UF

НООСФЕРА

Адамзат - биосфера биомассасының бір бөлігі - ұзақ уақыт бойы айналадағы табиғатқа тәуелді болып келді. Мидың дамуына байланысты, адамның өзі Жердегі эволюцияның одан әрі дамуының күшті факторына айналды. Адамның энергияның механикалық, электр және атом энергиясы сияқты алуан формаларын меңгеруі жер қыртысы мен атомдардың биогендік миграциясын айтарлықтай өзгертуге көмектесті. Тас құралдарды пайдалану жүз-мыңдаған жылдарға созылды, ал тас ғасырынан атом ғасырына дейін бірнеше мыңдаған жылдар ғана өтті. Өзінің өмір сүріп келе жатқан уакыты ішінде адамзат 50 млрд т-ға жуық тас көмір, 2 млрд. т. темір және миллиондаған тонна басқа да металдар өндірді. Адам әрекетінің арқасында биосфера атомдарының миграциясына барған сайын көптеген элементтер қосылуда. Бұл, әсіресе, соғыс кезінде айқын көрінеді, өйткені соғыстың әрбір жылы үшін ондаған миллион тонна темір, болат, цемент, мұнай, жүздеген миллион тонна көмір және т. б. керек болады.

Адам каналдар қазу, суқоймалар жасау, өзен арнасын өзгерту және т. б. арқылы табиғатқа тікелей әсер етті. Мұндай өзгерістер климатқа әсерін тигізді.

Адамзат әрекеті атмосфера құрамының, өзендер мен мұхиттардың өзгеруіне де әсерін тигізуде. Адамзат энергия мен техниканың қуатты күшін меңгеріп, биосферадағы процестерді өзгертуші ең басты күшке айналды. Академик В. И. Вернадский биосфера жөніндегі ілімінде адам баласы осы кезде Жердің жаңа қабықшасын - ноосфераны (Жердің «саналы қабықшасын») жасау керек деген пікірге келді. Адамзат биосферада салыстырмалы түрде шағын масса болғанымен, оның қызметі орасан зор. Адам биосфераның шегінен шықты, енді оның космостық корабльдері Айға, Шолпанға және басқа гіланеталарға жетті.

Табиғатты қорғау. Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде биосфера заңдылықтарын бұзбай, өндірісті тиімді дамыту, энергияны және табиғат байлығын дұрыс пайдалану қажеттігі туып отыр. Биологиялық білім негізінде ауаның, судың, тогіырақтың, тірі табиғаттың тазалығын сақтау керек. Биосфераны санитарлық қорғау адамзаттың алдында тұрған аса маңызды мәселеге айналып отыр.

Әрбір азамат, әрбір мектеп оқушысы ауаны оттегімен байытып отырған жасыл желектерді сақтау, қалпына келтіру және көлемін ұлғайту, жануарларды қорғап, олардың көбеюіне жәрдемдесу қажеттігіне сенімді болуы тиіс. Өнеркәсіп кәсіпорындары шығарылатын суды тазарту үшін қондырғылар, түтін ұстағыш орнатуға, қалдықтарды іске жаратуды жолға қоюға міндеттенеді.  Зиянды заттар биологиялық айналымға түспеуі үшін барлық қалдықтарды пайдалана отырып, әрбір өндірісте тұйық жүйе (атап айтқанда, ішінара су айналымы) жасалуы тиіс.

Мекемелер құрылысты жоспарлау, суландыру шараларын жүргізу, қазбаларды шығару, ағаш дайындау кезінде табиғат қорларының балансын және табиғат құбылыстарының тепе-теңдігін бұзудан туатын зардаптарды ескеруге міндетті.

Табиғат құбылыстарының бұзылу салдары жеке мемлекеттердің шекарасынан өтіп, жеке экожүйелерді - орман, суқойманы, батпақ және т. б. ғана емес, бүкіл биосфераны, соның ішінде атмосфера мен гидросфераны қорғауға халықаралық шаралар қолдануды талап етеді.

Биосфераның тағдыры және адамзаттың бұдан былайғы өмір сүру мәселелері барлық мемлекеттерді абыржытуда. 1971 жылы құрамына да кіретін ЮНЕСҚО (Біріккен Үлттар Ұйымының ағарту, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссиясы) адам әрекеті салдарынан биосфера мен оның ресурстарының өзгеруін зерттейтін, «Адам және биосфера» деп аталатын Халықаралық биологиялық программа қабылдады. Адамзат тағдыры үшін маңызды болып табылатын мұндай проблемаларды халықаралық тығыз ынтымақтастық жолымен ғана шешуге болады.

Табиғатты қорғау мәселесі жер мен өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік жойылған елдерде пәрменді түрде жүзеге асырылуда, мұның өзі табиғат ресурстарын игеруді тиімді жоспарлауға және атмосфера ауасын қорғау, жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы Заңдар мен басқа да қаулылардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жабык ирригациялық жүйелер мен терең дренаж жасау арқылы Орта Азияның көлемді кеңістіктерінде қуаңшылықты жерлер суландырылып, топырақтың сортаңдануына тосқауыл қойылды. Кәсіпорындарда арнаулы қондырғылар орнату арқылы табиғи ортаға шығарылатын зиянды қалдықтар ішінара азайтылды. Егістікті қорғайтын орман алқаптары отырғызылды. Табиғи биогеоценоздарды сақтап қалатын қорықтар мен қорықшалар ұйымдастырылды, онда өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және «Қызыл кітапка» тіркелген түрлері көбеюде.

Табиғаттың өндіру күші өте зор, алайда, оған биологиялық заңдылықтарды жете меңгерген адамның орынды көмегі қажет. Тек осындай жағдайда ғана табиғат байлығы көбейе түседі.

Биосферадағы табиғи процестерді басқару. Ауылшаруашылық өндірісін биогеоценоздық негізге көшірудің мезгілі жеткен секілді. Егін қорғайтын орман алқаптарын отырғызғанда биогеоценоз құру, кұстардың ұя жасап, азықтануы үшін қосымша бұталар отырғызу қажет, өйтпейінше зиянкестер ағаштарды жойып жібереді. Зиянкестерге қарсы биологиялық әдіспен (бунақденелілер құстар, микроорганизмдер, паразиттер жәрдемімен) күрес жүргізу ортаны ластайтын химиялық кұралдарды қолдануға қарағанда тиімдірек және зиянсыз.

Биологиялық өнімдерді тұрақтандыруда агроценоздар кұру - жемістұқымды ауыспалы егісті алуан түрлі дақылдарды өсіру, органикалық тыңайткыштарды пайдалану, егіншілікті, шабындықты, орман алқабын үйлестірудің маңызы ерекше. Мұндай жүие топырак құнарлылығын сактауды қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығында табиғат ресурстарын ұлғайтып отыру ғана емес, сондай-ақ ормандар мен далаларда, өзендер мен мұхиттарда жабайы жануарларды көбейту де басты мәселе болып табылады. Балық өсіру үшін заводтар салынуда.

Қазіргі уақытта қоректену тізбегін зерттеу негізінде жыртқыш аңдарға деген көзқарас өзгеріп отыр. Олардың ролін мынадай схемадан қарастыруға болады. Жыртқыш құстарды жойып жіберуден жыландар көбейеді, ал жыландар көкқасқа шегірткелермен қоректенетін бақаларды жояды. Көкқасқа шегірткелер көбейе келе егістіктерді құртады. Қаскырлар әлсіз, ауру особьтарды жей отырып, бұғылар мен баска да жануарлардың арасында жұқпалы індеттердің таралуына жол бермейді. Жапалақ, түлкі, қасқыр, камшат және де басқа жыртқыштар табиғатта санитарлық міндет атқарады.

Теңіз плантацияларында балдырлар мен жануарларды өсіру қолға алынды.

Әсіресе кейбір қосжақтаулы теңіз молюскаларын өсірудің болашағы зор болып отыр, себебі олардың еті белокқа өте бай және дәмдік сапасы да жоғары. Мұхит түбін және адамның су астында өмір сүру мүмкіндігін зерттеудің үлкен маңызы бар. Теңіз түбін зерттеу жұмыстары және дүние жүзінің көптеген елдерінде жүргізіліп отыр. Адамның теңіз түбінде болуы балдырларды, жануарларды өсіруге, пайдалы қазбаларды өндіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде елдердің алдында адам өмірін сақтап, оны барынша жаксарту проблемасы тұр. Осыған байланысты тіршілік жөніндегі ғылым - биологияны одан әрі дамытудың маңызы ерекше болып отыр.

Адам күнделікті жағдай туғызып отыратын мол өнімді экологиялық жүйелерді, сондай-ақ егіс алқаптарын желден, қуаңшылықтан, құмнан, нөсерден, селден, топырақ эрозиясынан және т. с. с. қорғайтын төзімді ағаштар (биогеоценоздар) отырғызу кажеттігі туып отыр. Сонымен қатар, табиғат ресурстарын талан-таражға салушылыққа қарсы күрес жүргізу керек. Қорықтарда сақталған жабайы жануарлар мен өсімдіктердің селекция үшін генофонд ретінде зор маңызы бар. Маңызды биогеоценоздары, сирек кездесетін өсімдіктері мен жануарлары бар ландшафтарды табиғи күйінде сактап қалу үшін қорықтар мен қорықшалар құрылған.

Тұқымқуалаушылықты меңгеру мол өнімді жануарлар мен түсімді мол беретін өсімдіктер өсіруге мүмкіндік береді. Интродукция, жерсіндіру және селекция өсімдіктер мен жануарлардың дүниежүзілік ресурсын барған сайын адам мүддесіне пайдалануға жұмылдырады.

Көптеген проблемалардың адам өмірінің гигиенасы мен медицинаға да қатысы бар. Соңғы жылдарда генетика саласында қол жеткен табыстарға байланысты антибиотиктер, витаминдер, өсуді жылдамдататын заттарды, азық-түліктерді өнеркәсіптік жолмен өндіруді ұйымдастыруға қажетті микроорганизмдер селекциясы ерекше өркендеді. Клетканың құрылысын, зат алмасуын және тұқым қуалау негіздерін зерттеп білу көптеген аурулардан сақтандыру мәселелерін шешуге көмектеседі. Адам дұрыс тамақтанса, жақсы жағдайда өмір сүріп, еңбек етсе, денсаулығы жақсы болып, ұзақ өмір сүреді.

Биология техникаға ықпал етуде: тірі организмдерді зерттеу негізінде ете тиімді және дыбыс шығармай жұмыс істейтін, адамның нерв жүйесін тітіркендірмейтін механизмдер жасауға жәрдемдесетін бионика ғылымы пайда болды.

Өнеркәсіптің зиянды қалдықтарын зат айналымынан шығарып тастаудың маңызы орасан зор.

Тұйық кеңістікте қолдан реттеуге келетін зат айналымын жасау адамның космос корабльдерімен ұзақ сапарға аттануына, оның Айға және басқа да атмосферасы жоқ планеталарға барып қонуына мүмкіндік туғызады. Жаңа ғылым - космостық биологияға көптеген проблемалар жүктелген, олар: адамға космоста қажетті тіршілік жағдайын туғызу; радиация қаупін жою, адам организмінің салмаксыздық, қозғалыстың жылдамдауы, аз қозғалуы және т. б. жағдайларға төзімділігін арттыру, адамның космос корабльдерін басқару жөніндегі психофизиологиялық мүмкіндіктерін зерттеу; космоста ұшу жағдайларындағы өсімдіктер мен жануарлардың дамуын зерттеу, тірі материяның космоста тіршілік ету жағдайында мүмкін болған формаларын зерттеу. Бұл проблемалардың көпшілігі шешімін тапты да.

Биологиялық білімді меңгеру және тарату табиғатты қорғауға себін тигізіп қана қоймай, оны жоспарлы түрде пайдаланып, байлығын ұдайы арттырып отырудың қажетті негізі болады. Биологияны білмейінше өзендер арнасын өзгертуді, суқоймалар жасауды, ГЭС және табиғи шикізаттарды өңдейтін заводтар салуды жоспарлау мүмкін емес. Халық шаруашылығына байланысты мәселелерді шешкен кезде табиғатты өзгертудің салдарын - олардың климатқа, адамға, жануарлар мен «сімдіктер әлеміне тигізетін әсерін ескеріп отыру қажет. «Мәдениет, егер ол саналы түрде бағытталып отырмай, өз бетінше дамыса, өзінен кейін шөл дала қалдырады» (К. Маркс).

Биологияны, атап айтқанда, биосфераны окып үйрену әрбір адамға айналадағы табиғатты сақтаудың маңызы мен оны ұдайы түлетіп отыруға катысу қажеттігін түсінуге жәрдемдесуі тиіс.

Қуатты техника мен энергияны баскарған адам биосферада орасан зор өзгерістер жасап, оның шегін кеңейте түседі. Биологияны білу бұл жұмыстарды саналы, Жердегі тіршіліктің келешегіне зиянын тигізбейтіндей етіп жүргізуге мүмкіндік береді.

1. Полянский Ю.И. Жалпы биология. -Алматы, 1991. -299 б.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-01-13 13:42:12     Қаралды-55

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »