UF

Тақырыбы: Космекендiлер отрядтарына  жалпы сипаттама

 

1. Аяқсыз қос мекендiлер отряды.

2. Құйрықты қос мекендiлер отряды.

3. Құйрықсыз қос мекендiлер отряды

 

1. Аяқсыз қосмекендiлер отряды. Жер астында тiршiлiк етуiне және жердi қазуына байланысты, дене құрылысы өзгерген құрттар тәрiздi кiшкентай топ жануарлар. Көпшiлiк түрлерiнiң денесi жауын құрттарына (сақиналы) ұқсайды. Аяқтары жоқ, терiсiнде терi бездерi көп болады. Құртша (червяк) деп аталатын бiр ғана тұқымдасы бар. Ол Оңтүстiк Америкада таралған,ұзындығы 40 см болады. Дымқыл жерлердi 50см-ге дейiн қазып, сол жерде тiршiлiк етедi. Аяқсыздар iндерге, түбiрдiң түбiне 10-20 шақты жұмыртқа салып көбейедi. Жұмыртқадан шыққан личинкалар, суға барып дамуын аяқтайды. Ұрықтануы iште болады.

2. Құйрықты қосмекендiлер отряды. Бұл отрядқа саламандрлар, тритондар, протейлер (олар желбезегi бар, көздерi жоқ, үңгiр су қоймаларында кездеседi), сирендер(желбезегi бар, бiрақ артқы аяқтары жоқ) жатады. Көпшiлiк құйрықты қосмекендiлер Солтүстiк Америкада таралған. Олардың денесi бас, дене және құйрық бөлiмдерiне бөлiнген. Өмiрiнiң көпшiлiк уақытын суда өткiзедi. Алдыңғы артқы аяқтарының ұзындығы бiрдей. Бiзде кәдiмгi тритон және жалпы тритондар кездеседi. Бұлар жаз айларында шағын ақпайтын, ақса баяу ағатын өсiмдiгi мол суларды мекендейдi. Күзге қарай тритондар судан шығып, ағаштың түбiне, тастың астына, жердiң жарығына кiрiп паналайды. Қыста құрғақ түбiрлердiң, құлаған ағаштардың астына қыстап шығады. Көктемде қайтадан су қоймаларына оралады. Көбеюi мен личинкаларының дамуы суда өтедi.

Кәдiмгi саламандрлар тритондарға қарағанда тiршiлiгi сумен онша байланысты емес. Күндiз ағаш тамырларының, тастың астында және iндерде болады. Саламандрлар желбезегi бар балаларын тiрi туады, кейде суға уылдырықтарын шашады, одан личинкалар шығады.

Сирендер Солтүстiк Америкада кездеседi. Артқы аяқтары жоқ. Денелерi қзынша, 60-70 см болады. Батпақты жерлерде түбiрдiң астын мекен етедi.

Протейлер Балқан түбегiнiң жер асты суларын мекендейдi. Аяқтары кiшкене жүруге жарамайды. Денесiнiң ұзындығы 25-35см болады. Жұмыртқа салу арқылы көбейедi, Балқан протейлерi тiрi де туады. Жетiсу аяқтыбалығы Қазақстан қызыл кiтабына енген.

3. Құйрықсыз қосмекендiлер отряды. Сан жағынан көп, құрылысы күрделi, құрлықта да тiршiлiк етуге бейiмделген жануарлар тобы жатады. Бұл отрядқа көлбақа, тоспа бақасы, құрбақа, жерлянка, квакша, чесночницы т.б. жатады. Құйрықсыздардың көпшiлiгi тропикалық елдерде көп кездеседi. Олардың әрқашан жақсы дамыған алдыңғы, артқы аяқтары болады. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда күштi дамыған, сондықтан жер бетiнен секiрiп жүредi. Олардың iшiнде құрлықта, ағаштың басында, суда және қазып iнде тiршiлiк ететiндерi бар. Құйрықсыздар терiсi қалыңдау, сондықтан олардың өкпесi жақсы дамыған. Деседе олар тек дымқыл жерлерде ғана тiршiлiк етедi. Сыртқы ортада ұрықтанады. Қосмекендiлердiң көбеюiндегi ерекшелiк – олардың көбею кезiнде суға келiп, жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы өтедi. 1700-дей өкiлi бар, бiрнеше тұқымдасқа бөлiнедi.

Дөңгелек тiлдiлер тұқымдасының тiлi дөңгелек келедi. Бұлар Евразияда және Солтүстiк Америкада тараған. Өкiлдерi жерлянка, ұзындығы 5см, сұр түстi құрбақа павитуха, ұзындығы 5см.

Құрбақа тұқымдасы сумен байланысы аз, терiсiнiң эпидермисiнiң жоғарғы қабаты мүйiзденiп кеткен. Өкiлдерi кәдiмгi және жасыл құрбақа бiздiң елiмiзде кеңiнен тараған. Данатин құрбақасы Қазақстан қызыл кiтабына енген. Нағыз бақалар тұқымдасы Австралия мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кездеседi. Өкiлдерi көлбақа және оған жақын тоспа бақасы, шөп бақасы, бiз тұмсық бақа, яваның ұшқыш бақасы. Қызыл аяқ бақа Қазақстан қызыл кiтабына енген.

Қосмекендiлер экологиясы. Бiрiншi рет құрлықта тiршiлiк етуге шыққан омыртқалы жануарлар, құрлықта тiршiлiк ететiн омыртқалы жануарлардың дамуына жол ашқан қосмекендiлер. Оларды орманда, далалық аймақта, бау-бақшада, өзен-көлдер жағасында көруге болады, бiрақ көбеюi суда өтедi.

Қосмекендiлер насекомдармен және олардың личинкаларымен (қоңыздар, шыбындар, масалар т.б.) және өрмекшiлермен қоректенедi. Олар моллюскалар (шырышты тоспа ұлуын т.б.) мен балықтың шабақтарымен қоректенедi. Мысалы, шөп бақаның бiреуi ғана жаз бойы 1200 зиянды насекомды жеп пайда келтiредi. Қосмекендiлердiң өздерi балықтарға, құстарға, жыландарға, кiрпiлерге, сасық күзендер мен құндыздарға таптырмайтын қорек. Құрбақа мен саламандрлардың терiлерiнде улы бездерi болғандықтан оларды ешкiм жемейдi. Қосмекендiлер суық түсiсiмен қысқы ұйқыға кетедi.

Қосмекендiлердiң маңызы. Олар су мен құрлықтың арасындағы зат алмасуды жүргiзуде көптеген биоценоздарда көбейiп байланыстырушы қызметiн атқарады. Қосмекендiлердiң негiзгi (тамағы) қорегi омыртқасыз жануарлар, оның iшiнде насекомдар. Олар –бақшаның, орман мен даланың зиянкестерiн жеп, адамдарға пайда келтiредi. Мамандардың есебi бойынша жаз бойы бiр шөп көлбақасы шамамен 1,2 мың ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң зиянды насекомдарын жейдi екен. Құрбақалар азығын түнде iздеп құстар iздеп таба алмайтын түн насекомдарын, моллюскалардан жалаңаш шырышты т.б. түн жәндiктерiн жеп үлкен пайда келтiредi. Бақалар ертеден медицина мен ғылымға әртүрлi тәжiрибелер жасайтын бiрден-бiр қолайлы жануарлар.

        

Пайдаланғани әдебиет:

1. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. Ч.1,2. М., 1979.

2. Губашев Н.М. Зоология практикумы : оқу құралы / Н. М. Губашев, А. К. Днекешев, С. М. Жумагазиева ; ЖӘгір хан атындағы БҚ АТУ. -Орал : БҚ АТУ, 2007. - 151 с

3. Дәуітбаева Ә. Омыртқасыздар зоология 1,2-бөлім. Алматы., 200

4. Беркінбай О.Б.,Шабдарбаева Г.С. Қазақстан биоресурстары: жануарлар әлемі.Оқулық. Алматы,2013ж.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-07 21:11:27     Қаралды-5065

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »