UF

:    Тақырып. Тері  және оның  туындылары.

   Негізгі  түсінік :  Терінің    қызметі  әралуан.  Организімді тіршілік ортасының зияныды  әсерінен қорғаумен қатар ол зат алмасуға активті қатысады . Теріден тері арқылы тыныс алу және осмостық реттеуге өте қажеттісу , аммиак , кейбір тұздар , көмір қышқылы , оттегі өтеді. Бұлардан басқа балықтерісіне әртүрлі сипаттағы сезгіш клеткалар тән ( қ. « Сезгіш  оргндар »).  Балық  терісі екі қабаттан тұрады :сыртқысы – эктодтермадан  пайда болған эпидермис және ішкі негізгі тері –мезодермадан пайда болған дерма (кутис, кориум). Бұл  қабаттардың  шекарасы  базальді  мембрана.  Негізгі  тері  (дерма)  үш   қабаттан  тұрады: 1) сыртқы  қабаты  шекаралық  пластинка-  дәнекертканьді  клеткалар  болмайды,  2) сыртқы  борпылдақ  немесе субэпидермальді қабат, 3) тығыз  дәнекертканьді  ішкі  қабат. Терінің  астында  май  клеткалары  бар  дәнекертканьді  теріасты-субкутанеальді  қабат  болады.  Дөңгелекауыздылар  мен  балықтардың  эпидермисі  жұмсақ, әрі 2-15 қатарлы  эпителиальдік  клеткалардан  тұратын  жұқа. Сыртқы  қатардағы клеткалар  жалпақ, шамалап  мүйізденген,  теріден  шырыштың  бөлінуіне  кедергі  келтірмей  тұрақты   бөлініп  отырады. Миногалардың  терісі  жалаңаш,  жұқа  кутикуламен жабылған,  қабыршағы  болмайды.  Эпидермисте  шырыш  бөлетін  көптеген  клеткалар болады. Яғни,  бір  клетка  бір  бездің  қызметін  атқарады.Миксиналарда,  миногаларға  қарағанда, бүйір  сызығының  бойында  орналасқан  шырышты  көп  бөлетін  көпклеткалы  бездер болады. Балықтардың  терісінің  құрылысы  оның  тіршілігіне  байланысты. Әдетте  балықтардың   терісі  жүзу  жылдамдығына  қарай  қалыңдайды   және  әрбір   қабатының  даму  деңгейі мен  өзгереді. Балықтардың (дөңгелекауыздағылардай) эпидермисінің  ішкі  өсетін қабаты  бір  қатар  орналасқан  цилиндрлі  клеткалардан  тұрады, ал  сыртқы  қабаты- бірнеше   қатарлы жалпақ  клеткалар. Эпидермистің ортаңғы  қабаты  цилиндрліден  жалпаққа бірте-бірте  ауысатын эпителиальдік  клеткалар.  Безді  клеткалар   осы  қабатта  орналасқан, олар бокалтәрізділер-шырыш,  май  бөлетіндер,  сезгіштер;  дөңгелек-шырыш  бөлетіндер; колбатәрізділер-терінің  сыртқы  қабатымен   байланысы  жоқ  бұл  бездер балық  жарақаттанғанда теріден қорқыныш  деп  аталатын  зат  бөледі,  ол  үйірдегі балық балықтарда қорқыныш сезімінтуғызады. Колбатәрізді  клеткалары жоқ балықтарда, ( қорқыныш заты ) терінің сыртқы қабатымен байланысы жоқ басқа клеткаларда болуы керек . Акулаларда тек дөңгелек  безді клеткалар дамыған. Ақырын жүзетін нағыз сүйекті  балықтарда шырышты клеткалардың  2-3  типі ,орташа жылдамдықпен  жүзетіндерде-1-2 (әдетте бокалтәрізділер мен дөңгелек), ал тез жүзетіндерде (семсер – балық) – тек дөңгелек клеткалар болады . Ақырын жүзетін балықтарда шырышты клеткалары дене терісініде бірқалыпты  бір қатар орналасқан . Жүзу жылдамдығы өскен сайын шырышты клеткалар дененің ортаңғы жәен артқы бөліміне қарайығыса береді.  Клеткалардың  бұлай орналасу  бейімдеушілік , әрі гидродинамикалық             кедергінің азаюына себепші болады . Балықтың әрбір түрлеріндегі шырыштың биохимиялық құрамы бірдей емес. Жүзу жылдамдығы мен шырыштағы белоктың көлемінің арасында корреляция бар . Тез жүзетін балықтардың шырышында , ақырын жүзетіндерге  қарағанда , белок көп болады.

Балықтардың түсі.   Бұні  балық   терісіндегі   пригменті    клеткалар   ( хроматофорлар ) мен лейкофорлар  қамтамасыз етеді . Пригмент клеткалар өздерінің кездесетін орындарына сәйкес  дермальді, периневральді, перицеломдық және  және периваскулярлық  болып бөлінеді . Олардың негізгі болатын жерлері : дерманның субэпидер-мальді және  дәнекертканьнің  субкутанальді  қабаты.Эпидермисте  әдетте  пигмент  жоқ, эпидермистің  жоғарғы  қабатында  анда-санда  кездесетін   меланофорлар  мен  липофорларды  лимфатикалық  жолдармен  келген  деп  есептеу  керек.

Хроматофорлар

  1. Меланофорлар- көптеген бұтақтары бар жұлдыз сияқты клеткалар.             Олар балықтардың әрбір түрінің денесінің нақтылы жерлерінде тен сол түрге тән  формамен орналасқан ;  ол туысқан түрлерде ұқсас болады. Меланофорлардың құрамында меланинның қоңыр ,  қара немесе қаракөк түйіршіктері болады .

Меленин қиын еритінбелоктік зат . Меленин түйіршектері 25 % КСІ-дің әсерімен ыдырайды 25 % -тік түз және күкірт қышқылдары пигментті 3күнде ыдыратады ; сутегінің асқын тотығы  клетканың түсін оңдырады .

2 ) Ксантофорлар – балық  терісінде мелафорлар сияқты әдетті , тіпті құрылысы да бірдей . Пигмент түйіршіктері майда және түскен жарықта, тереңдігіне сәйкес ашықсарыдан қоңыр қызғылтсарыға дейін боялған . Ксентофорлар тығыз орналасқан жерлерде әдеттегі сары түстен қызыл түс пайда болады ( мыс.,  Nerophis  maculate ) .  Химиялық  тұрғыдан  ксантофорлардың пигментті  түйіршіктері  липохромадарға жатады ; ол күшті алкагольде ,  күкірт эфирінде және т.б. майларды ерітетін заттарда ериді.  Осмий қышқылында қараяды , күкірт қышқылы оларды көк түске бояйды . Жарықта лопохром тез оңады .

3 ) Эритрофорлар , қызыл пигментті клеткалар – сирек кездеседі . Көбіне экзотикалық балықтарда болады және дененің барлық жерінде  бола бермейді . Клетканың құрылысы мелафораларды еске салады , себебі , оның бүтақтарының  формасы тұрақты , бірақ ядросы көбіне біреу ; оның есесіне пигмент  түйіршіктерінің  тығыздануы мен кеңейуі қас - қағымда іске асады .  Липохромадарға жатады.

4 )  Лейкофоралар , гуанофоралар немесе иридоциттер – балықтардың түсі үшін өте маңызды . Мелафорлардан бұл  клеткалардың айырмашылығы бұтақтары жоқ , пішіні көпбұрышты немесе доғал және ядросы тек біреу.Клетка  « шекарасы  » анық емес , басқа хромосомалар сияқты оның  түйіршіктерінің орын ауыстыру  клеткаішілік ағыспен іске асады . Түйіршіктержарықтың түсу ерекшелігіне сәйкес сарғыш немесе көкшіл  гуанин болады .  Гуанин пуринді негіздерге жатады .  Ол суда , спиртте , эфирде және сірке қышқылында ерімейді .

  Кейбір балықтар ( Esox lucius )  меланиридозомдар сипатталған , бұнда гуанины  бар лейкофорларды мелафорлар қоршаған .  Мелафор, лейкофор  және ксантофор  қосылған  жағдайда меланоксантойридозом деп айтуға болады.

   Балықтардың түсінің өзгеруі хроматофорлардағы пигменттердің жиырылуы және жайыла алатындығынан . Бұл протцес  жүйке жүйесі  арқылы іске асады  және ол  жарықты сезінуімен байланысты . Соқыр балықтар  түсін өзгерте алмайды .  Балықтардың некелік түсі гипофиз және жыныс бездерінің әсерінің нәтижесі .

  Көпшілік балықтардың  төмендегідей негізгі  түстерді ажыратады :

  Пелагикалалық  түс – арқасы  көкшіл немесе  жасылдау , бауыры мен бүйірлері күміс түстес ( майшабақтар , анчоустар , үкі – шабақтаро , т.т. )

Шөптесінді түс -  арқасы   қоңырлау, жасылдау  немесе  сарғыштау, әдетте бүйірінде көлденең жолақ немесе өрнек болады .  Қалың шөпті немесе маржанды  рифтердің балықтарына тән . Мысалы : тұщы судағылар  - кәдімгі алабұға, шортан , т.т. теңіздегілер – теңіз таутаны – скорпена, губандардың  көпшілігі , маржан  балықтары т.т.

  Су  түбінің  түсі – арқасы мен бүиірі  қаралау ,  кейде бүиірінің түсі  онан  да  асқан өрнекті қара болады , ал бауыры ақшыл ( камбала ,  албырттың  және асқан  хариустың  шабақтары ,  т.т. ) .

Қабыршақ :  Көпшілік балықтардың қабыршағы болады ,  бірақ  жайындар мен кейбір басқа балықтарда , сондай-ақ дөңгелекауыздыларда болмайды .

      Қабыршақ   балықтың  дене  бетінің  тегістігін  қамтамасыз  етеді, сонысымен  олар  жүзген   уақытта  балықтардың   бүйірлерінде  теріде  пайда  болатын   қыртыстарды   болдырмайды.

      Қабыршақтың  4 типін  ажыратады:  плакойдты, ганоидты,   космоидты  және  сүйекті  - бұлар  ертеде  пайда  болған  плакоидты  қабыршақтың  туындылары  деп  саналады.

        Плакоидты  қабыршақ  тек  шеміршекті  балықтарға  тән.  Балық  денесін түгел  жапқан.  Кейбір плакоидты  қабыршақтар  үлкен  болып  өсіп  плакоидты  жалпақ  затқа  айналады.(теңіз  түлкісі)  Шеміршекті  балықтардың  барлық  тікенектері (мыс  скаттардың  арқасы  мен бауырындағы) өзгерген  плакоидты  қабыршақтар.

         Ганоидтар  қабыршақ  ром пішінді  және  бүйірінде  тіс тәрізді  өсіндісі болады,  солар арқылы  өзара  жалғасып  ерекше  сауыт  құрайды. Ганоидтарға,  қазіргі  балықтарда  көпқанаттылар   мен  сауытты  шортандарға  тән,  ол  бекірелердің  құйрық  қанатында  және  шанышқы тәрізді  сүйек (фулькры) түрінде  сақталған үш   қабаттан  тұрады:  жоғарғы  тығыз (ганоин  қабаты), көптеген  өзекшелері  бар  ортаңғы (космин қабаты) және  сүйекті  заттан (изопедин) тұратын  төменгі. 

Космоидты  қабыршақтардың   жоғарғы  ганоин  қабаты  болмайды - саусаққанатты  балықтарда. Сүйекті  қабыршақ  ганоидты  қабыршақтың  өзгеруінен- ганоин  және  космин  қабаттары  жойылып,  тек  сүйекті  заты  қалған - пайда  болған. Қабыршақ  жиегінің  сипаты  бойынша  бұның  екі  типін  ажыратты: циклоидты - қабыршақтың  артқы  жиегі  тегіс (майшабақтар,  тұқылар  және  т.б), ктеноидты - оның  артқы  жиегі  тікенекті (алабұғалар). Бұл  қабыршақ  үш  қабаттан  құралған: жоғарғы - құрылымсыз  мөлдір  жылтырауық, ортаңғы  жабынды  және  төменгі  негізгі. Төменгі  қабаттың  үстіндегі  минералданған  ортаңғы  қабатта  склерит  деп  аталатын  қыршалар  болады. Балықтың  жасын  анықтағанда  қабыршақтың  склериті  бар қабатын  зерттейді.  Склериттер  жақын  орналасқан  зонаның  сырқы жиегін  жылдық  сақина  деп  атайды,  бұл  зоналардың  санын  анықтау  балықтар  жасын  анықтауға  мүмкіндік  береді.

Улы  бездер.  Кейбір  балықтардың  эпидермисінде,  негізінен  тікенектер  немесе  тікенекті  қанат  талшықтарының   түбінде у  бөлетін  бездер  болады.  Кейде  у  бөлетін  жасушалар  тек  көбейетін  уақытта  пайда  болады  және  уын  бөле  алады,  басқалары - тұрақты.  Балықтарда  улы  бездерінің  үш  типін  ажыратады.   Балықтың  басқа  түрлерінде  дене  және қанат  тікенектерінің  маңындағы  улы  клеткалар  комплексі  құралады (тікенекқұйрықты скат) Үшінші типі - көптеген  түрлердің  дене  және  қанат  тікенектерінің  маңында  ешнәрсеге  тәуелсіз  көп клеткалы  уы  күшті бездер  қалыптасады (теңіз  айдахарыт- морской  дракончик, үрейлі  сүйелді - бородавчатка  страшная, теңіз  алабұғасы)

 Ең  күшті  у  үрейлі-сүйелдінің улы  безінде  өндіріледі.  Ол  эритроциттерді  жояды,  жүйке  жүйесін  талқандайды  және  салдыққа  соқтырады.

Жылтырауық  органдар.  Көптеген   тұңғиықтың   балықтарының  жылтырауық  органдары  (фотофорлар) ерекше  зат люциферин  бар жылтырауық  жасушалардан (фотоциттер) тұрады.

Фотофорлардың  құрылысы,  олардың  орналасуы  және  бөлетін  жарығы  әртүрлі. Мысалы, жылтырауық  анчоустердің  ет  ойығындағы  жылтырауық  жасушалардың  шоғының  астында  рефлектордің  рөлін  атқаратын  жылтыраған  жоғарғы  қабаты  бар  пигментті жасушалар болады. Жылтырауық жасушалардың   алдында  линзаның  рөлін  атқаратын  мөлдір  қабыршақшалар  болады.  Кейбір  фотофорларды  жарықтың  бағыты  мен  күшін  өзгерте  алатын  диафрагма болады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-09 22:22:32     Қаралды-8662

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »