UF

ӨСІМДІКТЕРДЕГІ МУТАЦИЯЛЫҚ СҰРЫПТАУ

 

Сұрыптауға қажетті алғашқы материал мутация екені жоғарыда айтылды. Сондықтан мутациялық әрекеттерді сан жағынан (мутациялардың саны) және сапа жағынан (мутацияның бағыты) бағыттап басқару сұрыптаудың тиімділігін бірден жақсартады. Жаңа мутациядан бағалы іріктеме не тұқым алу үшін бірнеше сатылы қатаң сұрыптау жүргізу керек. Сол мутациялық сұрыптаудың ішіндегі тиімдісі өздеріңе белгілі полиплоидия мен аллополиплоидия болып табылады.

Полиплоидия. Өсімдіктердегі тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір түрі - полиплоидия (тұқым қуалайтын өзгергіштік бөлімін қара). Мутацияның бұл түрінің сұрыптауда кеңінен пайдаланылатындығы өткен тақырыптардан белгілі.

Аллополиплоидия. Өсімдіктерді сұрыптауда полиплоидтардың ішінде аллополиплоидия кеңінен қолданылады. Аллополиплоидия әр түрлі түр және туыстардың екі немесе бірнеше тұтас геномдарының қосылып, көбеюінен болады.

Сондықтан аллополиплоидиялық сұрыптау кезінде болатын негізгі кедергі өсімдіктердің тұраралық будандарының тұқым бермеуі.

Бұл кедергіні жеңіп шығу, генетика мен сұрыптаудың зор табыстарының бірі болды. Бұл табысқа қол жетудің негізгі тиімділігі тұраралық будан алу әдісі. Мұндай әдісті кеңінен пайдаланған ғалымдар И. В. Мичурин мен Г. Д. Карпеченко болды.

1924 жылы Г. Д. Карпеченко түраралық будан алды. Ол орамжапырақ пен шомырды будандастырды. Бұл екі түрдің хромосомаларының диплоидты жиынтығы 18-ден, ал гаплоидты жиынтығы 9-дан.

Бұл жағдайда гибрид хромосомаларының саны 18 болғандықтан, мейоз әрекеті кезінде өзара конъюгация жүрмейді, соның нәтижесінде тұқым бермейді. Осыдан кейін будан хромосомаларының санын екі есе көбейтіп еді, олардың саны 36-ға жетті.

Хромосомалардың санын екі еселеудің барысында мейоз әрекеті жүріп, шомыр мен орамжапырақ хромосомалары өз жұптарын табудың нәтижесінде коньюгацияланды. Осы жолмен алынған түраралық будан тұқым беретін болды. Олардың бүршаққындары өте ұқсас еді, бірақ ата-ене іріктемесімен салыстырғанда түсімді мол беретін будан алынды. Г. Д. Карпеченконың бұл әдісі іс жүзінде кең түрде қолданылып жүр. Осы әдісті пайдаланып, сұрыптаушылар бидай мен көпжылдық арамшөп - бидайықтың буданын алды (құнды іріктеме). Бидайды қарабидаймен будандастыру арқылы тритикале (латынша Triticum - бидай, Secale - қарабидай) деп аталатын мәдени өсімдіктің жаңа іріктемесін академик Н. В. Цицин алған болатын.

Рисунок – Орамжапырақ-тұрып буданы

 

Сұрыптаушылардың қол жеткен табыстары. Сұрыптау жұмыстарының халық шаруашылығы мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтерудегі атқаратын орны ерекше. И. В. Мичурин сұрыптаудың негізінен үш әдісін қолданды; будандастыру, сұрыптау және дамып келе жатқан будандарға (оларды қажетті бағытта “тәрбиелеу”) орта жағдайлармен әсер ету.

И. В. Мичурин будандастыру үшін ата-ене іріктемелерінің доминанттық белгілерін арттыру мақсатында орта жағдайларымен әсер етті. Мәселен, Антоновка мен ананас Ранетінің оңтүстік іріктемелерін гибридтендіру арқылы Славянка алма ағашын алды. Ол географиялық жағынан бір-бірінен шалғай жатқан іріктемелерді сұрыптауға баса назар аударды. Мысалы, Сібірлік қытай алма ағашы мен американдық сары Бельфлер іріктемелерін будандастырып, Бельфлер - қытай алма ағашын алды. Бельфлердің жемісі үлкен және дәмді, ал қытай алмасы -суыққа төзімді, дертке шалдықпайды.

Тәрбиелеу немесе ментор әдісін пайдалана отырып (бұл әдіс екі нұсқадан) Кандиль - китайка мен жоғарыда айтып кеткен Бельфлер - китайка, т. б. алма ағаштарын алды. Сол сияқты, академик П. П. Лукьяненко шығарған Безостоя іріктемесі әр гектар жерден 50 ц-ге дейін түсім береді. Аврора, Кавказ іріктемелерінен әр гектардан 100 ц түсім алынады. Академик В. В. Ремесло түсімділігі 2,5 есеге дейін артатын Мироновская 254, 808 іріктемелерін алды. Академик Н. В. Цицин түраралық бидай мен бидайықтың (көп жылдық іріктемесі) буданын алды. А. П. Шехурдин мен В. Н. Мамонтованың Саратовская іріктемесі, академик В. С. Пустовойттың майлылығы 49-50% болатын күнбағыс, т. б. іріктемелері ерекше бағаланды.

Қазақстан сұрыптаушыларының күшімен республика территориясына жерсінген ондаған іріктемелер шығарылды. Оның ішінде күздік бидайдың «Красноводопадская 210» іріктемесі қуаңшылыққа және суыққа төзімді. Басқа күздік бидайлардың гектарынан 5-6 центнерге дейін түсім алынды.

Я. К. Бычек шығарған күздік бидайдың іріктемесі «Қызылбастың» құрамында ақуыз (белок) көп және оның қоректілігі де жоғары болды. Сонымен қатар республикамызда шығарылған сояның «Тибридная 670» іріктемесінің гектарынан 10 центнерден түсім алынып, құрамындағы ақуыздық мөлшері 39,9%-ке жетті. Ақмола облысындағы Астық шаруашылығы институты шығарған картоптың "Шортанды" іріктемесінің өнімділігі 40-60%, құрамындағы крахмалдың мөлшері 15%-ке жоғары, шөлге төзімді және ұзақ уақыт сақтауға қолайлы. Сұрыптаушы А. Н. Кацейко алма, алмұрт және қойбүлдіргеннің отызға жуық жаңа іріктемелерін шығарды. Олардың ішіңде тез өсетін мол өнімді және жақсы сақталатын алманың жаңа Заря Алатау іріктемесі кең тараған. Ғалымдар И. А. Әбуғалиев, Ш. Н. Илялетдинов және М. X. Мұратов шығарған қант қызылшасының жаңа будандары «Қазақстан полигибрид 24» пен «Қазақстан» гибридінің түсімі мол және технологиялық сапасы жоғары.

Атақты жерлестеріміз Ыбырай Жақаев күріштің әр гектарынан 171 центнерге дейін, тарышы Шығанақ Берсиев 201 ц және қызылшашы Ольга Гоноженко әр гектардан 1500 ц түсім алып, дүние жүзілік рекордтар жасады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-10-27 11:02:03     Қаралды-1901

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »