UF

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖАНУАРЛАРДЫҢ ИМПЛАНТАЦИЯ АЛДЫНДАҒЫ АЛЫНҒАН ЭМБРИОНДАРДЫҢ ТРАСПЛАНТАЦИЯЛАУ

Тышқан мен егеу құйрықтар эстуральдары көп қайталанатын жануарлар. Жыныс циклдары айлық жасында басталады. Тышқан еркектерінде жыныстық жетілулер 1,5-2 айда толық аяқталады. Жыныстық мезгілі жетілген лабораториялық тышқандардың эстуральдары әрбір 4-5 күнде қайталанады. Олардың овуляциясы түнгі сағат бірдің маңайында басталады.  Шамамен осы уақытта еркек тышқандар ұрғашыларымен шағылысады, ал овуляцияланған ұрықта жұмыртқа клеткаларының ұрықталынуы, овуляциядан соң 1-2 сағатта аяқталады. Ұрғашы тышқанның шағылыстан өткеніне қынабындағы шырын тығынынан білуге болады  / қынап тығыны /. Ал, егеу құйрықтарды ондай акт болмайды, олардың шағылысқанының жыныс ағзаларындағы спермилерден байқауға болады. Тышқан қынабындағы тығынды, не егеуқұйрық жартысын буаздылықтың бірінші күні деп есептейді. Бұлардың буаздылығы 19-20 күнге созылады. Қалыпты жағдайда 6-8 тышқан ұрпақтар туылады / Бландова З.К., 1983 /. Жалпы бұл жануарлардың ұяластар / пометы / репродуктивті мезгіліне 4-8 болады. Кейде трансплантацияланған эмбриондардың 1-2 ғана имплантациялануы мүмкін, сонда рецитент – тышқандардың тууя қиындап, кейде кесерова әдісімен жарып алады. Асқан ірі ұялас ұрпақтың болуы, көп жағдайда оларды бедеулікке әкеледі.

Ұрпақтарды жуып алу.

Майда лабораториялық жануарлар донорлары мен жұмыс істегенде оларды сояды / контейнерлік камерадан көмір қышқыл газын – двулкиси углеродын қолданып тыныштандарады /. Жыныс аппаратын айналасындағы ағзалардан тазалайды, керек жерінен кеседі де, Петри ыдысына салып эмбриондарын жатыр түтігінен / 3.3. Аа сурет /,  не жатырдан / 3.3. Аб сурет / жуып алады. Жуып алу үшін арнаулы эмбриондар өсіретін сұйықтарды не физиологиялық ерітінділерді пайдаланады. Хирургиялық операциясыз эмбриондарды алу әдісін тышқандар мен егеуқұйрықтарға қолданудың қиындығы мен нәтижесіздігінен өте сирек қолданады. Морулалар мен бластоцисталарды бұл жануарлардың жатырларынан овуляциядан соң 3-5 күнінде алады.

 

Эмбриондарды көшеттеу.

Эбриондарды көшеттеу рецепиенттерге хирургиялық жолмен жүргізіледі. Жатыр түтігіне / 3.3 Ба сурет /, не жатырға / 3.3. Бб суреттерде көрсетілгендей /. Рецепиент үшін псевнобуаздылық жағдайда жүрген, шамамен алты апталық жастағы ұрғашы тышқанды пайдаланады. Осы рецитенттердің жыныс ағзасына жағдайы, яғни жалған буаздылығы 2,5-3 сөткеден соң күндік бластоцисталарды көшеттейді. Тышқан – рецитенттердің бір жатыр мүйізіне 10 ұрпақ отырғызады.

Көшеттеу мезітінде тышқан рецитенттері терең наркоз қалпында болады. Анестезик есебінде көбіне фантанилфлуанионды пайдаланады. Онымен бірге мидазоламды да жібереді /Flecrnell P. A., 1984 /. Тышқандардың әр 25 г. Тірі массасына, жоғарыда айтылған химиялық наркоз қоспасының 0,1-0,2 мл дозасын іш қуысына жібереді. Бұдан басқа, осы мақсатқа, яғни наркоз үшін пентобарбитонды / 25 г. Тышқанға – 0,7-1,0 мг дозада / және триброметанолды / 3,0 мг дозада / пайдалануға болады.

Анестезиядан соң тышқандарды аяқтарынан фиксациялайды, кесетін / тілетін / орынды тазалап залалсыздандырады да, лапаротомиялық тәсілмен, он не сол жағынан соңғы қабырғалықтың омыртқа тұсынан 1 см-ге жуық қашықтыққа жүргізеді. Жараның шеттері баурыдың жиегін есепке ала отырып, жыныс безінің жоғарғы жағында орналасқан жатыр мүйізін табуға тырысады. Іштегі шарбы майдың арғы жағынан жіңішке қышқан / пинцет / ұштары көмегімен жыныс ағзаларын / безі, жатыр түтігін және жатырды / сыртқы ақырындап шығарады. Эмбриондарды жастарына сәйкес, арнаулы жіңішке шыны пипеткамен жтыр арасына, не жатыр түтігіне жібереді. Бұл жұмысты микроскоппен бақылайды. Ұрпақтарды жатырға көшеттегенде, оған ауа түйіршіктері /көпіршіктері/ түспегені дұрыс, себебі, ол трансплантация тиімділігін төмендетеді. Тышқандар эмбриондарын көшеттеуде үш түрлі сары денешіктер болуы мүмкін: цикл сары денешігі, жалған буаздылық жәнебуаздылық сары денешіктері. Олардың қызметтері туралы жоғарыда айтылған.

Соңғы уақыттарда көптеген ғылымдар мен зерттеушілердің жұмысы тышқандар мен егеуқұйрықтарға хирургиялық операциясыз трансплантацияауды жүргізуге  бағытталған . эмбриондарды көшеттеуді хирургиялық операциясыз жүргізу тәсілінің ориниальді модификациясы 3.4 суретте көрсетілген. Бұл тәсілді Зубин мен Всравцев ойлап тапқан /1989/. Ұрпақтар көшеттеуге олар катетерді пайдаланған,  ол катетердің полипопиолен трубочкасы ішінде капрон стержені бар. Сл  стерженнің ұшына жақын жерде кішкене ойық жасалған, көлемі 7 мКм аз. Ал стерженнің өзінің ұшы шар тәрізді жуандықпен аяқталады, оның пайдалылығы катетерді жыныс жолымен жүргізгенде зиянсыздау болсын, яғни жыныс жолы ағзасы ұлпаларын, жасушаларын жарақаттандырмасын деген ой. Ол стерженде және полипропилен түтікшесінде әдейілеп екі белгі қойылған, катетерді жыныс жолымен жүргізгенде қанша ұзындыққа жібергенін біліп отыру үшін. Сонымен қатар, ол белгілер эмбриондарды лабораториялық жануарлар жыныс ағзаларының қай тұсына жіберілгенін шамалау үшін, ұрпақтарды жатыр арнасының белгілі бір орнына көшеттеуге арналған.

Жұмысты бастау алдында осы катетерді арнаулы ерітіндіге, не ортаға батырып стерженді кейін қарай суырса, ол поршень секілді ішке қарай созады. Сосын түтікшені қозғай отырып, стержендгі ойық шетін  босатып, оған микропипетка көмегімен бірнеше бластоцисталарды орналастырады. Содан соң наркозда жатқан рицитент – тышқанды құйрығынан көтеріп, оларды алдыңғы аяқ саусақтары стол беткейіне тердей қылады да, шыны воронкамен қынапты кеңейтеді, жатыр мойнын табады, сол арқылы катетерді жатырға жібереді. Қанша жіберуді катетердегі белгі арқылы бақылайды, кейде катетер еркін жылжуын тоқтатқанша жатыр ішіне енгізе береді /ол шамамен 1,5см-дей/. Сосын катетер стерженін белгіге дейін жылжытады. Бұл капрон стержен түтікшеден шыққан соң аздап иіледі де, эмбриондардың жатыр ішінде қалуынан туады./3.4 сурет/.

Майда ауылшаруашылық малдарына имплантация алдында дамудағы эмбриондар көшеттеу тәсілдері.

Қой, ешкі шошқа малдары репродуктивтік трактысына трансплантациясын мынадай жолмен жүргізеді:

  1. Малдың ішқуысының ақ сызығынан / белая линия / лапаратомиялау арқылы, малдарды арнаулы операциялық столдарда шалқай жатқызу қалпында;
  2. Малдың аш бүйірінен лапаротомиялау арқылы және арнаулы приборды қолданумен / эффеминатор /;
  3. Малды сою арқылы эмбриондарын алу. Бұл үш тәсілдің алдынғы екеуін практика жүзінде көп қолданады  / лапаротомиялау – хирургиялық операция арқылы /, ал үшінші тәсілді етке бағытталған донорлық малдарға ғана қолданады.

Донорларды операция алдында 36-38 сағат аштық диетада ұстайды. Сосын оларды операциялық бөлмеге жеткізеді де, станокқа шалқалаған қалпында фиксация жасайды / бірінші және үшінші тәсілді пайдаланғанда / немесе тіке  тұрған қалпында / екінші тәсілмен жүргізгенде /. Операциялық орынды жақсылап жуады және қылыш жүндерін ұстарамен қырып тастайды. Дәл тілетін жердің терімін үлкен аумақта  хирургияда көрсетілген  әдістердің бірімен дизинфекциялайды. Ол үшін жара орнына 70% этанол жағып, одан соң иодтық спирттің 5-10% ертіндісімен залалсыздандырады. Ал жалпы наркозды пайдаланса, алдымен  премедидикация жүргізеді / яғни наркоз үшін пайдаланған дәрілердің  әсерін жақсарту және нәзіктендіру үшін /. Оған 2 мл рампун 4мл көмбеленді бұлщық етке жібереді, сонымен қатар, 4 мл 0,1% атропинді қолданады және 5 мл 2 % новокани ертіндісін ми және жұлын қабығы / эпидурально / арасына егеді. Ал тілетін, яғни жараның орнына анесезия / жалсыздандыру / тәсілін қолданса, сол орынға ұзың және жалғаған шприцпен тері астына 20% 15-20мл новокаинды инфилбтрациялау арқылы жүргізіледі.         

5 сурет. Лабораториялық жануарларға арналған хирургиялық операциясыз эмбриондар трансплантациялау әдісі / Зубин және Вепринцев, 1989 /:

А – катеттерлерге эмриондар алу;

Б – эбриондарды сорып алғаннан соң ұрғашы тышқан реципиент жыныс жолына жіберу алджында;                  

В – катетерден ұрпақтарды жыныс жолының белгілі бір орнына  жіберу;

Г – эмбриондар.

Операция жүргізетін жерді таза, залалсыздандырылған простынямен / арнайы дайындалған салфеткалармен / жабады. Инъекциядан соң, 10 – 15 мин. кейін қандауырмен / скальпель / тіле бастайды. Бірінші тәсілді қолданудың ережелерімен таыстырамыз, яғни аз ғана мағлұмат береміз, себебі, ол тәсіл практикада кеңінен таралған / ол хирургиялық тәсілді жақсы мен игеру үшін арнаулы әдебиеттермен танысу керек. И.И.магда және басқалар 1977 /. Ол үшін іш қуысы ақ сызығының терісін 7-ден / қой, ешкі / - 15 см – ге / шошқа /  жуық, емшектен 3-4 см әрі тіледі, ал төмен орналасқан ағзалық ұлпаларды саусақпен ыдыратады / тері асты май клеткасын /, іш қуысынан жұқа пердесін / брюшина / қандауымен кішкене ғана тесіп, ақырындап саусақпен үлкейтеді / 4-5 см – ге жуық /. Сосын ішкі шарбы /сальник/ майын кеудеге қарай ысырады да, жыныс органын ақырындап үлкен еппен сыртқа шығарады. Осы жыныс органдарын сыртқа алудың екі әдісі бар: бірі саусақты алақанмен қоса жапқан уысынан алып шығады  / Панин әдісі/ , ал екіншісі, екі саусақтың көмегімен /ортаңғы жағынан қысып алады да, ақырындап жара аузына әкеледі/. Басқы қолдың саусағымен органдарды, яғни жыныс безін, жатыр түтігін және жатыр мүйізін, іш қуысынан сыртқа шығарады, зерттейді, арнаулы журналдарға түсіреді / Өтесінов Ж., 1993. Докторлық диссертация/. Сосын жыныс безіндегі сары денешіктерге сәйкес овуляция санын анықтайды.

Эмбриондарды жуып алудың екі тәсәлә бар: 1. Жатырдан, ол үшін ұшы егелген инъекция инесін жатыр қабырғасынан өткізіп /истмустық жақтан/, жатыр бағытына қаай жуып алу, яғни екі каналды катетерді пайдаланады /3.5. және 3.6 суреттер/.2. Жатыр және жатыр түтігімен қосып жуып алу тәсілі. Бұның өзі жуып алу бағытына байланысты екіге бөлінеді:  а) ұрпақтарды жуып алу үшін бахромкадан  ампула жиынтығы арқылы жатыр мүйізіне қарай жүргізу /сиыр және шошқада/; б) эмбриондарды бахромкаға қарай жууды жүргізеді, жатыр мүйізінің жарғағы жағынан /түтіктің жатырға жеріне жақын/ бастап бүкіл түтікті жуу, ал жуатын сұйықты бахромкада жинау /қой және ешкі/.

Әрбір жатыр мүйізін жууға 15-30 мл арнаулы сұйықты шығындайды. Яғни пробиркада эмриондармен қоса 30 мл-ге дейін сұйықты жинау керек. Бұл үшін Петри ыдысын пайдалануға да болады. Хирургиялық операция аяқталған соң, іш қуысына  антибиотиктер қоспасын жібереді де,  іш пердесін және жараларын кетгут жібімен тігіп тастайды.

Ал эмбриондарды көшеттеудегі нәтижелер тиімділігі үшін, донорлар мен рециценттер жыныс циклдерінің сәйкес келуі аса қажет /2.2 бөлімді қара/. 

6 сурет. Эмбриондарды хирургиялық операциямен жуып алуға арналған

                 құралдар:

                 а – екі каналды катетер;

                 б – жуып алуға арналған сұйықты жіберетін құрал;

                1 – ұшына қарай құйылған ине;

                2 – латекс түтігі;

                3 – шприц жалғайтын орын;

                4 – катетер түтігі;

                5 – катетердің проксимальдық кеңейтілген ұшы;

                6 – балончикке ауа айдайтын клапан;

                7 – ауаға арналған балончик;

                8 – катетердің екі тесігі бар дистрольдық ұшы.

 

Рецитенттерге эмбриондарды отырғызу үшін хирургиялық операция әдісін қолданады. Олар жоғарыда жазылған бірінші және екінші лапоротомиялық әдістер.

Рецитенттер лапороториямен донорлардан эмбриндарды жуып алғандағыдай жүргізеді. Эмбриондарды, жұмсақ тифлон катетерлердің шприцтерге /көлемі 1-5 мл/ жалғастырып, жатыр түтігіне /өте сирек қолданылатын әдісі/, не жатыр мүйізіне.

7 сурет. Хирургиялық тәсілмен трансплантациялау.

А-жатыр мүйізінен эмбриондар жуып алу нобайы /схемасы/;

Б-ұрпақтарды көшеттеу нобайы; а/ жатыр түтігіне бахромка арқылы, б/ жатыр мүйізіне жатыр қабырғасы арқыла

  1. Пластик шлангасымен жалғанған 20 мл шприц,
  2. Ұшы егелегн ине,
  3. Жатыр түтігінің ампуласы,
  4. Катетер балончигі;
  5. Катетер;
  6. Эмбрион жинаушы                                
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-11-25 16:52:14     Қаралды-73

Жұлдызды жауынгерлер әлемді қалай өзгертті

...

1977 жылы алғашқы рет «Жұлдызды жауынгерлерді» көргеннен кейін Джеймс Кемерон қалааралық жүргізуші жұмысымнан кетті және кинематограф болуға бел буды. Фильмнің экран нұсқасы 1977 жылы көптеген ізбасарлардың, ойындардың санын, сонымен қатар «Жұлдызды жау

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰМАЙ ҰЯСЫ

...

Сауыр мен Сайхан тауларын қақ жарып ағып жатқан өзеннің бойында құз жартас бар. Мұнда алып құс ұясының орны жатыр. Әбден сарғайып, көнеріп кеткен үлкен ағаш бұтақтарынан және шөп қалдықтарынан жиылған ұяны халык «Құмай ұясы» деп атайды. «Ұя осындай үлкен

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУҒА ЖҮЗУ СПОРТ ТАРИХЫНАН

...

Суда жүзіп жүрген адамдарды бейнелейтін сурет осыдан 25 ғасыр бұрын салынған, ол Ливия шөлінен табылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЙГЛАХ

...

Бұл - қантқа салып қуырған жаңғақтарға ұқсайтын, домалақтап пісіріліп қант пен балға салып қуырылған ұннан жасалатын тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ ҚЫМБАТ БАҒАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ

...

2005 жылы гонконгтық саңырауқұлақ сатушы спутниктік байланыс арқылы өзінің 1,2 килограмдық ақ трюфель саңырауқұлағын Италияда өткен қайырымдылық аукционында 95 мың евроға сатқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨНЕ ТҮРКІ ӘЛІПБИІ НЕМЕСЕ ОРХОН-ЕНИСЕЙ ТАҢБАЛАРЫ

...

Ежелгі түркі халықтары пайдаланған жазу көне түркі әліпбиі немесе Орхон-Енисей жазуы деп аталып жүр. Олардың тастарға қашалып жазылған жазбалары бүгінгі күнге дейін жеткен. Мұндай ескерткіштер Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарларынан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »