UF

ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ІСІ

 

Қазақстан Республикасы табиғатты қорғауға және оның байлықтарын тиімді пайдалануға үнемі қамқорлық жасап келеді. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, сақтау және оны қайтадан қалпына келтіріп көбейту, табиғатқа мұқият қарау -өкімет орнату программасының құрамдас бөлігі, жалпы партиялық іс, мемлекеттік міндет. Бұнын барлығы заң шығару актілерінде бірқатар мемлекеттік қаулыларда. Өкіметтік Программаларында айқын көрсетілген. Елімізде табиғат қорғауды күшейту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын айқын көрсетіп берді.

Табиғатты қорғау ісі жөнінде Қазақстан орасан зор және негізгі мақсатқа сай жұмыс жүргізуде айқын үлгі бола алады. Солтүстіктен оңтүстікке (орманды дала зонасынан құрғақ субтропикаға дейін)1600 гелг-ге, батыстан шығысқа 3000 км-ге созылып жатқан кең-байтақ Қазақстан жерінде табиғи ресурстары мен табиғат жағдайларының аса мол қоры шоғырланған. Мұнда 35 млн-дай га жыртылған құнарлы жер, 187 млн-дай га шабындық пен жайылым, 20 млн-нан астам га орман, Менделеевтің периодтық системасының барлық элементтерін жинақтаған түрлі пайдалы қазындыларының ірі кен орындары бар. Су ресурстары мындаған өзеннен, көлден, мұздықтан және сарқылмас қоры бар жер асты суынан құралады.

Осыны негізге ала отырып, табиғатты қорғау ісі саласында мынадай батыттар мен міндеттер белгіленді:

ең жаңа ғылыми-техникалық құралдар пайдаланып, табиғи ресурстарды зерттеу, сондай-ақ айналадағы ортаның жағдайын және оны ластайтын себептер- дің көзін бақылауды жүзеге асырып отыру;

пайдалы қазынды кен орындарын пайдаланудың тиімді жаңа тәсілдері мен жүйелері, осы кендерді өндірудің, байытудың және ұқсатудың прогресті технологиялық процестері енгізіліп, пайдалы қазындыларды жер қойнауынан түгел шығарудың дәрежесін арттыру, минералдық шикізатты неғұрлым толық және комплексті ұқсатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтардың айналадағы ортаға тигізетін зиянды әсерін мықтап азайту. Қалдықтардың азайтылуын және мейлінше тазартылуын қамтамасыз ететін технологиялық процестерді, сондай-ақ суды тұйық цикл бойынша пайдалану жүйелерін жасау және енгізу жумысын неғұрлым белсенді жүргізу;

кәсіпорындар мен қалаларда аса тиімді тазартқыш құрылыстарды жасап, пайдалануға қажетті жабдықтар, бұйымдар мен материалдар шығаруға мамандандырылған өндірістерді өркендету;

зиянды заттардың атмосфераға шығарылуына қарсы, өндірістегі, транспорттағы және басқа шуға, дірілг қарсы, электр мен магнит өрістерінің әсерлеріне қарсы күресудің жаңа әдістері мен құралдарын жасау;

топырақтың құнарлылығын арттыру, су мен жел эрозиясының әсерінен қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, су басудан және өнеркәсіп қалдықтарымен ластанудан топырақты қорғауды жақсарту. Шымтезек өндіру және кен орындары жұмыстары жүргізілгеннен кейін жерді қайта жақсарту;

жер, су, орман ресурстарын комплексті және тиімді пайдалану мен қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру.

Бұл міндеттерді толық жүзеге асыру үшін бізде барлық жағдайлар мен мүмкіндіктор бар. «Табиғатты қорғауды одан әрі жақсарту және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі шаралар туралы» қаулысында: «Табиғи ресурстарды комплексті пайдалану, зиянды қалдықтарды жоятын технологиялық процестерді енгізу, бегендерді тазартудың және ауыл шаруашылығының зиянкестеріне қарсы күрестің биологиялық құралдарын неғұрлым кеңінен қолдану, ағаш отырғызу және мелиорациялық жұмыстар - міне осылар мен басқа да шаралар айналадағы ортаны неғұрлым тиімді қорғауды қамтамасыз еге алады. Сондыктан тұтас алғанда Совет Одағының жекелей алғанда әр шаруашылық саласының экономикасын өркендетудің бұдан былайғы протраммасы аса терең комплексті зерттеулерге негізделе отырып жүзеге асырылуға, мүмкін болатын зардаптарға ғылыми болжам жасаумен және айналадағы табиғи ортаға зиянды ықпалды жоятын міндетті шаралар жүйесін жүзеге асырумен қатар жүргізілуге тиіс. Біздің борышымыз - табиғаттың барлық байлығы мен сұлулығын коммунистік қоғамда өмір сүретін ұрпақ үшін сақтап, молайту болмақ» деп атап көрсетілген.

Жерді қорғау. Жер - совет қоғамының аса маңызды байлығы - ауыл шаруашылығындағы өндірістің басты құралы және халық шаруашылығының барлық салаларын өркендетудің, орналастырудың базасы болып табылады. Жерді ғылымға сүйеніп, тиімді пайдалану және оны қорғау, топырақтың құнарлылығын барынша арттыру жалпы халықтық міндет болып табылады.

Жерінің ауданын жан басына шаққанда Қазақстан дүние жүзінде 1- орын алады. Республикада 50-жылдардан бастап тың және тыңайған жерді игеруде жүргізілген орасан зор жасампаз еңбектің арқасында дәнді даңылдар егісінің көлемі 7 еседен аса ұлғайтылып, республикамызды еліміздегі аса бай астықты өңірге айналдырды. Ғасырлар бойы игерілмей жатқан жерлерде жүздеген ауылдар бой түзеп, өндіріс орындары салынды, қазіргі заманның ғылыми орталықтары құрылды. Бұл тек еліміздің шығысында жаңадан ірі астық базасын құруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар республиканың экономикасын, мәдениетін және ұлан-байтақ өлке бейнесін түбегейлі өзгертті. Жер ресурсын тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, оны жел және су эрозияларынан қорғау бағытында зор жұмыс атқарылды. Жер кодексінің ең бір маңызды ерекшелігі - шабындық пен жайылымды қорғаудың арнаулы нормалары мен ережелерінің көрсетілуі (себебі Қазақстан жер балансының 90%-і жайылым мен шабындық). Республикада жыл сайын 600-800 мың га шабындық пен жайылымның сапасы жақсартылып отырады. Тек қана 9-бесжылдықта жаңадан 3,8 млн. га мәдени шабындық игеріліп, 35 млн. га шабындық суландырылды. 10-бесжылдықта және болашақта 2000-жылға дейін мелиорациялық жұмысты жақсарту нәтижесінде республикада жыртылатын жердің ауданы 50-55 млн. га-ға дейін, оның ішінде суармалы жерді 15-17 млн. га-ға ұлғайту көзделіп отыр. Солтүстік және Сібір өзендері суының бір бөлегін бұру арқылы республикада суармалы жер көлемі одан әрі ұлғайтылмақшы.

Табиғат қорғау ісінде пайдалы қазындыларды және құрылыс материалдарын өндіру кезінде істен шығарылған жерлерді қалпына келтіру және бұрын пайдаланылмаған, жыртуға жарамсыз жерлерді игеру маңызды орын алады. Республиканың селолық, ауылдық және поселкелік Советтері «Жерді бағалау және сақтау» деп аталатын Бүкіл одақтық жорыққа үн қосып, соңғы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығына айналысқа қосымша 3,7 млн. га жерді, оның ішінде 7900 га егістікке жарамды жерді игерді. Тек қана Қарағанды көмір бассейнінде айналадағы ортаны осы уақытқа дейін газбен улап келген жүздеген террикондар (бос жыныстар үйіндісі) алынып, оның орнына жеміс ағаштары, бақ, сквер және газондар салынды. Рекультивацияға Алматы қаласынын демалыс зонасындағы «Сайран», Теміртаудағы «Самарқан» т. б. бөгендердің салынуы мысал бола алады. Бұл өңірлерден бұрын құм тас және қиыршық тас өндірілсе, ал қазір оның орнына су толтырылып халықтың демалыс орнына айналдырылғаи.

 «Қазақстан Табиғат қорғау заңында» агротехникалық шараларды және ормандарды пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде, сондай-ақ жол, гидротехникалық және басқа да құрылыс жұмыстарының түрлерін атқарғанда, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырауын, топырақтың сортаң тартуын, батпақтануын және жердегі топырақтыңқұнарын жоюдың басқа да түрлерінің одан әрі күшейіп кетуіне жол бермеу керектігі атап көрсетілген.

Жер қойнауын қорғау. Жер қойнауы - табиғи айналадағы ортаның бөлінбес бір бөлігі, минералдық шикізат ресурстарының көзі. Минералдық шикізат ресурстары мемлекеттің бірден-бір маңызды экономикалық қуаттылығының көрсеткіші болып табылады. Мемлекеттік жер қойнауы меншігі - жер койнауын пайдалану және қорғауға байланысты барлық қоғамдық тынастардың бірден-бір негізі. Ол жер қойнауын жоспарлы, комплексті және тиімді пайдалану үшін жағдай жасайды, еліміздің өндіргіш күштерін орналастыруға және халық шаруашылығының жағарғы қарқынмен дамытылуын камтамасыз етуге мүмкіндік береді, материалдық-техникалық базасын жасаудың аса маңызды факторларының бірі болып табылады.

Біздің елде пайдалы қазындылардың мол қоры бар. Совет Одағы көмір мен темір рудасын, марганец және хромит рудаларын, калий тұздарын, фосфат шикізатын өндіруде дүние жүзінде газ бен көптеген түсті металл рудаларын өндіру жөнінен 2-орын алады. КПСС 25-съезінде еліміздің шикізат ресурстарымен сенімді түрде қамтамасыз етілуі оныншы бесжылдықта да, сондай-ақ келешекте де экономиканы теңдестіре өсіруді қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады деп атап көрсетілді. Бізде пайдалы қазындылардың аса ірі, әсіресе сирек кездесетін бағалы кен орындары бар. Қазақстан өзге республикаларға қарағанда пайдалы қазындыларға өте бай. Республикамыз «жер асты қазындыларының коймасы» деп бекерге аталмаған. Пайдалы қазындылардың 90-нан астам түрі немесе жер бетіндегі осы уақытқа дейін адамзатқа белгілі болып отырған қазындылардың өндірістік қоры Қазақстан жерінде шоғырланған. Қазақстан темір, хромит, қорғасын, мырыш, фосфорит, мыс, калий және кадмий қоры жөнінен СССР-де 1-орын, ал хром, фтор т. б. сирек металдар қоры жөнінен дүние жүзінде 1-орын алады. Қазір Қазақстанда 6 мыңнан астам ірі кенді учаскелер барланды. Қазақ ССР-інің Жер қойнауы туралы кодексінде: «Совет мемлекеті еліміздің минералдық шикізат жөніндегі өскелең қажеттерін қамтамасыз етуге және халық шаруашылығының жер қойнауын пайдалануға байланысты басқа да мұқтаждарын қанағаттандырып қана қоймай, сонымен қатар табиғат байлықтарын болашақ ұрпақтар үшін сақтауға да камқорлық жасайды» - деп атап көрсетілген.

Бұл селелерді шешуде елеулі табыстарға қол жетті. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында руда құрамында кездесетін бағалы 20 компоненттердің 15-і айрылып алынады, 26 түрлі товарлы өнім шығарылады, қорғасын және мырышты айырудың озық технологиялық әдісі қолданылуда. Балқаш кен-металлургиялық комбинатында рудадан пайдалы элементтерді бөліп алу мөлшері 100%-ке жетті. Шикізатты комплексті түрде пайдалану нәтижесінде жоспарлық көрсеткішті асыра орындаудан түскен жалпы жылдық пайданың балқаштықтарға 1/3, ал өскемендіктерге жартысына жуығы келеді. Жезқазған кен-металлургиялық комбинатында бір топ ғалымдар мен инженерлер руда өндірудің негізгі және қосымша процестерінде комплексті механикаландырудың жаңа технологиялық әдістерін ойлап тауып, өндіріске қолданғандары үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары атағына ие болды. Өкінішке орай, барлық жерде бірдей жер қойнауының байлығын тиімді пайдалану және қорғау жөніндегі жұмыстар өз деңгейінде орындалмай жүр. Бұл жөнінде Қазақ ССР-інің Табиғат қорғау заңының 3-статьясында былай делінген: «Пайдалы қазбаларды игеретін министрліктер, ведомстволар, халық шаруашылық советтері және олардың қарамағындағы кәсіпорындар республикалық геология және жер қойнауып қорғау органдарының бақылауымен кен орындарының белгіленген нормалар мен ережелерге сәйкес игерілуін, бұл кен орындарының неғұрлым толық және комплексті пайдаланылуы және оның экономикалық тиімділігі ескерілуін қамтамасыз етуге тиіс». Республика кен орындарының темір рудасынан тек темірді ғана емес, сонымен қатар мыс, кобальт, мырыш, алтын, күкірт және т. б. элементтерді бөліп алудың технологиялық әдісін өндіріске қолдану жолдары ойластырылуда. Мамандардың есебі бойынша кен орындарының 1 т кенінде 4,8 сомға тұрарлық күкірт пен кобальт бар. Яғни, жыл сайын бірнеше ондаған млн. сомның шикізатын қосымша игеруге болады деген сөз.

Халық шаруашылығын минералдық шикізатпен және отынмен қамтамасыз етудің қайнар көзі ретінде жер қойнауындағы қатты, сұйық және газ түріндегі пайдалы қазындылардың қорлары, сол сияқты кен жыныстарының қалыптасу мезгілін анықтауға көмектесетін және ғылыми, өндірістік зор маңызы күшті классикалык және тіректі геологиялық ашылымдар қорғалуға тиіс.

Қазақстанда жер қойнауын тиімді және комплексті пайдалану және қорғау жөніндегі алғашқы заң. Жер қойнауын қорғау саласындағы негізгі талаптары мыналар:жер қойнауының геологиялық жағынан толық және комплексті зерттелуін қамтамасыз ету;негізгі және бірге жатқан пайдалы қазындылар мен олардың құрамындағы компоненттердің қорын жер қойнауынан неғұрлым толық алып, тиімді пайдалану;

- пайдалы қазындылар қорының сақталуына жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстардың зиянды әсері болуына жол бермеу;

- пайдалы кен көздерін су басып кетуден, су жиналудан, өрттен, сондай- ақ пайдалы қазындылардың сапасын төмендетіп, кен орнының өнеркәсіптік құнын кемітетін немесе өндіруді қиындататын басқа да факторлардан қорғау;

- жер қойнауын тиімді пайдалану мен қорғауға байланысты талаптар,материалдары мен документтер.

Суды қорғау. Су - айналадағы табиғи ортаның, табиғат байлықтарының бөлінбес бір бөлігі. Біздің барлық өміріміз бен тіршілігіміз, дәулетіміз бен сәулетіміз, әл-ауқатымыз бірден-бір осыған тығыз байланысты. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін, электр энергиясын алу үшін, балықтарды өсіру үшін, тамақтық, тұрмыстық, емдік, демалыс т. б. қажеттіліктерді өтеу үшін су қажет.

Қазақстанның кең-байтақ территориясында жалпы ұзындығы 200 мың км-ге жететін 11 мыңға жуық өзен, айдыны 7,5 млн. га-ға жетерліктей 7 мыңнан астам көл, бөген және тоған бар. Республиканың жер қойнауында 2 млн. км2 аймақты алып жатқан 7,5 триллион м3 су қоры бар. Бұл - көлемі жағынан 65 Балқаш көліне тең су деген сөз. Осынша мол су қоры бүкіл республика территориясын қалыңдығы 10 л-дей су қабатымен жабуға жетер еді. Республика территориясында жалпы ауданы 2033 км2-лік 2724 мұздық бар.

Республикамыздың территориясы СССР территориясының 12%-тейі. Ал бүкіл еліміз өзендерінің бір жылдық су мөлшерінің 3,5%-і ғана біздің республикамыздың өзендері мен көлдерінің үлесіне тиеді. Оның үстіне республикада жер беті су ресурстары біркелкі таралмаған. Қазақстан территориясының 80%-ін алып жатқан орталық және оңтүстік-батыс аймақтарында өзендер саны аз, қуаңшылық көп болады. Ағын судың басым көпшілігі оңтүстік және шығыс аймақтардың үлесіне, ал 19%-і ғана солтүстік, орталық және батыс аймақтарының үлесіне тиеді. Қазіргі уақытта жалпы қуаты тәулігіне 1,8 млн. м3-лік ағын суларды тазартатын 570 механикалық, биологиялық және биохимиялық комплекстер жұмыс істейді. Соңғы жылдары Алматы, Қостанай, Өскемен, Рудный, Орал, Жетіқара, Теміртау т. б. қалаларда қуатты су тазарту қондырғылары іскеқосылды. Бұның бәрі тазартылмаған ағын сулардың Жайық, Тобыл, Іле, Қаскелең сияқты өзендерге қосылуын, ал Есіл, Нұра, Бадам т. б. су айдындарынын ластануын кемітті.

Су айдындарының тазалығын сақтау әдістерінің бірі - пайдаланған суды қайта айналысқа қосатын тұйық өндірістік цикл тәсілі. Бұндай әдісті Қазақстанда Жезқазған кен-металлургия комбинатындағы екі байыту ф-касы, Павлодар алюминий з-ды қолданып жүр. Тұйық циклді қолдану арқасында Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты жылына тұщы су шығынының 27 млн. м3 мөлшерін үнемдейді. Қазіргі кезде су айналымының үлесі 84%-ке тең. Комбинатты толық тұйық су айналысына көшіру жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен суды қорғауға барлық жердө бірдей мән берілмей келеді. Шығыс Қазақстанның байлығын қарқынды игеру, түсті металлургияның, энергетиканың, шаруашылықтың қалған салаларының тез дамуы Ертіс алабында тұщы су тапшылығының сезілуіне әкеп соқты.

Су айдындарының ластануына қарсы күресте ағын суларды жер суаруға жұмсау маңызды орын алады. Өсімдікпен бірге топырақ жамылғысы күшті су тазартқыш болып табылады. Ауыл шаруашылығында ағын суды дұрыс пайдалану тек суды қорғауды қамтамасыз етіп қана қоймай, егіс өнімділігін арттыруға, жерде ылғалдық және қоректік элементтердің көбірек сақталуына әсер етеді.

Қазақстанда ирригациялық құрылыстың аса ірі жоспары жасалып, іске асырылуда. Сол жоспарға сай Сырдария, Іле ө-дерінің төменгі ағыстарында, Алакөл ойысындағы Тентек ө-нде т. б. аудандарда суландырудың ірі-ірі массивтері құрылды. Бұл жоспарды жүзеге асыру нәтижесінде республикадағы суармалы жердің көлемі 1,5 млн. га-ға жетеді, республика мал жайылымдығының дені суландырылады, көлтабандық суландыру ауданы 900 мың га-ға жетеді, жер асты суы құбырларының ұз. 16 мың км-ден асырылады.

Су тапшылығының басты бір себебі - оны тұтыну қажетінің өте тез артуы, өзендер, көлдер және басқа айдындардың ластануы, былғануы, сарқылуы.

Суды қорғау жөніндегі шаралар халық шаруашылығын өркендетудің мемлекеттік жоспарларында көзделеді. Оны халық шаруашылығын өркендетудің 1976-1980 жылдарға арналған негізгі бағыттарынан айқын көруге болады: «10-бесжылдықтағы шаруашылық қызметінің ауқымы, өнеркәсіпте, әсіресе металлургия мен химия сияқты салаларда қолданылатын осы заманғы технологиялық процестердің ерекшелігі, - делінген онда, - айналадағы ортаны қорғау жөнінде арнаулы шаралар қолдануды қажет етіп отыр. Өнеркәсіп салаларының көпшілігінде бұл мақсатқа арнап көп қаржы жұмсау көзделуде. Атмосфераны ластаудан сақтаудың жаңа әдістері мен құралдары практикада қолданылып, су және орман ресурстарын комплексті зрі ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі шаралардың қолданылуы көзделуде. Өнеркәсіптің барлық салаларында айналмалы суды пайдалануға көшу жүзеге асырылатын болады. Мыс., химия өнеркәсібінде, өндіріс көлемінің едәуір өсетініне қарамастан, өнеркәсіптің кір суын богендерге ағызу және атмосфераға зиянды заттар шығару азаяды, ал 1980 жылы өндірістік мұқтаждарға жұмсалатын таза су 1975 жылғы дәрежесінде қалады. Су сияқты аса бағалы табиғи ресурсты ұтымды пайдалану - ірі экономикалық проблема. Біздің еліміз су ресурстарына бай, бірақ су еліміздің территориясына біркелкі таралмаған. Суды тұтыну қажеті өте тез өсуде, ал суды аудан аралық бөлу жөніндегі жобаларды жүзеге асыру едәуір күрделі қаржыны ғана емес, сонымен қатар көп уақытты талап етеді. Сондықтан суды үнемдеп жұмсау жөніндегі шараларға көбірек көңіл бөлген жен. Ирригация мұқтаждарына ерекше кеп жұмсалып жүрген ауыл шаруашылықтық су ресурстарын үнемдеудің ірі резервтері бар. Бұл резервтерді пайдалану қажет. Сонымен қатар 10-бесжылдықта біз солтүстік пен Сібір ө-дері суының бір бөлігін Волга алабына, Қазақстан мен Орта Азияға жеткізу сияқты ірі проблема бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге кірісуге тиіспіз».

Әр түрлі шаруашылық бағыттарында пайдаланылатып жер астындағы тұщы су қорын молайтудың, оны аз да болса сарқылудан сақтаудың жолы көп. Пайдалануға жарамды жер асты суын молайтудың ең қарапайым әдісі - ол арнаулы қазылған скважиналардан судың босқа төгілуін тоқтату. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс аудандарында кең көлемді мал жайылымдарында мол өнімді шапшып-төгілмелі скважиналар оқта-текте мал суаруға ғана пайдаланылғаны болмаса, басқа кезде текке төгіліп, жерді батпақтандырып жатады. Осылайша республика көлемінде жылына 80-90 млн. л тұщы, тұщылау жер асты суы пайдаға аспауда. Қазіргі техникалық жетістікті қолдана отырып, осыншама су шығынын тоқтатсақ, үнемделген су есебінен 300-400 мыңдай халқы бар үлкен бір қаланы, не оған теңдес жүздеген елді мекендерді, 10-15 млн. мал басын сумен қамтамасыз етуге немесе 2-3 мың га құнарлы жерді суаруға мүмкіндік туар еді. Пайдалануға жарамды жер асты су мөлшерін молайтұдың тағы бір жолы - жер бетіндегі өзен, көл, бөген суларын, жауын-шашын, өнеркәсіп орындарында пайдаланып шығарып тастаған сарқын (лас) және жайылма тасқын суларын ыңғайлы орындарға жинап, жерге тұндырып сіңіру негізінде жер асты су қоймаларын жасау.

Ауа кеңістігін қорғау бүгінгі таңдағы тек совет халықтарының көкейтесті мәселесі ғана емес, сонымен қатар ол бүкіл дүние жүзі халқын толғандырып отыр. Атмосфераның ластануы - адам, өсімдік және жануарлар организміне зиянды ықпал жасайтын фактор. Сондықтан атмосфераны санитарлық жағынан қорғаудың мемлекеттік маңызы зор. Қаз ССР үкіметі 1959 жылы қабылдаған «Атмосфералық ауаның ластануына жол бермеу және елді мекендердің санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсарту жөніндегі қосымша шара» деген қаулысында облыстық, қалалық Советтердің атқару комитеттеріне, Денсаулық сақтау министрлігіне және басқа ведомстволарға атмосфералық ауаның жағдайын жүйелі түрде бакылап отыру жүктелді.

Атмосфералық ауаны және су бөгендерін ластанудан алдын ала сақтандыру, қалалар мен басқа да елді мекендерге жылу мен газ беру ісін жақсарту, сонымен қатар шуға қарсы күрес жөніндегі шараларға елеулі көңіл бөлініп келеді. Табиғатты қорғау жөніндегі шараларды жүргізуге, ағын суларды тазарту, газды тазарту үшін қажетті құрылыстар мен тозаң сорғыш қондырғылар салуға бөлінген күрделі қаржының мөлшері едәуір көбейтіледі.

Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуына және ластанған ағын суларды ағызып жіберуге жол бермеу, тазарту құрылыстарын дер кезінде салу, оның сапасын арттыру, газдан тазартуға және шаң-тозаң бөлшектерді тұтып қалуға арналған жабдықтар мен аспаптардың жаңа түрлерін жасау мен оларды өндірісте игеру қажет.

1966-1975 жылдар аралығында республикада тозаң және газ бөлшектерін тұтып қалуға арналған жабдықтар құрылысының көлемі үш есеге дейін өсті. Кәсіпорындардың, қалалардың ауа кеңістігін ластайтын қалдықтарын сорып алатын 635 қуатты қондырғы палдалануға тапсырылды. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында атмосфераға шаң-тозаңның шығарылуы 54,2%-ке, күкіртті ангидридтін шығарылуы 17,2%-ке кеміді. Қарағандының синтетикалық каучук зауыдында сынаптың калдығы 2,5 есе кеміді. Шымкент цемент зауыдында шаң-тозаңның атмосфераға шығуы 10 есе шамасында кеміді. Қазақстанда көмір-кышқыл газын бақылайтын және тұтып қалатын құрал-жабдықтар көптеп шығарыла бастады. Соған байланысты ірі қалаларда бақылаушы-реттеуші пунктер құрылуда. Алматы қаласында Совет Одағында тұңғыш рет автомобиль двигателінен шығатын газдың улылық дәрежесін анықтайтын мемлекеттік бақылау орны ұйымдастырылды. Республиканың 30 қаласында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар құрылды. Бір орталықтан жылытылатын қондырғылардың жедел түрде салынуы көптеген ұсақ жылыту орындарының жабылуына себеп болды, соған байланысты ауаның ластануы әжептәуір кеміді. Тек қана Алматы қаласының өзінде соңғы 10 жылдың ішінде 600-ден астам жылыту орындары жабылды. Шымкент қаласының 10 жылыту қазаны газ жағуға көшіріліп, қалғандары қайта монтаждалды. 9-бесжылдықта республика бойынша 276 бу қазаны жабылып, 65 ірі қазаи табиғи газға көшірілді.

Еліміздің басқа қалаларымен салыстырғанда Алматы қ-ның табиғи желденіп отыруы тым нашар. Мұнда қалалық жолаушылар және жүк тасымалдайтын электр транспортын дамыту, жылу электр орталығын, Мемлекеттік аймақтық электр станциясын, өнеркәсіп және коммуналдық жылыту орындарын т. б. жылу қолданылатын қондырғыларды табиғи газбен жылытуға көшіру қаралды. Сонымен қатар бұл қаулыда 1976-1980 жылдарда азаматтардың жеке меншігіндегі 4000 тұрғын үйді және пешпен жылытылатын мемлекеттік тұрғын үйлерді табиғи газды пайдалануға көшіру, 1980 жылы қаланы көгалдандыру мөлшерін әр тұрғынға шаққанда 20 м2 дәрежеге жеткізу ісі т. б. мәселелер қаралған.

Өсімдікті қорғау. Қазіргі Қазақстанның флорасы бай және сан алуан. Республика территориясында техникалық өсімдіктердің 350 түрі, азықтық және майлы өсімдіктердің 50 түрі, дәрі-дәрмектік өсімдіктердің 250-ден астам түрі өседі. Флорасынан көптеген азықтық, техникалық және декоративті өсімдіктер мәдени түрге айналдырылды. Республиканың баға жетпес байлығы - орман алқаптары. Орман - тек құрылыс материалы мен отын ғана емес, орман - целлюлоза және қағаз, картон, фанера және мебель. Ағаштан 20 мыңдай зат даярланады. Ормандарды қорғау және ормандардың пайдаланылуын реттеу керек, өйткені орман ағаштың, басқа да техникалық шикізаттың, тамақ және жем-шөп өнімдерінің қоры, пайдалы жануарлар мен өсімдіктердің мекені, оның су қорын сақтау, суды реттеу, топырақты қорғау, құмды тоқтату, егінді қорғау жөнінде маңызы бар. Орман сонымен қатар құрғақшылық пен аңызақтан қорғайды, атмосферадағы оттегі балансын реттеп, жер бетіндегі тіршілікке қолайлы ықпалжасап отырады. Орман сонымен қатар климаттық, сауықтыру және мәдени-эстетикалық мәні бар географиялық ортаның маңызды саласы болып табылады.

Республиканың орман қоры 21 млн. га-дан астам, оның мөлшері жөнінен елімізде РСФСР-ден кейін 2-орынды алады. Бірақ республикада орманды алқаптардың үлесі өте төмен, бар болғаны 3,5% жерді қамтиды. Міне, сондықтан республикада орманды қорғау мәселесінің маңызы артып отыр. Қайта отырғызылған жасыл массивтердің ауданы 900 мың га. Топырақты қорғау мақсатында отырғызылған орман және елді мекендер төңірегіндегі жасыл аймақтар ұлғаюда. Қолайсыз жерлерде, құмды бекіту мақсатында, канал мен бөгендер жағалауын көгалдандыру мақсатында ағаш отырғызу шаралары жүргізілуде. Заңды түрде республика орман жамылғысының 14,2 млн. га-сы 1-топқа көшіріліп, кесуге тыйым салынатын статусқа ие болды. Бұндай өңірлерде тек қана «алқапты санитарлық тазарту үшін» ғана жүргізіліп, орман, су қорғау, топырақ қорғау қызметін атқарады, яғни тұрақты микроклиматты сақтауға ықпал етеді.

Бізде орман мен оның байлықтарын тиімді пайдалану және оны қорғау, онда өрт болдырмау, заңсыз ағаш кестірмеу, орман шаруашылығына зиянды басқа да теріс іс әрекеттерге жол бермеуді қамтамасыз ету туралы арнайы одақтық және республикалық көптеген праволық нормалар мен ережелер бар. Оларды тиісті мемлекеттік органдар қабылдап жүзеге асырады. Орман қорғауды күшейту мәселесіне әсіресе 25-съезде бекітілген СССР Халық шаруашылығын өркендетудің 1976-1980 жылдарға арналған негізгі бағыттарында ерекше мән берілген. Оныншы бесжылдықта орман шаруашылығында орман өнімділігінің арттырылуы, орманды алқаптың әр гектарынан товарлы ағаштың көп мөлшерде алынуы, орман ресурстарының ұтымды пайдаланылуы, мемлекеттік орман қорында 10-11 млн. га жерде орманды қалпына келтіру, 1,4 млн. га жерде қорғаныш алқаптарын жасау, 1,5 млн. га-ға дейін батпақты ормандарды құрғату, 230 млн. га жерде орманды тәртіпке келтіру, ормандарды өрттен сақтау және оларды зиянды жәндіктер мен өсімдік ауруларынан қорғау жөнінде қажетті болған барлық шараларды жүзеге асыру көзделген.

Табиғат қорғау заңына сәйкес барлық елді мекендерде, сондай-ақ жолдардың, арықтар мен каналдардың бойында денсаулық сақтау үшін, аңызақтан қорғау үшін мәдени және эстетикалық маңызы бар, еңбекшілердің демалыс орны болып табылатын орман парктері, қала төңірегіндегі жасыл аймақтар, жасыл желектер мен жас көшеттер қорғалуға тиіс.

Республиканың орман шаруашылығының 10-бесжылдықта атқаратын міндеттері - ауданы 445 мың га жердің орманын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, 45 мың га-ға қорғаныш мақсатында ағаш отырғызу, орманды күту мақсатында көлемі 2,4 млн. м3-дей ағаш кесу, ормандарды орттен, зиянды насекомдардан және аурулардан сақтандыру мақсатында жұмыс жүргізу т. б. Осы шараларды толық іске асыру жолында 9-сайл. СССР Жоғ. Советінің 6-сессиясында бекітілген СССР және одақтас республикалар орман заңдарының негіздері зор роль атқарады.

Жануарлар дүниесін қорғау. ҚазақССР-і - СССР-дегі фаунасы бай республика. Кең-байтақ Қазақстан жерінде бағалы терілі, дәмді ет, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жабайы аңдар мен құстардың алуан түрлері кездеседі. Республика жерінде сүт қоректілердің 155 түрі, құстардың 480 түрі, балықтардың 150 түрі кездеседі. Кәсіптік аңдардың, ауланатын құстардың, сол сияқты сирек кездесетін және эндемик жануарлардың ғылым үшін маңызы зор. Республикада кездесетін жануарлар дүниесін қорғаудың жалпы заңы Қаз. ССР-інің Табиғат қорғау заңының 11-статьясында атап көрсетілген:

«Табиғатта еркін жүретін пайдалы жабайы аңдар, құстар, балық, басқа да жануарлар қорғап сақталуға және оларды пайдалану ісі ретке салынуға тиіс, бұлар аң, балық аулау және басқа кәсіптердің қоры, зиянды жануарларды құртушылар және ауланатын, сондай-ақ басқа да пайдалы жануарлардың азық базасы, кейіннен қолда асырауға көндіктіріп, үйде өсірілуі ықтимал жануарлар, малдың қазіргі тұқымдарын асылдандырып, жаңа тұқымдарын өсіріп шығарудың резерві болып табылады. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері, сондай-ақ тоты құс, көгершін, қоқи қаз, аққу, бөкендер түрлері, тағы басқалары сақталуға тиіс». Сонымен қатар республикада саны азайып, жойылып кетуге жақын жануарлар түрлері де бар. Казіргі күнде жабайы аңдар мен құстардың жүздеген-мыңдаған түрлері құрып кетуге жақын. Мыс., қазақ жерінде мекендейтін қарақұйрық, орман сусары, құндыз, тырна, дуадақ, безгелдек, ақ дегелек сияқты аңдар мен құстар жылдан-жылға азайып барады. Соңғы ғасырларға дейін Қазақстан жерінде еркін тіршілік еткен - өзен құндызы, тоғай және солтүстік бұғылары, Пржевальский жылқысы, жабайы түйе, жолбарыс, бұлан, құлан сияқты жануарлар құрып кетті. Соған байланысты ғалымдар жануарлар дүниесін қорғау және сақтаудың ғылыми негіздерін дамытуда. Қазақстан ғалымдарының ұсынысы бойынша құрып кету қаупі төніп тұрған аңдардың 19 түрі және балықтардың 23 түрі қорғауға алынды. Бұлардың қатарына барыс, гепард, қарақұйрық, арқар, құлан, дуадақ, безгелдек, турпан жатады. Бұлардың барлығы Қазақстанда «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Жануарларды сақтап, қорғауды қамтамасыз етуде, аң аулау ережесін бұзуға қатаң тосқауыл жасауда «Қызыл кітап» үлкен роль атқарады. Оны 1948 жылдан бастан Халықаралық табиғат қорғау қоғамы жүргізіп келеді. Онда құрып бара жатқан немесе саны күрт азайып кеткен жабайы аңдар мен құстар арнаулы түрде есепке алынып, олардың қай жердө мекендейтіні, өсіп-өнуі және санының қаншалықты мөлшерде сақталып қалғаны көрсетілген. Бұл кітапта құрып кетуге таяу тұрған жануарлар туралы деректер қызыл кағазға, ал саны күрт азайып кеткен аң-құстар мәліметі сары қағазға жазылған. Бұл мәселенің тиімді шешілетіндігіне ақ бөкеннің қазіргі жағдайы мысал бола алады. Кезінде құрып бітуге айналса, ал қазіргі уақытта бұл жануарлар аулапатын, кәсіптік түрге айналды. Республикада сонымен қатар нануарларды жерсіндіру жұмыстарына жүргізіліп келеді. Осы жүргізілген жұмыстың нәтижесінде республика жануарлар дүниесіне ондаған бағалы жаңа түрлер (ондатра, тиін, баргузин бұлғыны, ақ амур, форель) қосылды. Дегенмен Қазақстанның жануарлар дүниесі баяу өсуде. Хайуанаттардың саны көбеюі үшін тиісті жағдайлардың жасалмауы, оларды бей-берекет, ғ.алай болса солай жүйесіз аулау үлкен себеп болып отыр. Мұны ондатра аулаудан-ақ көруге болады. 1956 ж. республикада 2 млн-ға жуық ондатра терісі өндірілсе, 1974 ж. 200 мың ғана өндірілген. Ақтөбе, Қызылорда, Торғай және Жезқазған т. б. облыстар жерін мекендейтін суыр сияқты аңдардың терілерін дайындау мүлде тоқтатылды. Камшат, ұлар, орқоян, қарсақ, түлкі терілерін дайындау да осындай күйде.

Жабайы аңдардың есепсіз аулануынан олардың санының кеміп, болмаса мүлде құрып кету қаупі - жануарлар дүниесін қорғаудың негізгі шараларын тудырды. Қаз. ССР-нде қазіргі уақытта «Аңшылық шаруашылығы мен аң аулау туралы ереже», «Аң аулау ережелерін бұзушылықпен күресті күшейту жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысы, «1976-1980 жылдарҚазақ ССР-нде аң аулау ережелері» т. б. ережелер мен қаулылар қолданып жүр.

Заң бойынша Қазақ ССР-інің барлық территориясындағы жабайы жануарларды атуға, аң аулауға тыйым салынған мерзімде аңды, түлеп жүрген құстарды ұстауға, жануарларды торға, мұзға, суға, кесілген қамысқа айдауға, қымбат бағалы пайдалы аңдарды індерінен қазып алуға, түтін салуға, пайдалы құстардың жұмыртқасын жинауға, жабайы құстар мен аңдарды белгіленген мөлшерден артық атып алуға не аулауға тыйым салынды.

Қазақ ССР Мин. Советінің 1974 жылғы 22 марттағы қаулысы бойынша мемлекетке міндетті түрде терісі тапсырылуы тиіс (аңшылық жолымен ауланған) бағалы терілі аңдардың түрлерінің тізімі бекітілген. Оған мыналар жатады: борсық, тиін, белек (Каспий итбалығының 2-3 апталық күшігі), құндыз, қасқыр, камшат, су егеу құйрығы, жанат тәрізді ит, сусар, сасық күзен, қарсақ, жабайы мысық, түлкі, қара күзен, ондатра, ақ түлкі, құну, сілеусін, бұлғын, сары тышқан, суыр, құм саршұнағы, күзен.

ШығысҚазақстан ежелден марал шаруашылығының негізгі орталығына айналған. 1972 жылғы арнайы жүргізілген санақ бойынша республиканың оңтүстік-шығыс бөлігіндегі (Жетісуда) таулы аудандардың ормандарында маралдың саны 25 мыңға жеткен. Соңғы уақытта «Казгипросовхозстрой» институты 5-8 мың маралды бір жерде өсірудің яғни арнаулы марал өсіру комплексінің жобасын жасауда. Бұл комплекс Алматы мен Талдықорған облыстарының таулы аудандарында салынбақшы. Қазақстанның бұл өңірлері СССР-дегі панты өндіретін бірден-бір орталыққа айналады.

Қорықтарды қорғау. Қазақстанныц табиғаты ғажайып. Кокшетау мен Павлодар облыстарының табиғаты әсем көлдері, табиғатта сирек кездесетін кейпі бар Тянь-Шань жоталары, Қарқаралы, Баянауыл, Жетісудың әсем ормандары т. б. көптеген аңызға айналған көркем жерлер осы уақытқа дейін бастапқы сұлу кейпін сақтаған. Қазақстан территориясында жалпы ауданы 525 мың га-лық 6 мемлекеттік қорық (Ақсу-Жабағылы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Наурзым, Марқакөл) ұйымдастырылған. 1972 жылы 8 февральда бекітілген Қазақ ССР-інің мемлекеттік қорықтары туралы Үлгі ережесінде - қорықтардың территориялары, оларда тұрған барлық табиғат объектілерін қоса алғанда, мемлекеттік қорық қоры ретінде танылады деп атап корсетілген. Соларға қоса жануарлардың, өсімдіктердің, геологиялық ашық кендердің, ландшафт және басқа табиғат комплекстерінің қандай да болсын бөлігін қорғауды көздейтін республикамызда жалпы ауданы 4288 мың га-лық 50 аңшылық, ауданы 364,4 мың га-лық 26 қоғамдық зоологиялық және ботаникалық жартылай қорықтар (заказник), табиғаттың 3 ескерткіші бар. Жартылай қорықтар әсіресе соңғы жылдары құрыла баотады. Оларда белгілі тәртіп тағайындалып, қорғалатын объектілерге зиян келтірмейтіндей дәрежеде ғана, табиғат массивінің кейбір бөлігін тек белгілі бір маусымдарда, белгілі бір мезгілде ғана шек қойылған түрде шаруашылыққа пайдалануды көздейді. Қорғауға жататын объектілердің әр түрлілігіне қарай олар ботаникалық, геологиялық, ботаника-геологиялық, көлдік және зоологиялық болуы мүмкін. Қазақ ССР-інің табиғи жартылай қорықтары туралы ереже 1969 ж. 28 июльде бекітілген. Қорықтар табиғат байлықтарып қорғауды қамтамасыз етудің ең тиімді әрі дұрыс жолы болып табылады. Әрбір қорық маңынан 2 м-лік қорғау аумағы белгіленген.

Табиғат ескерткіштері - мәдени-эстетикалық және ғылыми маңызы зор жекеленген табиғат объектілері, сәнді ағаштар, жергілікті жерде сирек кездесетін ағаштардың түрлері мен топтары, сиреп бара жатқан бағалы өсімдіктер өскен жеке учаскелер, ірі қой тастар, геологиялық ашық алаңдар, үңгірлер, бұлақтар, су құламалар мен көлдер. 1976 жылы 12 июльде Қазақ ССР үкіметі «Қазақ ССР-нде қорықтар ісін жақсарту туралы» мәселені қарап, қорықтық істі ұйымдастыруда қол жеткен табыстармен қатар, әлі де болса өзіндік сипаты бар кейбір объектілердің мемлекеттік бақылауға алыну керектігін атап өтті. Оңтүстік Алтайдың табиғат комплекстерінің табиғи күйін сақтап қалу мақсатында 1976 жылдың 5 авгусында «Марқакөл мемлекеттік қорығын ұйымдастыру туралы» Қазақ ССР Министрлік Советінің қаулысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл ауданы территориясында ауданы 71,4 мың га-лық Марқакөл мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды.

Қазақ ССР-інің Табиғатты қорғау жөніндегі заңындағы «Табиғатты қорғауға бақылау қою және бұл жұмысқа қоғамдық ұйымдардың қатысуы» жөніндегі 14-ст-нда былай делінген: «Табиғатты қорғау - бүкіл халықтық іс. Бұл жұмысқа жұмысшылардың, колхозшылар мен интеллигенцияның қалың бұқарасы қамтыла отырып, қоғамдық (кәсіподақ, жастар, ғылыми және басқа) ұйымдар мен ерікті қоғамдар қатысады».

Қазақ ССР Жоғары Советінің табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы аса зор және жемісті жұмыс атқарып отыруда. Еңбекшілер депутаттарының жергілікті Советтері мен олардың атқару комитеттерінің де рольдері зор.

Табиғатты қорғау ісі ғылыми зерттеулерге сүйенеді. Қазақ ССР-інің Табиғатты қорғау жөніндегі заңының «Табиғатты қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысы» деп аталатын 15-ст-нда: Табиғатты қорғаудың ғылыми негіздерін, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, қайта толықтыру жолдары мен әдістерін белгілеу, сол сияқты бұл мәселелер жөнінде тиісті жобалар мен ұсыныстарды әзірлеу міндеті Қазақ ССР Ғылым академиясына, өзінің профиліне қарай Ғылым академиясының құрамына кірмейтін басқа да барлық ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындарына жүктеледі - деп атап көрсетілген. Осы статьяға сәйкес Қазақ ССР ҒА-ның Президиумы 1974 ж. 12 апрельде «Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану» проблемаларымен шұғылданатын Қазақ ССР ҒА-ның ғылыми Советі жөніндегі ережені бекітті. Қазіргі уақытта Қазақ ССР ҒА-нда игеріліп жатқан тақырыптардың 20 %- тен астамының тікелей республиканың табиғатын қорғау мәселелеріне қатысы бар. Ғалымдардың бірқатар ұсыныстары республика халық шаруашылығының жетекші салаларында жүзеге асырылуда. Қазақ ССР ҒА-ның Экономика институты республиканың өндіргіш күштерінің дамуын және республиканың экономикалық өсу перспективасын айналадағы ортаға, антропогендік және техногендік сипаттың әсерін ескере отырып, Қазақстанда табиғат қорғау жұмыстарына жұмсалатын шығынды есептеп шығаруға талпыныс жасады. Институттың болжамы бойынша Қазақстанның табиғатын қорғауға және оны жақсартуға жұмсалатын шығын шамамен төмендегідей болмақ: 1975 ж. - 0,63, 1980 ж. ­­–­­ 1,03, 1985 ж. – 1,26, 1990 ж.­– 1,54, 1995 ж. – 1,74, 2000 ж. – 1,97 млрд. сом. Яғни, осы жүз жылдықтың аяғында Қазақстанның табиғатын қорғауға жұмсалған шығынның жалпы мөлшері шамамен 33-35 млрд. сомға тең болады.

Табиғат қорғау саласында арнайы құрылған ұйымдардың ішінде Қазақ табиғат қоргау қоғамы көрнекті орын алады. Қоғамның 2 млн-нан астам мүшесі бар. Табиғат қорғау жұмыстарында қоғамның Орталық советі және оның Президиумы, көрнекті мамандар мен энтузиастардың басын біріктіріп, бір мақсатқа бағытталған ұйымдастыру және методикалық бағыт беретін республиканың ғылыми ұйымдары мен мекемелерімбн үнемі бірлестік- ынтымақтық жұмыстарды ұштастырып отырады.

Қазақ табиғат қорғау қоғамының аудандық, қалалық, облыстық бөлімшелері бар. Оған азаматтар, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, колхоздар мен совхоздар, мектептер мен оқу орындары, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар мүше бола алады.

Қоғам табиғатты қорғаудың 5 жылдық жоспарын жасаудың инициаторы болды. «Табиғатқа оң көзқараспен қарау» девизімен халық арасында маңызды насихат жұмыстарын жүргізеді. Республикада табиғат әуесқойларының 20 халық университеттері мен клубтары жұмыс істейді.

Табиғат қорғау сферасында әсіресе қоғамның жас мүшелерінің белсенділігі ерекше. Олардың қамқор қолымен республикада жыл сайын жүздеген-мыңдаған га бақтар мен парктер ірге көтереді, құстар үшін мыңдаған ұялар жасалады, миллиондаған бағалы балықтар күтіледі, ондаған мәдени өсімдіктердің тұқымы және дәрі-дәрмектік өсімдіктер жиналады. «Құстар күнін», «Орман мен бақ айлығын», «Астық күнін» өткізу мектептер өміріне берік еніп, дәстүрге айналды. Қазақстанның көптеген мектептерінде «жасыл патруль», «көгілдір патруль» штабтары құрылды; республикада 8 мың оқушыларды біріктірген 160 «мектептік орман шаруашылығы» жұмыс істейді. Пионерлер мен оқушылар Бүкіл одақтық «Құмырсқа», «Богеттер, су айдындары мен өзендердің жоғарғы су деңгейлігі және тазалығы үшін» операцияларына белсенді түрде қатысуда.

Әдеб.: Герасимов И. П., Рязанцев С. П. История географических исследований Казахстана, в кн.: Казахстан, М.-Л., 1950; Валиханов Ч. Ч. Избр. произв., А.-А., 1953; Пальгов Н. Н. Географическая наука в социалистическом строительстве Казахстана. в кн.: Наука в Казахстане за сорок лет Советской власти. А.-А., 1957; Бирмагамбетов А. Основные этапы географических исследований Казахстана. в кн.: Утемагамбетов М. М. Физическая география Казахстана. -А.-А., 1967; Бейсенова А. С. Некоторые итоги физико-географических исследований Казахстана довоенного времени (1917-1941 г. г.), в сб.: География, в. 2, 1970.Очерки по физической географии Казахстана. -А.-А.,1952; СваричевскаяА. Геоморфология Казахстана и Средней Азии. Л., 1965; Утемагамбетов М. М. Физическая география Казахстана. А.-А., 1967; Казахстан. М., 1969; Жандаев М. Ж. Геоморфология Заилийского Алатау и проблемы формирования речных долин. А.-А., 1972.Щерба Г. Н. Геотектоногены и рудные пояса. А.-А.,1970; Абдулин А. А.Геология Мугоджар. А.-А., 1971; Борукаев Р. А., Ляпичев Г. Ф. Складчатые комплексы Восточного Казахстана. в сб.: Вопросы геологии Казахстана. А.-А„ 1971; Беспалов В. Ф. Геологическое строение Казахской ССР. А.-А., 1971; его же, Тектоническая карта Казахской ССР и прилегающих территорий Союзных республик масштаба 1:1 500 000 (Объяснительная записка), А.-А., 1975.Кумпан А. С. Верхний палеозой Восточного Казахстана. М., 1966; Бандалетов С. М. Силур Казахстана. А.-А., 1969; Беспалов В. Ф. Геологическое строение Казахской ССР. А.-А., 1971; Никитин И. Ф. Ордовик Казахстана.-ч. 1-2, А.-А., 1972-1973; Допалеозой и палеозой Казахстана, т. 1-2, А.-А., 1974.Металлогенические и прогнозные карты, А.-А., 1959; Чакабаев С. Е. и др. Геология и нефтегазоносность Южного Мангышлака. А.-А„ 1967; Есенов Ш. Е., Кунаев Д. С., Мухамеджанов С.М. Недра Казахстана. А.-А., 1968.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-04-18 12:56:28     Қаралды-358

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »