UF

 Е.Б.Бекмаханов - Х1Х ғ. Қазақстан тарихы бойынша ірі және мойындалған маман

Жоспар

1.Е.Б.Бекмахановтың «Қазақстан ХХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты іргелі еңбегі бойынша пікірталастар

2.Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің кеңестік кезеңдегі дамуы

3.Қазақтың үш ағартушы-демократтары Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаевтың қызметтерін зерттеу.

 

1.Е.Б.Бекмаханов - Х1Х ғ. Қазақстан тарихы бойынша ірі және мойындалған маман

Идеологиялық қысым 1946 жылдан бастап тек тарих емес, әдебиет, ғылым, өнер, тіл білімі саласына да ауысты. Әсіресе, онымен идеясы сабақтас Е.Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20 – 40 жылдарындағы Қазақстан» деген монографиясы қатал сынға алынып, 1947 жылы Мәскеуде, Алматыда үлкен талқыға салынып, кітап туралы шиеленіскен дау – дамай жүріп жатты. бірақ, іс мұнымен аяқталмады. Енді дабыл орталықтан қағылды. 1950 жылы 26 желтоқсанда  «Правда» газетінде Т.Шойынбаев, Х.Айдарова, А.Якуниннің «Қазақстан тарихы мәселелері маркстік – лениндік тұрғыдан зерттелсін» деген мақаласы шықты. Бұл науқандар тарихтың ауқымынан шығып, саяси бағыт алды. Соның ішінде «История Казахской ССР» және өз монографиясында Кенесары қозғалысына ұлт – азаттық күрес деп баға берген профессор Е.Бекмахановқа жекелей сяси айып тағылды. Шын мәнінде, Е.Бекмахановтың монографиясында басты тақырып қазақ халқының Ресейдің билігіне қарсы бағытталған Кенесары Қасымов бастаған ұлт – азаттық қозғалысы болды. Орта Азия хандықтарынң қазақ  жерлерінің оңтүстік аймағына басып кіруінің өрістеу жағдайына байланысты жүргізілгендіктен, аталмыш қозғалыс тек патшалық отаршылдық органдарына ғана қарсы күрес емес, Қоқан хандығымен күресті қамтыды және қазақ өлкесінің аумақтарында Ресейдің билігін кеңінен орнықтыру, тарату қарсылығына әкеліп соқтырды. «ХІХ ғасырдың 20 – 40 жылдарындағы Қазақстан» атты еңбекте қазақ жүздерінің Орта Азия хандықтарымен қарым – қатынастарының көптеген аспектілері және патша өкіметінің қазақ даласында жүргізген саясаты бейнеленеді. Е.Бекмахановты саяси айыптауды ұйымдастыруда 1951 жылы 19 көкекте ҚК (б)П Орталық Комитетінің «Правданың» 1950 жылғы 26 желтоқсанындағы бас мақаласына байланысты қабылданған қаулысы ресми рөл атқарды. Қаулы «Правданы» сөзбе – сөз қайталай отырып, Кенесары қозғалысын ұлт – азаттық деп бағалап келген тарихшылардың ішінен тек Е.Бекмахановқа ғана айып тағылды. Тарихи фактілерді бұрмалаған, «терең прогресшіл маңызы болған Қазақстанның Ресейге қосылуы процесін көрсетпей» патша өкіметінің отарлық саысатын бадырайтып көрсетті дегенге дейін барды.

         Қорыта айтқанда қазақ жерлерінің Ресейдің құрамына қосылуының прогрессивтік маңызы туралы концепцияны бекіту әртүрлі көзқарастар мен түсініктердің қарама – қарсылықтары аясында жүргізілді. Айтыс – тартыс барысында бір – біріне қайшы келетін екі көзқарас қалыптасты. Олардың алғашқысында зерттеушілер қазақ жерлерінің Ресейдің құрамына қосылуының позитивті кезеңдерін басым түрде қолданған болса, екінші біреулер-қосылу процесін ұлттық отарлық езгі түрінде қарастырады. Патша өкіметінің ортаазиялық саясатының кеңестік тарихнамасының дамуы жоғарыда көрсетілген тенденцияларының екеуін де бейнелей отырып, орталықтағы тотолитарлық режимнің Қазақстанның тарихи ғылымына жасаған қысымынан туындаған деформацияланудан арыла алмады.

2.Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің кеңестік кезеңдегі дамуы

Тұңғыш ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 ж. ҚАКСР Денсаулық сақтау комиссариатының жанынан Өлкелік химия-бактериологиялық лаборатория, 1924 ж. Санитарлық-бактериологиялық институт, 1926 ж. тыңайтқыш және агротопырақ зерттеу институты пайда болды. 1932 жылға қарай Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институты, 15 тәжірибе станциясы, 186 тірек ғункты, лаборатория, гидрометстанция, бірсығыра кен барлау ұйымдары қызмет істеді. КСРО ғылым Академиясының қазақстандық базасы құрылды.

Жоғары оқу орындары ашыла бастады. КазПИ (1928 ж.), Алматы зооветеринарлық институты (1929 ж.), Қазақ Ауылшаруашылық институты (1930 ж.), Алматы медицина институты (1931 ж.), Қазақ Мемлекеттік униуерситеті (1934 ж.).

1920 ж. ішінде Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. Онда тарихи-географиялық, этнографиялық, экономикалық мақсаттағы еңбектер жарияланды. М.Тынышбаевтың, М.Дулатовтың, Ә.Диуаевтың, А.П.Чулошниковтың еңбектерін осы Қоғам басып шығарды.

1926 ж. бірінші ұлттық қазақ театры ашылды, оны Ж.Шанин басқарды. Алғашқы ғъесасы "Еңлік-Кебек" болды. 1934 ж. музыкалық театр ашылды. Бірінші қазақ оғерасы Е.Брусиловскийдің "Қыз-Жібегі" болды. 1934 ж. А.Жұбанов басқарған Құраманғазы атындағы оркестр құрылды. 1938 ж. мамырда Мәскеуде қазақ өнерінің алғашқы онкүндігі өтті. К.Байсеитоваға КСРО халық артисі атағы берілді. 1934 ж. көркемфильмнің алғашқы студиясы ашылды, 1938 ж. "Ленфильм" түсірген "Амангелді" фильмі тұңғыш дыбысты кино болды. Қазақтың музыкалық өнерінің дамуына этнограф, комғозитор А.В.Затаевич ("Қазақтың 1000 әні", 1925 ж.), ("Қазақ халқының 500 әні мен күйі", 1931 ж.) еңбегі зор болды.

Аталған кезеңде әдебиет дамуы басталды. Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин есімдері, шығармашылығы кеңінен мәлім болды. Ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері қатарына Ж.Жабаев, Н.Байғанин, О.Шиғин, К.Әзірбаев, И.Байзақов кірді.

3.Қазақтың үш ағартушы - демократтары Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаевтың қызметтерін зерттеу.

Ш.Уәлиханов. Тұңғыш ғалым-зерттеуші, саяхатшы Шоқан Уәлиханов (1835-1865) 1847-1853 жылдары Омбыдағы Кадет корпусында оқыды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін оны Сібір казак әскерінде қызмет атқаруға жіберді. Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Гасфорттың Омбыдан Іле Алатауына дейінгі сапарында оның адъютанты бола жүріп, Шоқан халық ауыз әдебиетін жинап, жазып алды. 1856 жылы Ш.Уәлихановтың ірі ғалым, географ П.П.Семеновпен танысуы, оның кейінгі шығамашылық өміріне зор ықпал жасады. Сол жылы ол Алакөлден Орталық Тянь-Шаньға қарай Ыстықкөл көліне: дипломатиялық тапсырмамен Құлжаға сапар шеккен екі экспедицияға қатысты.

1857 жылы Ш.Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да барып, қырғыз эпосы "Манасты" жазып алады, халықтың ауызекі әдебиетін зерттейді. Ыстықкөлге экспедициясы нәтижесінде, Ш.Уәлиханов "Ыстықкөл сапарының күнделігі", "Қытай империясының батыс шет аймағы және Құлжа қаласы", "Қырғыздар туралы жазбалар" атты еңбектерін жариялады. 1857 жылы Орыс Географиялық Қоғамының толық мүшесі болып сайланды.

1858-1959 жылдары Шоқан өзiн ер жүрек саяхатшы данқына бөлеген атақты Қашқария саяхатына барып қайтады.  Марко Поло мен иезуит Гоестен кейiн (1603 жылы) бұл елге тұнғыш рет барған адам Шоқан едi. Еуропаға беймәлiм болып келген бұл елдiң географиясы, тарихы, мәдениетi және саяси жағдайымен терең танысып, Шоқан Уәлиханов Шығыс Түркiстанды ғылыми жолмен зерттеудiң бастамасын жасады.

Ғылым жүзiнде мүлдем белгiсiз болып келген, мәдениетi бай Қашқариядай елдi зерттеудiң маңызы өте зор едi. Шоқан Уәлихановтың Қашқарияға сапар шегуiне себепкер болған ең алдымен ұлы географ Семенов-Тяньшанский едi. Семенов-Тяньшанский Г.Х.Гасфортқа: ²Генерал-губернатордың қарамағында iстейтiн офицерлердiң iшiнде Қашқарға қырғыздардың ұлттық киiмiн кигiзiп жiберген күнде өзiнiң бiлiмi мен дарындылығы арқасында, жалғыз Қашқар емес, бүкiл Алтышаһардың бүгiнгi жағдайы жөнiнде Россия үшiн аса бағалы мәлiметтер жинап және сол кездегi Қытай Түркiстанда болып жатқан бүлiктердiң себептерiн анықтап, дұрыс түсiнiк бере алатын бiрден бiр офицер тек қана Уәлиханов² - деп атап көрсетедi.

1858 жылдың жазында татар саудагерінің киімін киген Шоқан ұзақ жолға жолай керуенмен атанады. Ш.Уәлиханов өз күнделігін жол бойы яғни керуенге қосылған Әлімбай атанған күнінен, Карамол шатқалынан бастап 2 қазан 1858 жылы Қашқарияға жеткенге дейін жазып отырды. Бұл күнделік Ыстықкөлден - Қашқарға дейінгі жолды баяндайтын өзінің ғылыми құндылығымен қымбат құжат. Венюков М.В., Проценко., Захаров., Голубев және тағы басқалардың зерттеулеріне дейінгі бұл жалғыз ғана зерттеу болып табылады.

Келген күнінен бастап Шоқан Қашқария тарихымен танысып, бұл өлке туралы нақты мәліметтер жинауға әсіресе, Кіші Бұхарияның саяси жағдайы туралы жиған мәліметтерін барлық деректер арқылы дұрыстығына көп көңіл бөледі.

Шоқанның өжеттілігі мен батылдығының арқасында көптен бері белгісіз болып кеткен белгiлi географ Адольф Шлагинтвейт Қашқариядағы тағдырын біледі. Көптен берi орнығып, қалыптасқан тәртiп бойынша Қашқарияның қақпасы ол кезде Еуропа ғалымдары үшiн жабық едi.

Шоқанның бiр жыл бұрын бараған Адольф Шлагинтвейтке, Уәлихан төре деген қожа оны өлiм жазасына бұйырып, басын алады. Ғалымның қайғылы хабарын ең алғаш Шоқан алып келедi.

Шоқан мұндағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларды жинауға көп көңіл бөлді. Мұндағы қиыншылық Қашқарияда кітап сауда дүкендері атымен жоқ болатын бұл жөнінде Уәлихановтан кейін Қашқарияға сапар шекен Зеланд: «Книгопечатание для Кашгара как бы составляет неизвестное открытие, дей келе – нигде не заметил я книжных лавок, а в домах не видел намека на книги»  деп жазады. Бірақ Шоқанға кітап жинауда көптеген сонда танысқан достары қол үшін береді. Солардың арқасында Шоқан Уәлихановтың Қашқардан ²Тазкиряи Сұлтан Бұғрахан², ²Тазкиряи Ходжагян² (Қожалар тарихы), ²Абумұслим Мауризи² және т.б. сирек кездесетiн шығыс қолжазбаларын алып келедi. Сонымен қатар Шоқан тау жыныстарының коллекциясын, нефрит түрлерiн, гербарий, нумизматика мен керамика ескерткiштерiн, этнографиялық бұйымдар алып келедi.

Уәлиханов сапарының ең басты нәтижесi ²Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу (Кiшi Бухара) провинциясын шығыстағы алты қаласының жайы туралы² деген күрделi еңбегi болды. Бұл Шығыс Түркiстан халықтарының тарихы мен географиясы, әлеуметтiк құрылысы жөнiнде толық мағлұмат беретiн алғашқы ғылыми еңбек едi. Жаңа материалдарды қамтуы және мәселенi терең талдауы жағынан Ш.Уәлихановтың еңбегi бiздiң отандық ғылымызға қосылған үлкен байлық болды және күнi бүгiнге дейiн өзiнiң маңызын жоғалтқан жоқ.

Қашқария тарихы мен халқының өмірінен толық мағұлмат алу үшін, жазба деректерден басқа, осы елдің тілі саналатын ұйғыр тілін үйренеді. Міне осының арқасында жергілікті халықпен араласып, олардың салт-дәстүрін, халық әндерін жазып алды.

Қашқария тарихынан басқа елдің қоныстану, этнографиялық, сауда және экономикалық жағдайларымен де жақсы таныс болады. Қашқария барлық Орта Азия мемлекеттерімен әсіресе Қытай мен Үндістанмен сауда қатынастарын жүргізді. Осыған байланысты Ш.Уәлиханов керуен жолдарының маршруттары мен олардың сауда айырбасын анықтайды.

Шоқан Уәлихановтың Қашқариядағы сапары ұзаққа созылмады. Қоқан мен Семейден келген саудагерлердің ішінен біреуі керуен ішінде орыс агентінің бар екендігі туралы сыбыс таратады, міне осыдан кейін Шоқанға бұл жерде қалу қауіпті болды. Шоқан Уәлиханов өзiнiң бұл саяхатын он ай, төрт күнде ойдағыдай аяқтап, 1859 жылдың он екiншi сәуiрiнде Верныйға (Алматыға) келедi.

Уәлиханов елдің шаруашылық жағдайын суреттей келе – «әділдігін айту керек түркістандықтар, топырақтың құнарсыздығына қарамастан екен егінінен өнім алуда, Өздерінің еткен еңбегінің арқасында егін шаруашылығында жетістіктерге жетіп, бау-бақша мен темекі өсіруде деп жалғастырады». Шығыс Түркістанда күш иесі ретінде көбіне ат қолданылады. Егін шаруашылығында көбіне бұл жерде бидай, күріш, арпа және аз мөлшерде тары екті. Қашқарияның ауыл шаруашылығын мәселелерін қарастыра келе, мұнда егін шаруашылығы халықтың басым көпшілігі айналыстарын шаруашылық екенін анықтай отырып, мал шаруашылығымен тек Кунь-Лунь ауданының ірі феодалдары ғана жыл бойына айналыстып, мал бағушы тау халықтарын «тығлықтар» - деп атап орыс ғалымы Певцов бұл жөнінде: – «оазистің байларына тиселі халықтың малын бағушылар дәстүрі әкеден балаға жалғасып, көптеген ұрпақтары өз өмірін осы тау бөктерінде өткізуде».

«Кіші Бұхара басқа да Азия халықтарына тән нәрсе мануфактураның жоқтығы, тек қолеңбегімен, мұның өзі де өте нашар дамыған, тек қағаз өндірісінде ғана қолданылады» - дей келе Шығыс Түркістанның әрбір қаласы немен айналысатынын, ішкі жағдайларға қаншалықты өнімінің жұмсалатыны мен қайда немен айырбас жасау үшін қаншалықты жіберілетінін және бұдан түсетін пайданың қаншалықты екендігін анықтайды. Уәлиханов Шығыс Түркістанның өнеркәсіп жағдайының төмен болуы мен экономикалық жағдайына нашарлығын «ретсіз салынған салық,- өнеркәсіп пен сауданың дамуына өз ықпалын тигізеді» - деп көрсетеді.      

Шығыс Түркістанның экономикасының дұрысталуы тек мұның сауда қатынастары арқасында ғана, себебі, ертеден бұл жер сауда жолдарының орталығы болғандықтан Қытай товарлары Орта Азияға және керісінше келіп жататын. Қашғар қаласы өзінің ірі базарларымен атақты.

«Ферғана алқабынан сауда жолдары Қашқарға Теректі арқылы өтетінін сонау Птоломей кезінен белгілі екенін айта келе Шоқан - қазіргі таңда Орта Азия Қашқардан әсіресе шай және Алтышаһардан мақта, жібек, хашиш» - әкелетінін айтады.

Мұнымен қатар Шоқан Уәлиханов Шығыс Түркістандықтардың қазақ жүздерімен сауда байланысы барлығын аңғарды. Жыл сайын Қашғарға 200 мыңға жуық мал айдалып әкелініп, барлық қалаларға жөнелтіліп кейбір жерлерде мал базарлары да болды.

Сонымен Шоқан Уәлиханов Шығыс Түркістанның тек экономикалық- саяси жағдайларын ғана емес сонымен бірге бұл елдің ертеден келе жатқан тарихына да үңіледі. Қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайларын жете зерттеп, талдау жасайды.

Уәлихановтың Орта Азия мен Шығыс Түркiстанды зерттеушi ретiнде ғылымға сiңiрген еңбегiн бүкiл дүние жүзiлiк ғылым тегiс мойындады. Еңбектерi орыс, ағылшын, немiс және француз тiлдерiнде жарияланады.

1858 жылы Ш.Уәлиханов Қашқарияға Марко Поло мен Геостан (1603) кейін, бірінші болып барды. "Алтышардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының (Кіші Бұхария) шығыстың алты қаласының жағдайы туралы (1858-1859 ж.ж.)" әйгілі шығармасы осы кезде дүниеге келді. 1860 жылы Шоқан Соғыс министрінің шақыруымен Петербургқа келіп, мұндағы ғылыми ортамен танысты.

Ш.Уәлиханов сондай-ақ өлкені басқаруды қайта құру шараларына да ат салысты. Бұл жөніндегі оның ұсыныстары үкімет атына жолдаған "Даладағы мұсылмандық туралы", "Көшғелі қырғыздар туралы), "Көшғелі қырғыздар туралы", "Сот реформасы туралы жазба" деген "Жазбаларында" көрініс тағқан.

1864 жылы көктемде Ш.Уәлиханов Черняевтің оңтүстік Қазақстанды Ресейге қосу мақсатындағы экспедициясына қатысты.

1865 жылы наурызда өкғе ауруынан қайтыс болды.

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) ағартушы-педагог. Ол Орынбор Шекаралық Комиссиясы жанындағы қазақ мектебінде оқыды. Ол Қазақстанда бастауыш білім берудің және кәсіби оқу орындарының негізін қалады. Оның ынтызарлығымен өлкеде қыздар, қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелері ашылды. 1879 жылы Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инсғекторы болып тағайындалды. Ол "Қырғыз хрестматиясын", "Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне бастапқы нұсқауды" жазды. Сондай-ақ қазақ эпостары "Қобыланды батыр", "Жәнібек батыр" және т.б. үзінділер жариялады. Сондай-ақ, оның "Бай баласы мен жарлы баласы", "Қығшақ Сейітқұл", "Бір уыс мақта", "Аурудан аяған күшті" деп аталынатын тәлім-тәрбиелік маңызы зор әңгімелері де белгілі.

Ы.Алтынсарин халқының өркениетке жетуін оқу-білімнен көрді.

Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол бастапқы білімді үйінде, кейін Семейдегі медреседе алды. Абай әкесінің қасында жүріп, сот ісін жүргізуді, билік айтуды үйренді. Ол өздігімен шығыс ақындарының шығармаларын, орыстың классикалық әдебиетін оқығ танысты. 1886 жылы жазылған "Жаз" деген өлеңінен кейін, Абай шығармашылықпен айналысты. Ол Пушкинді, Лермонтовты аударды. "Білім таппай мақтанба", "Болыс болдым, мінеки", "Бойы бұлғаң", "Көзімнің қарасы", "Қыс" деп аталынатын өлеңдері, оның шығармашылғының сан қырлылығын танытса, ал 40-тан астам қара сөзбен жазылған "Ғақлиясы" оның ірі философ-гуманист екендігін дәлелдейді.

Әдебиеттер тізімі:

 

1.Асфендияров С. История Казахстана с древнейших времен. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.

2. Вопросы историографии и источниковедения Казахстана.- Алматы, 1998.

3. Вопросы историграфии Казахстана. – Алматы, 1989.

4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Очерктер Алматы., 1994.

5.азақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық. 1-2 томдар.- Алматы, 1996, 1998.

6. Омарбеков Т.О., Омарбеков Ш.Т. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы, 2005

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-04-01 19:30:04     Қаралды-9740

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »