 3-5 ғасырында фарфор өндіру игерілді. Құрылыс техникасы да ерте дамыған. Б. з. б. 6 ғ-да дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс - Ұлы Қытай қорғаны. Қытай халқының дүние жүзілік цивилизацияға қосқан аса зор үлесі - қағаз жасау (б. з. 2 ғ.). Кітап шығару тарихы Қытайда 5-6 ғасырға саяды. Әріптерді әуелі тасқа жазып, содан қағазға көшіретін болған. Металл шрифт Қытайда 15 ғасырда қолданылды. Бұл саладағы маңызды жетістік кітапты түрлі-түсті бояумен басып шығару болды. Қытайда кітапты 2 түсті бояумен басу 1340 ж. жүзеге асырылды.

Қытай Халық Республикасында жаратылыс тану және техникалық ғылымдардың дамуы. ҚХР құрылғаннан (1949) кейін ғылым мен техниканың жоспарлы түрде дамуына қолайлы жағдай жасалды. 1949-1957 жылдары партия мен мемлекеттік басшылары ғылым мен техникалық жетістіктерін социалистік экономиканы дамыту мақсатына пайдалана отырып, ғылым мен техниканы неғұрлым кеңінен өрістету мәселесін алға қойды. Осы тұста ғылыми мекемелер жүйесін қайта құру, жаңа ғылыми-зерттеу ұйымдарын ашу жөнінде маңызды жұмыстар істелді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржы мөлшері көбейтілді. Қытайда ғылым мен техниканың ойдағыдай дамуына СССР мен ҚХР арасында тығыз қарым-қатынас орнауы себепкер болды. Әсіресе 50 жылдардағы бірлесіп жасалған ғылыми жұмыстардың маңызы зор болды. СССР мен ҚХР жоғары оқу орындары 124 тақырыпта бірлесіп жұмыс жүргізді. 1951-1960 жылдар СССР ҒА-нда 900-ден астам ҚХР қызметкерлері ғылыми дайындықтан өтті.

50 жылдардың аяқ кезінде Қытайда бірқатар саяси науқандардың жүргізілуіне байланысты ғылымның дамуы тоқырап қалды. 1960 жылдан бастап СССР-мен ғылыми-техникалық байланыс азайды. 1961-1965 жылдар СССР т.б. социалистік елдермен ғылыми-техникалық байланысты үздіксіз азайта отырып, Франция, Ұлыбритания, ГФР, Италия т. б. капиталистік елдермен ынтымағын күшейтті. 1971-1972 жылдар жаратылыс тану және техникалық ғылымдарының дамуы жеделдеді. «Мәдени революция» кезінде тоқтап қалған бірқатар ғылыми-зерттеу мекемелері іске қосылып, реабилитация алған көптеген ғалымдар жұмысқа кірісті. Қытайда елдің табиғи байлықтарын зерттеу және оларды пайдалану жұмыстарына баса көңіл бөлінуде. Геологиялық зерттеулер нәтижесінде таскөмір, темір рудасы, түсті және сирек кездесетін металдар мен т. б. пайдалы қазындылардың орасан зор қоры табылды. Алайда кейбір жеке металдар (никель, хром, платиноидтер) мен алмастан ҚХР-де түбегейлі кен қоры әлі де жасалған жоқ. 1950-1960 жылдар ірі мұнай көзі табылды.

1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. Қытай ГА-ның жанынан Ядролық энергия комитеті құрылған. 1958 жылы Атом энергиясы институты ұйымдастырылды. Сол жылы Пекин қаласының түбінде СССР-дің көмегімен жасалған қуаты 10 мың квт тұңғыш эксперименттік ядролық реактор және қуаты 25 Мэв циклотрон іске қосылды (бұларды салу туралы СССР мен ҚХР арасындағы келісім 1955 жылы жасалған). 1971 жылы ҚХР-де 10 шақты реактор болды. Ядролық проблемаларды зерттеуге У Ю-сунь, Ван Ганчан, Чжао Чжун-яо, Пэн Хуань-у, Чжан Цзяд-хуа т. б. қатысты. Олардың көпшілігі АҚШ-та оқыған. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы сыналды (жер бетінде). 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы жарылды. Ракеталық және ракетакосмостық техника саласындағы зерттеулерге зор мән беріледі.

1966 жылы қезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета қолданылып, ол бірнеше жүз км ұшты. 1970 жылы Қытай 1-рет Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971 жылы 2-ЖЖС-н ұшырды.

Оңтүстік Қытайдың таудағы обсерваториясында космос сәулелері зерттелуде.

1967 жылы Қытайдағы тұңғыш радио-телескоп іске қосылды. Математикадан зерттеу жұмыстары негізінен сан теориясы, есептеу математикасы, топология саласында дамытылуда. Аса көрнекті математиктерінің бірі - Хуа Ло-гән. 1949 жылдан кейінгі уақытта химия жедел дамыды. Қытай ҒА қарамағында полимерлер және биохимимиялық проблемаларымен шұғылданатын 10 ғылыми-зерттеу институты бар. Металлургия, металл өңдеу, машина жасау техникасы саласында да көлемді зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Соғыс қажеті мен ракета-ядролық программа тұрғысынан электроникаға баса көңіл бөлінеді.

1955 ж. Қытай ҒА жанынан электрондық есептеу машинасын (ЭЕМ) жасау институты ұйымдастырылды. 1958 жылы совет моделімен жасалған тұңғыш ЭЕМ шығарды. ҚХР биологиялық мен ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында да елеулі жетістіктерге ие болды. Әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру, мал тұқымын асылдандыру, топырақ зерттеу т.б. салаларда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамдық ғылымдар. Философия. Б.з.б. 6-3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм Мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытайда философия пайда болды. Бұл ілімдердің алға қойған басты мәселелері қоғамды, мемлекетті басқару ісі еді. Ежелгі Қытай философиясы саяси-этикалық сипатта дамып, гносеология, онтология мәселелеріне елеулі мән бермеді. Елдің әлеуметтік, мемлекеттік құрылымының түбірлі өзгеруінің нәтижесінде мемлекет басқаруға философтарды қатыстырып, философия академия құрудың өзі ертедегі Қытайда философияның мемлекеттік сипатта болғанын көрсетеді. Өзінің философиялық принциптерін бірінші болып ұсынғандардың бірі Конфуций (б.з.б. 6-5 ғ.) ілімі болды. Оның ілімін шәкірттері «Луньюй» («Әңгімелесу, пікір алысу») трактатында баяндаған. Конфуций семьяда, қауымда қалыптасқан дәстүрлі моральдық-әтикалық тәртіп ережелеріне негізделген моральдық-әтикалық принциптерді уағыздады. Қейіннен оның ізбасарлары дамытқан Конфуций ілімі жаңадан пайда болған мемлекет басқарудың бюрократиялық формасының ерекше праволарына теориялық негіз болып, мемлекеттік ресми идеологияға айналды. Конфуций ілімінің негіздерін, әсіресе оның әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынаған Моцзы (б.з.б. 5 ғ.) болды. Ол дүниедегі бақытсыздық пен тәртіпсіздіктің бәрі адамдар арасында мейірбандылықтың болмауынан туады, «баршаның мейірбандылығы» принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттілік орнатады деп уағыздады. Мо-цзы басқыншылыққа, соғысқа қарсы шығып, дәстүрге айналған «Тәңір құдіретіне» сенушілікгі бекер деп санап, мемлекеттің басқару орындарына адамның ата-тегіне қарамай, оның іскерлігіне, даналығына қарай тағайындаған жөн дейді. Ол право жағынан қарапайым халықты ақсүйектермен теңдестіруге тырысып, өкімет пен халықты бірлікке, ортақ мүдделі болуға шақырды. Қытайда даосизм стихиялы материализм сипатында қалыптасады. Бұл концепция «Дао дэ цзин» кононында, «Чжуан-цзы» трактатында баяндалады. Даосизм бүкіл табиғатқа тән объективті жалпы заңдылық «дао» («жол») бар деп дәлелдейді. Даосизмнің негізін қалаушылар Лао-цзы және Чжан-цзы адамның іс-әрекетін шек қоятын қандайда болсын заңдар мен ережелерге (конфуцийдің моральдық ережелері) қарсы шығады. Алғашқы даошылдардың саяси-әлеуметтік көзқарастары шаруалар утопиясының қалыптасуына зор ықпал етті. Легистік мектептің пайда болуы Цинь патшалығындағы жоғары мәртебелі төрелер Шан Ян (б. з. б. 4 ғ.) және Хань Фэй-цзы (б.з.б. 3 ғ.) есімдерімен байланысты. Олар заң («фанцзя») алдында барлық адамдар бірдей жауапты деп, конфуцийшілдікке қарсы шығады. Олар Жерге деген жеке меншікті жақтап, аяусыз шексіз билеп төстеуге негізделген мемлекет құрылысы жөніндегі теориясын ұсынды. Бұл ілім-басқарудың императорлық-бюрократтық жүйесінің қалыптасуына теориялық негіз болды. Легистердің кейбір идеяларын (заңды дәріптеу, наградтау мен жазалау ілімі, мемлекеттік қызметке тарту да адамдардың тең мүмкіндігі идеясы т.б.) пайдалануға тырысқан конфуцийшіл Сюнь-цзы (б. з. б. 3 ғ.) болды. Сөйтіп ол өзгеше, жаңа конфуцийшілдіктің шығуына себеп болды. Ортодоксалды конфуцийшілдіктің «Хан-Конфуциының» қалыптасуын аяқтаған Дун Чжун-шу (б. з. б. 2 ғ.) болды. Ол Сюнь-цзының бастамасын жалғастырып, легистік бағытты күшейтеді, даосизм идеяларымен толықтырылған конфуцийшілдік б. з. б. 136 жылдан 1911 жылға дейін Қытайда ресми идеология болды. Натур философиялық бағыттағы «инь-ян» идеялары [әйелдік енжарлық (инь) пен еркектік екпінді күштің (ян) әрекеттесу бастапқы бес стихияның (металл, ағаш, су, от және жер) бір-біріне айналуы жөніндегі іліммен және ең алғашқы стихия «ци» (бу, эфир) идеясымен толықтырылған түрінде кейінгі философиялық ілімдердің бәріне ықпал етті. Қытайдағы ірі материалист ағартушы Ван Чун (б. з. б. 1 ғ.) өз ілімінде дүниенің бастапқы негізі мәңгі өмір сүретін материялық субстанция «юань-ци», оның жеңіл бөлшектері «ян-ци» аспан мен космосты, қоюлануынан «инь-ци» - жер мен аспан денелері құралады, дүниедегі барлық заттар осы бөлшектердің бір-бірімен әрекеттесуінен пайда болады дейді. Конфуцийшілдік пен даосизм буддизмге қарсы тұрғанымен өз тарапынан оның кейбір элементтөрін бойына сіңіріа алды. Даосизм буддизмнің салт-жоралары мен әдет-ғұрпын қабылдауының нәтижесінде соңынан балгерлін пен сәуегейліктің бір түріне айналын философиялық ағым ретінде мәнін жоғалтты (3 ғ.). Конфуцийшілдікте көптеген өзгерістен кейін ақыр аяғы рационалистік бағыт басым болады. Чжан Цзай (11 ғ.) Хан Юяның (8-9 ғасырларда) бағытын жалғастырып, материялық субстанция «ци» жөніндегі идеяны да мытады. Бірақ буддизмнің нирвана (сөну) идеясының ықпалымен Чжан Цзай қарама-қарсы күштер «инь» мен «ян» - тәңірі гармониясында бір-бірімен жарасымдылыққа келеді деген идеясын таратады. Ең соңында конфуцийшілдіктің буддизм философиясының идеалистік-рационалистік рухын бойына сіңіру нәтижесінде неоконфуцийшілдік пайда болады (12 ғ.). Бұл бағыт материя мен рухтың бірлігі жөніндегі мәселеден материалистер арасындағы философиялық таласты өршіте түсті. Қытайдағы субъективтік идеализмнің көрнекті өкілі Ван Ян-мин (15 ғасыр соңы 16 ғасырдың басы) Конфуцийдің тұрмыстық білім тезисін қайта жаңғыртып, оны жалпылық абсолюттік сипатта дәріптейді. Бұл мәселелерді Ван Чуань-шань (17 ғ.) «ли» мен «ци» өзара байланысты, «ци» дүниедегі заттардың бастапқы негізі, материялық субстанциясы деп, материалистік тұрғыда шешеді. 17-18 ғасырларда философиясы Конфуций мен Манцзының «киелі кітаптарына» түсіндірмелер жазумен шұғылданып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуань-шань идеяларының төңірегінде дамиды. 19 ғасыр әлеуметтік реформа мен ағартушылықтың саяси идеологиясы пайда болды. Шаруалардың теңгермелі коммунизмнің ұлы утопиясын мақсат еткен Тайпин көтерілісінен кейін Қытай реформаторлары (Кан Ю-вэй, Лян Ци-чао, Тань Си-тун) абсолюттік монархияны конституциялық монархиямен ауыстыруды талап етеді. Олар мемлекет пен халықтың арасында жарасымды қатынасты орнату концепциясын ұсынды. Қоғамдық құрылысты рең жолмен өзгертуге қарсы шығып, халықты конфуцийшілдік әтика нормаларында тәрбиелеуді қуаттады. 20 ғасырда Қытайда буржуазия саяси философия мен әлеуметтік теориялар (ағылшын философы Г.Спенсердің позитивтік эволюционистік идеялары) кең өріс алды. Үздік ойшыл Сунь Ят-сен революцияшыл демократиялық бағытта дамытады. Оның саяси доктринасы ұлттық, халық өкіметі және «халық берекесі» деген прйнципке негізделеді. Октябрьлық революциясының ықпалымен Қытайда марксизм-ленинизм идеялары, әсіресе ҚКП құрылғаннан кейін кеңінен тарала бастайды. Бұл істі жүзеге асыруда «Син циннянь» («Жаңа жастар»), «Гунчандан» («Коммунист») журналдарыңың ролі зор болды. Алғашқы Қытай марксистері Ли Да-чжао, Цірй Цю-бо, Дэн Чжун-ся т.б. буржуазиялық феодалдық идеологияға қарсы идеялық та.банды күрес жүргізіді. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін марксизм-ленинизм, дпалектикалық және тарихи материализм социалпзм үшін күресте басшылыққа алынған бірден-бір теориялық негіз ретінде кеңінен тарала бастады. Философия мекемелер құрылып, оларды біріктіретін Орталық - ҒА-ның философия институты болды. Қытайдың марксист философтары диалектикалық және тарихи материализм мәселелерінен осы заманғы буржуазия философияны сынауда бірқатар еңбектер жазды. Философия тарихын зерттеуге көп көңіл бөлінді (Хоу Вай-лу т. б., «Қытай идеологиясы тарихы», 1-5-т., 1957-1960 ж.). Совет философтарының еңбектері аударылып, В.И.Ленин шығармаларының толық жинағын шығару қолға алынды. 50 жылдардың аяқ кезінде әсіресе «мәдени революциядан» (60 жылдың 2-жартысы) бастап «Мао Цзэ-дун идеялары», маоизм - ежелгі дәстүрлі козқарас пен соғыс-құмар ұлтшылдықты, утопиялық социализм мен марксизмді тұрпайы түсіндірудің эклектикалық қосындысын философиялық ойдың шыңына жеткен табысы деп жариялады, осыған байланысты философия саласындағы зерттеулер мүлде тоқырады. 1966 жылдың басында «Чжэсюе яньцзю» («Философиялық зерттеулер» журналы жабылып, философиялық еңбектердің басылуы тоқтатылды.

Тарих ғылымы. Б.з.б. 1-мың - жылдықта Қытайда алғашқы шежірелерді  және кейбір тарихи еңбектерді құрастыру процесі жүрді. Б.з.б. 4-3 ғасырларда ежелгі ел тарихының Инь (б. з. б. 16-11 ғ.), Чжоу (б. з. б. 11-3 ғ.) дәуірлерін зерттеуге арналған кітаптар жарық көрді. Бұл шығармаларда ежелгі конфуцийшілдік идеялар дәріптелді. Б.з.б. 2 ғасыр мен б.з.б. 6 ғасырда тарих ғылымының негізі қаланып, тарихи процестердің концепциялары қалыптаса бастады. Сыма Цяннің «Ши цзи» («тарихи жазбалар» б. з. б. 1 ғаырлардың бас кезі) атты еңбегі Қытайдың жалпы тарихына барлау жасады. Осы еңбекті үлгі тұта отырып, әр дәуірді қамтитын бірнеше тарихи шығармалар жарық көрді.

Қытай тарихнамасында Тан мен Суя (7-13 ғ.) дәуірі елеулі орын алады. Осы кезде ресми тарихнама дамып, өткен әулеттердің тарихын құрастыру белең алды. Тұңғыш тарихи компиляция - «Тун дяньды» Ду Ю 8 ғасырда жинап бастырды. Сонымен қатар жарық көрген Лю Чжи-цзидің «Ши Тун» («Тарихқа барлау») тарихнама мұралары алғаш рет сын көзбен сарапталып, кейбір тарихи еңбектердегі қателіктер атап көрсетілді. Тарихи мұралардың ел арасына көптеп тарауына, дәстүрлердің қаз-қалпында сақталуына кітап басып шығару ісінің дамуы елеулі себін тигізді. Сун дәуірінде (960-1279) елеулі оқиғаларды «бастан аяқ» баяндап отыру, заңдар жинағын шығару өріс алып, алғаш рет тас пен бронзаға қашап жазылған жазулар жинала бастады. Феодалдық тарихнаманың соңғы даму кезеңі 17-18 ғасырларға саяды. Маньчжур басқыншылары патриотизм идеясына қарсы шығып, әдеби инквизицияны (дәріптеді Қытайдың Мин әулеті (1368-1644) тарихын шыншылдықпен көрсеткені үшін Дай Мин-Ши және т. б. өлтірілді. Бұл кезде қытай ғалымдары арасында тарихи мұраларға сын-көзбен қарау кеңінен өріс алды. Бұл салада шығыс - чжэцзян тобы мен сыни тұрғыдан зерттеу мектептерінің еңбектері назар аударарлық.                          

Қытайдың ресми тарихнамасы бүтіндей дерлік феодалдық қанауға қарсы шыққан қалың бұқараға сенімсіздікпен қарау, қытай империясының құрамына зорлап қосылған нехань халықтарының (қытайдан басқа) азаттық күресіне күдіктене қарау сипаты тән болды. 19 ғасырда тарихнамада патриоттық тақырыпқа бой ұрушылық күшейді. Қытай интеллигенциясы Батыстың буржуазиялық ғылымымен таныса бастады. Йан Ю-вэй (1858-1927) еңбектерінде ежелгі мектептер теориясының дәстүрлері қайта жандана бастады.

20 ғасырда қытай тарихнамасында бір жағынан буржуазиялық идеалистік теориялар белең алса, екінші жағынан марксизммен бірте-бірте танысу процесі жүрді. Тарихи-материалистік идеялардың Қытай тарихнамасынан белді орын алуына көрнекті қытай марксисті Ли Да-чжао көп еңбек сіңірді. Тарихнама күрделі жолмен дамыды. Тарих ғылымының дамуына Ло Чжэнь-юй, Дун Цзо-бинь, Ван Го-вэй т. б. елеулі үлес қосты.

Гоминдан билік құрған жылдары (1927-1949) прогресшіл және реакциялық күштер арасында күшті идеологиялық күрес жүрді. Ресми тарнхнамада конфуцийлік идеялар, реакциялық буржуазия теориялар мен ашық ұлтшылдық уағыздалды. Сонымен қатар прогресшіл әдебиет дамып, Фань Вэнь-лань, Хоу Вай-лу т. б. еңбектері жарық көрді. 1941 жылы «Қытайдың қысқаша тарихы» басылып шықты.

ҚХР-дің құрылып, маркстік-лениндік идеологияның ғылыми творчествоның негізі болып жариялануы тарихнаманың дамуына мол мүмкіндіктер ашты. 1948-1958 жылдар тарих ғылымында едәуір ілгерілеушілік байқалды. Үш тарих институты, ҒА-ның Археология институты құрылды. Тарихи журналдар шыға бастады. Жаңа тарих тұрғысындағы көптеген документтер мен материалдар жарық көрді.

1959-1965 жылдар Қытай тарихшылары үшін елдегі саяси жағдайларға байланысты дағдарыс туғызды. 60 жылдардың 2-жартысындағы «мәдени революция» кезінде тарих ғылымы саласында кітап, журналдар шығарылмады. Көрнекті тарихшылар (У Хань, Цзянь Бо-цзань, Хоу Вай-лу т. б.) қуғынға ұшырады, ғылыми институттардың жұмысы тоқтап қалды. Осылың бері Қытай трихнамасының дамуын тежеді.

Экономика ғылымы. Қытайда экономикалық ой б.з. бұрынғы 1-мың жылдықта дами бастады. Ежелгі Қытайда философиялық ойдың жетекші мектептерінің: конфуцийшілдік, даосизм, моизм өкілдері арасында құлдық пен қауымның өзара қатынасы, қауымның экономикалық мүмкіншілігі мен кемшіліктері, мемлекеттің әкономикалық өмірге араласу дәрежесі жөнінде, мемлекеттік монополия, сауда, финанс жайындағы талас-тартыс ғасырлар бойына созылды. Конфуцийшілдер халық пен мемлекет дәулетін арттыруға айрықша мән беріп, байлықтың көзі еңбек деп санады. Ал моистер болса табиғат адамды тең етіп жаратқан деп сословиелік және ақсүйектік артықшылыққа қарсы шықты. Бұлар жеке меншікті жақтай отырып, ұсақ қолөнершілердің еңбегін өрістетуді, ел игілігі үшін жаппай еңбек етуді көкседі. Легистер мектебі мен оның ірі өкілі Хань Фэй мемлекеттің экономикалық және соғыс қуатын нығайтуға баса назар аударды. Феодалдық Қытайдағы Тайпин көтерілісі (1850-1864) кезінде өндіріс және өнімді бөлісу шеңберінде қоғамның барлық мүшелерін теңестіру негізінде әділетті қоғамдық құрылыс жасау идеясы туды. 19 ғасырдың аяғында Қытайдың прогресшіл интеллигенциясы арасында реформаторлар қозғалысы туды. Бұл қозғалыстың басшылары Йан Ю-вэй, Лян Ци-чао, Тань-сы-тун Қытай өзінің экономикалық және саяси мешеулігін батыстық жолға түссе ғана жоя алады деп санады. Реформаторлардың орнына революциялық демократиялық қозғалыс - суньятсенизм келді. Ұлы Октябрлық социалистік революциясынан кейін Қытайда марксизмді, оның ішінде К.Маркстің экономикалық ілімін тұңғыш насихаттаушы Ли Дачжао болды. Ол ғылыми коммунизмнің идеялары Қытайда барлық келелі мәселелерді шешуге бағыт сілтейді деп атап көрсетті. Қытайда маркстік қозғалыс феодалдық компрадорлық реакциямен, буржуазиялық реформизм идеологиясымен, ұсақ буржуазиялық стихиямен шиеленіскен күресте дамып нығайды. ҚХР құрылғаннан кейін 1949 жылдан 1958 жылға дейін кезеңде Қытайда социализм құру ісіне маркстік тұрғыдан қарау, СССР-дегі экономикалық құрылыстың тәжірибесін зерттеп пайдалану бағыты басым болды. Экономиканы зерттеп, экономика кадрларын даярлайтын ғылыми және оқу орындары ашылды (1966 жылға дейін): Пекинде Қытай ҒА-ның Экономика институты; Қытай ҒА Экономика институтының Шанхайдағы бөлімі, Чанчундегі халық университеті, Тяньцзиндегі Нанькай мемлекеттік университеті, Шанхайдағы Финанс-валюта институты т. б. Елдің экономика мәселелерін баяндап отыратын күнделікті баспасөз органдары ұйымдастырылды. Қытай жағдайында товарлы - ақша қатынастарын жоспарлаудың түрлері мен тәсілдерін пайдалануда экономиканың объективті заңдарының ықпал ету мәселелері талқыланды. Мұнда экономикалық ойдың осы екі бағыты ғылыми, маркстік-лениндік бағыт пен волюнтаристік, ұсақ бұржуазияшыл бағыт арасындағы күрес шиеленісе түсті. Мұның екіншісі «үлкен секіріс» және «мәдени революция» жылдары үстемдік алды. Қытайдағы социалистік құрылыстың теориялық заңдылығы жоққа шығарылып, әр түрлі «жаңа» әкономикалық теориялар етек алды. Сыртқы акономикалық саясатта социализм елдерінің әкономикалық жақындасуының объективті заңдылығын бекерге шығарды. Саясат пен экономика арақатынасының лениндік принципін бұрмалап, саясатты объективті әкономикалық зандылықпен санаспайтын «командалық күш» деп жариялау, экономикалық саясаттың материалистік негізден ауытқуы ҚХР-дің халық шаруашылығы қиыншылығын ауырлата түсті. Маоизм концепциясы волюнтаристік принципке негізделген.

Заң ғылымы. Қытайда заң ғылымының шығуы мен дамуы 2 мың жылдан астам уақыт бойы (20 ғасырдың басына дейін) саяси-этикалық мектептермен, легистік («фацзя» мектебі) және конфуцийшілдік мектептермен тығыз байланысты болды. Белгілі реформатор Шан Янның ізбасарлары б. з. б. 3 ғасырда жазған «Шань Цзюнь шу» трактатында («Шан облысын басқарушының кітабы», орысша ауд. 1968 ж.) легистер концепциясы толық баяндалды. Легизм негізін қалаушылардың бірі Гуань Чжон (б.з.б. 7 ғ.) ұсынған қағидаларды дамыта отырып, Шан Ян өз заманына лайықты жетілдірілген, қоғам және мемлекет өмірінде реттеуші роль атқаратын заңға деспоттық мемлекет моделін жасады. Легистер заң арқылы саяси және экономикалық акциялар жүргізуге болады деп есептеді. Мемлекеттік право саласында легистер бірқатар заң нормалары мен институттарын құрды. Бұлар кейін императорлық өкіметтің жаңа мемлекеттік құрылысының негізі болды. Легистердің заң жүйесіне конфуцийшілдер қарсы шығып, бұл ақсүйектердің позициясын әлсіретеді деп заңдылық атаулының бәрін айыптады. Конфуцийшілдер легистердің заң алдында барлығы бірдей деген концепциясына қарсы шықты. Олар аталы ақсүйектер мен әкімшілік заңнан жоғары тұру керек деп есептеді. Легистер мен конфуцийшілдер арасындағы күрес легистердің аз уақыттық жеңісімен аяқталды. Цинь империясы дәуірінде (б.з.б. 221-207) легистік концепциялар басқару негізіне алынды. Бірақ үстем тап заң алдында артықшылық алу үшін күресін тоқтатпады. Хань дәуірінде (б.з.б. 206 - б.з. 220) конфуцийшілдік билеуші таптың ресми идеологиясына айналды. Сөйтіп, конфуцийшілдер басқарушылардан бірсыпыра жеңілдіктер алды. Вэй династиясы билік құрған кезде (220-265) үстем тап артықшылықтарын қамтамасыз ететін заң қабылданды. Легизм мен конфуцийшілдік ықпалының шекарасы ашылуы да осы дәуірде басталып, 20 ғасыр басына дейін созылды. Легистер концепциясы әкімшілік және қылмыстық право саласында қолданылды, ал азаматтық, семьялық және басқа жеке праволар конфуцийшілдік мораль догмаларына негізделді.

Дәстүрлік заң нормалары жаңа дәуірде қытайдың экономикалық және саяси даму талаптарын қанағаттандыра алмады. 19 ғасыр аяғында реформашылар қозғалысы пайда болды. Бұл қозғалыстың жетекші өкілдері (Кан Ю-вәй, Лян Ци-чао басқалар) капиталистік дамуды тездету үшін буржуазиялық қайта құрулар жүргізуді, дәстүрлік заңдарды өзгертуді талап етті. Синьхай революциясы нәтижесінде өкіметтің императорлық жүйесі, онымен бірге көптеген дәстүрлік заңдар өзгертілді. 1921 жылы 10 наурызда ұлттық жиналыс Сунь Ятсеннің қатынасуымен жасалған Қытай республикасының уақытша конституциясын қабылдады. Бірақ елде бэйян милитаристері үстемдігінің, ал 1927 жылдан бастап Чанкайшилік диктатураның орнатылуы бұл конституция жариялаған демократиялық принциптердің орындалуына кедергі жасады. Демократиялық құрылысты 1927-1949 жылдар азат етілген аудандар территориясында ҚКП жүзеге асырды. 1931 жылы Қытай Совет Республикасы конституциясының жобасы қабылданып, Советтер формасындағы қоғамдық және мемлекеттік құрылыс принциптерін баянды етті.

1949 жылы Қытайда Халық республикасы құрылды. Осыған байланысты заңғылымы да жаңа бағытта дами бастады. Халықтық өкіметтің алғашқы жылдарында жарияланған еңбектер ғылыми-көпшілік сипат алды немесе саяси заң органдарының жұмысын қорытута арналды. 1935 жылы қытайлық саяси және заң ғылымдарының ассоциациясы құрылып, 1954 жылы праволық «Чжэн-фа яньцзю» («Саясатты және правоны зерттеу») атты журнал шығара бастады. 1958 жылы Қытай ҒА-ның Праволық және саяси ғылымдарды зерттеу институты құрылды.

60 жылдардың басында Қытайда право ғылымы ауыр дағдарысқа ұшырады: заң ғылымы саласындағы еңбектер «Мао-Цзэдун идеяларын» мадақтауға, СССР және басқа да социалистік елдер заң ғылымдарының шығармаларын сынауға арналды.

Тіл білімі. Қытайда қытай тілін зерттеу 20 ғасырға дейін дәстүрлі филологиялық шеңберде классикалық текстерді талдау негізінде жүргізілді. Диалектілер, буынның құрамы мен құрылымы, иероглифика зерттелді. Етістік пен есімдерге сай келетін «ши цзы» және «сюй цзы» («толық» және «бос» сөздер), «хо цзы» және «сы цзы» («тірі» және «өлі» сөздер) түсінігі енгізілуі грамматикалық талдаудың бастамасы болды. Қытай тілі мен жазуы жөнінде алғашқы деректер б. з. бас кезіне саяды. Ертедегі Эр-я түсіндірме сөздігінің соңғы редакциясы б.з.б. 3 ғасырда жасалды. Ертедегі классикалық текстерді түсіндіруде, мыс., Чжу Си (12 ғ.) түсініктемесінде ертедегі қытай тілі туралы филологиялық мәліметтер бар. 17 ғасырдың басында иероглифтік «Канси цзы-дянь» және «Пәй вэнь юнь фу» үндестік сөздігі жасалды. Шын мағынасындағы лингвистік тұрғыда қытай тілің зерттеу 1898 жылы Ма Цзянь-чжунның «Маши вәнь тун» грамматикасынан басталды. Осы және бұдан кейінгі грамматикалар европалық ғылым ықпалымен жасалған еді. Тарих, грамматика, лексикология, фонетика т.б. жөніндегі нұсқалы зерттеулер 20 ғасырдың 30 жылдарында жарық көрді. 30 жылдарда жазуды латынға айналдыру жобасы жасалды. 50 жылдары ҚХР-да лингвистік жұмыс кең көлемде жүргізілді: Тіл білімі институты құрылып, «Чжунго юйвәнь» («Қытай тілі»), «Юйвэнь сюэси» («Тіл оқуы»), «Вэньцзы гайгэ» («Жазу реформасы») журналдары шығарылды. Қытай ғалымдары фонетикалық алфавит жобасын жасау, жазу реформасын дайындау жөнінде елеулі жұмыстар жүргізді. «Мәдени революция» жылдарында (60 жылдардың 2-жартысы) тілді зерттеу жұмысы тоқтап қалды.

Ғылыми мекемелері. 1949 жылдың аяқ кезіяде ҚХР ҒА құрылды. 1949 жылы 40 ғылыми-зерттеу мекемелері болды. 1952 жылы ғылыми мекемелерде 10 мыңға жуық зерттеуші және инженерлер жұмыс істеді. 1958 жылы Пекинде Медициналық ҒА ұйымдастырылып, ол 12 бөлімді біріктірді. 1957 жылы негізі қаланған Ауыл шаруашылық ҒА-ның қарауында 31 ғылыми-зерттеу институттары мен 100-ге жуық ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу станциялары болды. Ғылыми-зерттеулердің бірқатарын жоғары оқу орындары жүргізді.

1958 жылы Қытайда 848 ғылыми-зерттеу ұйымдары жұмыс істеді. Оның 170-і ірі зерттеулермен, 415-і өнеркәсіп және жол қатынасы саласындағы зерттеулермен, 134-і ауыл шаруашылық, 101-і медицина, 28-і басқа ғылымдар саласындағы зерттеулермен шұғылданды. 1958 жылы ғылыми-зерттеу мекемелерінде 118,6 мың адам қызмет істеді. Оның 32,5 мыңы ғылыми қызметкер (олардың 1,5 мыңы ғылыми докторы). Қытайдағы «үлкен секіріс» кезінде ғылыми-зерттеу ұйымдарының жүйесі артты, бірақ олардың көпшілігі елдегі мүмкіндіктерді ескермей құрылғандықтан, оларды жабдықтау, кадрлармен толықтыру жағы нашар болды. 1958 жылы Әскери ҒА, Геологиялық ҒА құрылды.

«Реттеу» саясатына көшу ғылыми кадрлардың өсуіне жағдай туғызды. 1965 жылы зерттеу мекемелерінде 425 мың адам қызмет істеді. Олардың 53 мыңы ғылыми қызметкер еді, оның 3,5 мыңы ҒА жүйесінде еңбек етті.

«Мәдени революция» ғылым кадрларына үлкен зиян келтірді. Ол әсіресе қоғамдық ғылымдар саласында қатты байқалды. Осы кезеңде Қытай ғылымын милитаризациялау күшейді.

1967 жылы армия Қытай ҒА-н бақылауға алды. Қытай өкіметінің басшылары әскери өндіріс саласында жұмыс істейтін ғылыми мекемелерді «мәдени революция» ықпалынан арашалап қалуға тырысты. «Мәдени революция» кезінде көптеген ғылыми қоғамдардың журналдары шықпай қалды. Бұл қезеңнен кейін, Қытай ҒА-ның басқада ғылыми мекемелердің жұмысы қайтадан жөнге келтіріле бастады. Дегенмен гуманитарлық саладағы ғылыми мекемелердің жағдайы қиын және қайшылықты күйінде қалып отыр. Қытайда барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарын Ғылым және техникалық жөніндегі мемлекеттік комиссия мен Мемлекеттік жоспарлау комиссиясы т. б. органдар арқылы Мемлекеттік кеңес басқарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру ҒА-на жүктелген.

Баспасөз, радиохабар және телевизиясы. 1958 жылы ҚХР-де 1884 газет пен 818 журнал шығып тұрды. 60 жылдардың 2-жартысындағы «мәдени революция» көзінде көптеген орталық және провинциялық газеттер мен  журналдар, қоғамдық ұйымдардың барлық органдары, салалық және жергілікті басылымдар жабылды. 1968 жылы 55 газет пен журнал шықты. ҚХР-дің Пекинде шығатын басты басылымдары: «Жэньминь жибао» («Халық газеті», 1948 жылдан, Қытай компартиясы ОК органы), «Гуанмин жибао» («Шұғыла газеті», 1949 жылдан, Қытай демократиялық партияларының органы) газеттері мен «Хунци» («Қызыл ту», 1958 - жылдан, Қытай компартиясы ОК органы) журналы. Орталық және жергілікті газеттерге хабарды негізінен Синьхуа телеграф агенттігі (1937 жылы қаңтарда құрылған. 1949 жылы қазаннан ҚХР-дің Пекиндегі ресми телеграф агенттігі) беріп тұрады.

Қытайда тұңғыш радиохабарын тарату станциясы 1927 жылы Шанхайда құрылған. ҚХР жарияланған (1949) соң Пекинде Орталық халықтық радиохабарын тарату станциясы ұйымдастырылды. Ол 5 қытай диалектісінде және басты ұлттар тілдерінде хабар береді. Шетел хабарлары 30-дан астам шет тілінде жүргізіледі. ҚХР-да телевизия станциясы Пекин мен Шанхайда 1958 жылы салынды. 1965 жылы 13 телестанция жұмыс істеді.

Әдебиеті. 3 мың жылдық ұзақ тарихы бар қытай әдебиеті - дүние жүзіндегі ең көне әдебиеттердің бірі. Ежелгі Қытай әдебиетінің алғашқы поэтикалық ірі туындысы - «Шицзин» («Жыр кітабы», б.з.б. 11-6 ғ.) халық өлеңдері мен әдет-салт жоралары жырларының жиынтығы. Онда бұқара халықтың ой-сезімі, мұң-сыры бейнеленген, ел билеуші әкімдердің озбырлығы шенелген. Есімі елге танымал қытай ақыны Цюй Юань және оның шәкірті Сун Юйдің (б.з.б. 3 ғ.) т. б. өлеңдері мен поэмаларының негізгі тақырыбы - әділеттік үшін күрес, туған жерге, халыққа дегең махаббат. Философиялық және тарихи проза поэзияға карағанда кеш дамыды. Оның бел алған шағы б.з.б. 5-3 ғасырлар. Бұл кездегі көркем прозадан «Гоюй» («Патшалықтар тарихы»), «Чуньцю» («Жылнама»), философия трактаттардан «Чжуан-цзы», «Сюнь-цзы» т. б. шығармаларды атауға болады.

Сыма Цяньның (б.з.б. 1 ғасырдың басында) «Ши цзиі» («Тарихи жазбалар»), Бань Гудің (32-92) «Хань шуі» («Хань тарихы») және т.б. көптеген шығармалар - Хань дәуіріндегі (б.з.б. 206 – б.з. 220) прозаның әйгілі ескерткіштері. Поэтикалық мұраның ішінде халық өмірін жырлаған лирикалық және сатиралық халықтық ән-жырдың (юэфудың) орны ерекше болды. Тан дәуірінде поэзия мен новелла үрдіс дамыды. Ли Бо (701-762) мен Ван Вэй (699 не 701-759 не 761) т.б. өлеңдері кең тарады. Аса көрнекті ақын Ду Фу (712-770) мен Бо Цзюй-и (772-846) творчествосында үстем таптың озбырлығы әшкереленіп, халыққа деген жанашырлық сезім басым түсіп жатты. Көркем прозаның дамуында бұл тұстағы новеллаларды (Бо Син-цзянь, Ли Гун-цзо, Юань Чжэнь т. б. шығармаларын) ерекше атауға болады. Юань әулеті билік жүргізген (1289-1368) дәуірдің басында қытай драмасы өркен жайды Гуань Хань-цин («Доу Энің реніші»); Ван Ши-фу («Батыс флигель»); Ма Чжи-юань («Хань сарайының күзі»). Мин әулеті кезінде қытай әдебиетінде романдар туа бастады: «Үш патшалық» (Ло Гуань-чжун, 14 ғ.), фантастикалық роман - «Батысқа саяхат» (У Чэнь-энь, 16 ғ.) т.б. Цин дәуірінде жазылған Кун Шан-жэньның (1648-1718) «Шабдалы гүлді желпуіш» атты трагедиясында елдегі ауыртпалықтан туған халық тақсіреті баяндалған. 18 ғасырдағы шоқтығы биік роман - Цао Сюэ-циньнің (1715 ж. ш. 1762) «Қызыл күркедегі түс» атты шығармасы. Мұнда феодалдық аристократтардың моральдық азғындығы әшкереленген.

19 ғасырдың 60 жылдарынан бастап қытай халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық жолындағы күресі әдебиеттен көрініс тапты. Қытай әдебиетін демократияландыру қозғалысы басталды. Ұлы социалистік революциясының әсерімен өріс алған «4 май» (1919) қозғалысы Қытайда жаңа әдебиеттің қалыптасуында үлкен роль атқарды. Жаңа әдебиетте реализмнің негізін қалаушы Лу Синь (1881-1936) болды. 1921-1922 жылдар реалистік бағыттағы (Мао Дунь бастаған «Әдебиет зерттеу қоғамы») және революциялық романтикалық бағыттағы [Го Можо І (1892 ж. т.) бастаған «Творчество»] әдеби топтар құрылды. Жаңа мәдениетті жақтаушылардың ішінен буржуазиялық-либералдық топ (Ху Ши, 1891-1916, «Ай жаңасы» қоғамы) пен 1925-1927 жылдардағы революция кезінде күшейе түскен революциялық ағым (Цзян Гуанцы, 1901-1931; Жоу Ши, 1901-1931; Инь Фу, 1909-1931; Ху Е-пинь, 1903-1931) ерекше көзге түсті. 1930 жылы құрылған Лу Синь және Қытай компартиясының көрнекті қайраткері Цюй Цю-бс (1899-1935) бастаған Солшыл жазушылар лигасы революциялық әдеби топтарды біріктірді.

Қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі кезінде патриоттық әдебиеттің шағын формалары - очерк, тақпақтық өлең-жыр, насихаттық сипаттағы пьесалар көбейді. Жапон империалистері жеңілгеннен кейін (1945) қытайдың прогресшіл әдебиеті елдің демократиялық бағытта дамуына ат салысты.

Халықтық революцияның салтанаты, 1949 жылы ҚХР-дің құрылуы социалистік құрылыс және жаңа адамдар жайында шығармалар жазуға мүмкіндіктер туғызды. Коммунистер басшылығындағы жұмысшы, шаруа өмірі және олардың еңбегі, халықтың ерлігі - 50 жылдарда туған әдеби туындылардың ортақ тақырыбы. Бұл тұстағы поэзия бейбітшілік, халықтар арасындағы достық тақырыбына арналды. Қытайдағы аз ұлттар - монғол, ұйғыр, қазақ әдебиеті өкілдерінің творчествосы да таныла бастады. Социалистік елдер жазушыларымен, дүние жүзілік прогресшіл әдебиетпен тығыз байланыс орнатылды. Совет және басқа да социалистік елдер әдебиеті Қытай тіліне аударылды. Алайда 50 жылдардың соңында мәдени өмірде сектанттық, догмалық тенденциялар бел ала бастады, буржуазиялық және феодалдық идеологияның қалдығын сынау тым жалаң-тұрпайы сипат алды. «Жат пікірдегілерге» әкімшілік жолымен ықпал жасау шаралары қолданылды, әр алуан «сынау науқандары» ұйымдастырылды, Дин Лин, Ай Цин, Фэн Сюэфэн т. б. жазушылар қуғындалды.

«Революциялық романтизмді революциялық реализммен ұштастыру» - 1958 жыл қытай әдебиетінде басшылыққа алынған творчестволық әдіс болатын. Бірақ іс жүзінде жазушылардың қытайдағы оқиғаларға ымырашылдықпен қарауы талап етілді. Әуесқойлық сипаттағы арзанқол шығармаларға кең жол ашылды. 60 жылдардың орта шенінен «мәдени революция» басталысымен жаңадан көркем шығарма, аударма әдебиет шығару тіптен тоқтатылды. Тек «Мао Цзәдун идеяларын» мадақтаған әсіре қызыл «еңбектер» ғана жарық көрді. Қытай жазушылары одағының (1949 ж. құрылған) жұмысы тоқырауға ұшырады. 1966 жылы «Жэньминь вэнь-сюэ», «Вэньи бао», «Цзюй бэнь», «Шикань», «Шицзә вэньсюэ» т.б. әдеби журналдар жабылды. 1972 жылдың басынан бастап әдебиеттік саласында қайтадан жанданушылық байқала бастады. Бірақ революциялық және демократтық бағыттағы әдеби шығармаларды насихаттау ісіне қатаң шек қойылды.

Қытай прогресшіл ақын-жазушыларының шығармалары совет халықтарының көптеген тілдерінде үнемі жарияланып келеді. Қазақ тілінде де бірқатар шығармалар аударылып жеке кітап болып басылды (Лу Синь «Әңгімелері», 1951, 1958; Го Мо-жо «Әңгімелері», 1958; Лао Шэнің «Рикша» романы, 1960; «Мысықтар шаһары» повесі, 1972 т. б.).

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Қытай өнерінің ежелгі ескерткіштері б.з.б. 3-мың жылдыққа саяды. Неолит дәуірінде жасалған керамикалық бұйымдар бертінгі ғасырларға дейін сақталған. Инь мемлекеті (Шан; б. з. б. 2-мың жылдық) тұсында айналасы дуалмен қоршалған қалалар (ортасында монарх-вандардың сарайлары орналасқан) пайда болды. Тұрмыс қажетіне, сондай-ақ салт-жора мейрамдары кезінде қолданылатын ыдыстардың өрнегіндегі ғажайып тапқырлық, пішінінің әр алуандығы мен қол жұмысының нәзіктігі қола дәуіріндегі қытай өнерінің өзіндік ерекшелігін танытады. Б. з. б. 1-мың жылдықтың орта шенінде Қытайдың орта ғасырлық сәулет өнеріне негіз болған архитектура дамыды. Ғимараттардың орналасуы мен қабырға ұзындығын, көшелердің кеңдігін т. б. нақтылы көрсететін ережелер («Чжоу-ли», б.з.б. 3 ғ.) шықты. Тушьпен жазылған бүктеме қағазды суреттер де осы тұста көріне бастады. Біздің заманымызға жеткен жібек матадағы тұңғыш картина (Чанша қаласындағы қабірханадан табылған; Пекин, Гугун музейі) Чжаньго дәуірінің туындысы.

Цинь мемлекеті (б.з.б. 221-207) кезінде Қытайдың жолы қорғанының негізгі бөліктері салына бастады. Хань дәуіріндегі (б.з.б. 3 ғ. - б.з. 3 ғ.) бейнелеу өнерінде Азиядағы көрші халықтар мәдениетінің ықпалы болды. Б. з. 1 ғасырында буддизмнің таралуы және тұрпатты ғибадатханалар (Юньган, Лунмынь, Майцзишань т. б.), мұнара-пагодалар салуға әсер етті. Тан (618-907) және Сун (960-1279) мемлекеті дәуірден тұрған кезде қытай мәдениеті жан-жақты өркен жайды. Тан дәуірінде монументті мүсін мен архитектура кең өріс алды. Сун дәуірінде салынған пагодалар (Ханчжоудағы Баочу, 968; Люхета, 970-1156; Кайфындағы Тета немесе «Темір» пагода, 1041-1048; Сучжоудағы Бэйсыта, 1031-1062) құрылыс ісінің күрделі әрі беріктігімен ерекшеленді. Қытайдың орта ғасырлық өнері (әсіресе кескіндеме) жоғары сатыға көтерілді. Го Си мен Ми Фэй өз шығармаларында табиғат көріністерін неғұрлым жинақы образдармен бейнелеуге ұмтылды. Табиғат көріністерін бейнелейтін шығармалардағы философиялық бағыт кескіндеменің басқа жанрларына, оның ішінде жаратылыстың болмашы фрагменттерімен-ақ үлкен философиялық ой тастайтын «гүл-құс» жанрына (Цуй Бо, «Бамбук және көк құтан», 1070 ж. ш., Пекин, Гугун музейі) ықпал етті. 18-19 ғасырларда шетелдік басқыншылар мен феодалдық билеушілердің езгісіне ұшыраған Қытай өнері біршама құлдырады. Осыған қарамастан халықтық ойма, фарфор, лак, эмаль, оқа мен кесте өнері жоғары дәрежеде дамып, оның бұйымдары дүние жүзіне шығарылып тұрды. 19 ғасырдың 2-жартысында қытай мәдениеті құлдырап кетті. Ірі қалаларда (Шанхай, Тяньцзинь, Нанкин, Гуанчжоу) европалық үлгідегі эклектикалық ғимараттар салынды. Демократиялық бағыттағы гравюра мен халықтық ойма өнері (ағаш) ғана халық өміріне етене жақын болды. Дәстүрлі өнерді өмірге бейімдеп, табиғат сұлулығын барынша айқын көрсетуге (Гохуа) ден қойған алғашқы қыл қалам шеберлері Жэнь Бо-нянь, У Чан-ши, Чэнь Ши-цзэн, Гао Цзянь-фу болды. Осы тұста европалық үлгідегі майлы бояулы кескіндеме дүниеге келді.

Ұлы социалистік революциясы Қытайда демократиялық күштердің өрлеуіне қозғау салды. 1920 жылдары плакат пен жаңа үлгідегі гравюра пайда болды; революция карикатура қалыптасты. Лу Синь атындағы өнер академиясы құрылып (1938), оның төңірегіне қазіргі заман шеберлерінің топтасуымен байланысты халық өміріне етеңе жақын гравюра өркен жайды. Гу Юанъ, Ли Хуа, Ма Да т. б. өз шығармаларында өнердегі дәстүрлі ұтқырлық пен ықшамдылықты өмірге деген жаңа көзқараспен тығыз байланыстырып отырды.

1949 жылы ҚХР-дің құрылуы демократиялық мәдениеттің дамуына кең жол ашты. Императорлық сарайлар мен бау-бақтар музей, парктерге айналып, қала құрылыстары жанданды. Көптеген тұрғын үйлер, ративтік элементтерді қазіргі құрылыс тәсілдерімен сындастыра қолдану (Халық өкілдерінің бүкіл қытай-қоғамдық ғимараттар салынып, көшелер мен алаңдар кеңейтілді. 50 жылдардың соңында микроаудандар салу ісі қолға алынды. Жобалау мен құрылыс жұмыстарына СССР мен социалистік елдер мамандары зор көмек көрсетті. 1950 жылдары дәстүрлі қытай сәулет өнеріндегі деколық жиналыс үйі, «Пекин», «Достык» мейманханалары, Пекиндегі Орталық вокзал; бәрі де Пекинде) өрістеді. ҚХР кескіндемесінен Ци Бай-ши, Пан Тянь-шоу, Хуан Бинь-хун және Сюй Бәй-хун творчествосы елеулі орын алды. Бұлар қытай кескіндемесінің бұдан әрі дамуына игі қадам жасады. Ци Бай-ши табиғат көрінісін салуда «гүл-құс» жанрына тән дәстүрлі тәсілдерді сәтті қолдана отырып, табиғат сұлулығын айқын ашып берді. Сюй Бэй-хун «гохуа» суреттеріне тән тәсілдерді қазіргі европалық өнермен ұштастыра отырып, замандастарының жаңа тұлғасын - жұмысшылар мен мәдениет қайраткерлерінің портреттерін салды. Бұл тәсілді Ли Кэ-жань, Цзян Чжао-хэ өздерінің тұрмыстық, сондай-ақ табиғат көріністерін бейнелеген картиналарында пайдаланды. Сән және қосалқы өнердің көптеген салалары қанат жайып, көркем ою-өрнектің алуан түрі дүниеге келді. Әсіресе мата өрнектеу, кесте тігу өріс алды. Бейнелеу өнері «мәдени революция» жылдары өте құлдырап кетті. Бұл кезеңде «мәдени революция» мен «Мао идеяларына» арналған саяси плакаттар ғана шығарылды.

1972 жылдың басынан өнер саласында ішінара жандану (Көркем сурет пен халық қол өнері бұйымдарының бүкіл қытайлық көрмесі) байқалды.

Музыкасы. Қытай музыкасы дүние жүзіндегі ең көне мәдени мұралардың бірінен саналады. Б.з.б. 11-6 ғасырдардағы жазбаларда кездесетін «юэ» (музыка) сөзі поэзия, би, бейнелеу өнері деген ұғымдарды да қамтыған. Қытай жазба музыкасының тарихы «Шицзин» («Жыр кітабы», б. з. б. 11-6 ғ.) кітабынан басталады. Бұл кітапқаханалық әндері мен салт-жора гимндері енген. Б. з. б. 6 ғасырда би мен ән бір-бірінен ажыратылып, ән өз алдына өнердің бір түріне айналды. Ежелгі қытай философтары негізінен музыканың практикалық мәніне ден қойды; Конфуций тамаша музыканың мемлекеттік құрылысқа игі әсері тиетіндіктен, оның арнайы структуралық құрылымы болу керек деп тұжырымдады. Қытайда ежелден люй (қатар, өлшеді) деп аталатың музыкалық жүйе белгілі. Дәстүрлі қытай оркестрінде 100-ге тарта музыкалық аспаптар қолданылады. Олардың негізгідері:                              ішекті - сэ, цинь, нипа, ху (эрху, сыху, баньху); үрлемелі сяо, пайсяо, шэн; соқпалы - барабан, шылдырмақ қоңыраулар т. б. Қытайдың халық әніне көбіне бір дауысты қайталама ырғақ тән. Б.з.б. 5 ғасырдан бастап конфуцийшілдік идеяның еріс алуына байланысты, музыканың қоғамдық мәні артты. Хань кезеңінде (б.з.б. 206 - б.з. 220) музыкалық өнері одан әрі дамыды; музыкалық фольклорды жинау әрі зерттеу жұмысымен Юэфу (арнайы музыкалық палата) шұғылданды. Б.з. 3-6 ғасырлардағы Қытай музыкасына дао-буддалық көзқарастың өсері тиді. Тан кезеңіндегі (б. з. 7-10 ғ.) жалпы мәдени өрлеуге байланысты музыкалық білім беру дәрежесі артып, тұңғыш сарайлық профессионал актерлер труппасы құрылды. Сун кезеңінде (10-13 ғ.) біршама өзгерістерге ұшыраған конфуцийлік музыкалық теориясы өріс алды. 13 ғасырларда демократиялық бағыттағы музыкалық жанрлары өркендеді. 17 ғасырдан бастап Қытай музыкасы өзінің дәстүрлі қалпын сақтап келгенімен, 18-19 ғасырларда оны демократияландыру тенденциялары байқалды. Бұл 19-20 ғасырдың қарсаңында күшейе түсті.

«4 май» қозғалысынан (1919) кейін революциялық жастар өкілдері Европа елдерінен музыкалық білім алып, Қытай музыкасын шетелдік өнер жетістіктерімен байытуға (солардың бірі - Си Син-хай) ұмтылды. 1932 жылы композитор Не Эр (ҚХР-дің мемлекеттік гимніне айналған «Еріктілер маршы» әнінің авторы) мен Люй Цзи ұйымдастырған музыканттардың революциялық тобы жапон басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде кең тараған бұқаралық патриоттық әндер шығарды.

1949 жылы Әдебиет пен өнердің бүкіл қытайлық ассоциациясы ұйымдастырылды. 1953 жылы осы ассоциацияның жанынан Қытай композиторлар одағы құрылды. 1950 жылдардың соңындағы Қытай музыкасынан жалаң, тұрпайы шығармалар орын ала бастады. 60 жылдардың басында, әсіресе «мәдени революция» кезінде музыка негізінен қытай басшыларының саяси ұрандарына ғана үн қосты.

«Мәдени революция» кезінде 1966 жылға дейін жазылған шетелдік және қытай музыкасының орындалуына тыйым салынды. 1970 жылдары музыканттар репертуарына халық өнері туындыларының тек ресми іріктелгендерін ғана енгізуге рұқсат етілді. 1972 жылы «мәдени революция» кезінде туған, жаппай айтуға міндеттелген ән-жырлардың жинағы баспадан шықты. 1970 жылдың басында 3 консерватория (Пекин, Тяньцзинь, Шанхай қалаларында), 4 музыкалық институт (Ухань, Шэньян, Сиань, Чэнду қалаларында) жұмыс істеді. «Мәдени революция» тұсында бұл оқу орындарында жүйелі оқыту ісі жүргізілмеді.

Театры. Қытайдың театр өнері халық ән-биі мен мейрамдарға, діни салт-жораларға арналған сауықтар негізінде, сондай-ақ цирк жанрының көптеген элементтерін қамтитын «бай си» («жүз ойын-сауық») ойыны түрінде пайда болған. Б.з.б. 2-1 мың жылдықтың жазба ескерткіштерінде «чан-ю» («әнші актер»), «пай-ю» («қуақы», «комик») деген терминдер кездеседі. Хань дәуірінде (б.з.б. 3 ғ. - б.з. 3 ғ.) қалалардың өркендеп, қолөнер кәсібі орындарының көбеюі театр өнерінің дамуына әсер етті. Бай си ойынына тұрмыстық көріністер ене бастады. Тан дәуірінде (7-10 ғ.) ән мен бидің сахналық жаңа формасы - дацюй пайда болды. Мұның өзі музыка мен әннің, би мен пантомиманың элементтерін біріктірген негізгі театрлық формаға айналды. 8 ғасырдың орта шенінде Тан императоры Сюань-цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын «Алмұрт бағы» («Лиюань») атты театр мектебі құрылды. 13-14 ғасырларда Қытай театры кемелдене түсті. 14-17 ғасырларда драматургияға қатал цензура тағайындалды; бірқатар спектакльдердің қойылуына тыйым салынды. 17-19 ғасырларда көптеген жергілікті театрлар:    банцзы, цинь-цян, юэцзюй т.б. құрылды. 19 ғасырдың орта шенінде осы театрлар негізінде пекиндік музыкалық драма (цзинси) дүниеге келді. Бұл бірте-бірте қытайдың жалпы ұлттық классикалық музыкалық драмасына айналды. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.

Белгілі бір затты қиялда елестету арқылы ойнау, ойды шартты тәсілдермен, қимыл және ым-ишарамен білдіру - қытай театрындағы актерлік өнердің негізгі ерекшелігі болын табылады. Грим мен костюмде түр- түстердің символикасына, ою-өрнекке ерекше мән беріледі. Қытай театрында амплуа жүйесі берік қалыптасқан. 20 ғасырдың басында демократиялық және революциялық ықпалдың күшеюіне байланысты қазіргі драма театры қалыптаса бастды. 1907 жылы Жапонияда оқып жүрген студенттер «Көктем талшыбығы» («Чуньлюшә») деп аталатын тұңғыш драмалық труппа ұйымдастырды, онда Европа драматургтарының пьесалары қойылды. Осы жылы тұңғыш профессионалдық драма театры «Көктем күні» («Чуньяншэ») құрылды. 1927 жылы Шанхайда қазіргі және дәстүрлі театр драматургтары мен актерлері, прогресшіл театр қайраткерлері «Оңтүстік қоғамға» («Наньгошэ») бірікті. 1930 жылы Театр қайраткерлерінің солшыл лигасы пайда болды. 30 жылдары театрларда орыс және Батыс Европалық драматургтарының, сондай-ақ қытай қаламгерлерінің шығармалары қойылды.

ҚХР құрылғаннан кейін (1949) театрларға реформа жасау комитегі ұйымдастырылды. 1952 жылы театр мен драманың бүкіл қытайлық 1-байқауында реформаның қорытындылары шығарылды. Мэй Лань-фан, Чжоу Синь-фан, Чэн Янь-цю сынды белгілі қытай актерлері Құрметті сыйлықтарға ие болды.

1963-1964 жылдар театр «революциясы» салдарынан классикалық пьесалардың орнына «қазіргі заманғы революциялық пьесаларды» қабылдау жөнінде мәселе қойылды. Осының нәтижесінде қытай театры творчестволық тоқырауға ұшырады. І964 жылғы 20-дан аса профессионалдық коллективтен 1970 жылы 9-ы ғана қалды. Актерлер мен режиссерлердің аға буыны қызметтен қуғындалды.

50 жылдары жанында балетмейстерлер курсы бар Пекин хореографиялық училищесі құрылды. Бұл курсқа совет педагогтары В.И. Цаплин мен П.А.Гусев басшылық етті. 60 жылдардың соңында жұмысшы-шаруа солдаттарының балет труппасы ұйымдастырылды. Қытайдың балет өнерінде европалық балет тәсілдері мен ұлттық би элементтері пайдаланылады.

Киносы. Көркем фильм 1913 жылдан шығарыла бастағанымен, қытай кинематографиясы шетелдіктердің қолында болды. Қытай фирмасының тұңғыш фильмі 1917 жылы жарық көрді. 20 жылдардан бастап киностудияларда прогресшіл интеллигенция өкілдері қызмет істей бастады. Осы кезеңде шыққан фильмдер қоғамдық мәселелерді қозғап, патриоттық сезімді оятты; жапон басқыншыларына қарсы күреске шақырды. Осы тұста Юань Лин-юй, Цзинь Янь, Юань Му-чжи сынды талантты актерлер шықты. «Балықшы әні» фильмі (1935, реж. Цай Чушіэн) дүние жүзіне белгілі болды. Жапониямен соғыс кезінде (1937-1945) фильм шығару күрт төмендеді. 1945 жылдан кейін экранға негізінен гоминьдан саясатын уағыздаған Голливуд (АҚШ) фильмдері қойылды. Ішінара прогресшіл фильмдер де («Көктемгі тасқын шығысқа қарап ағады», реж. Цай Чу-шэн және Чжән Цзюнь-ли; т. б.) жарық көрді. Шетел басқыншыларынан азат етілген Қытай жерінде 1949 жылы қытай еңбекшілерінің қаһармандығын бейнелеген «Көпір» (реж. Ван Бинь) атты тұңғыш көркем фильм экранға шықты. ҚХР құрылғаннан кейін кино кәсіпорындары мемлекет қарамағына көшті. 50 жылдары жарық көрген фильмдері: «Қытай қызы» (реж. Лин Цзы-фэн және Чжай Цян), «Құрыш солдат» (реж. Чэнь Инь), «Ақ шашты қыз» (реж. Ван Бинь және Чжан Шуйхуа), «Партия қызы» (реж. Линь Нун) т.б. Бірқатар фильмдер СССР-мен бірлесіп жасалды. 1950 жылы Пекинде кинематография институты ашылды. 1956-1957 жылдары аралығында 78 кинокартина шығарылды. 1959 жылы 33 киностудия жұмыс істеді. Негізгі кинематографиялық орталықтары - Пекин, Шанхай, Чан-чунь. 1960 жылдан бастап тарихи-революциялық фильмдер шығаруға, ұлттық классиканы экрандауға ден қойылды («Ақпан - ерте көктем айы», реж. Сө Те-ли; «Шығыс теңізінің толқыны», реж. Цай Чу-шән; «Доу Энің реніші», реж. Чжан Синь-ши, Гуань Хань-цинның пьесасы бойынша т.б.). Қытайда 1961 жылдан бастап совет фильмдері бірте-бірте көрсетілмейтін болды.

«Мәдени революция» басталғаннан кейін 60 жылдардың орта шенінде көркем фильм көрсету тоқтатылды; негізінен ресми қабылдаулар мен мерекелерге арналған документті фильмдер қойылды.

1969 жылдан кейін «үлгілі» балет пен опералар негізінде («Әйелдердің қызыл батальоны» балетінің ізімен) жасалған кейбір фильмдер мен телефильмдер пайда болды. 60 жылдардың 1-жартысындағы көркем фильмдердің ішінен Мао Цзэ-дунның «халықтық соғыс» идеясын дәріптейтін «Жерасты соғысы» фильмі көрсетілді. Қытай кинопрокатына ішінара Албания, ҚХДР, ВДР көркем фильмдері түсіп тұрады.

Әдеб.: Маркс К. Революция в Китае и в Европе. Маркс К. и Энгельс Ф., Соч., 2 изд., т. 9; Англо-китайский конфликт, -т.12; Английские жестокости в Китае. Новая китайская война, -т.13; Энгельс Ф., Новая әкспедиция англичан в Китай, т. 12; Персия и Китай; Ленин В. И. Қытай соғысы, Шығ., 4 т., 392 б.; Қытайдағы демократия және халықшылдық, Шығ., 18-т., 158-6.; Жаңарған Қытай, 409-6.; Қытай республикасының ірі табысы, Шығ., 19-т., 9-6; Қытайдағы партия күресі, Азияның оянуы, 67-6.; Артта қалған Европа және алдыңғы қатарлы Азия, 82 б.; Физическая география Китая, М., 1964; Физико-географическое районирование Китая. Сб. ст., [пер. с кит.], в.1, М., 1957; Петров М. П. Пустыни Центральной Азии, т. 1-2, М.-Л., 1966-1967; Ли Сы-гуан, Геология Китая, пер. с англ., М., 1952; Стратегия и тактика Коминтерна в национально-колониальной революции на примере Китая. Сб. документов, М., 1934; Русско-китайские отношения в XVII в., Материалы и документы, т. 1-2, М., 1969-1972; Русско-китаиские отношения. 1689-1916, Официальные документы, М., 1958; Советско-китайские отношения. 1917-1957. Сб. документов М., 1959;. Итс Р. Ф., Смолин Г.Я. Очерки истории Китая с древнейших времен до середины XVII в., Л., 1961; Новая история Китая, М., 1972; Новейшая история Китая, 1917-1970, М., 1972; Китай и соседи в древности и средневековье. [Сб. ст.], М., 1970; Переломов Л. С. Империя Цинь - первое централизованное государство в Китае (221-202 г. до н. э.), М., 1962; Илюшечкин В. П. Крестьянская война тайпинов, М., 1967; Тихвинский С. Л. Движение за реформы в Китае в конце XIX в. и Кан Ю-вәй, М., 1959; Сунь Ятсен. Внешнеполитические воззрения и практика, М., 1964; Синьхайская революция в Китае. Сб. документов, М., 1962; Движение «4 мая» 1919 года в Китае. Сб. ст., М., 1971; Юрьев М. Ф., Революция 1925-1927 гг. в Китае, М., 1968; Астафьев Г. В. Интервенция США в Китае и её поражение (1945-1949 гг.), М., 1958; Борисов О.Б., Колосков Б.Т., Советско-китайские отношения, 1945-1970. Краткий очерк, М., 1971; Ленин и проблемы современного Китая. [Сб. ст.], М., 1971; Ленинская политика СССР в отношении Китая. [Сб. ст.], М., 1968; Капица М. С., КНР: два десятилетия - две политики, М., 1969; Внешняя политика КНР, М., 1971; Антимарксистская сущность взглядов и политики Мао Цзэ-дуна. Сб. ст., М., 1969; Опасный курс. По поводу событий в Китае, в. 1-3, М., 1969-1972; Румянцев А. М., Истоки и эволюция «идей Мао Цзә-дуна», М., 1972; Китайская Народная Республика. Экономика, государство и право, культура, М., 1970; Яременко Ю., «Большой скачок» и народные коммуны в Китае, М., 1968; Васильев В.И. Очерк истории китайской литературы, СПБ, 1880; Федоренко Н.Т., Китайская литература, М., 1956; Конрад Н.И., Краткий очерк истории китайской литературы, в кн.: Китайская литература, Хрестоматия, т. 1, М., 1959; Сорокин В. Ф. и Эйдлин Л. З., Китайская литература, М., 1962; Надеев И.М., «Культурная революция» и судьба китайской литературы, М., 1969; Рифтин Б.Л., Историческая эпопея и фольклорная традиция в Китае, М., 1970; Глухарёва О. и Денике Б. Краткая история искусства Китая, М.-Л., 1948; Виноградова Н.А. Искусство средневекового Китая, М., 1962; Китайская пейзажная живопись, М., 1972; Архитектура Китая, в кн.: Всеобщая история архитектуры, т. 1, М., 1970, т. 9, М., 1971; Шнеерсон Г.М., Музыкальная культура Китая, М., 1952; Музыкальные инструменты Китая. Авторизованный пер. с кит., под ред. и с доп. И.З.Алендера, М., 1958; Валицкий В., «Культурная революция» в музыке, «Советская музыка», 1970, № 8, с. 129-38; Васильев В. А., Китайский театр, в кн.: Восточный театр, Л., 1929; Меньшиков Л. Н., Реформа китайской классической драмы, М., 1959.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-10-18 16:20:43     Қаралды-17563

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »