UF

Гидротехникалық құрылыстағы негізгі түсініктер

 

Құрылыс өндірісінің технологиясы деп құрылыс монтаж жұмыстарының (жер,бетон, темір бетон, жер асты жұмыстары, монтаждық) т.б. әрлеу жұмыстарының нәтижесінде пайда болатын құрылыс объектілерінің орындалу тәсілдерінің жиынтығын айтамыз.

Гидротехникалық құрылыстарды салудағы қазіргі заманғы құрылыс технологияларына жоғарғы өнімді машиналармен механизмдер кеңінен қолданады: ожаулардың сыйымдылығы 8 м3-қа дейін немесе одан көп экскаваторлар, жүк көтерілімдігі 40 т дейін самосвал, скреперлер, қуатты бульдозерлер, жүк көтерілімдігі 25-40 т аралығындағы мұнаралы, кабельді, крандар.

Құрылыс өнімі дегеніміз – пайдалануға дайын болған, құрылған құрылымдарды айтамыз. Құрылыс жұмыстарды өндірілетін материалдар түріне және конструктивтік элементтеріне байланысты бөлінеді: жер жұмыстары бетон, тас болып бөлінеді.

Бұл жұмыстар жалпы құрылыстың жұмыстары болып табылады. Технологиялық, санитарлық технологиялық және электротехникалық жабдықтарды монтаждау, гидроэзоляциялау жұмыстары т.б. арнайы жұмыстарға жатады. Оны арнайы ұйымдар орындайды.

Құрылыс объектісі жоба бойынша іске асады. Жобада объектіні пайдалану және технологиялық сипаттамалары, құрылыстарының формалары мен өлшемдері және олардың элементтері, материалдарының бөлшектері құрылыс және мата  жұмыстарының тәсілдері және құрылыстың ұйымдастыруы болады.

Жобаның құрамына тағы смета дайындалады. Ол барлық материалдардың жабдықтардың электорэнергияның құрылыс машиналарының жұмысын еңбектің барлық шығындарының яғни құрылыстың өзіндік құнын ескеріп жасайды.

Жалпы құрылыстық жұмыстарды орындауға байланысты құрылыс процестері болады. Құрылыстық және монтаждық процестер негізгі, көмекші және транспорттық болып бөлінеді.

Негізгі процеске арнайы жұмыстардың конструкцияларын дайындау жатады. Мысалы: платинаның негізін бетондау, платинаның денесіне топырақтарды төгу т.б.

Көмекші процестерге траншея (ордың) қабырғаларын бекіту, шаблондарын монтаждау т.б. жатады.

Транспорттық процестерге материал, конструкторлы бөлшектерді жұмыс орнына жеткізу жұмыстары жатады.

Гидротехникалық құрылыс күрделі құрылыстың негізгі саласы болып табылады. Өйткені онда жұмыс көлемі үлкен, конструктивтік және жинақтау шешімдері қайталанбайды.

Гидротехникалық құрылыстарға ерекше талаптар қойылады: оларға сенімділігі, беріктігі, су өткізбестігі және суыққа төзімділігі, арнайы технологияларды пайдалануды қажет етеді.

Гидротүйіннің құрамына ірі жер құрылыстары (платина, дамбалар, каналдар) кіреді.

 

Жер жұмыстары

 

Жер құрылымдарына дамбалар, каналдар т.б. жатады. Олар жерлердің бетінде немесе топырақ массивінде орындалатын инженерлік құрылымдар болып табылады. Жерлердің беттігіне байланысты олар жабық және ашық болап бөлінеді. Жер асты құрылыстарға – туннель,землянка, шахталар және басқа да жерлердің биіктігінен белгілі бір терңдікте орындалатын құрылымдар жатады. Олар арнайы және жер қазатын машиналар мен құрылады. Жер құрылымдар – ашық жер құрылымдары жерлердің тегіс бетінде үйінді және ойық түрінде құрады. Мұндай құрылымдар экскаватор, ор қазғыштармен бульдозерлермен, скреперлермен т.б. жер қазғыштар.

Үйінді дегеніміз - жерлердің табиғи биіктігіне топырақтардан жасанды түрде үйілген жер құрылымдарын айтамыз. Жер, жол үйіндісі дамб, бөгет жатады.

 

Топырақтарды қазу жұмыстары

 

Жер жұмыстарын жүргізуден алдын ала территорияны немесе трассаны тостарын шөптерден тазартамыз. Одан кейін жердің бетін тегістеу жұмыстары жүреді.

Жерді тегістеу жұмыстарын грейдерлермен, бульдозерлермен іске асырады. Мелиоротивтік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін механикаландырылған ағынды тәсіл қолданады. Мысалы: ор қазушы басты операцияны-каналды қазады, осымен қатар топырақтарды ковалерлерге төсейді. Бұны ағынды тәсіл деп атайды. Жер жұмыстарын жүргізу үшін механизатор алдын-ала жобамен немесе жұмыс өндірісінің схемасымен жүргізу керек. Және соған сәйкес жұмыс істеу керек.

Өсімдік қабатын кесу үшін трактормен алға қарай жүру арқылы іске асады. Бульдозермен топырақтарды кескенде оның отвалына топырақ толған сайын оны тасымалдауға кедергі де ұлғаяды, 10-15 см тереңдікте топырақ қазу өндіріледі. Бульдозердің екі жүрісінде, яғни алға және кері қарай жердің беті тегістеледі. Бұл топырақтың топтарына да байланысты болады.

Топырақтарды үлкен ара қашықтыққа  тасымалдау кезінде агрегаттардың жылдамдықтарының азаюынан машиналардың жұмыс өнімділігі азаяды. Бұндай кезде машиналар элипс түрінде жылжуына тура келеді. Топырақтардың шығындарын азайту үшін отвалға ашылғыштар орнатылады және топырақтарды өңдеудің трансейалық тәсілі қолданылады. Яғни екі бульдозер бірінен кейін бірі қазып, тасымалдап жұмыс істейді.

 

Суғару каналдарының құрылымдарының технологиясы

 

Уақытша каналдардың трассасы жоба бойынша немесе тәжірибелі суғарушылардың кеңесімен анықталады. Барлық жағдайда трасса алдын-ала белгіленіп, ерекшеленуі керек. Кері жағдацйда агрегаттың өнімінің төмендеуі мүмкін және жұмысты жарамсыз деп табуы мүмкін. Тегістеп трассаны жоспарлайды.

Каналдарды ор қазушы машиналар көбіне агрегаттың бір не екі жүрісіне орындайды. Бір жүрісінде 400-450 мм канал қазады, екінші жүрісінде шынжыр табанды трактор  тығыздап ор қазушы каналдардың тереңдігін 550-650 мм жоғарылатады.

Канал жоба бойынша қазылған соң, оны тегістейтін машиналар тегістеп шығады. Құрғату каналының қазу технологиялары ор қазушы машиналар каналдарды қазуда жұмыстың шартына топырақтың қасиетіне және каналдарға қойылатын технологиялардың талаптарына сәйкестендіріліп жүргізіледі.

Құрғату каналдарын қазғанда ор қазушы машиналар жоба бойынша берліген егістікте бір жүрісінде қазып өтеді. Машиналардың өнімділігі топырақтың түріне байланысты болады. Топырақ жұмыстарының көлемі 6 м3 құраса, ауыр топырақтар екі есеге төмен болады.

 

Канал оймаларын өңдеу

  1. каналдардың осін бөлу және пикеттеу
  2. трассасын дайындау
  3. техникалық мәліметтерді дайындау
  4. оймаларды өңдеу
  5. ковалерлерді тегістеу
  6. каналдарды түбімен откостарын бекіту

 

  1. каналдардың осьтерін құрылыс монтаждық ұйымдардың геодезистері сызықтық өлшемдер арқылы каналдарды басна соңына дейін бұрылыстарды нүктелерді де қоса бөледі. Осьтерін бөлгеннен кейін пикетаж жүргізеді. Яғни  әр 50 м сайын пикеттер қойып каналдардың төмен түскен жерінде латоктарында, құбыр өткен жерлерде, рельефтің сипаттамалық нүктелерінде, түбінің еңістігінің өзгерген жерлеріне яғни каналдардың соңына пикеттер қойылады.

Бойлық ось бойынша каналдардың енін беттік бойынша есептейді. Пикеттерді кей жағдайда шахматтық тәртіпте ені бойынша қояды.

  1. Трассаны дайындау көбінесе жазғы уақыттарда жүреді. Құрылысты бастамай тұрып жердегі өсімдік қабатын жояды. Ағаш бұталарды, ірі тастарды арнайы қондырғылармен (тамыр жұлғыштар) іске асырады. Каналдардың трассасына қара шірінді қабатын кеіп, бағалы топырақтарды қалалардың құрылысына теплицаларды пайдалануға алады. Ол қабатты бульдозермен, экскаватормен кесіп алып, арнайы орындарына автосамосвалдарымен және арнайы тракторлармен жеткізеді. Қара шірінді топырақтарды алып кетуге болмаған жағдайда қалыңдатып 20 см нығыздайды. Бұл кезде еңбекті ұйымдастыру негізгі болып табылады.
  2. трассаны дайындау үшін оймаларды өңдеуге техникалық мәліметтерді дайындайды және невилерлеу жүргізіледі. Невелирді бір орынға қойып, рейкасын белгілі белгіден реперге қояды және невеирлермен сол жердің белгісін өлшейді. Сол белгілерді қосып құралдың горизонтын анықтайды. Рейканың әр пикетке қойып, белгілерін есептеп, невелирлеу журналына жазады. әр құралдың горизонттарын анықтаған соң олардың белгілерін салыстырады. Айырмашылығы шектік мәннен аспаса реперді пикет бойынша бөледі. Ал кейбір жағдайда қайта нивелирлейді. Пикеттердің белгілерімен жобалық белгілерді алып тастап, каналдардың тереңдігін анықтайды. Эксковатор машинисіне әр пикет бойынша көрсетілген каналдардың тереңдігін, енін, баурайларының еңістігін, пикеттердің биіктігін бақылау рейкалардың ұзындығын көрсетілген каналды өңдеуге тапсырма беріледі.
  3. каналдарды оймаларын өңдеу. Көп жағдайда Э-652 Б және  Э-304В маркалы эксковатор драглайынымен өңдейді. Каналдардың екі метрлік терңдігінде оймалады өңдеу үшін эксковаторды каналдардың өсу бойымен орналастырды. 2 м көп тереңдікке каналдардың оймасын өңдеу үшін эксковаторларды зигзагты схема бойынша орналастырады. Оймалардан алынған ковалерлер каналдардың бробкасынан (жотасынан) 2 м алыс төгу керек. Эксковаторлар мен оймаларды өңдеген соң, оймалардың сапасын тексеру жүргізіледі. Яғни, оймалардың түбінің белгілерін әр пикет сайын нивелирлеп тексетіп отырады.

Каналдардың түбінің енімен беттігінің енін сызықтық өлшегіштігімен тексеріп отырады. Түзу сызықтықты бақылау үшін каналадардың түбіндегі осі бойынша орналастырыған визиркаларды пайдаланылады.

Оймалардың сапасын тексергеннен кейін, кемшіліктерді жойып, ковалерді тегістеуге және каналдардың түбімен баурайын бекітуге кіріседі.

  1. Ковалерді тегістеу. Каналадардың оймаларын өңдегеннен кейін бірден тегістейді. Жаңбырлы уақытта ковалерлерді тегістемеген уақытта канал оймаларының үлкен дефформациясы пайда болады. Өйткені каналдардың бойында су жиналып, оның сүзілуі гидродинамикалық қысымды жоғарлатады, соның әсерінен баурайлары шайылады, ойманың түбі бұзылады.

Ковалерлерді бульдозерлерді 10 см қабатпен тегістейді. Ковалерлерді жер бетіндегі суларды каналға түсетіндей етіп, тегістейді.

  1. Каналдардың түбімен баурайын бекіту. Каналдардың ұзақ мерзімді қызмет көрсетуі негізінен оның түбімен баурайын бекітумен, оған жақсы күтім көрсеткеннен болады. Каналдардың түбінің еңістігі үлкен болған жағдайда каналдардың 10 см қабатта қиыршық тас төселеді немесе қуысты темірбетонды плиталармен тезағарлар орналастырылады. Ерекше жағдайларда көпірлердің астында, құбырлар өткелдерде, сорғыш станцияларда, суды жіберетін каналдарда түбімен баурайын бетонды немесе темір бетонды плиталармен бекітеді. Тезағарларды орнату үшін және шайылмайтын баурайларды бекіткенде ірі тастарды пайдаланылады.

 

Гидротехникалық құрылымдар.

 

Гидротехникалық құрылымдарды біздің елімізде жобалау зерттеу және ғылыми зерттеу институттары жүргізеді, гидротехникалық және ірі су шаруашылық құрылымдары қозгидропроект институты жүргізеді.

Транспорттық су шаруашылық жұмыстарын мемлекеттік жобалау институттарында жүргізеді. Гидротранс мелорация, суғару, сушаруашылық объектілерінің жобасын водопроект жасайды. Гидротехникалық құрылымдардың жобасы екі сатыда өтеді.

  1. жұмысты ұйымдастыру технологиясы
  2. сметалық жинақтылық

жобалауды ұйымдастырғанда әрбір гидротехникалық құрылымға бас инженер тағайындалады, ол бүкіл құрылыс және жобалау кезінде жобалау-зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырумен технологиялық жетекшілік жүргізеді. Жобаның сапасына, құрлысынң сметалық құндылықтарының анықтаудың дұрысытығына жауап береді. Жобаны іске асыруда негізгі бөлімдердің бас геологы, бас архитекторы, құрылыс және жұмыс өндірісін ұйымдастыратын инжинерлер тағайындалады. Жобаның орындалу кезеңінде нақты мәселелер шешіледі.

  1. Құырылмдардың құрылсының эканомикалық және халық шаруашылық қажеттілігіне сәйкес жобалаудың сатылары анықталады.
  2. техникалық, эканомикалық баяндамалар жасалады.
  3. дәлелденген материалдар және техникалық эканомикалық мінездемелер жасалады.
  4. су қоймаларының орташа деңгейінің өлшемдері белгіленіп отырады.
  5. негізгі құрастыруға қарсы принциптік сұрақтар шешіледі.
  6. жалпы схема құрылысты ұйымдастыруы болады.

Қабылданған гидротехниканың негзгі параметрлерін нақтыланып, құрылыстың сметалық құны анықталады және қабылданады. Жобалау құжаттыранда негізгі құрылымдардың инструкциясына және  құндық көлеміне өзгертулер енгізілмейді. Құрылыстарды жобалауда келесі мәселелер шешіледі:

  1. барлық құрылыс кешенділерінің ұзақтығы өзен арнасының толу уақыты алғашқы және келесі агрегаттардың ені уақыты
  2. гидротораптардың негзгі құрылысының мерзімі құрылыстардың өту схемасы дайындық кезеңіндегі құрылыс нысанының құрамы және жұмыстарының кезектілігі
  3. негзгі бас жобаны тұрғызудағы механизациялық схемасы. Құрылыс және монтаж жұмыстарының әдісі, құрылыс материалдарының қажеттілігі және оларды тасымалдайтын механизмдерінің жабдықталуы энергетикалық ресурстардың, су ресурстарының қажеттілігі.
  4. өндірістік базаның құрамы және орналасуы
  5. құрылыс ұйымының құрамы және жұмыс түрін орындау үшін арнайы мамандандырылған мекемелерді жұмылдыру.
  6. техника қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралар.
  7. қабылдаған шешемідердің техника – эканомикалық дәлелдері

 

Жұмыс өндірісінің күнтізбектік жоспары

 

Жұмыс өндірісінің күнтізбектік жоспарын құрылыс монтаж ұйымының (СМУ) бас инжинері дайындайды. Ол жоспарда бригадалардың және машиналардың бірінші объектілерінің екінші объектіге өтуі, жұмыстардың критикалық жолдары көрсетіледі.

Күнтізбектік жоспар әр объектідегі жұмыс өндірісінің графигімен бірге жасалынады.

Күнтізбектік жоспарда объектілердің аты мен жұмыс түрлері көрсетіледі, олардың өлшем бірліктері жұмыс көлемдері және объектілердің жетекшілері көрсетіледі. әр жұмысшының тұсына күнтізбек бойынша орындау мерзімдері сызылады. Оған жұмысшылар саны жазылады. Сызықтардың астында машиналардың маркілері жазылады. 

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-04 14:33:32     Қаралды-3859

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »