UF

Жалпы алғанда хронологиядағы біздің заманымыздың жылдары математикадағы оң сандар сияқты, ал біздің заманымыздан бұрынғы жылдар теріс сандар сияқты роль атқарады. Кейбір тарихшылар жылдарды солай жазады да. Мысалы, қазіргі 1979 жыл - плюс 1979 жыл, Архимедтің өлген жылы - минус 212 жыл делінеді. Бұл мәселе сыртқы көрініс жағынан солай, бірақ ішкі мазмұн жағынан алғанда дәл емес.

Тарихшылар біздің заманымыздан бұрынғы екінші жылдан біздің заманымыздың төртінші жылына дейін алты жыл уақыт өтті деп есептейді. Шынында бұл аралық бес-ақ жыл. Алты жылды тарихшылар математиканың мына ережесінен шығарады: 4-(-2) =6. Ережеде кемшілік жоқ, ол дұрыс. Бірақ оны хронология есептерінде сол қалпында қолдануға болмайды. Өйткені математикада оң сандар мен теріс сандардың шекарасында нөл саны тұрады, ал хронологияда біздің заманымыз бен одан бұрынғы жылдардың шекарасында нөлінші жыл жоқ. Біздің заманымыздың бірінші жылының алдында келген жыл математикалық тұрғыдан алғанда нөлінші жыл болуға керек, бірақ ол хронологияда біздің заманымыздан бұрынғы бірінші жыл деп есептелген. Демек, б. з. б. бірінші жылдан б. з. бірінші жылына дейінгі аралық 1 - (-1)  = 2 жыл емес, бір-ақ жыл.

Бұл қателік бүкіл дүние жүзінде, ежелгі тарихты баяндайтын кітаптардың бәрінде де болып келді. Мәселен 1959 жылы материалист-философ Эпикурдың туғанына 2300 жыл толу юбилейі барлық елдерде өткізілді. Ол біздің заманымыздан бұрынғы 341 жылы туған. Тарихшылар 1959-(-341) = 2300 деп есептеген. Іс жүзінде Эпикурдың юбилейі туғанына 2999 жыл толғанда өткізілді, дұрысында оны 1960 жылы өткізу керек еді. Бұл дәлсіздік Ф. П. Коровкинің бесінші кластарға арналған «Ежелгі дүние тарихы» оқулығынан да орын алған (1957 жылғы басылуы). Онда Спартак көтерілісі жөніндегі хронологиялық есеп қате шығарылып көрсетілген.

VI ғасырдағы сопылар математиканы нашар білгендіктен, жылдар есебін осылай шатастырып жіберді деуге болады. Алайда кейбір кітаптарда Дионисий мен оның ұсынған жобасып бекіткен кардиналдар нөлді білетін еді, бірақ «Христос нөлінші жылы туған» десе, діншілдер нөлден үркіп, діни календарьды қолданбай қояды және ескі түсінік бойынша нөл - жоқтың белгісі, ол Христы да, дінді де жоққа шығарады деп, әдейі осылай қабылданған еді деген пікірлер де кездеседі.

Жыл санау жүйесінде болып келген қателіктің бетін ашып, оған ғалымдардың назарын аударушы профессор И. Я. Депман мен осы кітаптың авторы болды. Соңғы жылдары тарих кітаптары нөлінші жылға байланысты қателіктерден арыла бастады.

Календарьда нөлінші жылдың жоқтығы, сондыктан хронологияның кейбір есептерінің қате шығарылып жүргендігі, бізден кейін, американ ғалымы Колумбия университетінің профессоры Э. Бикерманның «Ежелгі заманның хронологиясы» атты кітабында айтылды. Оның кітабы ағылшып тілінде, Лондонда, 1969 жылы шыққан, орыс тіліне аударылып, 1975 жылы Москвада басылған. Ал «Халық календарының» бірінші басылымы 1963 жылы шыққан болатын.

 

Қолданылған әдебиет

1. Исқақов М.Ө. Халық календары. –Алматы, 1980. -318 бет.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-06-10 11:53:39     Қаралды-1999

ДӘРІЛІК МЕЛИССА

...

Дәрілік мелисса - биіктігі 120 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК САБЫНШӨП (ЖЕР САБЫН)

...

Дәрілік сабыншөп - биіктігі 80 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІН НЕЛІКТЕН ТОТ БАСАДЫ?

...

«Тот - темірдің соры, шер - көңілдің соры» деген мәтел бар! Бұл жайында ескіден келе жатқан мына бір оқиғаға құлақ сал.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ

...

Көне түркі жазулары ішінде көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкен ескерткіш Түрік қағандығының атақты ханы Білге қағанға арналған. Арам ойлы жақын адамдары зұлымдык жасап, оны у беріп өлтірген. Қағанның құрметіне 735 жылы Орхон өзенінің жанына Кіші-Цайдам де

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҰЗДЫҒЫ КЕЛІССЕ - АС ДӘМДІ

...

Тұздық тағамға әр, нәр, сондай-ақ қышқыл дәм мен хош иіс береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Намыс жеңістен де маңызды

...

Бұл оқиға 2012 жылы желтоқсанда болды. Испанияның Наварра провинциясында күшті атлеттер мен тұлғалы жүлделі қордың қатысуымен ірі халықаралық жарыстар болған. Бірақ, бұл сайыстар тарихқа тіпті үздік спорттық жетістіктермен келмеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »