UF

Ерте дәуірдің архитектурасы.

         

         Кіріспе

  1. Ежелгі  кездегі  Қазақстан  сәулті және табиғи-климаттық жағдайы ел               

        ланшафтың ерекшіліктері.

  1. Бұғылы, Беғазы, Ақсу-Аюлы кешендері,  негізгі құрылыс материалдары мен құрылымдары. 

 

  Ерте дәуірдің архитектурасы.

      Қәзіргі Қазақстан терриоториясындағы құрылыс ісінің мыңдаған жылдық тарихы бар.Бұл өнер Қазақстанның таулары мен жазықтықтарын ертедегі адам бірте -бірте игеріп, бұлар алғашқы қоғамның өндіргіш күштерін дамыту үшін негіз болған заманда болатын.Бұл адам жетілуінің ұзақ жолын басынан өткерген ,адамзат мәдениетінің ірнгесі жасалып, құрылыс техникасының негізі қаланған бір ұзақ дәуір еді. Ертедегі материалдық өндірістің бізге келіп жеткен ескерткіштерінің көрсетуі бойынша, алғашқы адам ұзақ уақыт бойы орныға алмай, өзіне азды-көпті қолайлы тұрақ таба алмаған, өйткені ол тіршілік ету қиыншылығымен, табиғатпен күресу қиыншылығымен жаншылып келген еді.  Өзінің еңбек ету дәрежесінің алғашқы шағында адам жауын-шашыннан, жыртқыштардың шабуылынан қорғану үшін тек табиғи паналарды ғана пайдаланды. Археологиялық зерттеу соңында Қазақстан мен Оңтүстік Орал жерінде бұрын адам тұрақ етіп ізін қалдырған бірнеше үнгірлер ашылды. Бұлардың ең белгілері: Қазғұрт, Қаратау, Баянауыл, Қархаралы, Ұлытау үңгірлері. Ұлытау ауданындағы үңгірлердің біреуі Айдахарлы деп аталады. Өйткені бұл үңгірлердің көпшілігі адам паналауға қолайлы әрә кең, оған едәуір адам сиятын болған.қархаралы қаласына таяу тұрған осы үңгірлердің бірінің түрітұрғын үйге жақын болғандықтан, «шатыр» деген ат тағылған.

    

  1. Ежелгі кездегі Қазақстан сәулті және табиғи-климаттық жағдайы және                

        ланшафтың ерекшіліктері.

     

      Ғалым геологтар мен археологтар ертедегі Қазақстанның территориясында палеолит   даму үшін өте қолайлы жағдайлар болды,-деп пікір айтады; бұл сілем қазір республиканың оңтүстік және оңтүстік шығысында жолығатын жұмсақ топырақты (лэсс) пейзаждан көрінеді,не болмаса орталық, солтүстік және солтүстік- батыс облыстарында кездесетін лэсс тәрізді сары топырақтардың болуымен сипатталады. Ғалымдар  жер алабын мұз қауырт басқан дәуірде Қазақстан териеториясы мұз  басудан тысқары болғанын атап көрсетеді. Жеке мұз тілімдері тек Батыс Сибирь ойпатына жапсарласа  жатқан Солтүстік Қазақстанның шетіне ғана жеткен. Рисс−вюрем дәуірінде мұнда құрғақ қыр –даланың климат режимі болған,ертедегі Қазақстанның аллювиаль жазығында көптеген ірі хаиуанаттар жайылатын еді,оның ішінде моманттар, шудалы носороготтар,  бизондар , жылқылар ,солтүстік бұғылары ,тағы бассқалар бар.    

     Бұл жануарлардың сүйегі қазір Торғай, Есіл, Сарысу, Жетісу өлкесінде және Қаратауда жиі кездеседі.Бұл сүйектердің  жойқын түрі Қазақстан музейлерінде сақталып тұр.Бұл жануарлар  палеолит дәуіріндегі адамның негізгі аулайтын аңдары болған. Ертедегі материалдық өндірістің бізге келіп жеткен ескерткіштердің көрсетуі бойынша, алғашқы адам ұзақ уақыт бойы орныға алмай, өзіне азды-көпті тұрақ ала алмаған. Өйткені ол тіршілік ету қиыншылығымен жаншылық еткен. Өзінің еңбек ету әрекетінің шағында адам жауын-шашыннан, жыртқыштардың шабуылынан қорғану үшін  тек табиғи паналарды ғана пайдаланды.

     Археологиялық зертеулерде  адамдардың паналаған  үңгірлердің бір ерекшілігі, олардың аузы күн шығысқа қараған.Үңгірлердің бұлай орналасуы күз және қыс айларында  күн көзі көп түсіп, жылу берілуіне мүмкіндік тудырады.

 

  1. Бұғылы, Беғазы, Ақсу-Аюлы  кешендері, негізгі құрылыс материалдары мен құрылымдары. 

   

      Орталық Қазақстанда қола дәуірінен қалған құрылыстардың алуан түрі кездесіп, олардың айқын сызылған жобаларының болғандығы құрылысты ұйымдастырудың алғашқы жарқын көрінісі екенін дәлелдейді. Қола дәуіріндегі тұрғын үй құрылыстарының конструкциясы туралы ашық түсінік беретін әсіресе Атасу, Ақбауыр, Бұғылы (Шопа), Шортанды, Тағыбай (Баянауыл) және Қарқаралы қыстақтарындағы тұрғын үйлер. Қостанай қаласының оңтүстік жағында 40 километр жердегі Тобыл өзенінің басында ертедегі өзен табанында қоныстаған андрон қыстақ орындарын (Алексеев және Садчиков қоныстарын) зерттегенде, тұрғын үй, конструкциясын ашатын  көптеген материалдар алынды.

Атасу, Бұғылы және Ақбауыр қыстақтарының тұрғын үйлері өте әсем. Әулие-қызыл таудағы Тағыбай бұлақ (Баянауыл ауданы) тұрғын үйлері де конструкциясы жағынан бұдан кем түспейді.

Бұғылы қыстағындағы тұрғын үйлер конструкция жағынан Атасу тұрғын үйлерімен бүтіндей ұқсас (9-сурет). Бұлардың да қабырғалары тегіс тас тақталармен қапталған  іргелес үйлерді жалғастыратын жер коридоры бар.  Бірақ Бұғылы үйлері көлем жағынан сәл ірірек, тас қабырғалары аумақты және құры-лыстың жобалауында бірталай өзгешелік бар. Бұғылы қыстағындағы тұрғын үйлердің (№ 1, № 2) жобасы өте анық, олардың шаршы не тік бұрышты формасы жазық жер бетінен жақсы көрінеді (10-сурет). Бұғылы тұрғын үйлерінің екінші бір ерекшелігі, мұнда бір жобамен тұтастырған көп бөлмелі үйлер басымырақ, тіпті олардың төбесі де бір шатырмен біріктірілуі ғажап емес. Жалпы бір төбемен жабылған үйлердің саны екіден беске дейін (8-сурет). Тұрғын үйлердің маңында шаруашылық құрылыстар, малға арналған үлкен арандар, мастерліктер орналасқан. Ең үлкен үйлердің көлемі 500 шаршы метр шамасындай.

Бұғылы қыстағы (№1) Қарағанды облысы, Шет ауданы, Бұғылы тауының шығыс бөктерінен ағатын Шопа өзенінің кең аңғарын алып жатыр.  Құрылыстың осы көрсетілген түрлерінен басқа бұл кезде үлкен тас құрылыстар да пайда болады, оларды сол замандағы құрылыстардың негізгі түрлері деп айтуға болады. Бұл айтқандар жер астына көмілген не үстіне зәулім оба орнатқан белгілі қабырханалар.

Бұлардың ішінде құрылыс конструкциясы жағынан ең ірісі және қызықтырағы Ақсу-Аюлы құрылысы. Ол Қарағанды облысы, Шет ауданының орталығында 1952 жылы ашылды. Дәл осындай бір құрылыс 1933 жылы Нұра өзені бойындағы Дәндібай аулында ашылып зерттелген еді. Мұнда қола мәдениетінің бірталай қызықты ескерткіштері ашылған соң ол ғылымда мәлім бола бастады .

Ақсу-Аюлы кешені ертедегі сирек құрылыстардың бірі. Бұл аумақты құрылыстың тұрғызылған уақыты қола дәуірінің өркендеген кезіне жатады (біздің заманымызға дейінгі XII-XI ғасыр). Бұл құрылыс жер астында, диаметрі 30 метр, биіктігі 1,8 метр үлкен жер обаның астында болған, топырақ астында  келген; оның бүтін тұрған детальдары сол заманғы тас конструкцияны айқын бейнелейді (29-сурет).

Өзінің көлем композициясы бойынша Ақсу-Аюлы кешені бұрыштары дөңгелене жасалған тік бұрышты үй. Бұл екі тас қабырғадан тұрғызылған бір ғана үй, Қабырғалардың арасындағы кеңістік айналып өтетін коридор түрінде салынған (30-сурет).Дәндібай аулындағы құрылыс сияқты Ақсу-Аюлы кешенінің төбесі сатылап шығарған бөренемен жабылып, ұзынша осі батыстан шығысқа қаратылған. Бірінші (ішкі) қабырғаның көлемі 2,5X3,4 метр, сыртқы (екінші) қабырғанікі 8X7,4 метр. Ішкі үйдің дәл ортасында үлкен тас жәшік немесе тас қабыр (Саркофаг) орнатылған. Оның аумағы 2,5X1,45 метр, биіктігі 1,6 метр жерден қазып шығарған. Ішкі қабырғасы ортадағы жәшік қабірдан 1-1,2 метр қашық келсе, сыртқы қабырға одан 3,5 метр алшақ салынған. Айналып өтетін коридордың (екі қабырға арасындағы кеңістіктің) ені 1,8 метр.

Қабырғаның екеуі де жерге тік көміп үлкен гранит тастардан тұрғызған сыртқы шеңберлі дуалмен қоршалған. Шығыр дуал үйілген топырақ іргесін жағалай орнатылған, оның диаметрі 24,5 метр, тік тұрған тастардың биіктігі 1,2-1,6 метр. Қапқа тастар тұп-тура тікесінен емес, бас жағы алаңның ішіне қарай біраз еңіс қойылған. Бұл негізінде жабатын төбенің екі арасын қысқарту мақсатымен қолданған өзгеше тәсіл. Алайда бүкіл комплексте тек екі орталық үйдің ғана төбесі жабылған (31-сурет).

Тас кешендердің осы айтылған конструкциясы Орталық Қазақстанда соңғы жылдарда ашылған көптеген ескерткіштеден жақсы мәлім болып отыр.

Қабырғаны мықты етіп қалау үшін оған ерекше беріктік және тұтастық беретін өте ірі тақта тастар пайдаланған. Тастар тік бұрышты, шаршы және параллелипипед түрінде өңделген, бұлардың көлемі 40X35X5 сантиметрден 120X80X7 сантиметрге дейін болады.

Сақталған қабырғаларды тік жарып зерттеу ең ірі тақта тастар төменгі қатарларды қалау үшін қолданылғанын көрсетті. Қабырғалардың жоғары көтерілуіне қарай тас тақталар бірте-бірте кішірейе береді, жоғарғы қатарда олардың көлемі 45X35X6 сантиметрден аспайды.

 Алаңның ірге негізі балшықтың, қиыршық тастың, құмқайырдың және ұсақ тастардың қоспасымен құйылған. Бұлардың қосындысы қалау мен  бутовканың берік әрі цементтелген ірге негізін жасаған. Қалыңдығы 50 сантиметрдей бутовка құрылыс алаңының орталығын тегіс қаптап, тірек қабырғаға тура жал-ғасады, сөйтіп ол шын мәнінде контрфорс ролін атқарады. Бұл техника сатылы төбе жабу салмағын көтеріп тұратын қабырға мен басқа да тіректердің беріктігін сақтау үшін қолданылған.

Қабырғаны қалау техникасы ерекше болып келеді. Олардың төменгі жағы екі қатар етіліп тура жер бетіне қаланған үлкен қапқа тастан құралған. Екінші қабырғаны оның қалыңдығын тегіс қабатын ұзын жалпақ тастармен екі ұшын шығара көлденеңінен қалаған. 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-04-08 19:24:19     Қаралды-2685

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »