UF

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ - Корей түбегінің оңтүстік бөлігіндегі ел. Жері 98,5 мың км2. Халқы 31,9 млн. (1971). Бас қаласы - Сеул. Әкімшілік жағынан провинцияларға (9) бөлінеді; Сеул және Пусан қалалары жеке әкімшілік бөлік болып саналады.

Халқы. 1961-1971 жылдардағы орташа жылдық өсуі 2,3% болды. Еңбек етуіні халқы 10,2 млн. адам (1971), оның 49%-і ауыл шаруашылығымен айналысады. БҮҰ-ның ресми дерегі бойынша елдегі жұмыссыздар саны 0,5 млн. (1971), ал 3 млн-нан астам адамның тұрақты жұмысы жоқ. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 жерге 320 адамнан келеді. Қала халқы 43% (1970); ірі қалалары - Сеул (5,5 млн., 1970), Пусан (1,8 млн.), Тэгу (1,1 млн.), Инчхон (646 мың).

Тарихы. Оңтүстік Кореяда ірі буржуазия мен помещиктердің диктатурасы үстемдік етеді, оның ішінде АҚШ-қа сүйенген буржуазиялық топтары жетекші роль атқарды. Оңтүстік Кореяда АҚШ артықша правоға ие болған. 1948 ж. финанс, 1950 ж. қаңтарда экономикалық көмек, 1953 ж. тамызда өзара қорғаныс туралы американ-оңтүстік корей келісімдері жасалды. Соғыс-өнеркәсіп комплексі ұлғайтылып, Оңтүстік Кореяны милитаризациялау күшейді. Мұның бәрі еңбекші бұқараның, ең алдымен жұмысшы табының жағдайын нашарлатты. Жұмысшылар экономикалық, демократиялық праволардан жұрдай десе де болады. Жұмыссыздардың саны жылдан-жылға көбейіп келеді. 1948-1951 жылдардағы аграрлық реформалардан кейін, кулактар тобы күшейіп, шаруалар кедейлене түсті. Өнеркәсіп негізінен АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия сықылды ең ірі империалистік мемлекеттердің күрделі қаржыларының есебінен (мыс., 1971 ж. 656 млн. доллар) дамып отыр.

Ішкі қайшылықтардың шиеленісуі салдарынан Оңтүстік Кореяда сәуір көтерілісі (1960) шықты. 1960 ж. 15 наурызда Масан қаласының студенттері демонстрация жасады, 19 сәуірде Сеул және басқа қалаларда көтерілістер басталды, бұларға студенттермен қатар жұмысшылар, ұсақ кәсіпшілер, саудагерлер мен қызметшілер белсене қатысты. Оңтүстік Кореяның халық бұқарасы Солтүстік Кореяның халқымен ұлттық бірігуге, мәдени және экономикалық байланыстар орнатуға ұмтыла бастады. Халық қозғалысының ықпалымен ұлттық буржуазияның диктаторлық тәртіпке наразылығы артты. Бұқаралық жалпы демократиялық қозғалыстың қысымымен 60 жылдары билік жүргізген Ли Сын Манның диктатурасы құлады. Бірақ тегеуріні қаншалықты күшті болғанымен, Сәуір көтерілісі жоғарғы топты құлатумен аяқталды. Реакциялық тәртіптің, оның әлеуметтік және таптық базасының негіздері бұрынғы күйінде қалды. Ли Сын Ман диктатурасынан кейін буржуа-помещиктік екі үкімет ауысты. 1961 ж. 16 мамырда әскери төңкеріс жасалды. Өкімет билігін Пак Чон Хи бастаған әскери топ басып алды. 1963 ж. Пак Чон Хи азаматтық президент қызметіне кірісті. Ұлттық жиналыстың сайлауында билеуші Демократиялық республика партия (1963 ж. негізі қаланған) жеңіп шықты. Ұшыққан ішкі дағдарысты әлсірету мақсатымен Пак Чон Хи үкіметі сыртқы саяси арандату жолына түсті. Оңтүстік-корей әскерлері Въетнамдағы соғысқа қатысты. 1963 жылдың ақыры - 1964 жылдың басында жұмысшылардың күресі жаңа қарқынмен өрістеді. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеуді, салықты азайтуды, кәсіподақтардың правосын ұлғайтуды талап етті.

1971 ж. желтоқсанда Оңтүстік Кореяда жаңа конституция қабылданды, конституция президенттің уәкілдігін едәуір кеңейтіп, Ұлттық жиналыстың функциясын тежеді. Студенттер арасында бұған қарсы наразылық күшейді. Күрес барысында Солтүстік Кореямен келіс сөздер жүргізу, байланыс орнату жолымен ғана Кореяны біріктіруге, экономикалық және әлеуметтік прогреске жетуге болатынына Оңтүстік Корея халқының көзі барған сайын жетіп отыр. 1972 ж. жазда Пхеньян мен Сеулде КХДР мен Оңтүстік Корея ресми өкілдерінің арасында келіс сөздер болып өтті. Келіс сөздердің нәтижесінде Солтүстік пен Оңтүстіктің Біріккен мәлімдемесіне қол қойылды. Мәлімдемеде елді дербес, бейбіт жолмен біріктіру принциптері баяндалды. Бірақ Оңтүстіктің билеуші топтары келісімді жүзеге асыруға қиыншылық туғызып келеді.

ЧОСОН (сөзбе-сөз - таң шапағы немесе таң самалының елі) - Кореяның және корейлердің ежелгі атауы. Чосон сөзінің этимологиясы әлі анықтаймаған. Көптеген авторлар Чосон - күн шығыс немесе күн «шығыс елі» деген ұғымды білдіреді деп жорамалдайды. Чосон аталған алғашқы тайпалар немесе тайпалар тобы бірігіп, б. з. б. 5-4 ғасырларда мемлекет құрған. Ли әулеті орнаған кезде (1392), бұл мемлекет қайта дамып Чосон (Ежелгі Чосон мемлекеті құрметіне) аталған. Бұл атау Корея 1897 ж. Тэхан империясы аталғанға дейін сақталған. 1910 ж. Жапония Кореяны еріксіз қосып алуына байланысты ол қайтадан «Чосон» аталған. КХДР құрылған соң «Чосон» термині республиканың ресми атауына айналды.

Саяси партиялары мен кәсіподақтары. Демократиялық республикалық партия - билеуші партия, 1963 ж. құрылған. Жаңа демократиялық партия, 1967 ж. ақпанда негізі қаланған. Саяси достар қоғамы, 60 жылдары негізі қаланған. Бүкіл корейлік еңбек конфедерациясы, 1964 ж. құрылған.

Экономикасы. Оңтүстік Корея - экономикасы мешеу қалған аграрлы ел. Қалада капиталистік жеке меншіктің ықпалы күшті, ал ауылдық жерде әлі феодалдық қарым-қатынас сақталған. Экономика салалары шетел, оның ішінде американ капиталына толық тәуелді. Елдің АҚШ, Жапония, Батыс Германия сияқты капиталистік елдер алдындағы борышы 3 млрд. долларға (1972) жетті.

Ауыл шаруашылығы. Өңделетін жері 2,3 млн. га, оның 1/3-і суармалы егіс. Басты дақылдары - күріш (енімі 3998 мың тонн, 1971), арпа (2197 мың тонн), бидай (363 мың тонн), соя (230 мың тонна), картоп (707 мың тонна). Ауыл шаруышылығы жерінің 2%-іне жеміс ағаштары отырғызылған. Мал шаруашылығында мүйізді ірі қара (1,2 млн., 1970/71), шошқа (1,4 млн.) және қүс (24,2 млн.) өсіру басым. Кёнсан-Пукто, Канвондо провинцияларында жібек құртын өсіретін шаруашылықтар бар. 1970 ж. мұнда 21,4 мың тонна жібек пілласы алынды. Орманы 6,7 млн. га; 1971 ж. 10,4 млн. м3 ағаш дайындалды. 1971 ж. теңізден 727 мың  балық ауланды.

Өнеркәсібі. Оңтүстік Кореяның минералдық қоры шикізат күйінде басқа елдерге шығарылады және өнеркәсіп өнімдерінің басым көпшілігі шетелдерден әкелінеді, соның салдарынан өнеркәсіптің барлық салалары мешеулік жағдайда қалып отыр.

Негізгі отыны көмір (12,8 млн.тонн 1971), негізінен Шығыс және Оңтүстік бассейндерден өндіріледі. Вольфрам рудасын өндіру жөнінде Оңтүстік Корея дүние жүзінде басты орындардың бірін алады. Чокче, Кубон, Самгван т. б. алтын (0,9 тонна, 1971) кендері жұмыс істейді.

Өңдеу өнеркәсіптік орындарының көпшілігі шетел фирмаларының қарамағында. Ірі кәсіпорындар Сеул-Инчхон, Самчхок және Пусан-Ульсан өнеркәсіпті атыраптарға шоғырланған. Тамақ (күріш тазалау, астық тарту, қант, шарап, темекі шығару, балың өңдеу), мата тоқу (мақта, жібек маталар), химия (мұнай айыру, азот тыңайтқышы, дәрі, резина жасау), шағын металлургия, машина жөндеу және құрастыру кәсіпорындары бар.

Транспорты. Елдің ішкі жүк айналымында темір жол транспортының маңызы күшті. Темір жолдың ұзындығы 3,2 мың км (1969). Сеул, Сувон, Кванджу, Пусан қалалары маңында аэродромдар бар. Басты теңіз порттары: Пусан, Инчхон, Ульсан, Куансан, Мокпхо.

Сыртқы саудасы. Шеттен алынатын өнімдер ішінде азық-түлік пен мақтаның үлесі басым. Экспортқа минералдық шикізат, мата, трикотаж, радиоэлектрондық бұйымдар шытарылады. Сыртқы сауда серіктестері - Жапония, АҚШ, Батыс Германия.

Ақша өлшемі - вон.

Денсаулық сақтау ісіш. Адам өлімі мен тууы жөнінде толық мәлімет жоқ. Негізгі патологиялық жағдайлар паразиттік және инфекциялы аруларға байланысты пайда болады. Әсіресе туберкулез, алапес, іш сүзегі, балалардың жұқпалы аурулары, полиомиелит, дизентерия т.б. жиі кездеседі. Оңтүстік Корея (1971 ж. мәлімет бойынша) туберкулез, тырысқақ, алапес, сүзек ауруларының таралуы жөнінде 1-орында. 1969 ж. 16,3 мың төсектік 219 аурухана (1000 тұрғынға 0,5 төсек) болды. Емдеу ақылы болғандықтан тұрғын халықтың бір бөлігі дәрігерлік көмек ала алмайды. 1968 ж. елде 13,5 мың дәрігер (2,5 мың тұрғынға 1 дәрігер), 5 мың дәрігер көмекшісі, 1,9 мың тіс дәрігері, 13,8 мың фармацевт және 19,5 мыңға жуық орта білімді медицина қызметкерлер болды.

Оқу-ағарту ісі. Оңтүстік Кореяда 1949 ж. заң бойынша құрылған мектеп жүйесі мынадай: бастауыш мектепте оқу мерзімі 6 жыл, орталау, орта межтептерде 3 жылдан. 1967 ж. бастауыш мектеп жасындағы балалардан оқи алмай қалғандардың саны 4 млн. болды.

Мемлекеттік және муниципалдық мектептермен қатар, көптеген жеке (негізінен діни қоғамдар мен қауымдар қарамағындағы) мектептер де бар. Мектептердің бәрінде де оқу ақылы. 1969/70 оқу жылында бастауыш мектептерде 5,6 млн. оқушы болды. Толық орта мектептер екі түрлі: жалпы білім беретін (гуманитарлық) және реалды (кәсіптік). 1969/70 оқу жылында орта мектептерде 1,7 млн. оқушы, кәсіптік орта оқу орындарында - 259 мың оқушы болды. Оңтүстік Кореяда жоғары оқу жүйесіне университеттер, 4 жылдық колледждер және діни училищелер жатады. 1969/70 оқу жылында 69 университеттер мен 4 жылдық колледждер, 2 жылдық 59 колледжде 186,6 мың студент оқыды. 1966 ж. жоғары оқу орындарының 71%-і жеке адамдар қарауында болды. Ең ірі жоғары оқу орындары: Сеулдегі Мемлекеттік университет (1946 ж. құрылған), жеке «Енсе» (1885), «Ихва» (1886; әйелдер университеті) университеттері. Оңтүстік Кореяның шетелден білім алғысы келгендері көбіне АҚШ-қа, Францияға, ГФР-ге барып оқиды. Оңтүстік Кореяның барлық оқу орындарында әскери дайындық сабағы жүреді және оған бөлінген оқу сағаты басқа пәндерден 2 есе көп.

Ірі кітапханалары мен музейлері Сеулде орналасқан: Орталық ұлттық кітапхана (кітап қоры 416 мың дана), Сеул университеті кітапханасы (779,9 мың дана), Ұлттық музей (1916), Кён-ооккун сарайының көркем сурет галереяеы (1916).

Ғылыми мекемелері. Координациялық ғылыми орталық - Ұлттық ғылым академиясы Сеулде 1954 ж. құрылған. Ғалымдардың көпшілігі гуманитарлық ғылымдар зерттеу мекемелерінде, негізінен университеттерде тоқталған. Сеулдегі «Коре» университетінде азиялық зерттеу орталығы, экономика, еңбек, әлеуметтік зерттеу, энтомология т.б. институттары бар. Лингвистика қоғамдары жұмыс істейді. Пусан ұлттық университетті жанында Технология институты (1965), Қан зерттеу институты (1964) құрылған; Тэгудегі «Еннам» университінде зерттеу орталықтары ұйымдастырылған. Табиғи материалдар химиясы, өнеркәсіптік экономикасы т. б. зерттеу жұмыстарында халықаралық ұйымдардың, әсіресе АҚШ-тың көмегін пайдаланады. 1958 ж. Атом энергиясы жөніндегі басқармасы (қарауында атом энергиясы және радиациялық медицина институты бар) құрылған.

Баспасөзі, радиохабары және телевизиясы. Оңтүстік Кореяда 48 газет пен 300-ден астам журнал шығады (1972). Прогресшіл баспасөзге тыйым салынған. Басылымдардың көпшілігі Оңтүстік Корея тәртібіне бағынышты аса ірі кәсіпкерлердің қолында. Сеулде шығатын негізгі күнделікті газеттері: «Тона ильбо» («Шығыс Азия газеті», 1920 ж.), «Чосон ильбо» («Корея газеті», 1920 ж.), «Хангук ильбо» («Корея газеті», 1954 ж.), «Чунан ильбо» («Орталық газет», 1965 ж.), «Сеул син-мун» («Сеул газеті», 1945 ж.), «Кориа таймс» («Корея уақыты», 1950 ж. ағыл. тілінде), «Кориа геральд» («Корея хабаршысы», 1953 ж. ағыл. тілінде).

Сеулде «Хаптон тхонсиса» (1945 ж.), «Тонъян тхонсиса» (1952 ж.), «Тхонхва тхонсиса» (1956 ж.) т.б. информациялық агенттіктер және радиохабар мен телевизия жұмыс істейді.

Әдебиеті. Жапон колонизаторлары қуылғаннан кейінгі алғашқы жылдары (1945-1948) көптеген жазушылар өз шығармаларында елінің тәуелсіздігінен үміт етті [Ли Ха Юн (1902 ж. т.), Ким Соп (1906 ж. т.), Ючи Хвандардың (1897-1967) өлең жинақтары]. Прозаиктердің аға буын өкілдері (Ём Сан Соп, Чу Ё Соп, Ли Му Ён) натуралистік және декаденттік әдебиет дәстүрлерін жалғастыруда. 1954 жылдан бері француздың экзистенциализмі мен «жаңа сын» концепциясы т. б. ағымдардың әсеріндегі жас жазушылар бой «өрсете бастады. Ооғыс, торығу, зарығу және абсурдтық тақырыбы Ким Сон Хан (1919 ж. т.), Сону Хвилердің (1922 ж. т.) проблемалық прозаларында белең алды. Ли Дон Джи мен Ли Хен Гидің прозаларында мистицизм және арнайы «шығысша ойлау» бағытындағы ізденістер кездеседі. 1960 ж. сәуірдегі көтерілістен кейін әдебиетте прогресшіл тенденциялардың қайтадан жандануы байқалды. Оңтүстік Корея шындығын сынайтын, былайша айтқанда, қатысу әдебиеті дами бастады.

Өнері. 1950-1970 ж. Оңтүстік Кореяда қоғамдық үйлер негізінен батыс-европалық стильде (Сеулдегі «Кориа эр лайнс» авиакомпаниясының үйі, 1969) салына бастады. Тұрғын үй құрылыстары жүйелі жобамен жүргізілді. 1950-1970 ж. Оңтүстік Кореяның бейнелеу өнерінде көптеген ағымдар пайда болды. Реалистік бағыттағы кескіндемешілері - Ким Ин Сын, Ли Джун Соп. Модернистік ағымдағы кескіндемешілері - Ким Хван Ги, Нам Гван. Мүсіншілері - Ким Ён Хак, Чон Сан Бом. Кескіндемеші Хо Бэн Нён, мүсінші Ким Гён Сын т. б. ұлттық дәстүрді берік ұстаған. Сән және қосалқы өнер бұйымдарын жасау дәстүрі онан әрі дамуда.

Ұлттық музыка жекелеген энтузиастардың күшімен ғана сақталуда. Қудалауға байланысты көптеген прогресшіл музыканттар шетелге кетуге мәжбүр болды. Ірі музыкалық орталығы - Сеул. Онда европалық репертуармен жұмыс істейтін опера труппасы, 5 симфониялық оркестр, 6 университеттің жанында музыкалық колледж жұмыс істейді.

1945 жылдан кейін көптеген театр труппалары таратылды. Театр өнерінің бір топ қайраткерлері Оңтүстік Кореядан (1946 жылдың 2-жартысынан бастап) Солтүстік Кореяға қоныс аударды. Ұлттық драма театры 1948 ж. шаңырақ көтерді. 1930-1953 жылғы соғыстан кейін театр өнері кинематографиямен бәсекеге түсіп, америка кинофильмдері театрды ығыстырды. 60 жылдардың аяғы мен 70 жылдардың басынан «Мин-джун», «Тонъян» театрлары мен экспериментті және шағын театр труппалары жұмыс істейді. Постановкалар аз, олардың көркемдік және идеялық дәрежесі төмен. Прогрессивтік бағыттағы спектакльдер қатал сынға ұшырайды. Театрда батыстың модерн өнерінің ықпалы басым. Театр өнері қайраткерлері шағын тобының ұлттық дәстүрді сақтап қалу әрекеттерінен ойдағыдай нәтиже шықпай отыр.

1946 жылдан бастап кинематография дами бастады. 40 жылдардың аяғындағы фильмдердің негізгі тақырыбы жапон езгісінен құтылу жолындағы күресті қамтыды. Соғыстан кейін кино өнері екі бағытта дамыды. Оның өкілдері социялистік елдерге қарсы реакциялық бағыттағы және Оңтүстік Корея буржуа қоғамының кемшілігін көрсетуге тырысқан либерал қайраткерлер болды. «Мазасыз түн» (1953), «Бұралқы адам» (1965) сияқты санаулы фильмдер ғана нағыз өмір шындығын суреттеген өнер туындыларының деңгейіне көтеріле алды. Шығарылған кинофильмдерінің көптігіне қарамастан (1966 ж. -120 көркем фильм) Оңтүстік Корея кинематографиясы қатты дағдарысқа (шетел кинематографиясымен бәсеке, қаражат қиыншылығы, цензура қысымы) ұшырауда. 1968 ж. 9 киностудия жұмыс істеді.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-08-16 10:39:38     Қаралды-5918

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »