UF

ЖАНУАРЛАР СЕЛЕКЦИЯСЫ

 

Жануарлардың селекциясының ерекшеліктері. Жануарлар селекциясы негізін өсімдіктер селекциясындағыдай, қажетті белгілердің фенотиптік айқын білінуіне барынша қолайлы жағдай туғызатын, белгілі бір орта жағдайында өтетін тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік құрайды. Алайда, жануарлар селекциясының жануар организмінің табиғатынан туындайтын кейбір ерекшеліктері де бар: жануарлар тек жынысты жолмен көбейеді; жануарлардың ұрпағы көп болмайды және әрбір жеке особьтың едәуір құндылығы бар.

Жануарлар селекциясында олардың тұрықтық белгілерін еске алу маңызды; Тұрқы (экстерьер) дегі жануарлардың сыртқы пішінінің жиынтығын, олардыңдене құрылысын, дене мүшелерінің арақатынасын айтары.

Организм барлық мүшелері өзара байланысты біртұтас жүйе болып табылады. Шаруашылық тұрғысынан алғанда маңызды көгітеген белгілердің дамуы, мысалы, мүйізді ірі қараның сүттілігі, олардың белгілі дене құрылысына - қантамыр және тынысалу жүйелерінің және т. б. жақсы дамуына байланысты болды. Жануарларға селекция жұмысын жүргізгенде олардың әртүрлі белгілерінің арасындағы байланысты ескеру маңызды, өйткені белгілі бір белгісі бойынша жоғары өнімділік белгілі бір тұрақтық ерекшеліктеріне байланысты, суреттен мүйізді ірі қараның шортгорн (етті тұқым) мен джерсей (сүтті тұқым) атты екі тұқымның арасындағы (тұрқындағы) айырмашылығы айқын көрініп тұр.

Әртурлі тұқымға сыртқы жағдайдың өзгеруі, жемдеу өзінше әсер етеді. Мысалы, етті мүйізді ірі қара тұқымын жақсы жемдегенде олар ең алдымен салмақ қосады, сүтті тұқымдарда - сүт көбейеді. Тауықтың жұмыртқалағыш леггорн тұқымы рационды жақсартқанда жұмыртқаны көбірек салады, бірақ массасын өзгертпейді.

Сурет -  Мүйізді ірі қара селекциясындағы етті (сол жақта) және сүтті (оң жақта) бағыттар

 

Жануарларды қолға үйрету - селекциясының алғашқы кезеңі. Үй хайуанаттарының барлығы жабайы тектен шыққан. Адам б. э. дейін 10-12 мың жыл бұрын жануарларды қолға үйрете бастаған. Үй хайуанаттарының негізгі түрлері бұдан 5-6 мың жыл бұрын қолға үйретілген.

Қолға үйрету табиғи сұрыпталудың тұрақтану формасының әсерін едәуір әлсіретті, мұның өзі өзгергіштіктің күрт артуына әкеп соқты, ал ол адамға қажетті белгілерді қолдан сұрыптауға пайдаланылды. Өзгергіштікке үйрену әсерін академик Д. К. Беляев қазіргі кезде де қолға ұйретілген жануарлардан толық зерттеген. Бұлардың қатарына ұлпа жүнді аңдар: түлкі, қаракүзен, ақ түлкі, бұлғын жатады. Бұл жануарлар жаңадан пайда болып, жедел дамып келе жатқан шаруашылықтың бір саласы - аң шаруашылығының объектілері.

Жануарларды қолға үйретудің географиялық аймақтары едәуір дәрежеде мәдени өсімдіктердің шығуы мен көптүрлілік орталықтарына сәйкес келетінін зерттеулер көрсетіп отыр.

Будандастыру типтері және мал шаруашылығындағы мал өсіру әдістері. Селекциялық жұмыста, селекционер көздеп отырған түпкі мақсатын жақсы білуі керек. Малдың сүттілігін жақсарту, сүттің майлылығын арттыру немесе оның еттілігін жақсарту керек пе, міне, бұлардың бәрі будандастырудың әртүрлі жүйелерін қолдана отырып, тұқымдық аталықтарды сұрыптау мен іріктеуді түрлі бағытта жүргізуді талап етеді.

Бұқаларды іріктеуде, олардың ататектерін ескерген дұрыс. Асыл тұқымды шаруашылықтарда малдардың бірнеше ұрпақ бойына ата-ене формасының өнімділігі мен тұрықтық ерекшелігін тізіп жазып отыратын асыл тұқымды тіркейтін арнаулы кітап болады. Арғы тектерінің белгілеріне қарап, бұқаның генотипі жайында біршама болжам жасауға болады.

Жануарлар селекциясында будандастырудың сан алуан типтері қолданылады. Будандастырудың негізгі екі - туыстас және туыстас емес типі қолданылады.

Жануарлардын. бір тұқымының особьтары арасында немесе әртүрлі тұқымдарының особьтары арасында туыстық қатынасы жоқ малдарды мұқият сұрыптап будандастыру бірнеше ұрпақ бойында олардың қасиеттерін сақтап қалуға немесе жақсарта түсуге себепші болады.

Туыстық жағынан жақын малдарды будандастыруда бастапқы формалар ретінде бір ата-енеден туған төлдерді немесе ата-енесі мен төлдерді пайдаланады. Будандастырудың бұл типін тұқым гендерінің көпшілігін гомозиготалы күйге көшіру қажет болған жағдайларда қолданады. Бұл өсімдіктердің өздігінен тозаңдануына ұқсайды, өйткені ол гомозигота санын көбейтуге әкеліп соғады. Мұнда шаруашылық үшін құнды белгілер нығая түсіп, олар ұрпақтарда сақталады, өйткені ол бұл белгілері бойынша гомозиготалы болып табылады.

Туыстық жағынан жақын малдарды будандастыруда жануарлардың әлсіреп, сыртқы факторлар әсеріне, ауруға төзімділігінің төмендеуі жиі байқалады. Туыстық жағынан бір-бірімен жақын төлдерді будандастырудың осындай тиімсіз көріністері депрессия деп аталады.

Мұндай жағдайға ұшырамау үшін туыстас будандастыру жұмысы керекті шаруашылық белгілері бар особьтарды қатал сұрыптау жолымен жүргізілуі тиіс.

Селекция жұмысында туыстас будандастыру әдетте, тұқымдарды жақсартудың бір кезеңі ғана болып табылады. Бұдан кейін жақын туыстарды будандастыру нәтижесінде алынған әртүрлі линиялар будандастырылады. Осылай қолайсыз әсер ететін рецессивті гендер гетерозигота күйіне өтеді және туыстық жағынан жақын малдарды будандастырудың зиянды әсері кемиді.

Үй хайуанаттарындағы гетерозис. Өсімдіктердегідей, үй хайуанаттарында да гибрид күші немесе гетерозис құбылысы байқалады. Мұның мәнісі мынада: әртүрлі тұқымдарды (сол сияқты тұраралық) будандастыруда кей жағдайларда гибридтердің бірінші ұрпағында жалпы тіршілік қабілеті артуы және күшті дамуы байқалады. Бірак, бұл қасиет кейінгі ұрпақтардың бойынан табылмай, көмескілене береді.

Гетерозис мал және құс шаруашылығында кең қолданылады, өйткені гибрид күші құбылысы байқалатын гибридтердің бірінші ұрпағын тікелей шаруашылық мақсатта пайдаланады. Мысалы, шошқаның жылдам жетілетін түрлерін (етті және майлы) алу үшін дюрокджерсей және беркшир тұқымдарын будандастырады.

Тұқымдық аталықтарды ұрпақтарына қарай сынау. Үй хайуанаттарының селекциясында аталықтарда тікелей білінбейтін тұқым қуалау қасиеттерін, мысалы, бұқаға қарап сиырдың сүттілігін, сүттің майлылығын немесе қоразына қарап, тауықтың жұмыртқалағыштығы сияқты қасиеттерін анықтаудың маңызы зор. Бұл үшін тұқымдық аталықтарды ұрпақтары бойынша сапасын анықтау әдісі пайдаланылады. Ең алдымен тұқымдық аталықтардан біршама ұрпақ алып, олардың өнімділігін енелерінің және тұқымның орташа өнімділігімен салыстырады. Егер де төлдерінің өнімділігі жоғарырақ болса, онда тұқымдық аталықтардың құндылығын және оны бұдан былай да тұқымды жақсарта түсу үшін кең түрде пайдаланудың қажеттігін көрсетеді. Қолдан ұрықтандыру арқылы жақсы аталықтардан көп ұрпақ алуға болады.

Ұрпақтары бойынша сынау әдісі жануарлардың тұқымдарын асылдандыру селекциясында қолданылады.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.36-38.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-13 11:24:17     Қаралды-13108

АСЫЛ МЕТАЛДАР

...

Асыл металдарға алтын, күміс, платина және осы платина тобына жататын иридий, осмий, палладий, рутений және радий металдары жатады. Басқа металдарға қарағанда, асыл металдар химиялық әсерлерге тұрақтылығымен, оңай иілгіштігімен (алтын, күміс), баяу балқығ

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БИАТЛОН ТАРИХЫНАН

...

Биатлон ... «атлон» грекше «күрес» деген сөз. Биатлон жарысы кезінде спортшылар шаңғымен сырғанап және мылтықпен нысанына көздеп атып өнер көрсетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Алма жемісінің адам организмінде пайдасы мол. Онда қант, алма, лимон қышқылдары, илік және пектин заттары, А1,В1, С витаминдері бар. Жемісінен повидло, пастила, желе, мармелад, квас, компот, кофе жасалады және шырын алынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМБАҚТЫ БЕНГАЛИЯ

...

Бенгал (хинди тілінде Бангал, бенгал тілінде - Бангла) - Үндістандағы Ганг өзенінің төменгі бойымен Ганг және Брахмапутра атырауында орналасқан тарихи аймақ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »