UF

ИСТЕРИЯ

 

Истерия тіпті ежелгі гректерге белгілі болған. Олар бұл ауруды көбіне әйелдерден байқаған және оны «жатырдың денеде адасуымен» (жатырды грекше истера дейді) байланыстырған.

Біз ми қыртысының астындағы аймақ вегетативтік функциялары - ішкі органдар жұмысын басқаратынын, сезімталдықты, алмасу процестерін, аяқ-қол еттерінің тонусын реттейтінін білеміз. Мидың осы аймағындағы тежелу босаған кезде ішкі органдардың, ішкі секреция бездері функцияларының бұзылуы және басқа бұзылыстар байқалуы мүмкін және бұл құбылыстардың бәрі ауру адамның аса қатты сенгіштігімен, өзін-өзі сендіре алатындығына байланысты келеді.

Басқаша айтқанда, истериямен ауыратын адам оны бір көрсе болды кез-келген аурудың белгісін өз бойынан көрсете алады. Француз дәрігері әрі ғалымы Ж.Шарко истерияны: «аярдың нағыз өзі» деп бекерге дәл атамаған ғой.

Истериямен ауыратындардың ми қабығында тежелу процесі басым болады, ал мұндай құбылыстар әдетте гипноз кезінде байқалады. Мұндай ауру адамдар созылмалы гипноз жағдайында болады, олар ұйықтап жатқан кездегідей ойлайды және ойлары таңқаларлық образдар мен қиялдарға толы болады.

Ми қабығының тежелуі төмен, ми қыртысының астындағы аймаққа өте алады, бұл кезде ұзаққа созылатын летаргия деп аталатын ұйқы пайда болады. Истериялық летаргияның қызықты бір жағдайын швед ғалымы Фродерстром бақылаған: истериямен ауыратын 14 жасар қыз психикалық жарақаттан кейін ұйықтап кетіп, содан 32 жыл ұйықтаған. Қыз ұйқысынан 46 жасқа келгенде оянған.

Бірақ мұндай оқиғалар сирек кездеседі. Қазіргі кезде истерияның, қозғалыстың, сезімталдықтың езгеруі, ішкі органдар функциясының бұзылуы сияқты түрлері кездеседі. Өте жеңіл өтетін түрлері де ұшырасады. Оларға истериялық мінез-құлықтар, истериялық характерлер жатады.

Истериялық мінез-құлық алуан түрлі боп көрініс береді. Ол ауру адамдардың қатты әсерленгіштігіне және қатты сенгіштігіне байланысты. Болар-болмас нәрсенің өзі оларда күшті реакция туғызуы мүмкін. Мысалы, олардың жай жылауы, тез арада еңкілдеп жылауға, жай күлуі - қатты қарқылға ұласады, қатты ашуларына айқай, тіл тигізу, ыдыс-аяқты сындыру қабаттаса жүреді.

Истериялық характері бар адамдар өздерін қоршаған кісілердің назарында болуға тырысады. Ал назарды қалай аударту керек? Елден ерекше киіну мәнерімен, өзінің өткендегі «керемет» өмірі, махаббат жағдайындағы (көбіне жалған) табыстары туралы әңгімелермен бе? Истериктердің қиялында шек жоқ. Сондықтан олардың көптеген нақты детальдармен боямалаған, қолдарын мәнерлеп сермей тұрып беріле айтатын ойдан шығарылған әңгімелері аңқау тыңдаушыға, әдетте қатты әсер етеді. Тіпті, өз ойына берілген ауру адамдардың өздері де өз сандырақтарына шын көңілден сенулері мүмкін.

Алған білімі жағынан өнер зерттеуші менің бір ауру адамым айналасына серіктері жиналған кезде өз қиялының тізгінін босататын. Ол бейнелі сөйлейтін, сөйтіп тыңдаушыларын тез баурап алатын. Не жайында әңгіме қозғаса да, оның өзі алдыңғы планда жүретін және бұл ауру өз сөздерінің растығына шын көңілден сенетін әрі болар-болмас қарсылық білдіргенді көтермейтін.

Кез келген тыңдаушының инициативасын ол сол жерде басып тастайтын.

Қазіргі кезде өте сирек ұшыраса бастаған истериялық ұстамалар, егер ауру адамның айналасында адамдар болып, олардың бәрінің соған назары ауып тұрса, ұзаққа созылатыны байқалады. Истериктің жанында жүрт көп болған сайын, ұстама да соғұрлым ұзаққа созылады.

Истериямен ауыратын әйелдің қалшылдайтын ұстамасы басталған, кез еске түседі. Палатадағы мазасызданған көршілері әйелдің жағдайын жеңілдетпек болып айналасына абыржып жиналып қалды. Емдеуші дәрігер келді, палатаға студенттер кірді. Осы-ақ екен қалшыл күшейе түскендігі сонша ауру әйел төсегінде секіріп жатқандай болды. Соған қарамастан оның ақыл-есі түзу болды. Дәрігер студенттерге палатадан шығыңдар, сырқаттарға - көршілеріңе көңіл бөлуді азайтыңдар, деп белгі бергеннен кейін ғана, ауру әйел тынышталды.

Әр адамдағы истериялық көріністердің түрі өзінің ұзақтығы және өтуінің ауыр-жеңілдігі жағынан да бірдей сипатта бола бермейді.

Кейде бұл адамға тап болған ренішке қайтарған қысқа реакция, қас қағым сәт болуы мүмкін. Ол кейде естен тандыратын ұзаққа созылатын жағдай болуы да ықтимал.

Мінез-құлықтағы кейбір истериялық белгілер сау адамдарда да кездеседі. Бұл белгілер аса қатты секемшілдік, сенгіштік, көңіл күйдің күрт өзгергіштігі және біраз керімсалдық түрінде көрінеді. Нерв-психикалық процестерге артық күш түсіретін кез келген факторлардың ықпалымен бұл белгілер тереңдей алады және сөйтіп, невротикалық жағдайлардың дамуына әкеп соқтырады.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-09-29 16:14:31     Қаралды-2698

«КОУС», «КҮПУ» ДЕГЕН НЕ?

...

ХVІ ғасырдың басында әйгілі Магеллан Қытайдың оңтүстік пұшпағын басып өткенде отыз күн ойын-сауық болыпты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАРТОПҚА ОРНАТЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШТІ ЕСТІГЕНДЕРІҢ БАР МА?

...

Әлемнің әр түкпірінде түрлі үй және жабайы жануарларға орнатылған ескерткіштер бар екендігі белгілі. Ал, өсімдіктерге орнатылған арнайы ескерткіштер тіпті саусақпен санарлық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОСМОНАВТАРДЫҢ КОСМОС ҮЙІ

...

Космонавтардың 2 үйі болады: бірі - Жерде, екіншісі - космоста. Бірі Жер үстінде тапжылмай тұрса, екіншісі сол Жерді өзінің орбитасы - шеңберлі жолымен спутникше шыр айналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУРЕТШІ ИЛЛЮСТРАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?

...

Біз суретті кітапты ашып қарағанымызда, басқа бір әлемге тап болғандай әсер аламыз. Әлгі суреттерде өлі кейіпкерлер тіріліп, кітапта айтылатын оқиға өткен ел мен жер қаз-қалпында сайрап көз алдымызда тұра қалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ (1873-1938)

...

Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай облысы Торғай өңіріндегі Сарытүбек деген жерде туған. Ол жасынан зерек, сергек болып өседі. Ауыл молдасынан сауатын ашады. Он үш жасында жетім қалып, тағдырдың талқысын көп көреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МУДИ (ВЕНГР ОВЧАРКАСЫ)

...

Бұл Венгрия шопандары XIX ғасырда шығарған венгр овчаркасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »