UF

ЯДРО

 

Бірклеткалы және көпклеткалы жануарлар мен өсімдіктердің әрбір клеткасында ядро болады.

Ядроның пішіні мен мөлшері клетканың пішіні мен мөлшеріне байланысты. Клеткалардың көпшілігінде ядро біреу болады да ондай клеткалар бірядролы клеткалар деп аталады. Сонымен қатар екі, үш, тіпті жүздеген ядросы бар клеткалар да болады. Мұндай көпядролы клеткалар, мысалы, қарапайымдарда, сондай-ақ омыртқалы жануарлардың бауырында, сүйек кемігінде, бұлшықет және дәнекер тканьдерінде кездеседі.

Клетканың тіршілік циклі екі кезеңге бөлінеді: бөліну, оның нәтижесінде екі жаңа клетка пайда болады; екі бөліну аралығындағы кезең, бұл интерфаза деп аталады.

Клетка тіршілігінің әртүрлі кезеңінде ядроның кұрылысы мен қызметі де түрліше болады. Бөлінбейтін клетканың ядросында: ядро кабықшасы, ядро шырыны, ядрошык, хромосомалар болады.

Ядро қабықшасы ядроны цитоплазмадан бөліп тұрады және екі - сырткы және ішкі мембраналардан құралады, ал ол екеуінің аралығында қоймалжың затқа толы жіңішке кеңістік бар. Ядро кабықшасының сырткы және ішкі мембраналарының кұрылысы плазма мембранасына ұқсайды. Ядро қабықшасында көптеген ұсак шұрықтар болады да солар арқылы ядродан цитоплазмаға және керісінше белок, көмірсу, май, нуклеин қышқылдары, су және әртүрлі иондар өтеді, яғни ядро мен цитоплазма арасында үздіксіз зат алмасуы болып тұрады.

Ядро шырыны - ядро қабықшасының астында болатын және ядроның ішкі ортасын түзетін қоймалжың зат болып саналадыжәне ядро шырынында ярдошықтар мен хромосомалар лады. Оған цитоплазмадан әртүрлі заттар өтеді және ядродан цитоплазмаға шығатын заттардың бәрі соған шоғырланады.

Ядрошық - жұмыр, тығыз денешік, оның мөлшері I мкм-ден 10 мкм-ге дейін және одан да көбірек шамаға өзгеруі мүмкін. Клетка мен организмнің әртүрлі тіршілік әрекеті кезеңдерінде де ядрошыктардың саны 1-ден 10-ға дейін және одан да көбірек шамаға өзгереді.

Ядрошықтың құрамына РНК мен белок кіреді. Ядрошықтар хромосомалармен байланыскан, олар хромосомалардың белгілі бір учаскелерінде түзіледі, оларда рибосомалардың құрамына кіретін РНК синтезделеді. Сондықтан ядрошықта рибосомалардың үлкен және кіші бөлшектері қалыптасады. Ядрошықтар бөлінбейтін клеткаларда ғана қалыптасып, солардан көрінеді, ал бөліну кезінде олар жойылып кетеді.

Хромосомалар (грекше: «хрома» - бояу, «сома» - дене) - ядроның аса маңызды құрам бөлігі.

Бөлінбейтін ядроларда хромосомалар жіңішке жіпше тәрізді болады да олар жарықтың көмегімен көрсететін микроскоп арқылы көрінбейді. Әркайсысы ДНК-ның белокпен қосылған бір молекуласы болып келетін бұл жіңішке жіпшелердің ұзындығы 1 см-ден артыгырақ болуы мүмкін. Бөлінбейтін ядролардағы жіпше тәрізді хромосомалар, ядро шырынында өзара шырмалып орналасатындықтан, әрбір хромосоманы жеке ажыратып көре алмаймыз. Алайда өте ұзын мұндай жіпше тәрізді хромосомалар, сондай-ақ олардың учаскелері электрондық микроскоп арқылы жақсы көрінеді.

Интерфаза кезеңінде ғана болатын аса маңызды процесс - ДНК синтезі, соның нәтижесінде әрбір хромосома екі еселенеді. Синтез негізіне ДНҚ молекуласының бірегей екі еселене (мұны сендер кейінірек білесіңдер) жататынын атап өтеміз. ДНК синтезі интерфазаның орта шенінде жүреді, ал оның өту ұзақтығы әртүрлі жануарлар мен өсімдіктерде түрліше болады. Мысалы, сүтқоректілер клеткасында бұл процесс 6-10 сағатқа созылады да осы уакыттың ішінде ДНК-ның әрбір молекуласы өзіне ұқсас екінші молекула жасап шығарады. Демек, синтездің басталуына дейін бір хромосоманың құрамында бір молекула, яғни ДНК болса, синтез аяқталғаннан кейін әрбір хромосоманың құрамында ДНК-ның мүлдем бірдей екі жіпшесі болады. Интерфазаның барлық кезеңдерінде хромосомалар клетканың бүкіл тіршілік процесіне белсене бақылау жүргізіп отырады. Атап айтсақ, интерфазада ядрода РНК синтезі үздіксіз жүріп жатады, цитоплазмада белоктар, көмірсулар және майлар синтезделеді, клеткалар өседі. Мұның бәрі интерфаза кезеңінде клетканың белсенді қызмет атқарып, онда қоректену, тынысалу, АТФ синтезін қоса есептегенде бүкіл тіршілік әрекеті процесінің жүзеге асатынын, сыртқы ортаға әртүрлі зат алмасу өнімдерінің босап шығатынын көрсетеді.

Сондай-ақ интерфаза кезінде митохондриялардың, хлоропластардың, Гольджи аппараты элементтерінің саны артып, клетка орталығы центриолының саны екі еселенеді, яғни клетка бөлінуге әзірлік жасайды. Интерфазаның ұзақтығы әртүрлі клеткаларда түрліше болады.

Көпклеткалы организмнің құрамында бөлінбейтін клеткалар да бар және оларда интерфаза көптеген жылдарға созылады. Бұларға бөліну қабілетін жойып, организм өмірінің аяғына дейін тіршілік ететін нерв клеткалары жатады.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.125-126.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-09 17:21:43     Қаралды-2101

ЖУГЕРІ ҚУЫРМАСЫ

...

Жұмыртқа мен қантты 40-50 градусқа дейін қыздырып, шайқау керек. Оны шайқай отырып бөлме температурасына дейін салқындатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕМІР МЕН БОЛАТТЫҢ ҚАЙСЫСЫ ҚАТТЫ?

...

Пионерлер металл сынықтарын жинаған кезде олар таудай ғып бір жерге үйгендері бір емес, екі түрлі металл екенін біле бермейді, өйткені олар түрі жағынан біріне-бір өте ұқсас.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЯНАУЫЛ ТАС МҮСІНДЕРІ

...

Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан Баянауыл тауларының табиғаты өте көрікті. Ең биік жері 1046 м болатын (Ақбет тауы) тау жан-жаққа 1-20 шақырымға созылып жатыр. Орталық тұсында орналасқан тау шоғырлары - Жасыбай, Жанбақы, Торайғыр, Жаманаула бірт

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

...

Тәуелсіздік кезеңінен бері Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдарының, әсіресе, Алматы және Ақмола облыстарының келбеті айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ірі-ірі әкімшілік ғимараттары мен тұргын үй кешендері, көптеген жаңа ескерткіштер пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАЗЫЛАР (ОРТААЗИЯ ТАЗЫСЫ)

...

Қазақстан малшылары қой бағуға пайдаланатын иттермен қатар иттің ең ежелден келе жатқан тұқымдарының бірі - ортаазия тазысын немесе тазының басқа да түрлерін өсіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Жер шарында теңіздер, өзендер мен көлдер көк түспен бейнеленгенін білесіздер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »