UF

САРЫАРҚА

 

Сарыарқа батысында Торғай үстіртімен, шығысында Шар, Аягөз өзен аңғарларымен шектеседі. Оңтүстігінде Тұран, солтүстігінде Батыс Сібір жазықтарымен көмкерілген.

Геологиялық құрылысы мен жер бедері. Геологиялық құрылысы метаморфтанган палеозойлық тақтатастан, құытастан, кварцтап, әктастан, гранитті, гранитоидты интрузиядан, жанартаулық эффузивтерден түзілген. Мезокайнозойлық шөгінділі қабаттары ұсақ шоқылы тауаралык, жазықтарында жиналған. Ежелгі тектоникалық құрылымы бойынша Орал- Монғол геосинклинальды белдеуіне жататын қатпарлы таулар. Шеткі аймақтары каледондық, ішкі (орталық) бөлігі герциндік тектогенез процестерінің туыкдылары болып саналады. Каледойдық және герциндік қатпарлы құрылымдарының аралығында жанартаулық белдеу орналасқан. Ол Семізбұғыдан басталып, Желдітауңа дейін созылып жатыр. Қатпарлардың терең жарықшақтары арқылы гранитті, грани тоидты интрузиялар кіріккен. Орал, Тянь-Шань, Алтай таулары мен Сарыарқа жазығының қатпарлы құрылымдарына әрекет еткен жер қыртысының орогенездік қозғалыстары бір мезгілде өткен.

Олардың палеозойдан кейінгі мезокайнозойлық қалқанды платформалық жазықтыққа айналу тарихы да алғашында қатар басталған. Ал кейінгі альпілік орогенез бұлардың әрқайсысында әр түрлі сипатта өтіп жатыр. Сарыарқаға оның әрекеті әсер етпеген. Жер бетінде тегістелу процесі тоқталған жоқ. Ежелгі тау сілемдерінің қатты жынысты жерлерінде ұсақ шоқылы қалдықтары ғана сақталған. Көкшетау, Ұлытау, Қызылтас, Қарқаралы, Баянауыл, Шыңғыстау тауларындағы тас мүсіндердің сымбаты мен орман шоқтарының көркі Республикаға белгілі. Қарқаралы тау массивінде Сарыарқаның ең биік нүктесі - Ақсораң тауы (1565 м) орналасқан. Ұсақ шоқылы таулардың арасындағы жазықтар онша биік емес, абсолют биіктіктері батысындағы каледондық қатпарланудың орнында 300-500 м., орталығындағы герциндік қатпарлы құрылымдарында 500-1000 м.

Пайдалы қазбалары. Сарыарқада пайдалы қазба байлықтар өте көп. Олардың негізгі кеніштерін атап, картадан корсетіңдер. Карбон шөгінді қабаттарынан табылған Қарағанды көмір кені Сарыарқаны әлемге әйгіледі. Кейіннен оның қатарына Екібастұз, Майкүбі бассейндері қосылды. Метаморфтанған палеозойлық тасты жыныс қабаттарынан мыс, темір, марганец рудалары өндіріледі. Олар Жезқазған, Қарсақбай, Атасу, Атбасар, Саяқ, Қоңырат және басқа кеніштерден табылған. Бұлар Жезқазған, Қарағанды (Теміртауда), Балқаш металлургиялық комбинаттарының іске қосылып, дамуында үлкен роль атқарады. Жанартаулық эффузивтер мен гранитті, гранитоидты интрузиялы жыныстар кездесетін жерлерде полиметалл, сирек металл рудаларының мол қоры Жәйремде, Ақадырда табылған. Алтын, күміс, қалайы шығатын кеніштер де, қоры толық зерттеліп өндіріс орындарының тізіміне кірмеген кеніштер де аз емес.

Климаты. Сарыарқа мұхит пен теңізден қашықта жатыр. Сібір антициклоны мен арктикалық ауа массасының циркуляциялары кедергісіз әрекет етеді. Сондықтан климаты құрғақ континентті болып қалыптасқан. Қысы суық, қаңтардағы ауаның орташа температурасы -14-18°С, абсолют минимумы -40°С, жазы ыстық, шілдедегі ауаның орташа температурасы +20-24°С, абсолют максимумы +35°С. Орташа жылдық жауын-шашындары 200-300 мм, ұсақ шоқылы тауларында 370 мм. Жазы аптап ыстық пен аңызақ жел, қысқы қара суық пен тұщы судың жетімсіздігі тұрғындардың сирек қоныстануына себеп болған. Қазір бұл өңірде қоныстанушылар едәуір көбейген.

Өзендері мен көлдері. Сарыарқаның басты өзендері - Есіл, Нұра, Сарысу. Көктемгі қар суымен (80-90%) толысады. Жаз айларында арналары құрғап қалады. Көлдері онша үлкен емес, ежелгі тектоникалық жарықшақтары мен ойыстарында тараған.

Соңғы кездегі республика табиғатының қуаңшылығына байланысты көбісі тартылып, жойылып кеткен. Мысалы, атақты Сәкен Сейфуллин жырлаған Көкшетаудың сексен көлінен елуге жетер-жетпесі ғана сақталған. Қорғалжын көлінде биосфералық қорық (1968) ұйымдасқан. Онда қоқиқаз колониясы мен көл ландшафтысын мекендейтін жануарлар қорғалады. Жалпы Сарыарқа жерінде тұщы судың жетімсіздігі айқын байқалады. Су проблемасын шешу мақсатымен Ертіс-Қарағанды каналы қазылды. Қазір ол Ертістің суын Орталық Қазақстанға жеткізіп, Павлодар, Целиноград, Қарағанды, Жезқазған облыстарының өнеркәсіпті орталықтарын, ауылдарын сумен қамтамасыз етіп, егістері мен жайылымдарын мүмкіндігінше суландырып отыр.

Табиғат зоналары. Қазақстан ойпатты жазықтарының табиғат зоналары естеріңде болар. Сондай табиғат зоналары (орманды даладан басқасы) Сарыарқада да дамыған.

Сарыарқа дала, шөлейт және шөл зоналарымен көзге түседі. Ұсақ шоқылы тауларында көктерек, қайың, тал, қарағай өскен орман шоқтарынан тұратын оазисті ландшафтар да кездеседі.

Дала зонасы Көкшетау, Атбасар, Шортанды, Шідерті қоныстарында тараған. Оның солтүстігінде кәдімгі қара топырақ типі қалыптасқан. Өсімдік жамылғыларын әр түрлі шөптесінділер мен дәнді дақылдар құрайды. Табиғи ландшафтары ұсақ шоқылы тау етектері мен сайларында ғана сақталған. Тегіс жерлеріне түгелдей егістіктер орналасқан. Дала зонасының оңтүстігінде құнары аз, қордалы қара шіріндісі 5-6%-тан аспайтын оңтүстік қара топырақты жамылғы тараған. Сортаң жерлері де кездеседі. Тың жерлеріне бетеге, көде өседі. Дала зонасына егістіктер мен мал жайылымдары орналасқан. Егістіктері ұдайы агротехникалық өңдеуді қажет етеді. Сарыарқадағы ұсақ шоқылы таулар шоқ-шоқ орман ландшафтарымен айырықша ерекшеленеді. Мысалы, Көкшетау массивіндегі Бурабай кешенін «Қазақстан швейцариясы» деп атайды. Мұнда курорттар, санаторийлер, туристік кемпингтер орналасқан.

Сарыарқа далаларының оңтүстігіндегі Теңіз бен Сарысу жазықтарын, Ұлытау, Қызылтас, Қарқаралы, Шыңғыстау тауларын қамтыған кең көлемді алқапты шөлейт зонасы алып жатыр. Ол,тым қуаңшылық климатпмен көзге түседі. Орташа жылдық жауын-шашыны 180-230 мм. Ландшафт кешендерін ашық түсті және қошқыл түсті қызыл күрең топырақ пен сор, сортаңды жерлерде өсетін жусанды-бетегелі, жусанды-көделі-еркекшөпті, жусанды-бозды-бетегелі, жусанды-сораңды өсімдік жамылғылары құрайды. Бұлақ суы көздерінде, жергілікті кішігірім өзен өңірлерінде және ұсақ шоқылы тауларында шабындықты шалғындар, көктерек, қайың, қарағай, тал, арша өскен орман шоқтары кездеседі. Шөлейт өрісті мал жайылымына өте қолайлы. Тұз тағысы ақ бөкен де кең даладан жай тапқан. Тың және тыңайған жерлердің 15-20%-тен 23-30%-ке дейінгі алқаптары егістікке айналдырылған.

Шөл зонасы Сарыарқадағы Ұлытау тауларының оңтүстігі мен солтүстік Балқаш бойында дамыған. Оның солтүстік шекарасы шамамен Жезқазған қаласының ендігі арқылы өтеді. Мұнда шөлді қоңыр топыраққа өсетін көкпек, қара жусан, бұйырғын сияқты өсімдік жамылғылары тараған.

Табиғат ресурстары. Сарыарқадағы жайылымдық жер байлығы қазақ елінің ата кәсібі - өрісті мал шаруашылығының дамуына себепкер болған. Табиғат ресурстарының келесі көзіне көмір кеніштері жатады. Есептелген көмір қоры 400 млрд т. 1990 жылы елімізде өндірілетін көмір 800 млн. т-ға жуық болды, оны түгелдей Сарыарқа кеніштерінен өндірсек, қанша жыл керек болар еді?

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-05-04 13:54:04     Қаралды-18772

РАХАТ-ЛУКУМ

...

Кондитер өнеркәсібі ванильді, қызғылт, жаңғақ қосылған, шоколад қосылған, ассорти рахат-лукумдарын шығарады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА

...

Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

УАҚЫТ КЕЗЕҢ ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕДІ: КЕМЕ

...

Уақыт кезең әлемді өзгертеді: кеме

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫ НЕМЕН ӘЙГІЛІ?

...

Әлемнің бұл кереметін еуропалықтар «Ұлы Қытай қорғаны» деп атаса, қытайлардың өзі «10 мың ли қабырғасы» дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ТАСҚЫНЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Су тасқыны - дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫ

...

Наурызым қорығы 1934 жылы қарағайлы орман мен Қостанай облысының Наурызым ауданындағы далалы аймақтың шағын көлдерін (Наурызым, Торғай) сақтап қалу мақсатымен құрылған. Бұл жерді табиғи мұражай десе де болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »