UF

Ежелгі Үндістан

Жоспар:

 

1. Үндістан тарихының зерттелуі

2. Табиғат жағдайы

3. Халқы

4. Б. э. Дейінгі ХV – VI ғасырдағы Үндістан

5. Маурья державасының құрылуы

6. Үндістан жеріндегі діни ағымдар

7. Үндістан мәдениеті

 

 

 

1. Үндістан тарихының зерттелуі.     Үндістанның орта ғасырлар кезінде тілі мен мәдениеті толық өзгерген Египеттен және Алдыңғы Азияның бірқатар елдерінен айырмасы, ол өткенінің барлығын ұмыттырып жіберетіндей күрт өзгерістерге ұшыраған жоқ. Санскрит тілінде жазылған және ауызекі сөйлеу тілінде туған шығармалар ұрпақтан ұрпаққа ауысып, оқылып және айтылып отырды. «Арийлар жаулап алғаннан кейінгі» Үндістанның тарихы бізге негізінен поэтикалықшығармалар арқылы белгілі болып отыр.               Алайда Үндістан мыңдаған жылдар бойында Европа үшін сыры мәлімсіздеу ел болып келді.                Б. э. XVIII ғасырында Үндістанды Европалық отаршылдар басып алды. Оның ескерткіштерін зерттеу де осы кезден басталды. Ағылшын зерттеушісі У. Джонс үндінің ежелгі жазба ескерткіштерін санскриттен ағылшын тіліне аударды.                                                                                      

Б. э. ХІХ ғасырында Ф. Бопп негізін қалаған үнді-европалық тіл білімі дамуына байланысты тіл мамандары Үндістандағы тілдерді шұғыл зерттеп игере бастады.                                                                                

Ежелгі үнді әдебиетін зерттеуге орыс  филологтары И. П. Минаев, К. А. Коссович және басқалары елеулі үлес қосты. Санскритте жазылған ескерткіштерді басып шығару, аудару және зерттеу Үндістанның өте ертедегі тарихымен танысу үшін жағдайлар туғызды.                                         Алайда бұл елдің тарихи ерекшелігі дұрыс түсінуге буржуазиялық ғылымға тән бірқатар әдейі  бұрмаланған көзқарастардың тууы кедергі жасады. Үнді-Иран тілдерінің европалық тілдермен сөзсіз байланыстылығы осы  тілдерде сөйлейтін  халықтарды жоғарғы нәсіл ретінде Үндістанның ежелгі тұрғындарына қарама-қарсы қоюға себеп болды.  Сөйтіп, Батыс Европа мен АҚШ-тағы қазіргі нәсілшілер ежелгі және орта ғасырлық Үндістанның билеуші топтары арасында қалыптасқан қате қағиданы толық қабылданды. Бұлар үнді-иран тайпаларына қолданылған «арий» («асыл текті») деген «құрметті»  атақты Европа халықтарына таңуы арқылы тіпті олардан да асып түсті.          «Арий нәсілі» жөніндегі ғылымға жат және реакциялық теория осылайша пайда болды және дамытылды. Әсіресе оны көп уағыздаған – неміс нәсілшілерінің өкілі С. Х. Чемберлен еді.                                    Бұл мәселеде тілдің антропологиялық ерекшеліктермен әрқашан дәл келе бермеуі және бұл соңғысы  мәдени деңгейді ешқандай да анықтай алмайтыны  жөніндегі факті бұрмаланды.  «Арийлік теорияға» жоғарыда айтылған, Пенджап пенСиндте жүргізілген қазба жұмыстары біржолата соққы берді.                                                                                             Үндістанның өткен тарихын зерттеуге зиянды әсер еткен екінші жай – бұл елдің даму жолы өзге елдерге мүлде ұқсамайтын айрықша жол деген теріс концепция болды. Жергілікті ерекшеліктерге шектен тыс  мән беріліп, Үндістанның өткен жолы бүкіл адамзат тарихына қарсы қойылды. Осы тұрғыдан келгенде Үндістанның осы заманғы буржуазиялық тарихшылар тарихи дамудың жалпы заңдарының өз елдеріне  де ортақекенін мойындағысы келмей, көп қателіктер жіберді.        Үнді қоғамын зерттеу ісіне К. Маркс үлкен көңіл бөлген. Ол өзінің «Индиядағы британ өктемдігі» атты еңбегінде үнділердің селолық қауымдарының классикалық сипаттамасын береді, олардың неліктен берік және орнықты болғандығының себептерін көрсете отырып, түбінде бәрібір ыдырауға тиіс екенін айтады. Ол «осы кішкентай қауымдардың өзінде касталық айырмашылықтармен құлдықтың таңбасы болды» және «олар қаншалықты жанашырлықтай мүсәпір болып көрінгенмен, әрқашанда шығыс деспотизмінің берік негізі болып...» келгенін атап өтті.                                                                                    

Үндістанның мәдениетінің тарихы үшін С. Ф. Ольденбургтың,   Ф. И. Шербатскийдің және басқаларының еңбектерінің маңызы зор. Үндістанның бүгінгі таңдағы прогресшіл ғалымдары өз елдерінің тарихын түсіндіруге марксизм-ленинизм классиктерінің қағидаларына сүйенеді. Әсіресе Д. Р. Чанананың «Ежелгі Үндістандағы құлдық» атты монографиясын атап айту жөн, ол өзінің бұл еңбегімен осы елдегі құл иеленушілік жоққа шығарғысы келетін теорияларға шешуші түрде соққы берді.                                                                                                               

2. Табиғат жағдайы.

Үндістан жер көлемі және халқының саны жөнінен өте ерте уақыттардың өзінде-ақ қазіргісі сияқты Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын. Табиғаттың өзі оны биік таулармен сыртқы әлемнен бөліп тастап, өге елдермен және халықтармен байланыстарын қиындатып қойған еді. Ол оңтүстікке, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста Үнді мұхиты, Аравия теңізі және Бенгал шығанағының суларымен ұласып жатыр. Солтүстігінде дүние жүзіндегі ең заңғар биік Гималай тауларымен шектесті. Үндістанды батысында Ираннан және шығысында Үндіқытайдан дәл Гималайдан өткел бермес биік болмаса да, айтарлықтай тау жаталары бөліп тұрады.             

Үндістанның шексіз кең өлкесінен табиғаттың әр түрлі жағдайларын ұшырастыруға болады. Мол сулы өзен аңғарлары далалармен және шөл далалармен ауысып отырады.  Солтүстіктің қар жамылған таулары мен оңтүстіктің тропикалық  ормандары – бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Ғасырлар бойында бұл елдің ауа райы өзгерістерге ұшырады да, бұл өсімдіктер және жануарлар дүниесіне ықпал етті. Көп жерлерде ауа райы жылдан-жылға құрғай берді. Ежелгі уақыттарда ну орман қазіргідей әлдеқайда көп алқапты алып жатты.           

Үндістан адам өміріне қажетті табиғат байлықтарымен едәуір мөлшерде қамтамасыз етілген ел болғандықтан, шеттен әкелінетін азық-түлікке оншалықты мұқтаж болмды. Елдің жануарлар мен өсімдіктер дүниесі мейлінше бай және әр қилы еді. Мұнда ежелгі кездің өзінде-ақ бидай мен арпадан басқа күріш те өсірілетін, ол Батыс Азияға, Африка мен Европаға дәл осы Үндістаннан тарады. Батыс елдеріне Үндістаннан тараған өзге мәдени өсімдіктердің ішінен тамақтың дәмін келтіретін әр түрлі шөптерден басқа қант қамысы мен мақтаны атап өтуге болады.                                                        Ежелгі Үндістанда жергілікті мал тұқымдары қолға ұсталатын еді. Сондай-ақ Үндістанда тұңғыш рет пілдер қолға үйретіліп, негізінен соғыс мақсаттарына пайдаланылды. Александр македонский жорықтары кезінен бастап батыс халықтары да үнділерден айқас кезінде аса күшті соғыс пілдерін пайдалануды үйрене бастады.        

Үндістанда әр түрлі бағалы шикізаттардың таусылмас көздері мол еді. Осының өзі шаруашылықтың едәуір дербес сипатта дамуына мүмкіндік берді, бірақ бұл мұнда басқа тайпалар мен ұлт топтарының өтуіне де, сыртқы саудадамуына да кедергі келтірген жоқ.                                     

Екі ұлы өзеннің елге өзінің атын берген, бес саласы бар Үнді мен бірқатар салалары бар Гангтың аңғарлары ең ежелгі кездерден-ақ егіншілік аймақтары болып табылды. Елдің оң түстігіндегі Декхан түбегінде ауыл шаруашылығы кейінірек дамыды. Үнді аңғары мен жоғарғы Ганг алқабында суармалы егіншілік ерте дами бастады. Өзге жерлерде егіншілік жауын-шашынға тәуелді болды.                                                                                                                        

3. Халқы.

Ежелгі үнді әдеби ескерткіштері, сондай-ақ антик заман авторларының жазбалары ежелгі Үндістанның халқының тым тығыз орналасқан жайында хабар берді. Бұл деректерде адамдар саны әсірелей көрсетілгендігіне күмән жоқ.                                                               

Үндістан тұрғындарының этникалық құрамы ежелгі заманда әр қилы еді. Елдің ежелгі тұрғындары шамасы қазір кейбір аудандарда ғана сақталып отырған дравид тілінде, ал ішінара тіпті дравидтен де бұрынғы тілдерінде сөйлеген болуы керек. Б. э.  Дейінгі ІІ мың жылдықта Үндістанда халықтардың үнді-европалық топтарының тілдерінде сөйлейтін тайпалар тарай бастады. Осы тілдер негізінде әдеби тіл қалыптасып, ол санскрит деген атқа ие болды. Бұл неғұрлым кейініректегі этникалық топтар бірқатар совет және шетел зерттеушілерінің пікірінше солтүстік-батыстан көшіп келген және өздерін арийлар деп атаған. Бұл этникалық атау кейінірек «асыл текті» деген мағынаға ие болады, өйткені бұл жерлерді басып алушылар бағындырылған жергілікті халыққа биіктен қараған және өздерін артықпыз деп санаған. Алайда қандайда болмасын этникалық топтың артықшылығы жайлы айтып жату қажетсіз. Олардың хал ахуалы әр түрлі тарихи кезеңдердегі дамудың нақты жағдайларына байланысты болып отырды.                                                                                    

4. Б. э. Дейінгі ХV – VI ғасырдағы Үндістан. 

Өте ертедегі үнді мәдениетінің басты орталықтары талқандалғаннан кейін Үнді бассейнінде көпке дейін құлдырау және ыдыраушылық орын алды. Ганг өзенінің жоғары және орта ағысындағы аймақатар үлкен  маңызға ие болды. Натуралды шаруашылық үстем болды. Бағалау өлшемі сиыр болып есептелді.                Сөйте тұра, осындай барлық қиындықтарға қарамастан солтүстік Үндістанда экономикалық жаңа өрлеудің кейбір белгілері бйқала бастайды. Бұл – ең алдымен б. э. Дейінгі ІІ және І мың жылдықтар шекарасында бұл жерлерде Хараппа және Мохенджо-Даро тұрғындарына әлі белгісіз темір құралдардың пайда болуынан көрінеді. Ертедегі үнділерге белгісіз болған темір түренді ауыр плугты пайдалану неғұрлым қатты жерді де өңдеуге мүмкіндік берді де, егіншілік өзен алқаптарынан алыс жатқан жерлерге де тарай бастады. Күріш, мақта және қант қамысы сияқты үнділердің тек өздеріне тән ауыл шаруашылық дақылдары ерекше маңызға ие болды.       Әлеуметтік жіктелудің өсе түсуі аңғарылады. Таңдаулы жер үлестері шонжар семьялардың қолдарына көшіп отырады. Әдеби шығармаларда құлдар туралы жиірек айтыла бастайды. Алғашында  бұлар әскери тұтқындар еді. Олар «даса» деп аталады, бұл «жау», «жат елдік» деген мағына беретін. Арада біраз уақыт өткен соң борышкер құлдар да пайда болады. Өзін сату немесе өз туыстарын сату жиірек ұшыраса бастайды. Махабхаратаның патша әулетіне жататын бір кейіпкері сүйек ойында өзінің барлық байлығын, бауырларын, өзін және ақырында, бәрінен де асқан сұмдық – өзінің сұлу әйелін де ұтқызып жібереді.                                                 Мұның өзі кәдімгі үйреншікті нәрсе ретінде суреттеледі. Әрине, іс жүзінде үстем шожар өкілдерін емес, кедейлерді құлға айналдыру әлдеқайда көп кездесіп отырған. Осындай жағдайда рулық-тайпалық құрылыс мемлекеттік ұйымға көбірек жол бере бастайды.                                                Біз қарастырып отырған кезеңнің бас кезінде тайпалардың көсемдері ретінде көрініп отыратын раджалар тұқым қуалайтын шағын патшаларға айналады.                                                                               

Деректерде ежелгі екі династия жайлы естеліктер кездеседі. Олардың бірі Хастинапур қаласын билеген және Ай деп аталған. Мифтегі Бхаратаның ата-бабасы мен оның үрім бұтақтары Кауравтар мен Пандавтар осы династияға жатқан, бұлар туралы Махабхаратада сөз болды. Екінші династия – Күн династиясы деп аталған және Айодхияда билік құрған. Тұңғыш рет Цейлонға жеткен атақты Рама осы династияның өкілі болған.                                   Әлеуметтік жіктелудің күшейе түсуі сословиеге бөлінуді тездетті және тұйықталған верналардың пайда болуына алып келді, ал бұлардың өмір сүруі үнді қоғамына өзіне тән белгі болып саналады. Ведаларда верналар жайлы тек кейініректегі қосымшаларда ғана сөз болады. Осындай тұйықталған топтарға бөлінудің өзін кейінгі кездерде әуел бастан келе жатқан және жоғарыдан солай жаратылған құбылыс деп таныған. Жоғарғы екі варна: брахмандар мен кшатрилар үстемдік жағдайда болды. Аңыз әңгімеде бұлардың алғашқыларыжоғарғы құдай Брахманың аузынан, ал екіншілері оның иығынан жаратылған.

Тұрғындардың аса үлкен бөлігі вайшьтр деп аталған үшінші варнаға кірді. Олар Брахманың сандарынан жаратылған деп саналды. Бұлар негізінен егінші-қауымдастар болған, бұларға сонымен бірге діни және светтік шонжарлар менсінбей қарайтын қолөнершілер мен тіпті көпестер де кірген.    Төртінші варна – шудралар, бағындырылған жат жерлермен, сондай-ақ өз руы мен тайпасынан  ажырап қалған жаңа қоныстаушылармен толығып отырды. Бұлар Брахма құдайдың табанынан   жаратылған, сондықтан шаң-тозанда жүруге тиісті төменгі нәсілді адамдар деп түсіндірілді. Оларды қауымдарға кіргізбеді, қандай да болмасын лауазымды қызметке жолатпады. Тіпті кейбір діни жоралар, мысалы «екінші рет туу» салтанаты олпр үшін жасалмайтын еді.                                                                                                                Осы ең төменгі топқа да кіргізілмейтін, варналардан мүлдем сырт қалған адамдар да болғандығын атап өткен жөн. Бұларды кесапаттылар деп атады және ең ақыры оларды құдықтарға да жолатпады, өйткені олар таза суды арамдайды деп санады.       Әр варнаның праволары мен міндеттері кейінірек «Ману заңдары» жинағында көрсетілді. Мұнда бірінші орынға Брахмандар қойылған. Әскери шонжарлар оларды құрметтеуге тиіс деп атап көрсетілді. Алайда іс жүзінде жоғарғы екі варна билік пен дәрежені бөлісіп отырған және кейде тайталасып та қалған, дегенмен халықтың қарсылығын басу қажеттігі туған кезде бірлесіп қимыл жасаған.                    

Бірдей қылмысы үшін түрлі варналардың өкілдері әр түрлі жаза алатын болған. Шудраны өлтіргені үшін брахманға, біреудің жануарын өлтіргені сияқты, қатесін мойындап, айып төлеудің өзі жеткілікті болған. Ал егер шудра брахманмен дауласып ерегіссе, ол үшін оның аузына отқа қыздырылған бір кесек темір тығатын болған.         Дегенмен, варналарға бөлу әр уақытта бірдей тапқа бөлумен үйлесе бермеген. Шудралардың бір бөлігі ғана құлдық жағдайда болған.  Екінші жағынан жоғарғы варналардың да кей адамдары құлдыққа түмуі мүмкін болған. Рас, құлдыққа түскен жоғары варна өкілдеріне төлем төлеу арқылы немесе басқа да жолмен еркіндік алу оңайырақ болған.                                                                                                      Адамдардың осылай тұйықталған варналарға бөлінуі және әр түрлі варна өкілдеріне некелесуге рұқсат етілмеуі мәңгілік, бұлжымайтын және дінмен  тәртіптелген болып саналды. Бұл ретте ежелгі Үндістандағы діни сенімдердің өзі де ғасырлар бойында әлеуметтік алға басулардың ықпалымен өзгеріп отырғанын есте ұстау жөн. Ведаларда табиғаттың сансыз көп құдайлары ауызға алынады.                                                                                             Топтық және сословиелік қайшылықтардың шиеленісуі мен ерекше варнаға жататын абыздардың күшейе түсуі жағдайында діни сенімдер біріңғай жүйеге түсірілді. Пантеон басында Брахма тұрды, оны ешкім көре алмайды және оның қолынан бәрі келеді. Деп есептелді. Абыздар соның есімімен брахмандар, ал әуелгі тайпалар дінінен бастау алатын, бірақ күшті өзгерістерге ұшыраған мемлекеттік дін – брахманизм деп аталды. Варналардың шығуы жөніндегі аңыз әңгімеден анық көруге болатындай, әлеуметтік теңсіздік ежелден келе жатқан және өзгертуге болмайтын нәрсе деп жарияланды.                                  

 

5. Маурья державасының құрылуы. 

Б. э. Дейінгі VІ ғ. Дейін солтүстік Үндістан көптеген патшплықтарға бөлінетін. Бір ғана Ганг бассейінінде он алты ұсақ мемлекеттік құрылымдар болды. Солардың бірі – Магатха б. э. дейінгі VІ ғасырдан бастап жылдам күшейіп, кеңейе түсті. Оның патшасы Бимбисара  - Ганг өзенінің сағасын өзіне қаратады және Бенгал шығанағына  дейін жетеді, ал оның мұрагерлері өздерінің иеліктеріне осы «қасиетті» өзеннің бүкіл бассейінін және оған таяу жатқан таулы өлкелерді қосып алады.                                                   

Батыс Үндістанның бөлшектенуі ұзағырақ сақталды. Мұның өзі осы жерлерді әуелі Ахеменидтердің, ал кейінірек Александр Македонскийдің жаулап алуын жеңілдетті, соңғысы екі жылда бүкіл батыс Үндістанды Бағындырып, Үнді өзенінің сағасына дейін келді.                  

Үнді өзені жағасындағы грек-македон үстемдігі ұзаққа бармады. Халықтың батыстан келген басқыншыларға қарсы кең көлемдегі қозғалысын аса көрнекті Үнді қайраткері Чандрагупта басқарды. Ол патша әулетіне жатпаған, қайта ол қор саналған шудра варнасынан шыққан. Чандрагупта Нанд династиясының соңғы өкілі Магадхи Дхан Нанд патшаның қызметінде жүріп жоғарылайды.  Бірақ патшаның кәріне үшырап, Пенджапқа қашады, сол жерде Александр Македонскиймен кездеседі.                                                     Мегадхаға қайтып келіп, Чандрагупта тақты басып алады. Ол     б. э. дейінгі 321 жылдан 298 жылға дейін патшалық құрды және аса қуатты Маурья державасының негізін салды. Оның астанасы Паталипутра қаласы болды.                                                                                    

Чандрагуптағы бүкіл солтүстік Үндістанды біріктірудің сәті түсті. Грек-македон гарнизондары Үнді алқабынан қуылды. Александр Македонский мұрагерлер арасында державаны бейбіт жолмен бөлісе алмай, тартыс басталғандығын Чандрагупта пайдаланып, мұрагерлердің бірімен – Селевкпен келісімге келеді. Үнді патшасы оның қызына үйленіп, бұл үшін оған 500 соғыс пілдерін сыйға тартады да, Үнді алқабына жақын жатқан таулы өлкелерді өзіне қаратып, батыс шекараны нығайтып алады.                          Басқыншылық саясаты Чандрагуптаның мұрагерлері, әсіресе оның немересі Ашок тұсында жалғаса түсті. Ашок тұсында Үндістанның оңтүстігіндегі  Калинга патшалығы бағындырылды. Осы басқыншылық соғыста, егер Ашоктың жазбаларына сенер болсақ, 100 000 адам өлтіріліп, 150 000 адам тұтқынға алынған. Тек оңтүстіктегі ең шеткі аймақтар ғана болмаса, Үндістанның қалған барлық жерлерін дерлік қамтыған аса үлкен Маурья державасында елеулі экономикалық өрлеу болғанын аңғаруға болады. Қолдан суғару кең көлемде қолданыла бастады. Кей алқаптарға жылына екі рет тұқым себілді. Қала өмірі дамиды.

Б. э. дейінгі ІІ ғасырдан бастап Үндістанды титықтатқан сырттан басып кірушілік те орталық биліктің әлсіреуіне үлкен ықпал жасады. Алғашқы кезде оның басты жауы Үндістанның батыс жағында қалыптасқан Грек-Бактрий патшалығы еді. Б. э. дейінгі І ғасырда солтүстік батыстан кушандар басып кіреді. Үндістанның елеулі бөлігі енді солар құрған державаның құрамында болады, бұның орталық аймағы осы күнгі Тәжік ССР-нің территориясында болатын, Кушандар едәуір мөлшерде неғұрлым жоғары болған үнді мәдениетін қабылдап алды.                                                                    Б. э. ІІІ ғасырында Үндістан қайтадан бірқатар ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Б. э. IV – V ғасырларында Магадха қайта өрлеп, жаңадан құрылған күшті Гупт патшалығының ұйытқысы болады, бірақ ол да   V ғасырдың аяғында қайта құлдырайды да, ел қайтадан біржола бөлшектеніп кетті.                                                                                           

 

6. Үндістан жеріндегі діни ағымдар.

Маурья династиясы тұсында үнді қоғамының дін идеологиясында елеулі алға басушылық болды. Діннің үстемдік құрып тұрған жүйесі – брахманизм – басқарушы династияның талап-тілегін  қанағаттандыра алмайтыны барған сайын біліне түсті. Оның ережелері тайпаға бөлінген кезде қалыптасқандықтан, бір орталыққа бағынған және қала өмірі дами бастаған мемлекет жағдайына сәйкес келмеді. Абыздар – басқарушы, ал көпестер – үшінші варнаға кіретін бөлініс тәртібін сауда ісі даму үстіндегі аса үлкен мемлекет көлемінде бұлжытпай сақтау мүмкін емес еді. Патшалар қажет адамды олардың шығу тегіне қарамастан өзіне қызметке алып отырды. Күшейіп алған патша билігі дін қызметкерлерінің озбырлығымен келісе алмады.                                          Діннің уақыт талабына сай келетін жаңа ілімдері ескі брахманизм жүйесімен барған сайын көбірек тайталаса бастайды.                                Жаңа діндер ішінен әсіресе буддизм үлкен мәнге ие болды. Бұл дін өзіне сенетіндер қауымына кіргісі келген адамдардың шығу тектеріне қарамайтын еді. Адамның қай тайпаға, қай варнаға жататындығы оның жаңа дінді қабылдауына кедергі жасай алмады.               Буддалық діни-философиялық жүйенің негізін салушы б. э. дейінгі VІІ-VІ ғасырлардағы өмір сүрген және Будда деп аталған патша баласы Сидхартха болып есептеледі, бұл ілімнің аты да соның есімімен аталады. Бұл патша баласы жайлы ол жас кезінің өзінде-ақ адамдардың қайғы-қасіреті жайлы көп ойланған деген сөз бар. Ол түрі аянышты қайыршыны, үсті-басын жара қаптаған ауруды, біреулерді жерлеуге алып бара жатқан процессияны көрсе де қатты қамығатын болған.                                                                                              Ол өзінің жоғары дәрежесінен бас тартады да, ел кезіп кетеді, содан соң уағыз айта бастайды. Оның ілімі өмір сүрудің өзі кесел екенін мойындауға негізделеді. Адамның кез келген тілегі қасірет шегуге алып келеді. Одан құтылудың жалғыз жолы адамның өз басындағы бар құмарлық пен талабының бәрін тежеп ұстау. Осылай еткенде ғана адам өлгеннен кейін басқаша түрге еніп қайта тіріліп, тағы да азап шекпейтін болады. Шексіз қайта туу процесінің тоқтатылуы – нирвана, ең жоғарғы игілікті іс деп санаған.       Бұл өзіндік ерекшеліктері бар ілімнен іс жүзінде аса үлкен қорытындылар жасалып отырды. Өзін құтқару – әр адамның өз ісі ол үшін өзін-өзі тежеп ұстай білуі керек деп саналғандықтан құдайға құлшылық етудің де, абыздардың да керегі болмай қалды. Өзін-өзі жетілдіру, байлықтан және жердегі рахаттан бас тарту – кімнің де болса шыққан тегіне немесе қоғамдағы алып отырған орнына тәуелді емес еді. Мұндай сыртқы жайлар діндар адамның нирванаға жетуіне ешқандай да кедергі келтіре алмайды деп саналды. Буддашылар сословиелік және тайпалық кедергілер мен мүлік айырмашылықтарын күшпен жоюға тіпті де шақырған жоқ, ол бұлардың бәрін болмашы нәрселер деп санады. Дегенмен, бір жағынан, олар теория жүзінде де теңдік принциптерін сақтаудан бас тартты. Тек еркін адамдар ғана өзін құтқара алады деп саналды.                                                                                     Рухани теңдікті уағыздаушылар кедейлер мен езілгендерді жаңа дінге тартты. Оның орнап қалған тәртіптерді күшпен өзгертуден, әлеуметтік күрес пен төңкерістерден бас тартуға үгіттеуі діни және светтік шонжарлар озбырлықтарына наразы болған, бірақ мүлік теңсіздігінен бас тартқысы келмейтін ауқатты қала тұрғындарына әбден қолайлы еді. Алғашқы буддизмнің байлыққа немқұрайлықпен қарауды уағыздауы біреудің мүлкіне көз алартудан сақтандыратын еді. Буддашылар уағыздарын әр түрлі тілдерде жүргізді, бұл оларға әр түрлі тайпалар мен ұлт топтарының өкілдерін өз қатарына тартуына мүмкіндік берді.                                                Маурья дингастиясы патшалары үшін брахманизмге қарағанда буддизмнің бірқатар қолайлы жақтары болды. Ол адамдардың шығу тегіне және этникалық ерекшелігіне қарай ие болатын артықшылықтарын жоюға қызмет көрсетті, өйткені осы артықшылықтар аса үлкен деспоттық мемлекетті бсқаруды ұйымдастыру ісіне  кедергі болып келген еді. Олар елдің жеке бөліктерін тығыз біріктіруге, мемлекеттік құрылысты бір ізге түсіруге кедергі жасады. Енжарлыққа шақыру құл иеленушілері толық қанағаттандырды, оның үстіне  буддашылар құлдардың правосыз екенін де мойындады. Жаңа дін Ашока тұсында ерекше табысқа жетті, ол буддизмді өзі қабылдап, Паталипутрада оның ережелерін бекіткен собор шақырды. Бірқатар буддалық монастырьлардың негізі қаланды.     Алайда брахманизм жойылған екен деп ойлауға болмайтын еді. Бұл туралы Ашока қиялдай да алмады. Жаңа діндер негізінен өз тайпалары мен селолық қауымдарынан ажырап қалған тұрғындардың араласу процесі күшті болған ірі қалаларға көбірек тарады. Этникалық, сословиелік және өзге де әлеуметтік бөлектенушіліктер әлдекайда берігірек орын тепкен селолық жерлерде брахманизм өз позицияларын сақтап қалды. Бұл жерлерде оған ешқандай қысым жасалған жоқ. Белгілі бір халықпен тығыз байланысты болмаған жаңа дін бүкіл әлемдік болуы үшін барлық мүмкіндігі бар еді. Үндістанның өзінде жалпыға таралған дін бола алмаған буддизм б. э. дейінгі ІІІ ғасырдың өзінде-ақ одан тысқары жерлерге, әсіресе Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның халықтары арасына тарай бастады.         Үндістанда буддизм негізінен Маурья династиясы патшаларының қолдауы арасында табысқа жетті. Алайда Ашокадан кейін оның державасы әлсіреп кетті. Әр түрлі тілдерде сөйлейтін және экономикалық, мәдени дамуы әр дәрежедегі көптеген аймақтар мен халықтарды берік біріктіру шама келмейтін іс болып шықты. Ыдырау және жергілікті биліктің күшеюі процесі әсіресе Маурья династиясының орнына келген Шунга династиясы кезінде кеңейіп, тереңдей түсті. Жаңа династия патшалары буддизмді қолдаудан бас тартты. Брахманизм және онымен байланысты тұйықталған варналар жүйесі қайтадан өз күшіне енді.                                                                              

 

7. Үндістан мәдениеті.

Біз жаңа эраның бас кезінде әуелде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауызша жетіп келген тамаша шығармалар ежелгі үнді лирикасы мен эпосы біржолата  қалыптасқандығын және жазылып алынғанын осыдан бұрын қарастырған едік.                   Б. э. V ғасырында ежелгі Үндістанның аса ұлы драматургы Калидаса көзге түсті. Оның драмаларының ішінен әсіресе бас кейіпкер – патшаның ғашығы, асқан сұлу сопы қыздың есімімен аталған «Шакунтала» шығармасы ерекше әйгілі болды.                                               

Ежелгі Үндістанда әр түрлі философиялық мектептер, соның ішінде материалистік мектеп те қалыптасты. Мысалы, чарвак ілімінің үйретуі бойынша танып білудің бірден-бір жолы тәжірибе болып есептеледі. Үндістанда аса кең тараған жанның ұшып-қонып жүретіні туралы ұғым жоққа шығарылды, жанды тәннен айырып алуға болмайды, деді. Суармалы егіншілік дамыған өзге де елдердегі сияқты Үндістанда да астрономия мен математика үлкен табысқа жетті. Бұл жерде ерекше күн календары жасалды. Жыл 360 күннен тұрады деп саналды, сонымен бірге оны астрономиялық жолмен теңестіру үшін әр бес жылда високос ай қосылып отырды.                                                                

Б. э. V – VІ ғасырларында үнді оқымыстыларына жердің шар тәрізді домалақ екені де, жердің тартылыс заңы да, сондай-ақ жердің өз осінен айналатыны да жақсы мәлім болды. Орта ғасырларда бұл ғылыми жаңалықтардыүнділерден арабтар қабылдады.          Тым ертедегі үнді кезеңінің өзінде-ақ Үнді аңғарында санаудың ондық жүйесі пайда болған еді. Одан кейінгі кездерде математика кейбір жағдайда ежелгі өзге халықтардың бәрінен озық деңгейге жетті. Мәселен, ноль белгісі тек Үндістанда ғана  қолданылды. Біздер арабтікі деп атап, римдікіне қарсы қойып жүрген цифрларымызды шын мәнінде ежелгі үнділер ойлап тауып, солардан арабтарға көшкен еді. Сондай-ақ араб алгебрасына да үнді алгебрасының ықпалы тиді.            

Ежелгі үнді химиктері күкірт, тұз және азот қышқылдарын ала білген. Дәрігерлер ауруларды белгілі жүйеге келтіруге тырысты және дененің негізгі сөлдері туралы теорияны шығарды. Үндістанда көптеген тілдер мен диалектілердің болуы филологиялық зерттеулер жүргізуді қажет етті. Оқымысты брахман Панини «тазаланған», басқаша айтқанда әдеби тілдің грамматикасын жасады.                                                      

Күмбезді үйлер мен ерекше үңгір храмдары – ежелгі үнді архитектурасының тамаша ескерткіштері болып табылады. Аджанта үңгіріндегі храмдарда тамаша реалистікпен салынған түрлі-түсті бояулы фрескалар сақталған. Үнді мәдениеті Орталық және Шығыс Азия елдеріне елеулі ықпал етті. Батыс әлеміне Үндістан арабтар арқылы әсер етіп отырды.      

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-05-18 19:21:56     Қаралды-32472

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »