UF

Тақырып. Алғашқы қауымдық қоғамның гүлденуі. Рудың қалыптасуы

 

1. Антропогенез процесінің аяқталуы және адамның осы заманғы түрінің қалыптасуы

2. Тас өңдеу техникасы саласындағы жетістіктер, өндіргіш күштердің дамуы

3. Рулық құрылыстың қалыптасуы. Матриархат

4. Адамдардың жер шарына тарала қоныстануы

5. Нәсілдер: қалыптасу жағдайлары, түрлері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары

 

1. Ерте   және  орта   плейстоцен   бойында оминид  семьялығының эволюциясы  адамның осы заманғы түрінің пайда болуы үшін қолайлы   алғы   шарттар  жасады.   Шынында   Ноmо тегінің  көне  заманғы  өкілі — неандертальдық   адамның     интенсивті   еңбек қызметі үшін барлық қажетті органдарды — үлкен миы, тік жағдайда жүргендегі оның жүріс-тұрысы туралы айтпағанның өзінде оңтайлы қолы болған іспетті еді. Бірақ жоғарыда аталып өткендей, оның ми құрылымы көптеген тұрпайы белгілерінің болуымен сипатталатын,    ал    қолының    оңтайлылығы күшті болатын, бұл ойлау мен сөзді дамытып, тасты өңдеу техникасын жетілдірудегі оның мүмкіндіктерін тежейтін еді. Бұдан басқа, неандертальдық адамның морфологиялың ерекшеліктері, атап айтқанда, оның ми құрылысы, өзінің агрессивтігі мен тежеуді басқаратын ми орталықтарының шамалы дамуы арқасында, коллективтің қоғамдық тіршілігі жағдайларына, оның жеткіліксіз бейімделген тіршілік иесі екендігін дәлелдейді. Неандертальдықтың бас миы қабығы қызметіндегі қозу тежеуден айтарлықтай басым болатын, бұл неандертальдық табында ашынған қатты ашу тудырып ауыр, кейде,  мүмкін өлім-жітіммен тынатын соқтығысуларға  жиі   әкеп  соғатын.  Сондықтан да   неандертальдықтарда ұжым тіршіліктің қоғамдық формаларын дамыту үшін потенциалдық мүмкіндіктері  шағын  болды. Кеңес антропологы Я.Я.Рогинский жасаған адамның қазіргі түрінің пайда болуының  ең  нанымды  теориясы  нақ осы  әлеуметтік  тіршілік  иесі   ретінде,  осы  заманғы адамның неандертальдықтан артықшылығына сүйенеді. Ауру адамды клиникада ақылағанда  маңдай   бөліміне  тиетін   хирургиялық операциялар   жалпы   алғанда   маңдай бөлімінің қандай да болсын зақымдары, көбіне тежейтін реакцияны тежейтін жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарына өкеп соғатындығы байқалған. Маңдай бөлімі зақымданған субъектілер ашушаң, шамданғыш болады да, адамдық тұрмыстың қалыпты жағдайларында өмір сүре алмайды. Я. Я. Рогинскийдің    пікірі    бойынша,    осы    кездегі адамның миының алдыңғы бөлімдерінің интенсивті   дамуы   неандертальдықтармен   салыстырғанда өндіргіш күштері күрт өрлеген және рулық ұйымның бастапқы формалары қалыптасқан дәуірде, яғни кейінгі палеолит дәуірінде   әлеуметтік  сапалар   үлкен   роль алуы   себепті   өтіп   жатыр.   Сонымен   пайда болған   морфологиялық   ерекшелік   табиғи сұрыптаудың  ықпалымен ұрпақтан  ұрпаққа  іріктеліп сақталды. Бас сүйек қорабы биіктігінің ұлғаюы және мидың алдыңғы бөлігі құрылысының өзгерістері салдарынан маңдай сүйектерінің тік түсуі, сайып келгенде маңдай сүйегі рельефінің кішіреюіне, яғни қабаң білігінің жоғалуына әкеп соқты. Бас сүйек қорабының қайта құрылуы бет скелетінің қайта құрылуына белгілі бір ықпал етуі де мүмкін. Ақырында, сөздің одан әрі жетіле түсуі және өндіргіш күштердің және әлеуметтік ұйымдардың дамуымен байланысты болған сөз аппаратының қайта құрылысы иек ығыңқылығының түзілуімен аяқталды.

Адамның осы заманғы түрінің пайда болу уақыты кейінгі плейстоценнің екінші жартысына тура келеді де, кейінгі  палеолиттің басталуымен  тұстасады.  Қалай  болған  күнде де,  осы  уақытқа дейін неандертальдық адамның сүйек қалдықтары табылған кейінгі палеолиттік тұрақтар белгілі    емес Ноmо sаріепs -тің өте-мөте ежелгі  концепциясының  үстемдік  етуіне  байланысты   археологиялық және  геологиялық әдебиетте  орта, тіпті ерте плейстоцен геологиялық қабаттарында осы заманғы адамның сүйек қалдықтары табылған көптеген жағдайлар талай рет сипатталып   жазылды. Алайда, осы сипаттамалардың барлығы геологиялық шамалаудың қатаң талаптарына қисынбайтын бақылауларға   негізделеді.  Теориялық жағынан неғұрлым ықтимал мустьерлік индустриялы осы заманғы адамның қалдыңтарының табылуына келетін болсақ, онда бұлар табылып жүр. Атап айтқанда мұндай олжаларды 1953 жылы Қырымда   А.А.Формозов  жасады. Мұнда нашар білінетін тұрпайы белгілерінің болуымен  сипатталатын   осы   заманға  типті ұл баланың  қаңқасы  кейінгі  мустьер қабатынан табылды.

Адамның осы заманғы түрінің қалыптасқан орны туралы мәселе жөнінде жіті дискуссия өріс алды. Бір жағынан осы заманғы адамның түрлі нәсілдері неандертальдықтардың әр түрлі нәсілдерінен шыққан және сонымен бүкіл Ескі Дүниені Ноmо sаріепs-тің арғы отаны деп атауға болады деп жобаланады. Антропологиялық әдебиетте полицентризм гипотезасы деген ат тағылған осы гипотезаға сәйкес европеоидтік нәсіл, европалық неандертальдықтар негізінде, негроидтық— неандертальдық типтің оңтүстік, көбіне африкалық формалары негізінде қалыптасқан, монголоидтық синантроп ұрпақтарынан шыққан. Бұл гипотезаның пайдасына осы көшу канша болса да, егжей-тегжейлі зерттелген барлық жерде төменгі палеолиттік мәдениеттің жоғары палеолиттікке үздіксіз көшуі туралы көрсететін археологиялық деректер келтіріле алады. Моноцентристік, деп ат тағылған басқа гипотеза осы заманғы нәсілдер мен неандертальдық нәсілдер арасында айтарлықтай морфологиялық ұқсастың жоқтығына сүйенеді. Осы заманғы адам типі оның шет-шетіне қарағанда эйкуменнің орталығында күштірек болған неандертальдық типтің түрлі өкілдерінің интенсивті араласуы салдарынан эйкумен орталығында, сірә, Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізінде қалыптасса керек. Бұл гипотезаның пайдасына дәлел ретінде Ноmо sаріепs -тің нақ арғы отаны деп жобаланған аймақта табылған прогрессивті палестиндік неандертальдықтарға және морфологиялық типтің күрт араласуы туралы айтатын олардың типологиялық әр тектілігін көрсетуге болады. Жалпы, бұл проблема өз шешімін табудан әлде қайда алыс жатыр. Дегенмен Ескі Дүниенің барлық материктерінде археологиялық жағынан тіркелген ерте палеолиттен кейінгі палеолитке үздіксіз өту және осы заманғы нәсілдер мен түрлі морфологиялық формалардың да параллелизмнің болуы неандертальдық типті таразының басын полицентриктік гипотезаның пайдасына қарай аударады.

Ноmо sаріепs-тің ерте кейінгі палеолиттік формалардың өзіне тән морфологиялық ерекшеліктері екі гипотеза тұрғысынан да, нанымды етіліп түсіндіріледі және бұлардың арасында таңдау жасауға көмектеспейді. Мәселен, мұрынның қаттырақ қоқыраюы Батыс және Шығыс Европаның жоғары палеолиттік адамдарын европеоидтік нәсілдің осы заманғы өкілдеріне жақындатады: жалпақ мұрын, бет сүйегінің алға шығыққылығы негроидтың нәсілдің, ежелгі де, осы заманғы да өкілдеріне бір дәрежеде тән, ақырында осы заманғы монголоидтарға соншама тән бет жалпақтығы Қытай территориясынан табылған кейінгі палеолиттік бас сүйектерден де байқалады. Бұл фактіні осы заманғы адам мен олардың нәсілдерінің полицентристік шыққан тегінің дәлелдері ретінде қарастыруға болатын сияқты. Екінші жағынан, олар Ескі Дүниенің қай материгінен табылса да, барлық жоғары палеолиттік бас сүйектер үшін оларды өз ара жақындастыратын және кейінгі палеолиттік адамзаттың типологиялық әр тектілігі, осы заманғыдан аз болды, деп айтуға мүмкіндік беретін белгілер комплексінің тәндігі — моноцентристік гипотезаның пайдасына айқын дәлел. Мұндай белгілердің қатарына жалпақ төменгі бет, төменгі орбиталар, бас сүйек қорабының ұзара түскен формасы жатады. Осының бәрі антропологиялық әдебиетте, әдетте бет сүйек қаңқасы мен бас сүйек қорабы көлемдерінің арасындағы «дисгармониялық» арақатыстың мысалы ретінде аталатын кейінгі палеолиттік бас сүйектерге өзіне тән морфологиялық тұрпат береді. Бұл оның тарихының ерте кезеңдеріндегі осы заманғы адамның морфологиялық типінің қалыптасу процесінің толық аяқталмағандығын көрсетуі мүмкін.

2. Адамның осы заманғы түрлерінің пайда болуы ерте палеолиттен кейінгі палеолитке көшу кезіндегі өндірігіш күштердің дамуындағы қуатты секіріспен тығыз байланысты. Бұл секіріс сонымен бір мезетте биологиялық эволюцияның аяқталу процесінің салдары да, сондай-ақ оның аса маңызды шарты, оның өзінше бір қажетті қоректік ортасы да болып табылды.

Өндіргіш күштердің өрлеуі, ең алдымен, тасты өңдеудің жаңа техникасының тууына көрінеді. Пластиналарды қырғыштау орнына, енді дұрыс қырланған, кейінірек призмалық нуклеустерден ойылып-тесіліп, әрі жұқа ретушь жасалып екінші рет өңдеуге ұшыраған ұзын, жұқа, әрі тиісінше жеңіл пластикалар опырылып алынды. Жаңа тәсіл қаруларды даярлап жасау үшін шақпақ тасты аз мөлшерде керек етті, бұл қоры шағын болып келетін шақпақ тас аңшыларға қаруларды жасап шығару үшін тастардың табиғи қоры жоқ болған жерге қоныс аударуына мүмкіндік берді. Басқа жағдайлары, бұдан да маңыздырақ болды. Жаңа техника арнаулы қаруларды — шеттері бар жүздері өткір қырғыштарды, тілгіштерді, құрсауларды, пышақтарды лақтыратын найзалардың өткір де жеңіл ұштамаларын жасауға мүмкіндік берді. Өндіріс қаруларын дифференциациялау процесі тездетілген қарқынмен алға басты.

Кейінгі палеолит тас қаруларының көпшілігі ағаш және сүйек сапты немесе қапталған күйінде қолданыла бастады. Құранды қарулар кеңінен тарала бастады, бұл да алғашқы тұрмыстық өндірісті дамытуда аса маңызды кезең болды.

Таспен қатар көздері бар біз, ине, кетпен ұштамалары, жарқыратқыштар, найза мен қысқа сапты найза ұштамалары, найза лақтырғыштар (найзаның ұшу ұзақтығын екі есе дерлік арттыра түсетін тіректі тақтайшалар) жасалып шығарылған сүйектер мен мүйіздер қолданылатын болды. Тасқа қарағанда неғұрлым пластикалы материал аң және балық аулау үшін қолданылатын сүңгілердің, лақтыру қаруларының тіс-тіс ұштамаларын жасауға мүмкіндік берді.

Неғұрлым жетілдірілген аң аулау қаруларының пайда болуымен аң аулау дамудың жоғарғы дәрежесіне жетті. Бұл жөнінде жекелеген кейінгі палеолиттік мекендерде орасан көп жиналып қалған жануарлардың көбіне ірі табындық-мамонттардың, тағы жылқылардың, солтүстік бұғылардың сүйектері дәлел болады. Сірә, осы уақытта үйірлеп ұжымдық аулау ең жоғары дамуына жетсе керек. Енді аң аулау, тіршілік ету құралдарымен едәуір қамтамасыз етілуге жеткізді.

Адамдар тұрақ-мекен ретінде үңгірлерді пайдаланды, бірақ мұнымен қатар үлкен жасанды тұрақтар жер бетінде салынған үйлер мен жеркепелер таралды. Қазылып табылған кейбір жеркепелердің көлемі үлкен болады (200 м2-ге дейін), олардың қабырғалары тастармен нығайтылған, ал төбесі конус формалы және бұтақтар мен аң терілері жабылған сырғауылдардан тұрғызылған болу керек. Кейінгі палеолитте хайуанат сүйектерінен каркасты тұрақ-мекендері кеңінен таралған.

Кейінгі палеолиттің аяғына қарай тұрақ-мекендердің кеңінен таралуы риссвюрмдік мұздық аралық дәуірдің біршама жұмсақ климаты орнына вюрмдік суынудың келуімен шарттасады. Осыған киім-кешек эволюциясы да байланысты болды. Сүйектің иненің табылуына қарағанда адам осы кезде киім тігуді үйренген. Аң терілерінен тігілген киім-кешек болып, үйді жабуға қолданылса керек. Кейінгі палеолит дәуірінің аяғына карай тұрақ-мекендердің жылытқан және оған жарық берген ошақтармен қатар, сірә, эскимостар, чукчілер мен коряктардың қолданып жүргендеріне ұқсас жарық беретін арнаулы   аспаптар   да  пайда   болады:  бұл май  мен  пілтесі  ортасындағы  ойығына салынған тастан жасалған шамдар еді.

3. Өндіргіш күштердің дамуында алға ірі қадам жасау қоғамды ұйымдастыруда бұдан кем ірі өзгергіштерді тудырмай қала алмайды. Табиғатпен өзінің күресіндегі адамның өсе түскен техникалық қарулануы біршама тұрақты шаруашылық ұжымдарының өмір сүруіне мүмкіндік жасады. Бірақ сонымен бірге, бұл күрделене түскен қаруларды және еңбек дағдыларын тиімдірек пайдалануды, мұрагерлік пен одан әрі жетілдіре беруді талап етті. Оның біршама аморфты тұрақсыз құрылымымен алғашқы тұрмыстық табынның бұл міндетке шамасы жетпейтін еді, сондықтан да табын қоғамның неғұрлым берік формасына сөзсіз орын беруге тиіс болды.

Бұл ұйымның сипатын бірқатар жағдайлар анықтап берді. Біріншіден, жаңа ұйым қалыптаса бастаған жағдайларда ерте палеолиттік қоғам дамуының өте төменгі дәрежесінде әлеуметтік байланыстарды нығайту үшін, өзінен-өзі туған табиғи, қандас туыстық, бірден-бір нақтылы негіз болды десе болғандай еді. Екіншіден, жыныстық қатынастардың ретке келтірілмегендігін де, демек, әкелік ұғымның жоқтығын да туыстық қатынастар тек жалғыз ана ұрпақтары арасында қалыптасуға, яғни аналық, әйелдік бағыт бойынша құрылуға тиіс болды. Ақырында, үшіншіден сол кездегі ұжымдардың ең тұрақты бөлігі шаруашылық тіршілігінің барлық салаларында ірі роль және балаларға қамқорлық жасау, отты сөндірмей ұстау, үй шаруашылығын жүргізуде ерекше роль атқаратын әйелдер болды. Барлық осы жағдайлардың арқасында алғашқы тұрмыстық адам табынын алмастыруға тиісті қоғам ұйымының формасы аналық ру немесе аналық рулық қауым болуға тиіс еді. Ертедегіден кейінгі палеолитке көшу сатысында аналық рулық қауымның тууын жанама, бірақ пайымды археологиялық деректер дәлелдеп отыр. Ориньяк тұрақтарында орасан үлкен, бірнеше ондаған, кейде тіпті жүздеген шаршы метр қауымдық тұрақтардың қалдықтары ашылды, бұларды салып пайдалану тек мықты біріккен өндірістік ұжымдардың қызметімен ғана байланысты бола алатын еді. Бұл тұрақтардың кейбіреулері (Костенки I, Костенки IV) егжей-тегжейлі қарағанда, этнографияда мәлім, атап айтқанда ирокездердің ұзынша үйлері деп аталатын аналық рулық қауымның мекендеген жерін еске түсіреді. Осы уақытқа жыныстық белгілері, баса көрсетілген ориньяк және солютре әйел мүсіндерінің көптеген олжалары да жатады. П. П. Ефименкодан кейін көптеген археологтар осы ориньяк «Шолпандары» дейтінді ана-арғы әжелердің басына сиыну ретінде алып қарастырады. Бұларды арғы-әжелер емес, үй иесі де үй ошағының сақшысы, рулық топ өмірінің шоғырын бейнелеуші деп танып, оларға С.А.Токарев басқа тұжырым берді. Толып жатқан этнографиялық параллельдермен растала түскен екінші көзқарас, сірә, шындыққа жанасатын шығар. Бірақ қайсысынікі дұрыс болса да кейінгі палерлиттік тұлғашалар қоғамның өмірімен дүниеге көзқарастағы әйелдердің ерекше орнын атап, аналық-рулық иемденушіліктің туғанын көрсетеді.

Алғашқы тұрмыстық адам табынынан айырмашылығы аналық рулық қауым, енді қалыптасқан «дайын» адам қоғамы болды. Бұларда алғашқы тұрмыстық ұжымдықтың бастамасы ең жоғары даму шегіне жетті, мұнда жаңа өндіріс қатынастарының өзіне тән ерекшелігі, олардың қандас-туыстық байланыстарының үйлескендігі (немесе негізінен үйлескендігі) болды. Туысқандық қатынастар ретінде экономикалық қатынастар табиғи туыстық қатынастар ретінде ұғылып түсіндірілді. Осы арқылы туысқандық қатынастарды мойындау қоғамдық  маңызға ие болды, өндірістік ұжымның негізгі шоғырлаушы белгісі болып алғандай еді. Өз кезегінде туыстық топтардың анықтаушы белгісі экзогамия, яғни ру ішінде жыныстық қатынастарға тыйым салу әдеттері болды.

Егер алғашқы тұрмыстық адам табынының аналық рулық қауымға айналуының жалпы негіздері мен уақыты қазір ғылыми жұмбақ болып табылмаса, енді бұл айналудың механизмімен ең алдымен экзогамдық тыйым салу тууының себептері әлі де болса, жеткілікті зерттелмей қалып келеді.

Экзогамияның шығуы туралы мәселе жөнінде көптеген әр түрлі теориялар бар, бірақ бұлардың бірде-бірін жұртшылық қабылдамаған, Бұлардың біріншісін XIX ғасырдың 60-шы жылдарында ғылымға экзогамия терминін енгізген шотланд ғалымы Мак-Леннан ұсынды, бірақ сонымен бірге мұны барлық алғашқы тұрмыс тайпаларын экзогамды және эндогамды деп бөліп шатастырды. Мак-Леннанның пікірі бойынша экзогамияның түп-негізі пайдасыз қыз балаларды соғыста өлтіргендігінде жатыр, сондықтан да өздеріне әйелдерді басқа жақтан іздеуге мәжбүр болған «жабайы жауынгерлердің» әдет-ғұрпында болды.

Дарвин жақын, күнделікті өз ара араласып, қатысып жүрген туыстардың арасында тууға тиіс болған жыныстық қатынасқа деген жиіркеніш экзогамияны тудырды деп түсіндіреді. Осы теорияға қан аралас жыныстық байланысқа деген «инстинктивті» жиіркенудің едәуір тараған теориясы жақын келеді. «Патриархалдық теорияны» кейбір жақтаушылар экзогамияны рудың кіші мүшелерін басқа жақтан әйел іздеуге мәжбүр еткен патриархтың қызғанышты деспотизмінің нәтижесі, деп біледі. Экзогамияның шығуына тағы да бір көзқарас неғұрлым көп жүріп-тұратын аңшы ерлері әйелдерінен үнемі оқшау кетіп, өз кезегінде өздерінің ерлерінен қалып қойған басқа табындардың әйелдерімен жолығысқандығы, осындай алғашқы тұрмыс адам табынына тән болған-мыс деген тәртіптен оны шығарады. Алайда, бұл конструкция этнография фактілерімен нашар қауысады немесе олар тура жоққа шығарады.

Экзогамдық тыйым салулардың тууын қан араласудың биологиялық зиянды салдарын болдырмауға ұмтылумен байланыстырған бұл мәселенің тарихында Морган елеулі із қалдырды. Бұл түсінік, алайда, мұндай ұмтылыс тек стихиялы түрде, мақсатқа айқын түсініп жетпей көріне алатын еді, деген ескертпемен Энгельс өзінің «Семьяның, жекеменшіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінде қайталады. Кейінгі ғылым деректері экзогамияның шығуына Морганның көзқарастарын растамады. Біріншіден, туыстық некелердің зиянды биологиялық салдары, мустьер адамы жыныс актісі мен бала туу арасындағы байланысты әлі толық түсініп жетпегендіктен де, сірә, қалыптасқан рулық қоғам шынында да назарға іліктіре алмайтын еді, мұны австралиялықтардың кейбір нанымдарының қалдықтары көрсетеді. Екіншіден, көптеген жағдайларда рулық қоғам, жақын туыстардың белгілі бір категорияларының арасындағы некеге жол беріп қана қойған жоқ, сондай-ақ міндетті деп санады. Осы жағдайларды ескере отырып, ғалымдардың басым көпшілігі қазіргі кезде экзогамдық тыйым салулардың «биологиялық» теориясынан бас тартты.

Экзогамия шығуының күрделі проблемаларын жасай отырып, кеңес ғалымдары жыныстық қатынастарды реттеудің осы формасы мен алғашқы тұрмыстық адам табыны өндірістік қызметінің дамуының бүкіл барысы арасындағы ішкі өзара байланысты табуға тырысты. Осы жолмен жүре отырып, А. М. Золотарев экзогамияның тууын мустьер табындарының өзінің алғашқы томаға-тұйықтығын жойып, көршілес табындармен шаруашылық байланыс жасауға ұмтылуынан шығарып бақты. Алайда, бұл гипотеза да тұрлаусыз еді. Шаруашылық байланыстарын ұлғайтуға деген тенденция өзінің дамуында көптеген мөлшерде өзара байланысты топтардың пайда болуына әкеп соғатын еді, алайда, біз бұдан арғы жерде көретініміздей рулық қоғамның әуел басқы құрылымына тек екі экзогамдық өзара некелі ұжымдардың болуы тән еді. Экзогамияның тууын алғашқы тұрмыстық ұжымның ішінде шаруашылық өмірін тәртіпке келтірудің қажеттігімен түсіндіретін С.П.Толстовтың гипотезасы мейлінше кеңінен мойындалып отыр. Қоғамдық тұрғыдан реттелмеген жыныстық қатынастар, қызғаныш негізінде үздіксіз соқтығыстармен қосарланып отыруға тиіс болды, сөйтіп шаруашылық және қоғамдық ұя ретінде адам табынының іргесі шайқалды. Осымен күресе отырып, қоғам барған сайын көптеп тежей түскен және ақыр аяғында сол топтың ішінде жыныстық қатынасты мүмкін емес еткен жыныстық тыйым салуларды бірте-бірте енгізді. Бірақ жыныстық тіршілікті ұжымнан сырт шығару оны нығайта отырып, басқа ұжымдармен жанжалдардың жиіленуіне әкеп соғуға тиіс еді, мұнда осындай өзара некелік топтар неғұрлым көп болса, жанжалдар аумағы соғұрлым кең болатындығы түсінікті болатын. Сондықтан да қалыптасқан қайшылықтарды   жоюдың   ең   қарапайым   табиғи жолы дуальдық ұйымның —экзогамдік тайпаның ұрығы болған тек екі экзогамдік топты бір тұрақты өзара некелік бірлестікке ұштастырудың бірте-бірте тууына әкеп соқты.

Артта қалған тайпалардың қоғамдық құрылыстың алғашқы этнографиялық сипаттамалары уақытына қарай, бұлардың бірде-бірі өзінің алғашқы түрінде дуальдық ұйымды сақтамады, яғни тек екі рудан ғана тұрмады. Халық жұртшылығының өсуімен соңғысы бірнеше жаңа құрылымдарға бөлініп үлгерді. Бірақ қыз жағының рулары өзара байланысын үзбеді де Морган фратриялар деп атаған тайпаның екі ерекше жартысын құрай берді. Екі экзогамдік өзара некелес фратрияға тайпаның бөлінуі түріндегі дуальдық ұйымдардың қалдықтары, көптеген халықтардың тарихи өткен шағынан айқын көрінеді. Мәселен, Батыс Виктория австралиялықтарында Қара және Ақ какаду фратриясы, жаңа Ирландия маланезийліктерінде — Балық аулаушы Қыран мен Бүркіт, Канелье бразиялық үндістерінде — Шығыс пен Батыс, сенектің ирокездерінде — Аю мен Бұғы, селькуптерде Самырсын мен Бүркіт т. б. фратриялары өмір сүрген. Кейбір жағдайларда, мәселен, сенек ирокездерінде барлық қыз жағының руларының шығуы туралы аңыз сақталған, бұлардың екі әуел басқы аттары фратрия аттарына үйлеседі. Бірқатар халықтарда (меланезийліктер, үнділер, обь угрлері, буряттар және басқалар) фратриялардың болған шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық бірліктерінің қалдықтары табылып отыр.

Көне заманғы фратриялдық бөлінісінен айырылған, бірақ ол жөніндегі естеліктерді өзінің рулық тайпасының «жұптылығында» немесе оның орнын басқан саяси құрылымда, генеалогиялық дәстүрлерде, мифтер мен сенімдерде сақтап қалған тайпалар мен халықтардың дуальдық ұйымдарының жұқанасы көрінеді. Мәселен, көне заманғы афиндердің 4 фильдері, мидийліктердің 6 тайпасы, Израилдің 12 колендері, оғыздардың 24 тайпасы, 24 ең қарт ғұндар туралы мәліметтер; көне Египет пен Перудегі 2 «ел», Спарта, Рим мен Карфагендегі 2 билеп төстеуші, т.б. жөніндегі мәліметтер осындай. Екі ата-ана немесе «мәдени кейіпкерлер» римдіктердегі Ромуле мен Реме, армяндардағы Санасар мен Багдасар, буряттағы Эхирит пен Булагат, лезгиндердегі Гету-Шабане мен Баца-Какове т.б. туралы көптеген аңыздар осындай.

Рудың, экзогамдік және дуальдық ұйымы шығуының нақтылы механизмі әзірге көп жағынан айқын емес, әрі ғылыми дауларға орын қалдырып отыр. Бұл түсінікті де, өйткені оны зерттеуде тура этнографиялық деректер жоқ болғандықтан, сарқыншақ құбылыстарды, жанама деректердің сараптамасына бой ұруға, ал кейде жалпы логикалың пайымдаулармен шектеліп, болжамдар, гипотезалар құруға тура келеді.

4. Өндіргіш күштердің өрлеуі мен тіршілік ету жағдайларының жақсаруы халықтың өсуіне жағдай жасады, бұл өз кезегінде аң аулаудың неғұрлым жетілдірілген құралдары мен мекен-жайларға жақын территорияларда жабайы жануарларды атып құртуға немесе оларды азайтуға әкеп соқты. Кейінгі палеолиттің аңшылары бұрынғы игеріп алған жерінен осы уақытқа қарай бос жатқан Солтүстік Европа мен Азияның шөл аймақтарына, мұз бүркеніштерінен босаған құрылықтың байтақ кеңістіктерінен бірте-бірте орын тебе бастады. Кейінгі палеолитте Сібірге, Германияның Солтүстік территориясына ел қоныстанды. Азиядан Беринг бұғазы арқылы жүре отырып, адамдар Американы тұңғыш мекендейді. Палеолиттің аяғында және мезолиттік уақытта адам, сірә, Австралияға да енсе керек.

Кейінгі палеолитте мәдениет дамуының біраз өз ара айырмашылығы бар бірнеше аймақ болады. Әсіресе, айқын байқалатын үш аймақ: мұздық кезіндегі европа, сібір-қытай және африка-жерорта теңіз аймақтары болды.

Мұздық кезіндегі Европа аймағы мұз басудың тікелей ықпалына ұшыраған Европа территориясын қамтыды. Мұнда адамдар қатаң климат жағдайларында тұрды, мамонттар мен солтүстік бұғыларын аулады, сүйектер мен жануарлардың терілерінен қыс мекенін тұрғызды.

Европаның бүкіл мұздық кезіндегі аймағында оның палеолит халқының мәдениет тұтастығы байқалады, бірақ дегенмен бұл аймақтың ішінде халықтың жеке топтарының мәдениетінің кейбір өзгешелігі көзге көрінеді. Мәселен орыс жазығы халқының, Чехословакия территориясы мен оған жапсарлас жатқан орталық Европа аймақтарының мәдениеті Батыс Европа палеолиттік халқының мәдениетінен айырықша келеді. Европалық мұздық кезіндегі аймаққа ұқсас табиғат жағдайларында сібір-қытай аймақтарының тұрғындары өмір сүрді. Алайда, оларда тас өңдеудің біраз басқа техникасы қалыптасты да, қарулардың басқа формалары таралды. Ұзын пышақ тәрізді пластиналар жасаудың кейінгі палеолиттік техникасы мұнда белгілі болғанына қарамастан қарулардың негізгі бөлігі — қырғыш —мустьер заманының европалық қарулары сияқты етіліп жасалды, тіпті ашелль соққыштарын еске түсіретін бүтін ұзынша малта тастан жасалған дөрекі соғылған тас қарулар да кездеседі (сирек).

Африкадан басқа Африка-жерорта теңіз аймағы, Испания, Италия, Балқан түбегі, Қырым, Кавказ, Таяу Шығыс елдерінің территориясын қамтиды. Мұнда адамдар жылылық сүйетін флора мен фауна арасында өмір сүрді, көбінесе киіктерге, ақ бөкендерге, сондай-ақ ірі жыртқыштарға аңшылық етті. Мұнда Солтүстікке қарағанда өсімдік тағамдарын жеуге жарамайтын моллюскаларды жинап, теру көбірек дамыды. Оңтүстік аймақтарда сүйек қарулар аз, әдетте бұл ең қарапайым ұштаулар мен біздер еді. Мұнда шақпақ тас қарулардың бетін өңдейтін қыспа техника мәлім емес еді. Оның есесіне, мұнда ағаш қаруларда жүз есебінде болған микролитикалық шақпақ тас салмалары, сірә солтүстікке қарағанда бұрын таралған, садақ пен жебе пайда болды.

Аталған үш аймақтың кейінгі палеолиттік мәдениетінен айырмашылығы әлі де болса шамалы еді және бұл аймақтардың өздері нақтылы шекарамен бөлінбеген болатын. Осы аймақтың әрқайсысының шектерінде өз ара айырмашылығы бар жекелеген жергілікті мәдениет өмір сүрді. Мәселен, ішкі Африканың палеолиттік тұрғындарының мәдениеті Солтүстік Африка мәдениеті дамуы жолдарынан айырықша өзгеше жолмен дамыды.

Оңтүстік Шығыс Азияның палеолиті нашар зерттелгеніне қарамастан қазірдің өзінде-ақ, оны үлкен төртінші аймаққа бөліп қарауға негіз бар. Бұл жерде халықтың басты қаракеті, солтүсгіктің аңшылары пайдаланған өзгеше қаруларды талап етпейтін, жинап-терушілік болды. Қыдырма аңшылар мен жинап-терушілер тұрақты елді мекен-жай жасамады, уақытша тұрақтармен қанағат етті.

Бізге мәлім Америкаға келген адамның алғашқы іздері бұдан 20 мың жылдай бұрынғы уақытқа жатады. Сірә, Америкаға адамдар Азиядан Беринг бұғазы арқылы өтсе керек. Америкада жоғары приматтардың табылмау фактісі, осылай деуге негіз болады және адам қаңқаларының барлық қалдықтары, Homo sapiens ғана болып келеді, яғни Батыс жарты шарда маймылдың адамға айналуы болмаған және американ үндістердің арғы аталары Ескі Дүниеден келуге тиіс болған. Үндістердің физикалық сипаттамасындағы монголоидтық белгілер олардың азиаттық тегін көрсетеді.

Палеолит дәуірінің адамдары Америкаға мұхит арқылы өте алмайтын, ал Азиядан ең қысқа жол не бары 85 км су кеңістігі материкті бөліп тұрған, Беринг бұғазы арқылы өтетін еді. Сонау ежелгі заманда бұл кеңістік кіші немесе материкті қосатын мойнақ болуы да ықтимал еді.

Америкада табылған ең көне қарулар, кейінгі палеолиттегі қытайлық қаруларды (Чжоу-Коудянь жоғарғы қабаттары), сондай-ақ Бирма мен Үндіқытайдың кейінгі палеолит мәдениетін еске түсіреді. Қарудың бұл археологиялық тұрпаты бүкіл Америкада, Патагонияға дейін сарқыншақтық формада ұзақ сақталады. Қоныс аударушылардың келесі толқыны, сірә, неғұрлым жетілдірілген аңшылық саймандарымен Сібірден келсе керек. Бұлардың Америкада болуының ең көне іздері Сандия үңгірінде (Альбуркеге жақын, Нью-Мексико штаты) табылған және б.з.-ға дейінгі 10 мыңыншы жылдардың, шәмамен, орта шеніне жатады. Сандия типті тас ұштықтың екі жағынан қыспа ретушьпен мұқият өңделген ерекше түрі (бүйірі өзекті лист тәрізді түрі) мамонттың, бизонның, түйенің, мастодондтың сүйектерімен бірге табылған. Америкадағы палеолиттік техника дамуының келесі кезеңі 2 мың жыл кейінгі шамаланатын фолсом типі деп аталатын ұштамдармен сипатталады. Бұл ұштықтар сандия типті ұштықтардан гөрі қыспа ретушьпен анағұрлым мұқият өңделген, екі жағында ұзынша өзектері бар жіңішке де ұзын щақпақ қанжар болып келеді. Фолсом мекендері дегеніміз бизондарды аулап ұстаушылардың уақытша лагері еді. Американың тас ғасыры мәдениетіндегі сарқыншақ құбылыстар б.з.-ға дейінгі 5 мыңдық жылға шейін сақталады.

Австралияға адам, сірә, оңтүстік-шығыс Азия мен Индонезиядан барса керек. Қытайдың, Үндіқытайдың, Индонезияның палеолиттік қаруларына ұқсас тұрпайы малта тас қаруларды пайдаланған Австралияны алғашқы мекендеушілер тасманшіліктердің және соларға туыс тайпалардың арғы аталары болуы ықтимал. Қоныс аударушылардың келесі тасқыны өздерімен бірге тула типті диск тәрізді балталар мен пластинкалардан жасалған үш бұрыш формалы жіңішке ұштықтарды («пирри») ала келді, оларға жаңа микролиттік техникада мәлім болатын, бірақ олар мезолит дәуірінің аса маңызды жаңалық өнерін – садақ пен жебені әлі білмейтін. Австралиялықтардың арғы аталарының елге таралып мекендеу барысында, аңшылар мен жинап-терушілердің өздеріне тән өзгеше мәдениеті қалыптасты.

5. Әуел бастапқы эйкумендердің кеңінен тарауы адамзаттың нәсілдік жіктелуіне мүмкіндік берді. Кейінгі палеолит дәуірі адамдарының бас сүйектерінің табылуы, осы кездегі адамзаттың нәсілге бөлінуінің негізгі ерекшеліктері, сол кейінгі палеолит дәуірінің өзінде-ақ жеткілікті айқын білінгенін, дегенмен де қазіргі кездегіден оның аз болғанын көрсетіп берді. Нәсілге бөлінушілік материктер шекараларымен біршама дәл келіп отырды.

Европеоидтік нәсіл көбіне — Европада, монголоидтық — Азияда қалыптасты, негроидтық нәсілдердің өкілдері Африка мен Австралияны мекендеді. Бұдан өзгеше шекаралық аймақтарда — Жерорта теңізінде оның Европалық жағалауында негроидтық нәсіл өкілдері кездеседі, ал Африкалық жағалауында европеоидтік топтар, Кавказ, Орта Азияны негізінен европеоидтік нәсілдер өкілдері мекендеді, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияда негроидтар монголоидтармен және европеоидтермен араласып кетті. Сонымен, адамзаттың ең үлкен үш нәсілдерінің арасында морфологиялық айырмашылықтың пайда болуында немесе антропология деп аталып жүрген бірінші қатардағы нәсілдік айырмашылықта негізгі рольді екі фактор атқаруы ықтимал, сөзсіз әр материкте әр түрлі болып келетін ортаға бейімделушілік және материктер арасындағы өте айқын көрінетін табиғи шектердің болуынан пайда болған тұтас материктерді кең байтақ даласындағы оқшауланушылық болды. Бейімдеушілік мәні бар нәсілдік белгілерге мысал келтірейік.

Негроидтік нәсілдердің классикалық өкілдерінің терілері өте қара, шаштары бұйра, мұрындары өте жалпақ, еріндері қалың, дүрдиген болады. Белгілердің бұл кешені негроидтардың өмір сүрген орта жағдайларына физиологиялық бейімделуінің сәтті үлгісі болып табылады, ол бұл орта, ең алдымен, өте жоғары температурамен және аса ылғалдылығымен сипатталады. Европалықтар тропикалық климат жағдайларына төзе алмайды, күннің ыстықтығынан және ауаның ылғалдығынан жиі ауырып қалады. Ал Африканың байырғы тұрғындарын алатын болсақ, бұндай климатта олар тамаша сезінеді. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады: африкалықтардың сол сияқты австралиялықтардың да жақсы көңіл күйін сақтауына, олардың жоғарыда аталған морфологиялың ерекшеліктері көмектеседі. Негроидтардың терісінің қара түсі терінің бүркеніш қабаттарында теріні күйіп кетуден сақтайтын меланиннің — ерекше пигменттің болуы арқасында түзіледі. Бұл басқа нәсіл өкілдерінің де терісінде бар, бірақ едәуір аз мөлшерде. Бұйра шаштар басты айнала оны қызып кетуден сақтап тұратын ерекше ауа ұстағыш қабат құрайды. Сірә қызып кетуге сақтауға негроидтық нәсілдері өкілдерінің көпшілігіне тән, геометриялық денеге ұқсас бас сүйегі қорабының биігірек және ұзынша форма болуы да, арнайы тәжірибелер көрсеткеніндей, қызуға неғұрлым аз ұшырауға мүмкіндік жасайды. Кең танаулы жалпақ мұрны және сыртының кілегей қабығы мол қалың еріндері жылуға қарсы тұруды күшейте түседі, сондай-ақ тері сыртының бір өлшеміне келетін тер бездерінің сандары да (европеоидтермен және монголоидтармен салыстырғанда) негроидтарда көп болып келеді.

Монголоидтық нәсіл ыстық, бірақ құрғақ континентальды климатта, шөлейт те далалық ландшафты аймақтарда қалыптасты, құрғақ та суық жел өте ұсақ құмдарды орасан зор бұлт-етіп көтеріп айдап әкетеді. Бұның өзі де қорғанысқа қажетті қандай да бір жағдайды тудырмай қала алмайды. Шынында да монголоид нәсілі өкілдері бетінің май қабаты европеоидтер мен негроидтардың бетінің май қабаты қалыңдығынан едәуір қалың, ал көздері қысың, көздерінің бұрышында ерекше қатпары — эпикантусы болады. Монголоид нәсілінің бұл айырым белгілері ортаға бейімделу ықпалымен қалыптасқандығына Орталық Азия ландшафтына жақындап келетін далалық және шөлейт ландшафт жағдайларында тұратын Оңтүстік Африканың бушмендері мен готтентоттарында осындай ерекшеліктердің болу фактісі дәлел бола алады. Ақырында европеоидтік нәсілге келсек, оған тән морфологиялық ерекшелік – мұрындары коңқайған және имек, бұны да адамдағы нәсіл түзу процесіне климат ықпалының нәтижесі деп түсіндіруге болады. Төрттік дәуірдің аяғындағы Европаның біршама қатал климаты адамның организмін тым суынып кетуден сақтай алатын бейімделудің құралу қажеттігіне жағдай жасады. Мұрын ішінің тым дүрбеңдігі дем алу жолына дейінгі ауаның жолын ұзарта түсті де, оның жылынуына жағдай жасады.

Сөзсіз адаптивтік маңызы бар және бүкіл ықтималдығына қарағанда, сонау табиғи сұрыптау әрекет еткен стадияда тіршілік ету жағдайларына бейімделу салдарынан құралған айқын пайдалы белгілермен қатар қазіргі бар барлық нәсілдер қандай да болсын, оларға жататындардың пайдасына таңу қиынға түсетін азды-көпті бейтарап белгілердің кешенімен сипатталады. Бұл мұрынның, ауыздың және құлақтың құрылысындағы көптеген ұсақ белгілер, бет және сүйек көлемдерінің қайсыбір ара қатынастары т.б. еді. Сірә, осы барлық ерекшеліктердің қалыптасуында кездейсоқ өзгергіштік пен оқшауланудың ролі өте зор болар: басқа сөзбен айтқанда белгілердің бейтарап кешендерінің қалыптасуы — адамзаттың негізгі нәсілдік бөліктерінің әуел басқы таралуының тұйық ареалдарында осы белгілердің кездейсоқ шоғырлануының нәтижесі сірә, корреляциялық өзгергіштік те, яғни біреуі өзгерсе екі белгілердің біреуінің өзінен-өзі өзгеретіндігінің белгілі бір маңызы болса керек. Мұнда өзгерген белгінің соңынан іле-шала өзгерген екінші белгі организмге өзінен-өзі пайдалы бола алмауы да мүмкін. Мысал ретінде бас сүйектің көлденеңі өзгергенде, бет енінің өзгеруін, шаш пен көз түстері интенсивтігінің арасындағы байланысты т.б. көрсетуге болады.

Сонымен ортаға бейімделудің, кездейсоқ өзгергіштіктің және оқшауланудың жиынтық әсері Ескі Дүниенің үш үлкен материгінде адамзаттың үш үлкен нәсілінің қалыптасуына алып келді, бұлардың арасындағы айырмашылық кейінгі палеолиттік дәуірдің аяғына қарай-ақ әбден айқын бола бастады. Алайда мұнымен нәсіл құралу аяқталып болған жоқ. Табиғи сұрыпталу ал сонымен бірге ортаға тікелей бейімделу әрекеті тоқталғанмен, нәсіл құралу процесіне, түрлі нәсіл өкілдерінің араласуының ықпалы өлшеусіз өсіп отыр. Бұның үстіне тағы да бір құбылысты — дәуірлік өзгергіштікті қосуға болады, антропологияда дәуірлік өзгергіштік деп белгілі бағыттағы уақыт ішіндегі белгілердің өзгеруін түсіндіреді. Бұл құбылыс, әсіресе, дәуірлер бойынша бас сүйектер қабының ұзындығы қысқарып, ені кеңею жағына және адам бас сүйектердің аумақтылық дәрежесін көрсететін белгілерге аумақты варианттарды неғұрлым ықшамдандыра алмастыру жағына қарай формаларының өзгергендігінен айқын көрінеді. Бұл өзгерістер, сірә, көптеген себептердің, атап айтқанда, бойдың өсу кезеңіндегі ұзаруының және әлеуметтік ортаның күрделіленуінің ықпалымен жыныстық жетілудің тездетіле түсуінің, мәдениетке егіншіліктің енуінің (ал бұның тамаққа және жалпы шаруашылық тіршілігінің бүкіл режиміне өзгеріс енгізетіні анық), нәсілдік қайта топтасу кезінде тұқым қуалаушылықтың салдары болса керек.

Палеоантропологиялық және археологиялық деректерге қарағанда, үлкен нәсілдердің ішінен ірі бұтақтардың бөлінуі мезолит дәуірінде жатады. Европеоидтік нәсіл ішінде солтүстік және оңтүстік бұтақтар, монголоидтар ішінде – сібірлік, оңтүстік азиялық және американ бұтақтары бөлінеді, негроид — африкалық және австралиялық деп екі топқа бөлінеді. Байланыстылық аймағындағы метистік типтердің қалыптасуы да осы уақытқа жататын болуы керек. Көптеген шағын нәсілдер оқшаулану ықпалымен құралды. Бұған, ең алдымен, австралия және американ діндері жатады десек, дұрыс болып шығар еді. Жер шарындағы сары шашты, көздің көк шағыр болып келетін адамдардың негрлерге өтуінің барлық гаммалары табылатын европеоидтік нәсілдің солтүстік және оңтүстік бұтақтары да, сірә, климаттық фактор ықпалын бастан өткізсе керек. Сонымен нәсіл құраудың түрлі факторлары әр түрлі территорияларда және түрлі нәсіл типтері жөнінде әр түрлі болып келген.

 

Әдебиеттер:

1. Першиц А., Монгаит А., Алексеев В. - Алғашқы қоғам тарихы. А, 1974.

2. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М., 1990.

3. Всемирная история в 24-х томах. Авторский коллектив. Бадак А.Н.

и другие. Минск-М., 2000  т. 1. Каменный век.

4. Першиц А., Алексеев В. - История первобытного общества. М, 2004.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 16:42:57     Қаралды-7971

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »