UF

 Әлем елдерінің типологиясы және әртүрлі мемлекеттік топтар арасындағы арақатынастың өзгерістері

 

Жоспары:

1. Әлем елдерінің типологиясы және әртүрлі мемлекеттік топтар.

2. Әлемдегі түрлі елдердің экономикалық байланыстары.

3.Постиндустриалды елдер.

 

Елдер, мемлекеттер  дүние жүзі саяси картасының басты нысаны. Бұл картадағы елдердің жалпы саны ХХ ғасырдың соңында 230-ға жетті.

Мұндай сандық өсудің арғыжағында маңызды сапалық ілгерушіліктің тұрғаны аян. Егер 1900 жылы дүние жүзінде 57 егемен мемлекет болса, 2000 жылдарға қарай олардың саны 193 болды. Ал қалғандары басым түрде бұрынғы отарлаушы империялар Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, АҚШ-тың өзін басқара алмайтын «жарқышақтары» деп аталатын аумақтарға келеді.

Елдерді географиялық орнының ерекшеліктеріне қарай топтастыру әдісі де жиі қолданылады. Осыған байланысты олар теңіз жағалауындағы, түбектердегі, аралдардағы, архипелагтағы елдер болып бөлінеді. Мұндай елдер тропикалық Африка, Еуропа және ТМД елдерінің ішінде көбірек.

Елдердің типологиясы. Басым түрде сандық көрсеткіштерге негізделінген елдерді жіктеудің ерекшелігі, типологияның негізінде дүние жүзінің саяси және экономикалық картасындағы белгілі бір елдің орнын анықтайтын едәуір маңызды сапалық белгілер алынады.

Дүние жүзі елдерін топтастырудың негізгі белгілері:

1.Мемлекеттердің басқару түрлері бойынша;

2.Территориясының көлемі бойынша;

3.Халқының саны мен тығыздығы бойынша;

4.Географиялық орны бойынша;

5.Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша;

6.Өкіметтің демократиялану дәрежесіне байланысты;

7.Әлемдік экономикаға енуіне байланысты;

8.Жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім көрсеткішіне байланысты.

Өз кезегінде олар әртүрлі бола отырып, елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін, өкіметтің демократиялану дәрежесін, әлемдік экономикаға енуін тағы басқаларды ескертуі тиіс.

 

№1 кесте 1990-жылға дейінгі елдер типологиясы

 

Социалистік

Капиталистік

Дамушы

1

Бұрынғы СССР, оның құрамындағы елдер. Еуропада орналасқан сегіз, Азиядағы бес мемлекет.

АҚШ,ГФР,Оңтүстік Корея, Канада, Ұлыбритания, Франция, Жапония т.б.

Азия, Африка және Латын Америкасын дағы дамушы елдер.

 

90-жылдардың басына дейін дүние жүзінің барлық елдерін; 1) социалистік; 2) дамыған капиталистік; 3) дамушы деп үшке бөлген. Дүниежүзілік социалистік жүйе ыдырағаннан кейін орнына басқалары келді. Соның бірі үш жүйелі бола отырып, дүние жүзінің барлық елдерін: экономикалық дамыған, дамушы, жоспарлы-орталықтандырылған экономикадан нарықтық экономикаға көшуді жүзеге асырушы өтпелі экономикалы елдер деп бөледі.

 

№2 кесте Әлем  елдерінің қазіргі таңдағы типологиясы

 

Экономикалық дамыған елдер

Дамушы елдер

Жоспарлы орталықтандырылған экономикадан нарықтық экономикаға көшуші елдер

1

БҰҰ-ның есебі бойынша 60 ел кіреді:

1.Батыс елдерінің үлкен жетілігі.

2.Еуропа елдері

3.Австралия, Жаңа Зеландия, ОАР, Израиль

Дүние жүзінде 150 ел мен аумақтар кіреді: Азия, Африка және мұхиттық аралдардағы елдер

Шығыс Еуропа және көне Балқан елдері, ТМД елдері Ресей, Украина, Қазақстан тб.

 

Сонымен бірге, барлық елдерді экономикалық дамыған және дамушы елдер деп типологиялайды. Мұндай типологияның негізгі белгісі ретінде жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім көрсеткіші арқылы көрінетін белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі алынады.

Қазіргі дүниежүзіндегі постиндустриалды елдердің орны „Постиндустриалды елдер” экономикасы мен халық құрылымының басқа топтағы елдермен салыстырмалы ерекшеліктер, айырмашылықтарының нәтижесіне баға беру.

Жалпы дүниежүзіндегі постиндустриалдық қоғамға тоқтамастан бұрын постиндустрия деген ұғым қалай пайда болды және “постиндустриялық қоғам” дегеніміз не деген сұраққа жауап беруіміз керек.

“Постиндустриалық қоғам” термині АҚШ-та 50-жылдарда туылған. Ол кезде орта ғасырдың американдық капитализмі 1929-1933 жж ұлы капитализмнен үлкен үлкен айырмашылығы бар екені түсінікті болды. Сонымен қатар 50-жылдардың соңында Рисман жақсы жағдайдың шексіз өсуімен күмән болды.

60-жылдардың соңында “постиндустриялық қоғам” жаңа мазмұнмен толыға бастады. Ғалымдар бұл экономикалық-әлеуметтік дамудың барлық саласы мәдениет, экономика, шаруашылық, өнеркәсіп, өндіріс т.б. ғылымдардың пайда болып дамуы тек ғылыммен жаңа технологиялық ғылымдардың пайда болып, солардың арқасында өркендейді.

ХХ ғасырдың ІІ жартысында ҒТР-ның әсерінен қоғамда индустриялық құрылымның жаңа типі  постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Құрылымның негізгі сипатты белгісі - өндірістік сфераға қарағанда өндірістік емес сфераның басым дамуын қажет етеді. Шаруашылықтарда өнім өндірмейтін инфрақұрылымның жедел дамуы сипат алды. Постиндустриалды елдер ақпараттық экономикасы дамыған елдер, олардағы дәстүрлі өнеркәсіптің маңызы кеми түсуде. Бұл елдер “қарапайым индустриялизация” кезңінен өтіп, қазіргі жоғры технологиялық өндірісті дамытуда. 90-жылдардың ортасында мұндай дамыған елдерге 25 мемлекет кірді. Олар жер шарындағы 800 млн-нан астам адам (халық дүние жүзіндегі халықтың 15 пайызы) халық тұрды. Жер аумағы мен халық санына қарамастан, олар жалпы және өнеркәсіп өнімдерінің 50 пайызына жуығын өндірген.

ХІХ-ХХ ғғ ортасында коммуникация екі негізгі формамен анықталды.

Бірінші – бұл почта, газет, журнал және кітаптар т.б. олар ортада қағаз беттеріне түсіріліп, үлкен кітапханаларында сақталған. Екінші  телеграф, телефон, радио және телевидение т.б. мұнда радиожолдар, кабельдік байланыстар адамдар мен қарым-қатынас жүйесі. Жоғары дәрежеде көрсетіледі. Қазір технологияның дамуына байланысты барлық көптеген адамдардың қоғамға деген көзқарастары, ойлау дәрежесі өзгерді. Олар ескі әдет, жаңа ғұрыптармен қазіргі заманға сай технологиялық дәрежеде ойлайтын болды.

Мұнай-газ, транспорттық тасымалдар, жүк, автотранспорт күрделі проблемалар, темір жол, газ, құбыр жолдары дамып бір-бірімен бәсекеге түсті. Постиндустриялық қоғамда ХХ ғ индустриялық шоғырланған мемлекеттік саясаттың негізгі табыс көзі жаңа технология, бағдарлама болып табылады. Дүниежүзілік шаруашылық көп торапты. “халықтық меншік” – құруға ынтасы еді. Дегенмен біз енді бұл қоғамға жақындап қалған едік. ХХ ғ ІІ жартысы бізге барлық мемлекеттік институттар масштабтық төңкерістің нәтижесінде олар халықтық мемлекеттік үлгіден тұруы қажет деп түсіндірді. Кеңес Одағы кезінде индустриялық қоғам “барлығына бірдей жағдай” деген ұғымды пайдаланылған еді. Бірақ фундаментальды жаңа индустриялық қоғамға байланысты соның тууына байланысты бұл пікір мемлекеттік кіріс екендігі түсіндірілді. Индустриялық үлгі барлық ехнологиялықөндірістік қоғамға жаңа жетілген технологиялық білім мен өндірістің дамуына ықпал жасады.

ХХ ғ ортасында “Постиндустрия” деген ұғым күрделене түсті яғни, экономикалық-шаруашылық типтері көбейді. Оларда басқару түрлері көбейе түсті. Экономиканың негізгі түпкі нәтижесі индустриялық білімді қажет екендігі айқындалды. Жаңа білім бұл жаңа технология демек білім ресурстардың шығарылып дамуына тікелей әсер етті. Қазіргі таңда экономикалық өндірістің негізгі көзі капиталда емес, еңбек те емес. Бұл жер мен оның қазба байлықтары екендігі анықталды. Соңғы постиндустриалдық революция барлығын біріктіруді талап ететін көріністе. Яғни мәдениет мүшелігі этникалық жағдайларға байланысты, олардың жақсы мамандыққа қабілеттілігі, білім, жұмыс тәсілі олардың аспектілері кірді. Жалпы алғанда постиндустриалдық елдер бұлар экономикасы дамыған үлкен жетіліктегі елдер деп атауға болады. Экономикасы дамыған жаңа технологиялық елдердің өндірісіне мыналар сәйкес келеді; машина жасау, химия т.б. халық қажеттіліктерінің барлық түрлерін қамтамасыз ететін өзге де экономикалық-өндірістік орындар жатады. әрбір елдің ғылыми-техникалық прогресін және қорғаныс қабілетінің деңгейін машина жасау өнеркәсібі деңгейімен анықтауды. Қазіргі машина жасау саласына ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған саалар жатады. Олар: электроника, радиотехника, робот техникасы, ғарыштық т.б. өнеркәсіптер жатады.

Машина жасау Англиядағы өнеркәсіп революциясынан кейін (ХУІІІ ғ) бастау алды. Қазіргі өндірістер ішінде машина жасау саласы жұмысқа тартылған адам саны (80 млн жуық) және өнімнің құны жөнінен дүниежүзілік өнеркәсіп саласында бірінші орынды алды. Бұл салаға дүниежүзілік өнеркәсіп өнімінің 1/3-і тиесілі. Машина жасау өнеркәсібі өндірісі мынадай факторлар бойынша орналасады: еңбекті көп қажет ететін, ғылымды көп қажет ететін, шикізаттық, тұтыну.

Дамушы елдерде машина жасаудың бір саласы – металл өңдеу жақсы дамыған. Бұларда көлікті жөндеу шеберханалары, кен байыту өнеркәсібі және қарапайым ауыл-шаруашылығы құрал-жабдықтарын жасау қалыптасқан.

Постиндустриялдық елдердің ерекшелігі – олардағы машина жасау өндірісінің толық циклді электротехникалық саласы маңызының ұлғаюы өнімнің сапасы мен бәсекелестік қабілетінің жоғары деңгейде болуы.

Соңғы 20 жыл ішінде дүниежүзілік машина жасаудың аумақтың құрылымында елеулі өзгерістер болып жатар. Егер бұрындары машина жасау өнімдерінің 9/10-ы “Үлкен жетілік” елдеріне тиесілі болса, соңғы он жылдықта Постиндустриалды елдер және Қытай, Ресей, Үндістан, АҚШ мемлекеттері кіреді. Машина жасаудың станок жасау саласында алдыңғы орында Жапония, одан кейін Қытай, Германия т.б. елдер тұр. Ал ауыл шаруашылығы машинасын жасауда алдыңғы үштікке Жапония, Үндістан және АҚШ кіреді.

Химия өнеркәсібі біздің заманымыздың индикаторы болып саналады. Себебі ол әр елдің экономикасының қаншалықты жаңғырғанын және ғылыми-техникасының прогрестің жетістіктенінің пайдаланылу деңгейін көрсетеді. 90-жылдарың ортасында дүние жүзі бойынша өндірілген химия өнімдерінің 20 пайызы АҚШ-тың үлесінде болды және ол экспортқа шығарылатын өнімдердің 15 пайызын құрады. Бүкіл Батыс Еуропа елдеріне химия өнімдерінің 24 пайызы тиесілі болса, Жапонияға 15 пайызы тиеді.

Ал 90-жылдардың соңында дүние жүзі бойынша өндірілген химия өнімдерінің АҚШ пен Жапонияда химия өнеркәсібі өнімдері төмендей бастады. Алдыңғы орынға Батыс Еуропа елдері шықты. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, негізінен, синтетикалық өнімдермен жартылай шикізаттар өндірді. Парсы шығанағындағы дамыған елдерге химия өнімдерінің 5-7 пайызы тиесілі. Химия өнеркәсібі өндірістің қай түрі болмасын ауадай қажетті экономикалық заттардың бірі. Сондықтан қазіргі таңда оның өндірілуі артпаса кеміген жоқ.

Постиндустриалық дамыған елдердің экономикасындағы маңызды ерекшеліктерінің бірі - мұнай және оны өндіру болып табылады. Дүние жүзінде мұнайды өндіруші жетекші елдерге: Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Иран, Ирак, Ресей жатады. Дүние жүзіндегі өндірілген мұнайдың 40 пайызынан астамы халықаралық саудаға түседі. Дүниежүзілік шаруашылықта мұнайды өндіру және оны тұтынуда орасан зор аумақтық алшақтық байқалады. Дамыған индустриядан кейінгі елдерде көбінесе мұнайды өндірумен қатар оның қалдық түбіне дейін пайдалы заттар алып, оны өркендету қолға алынған, ал дамушы немесе артта қалған елдерде технологиялық артта қалушылығына байланысты олар экспортқа мұнай және басқа да шикізаттарды шикілей экспорттаудың нәтижесінде, олар дайын болған өнімді 2-3 есе, кейде 10-15 есе жоғары бағамен сатып алады. Мысалы, осындай мемлекеттердің қатарына Қазақстанды жатқызсақ қателеспейміз. Жалпы алатын болсақ мұнай дүние жүзінде 90-нан астам елде өндіріледі. ОПЕК елдері құрайды. Оның ішінде Парсы шығанағы жағалауындағы елдерге дүние жүзіндегі мұнай қорының 2/3-і және өндірілетін мұнайдың 1/3-і түссін. Дүниежүзінде мұнай өндіруден бірінші жетекшіге – Сауд Аравиясын жатқызамыз.

Постиндустрияның мәні, оның жаңа типі – ақпараттық құрылым болып табылады. Қазіргі кезде халықаралық ғылыми-техникалық байланыстармен халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат жедел дамып келеді. Сондықтан біз өзімізді “ақпарат жарылысы” дәуірінде өмір сүріп отырмыз деуге болады. Қазіргі таңда ақпараттық техникамен жұмыс істеу өмірге көптеген жаңа мамандықтарды алып келді. Ақпарат мәселені жүйелі тұрғыдан қарастыруды жүзеге асыруға, экономикалық-математикалық модельдеуді қолдануға мүмкіндік берді.

Қазіргі дүниежүзілік ақпараттық кеңістік 1969 ж АҚШ-та қалыптаса бастады. Ақпараттың одан әрі дамуында дүниежүзілік компьютерлік телекоммуникация жүйесі - интернеттің орны ерекше.

Сонымен қатар өндірістің экономиканың дамуы – кәсіптік мамандықта өзгертуді қажет етеді. Өзгерістің басты талабы – жалпы білім деңгейінің өте жоғары болуын бағалау. Білім дәрежесі жоғарылаған сайын жұмысшының да, инженер-техниктің де, қызметкерлердің де жұмыс сапасы арта түсуде. Олар өндірісте өнім шығарумен ғана айналысып қоймайды. Оны басқаруға, жаңа технологияны енгізуге жігерлі түрде қатысады. Мысалы, Жапонияда ҒТР-дің өндіріске енгізілуі білім беру жүйесінің тамаша жетістіктенінің нәтижесі екендігі белгілі. Дамыған үлкен экономикалық жағынан алдыңғы қатарлы мемлекеттердің дамуы тікелей ғылымға байланысты. Ғылым адам іс-әрекетінің ауқымды саласын құрайды. Дүние жүзінде 8 млн-ға жуық ғылыми қызметкерлер бар. Ғылымның өндіріспен байланысы ерекше артып, ғылымды көп қажет ететін салалар пайда болды. АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдерінде ғылым жалпы ішкі өнімнің 2-3 пайызын құрайды. Қазіргі таңда жаңа техника мен технологияны пайдаланудағы басты мақсат - өндірістің тиімділігі, еңбек өнімділігін арттыру.

Қорыта айтқанда, қазіргі дүниежүзіндегі постиндустриалды елдердің орны, экономикасы, халық құрылымының басқа топтағы елдермен салыстырмалы ерекшеліктері, оның;

Ғылым;

Техника, технология;

Ақпараттық мәдениет,

Өңдеу өнеркәсіптері;

Машина жасау;

Химия өнеркәсібі және бұдан басқа халық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін өнеркәсіп орындары жатады.

 

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптары:

1.Өтпелі индустриалды ел ретінде Қазақстанның дамуы

2.Жоспарлы-орталықтандырылған экономикадан нарықтық экономикаға көшудің ерекшеліктері.   

3.Өтпелі экономикалы ел ретінде – Қазақстанның даму сипаты.

4.Қазақстанның дүние жүзінің дамыған елдермен экономикалық байланысы.

5.Дүние жүзінің саяси картасындағы қазіргі таңдағы өзгерістер.

       

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Шетелдердің әлеуметтік-экономикалық географиясы /Под.ред В.В.Вольского/ - Мәскеу. КРОН-ПРЕСС, 1998.

2. Липец Ю.Г.,Пуляркин В.А., Шлихтер С.Б. Дүниежүзі шаруашылық географиясы. Студенттер үшін оқулық. – Мәскеу, Гуманит. Центр ВЛАДОС, 1999.

3. Максаковский В.П. Дүниежүзінің тарихи географиясы. ЖОО-на арналған оқулық. – Мәскеу, ЭКОПРОС, 1999.

4. Ареева Р.А. Елдер мен халықтар аттарының келіп шығуы. – Мәскеу, Ғылым, 1990.

5. М.М. Голубчик., Э.Л.Файбусович. Экономикалық және әлеуметтік география, Мәскеу, 2003.

6. Витвер И.А. Шетелдердің экономикалық-әлеуметтік географиясының тарихи-географиялық кіріспесі. – Мәскеу, 1963.

7. Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. Дүниежүзінің экономикалық-әлеуметтік географиясы. – Мектеп оқулығы. – Мәскеу, Просвещение, 1993.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-11-30 13:07:20     Қаралды-17780

ЭЛЕКТРОНДАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Электрон» сөзі грек тілінен «янтарь» деп аударылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Электрондардың теріс заряды, ал атом ядросының оң заряды бар екенін сіз бұрыннан білесіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Көптеген ғасырлар бойы адамдар электр қуатының бар екенін білмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОМПАСТЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Навигацияның дамуымен кеме жасау ғылымы жетілдірілуде - кибернетика...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »