UF
Загрузка...

Тақырыбы: «Дене шынықтыру және спорт психологиясы»

 

1: Психологияның жалпы негіздері

 

1. Спортшының психологиялық дайындығы

  Адамды белгілі бір іс-әрекетке дайындау-бұл сол іс-әрекетке жемісті қатысуға дайындықты қалыптастыру процесі деген сөз. Осы дайындық ішінде бірқатар компонентерді атап көрсетуге болады: олар-бұлшықеттік, функционалды, операциялы, психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық және т.б. Кез-келген іс-әрекетке адам психологиялық жағынан дайын болуы керек. Әсіресе, өзгермелі жағддайларға, мақсатқа жету кезеңдерінде, қажеттіліктер секірулерде және құнды бағыт-бағдар қажет. Спортшы іс-әрекеті дәл осындай белгілерге ие. Енді іс-әрекет нәтижесі де оған риза болу, ішкі психологиялық жағдайы, адамның қобалжулары да оның іс-әрекет процесінде психологиялық дайындығына ғана емес, сонымен бірге, кез-келген іс-әрекетпен жүретін оның шарттарына: нақты күн тәртібіне, жеке тұлға бағалануына, мүмкін болатын жазалаулар мен мадақтауларға адамдардың белгілі бір тобымен араласу ерекшеліктріне және қуаттылығына қатысты болады.

2. Іс-әрекетке психологиялық дайындық

Іс-әрекетке психологиялық дайындық-әрқашан психологиялық дайындықтың нәтижесі болады. Бірақ кейде ол бей-берекет, ұйымдаспаған түрде іске асатын болдандықтан, онша көріне бермейді. Адамнан ерекше жинақтылықты, күштерін жұмылдырып, барын салуда, жоғары шеберлікті қажет ететін іс-әрекеттің кейбір түрлерінде психологиялық дайындық іс-әрекет барысына дейін және сол әс-әрекет кезінде ұйымдастырылады және жоспарлы түрде іске асырылады. Осындай іс-әрекет түрлеріне спорттық іс-әрекет жатады. Бір  кездерде спорт психологиясында негізгі мәселе-дағдылар болды. Одан кейін 50-жылдар мен 60-жылдардың басында бірінші орынға спортшы ерік-жігері қойылды. Ал қазір міне, жиырма жылдан көп уақыттан бері, басқа көптеген мәселелерді артта қалдырып, психологиялық дайындық мәселесі ғылыми-практикалық да, ғылыми зерттеу жұмыстарында да алдыңғы орынға шықты. Спортшының психологиялық дайындығы-бұл спорттағы оқу-тәрбие жұмыстарының үлкен бір бөлігі. Психологиялық дайындықтың түпкі мақсаты деп, спортшы қарым-қатынас жүйесін өзгерте отырып, жеке тұлғада спорт үшін маңызы бар қасиеттерді қалыптастыру және жетілдіруді айтамыз.

3.Жалпы психологиялық және арнаулы психологиялық дайындық.

Бұл процестің негізгі мақсаты-спортшының психологиялық дайындығын

Жасау болып табылады: 1) Ұзаққа созылатын жаттығу процесіне; 2) жалпы жарыстарға және 3) нақты жарысқа спортшының психикалық дайындығын жасау, қалыптастыру, болып табылады. Ұзаққа созылатын жаттығулар мен жарыстарға психологиялық дайындық алдын-ала жүргізілетін және жалпы пстхологиялық дайындық деп аталады, ал нақты бір жарысқа тікелей дайындық арнайы психологиялық дайындық деп аталады.

Осы жалпы және арнайы психологиялық дайындықтар арасында дайындықтың соңғы кезеңіндегі спортшының психикалық жағдайын түзету мақсаты көзделген арнаулы іс-шаралар өткізілуі мүмкін. Мұндай іс-шараларға деген қажеттілік жалпы психологиялық дайындықты бір жүйенің жоғтығынан туындайды және де олар өткізілген жұмыстарды нақтылайды. Психикалық жай-күйлер корекциялық бағдарламасы алдын-ала және нақты психологиялық дайындықтың біріктірілген іс-шараларының қысқартылған нұсқаларын білдіреді.

Бірақ, жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіру-бұл дайыедықтың түпкі мақсаты болып табылады. Күнделікті іс-шаралардың мақсаты нақты қойылады. Ол-спортшы бойында жаттығу немесе жарыстың табысты болуын қамтамасыз ететін жағымды психикалық жай-күй жасау болып табылады. Актуальды психологиялық жай-күй жаттығудың жемістілігі мен сапасын анықтайды, бірақ, ол келесі дәріс-сабақта болмауы мүмкін. Ол іс-әрекет уақытша іске асатын фонды айқындайды. Енді осы жай-күй созылмалы, бір қалыпты болуы үшін оның негізіне спортшының іс-әрекет процесіне, осы процесс шарттарына, өз-өзіне, жүктемелерге және т.б. деген қарым-қатынасы жатқызылуы тиіс.

Қалыпты жағдайға түсе отырып, актуальды жай-күй негізге айналады және іс-әрекеттің едәуір ұзақ мерзімге созылатын өзіне тән нақтылықпен ерекшеленетін психикалық білімділік сияқты жеке тұлға қасиеттерін анықтайды. Мысалы, бір спортшы жаттықтырушы тапсырмасын үнемі сапалы әрі жемісті орындайды, ал екінші мұнй анда-санда істейді. Біріншісінің жұмысқа қабілеттілігі жаттығу процесіне деген шын көңілмен қарым-қатынасынан көрінеді, ал екіншісі-бүгінгі көңіл-күймен байланысты болады. Сондықтан осындай психикалық жай-күй сайын әрбір жаттығу, сабақ барысында психологиялық-педагогикалық әсер етулерін жиынтығын қолдана отырып, қалыртастыру қөажет. Сөйтіп, психологиялық дайындық-бұл психикалық жай-күй негізге айналғанша, одан кейін жеке тұлға қасиеті болғанша реттелетін күрделі процесс. Осы аталған процестің орталық мақсаты-психологтар, ата-аналар, жаттықтырушылардың әсерінен, яғни тәрбиелеу ьарысында және өзін-өзі іштей ұйымдастыру мен жұмылдыру, яғни спортшының өзін-өзі тәрбилеу процесінде болатын спорттық мінез-құлық негізін құрайтын тиісті қарым-қатынастарды қалыптастыру мен пысықтау болып табылады.

Спортшының психологиялық дайындығында негізгі психологиялық құбылыстардың үш тобын: процестер, жай-күйлермен қасиеттерді жетілдіру негізінде психика дамуының классикалық жалпы кестесі айқын көрініс табады. Тәрбиелену мен өзін-өзі тәрбиелеу барысында психикалық жай-күйлер мен процестердің өзгерулері болып тұрады. Осы айтылғандардың бәрі спортшының психологиялық дайындығының мақсаты-спорттық жарыс пен жаттығудың табыстылығын білдіреді. Жеке тұлғак қасиеттерін қалыптастыру мен жетілдіру болып табылатындығы дәлелдейді.

Дамудың осындай күрделі процесі спорттық іс-әрекеттің әртүрлі жағдайларында спортшының мінез-құлқы мен жай-күйін басқару арқылы іске асады. Психологиялық жай-күйді басқару мен жеке тұлға қасиеттерін тәрбиелеу іс-әрекет пен оның нәтижесі ретінде бір-бірімен тығыз байланысты. Жақсы ұйымдастырылған және жеткілікті ұзақ психологиялық дайындық, спортшыны басқару қажеттілігінің одан әрі азаюына әкелуде. Өзін-өзі басқаруды, өзін-өзі реттеуді жетілдіру жүйесі спортшының жеке тұлғасының маңызды мінездемесі ретінде оған жаттығу кезінде де, жарыстар кезінде де көп байқала бермейтін резервті мүмкіндік.

  1. Тәсілдік дайындықтың психологиялық негіздері.

Спортшының тәсілдік дайындығы дегеніміз- жарыс кезінде кездесетін мақсаттарды тиімді шешу әдістерін жетілдіру мен осы мақсаттардың тиімділігін анықтайтын арнайы қабілеттерді дамыту болып табылады.

Тәсілдік дайындықтың психологиялық ерекшеліктері мен мәнін түсіну үшін мынадай ұғымдарға түсінік беру керек: тәсіл, мақсатқа жету;

Тәсіл-бұл жарыс жағдайына орай әдістік амалдарды қолдану құралдарының жиынтығы. Қызу жарыс кезінде спортшы немесе бүкіл команда тәсілінде белгілі бір өзгермелі қимыл сызығы көрінеді. Мысалы, семсерлесуші қарсыласының финттеріне назар аудармастан тұрған жерінде қатып қалуы мүмкін. Бұл оның жарысты жалғастырус үшін өз ойлары туралыч қарсыласында қате пікірлер тудыру тәсілі.

Сонымен, тәсілдік іс-әрекет жарысч басында спортшы алдындағы шешімдер жиынтығынан құралады. Бұдан келіп тәсілдік дайындықтың белгілі бір жағдайларда алға қойылған мақсаттарды білдіретіндігін көреміз. Екі жағдайда да спортшының мақсапттары әр түрлі. Мысалы, ойын кезінде өз қарсыласынан құтылу, оған тосқауыл жасау шабылдаушыч позицияға шығу керек болады. Осы мақсаттарға орай, ол жеке өзі, арнайы шешімдер қабылдауы керек. Жарыс кезіндегі спортшы қимылы мақсаттарды шешудің үзіліссіз шешімдер-күрделі реакциялар арасындағыч спортшының тәсілдік ойлауының бірден-бір ерекшелігі.

Тәлілдік ойлау барысында спортшы мақсаты мен шешу құралы арасында байланысты орнатуға тырысады. Бұл жерде оқиғалар барысын алдын-ала түсіне білуі жағдайлардың мүмкін болатын өзгерісін алдын-ала байқау ерекше орын алады. Қандай да бір шешім қабылдау кезінде спортшы қарсыласының әлсіз және күшті жақтарын тез анықтап, ескерттуді, жарыс өтіп жатқан жағдайларды, сыртқы факторлардыч тез анықтауды үйрену тиіс.

 

2.  Спорт іс-әрекетінің жалпы психологиялық негіздері

 

  1. Спорттық іс-әрекеттің жалпы және дара ерекшеліктері.

Дене шынықтыру да бұқаралық спортта да адамдардың іс-әрекеті өзіне, өздерінің физикалық және психологиялық сапаларын жетілдірруге бағытталған. Бұл іс-әрекеттің негізгіу мақсаты-тұлғаның гармониялық дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын физикалық өркендеу.Негізгі мақсатқа жету күнделікті арнайы физикалық жаттығуларды талап етеді. Жаттығулардың тиімділігі мен жүйелілігі, физикалық сапалар дыбыстарының белгілі бір деңгейінде айқындалады.

Адамның жеке басының қасиеттері іс-әрекеттерінде, қылықтарында көрінеді: ол өзінің пайдалы немесе зиянды сапаларын көрсетеді. Н.Г.Чернишевскийдің сөзіне қарағанда, адамның ақылы мен мінез-құлқы туралы ең анық мәліметтерді ол адамның іс-әрекеттерін зерттеу арқылы ғана білуге болады.

Сонымен қатар адам өзінің іс-әрекетінде қалыптасады. Бұған мысал ретінде А.С.Макаренко басшылық еткен колонияның еңбек тіршілігін алуға болады. Ақылмен ұйымдастырылған іс-әрекет, бұл колонияда тәрбиешілерге ықпал жасау мен оларды тәрбиелеу шараларынгың терең ойластырылған жүйесі оларда адамның бағалы сапаларын қалыптастырады.

Адамның іс-әрекеті теориялық және практикалық формада жүзеге асырылады. Теориялық іс-әрекетінің мсалы ретінде ғылымның теориялық формула, ереже, сурет және т.с.с. құбылыстардың жалпы заңдылықтарын белгілейді. Сондай-ақ проактикалық іс-әрекеттің мысалы ретінде табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылап, эксперимент жасау арқылы зерттейтін ғалымдардың жұмысын алуға болады.

Бірақ қандай іс-әрекетте болса да теориялық және практикалық іс-әрекеттің компоненттері бар. Іс-әрекеттің құрылымындағы мақсат қоя білу, жоспарлауды, жұмыс әдістерін іріктеп алуды теориялық іс-әрекетке, ал қалғандарын практикалық іс-әрекетке жатқызуға болады.

Адамның іс-әрекетінің маңызды бір формасы-адамның бір-бірімен қарым-қатынаста болуы. Бұл тек сөз сөйлеуде ғана жүзеге аспайды, сонымен қатар іс-әрекеттің басқа формаларында да, айталық дене тәрбиелік және спорттық өнермен шұғылдануда да жүзеге асады. Олардың іс-әрекеті мыңдаған басқа адамдарға  қуаныш әкеледі., сүйсіндіреді, олар белгілі спорт қайраткерлерімен қарым-қатынаста болып, шығармашылық қабілеттерін оданр шыңдауға кеңестер алады, елімізге жеңіс пен мәртебе сыйлайды.

Дене шынықтыру мен спортта оқытушылардың психологиялық негіздерінің ортақ қасиеттері бар, алайда оларда біраз айырмашылықтар да кездеседі. Спорттық және дене тәрбиесінің іс-әрекеттері психологиялық ерекшеліктері анықталады.

  1. Жарыс пен  жаттығудың психологиялық ерекшеліктер.

Жарысқа психологиялық дайындық жүйесі спортшының жарысқа психологиялық дайындығын қалыптастыруды шешетін бірқатар міндеттьерді біріктіреді.

А.Ц.Пуни жасаған жарысқа психологиялық дайындықтың жобалық жоспарында осы жүйе берілген.

Келтірілген жобалық жоспар жүргізілген жұмыс үшін тек жалпы басшылық болуы мүмкін. Спорттың әр түріне және ешбір спортшыға жеке қолданғанда оны нақтылау керектігі заңды құбылыс.

Спортшының жарысқам дайындығы жүйесіне мынадай бөліктер кіреді:

а) жарыстың шарттары туралы ақпараттар жинау;

б) жарыс алдындағы спортшының жаттыққандық деңгейінің бағалануы мен өзін-өзі бағалау;

в) жарысқа қатысудағы мақсаттары мен міндеттерінің қойылуы;

г) жарыста өнер көрсету мотивтерін актуальдандыру;

д)алдындағы ақыл-ой қызметін бағдарламалау;

е) спортшының өз мүмкіндіктерін іске асыруға сенімділік сезімін қалыптастыру;

ж) оптимальды эмоциональды жағдайды қалыптастыру;

з) максимальды еріктік күштерге дайындықты көбейту және оларды жарыс жағдайында ашып көрсету дағдысы;

и) жарыс жағдайындағы психологиялық қалыпты өзіндік реттеу тәсілдерін меңгеру.

Бұлардың бәрі бір-бірінен бөлінбейді қайта тығыз байланыста болады,  егер осы звеноның біреуі әлсіресе, онда бүкіл жүйе ақсайды.

  1. Спорт қызметінің заңдылықтары.

Адамның қозғалысқа деген тұтынушылық қажеттілігін үнемі қанағаттандыруы, дене қасиеттерін дамыта отыруы, дене жаттығуларының бірте-бірте осы заманғы спорт түрлеріне ұласуына әкеліп соқты. Пайда болуының алғашқы басқыштарында-ақ олар қоғамдық бағаға ие болады, өйткені, олардың нәтижеселері қоғамдық топтардың кейбір өкілдерінің екіншілерінен артықшылық денгейін көрсетті. Дәл осы жағдайлар қозғалыстық қимылдардың жарыстық сипаттамаға ие болуы мен олардың белгілі бір ережелермен реттелуімен байланысты.

Сонымен, дене жаттығулары біршама өзіндік ерекшеліктері бар-спорттық қызмет деп аталатын адам қызметінің жеке бір түріне айналады.

Спорттық қызмет әдетте: 1) арнайы дене жаттығуларын орындағанда әртүрлі формада көрінетін бұлшық ет белсенділігімен, споттық қызмет барысында адам денесін қажетті мөлшерде шынықтырады, жалпы дене дайындығынан өтеді. 2) таңдаған спорт түріндегі дене жаттығуларын орындау үшін жоғары техниканы меңгеру мен ол спортшыдан арнайы  және жүйелі жаттығуды талап етеді, жаттығу барысында ол белгілі бір қимылдық дағдыларды меңгереді және жетілдіреді. 3) таңдаған спорт түрінде жетістікке жетуге ұмтылумен; белгілі бір дене жаттығуларында өте жоғары нәтижеге жетуге бағытталған; 4) спорттық жарыстар кезінде әсіресе, шиеленіскен сипатқа ие болатын спорттық күрес пен жүйелі жаттығулар; 5) дене және рухани күштердің өте жоғары көрінуімен арнайы әдеттер мен дағдылардың, моторлы қабілеттердің дамуымен, оларды үнемі жоғары денгейде ұстап т\ұру; 6) дереу көрінген сапалы сипатымен, үлкен жауапкершілік сезімімен және барынша тиімді нәтижелерге және рекордтарға қол жеткізуге бағытталады.

Отандық философиялық және психологиялық әдебиеттерде адам қызметінің көп түрі әдетте, үш негізгі түрге-ойынға, оқуға және еңбекке тіреледі. Бірақ, адам қызметі тарихи процесте қоғамның материалдық жағдайларының, адамдарарасындағы әлеуметтік қатынастардың, олардың рухани және материалдық қажеттіліктерінің дамуына сай үздіксіз өзгереді, дамиды, жетіліп отыррады. Бұл жерде адам қызметінің әртүрлі салалары жаңа мазмұнға, жаңа қоғамдық мәнге ие болады, өз қатарына көптеген адамдарды тартады, олардың белсенділігін арттырады. Сондықтан, әсіресе, психологияда осы үштік сақталып, толықтырылады. Қазіргі кезде оған: қарым-қатынас, өнер, спорт және т.б. жатады. Осы заманғы қоғам дамуында спорт жеке тұлға қалыптастыруда, адам қызметінің негізгі түрі болып саналады. Өйткені, жемісті еңбек оқыту мен және спортпен қосылып, жанжақты дамыған адамдарды тәрбиелеуде улкен рөл атқарады. Спортқа қызығушылығының өсуі және оның функцияларының кеңеюінің себебін адамның ғылыми-техникалық революцияның гиподинамия (аз қозғалысты мамандықтар), жүйке психикалық шаршау, келеңсіз жайттарға қарама-қарсы қозғалыстың қажеттілігін сезіну факторларын келтіруге болады. Бұл жерде спортпен айналысудың тек сауықтыру гигиеналық сияқты ұғымды жағын ғана емес, сонымен бірге ееңбек ас шалдығу нәтижесінде болатын тікелей экономикалық тиімділігі де қарастырылады. Соңғыч кезде спортпен айналысу жеке тұлғаның әлеуметтенуіне де әсер етуде. Бұл әсіресе жас адамдардың тез бейімделуі мен араласуынан көрінеді.

 

3: Спортттағы қимылды жетілдірудің психологиялық негіздері. 

 

1. Қимылды үйрету мен жетілдірудің психикалық негіздері.

Спортшыны дайындау процесі ккөп қырлы. Шартты оны үйрету және жаттығу кезеңі деп екіге бөледі, дегенмен, ол бірегей және үзіліссіз педагогикалық процесс. Өйткені, біз үйрете отырып, жаттықтырамыз, өздерінің мақсаты мен әдістері, тәсілдері жағынан ұқсас емес.

Ал жаттығу деп-осы меңгерілген дағдылар, білімдер мен тәсілдерді пысықтап, жетілдіруге бағытталған дайындық кезеңін айтамыз. Жаттығудың негізгі міндеті-әдістерді жекелей және топтық тәсілдік қимылдарды жетілдіру, денешынықтыру дағдыларын, психологиялық процестерде дамыту, адамгершілік және ерік-жігерді тәрбиелеу болып табылады.

Үйрету мен жаттықтыру процесінің тәрбиелік мәнің де бар. Ол спортшылар бойында-талпынушылық, көшбасшылық, шешім қабылдағыштық, балылдық, жігерлік , достық, жолдастық, ұжымдық сезімдерді тәрбиелеуге қажетті мотивация қызығушылықтың идеалдық өмірлік көзқароастың пайда болуына жағдай жасайтындай құрылуы керек. Уйрету, жаттығу және тәрбиелеу процесінде спортшы.ның өсуі, жетілуі іске асады.

Спорттық жетілу-бұл психологиялық дағдылар мегн дене қабілеттерінің барынша дамуы және спортшы жеке басының жағымды қасиеттері арқылы спорттық шеберліктің жоғары денгейін қамтамасз ететін педагогикалық процесс.

Спорттық жетілу процесі кезінде мына төмендегідей психологиялық талаптарды сақтау міндетті: барлық ианымдық және басқа процестердің (сезіну, түйсіну, жады, ойлау т.б.) белсенділігін арттыру; назардың қажетті қасиеттерін (интенсивті, тұрақтылық және т.б.) күшейту, назарды бір нсанада екіншісіне тез аудару қабілетіне үйрету, оның тұрақтылығын арттыру әдістерін пайдалану; ерік-жігер күштеріне ынталандыру қабілетін дамыту; спортқа, оқу-жаттығу процесіне тұрақты қызығушылықты арттыру; жоғары адамгершілік, интеллектуалды және эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу; спортшы жеке басының ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс-әрекеттің ең тиімді жолдарын табуға көмектесетін (спорттық іс-әрекеттің түрлерін қалыптастыру; ағымдағы нәтижелердің есебі мен бақылау сынақтарын кеңінен қолдану.

2. Кедергілер мен қиындықтар.

Кедергілер-деп мақсатқа жетуді қиындататын сыртқы орта мен қызметтің обективті жағдайлары аталады. Анығырақ айтсақ, оларға: жеңіл атлет жүгірудегі барьер, шаңғы жарысындағы көтерілу, слалом трассасындағы «жабық қақпалар» және т.б. дене жаттығуларын орындау кезінде жүріп өтетін әр түрлі кедергілер жатады. Шындығында адам қандай да бір дене жаттығуын орындағанда, кңістік, уақыттық, күштік сияқты қозғалыстың сыртқы құрылымдық категорияларынан көрінетін белгілі бір кедергілерінен жүріп өтеді. Сондықтан кедергілерге қашықтық ұзындығы, оны өту ұзақтығы, көтеретін немесе лақтыратын құралдың ауырлығы, қарсыластың белдесу кезіндегі және спорт ойындарындағы шабуыл қимылдары да жатады, және де оларға қоршаған ортаның-метерологиялық, спорт ғимароаттарының, құрал-жабдықтарының, инвертарьдің сапасыз жағдайы т.б.-дене жаттығуын орындауда қиындататын қосымша кедергілер кіреді.

Кедергілер көлемімен күрделілігіне қарай ажыратылады. Кедергі көлемі деп мысалы, қашықтық ұзақтығы, секіруге арналған құралдың биіктігі, штанганың салмағы т.с.с. өлшеуге болатын тұстарын айтамыз. Кедергі күрделілігі дене жаттығулары құрылымының ерекшеліктеріне қарай жасалады оның ішінде: қозғалыс кординациясына, қозғалыстар дәлдігіне қойылатын талаптар, жер бедеріне тәуелділік, қарсыластың қимылы т.с.с.

Қиындық-әдетте, керекті мүмкіндіктердің қажетті резервтері жетіспегенде спортшыда пайда болатын ішкі қиналыс. Спортшының мүмкіндіктері деп оның дене, техникалық, тактикалық, психологиялық, моральдық және идеялық дайындығы және де денсаулығы білім мен әдістердің, қасиет пен дағдылардың, әдет пен нанымдардың деңгейі аталады. Қиындық спорттық қызметтің сыртқы және ішкі жағдайларынан туындайтын, олардың белгілі бір ара қатынасын айқындайтын ұғымды білдіреді. Сөйтіп, осы ара қатынастың сандық және сапалық мінездемесі бойынша қиындықтар деңгейі мен мазмұнына қарай ажыратылады. Қиындықтың биодинамикалық түріне: денелік техникалық және тактикалық түрлері кіреді. Биодинамикалық қиындықтар кедергілерді жүріп өтерде спортшыға қай нәрсенің қиын, ауыр соғатындығын көрсетеді. Психологиялық қиындықтар спортшының қауіпсіздігіне, беделіне және алға қойған мақсатына жетуді қиындататын қауіп ретінде қаралады. Әсіресе, психологиялық қиындықтар нашар басталған жарыстарда, қарсыластың өзінен басым екендігін білгенде, төрешілер әділетсіздігін білгенде байқалады.

Ұйымдастырушы еріктік күштер кедергілерді жеңудің психикалық қиындықтары байқалғанда, психикалық өзін-өзі реттеу әдістерінің басқа тобын пайдаланғанда білінеді. Олар: бейтаныс, бірақ эмоциональды тартымды объектіге қарау; қосымша қимылдарға, енді болатын қозғалыстарға назар аудару; видеомоторлық дайындық, әдісті, тәсілді бақылау, тыныс алуды реттеу, қарсыласын бақылау, тактикалық мәселелерді шешу т.с.с. жатады. Бұл өзін-өзі ұйымдастыру тәсілдерінің негізгі мақсаты-психикалық жағдайды оптимизациялау, қиындармен қозғалыстардың координациясы, күшті тиімді жұмсау.

Сонымен, спорттағы еріктік күш-бұл кедергілерді жеңуде адамның күшін және қызметін ұйымдастырушы және жұмылдырушы психикалық және дене мүмкіндіктерінің сапалы ширығуы.   

3. Психикалық қалыптар және оның түрлері.

Психикалық қалып-тек өкілінің іс-әрекеті мазмұны және жағдайларына, сол әрекетке болған тұлғалық қатынастарына орайласқан уақытша көрініс беретін ерекшелігі.

Психикалық қалыптар ситуативті және тұлғалық болып бөлінеді.

Ситуативті қалып- оқиға туындаған жағдайларға тәуелді болған психикалық іс-әрекеттің уақытша өту ерекшелігімен сипатталады. Олар тұлғаның жалпы әрекет-қылықтық белсенділігін анықтаушы жалпы қызметтік және іс-әрекетпен мінез-құлықтың күрделі жағдайларындағы психикалық күйзелісті, сонымен қатар дау-дамайлы, жанжалды психикалық қалыптарға бөлінеді.

Тұлғаның тұрақты психикалық қалыптары келесідей: ұтымды және күйзелісті қалыптар, аралық қалыптар (психопатия, невроздар, ақыл-ес кемістігі); бұзылысқа түскен сананың психикалық қалпы.

Жалпыланған негізгі психикалық қалып-бұл ой, сана сергектігі.

Сергектік қалып- бұл сананың жарқын да айқын ұтымды қалыпы адамның саналы іс-әрекетке қабілеттілігі.

Шаршап-шалдығу қалпы-уақытшп жұмыс қабілетінің кемуінен физиогогиялық қызметтерде болатын қалыптан тыс өзгерістерден және жедел әрі ұзақ мерзімді іс-әрекет салдары ізімен туындайтын шаршау сезімдері тобындағы субектив түйсінулерден пайда болатын ағза қалпы.

Психикалық күштену (напряжение) қалпы-іс-әрекеттің күрделенген жағдайлардағы интеллектуалды және эмоциялы-еріктік құблыстар.

Тұлғаның дағдарысты қалпы-адамның психикалықұ бұзылысқа келтіруші жағдайларға жауап қатысы, әрекеті. Бейімшіл тұлға, әдетте, өз ұстанымдарын қорғаныс бағытында қайта жасап, өзгерістерге келтіре алады. Психикалық жарақаттан болатын жандүниелік күйзеліс, жөнсіздік қайта-түзетуге келген рет-тәртіптілікпен оң бағытқа түседі, ал адамның ішкі жан әлеміндегі кейде орын алатын жалған тәртіптілік (псевдоупорядоченность) тұлғаның әлеуметтік ортадан алыстатылып, мұңды қиялға батуыына, ал кейде ішімдікке, нашақорлыққа берілуіне себепші болады.

Жабығу (депрессиялық) қалыптары-сырқатты енжарлықпен бірге көрінетін болымсыз эмоциялы-психикалық жағдай.

Аралық қалыптар-қоғамдық норма (талап, тәртіп) және потология (ағзадағы физиологиялық ауытқу) арасындағы сыбайлас психологиялық құбылыстар: невроздар, психикалық ауытқулар, психикалық даму тоқырауы.

Психикалық норма сипаттары келесідей әрекет-қылық ерекшеліктеріне ие: әрекет-қылықтың сыртқы ықпалдарға сәйкестігі; себеп-салдарлылығы; тұжырымды болуы; ұтымды тіршілік бағытына сай тәртіптілікте көріну; мақсат, мотив және әдістердің үйлесімділігі; басқа адамдармен жөн-жосықты қарым-қатынаста болуы; әлеуметтік италаптарға сәйкес өзіндік реттеу мен түзетулер бере білуі.

 

4: Спортттағы тұлға иен команда психологиясы

 

1. Психореттеу әдістерінің пайда болуы және дамуы.

Адамның сөздердің көмегімен және соларға сәйкес ойлану бейнелері арқылы адамның өзіне-өзі әсер етуін психикалық өзін-өзі реттеу деп атаймыз.

Мысалы, егер «лимонның сулы қышқыл бөлігі» десек, онда біздің ауызқуысымызда еріксіз сілекей бөлінеді. Немесе «мен тоңдым» деп өзі суықта тұрғандай сезініп, денесінің тері қабаты тоңазуы мүмкін. Осындай мысалдар өте маңызды екі қорытынды жасауға көмектеседі. Бірінші: сөздердің тұрақты серіктері-ойша бейнелер болып табылатындығы. Екінші: сөздер өздерінің ойдағы бейнелері арқылы біздің ағзамызға әсер ете алады. Психикалық өзін-өзі реттеудің негізгі екі бағыты-өзін-өзі сендіру мен өз-өзіне деген сенімділік болып табылады. Өз-өзіне деген сенімділік деп өзіне-өзі логикалық ойындардың көмегімен әсер етуін айтамыз. Алш өзін-өзі сендіру кезінде логиканы қалыптастырмай санаға әсер ете алатын күшті психикалық процесс сенім пайдаланылады. Мысалы, адам бөлмеде отырып, ең көп логикалық ойларды пайдаланса да, осы сәтте теңіз жағасында жатқандай сендіре де сезінеде алмайды. Ал бірақ мұндай жағдайдың мүмкін болатындығына сендіре алады. Жарақат алғанда аяғым ауырмайды деп өзіңді сендіре алмайсың, бірақ өзін-өзі сендіру көмегімен ауырғанды сезінуге тырысуға болады.

  1. Спорттық іс-әрекетте қолданылатын өзін-өзі реттеудің пайда болуы мен дамуы.

Өзін-өзі сендіру арқылы өзін-өзі әсер етуге болатындығын адам өте ертеде біздің эрамыздан бұрын білген. Әсіресе, шығыс елдерінде-Жапонияды, Қытайда, Индияда психикалық өзіндік реттеудің әртүрлі жүйелері қолданылған. Біздің эрамыздан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын, негізгі ойларды өзін-өзі сендірумен ойлайтын, ерекше діни философиялық жүйе-«йога» пайда болған. Йоганың негізгі мақсаты-өз жеке басының «ерітілуі» мен оның құдайшылық бастауымен біте қайнасу иллюзиясы пайда болатын психофизикалық қалыпқа жету. Негізінен йога жүйесі идеалистік болса да өзінің мистикалық мақсаттарына жету үшін бір қатар материалистік әдістерді пайдаланылады. Ең қызығы олардың ішінде ағзадағы реттеуге болмайтын процестердің өзін саналы түрде реттеуге мүмкіндік беретін жандарды табуға болатындығында. Бұл жерде атап айтсақ, жүрек қызметінің қалпын өзгерту, дене қызуын көтеру немесе төмендету, және т.б.

ХІХ ғасырдың ІІжартысында Францияда, Германияда және Россияда науқас адамдарға көмектескен өзін-өзі сендірудің қызықты бірқатар әдістері пайда болды. Бірақ, бұл әдістер көппайда әкелсе де, өкінішке орай бізге дейін олардың ешқайсысы алғашқы нұсқасымен жеткен жоқ. Сондықтан қазіргі медицина саласы ретінде өзін-өзі сендіру айтылды. Оның  бастауы 1932 жылы неміс психиары И. Г. Шультцтің «аутогендік жаттығу» деген кітабы жарық көрген уақыт деп айтуға болады.

Бұдан сәл бұрын американдық зерттеуші Эдмун Джекзон өзінің психикалық өзін-өзі реттеу әдістемесін жазып бітірді. Оның ойынша, түрлі эмоциялар кезінде қаңқаның бұлшық еттері не босаңсиды, не жиырылады. Сол бұлшық еттер босаңсығанда, адамның көңіл күйін керекті бағытқа, оның ішінде уайым, қорқыныш сезімдерді өзгертуге болатындығын дәлелдеген. Бірқатар артықшылықтар болсада, бұл жүйе еуропада аутогендік жаттығудай кеңінен таралмады. Совет Одағында Э.Джексон жүйесінің басқаша моделін спортшылармен жүргізілетін жұмысында В.П.Горовец пайдаланған. Біздің заманымызда канадалық маман Л. Персиваль ұсынған психикалық реттеудің барынша жеңіл әдістемесі де қызығушылық тудырады. Оның мәні тек екі дене механизмдерін-тыныс алу мен бұлшық еттердің жиырылуы босаңсуын пайдалану болып табылады. Бұлшық еттер жиырылғанда дем алуды тоқтатады, үйлестіріп, одан соң еркін жай тыныс шығарғанда бұлшық еттерді босаңсытып, шектен тыс уайымды толқуды қойып, өзін-өзі тыныштандыруға болады. Психикалық өзіндік реттеудің еуропалық және американдық әдістемелерін салыстыра отырып, пайдаланатын болса, ал екіншілерінде басты маңыз-дене мүшелеріне психикалық қалыпқа әсер ететін қаңқа бұлшық еттерінің тоңысуы мен тыныс алуға берілетіндігін көруге болады.

  1. Жарыс жағдайындағы психикалық қалыптарды реттеу мен өзін-өзі реттеу тәсілдері.

            Спортшыны жарысқа психологиялық дайындау жүйесі оның психикалық қалыптарының реттеу мен өзін-өзі реттеудің алуан түрлі тәсілдерін біріктіреді. Бұл тәрсілдердің көп түрлілігін төмендегідей топтастыруғка болады.

  • мақсаты жүйкені шаршатпай, бұлшық еттер ширығуын әлсірететін жаттығулар жиынтығы;
  • жарыс алдындағы қолайсыз қалыптарды, көңіл-күйді жоятын сергіту және де сергіту жаттығуларының ырғағын, ұзақтығын спортшы көңіл-күйіне қарай таңдалады;
  • жаттықтырушы беделінің әсерлі күші. Спортшының әсіресе жас спортшының спорттық жарыстарға қатысу тәжірибесі болмағандықтан, бұл фактордың маңызы ерекше болады.

Бокстан жасөспірімдер арасындағы жарыста 13-14 жасар жас бала, өте толқулы болады, ол алғаш қатысуы еді. Мұны байқаған жаттықтырушы оған көңілді нәрселер айтып, оны қинап тұрған ойлардан арылтып, қатты уайымдауға негіз жоқ екендігін, бәрі жақсы болатындығына сендіреді. Нәтижесінде бала өз мақсатына жете алады. И.Шультц, О.А.Черникова мен О.В.Дашкевичтержасаған аутогендік жаттығуы-спортшының эмоционалды қалпын белсенді өзіндік реттеудің комплекстік әдісі. Оны жарыс алдындағы қолайсыз қалыпты тыныштандыруға дене шынығуын төмендету мен жоюда қолданады. Өзіндік реттеудің бірдей әдістері барлық уақытта бірдей нәтиже бернмейтіндігін ескеру қажет. Мұның себебі-спортшының жүйке жүйесінің ерекшеліктерінің әртүрлі болуында. Осыған орай, әрқайсысына тіркесу мен жеке дифференциалды жарыс алдындағы дайындықты өткізу спортшылардың төрт түрін бөліп көрсетуді ұсынады: 1) спортшының мәре алдындағы дайындығы күнделікті дайындықтан ерекшеленбейді (жүйке жүйелерінің біл қалыпты, қозғалысты) 2)мәре алдындағы жаттығу толық эмоционалды болуы керек (жүйке жүйесі инертті) 3) мәре алдындағы жаттығуда эмоционалды ширығуды төмендету керек (жүйке жүйесі қозғалысты) 4) басында 3-топтың кейіннен 2-топтың нұсқаулары пайдаланылады (жүйке жүйесінің инертті-баяу қимылдайтын).

Сонымен жарыс жағдайындағы спортшының психикалық қалпын реттеу спортшының жеке басындағы ерекшеліктеріне тікелей тәуелді болады.

 

5: Спорттық даярлықтың психологиялық қамтамасыз етілуі

 

1)Спорттағы психологиялық диагностика.

Психологиялық диагностика-зерттеушіне белгілі жеке тұлға (индевид) немесе топты сипаттаушы психикалық компоненттерді бағалайтын экспериментальды әдістердің арнайы орентациясын айтуға болады. Анықтамасында көрсетілгендей, диагностиканың елеулі кезеңінде осы шақтағы беймәлім психикалық құбылыстар зерттермейді, керісінше, бұрынғы белгілері алдын-ала анықталған факторлар әсерімен белгісіз жағдайларда көрінетіндері: жеке тұлғалық айырмашылықтар жүктемелерге, жарыстарға бейімделуі бағаланады.

Спорттағы психодиагностика спортшы жеке басының қасиеттерін, психикалық процестер деңгейін (мысалы, құрамының жаңа ойыншыларының қабілеттерін анықтау үшін) жаттығу және жарыс кездерінде психикалық жай-күйлерін, жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бағалауға бағытталған.

Психодиагностика әдістері мен құралдарын таңдағанда зерттеуші ең алдымен төмендегі принциптерді басшылыққа алу керек:

1) Обективтілік принципі: птсихикалық құбылыстарды өмірде кездестіретіндей күйінде, іс-әрекеттің сыртқы және ішкі жағдайларын байланыстыра қарауды ойластырады, бұл жерде диагностика мәліметтері тәжірибе жасаушының тілегі мен мүмкіндіктерімен емес, олардың объективті мінездемесімен байланыста талданууы керек.

2)  Комплекстік принцип: әдістемелерді комплексті пайдалануды немесе әртүрлі өмір жағдайларындағы эксперименттік көрсеткіштерді алмастыруды, айқындалатын элементтерді біріңғай құрылымға біріктіру үшін қолдануды және жекелеген процестер, қалыптар арасында байланыстарды орнатуды талап етеді.

3) Динамикалық принципі: кез-келген психикалық құбылысты оның мінездемесін ескере отырып, обективті дамуын тек қазіргі уақытта ғана емес, даму перспективасымен де қарастырылуы керек екендігі, диагностика жүргізілгенде әбден бекіген қасиеттері бар жоғары класты тәжірибелі спортшы жеке басында кездесетін мүмкін болатын өзгерістерді де мысалы, оның мотивациясы немесе стрессті факторлардың шексіз әсріне психологиялық тұрақтылығын да ескеру қажеттілігін білдіреді.

4) Аналитикалық-синтетикалық зерттеу принципі: бір жағынан, психиканың кейбір элементтерін, екінші жағынан, жеке тұлғаның немесе белгілі біл психикалық жай-күйдің толық мінездемесін бөліп көрсетеді, бірақ, көбінесе диагностика осы аталған спортшы немесе команда туралы жалпы қорытындыға алып келу керек.

Диагностиканың осы аталған принциптері әдістемені таңдауға және диагностиканы ұйымдастыруға қойылатын нақты талаптарды айқындайды.

Валидтілік- біл жағынан, психологиялық эксперименттер нәтижелері, екінші жағынан, сыналушының іс-әрекеті мен жүріс-тұрыс түрлері мен формалары арасындағы байланысты көрсетеді. Ол психологиялық эксперименттің өміршеңдігін айқындайды. Кеңінен қарастырғанда тесттің валидтілігі өзі қызмет ететін қайсыбір мақсаттар мен тілектерге қаншалықты жақын екендігін білдіреді. Психолог, өз пікірінше, спортшы реакциясының жылдамдығын бағалайтын жаттығулар ойлап табуы мүмкін. Дегенмен,  қандай да бір тестті орындау тиімділігі реакцияның жылдамдығына емес, жауап беруші қимылдың орындалу уақытына тәуелді.

Спорттағы психодиагностиканың жалпы принциптері мен әдістері тексерулердің мақсаты мен міндеттеріне қарай қолданылады.

  1. Диагностикаға арналған әдістемелердің;
  2. Спортшының жеке тұлғалық қасиеттерінің ;
  3. Психикалық процестер ерекшеліктерінің;
  4. Психикалық жай-күйлерінің ерекшеліктерінің;

Спорттық командалардың әлеумттік-психологиялық ерекшеліктерінің жинақтары бар.

2.  Жекелеген спорт түрлерінің психодиаграммасын жасауға арналған бағдарлама.

1. Спорттық қимылдардың біркелкі қатаң нақтылығы (мысалы, ауыр атлетикада, жүгіруде, лақтыруда т.б.)

2, Тәсілдердің алуан түрлілігі және күрделілігі (мысалы, күрес түрлері, спорт ойындары).

3. Жалпы алғанда жарыстар ұзақтығы.

4. Кейбір қимылдардың қайталануының жиілігі мен ұзақтығы.

5. Қимылдардың жылдамдығына қойылатын талаптар.

6. Ақпарат процестерінің күрделілігімен құрамы.

7. Реакция процестерінің жылдамдығына қойылатын талаптар.

8. Оны өңдеудің күрделілігімен құрамы.

9. Күштердің көріну ерекшеліктері.

10. Дене төзімділігіне қойылатын талаптар.

11. Жарыстар барысында эмоциональды қалыптардың ерекшеліктері.

Тактика ерекшеліктері (жекелік, топтық және т.б.)

Жекелеген спорт түрлерінің психодиаграммасын жасауға арналған материалдар байқаудың жүйелі әдістерін қолдану нәтижесінде пайда болады, хронометраж, статистикалық талдау, кейбір ақпараттық әдістемелер (мысалы, реакцияметрия, диномометрия т.б.) спорттық қызметтің қалыпты жағдайларында қолданылады.

3.Спортшының психологиялық мінездемесін жасауға арналған бағдарлама.

  1. Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінің көрінуі: күш салмақтылық, жүйке процестерінің қозғалмалығы, жүйелі психологиялық, педагогикалық мәліметтер бойынша.
  2. Жеке тұлғаның бағыттылығы: қажеттілік, қызығушылық, еңбекке, сабаққа, спортқа дген қарым-қатиынас, спорттық қызметтің мотивтері.
  3. Мінездің моральді- еріктік белгілері: ұжымдық сезімі, тәртіптілік, бастамашылық, ұжымдағы қарым-қатынас.
  4. Жеке тұлғаның эмоциональды көріністері: олардың интенсивтілігі, спорттағы табыстары мен жеңілістерге қарым-қатынас, жарыстар мен жаттығулардың болатын көңіл-күйлер.
  5. Негізгі дене функцияларының даму динамикасы: реакция жылдамдығы, қозғалыстың қалпы, бұлшықеттік-қозғалыстық қабылдау, вестибулярлық аппараттық әсерлену, ес процстерінің тұрақтылығы мен интенсивтілігі, эмоциональды реакциялар жән т.б. Бұл көрсеткіштер спортшының психологиялық профилі түрінде көрсетіледі.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-12-08 14:45:46     Қаралды-28409

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

...

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »