UF

  Қазақстанда өлкетану жұмыстарының басталуы. Негізгі кезеңдері

1.Орыс саяхатшылары мен тарихшыларының қазақ халқының тарихын зерттеудегі ролі

2.Ш.Ш.Уәлиханов және оның іс-қайраткерлігі

3.А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин және олардың туған өлкені зерттеп-танудағы ролі

 

     1.Қазақстанда өлкетану ісінің басталуы. Өлкетану бұл жаңа құбылыс емес, оның тамыры адамзат тарихының көне дәуірінен басталады. Бұл жұмыстар ХVІІІ-ғасырдың басталу кезеңі, сол кездегі қазақ халқының экономикасы мен мәдениетін, тарихын зерттеумен айналысқан орыс және жергілікті зиялылардың демократиялық бөлігінің прогрессивті ролінің күшейген кезеңі.

     Қазақстандағы өлкетанудың пайда болуы – ХУII ғ. Өлкетану ХУ111 ғасырда әсіресе кең құлаш жайған. Географияның гүлденген уақыты деп аталады. Өлкетану зерттеулерінің нәтижесі жергілікті әкімшілік құжаттарында, губернатор «Есебінде»,губернияның «Топографиялық жазбаларында», Бас жер өлшеушілер материалдарында көрініс берді .

     1834 ж. жергілікті статистикалық мәліметтерді жинау,өңдеу қажеттілігі, губерниялық статистикалық комитеттер құру қажеттігін айқындады. Олардың міндеті: жергілікті әкімшілік статистикасының толық нақты жазу, статистикалық экспедицияларды жабдықтау.

     Өлкетану жұмысын өлкетану музейлер Х1Х- ғасырда кең жайдырды. ХХ-ғасырдың басында  өлкені зерттеуші қоғамдар пайда бола бастады.

     Ресейде губерниялық және уездік (болыстық) экономикалық кеңестер, жергілікті еңбек және қорғаныс кеңесін ашуға шешім қабылдады (СТО – Совет труда и обороны). 1917 жылы Халық-ағарту комиссариатының құрамында ғылыми бөлім құрылды. 1923 ж. өлкетану журналдары шыға бастады: «Өлкетану»,«Орталық өлкетану бюросының хабаршысы» (Известия ЦБК, 1925 ж.) .1930-1936 жж. «Кеңес өлкетану» деп аталды. Бүкілресейлік өлкетану конференциялар 1924, 1927, 1 Бүкілқазақстандық ғылыми-өлкетану съезі  6.04.1930 ж. өтті .

     Өлкетану зерттеулер көп университеттер, ғылыми қоғамдардың бөлімшелер мен  филиалдар: Еркін экономикалық, археологиялық, географиялық, Ресейдің бұрынғы тарихы, жаратылыстану қызығушылар, антропология және этнография қоғамдар, губерниялық архив комиссия, земстволар жүргізді.

     2.Қазақстанда өлкетану жұмыстарының негізгі кезеңдері

     1 кезең. Революциядан  бұрыңғы кезең, патшалық Ресейдің қиыр алыс түкпірлерінде өлкетану үйірме, қоғамы мұражайлары пайда болды. Олар жергілікті мәдениет саласы халық тұрмысын жазып, жинау зерттеуде елеулі табыстарға жетті. Бұл кеңес дәуірі кезеңіндегі өлкетану қозғалысының кең өркендеуіне бастама болды.

     2 кезең.  Кеңес  өлкетануының пайда болуы мен қалыптасуы 1917 жылдан 20 – жылдардың ортасына шейін. Онда өлкетану ғылыми – мәдени қозғалыс ретінде нығайды.

     3 кезең.  Көпшілік өлкетану қозғалысының гүлдену кезең. 20-шы жылдардың ортасынан 30-жылдардың ортасына шейін. Онда Кеңес тарихы өлкетануының негізгі тек орталықта ғана емес, Республикада да қаланды.

     3.Орыс саяхатшылары мен тарихшыларының қазақ халқының тарихын зерттеудегі ролі

    Ресейде орыс кітап басып шығаруы ХУ1 ғ. ортасында пайда болып тарихи мәліметтер, саяси-экономикалық адамдардың рухани өмірі туралы кітаптар күрт көбейді. Х1Х ғ.соңы -ХХ ғ. басында, әсіресе қызығушылық тудырған басылымдар Ресей тарихы бойынша жекелеген анықтама басылымдар, жол көрсеткіштері, өлкетану анықтамалары, монографиялар: губерниялық статкомитеті шығарған қоғамының еңбек жинақтары және жазбалары, Еркін экономикалық қоғам, жаратылыс, білім,  антропология, этнография әуесқойлар қоғамы, Орыс географиялық қоғамы ежелгі Ресей және тарих қоғамы, университеттердің археологиялық қоғамы, губерниялық архив қоғамдары, жергілікті  өлкетану қоғамдары (мысалы, «Костромалық байырғылар) ж.т.б мекемелер әрі жергілікті газет-журналдар.

 көп томды «Орыс өмірбаян сөздігі», «Татар дәуірі кезіндегі Солтүстік Ресейдің жекелеген ұлы князьдары», В.НТатищевтің«Лексиконы»(1793),А.А.Плюшардың 17 томдық «Энциклопедиялық лексиконы (1735-1747), С.А. Селивековскийдің  3-томдық  «Этнографиялық сөздігі» (1821-1826). Х1Х ғ. 2-жартысы ХХ ғ. басында шыққан әмбебап энциклопедиялардың ішінде айта кететіні: И.И.Березиннің 16 томдық  «Орыс энциклопедиялық сөздігі» (1873-1879), Брокгауз және Эфронның «Энциклопедиялық сөздігі» (1-ші басылым 82 том және қосымша 4 том (1890-1907жж.), С.Н.Южаковский  22-томдық «Үлкен энциклопедиясы» (1-ші басылым 1900-1902 жж., 2-ші басылым  1902-1909 жж.), ағайынды Гранаттардың «Энциклопедиялық сөздігі» 7 басылым 1892 жылдағы шейін шығарылған және 21 том - кеңес дәуірінде).

      Әртүрлі анықтамалар мен сөздіктер: П.П.Семеновтың «Ресей империясының географиялық-статистикалық сөздігі» 5 томдық (1863-1885 жж.)., П.П.Семенов Тянь-Шанскийдің редакциялық басқарумен (1881-1889) барлығы 12 том «Біздің отанның толық географиялық жазбалары». Бұл басылымда өлкенің толық мағлұматын, оның табиғатын, тарихын, тұрғындардың тұрмысы мен мәдениеті, шаруашылығын, көптеген елді-мекендерді және революциядан бұрынғы Ресейдің көрнекті жерлерін табуға болады.

    А) ХУ1 ғасырдағы орыс әдеби деректемелерінің пайда болуы. Қазақ халқы туралы алғашқы өлкетану мәліметтер

     Б)ХУ11 ғ. соңы- ХУ111 ғ. басындағы қазақтар туралы өлкетану білімінің толығуы және тереңдетілуі Қазан төнкеріске дейінгі қазақ өлкесін зерттеудегі ғылыми бағыттар     

    В) Қазақстанның  Ресейге  қосылу  кезеңдегі  өлкетанулық  зерттеулерінің  дамуы  (ХVІІІ  ғас.ІІ ширегі -ХІХ ғас. ортасы.): М.Тевкелев, И.К.Кирилов, В.И.Татищев, Г.Ф.Миллер еңбектеріндегі  қазақ  этнографиясы  мәселелерін  саралау.

     Түрік тілді халықтардың әдет-ғұрып, құқы және наным туралы мәліметтер славян халқы ауыз шығармашылығында, жылнамаларда және тарихи баяндауларында кездеседі. Мысалы, Нестордың  «Повесть временных лет» (1113) еңбегінде көптеген түркі тайпалары, Елді бойымен Азияға шығысқа жолы айтылады. Орыс үкіметі ХУ-ХУ1 ғасырдың өзінде-ақ қазақ халқына қызығыушылық танытып, ол туралы әртүрлі мәліметтер жинап, олар жазылып Мәскеу приказдарында, патша кеңселерінде сақталған. Осылайша 1575-1584 жылдардағы сақталған патша архивінің жазбалары көрсетілгендей, 38-жәшікте «Қасым ханның тұсындағы қазақтардың кітаптары мен тізімдері» (Актілер, археологиялық экспедициялар жинағы. Т.1- СПб, 1836, 289-339 бет). Орыс көпестерінің және саяхатшылардың сұрау салу хаттамасы, арнайы тыңшылардың, елші және қызмет адамдарының мәлімдемесі.

     Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейін (1549) «Мәскеу істері туралы жазбалар» кітабы ХУ-ХУ1 ғ. басындағы қазақ даласының тұрғындары туралы (қазақ жерінің орналасқан орны, қазақтар тіршілігі, азығы, киімі, діні, әдет-ғұрыпы, орыстармен қарым-қатынасы) 1588 ж. Мәскеу қаласында тұрған қазақ Қадырғали Хошум Жалайри Б.Годуновтың өтініші бойынша қазақ-шағатай тілінде қызықты қолжазба түрінде «Джами-ат таварих» жылнамалар жинағын жазған. Автор қазақ хандары мен сұлтандары генеалогиясына басты көңіл бөлген. ХІУ-ХУІ ғасырдағы әскери жорықтарды, феодалдық құқықтарды, отбасы әдет-ғұрып, діни- нанымын суреттеген. Жалайыридің шығармаларында  қазіргі кездегі біз білетін көптеген қазақтың мақал-мәтелдері, дала сөздіктері, басқа да фольклорлық материалдар кездесді.

      ХУІІІ ғасыр бойында қазақ халқы туралы тарихи-этнографиялық материалдар молайған үстіне молая түсті. Орыс және Орта Азиялық елшіліктер өз кезектерінде қазақтар көшіне соғып, Ресейге қазақ халқының өмірі туралы мәліметтер жеткізіп тұрды. Бұл ең алдынмен сауда жүргізу қауіпсіздігіне қажет болды.

      «Үлкен сызба кітабы» (1627) қазақтар жері, олардың көшуінің, өзендер, көлдер, керуен жолдары, қазақ және көрші халықтар жерлері арқылы өтуі.

      Орыс шығыстанушысы П.С.Савельев «Орта Азия.-СПб, 1848; Карамзин Н.М. Ресей мемлекетінің тарихы. 9-т. - СПб,1842; Семен Мальцевтің мәлімдемесі  (орыс елшісі  Ноғай ордасында тұрып, қазақтар туралы мол мәліметтерді еркін алып, Мәскеуге беріп отырған. Ағылшын Антоний Дженкинсон «Московадан Орта Азияға 1558-1559 жж. саяхат жасаған.          

     Қазақстаннын революцияға дейінгі Ресейде жағрафиялық зерттелуін негізгі үш кезеңге бөлуге болады.

      Біріншісі - ежелгі кезеңнен 1730 жылға дейін. Бұл уақыт -  орыс мемлекетіндегі әр түрлі сипаттағы қазақ елі туралы мәліметтердің жинақталу кезеңі.

     Екінші кезең - 1730 жылы Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруінен бастап - XIX ғ. 60 жж. Қазақ жерін толық жаулап алғанға дейінгі кезең. Бұл уақыт аралыгында қазақ елін толық озіне бағындырып алу үшін Ресей үкіметі бүл өңірді табиғи-жағрафиялык тұрғыдан жан-жақты зерттей бастады.

     Үшінші кезеңде - XIX ғ. 60 жж. қазақ жерлері Ресейге толық қосылып, оның Ресей империясының ішкі отарына айналғаныннан кейін 1917 ж. дейін, жалпы бүткіл Қазақстанды және оның жекелеген аудандарын зерттеуге зор мүмкіншіліктер ашылды.

ХҮІІІ ғ. 30 жж. кіші жүздің Ресей мемлекетінің кол астына кіруінен бастап қазақ жерінің жағрафиялық зерттелуінде жаңа кезең басталады. 1733-1734 жж. бірінші академиялық экспедицияның мүшесі болған, Ресей Ғылым Академиясының құрамындағы шет ел ғалымы, ірі орыс тарихшы-  этнограф  Г.Ф.Миллер  (1705-1783).  Ертіс жағалауындағы қазақ жерлерінде қүрылған көптеген орыс бекіністерін аралап бұл ауданның бірінші жағрафиялык, суреттемесін берді.  1732 жылы  ол  «Ресей тарихына  қатысы  бар  мақалалар»  жинағының  негізін  салды.  Онда  жоңғар  тарихы  бойынша  материалдарды  жариялады. «Халықтар тарихы туралы» арнайы  нұсқауды  жазды.  Г.Ф.Миллердің  академиялық  экспедициядағы  жұмыс  нәтижесі  «Сібір  тарихы»  4-томдық  еңбегі  болды. 

1768-1774 жж. екінші академиялық экспедиция бұл өңірді тиянақтырақ зерттеді. ХУ111 ғ. аяғында бұл зерттеулерді жергілікті өлкетанушы И.Г.Андреев жалғастырды.

        1731жылы қазақ  ауылдарынан  патша  үкіметі  қазақтардан  ант  қабылдау  үшін  Мамет  немесе  Мұртаза  (орысша  Алексей  Иванович  Тевкелевті)  жіберді. Тевкелев білімді  адам  болған,  ол  император  кеңсесінде    бағдарланушы  тілдер аудармашысы  болған.  Оны  Петр І-ші  біліп  аса  құрметтеген.  Ол  қазақ  ауылдарында  1,5  жылдай  болған.

     Сыртқы  істер  коллегиясы  оны  ерекше  нұсқаумен  жабдықтаған,  онда  көптеген  этнографиялық  мәселелерді  зерттеу  қаралған.  Қазақ  ауылы  туралы    материалдарды  ол  әңгімелесу,  сұрау,  тікелей  күнделікті  бақылау  арқасында  жинаған.  186-ға  жуық  рулар  арасындағы  қақтығыстарды,  қазақтардың әскери жарақтарын, қару, дәрі жасауын зерттеген. Өз  журналына ол  көптеген  фактілерді  феодалды  құрылыс  сипатын,  құқықты,  әдет ғұрыптарды, шаруашылығын, кәсібін, қыстау жайлаулардың  орналасуын,  көш  жолдарын,  халық  тұрмысын  оның  мәдениетті  мен  діни- нанымын  түсірген. 

     Орынбор губерниясында мемлекеттік  қайраткер,  картография,  география  астрономия  саласының  ғалымы  И.К.Кирилловты  бас  етіп  экспедиция  ұйымдастырды. Кирилов алғашқы елдің география-статистикалық суреттемесін  құрады.  «Бүкіл   Ресей  Мемлекетінің  гүлденген  жағдайы»  (құрастырылғаны  1831  жылы.)

     Этнография  тұрысынан  Кирилловтың  2  жобасы  қызғылықты  «Қырғыз-қайсақ  және  қарақалпақ  ордаларын  түсіндіру»  қазақ жүздерінің  саяси  жағдайы,  олардың  көршілерінен  қарым-қатынасы  тарихи  тұрғыдан  сипатталған. 

     ХVІІІ-ғасырдың  ортасында  Ресей  ғылымы  қатты  көтерілді.  Бұл  көтерілу  Ұлы  орыс  ғалымы  М.В.Ломоносовтың  (1711-1765)  атымен  тығыз  байланысты.  Ол  өзінің   «Көне  Ресей  тарихы» (1758) және  «Орыс  халқын сақтау және көбейту» еңбектерінде тарихи-этнографиялық  мәселелерімен   айналысты.  М.Ломоносов  шығыс  славян  халықтары  туралы  өте  құнды  ойлар  айтты,   орыс  емес  ұлттардың  жайын  өмір  салтының,  тұрмысының, мәдениетінің тілінің өзгеруі  туралы  академиялық  еңбегінде  айтылады. М.Ломоносов  Академияда  ежелгі  шығыс  кафедрасын  ашуға  жақ  болды. 

    ХҮ111 ғ. ортасы мен ХІХ ғ. 2-ші жартысында этнографиялық зерттеулердің даму: 1845-1861 жж. Орыс географиялық қоғамының қүрылды. Оның бөлімшелері: Орынбор (мүшелері-Т.Сейдалин,Н.М.БекчуринО.Г.Игнатьев,И.А.Киреевский,А.И.Оводов,Я.Н.Плотников,А.А.Тилло,оларға кейінірек Ы.Алтынсарин, Б.Дауылбаев, С.А.Жанторин кірді,1870 ж. бөлім өзінің баспа органы «Жазбаларды» жарыққа шығарды. Бірақ, ол төрт шығармашылығынан соң өзінің өмір сүруін тоқтатты (1870,1872,1875,1881).Онда Ы. Алтынсарин, Б.Даулбаев, С.Жанторин, В.Плотников, Т.Сейдалиннің этнографиялық еңбектері жарияланды), этнографиялық түрғыдан қазақтардың үй кәсібі мен қолөнерін зерттеп суреттеген П.Медведский, А.Н Тетеревниковтің еңбектері үлкен қызығушылық тудырады), Батыс-Сібір, Жетысұлық, Түркістандық.

     Орынбор архивтерінде сақтаулы Орта Азия географиясы туралы материалдарды өңдеуге Я.В. Ханыковтың бастамасымен жалпы география бөлімінде қазақ даласының жаңа картасын шығаруға шешім қабылдады.Орыс географиялық қоғамында қазақтар туралы алғашқы жарияланған  Я.В.Ханыков және М.И Иваниннің мақалары болды.

     Я.В.Ханыков (1818-1862)-таланты орыс географы және картографы, 15 жыл бойы тек қазақ даласы мен Орта Азияның географиясын зерттеумен айналысады. 1839 ж. қазақ халқы туралы статистикалық және этнографиялық мәліметтерді қолданып түңғыш ғылым еңбегі «Орынбор өлкесін географиялық шолуды» жазды.

     1850-1860 жж. Орынбор өлкесінде қазақ этнографы М.С.Бабажанов еңбек етті. Ол 1851 ж. Орынбор кадет корпусының Азиялық бөлімін бітіріп онбір жылға жуық Шекара комиссиясында қызмет етіп 1862 жылы отставкаға шыққан.

     1870 ж. бөлім өзінің баспа органы «Жазбаларды» жарыққа шығарды. Бірақ, ол төрт шығармашылығынан соң өзінің өмір сүруін тоқтатты (1870,1872,1875,1881). Онда Ы. Алтынсарин, Б.Даулбаев, С.Жанторин, В.Плотников, Т.Сейдалиннің этнографиялық еңбектері жарияланды.

     Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің қазақ халқын этнографиялық зерттеулегі көрнекті қайраткерлерінің бірі белгілі қазақ ағартушысы, педагог, жазушы-этнограф Ы.Алтынсарин болды (1841-1889). 

Орыс географиялық қоғамының (ОГҚ) құрылуы (1845-1926)

     Орыс географиялық қоғамы 1845 жылы Петербургте құрылды. Оны құрушы бастамашылар арасында Ф.П.Литке, Ф.П.Врангель, К.И.Арсеньев, академик К.М.Берг, В.И.Даль, В.Я.Струве, барлығы 17 ұйымдастырушы кемеңгер ғалымдар, теңізшілер мен саяхатшылар болды. 4 бөлімі жұмыс істеді: Жалпы география, Ресей географиясы, Ресей статистикасы және этнографиясы. География қоғамының құрамына негізгі бөлімдерден басқа ерекше комитеттер мен комиссиялар болды.

     1859-1861 жж. саяси-экономика және шаруашылық-статистикасы мәселелері бойынша саяси-экономикалық комитет, 1870 жылы метрологиялық комитет, ал этнография бөлімінде «ертек комиссиясы» т.б. құрылды. 1851 жылдары Сібір филиалдары, Омбыда - Шығыс-Сібір, Тифлисте-Кавказдық, 1897 жылы Орта Азиялық (алғашқыда Түркістандық), 1872 ж. ашылған Киевтегі Оңтүстік-Батыс филиалын көп ұзамай өкімет жауып тастады.

     Өкімет географиялық Қоғамға бақылауды қамтамасыз ету үшін олардың төрағалары етіп тек патша тегінен сайлады. Алғашқы төраға ұлы князь Константин Николаевич, соңғысы ұлы князь Николай Михайлович (1890-1917). Шын мәнінде қоғамның ғылыми жетекшісі сайламалы төрағаның орынбасары мен ғылыми хатшы болды (Ф.П.Литке -1845-1850, Муравьев М.И.-1857-1873, Семенов Тянь-Шанский -1850-1857, Шокальский Н.М.- 1873-1914).

     Я.В.Ханыковтың бастамасымен жалпы география бөлімшесі Қазақ даласының "алфавиттік түсінік берілген" жаңа картасын жасауды шешіп, оған қажетгі материалдарды жинастыруға кірісті.

     Дарынды орыс географы және картографы Я.В.Ханыков (1818-1862) он бес жыл бойы дерлік Қазак даласын, Жетісу мен Орта Азиялык Қос өзен бассейнінде жатқан елдерді зерттеумен айналысты. 1839 жылы ол "Орынбор өлкесінін жағрафиялық шолуы",- деп аталатын алғашкы ғылыми еңбегін жазды, онда автор қазактар туралы статистикалык және картографиялық мәліметтерді пайдаланды.

     Бұдан кейінгі жылдары Ханыков көбінесе картографиялык және баспа жұмыстарымен айналысгы. Ол "Кіші және Ішкі орда қырғыздарының жерлерінің картасын" (1845) мен "Хиуа хандығы мен Арал теңізінің картасын" (1851) жасады. Екінші аталған картаға ол өте ерте кездегі хабарламалардан бастап, XIX ғасырдың ортасына дейінгі орыс адамдарының Арал теңізін зерттеу тарихының мәліметтері бойынша күрделі "Түсініктеме жазуларын жазды .

Я.Ханыков, М.Тевкелевтің, В.Гладышевтің, И.Муравиннің, М.Поспеловтың еңбектерін, сонымен қатар К.Миллердің картасын баспаға дайындап, алғысөз жазды. 1848ж. "Ресей империясының әскери-статистикалық шолуының" 14-ші томының бірінші және екінші бөлігінде әскери тарихшылар Г.Ф.Генс, В.М.Васильев және И.Ф.Баламбергтің редакциясымен Орынбор губерниясының шолуы жарияланды.

     1848-1849 жж. Арал тенізін қағазға түсірген А.И.Бутаковтың (1816-1869) экспедициясы кызғылықты мәліметтер жинады. Бұл экспедицияны әскери мекеме үйымдастырғаны шындык, бірақ оның ғылыми нәтижелерін Орыс географиялық қоғамы жариялады.

     А.И.Бутаковтың ғылыми қызметі айтарлықтай маңызды. Ол Арал теңізін суреттеп, дәл картасын жасады, Арал маңын табиғи-географиялық түрғыда зерттеді, Аралда пароход шаруашлығын негіздеді (1852), Сырдария мен Әмударияның навигациялық-гидрографиялық (1853-1863) суреттемесін жасады. Ғылым жолында Отанға шексіз беріліп қызмет етудің жарқын көрінісін көрсете отырып, ғалым-саяхатшы өз өмірінің он бес жылын Қазақ даласында өткізді.

     XIXғ. 60 жж. Жетісуға Ресей офицерлері А.Ф.Голубев, М.И.Венюков, А.П.Проценко(1863), М.Путинцев(1865), В.А.Полторацкий (1867) саяхат жасады.XIX ғ. 60-жж. Қазақстанның Ресейге толық қосылуы аяқталып, Қазак  жері Ресей империясының ішкі отарына айналды.

     Ресей Бас штабының полковнигі - Қиыр Шығыстың, Кавказдың, Қазақстан мен Орта Азияның белгілі зерттеушісі, Ресейдің жекелеген аудандары мен Азия, Африка, Латын Америкасы елдері бойынша көптеген тарихи-географиялық және этнографиялық еңбектердің авторы, Орыс географиялық қоғамының ғылыми хатшысы М.И. Венюков (1832-1901) болды. Оның, негізінен XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей әскери баспасөзінде жарық көрген қүнды мақалалары: "Орта Азиядағы далалық жорықтар туралы естеліктер", "Азиядағы орыс шекараларының Әскери шолуына арналған материалдар. Жонғария"  және т.б. мен іргелі монографиялары: "Азиядағы орыс шекараларының әскери шолуына арналған тәжірибе", "Ресей мен Индия аралығында жатқан елдердің саяси этнографиясының очерктері" Қазақстан тарихының тақырыптарына арналған. М.И.Венюков 1860 ж. Қазақстан жерлерінде топографиялық түсірулер үшін астрономиялық жөне геодезиялық тірек пункттерінің орнын таңдап алу мақсатында белгілі бір жер бедерін алдын ала байқау және зерттеу  жүмыстарын жүргізді. 1860 ж. ол бұл өңірдің қүрылысын планға, картаға түсіретін топографтар тобын басқарып келді. Оның көлемді Қазақстанға арнаған жүмыстарында Ұлы жүз қазақтарына, оньң ішінде, шекарада көшіп жүрген казақтарға арнаған мәліметтер баршылық еді.

      М.И.Венюков шолудың әдебиеттер көрсеткішінде оның зерттеулеріне негіз болған Қазақстан мен Орта Азия туралы жазған 60-тан аса авторларды атады. Олар Иакинф, К.Риттер, Ш.Уәлиханов, А.И.Левшин, А.Вамбери, Г.Н.Потанин және басқа да зерттеушілер. Ғылыми-зерттеу экспедицияларының есеп берулері де пайдаланылды.

    Қазіргі кездегі Қазақстан зерттеушілері үшін автордың жергілікті жерлердегі тікелей топографиялық  ізденістері, жеке бақылаулары, жергілікті халықпен үнемі қарым-қатынаста болуы, оларға сұрақтар қойып, алған жауаптары құнды дерек болып табылады.

Әр учаскені шолудың едәуір бөлігі халықка арналған, әрі бұл бөлімдерде Қазақстанның көп бөлігінің этнографиялық картасы ғана жасалып коймай, жергілікті халыктың тұрмысы, үлттық дәстүрлері, кәсібі суреттеліп, оның әртүрлі топтарының өлеуметтік-экономикалык сипаты беріледі.

     М.И.Венюков барлык учаскелер бойынша әр халықтьң санын көрсете отырып, үлттық құрамы бойынша таблицалар келтіреді. Жоңғар учаскесі бойынша таблица мынадай көрсеткішті берді: қырғыздар - 580000, қалмақтар - 320000, маңғол-чахарлар - 89000, таранчылар — 3900, татар мен сарттар - 4700, дүнгендер - 5500, қытайлықтар - 3500, орыстар - 35000 .

     Бөкей (Ішкі) ордасының жағрафиялық және шаруашылық-статистикалық анықтамасын П.Лидведский жасады. 1865 ж. "Ресейдің географиясы мен статистикасы үшін Бас штаб офицерлерінің жинақтаған материалдарының" он сегізінші томында Л.Мейер Орынбор ведомствосының Қырғыз даласының әскери-статистикалық шолуын жариялады, ал 1891 ж. Ф.И.Лобысевичтің "Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы",- деген еңбегі жарық көрді.

     Сырдарьяның сағасы мен Сырдарья облысының Шымкент уезі мен Арал теңізі жағалауының өсімдіктерінің суреттемесін белгілі географ А.Маюдеев пен ботаниктер Д.Литвинов, З.А.Минквиц жасады .

     Қорыта айтқанда, революцияға дейінгі орыс тарихнамасы Қазақ жерінің жағрафиялық зерттеуінде көптеген жетістіктерге жетті. Әрине бүл зерттеулердің Ресейде Қазақстан туралы мәліметтердің жиналуына маңызы зор, бірақта, негізінен, бұл ізденістер Қазақстанды отар ретінде пайдалану үшін жасалған еді.

                        Өлкетану және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметі

     1887 жылы Орынбор ғылыми мұрағат (архив) комиссиясы құрылды. Комиссия мұрағат ісін тәртіпке келтіруді, өлкенің өткен тарихын зерттеуді, археологиялық және этнографиялық материалдар жинауды өзінің негізгі міндеті деп санады. Комиссияның «Труды» деген баспасөз органы болды. 1894-1917 жылдарда бұл басылымның 34 саны жарық көрді. Мұрағат комиссиясы Қазақстанның өткен тарихын зерттеуге зор көңіл бөлді.

     Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал болды. Онда жиналған әр түрлі материалдар өңделіп, «Памятные книжки», «Уральские областные ведомости» жөне «Уралец» газеттерінде мақала түрінде жарияланып отырды. Бүл аймақты зерттеушілер катарында Н.Бородинді, В.П.Кранихфельдті, Н.П.Огановскийді, М.К.Курилинді жөне басқа адамдарды атап айтқан жөн. Батыс Қазақстанды зерттеуде антрополог А. А.Харузин, этнограф М.-С.Бабажанов елеулі рөл атқарды. Зерттеулердің нысанасы қазақтардың тарихы мен шаруашылығы, балық аулау кәсіпшілігі, шаруалардың қоныстануы болды.

     Омбы маңызды мәдени және ғылыми орталық  болатын. Мұнда XIX ғасырдың орта шенінде зерттеушілер Н.М.Красовский, Н.А.Абрамов, кейініректе Н.Н.Балкашин жұмыс істеді. Жергілікті ғалымдар мен саяси жер аударылған зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы Географиялық қоғамның бөлімшесіне бірікті. Қоғам жұмысына белсене катысушылар арасында Ф.А.Щербина, Г.Н.Потанин, Н.Петропавловский, А.И.Сведенцев, Л.К.Чермак, Д.Клеменц, В.Остафьев, Н.Я.Ядринцев, И.Я.Козлов, Н.Я.Коншин, Г.Е.Катанаев, С.Гуляев, И.Я.Словцов, Н.А.Золотов, Ю.А.Шмидт және басқалар болды.

     Батыс Сібір өлкетану қоғамдарына қазақтар М.Шорманов, Ш.Уәлиханов қатысты. Ә.Бөкейханов өз қызметін сонда бастады.Өлкетанушылардың күш-жігерінің арқасында этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минералогия бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрылды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Сонымен бірге, статистика комитетінің кітапханасы ашылды. Оған Ертіс өңіріне қатысты кітаптар, көркем әдебиет жинақталды, балалар кітабы бөлімі жұмыс істеді. Кітапхана ондаған газеттер мен журналдар алып тұрды. Өлкенің мәдени өмірінде статистика комитеті зор рөл атқарды. Географиялык, қоғамның Семей бөлімін ашу туралы мәселе қойылды. Семей өлкетанушылары өз мақалаларын «Семипалатинские областные ведомости», Семей облысының «Памятные книжки», «Восточное обозрение», «Сибирская газета» газеттерінде жариялап тұрды.

     Ташкенттің ғылыми мекемелері Оңтүстік Қазақстанды зерттеу орталығына айналды. Онда халықшылдар П.И.Пашино, Г.С.Загряжский. Д.Иванов, В.И.Межов, Г.Усов, И.Гейер, Е.Смирнов және басқалар ғылыми кызметпен айналысты. Алайда отаршылдық әкімшілікте маңызды қызметтер атқарғанН.И.Гродеков,С.А.Идаров,Н.А.Маев,Г.А.Арендаренко,А.П.Хорошхин,М.А.Терентьевтерде жергілікті мәселелерді зерттеумен шұғылданды. Жергілікті өлкетанушылар олармен тығыз байланыста болды. «Материалы для статистики Сырдаринской области», «Туркестанские ведомости» газеттерінде өлкетанушылык сипаттағы көптеген зерттеулер жарық көрді. Қазақстан проблемалары бойынша бірнеше арнаулы зерттеулер басылып шықты. Сонымен бірге мұнда да ғылыми қоғамдардың қызметіне казақтар мен татарлар катысты. Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, Қ.Костанаев ерекше зерттеулер жүргізді.

         Зерттеу қызметі орталықтарының бірі Жетісу болды. Мұнда П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н.Краснов, А.Ф.Голубев, М.И.Венюков экспедициялык сапарлар жасады. Н.А. Аристов, Ф. Костенко, Н.Н. Пантусов, Г.С. Загряжский, Р.И. Метелицын, В.А. Монастырский, А.Флеров және басқалар ғылыми қызметпен айналысты.

     Оңтүстік Қазақстан зерттеушілері материалдарын әр түрлі басылымдарда, атап айтқанда, «Туркестанские ведомости», «Семиреченские областные ведомости» газеттерінде, үздіксіз шығып тұрған «Материалы для статистики Туркестанского края», «Материалы для статистики Сырдаринской области», «Памятные книжки Семиреченской области» атты сериялық еңбектерде, ведомстволық басылымдарда жариялап отырды.

     Жетісу мен Оңтүстік Казақстанды зерттеумен Ташкент қаласындағы Түркістандағы әр түрлі ғылыми қоғамдарына біріккен адамдар айналысты. НЛ.Зеланд, Н.И.Маев, А.П.Хорошхин, В.И.Межов, Г.А.Дрендаренко, Е.Т.Смирнов, И.В.Аничков, И.Гейер, Н.П. Остроумов осындай өлкетану коғамдарының қатысушылары болды.

     Сонымен қатар, жергілікті жерден шыққан, «Қазактардағы дене және ақыл-ой тәрбиесі», «Орыс-қазақ және қазақ-орыс сөздігі» деген мақалалардың авторы Ешмұхамед Букиннің өлкетанушылык еңбектерін атап өту кажет. Құдабай Костанаев «Перовск және Қазалы уездері қазақтарының этнографиялық очеркі» деген еңбек жариялады. Ноғайбай Жетпісбаев археологиялық жұмыстармен айналысты. Мұнда Ш.Ибрагимов те жұмыс істеді. Әбубәкір Диваев казақ фольклористикасы жөнінде алуан түрлі материалдар жинап, жариялады.

     1896 жылы «Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция» жұмыс істей бастады. Далалық өлкенің барлық уездерін зерттеу жөніндегі бұл экспедиция құрғанда Мемлекеттік мүлік министрлігі зерттеу нәтижелерін Қазақстанда жер саясатын жүргізуге пайдалануды көздеді. Экспедицияның міндетіне аумақты табиғи-тарихи жағынан зерттеп, суреттеу, жер түрлерін, бұл мәселедегі ауылдар мен болыстардың маңызын, шаруашылық жүргізу, жерді пайдалану тәсілдерін анықтау кірді. Ресейдің Орталык губернияларынан әкелінген шаруаларды қоныстандыру мақсатында шаруашылық-статистикалык зерттеуге баса көңіл бөлінді.  

     Экспедицияның кұрамына Ф.А.Щербина, Ә. Бөкейханов, Л.К. Чермак, П.А. Васильев, Н.Ф. Гусев, Н. Белев, В.А. Владимировский, Н.Ф. Дмитриев, қазақ зиялыларының үлкен тобы - Ү. Базанов, Т. Жалмұхамедов, И. Жақсылықов, И. Құдайкұлов, И. Тілекеев, Г. Саркин, Р. Мөрсеков, Е. Итбаев, М. Бекетаев, М.Шомбалов, Д.Сатыбалдин, XIX ғасырдың екінші жартысында зерттеушілер статистикалық деректерді жинап, өңдеу барысында көлемді жұмыс жүргізді. Мәселен, XIX ғасырдың 70-80-жылдарында Қазақстанда халық санағь жүргізілді. Е.Михаэлис пен А.Тилло Семей қаласы және бүкіл Қостанай уезі бойынша халық санағын жүргізді. Статистика комитеттерінің күшімен халық және түтін санағы, әскери ат санағы жүзеге асырылды Мәселен, 1888-1892 жылдарда әскери ат санағы ішінара Ақмола жәні Семей облыстарында да жүргізілді.

     Қазақстан жөніндегі ғылыми материалдардың қомақты қорын жасауда облыстық статистика комитеттері едәуір рөль атқарды. Статистика комитеттері туралы ережеде былай делінген: «Бұл комитеттердің басты мақсаты жергілікті әкімшілік статистиканы дұрыс ұстау, атап айтқанда: әрбір губернияда немесе облыста үкіметтің талап етуімен және Орталық статистика комитетінің нұсқауымен сол губернияның немесе облыстың жер мөлшері мен жерінің сапасы, халық саны және өндіргіш күштері туралы дәл статистикалық мәліметтер жинаудың мейлінше дұрыс әдістерін белгілеу және бұл мәліметтерді тексеру мен өңдеу болып табылады...». Бұл орайда халықшылдар көп күш жігер жұмсады. 1878 жылы Ақмола, 1896 жылы Орал, 1895 жылы Торғай, 1879 жылы Жетісу, 1887 жылы Сырдария облыстық статистика комитеттері ашылды.

     Статистика комитеттерінің басылымдарында облыс бойынша өндіргіш күштер, халық шаруашылығы, суландыру жүйелері, қатынас жолдары, тұрғындар және олардың кәсіптері, алым-салықтар, оқу-ағарту жөне т.б. туралы егжей-тегжейлі мәліметтер жинақталған шолулар ерекше орын алды.

      Бұл шолуға қоса, жиынтық статистикалық кестелер беріліп отырды. Бастапқыда мұндай шолулар «аса мәртебелі» губернаторлардың жыл сайынғы есептеріне косымша ретінде жазылатын. Уакыт өте келе шолуларда статистикалық материалдармен қатар, жекелеген авторлардың мақалалары да жариялана бастады. Түркістан өлкесінде ұзын саны 100-ге таяу шолу басып шығарылды, соның ішінде: «Жетісу облысы бойынша шолулары» 1882 жылдан 1913 жылға дейін үнемі шығып тұрды, Сырдария облысы бойынша «Шолулар» 1885 жылдан 1895 жылға дейін шығарылды. Бұған қосымша Сырдария облыстық статистика комитеті 1891 жылдан 1907 жылға дейін «Сырдария облысының статистикасына арналған материалдарды» жыл сайын шығарып тұрды.

      Комитеттер облыстық шолуларға қоса өз еңбектері мен басқа басылымдарды да шығарды. Мысалы, Сырдария комитеті өз еңбектерінің бір томын, «Сырдария облысының статистикасына арналған материалдар жинақтарының» 13 санын басып шығарды. Жетісу облыстық статистика комитеті «Жетісу облысының ескерткіш кітапшалары мен мекенжай-күнтізбелерінің» (1898-1905) 5 томын жариялады.

       Саяси айдауда жүргендер қазақ халқының өткені мен бүгінін халықшылдық тұрғыда зерттеді. Мәселен, этнографиялық зерттеулерде олар әрқашанда әлеуметтік және саяси мәселелер көтеріп отырды. Олардың өз зерттеулері мен мақалаларында либералдық және реформистік бағыт ұстанды. Халықшылдар қазақтардың өмір шындығын экзотика ретінде қарастыруға қарсы шықты. Тұтас алғанда халықшылдар қазақ қоғамының күрделі құрылымын ақырына дейін түсіне алмаса да, олар біреулердің екіншілерін қанауы көңіл аударды, орыс және қазақ халықтарының еңбекші бөлігінің езілген жағдайына қоғамның назарын аударуға тырысты. Патша самодержавиесін сынап, бостандық идеяларын насихаттады.

       Қазақстанда саяси айдауда жүргендер өздерінің ғылыми қызметінде халықшылдықтың жалпы идеялық негіздерін басшылыққа алды, бірақ әлеуметтік-экономикалық және коғамдық жаңа нақты жағдайлар оларды көбінесе күтпеген тұжырымдар жасауға мәжбүр ететін. Олар шет аймақтардың әлеуметтік-экономикалық өміріне капитализмнің енуін аңғара отырып, осыған байланысты өлкедегі шаруалардың қоныстануына және жұмысшылардың жағдайына, өңдеуші және таукен өнеркәсібінің дамуына ерекше ден қойды. Халықшылдар жазған еңбектер патша әкімшілігінің ресми басылымдарымен салыстырғанда шыншыл және ғылыми жағынан орнықты болды.

     XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстан аумағында көптеген тарихи-статистикалық, этнографиялық, геологиялык, географиялық экспедициялар жұмыс істеді. Әдетте, олардың белсенді қатысушылары халықшылдар болды. Әрбір экспедицияға жергілікті ұлт өкілдері, көбінесе қазақтар жолбасшы және тілмаш болып қатысты.

      Жолбасшылар мен тілмаштар халықшылдармен тығыз байланыста болды. Тілмаштар көп нәрсеге қанығып қана қойған жоқ, сонымен қатар, өздерінде бар мәліметтерді беруге де әзір тұрды. Олар білімді, өз халкының материалдық және рухани мәдениетін насихаттаушылар болды, дала аңыздарын, билердің аса маңызды билік шешімдерін, дағдылы құқық ережелерін, рәсімдер мен әдет-ғұрып, мал шаруашылығын жүргізу жүйесін, кешіп-қону жолдарын және т.б. жақсы білді. Кейіннен бұл мәселелердің көбісі халықшылдардың ғылыми еңбектерінде көрініс тапты.

      Екі халық өкілдерінің мұндай өзара катынастары, олардын арасындағы байланыстар қазақтар мен орыстардың жақындасуына себепші болды. Қазақ және орыс өкілдерінін шығармашылық достастығы қазақ қоғамдық ой-пікірінің дамуында демократиялық негіз қалады. Орыс отаршылдарына қарама-қайшы, орыс демократиялық және революцияшыл ой-пікірінің өкілдері қазақ және орыс зерттеушілерінің арасында достық қатынастардың дамуына жәрдемдесті.

      XIX ғасырдың екінші жартысында Казақстанда ғылыми қоғамдардың дамуы көптеген қазақ зерттеушілерінің калыптасуына әсер етті. Олар қазақ ағартушыларының озық идеяларын қабылдап, саяси жер аударылғандардың ғылыми көзқарастарымен және методологиясымен танысты. Қазақ зерттеушілері өз халқының тарихы, әдебиеті мен өнері жайлы құнды деректер жинастырып, көптеген еңбектер жариялады.

      XIX ғасырдың екінші жартысында қазақтың ұлттық баспасөзі дүниеге келді. 1870-1882 жылдарда Ташкентте «Түркістан уәлаяты газеті» шығып тұрды. Ол алғашында 500 дана таралыммен шыкқан «Түркестанские ведомостиге» қосымша ретінде шығып, кейіннен дербес органға айналды. Шартты басылымның негізі патша әкімшілігінің әр түрлі өкімдері мен нұсқауларын тарату болды. Сонымен бірге, өлкенің әр түрлі жерлеріне сипаттама берілді. Саяхаттар, егіннің шығымы, ауыл шаруашылығының жай-күйі - мал аурулары, эрозия, су пайдалану туралы жекелеген мәліметтер айтылды. Газет беттерінен кеніштердің ашылуы, өңдеуші өнеркөсіптің жай-күйі, телеграф жүргізу, әйел мәселесі және этнография жөніндегі әр түрлі мәліметтер көрініп отырды. Басылымды Ш.Ибрагимов пен Х.Жанышев редакциялады.

       1888-1902 жылдарда Омбыда казақ тілінде «Дала уәлаятының газеті» атты газет шығып тұрды. Бұл «Акмолинские областные ведомости» газетіне қосымша болатын. Оның беттерінде ағартушылық идеялары насихатталды. Ресми бөлімде әкімшіліктің әр түрлі қаулылары мен әкімдері жарияланды. Оның беттерінде белгілі бір дәрежеде қазақтардың тұрмысы, мәдениеті жөніндегі әр түрлі мәселелер көтерілді. Қазақ тарихи аңыздарының және «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Камбар батыр», «Бозжігіт», «Еңлік-Кебек» эпосының нұсқалары, Қожанасыр, Алдаркөсе туралы, әнші Жиренше туралы әр түрлі сюжеттер және баска да материалдар жарияланды. Сондай-ақ казақ көсем сөзшілері мен зерттеушілерінің мақалалары басылып тұрды.

     Н. Жетпісбаев, Ш. Ибрагимов, А. Айтбакин, М. Бабажанов, X. Қаржасов, С. Батыршин, Б. Дауылбаев, М. Шорманов, Ә. Диваев, Е. Букин, С. Нұрмүхамедов, Т. Сейдалин, А. Сейдалин, С. Жантөрин сияқты зерттеушілер өз қызметімен және мақалаларымен қазақтар арасында ғылым мен қоғамдык ой-пікірдің дамуына жәрдемдесті. Сөз жоқ, олардың бәрі ғылыми қоғамдардың жұмысына түрліше қатысты, алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің идеяларын өзінше кабылдады, бірақ қазақ зерттеушілерінің Омбы, Семей, Ташкент, Орал және басқа қалалардың қоғамдық өміріне араласуы XIX ғасырдың 70-90-жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінің құрамдас бөлігі болды.

Қазақ ағартушы-демократтарының революцияға дейінгі Казақстандағы ғылыми қоғамдардың жұмысына қызу араласуы қазак, халқының демократиялық орыс мәдениетімен, орыс азаттық қозғалысына қатысушылар - саяси жер аударылғандармен байланыс жасауына кең жол ашты.                  

             Орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесі (1902   жылы   13  сәуірде  ашылған)

             Далалы өлкені ғылымның   сан-саласынан   зерттеудің   негізін   қалаған   ең   алғашқы   Семейдегі   қоғамдық   мекеме   Облыстық   санақ   комитеті   1878   жылы   құрылды.   Ғылыми    хатшысы  Е.П. Михаэлис  басшылығымен    зиялы   қауым    шоғырланған     бұл    мекемеге    өлке туралы ресми мәліметтермен  қатар «міндетті емес жұмыстар», өлкені  тарихи,    геграфиялық  тұрғыдан   зерттеу   жұмыстарын    жасау     жүктелді.

     Санақ комитеті Шығыс Қазақстан, Семей  өлкесінде жүргізген зерттеулерінің     нәтижесін    «Памятная  книжка   Семипалатинской    области»,   «Обзор     Семипалатинской     области»   басылымдарына    жариялап   отырды. Онда Ф.К.  Зобниннің  «К   Вопросу   о   невольниках – рабах   и    тюленгутах   в   Киргизской  степи» мақаласы, Ә .Бөкейханның, В.Д. Коцовскидің,   В. К. Фон Гереннің   т.б   мақалалары   жарияланған.  В.П.Никитиннің  «Исторической очерк Семипалатинской области», В.И. Маевскийдің  «Ботовская     ярмарка»    мақалаларын    кітапхананың      сирек    қорындағы    «Памятная   книжкалардан»   оқуға   болады.

     Қазақтың ұлы ақыны Абай   өлкенің  қоғамдық өмірінің тыныс-тіршілігімен тығыз    байланыста  болып, Санақ Комитетіне 1886ж.4  мамырында   мүше болып  тіркелген  туралы   Семей    қаласы    Абай    атындағы    кітапхананың    сирек   қорында    сақтаулы    «Памятная    книжкалардың»  1897,  1900    жылғы    басылымдарнда    бағалы    мәлімет    бар (Семейдің   Абай   атындағы   әмбебап   ғылыми   кітапханасы   және   өлкетану   мұражайы   1883   жылдың   қыркүйегінде   ірге   көтеруіне   саяси   жер    аударылған   демократтарға   қарыздар).

     1902   жылдың   сәуірінде   құрылған   Орыс   Императорлық   Географиялық   қоғамның   Батыс-Сібір бөлімінің Санақ   Комитеті   негізін   қалаған  өлкені   Е.П.Михаэлис,Н.Я.Коншин,  Б.Г.Герасимов,ағайынды   Белослюдовтар   ж.б.ғылыми  еңбектерінде   зерттеген.   Академиктер  С.Ф.Шокальский,  А.П.Карпинский,  В.А.Обручев құрметті мүшелері болған. Семей Географиялық   бөлімшесінің   жұмысына   орыстың   атақты   жиһангер   ғалымдары   Семенов  Тянь-Шанский, Г.Н.Потанин, В.В.Сапожников, А.Н.Седельников   үлес   қосқан.

      Ш.Уәлихановтың   досы,   қазақ   халқының   мәдениеті   мен   ауыз   әдебиетін   зерттеуші   ғалым,   саяхатшы,   фольклоршы   Г.Н.Потанинің   қазақ   өлкесін   зерттеуге   қосқан   үлесі   зор. Ш.Уәлихановтың кеңесімен   Орта   жүз,   Ұлы   жүз   қазақтарының   және   жоңғарлардыңРесеймен қарым-қатынасы   жайлы   тарихи   деректермен,   мұрағат   құжаттарымен   танысқан.   1875   жылы Г. Н. Потанин   профессор   К. А.  Иностранцевтің   Қырымға жасаған саяхатына   қатысып, 1876 жылы   ұзаққа   созылған   өз   отаны   Сібір   өлкесі   мен оған шекаралас   Азия   елдерін   зерттеуге   кіріседі.     Ол   Семей   облысы   Зайсан   уезіне,   тарбағатайға, Солтүстік   Батыс   Моңғолияға,   Ішкі   Қытай,   Шығыс   Тибетке   өзінің   әйгілі   бірнеше   ғылыми   саяхатын   жасайды.   Бұл   саяхаттар   Г.Н. Потанин   есімін   Азияның   әйгілі   зерттеушілері   қатарына   жеткізді.   География   ғылымы Г.Н.Потаниндей   бір   ғылым   саласы   шеңберінде   шектеліп   қалмаған   ірі   ғалым-зерттеушіге   ие   болды.

       Ә.Бөкейхан Г.Н.Потанинге   арнап1913жылы «Қазақ   газетінің   15-ші   санына   жариялаған   мақаласында: «Осы   келер   жаз   Потанин   Семей   облысы,   Қарқаралы   уезі,   Тоқырауын   өзені   бойына   барады.   Июнь   басында «Қоянды»   жәрмеңкесінде   болады.   Тоқырауында   жаздай   жатып,   қазақты   аралап   көрмекші,   қазақтың   ертегі,   жұмбақ,   мақал,   ескі   жақсыларының   сөзін   жимақшы»,-деп   жазды. Бүкіл   саналы   ғұмырын   Шығыс Қазақстан   өлкесінде   өткізіп,қазақ   өркениетінің   дамуында   айшықты   із   қалдырған   Евгений Петрович Михаэлисті замандастары   егер   ол   таза   ғылым   жолын   қуса,   екінші   Менделеев   болары   сөзсіз   еді   деген.

     Е.П.Михаэлис  С-Петербург   университетінің   жаратылыстану   факультетінде   оқып   жүріп   студенттік толқуларға қатысқаны үшінПетропавл қамалына,   кейіннен   Тобыл   губерниясының Тара қаласына   айдалады. Тек 1869   жылы   Семейге   еркін   қоныс   аударуға   рұқсат   алып,   облыстық   басқармаға   қызметке   тұрған   ол   қазақ   халқының   әдет-ғұрпы,салт-санасымен танысып, Ертіс жағасын,  Алтайды,Тарбағатайды,Зайсан   табиғатын   зерттеуді басты мақсат еткен. Ол  Санақ Комитетінде   қызмет   ете   жүріп,   қаладағы   алғашқы мәдениет  ошақтары қоғамдық   кітапхана   мен   өлкетану   мұражайының   ашылуына   ұйтқы   болып,   музейдің   археологиялық   бөлімінің   негізін   қалаған.

     Михаэлис   Абайға   ең   алғашқы   іздену,   шығармашылық   қалыптасу   кезеңінде   жол   нұсқаушы,   Ресей   мәдениетінің   хабаршысы   есепті   болды. Сондықтан   Ұлағатты   ұстазы   болған   оны   Абай   өмірінің   кейінгі   шағында: «Дүниеге   көзімді   ашқан   кісі -  Михаэлис»,- деп   ризашылықпен   еске   алып,   жол   нұсқап,   басшылық   жасағаны   үшін   алғысын   білдіріп   отырған.   Михаэлис   өзі   де   көшпелілер   әлемінен   зор   ынтамен   көп   нәрсе   үйреніп,   білді.   Абай   арқылы   Шығыс   мәдениетімен   сусындап,   далалықтар   дипломатиясы   сырына   қаныққан.

     Е.П.Михаэлис   Орыс   Географиялық   қоғамының   Батыс-Сібір   бөліміне   1880   жылдан   мүшелікке   қабылданып,   кейіннен   Семей   бөлімшесіне   мүше   қызметкер   ретінде   тіркелген. Қазақ   елінде   өткізген   жарты   ғасырдан   артық   ғұмырын   ол   қызықты   зерттеулер   жасап,   халық   игілігі   үшін   жұмсады.

     1857 ж 27  ақпанда   П.П.Семеновтың   ұсынуымен   22 жасар   Ш.Уәлиханов   Императорлық   Орыс   Географиялық   қоғамына   мүшелікке   сайланды.   1858-1859 жж. Ш.Уәлиханов   Еуропа   ғалымдары   үшін   есігі   жабық   Қашқарияға   барып,   бүкіл   Алтышаһардың   жағдайы   туралы   ғылыми   құнды   мәліметтер   жинады.Ержүрек   саяхатшы,   әйгілі   ғалым,   шығыстанушы,   географ,   тарихшы,   этнограф,   фольклорист, патриот, қазақ  халқының   ардақты   ұлы   Ш.Уәлихановтың   ғылымдағы   орны   ерекше.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

      1. Бартольд  В.В.  Орта Азия түркі халықтарының тарихы бойынша он екі лекция. Жетысу тарихының  очерктері.  - М., 1968. –Т.2.

     2. Чулошников А.П. Басқа түркі тайпаларымен жалпы тарих тағдырына байланысты  қазақ-қырғыз халықтарының тарихы бойынша очерктер.- 1 бөлім. -Орынбор, 1924.

     3. Плано Карпини және Гильома де Рубруктың шығыс елдеріне саяхаты /Саяхат, жаңа жерлерді ашу, оқиғалар сериясы. – Алматы: Ғылым, 1993.

     4. Сүлейменов О. Көшпелілер және мәдениеті // Парасат.-1966.-№5.-2-5 б.

     5. Жүнісбекұлы Б. Құзырыңа құлдық мәдениет// Ақиқат.-1993.-№7.- 66 б.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-04-23 20:11:33     Қаралды-22124

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »