UF

1986 жылы маусым айында Абдулла Рахымбаев Ходжент қаласындағы ұсақ саудамен шұғылданған жанұясында дүниеге келді. Осы қалада балалық шағын өткізді, орыс-түзем мектебінде оқыды. Кейін Самарқандағы бастауыш училищесінде білім алды. Оқуын жалғастырып, Ташкенттегі оқытушылар семинариясын 1917 жылы ойдағыдай аяқтады.

А.Рахымбаев Ташкентте оқып жүрген кезінде алдыңғы қатарлы зиялы Муанаввар қары, Махмудхожа Бехбудий сияқты саяси көзқарас ықпалындағы, халық мүддесі үшін қызмет етіп жүргендермен танысты. Сонымен бірге сол кезде Ташкентте шоғырланған қазақ жастары Т.Рысқұлов, С.Қожанов, А.Серғазиев тағы басқа өзімен бірге болған жерлестеңдестерімен танысып, халық мұңын жоқтау жолына түсе бастады.

1917 жылы көктемде Ташкенттен Ходжентке оралған күннен бастап жергілікті мұсылман жәдиттердің «Шурои Ислам» ұйымына қатынасып, оның белгілі жетекшісі де болды. Халық азаттығына ат салысып, Ходжент мұсылман жұмысшы Кеңесінің хатшысы болып істеді. Бұл ұйым азаттық, теңдік, әділет деген ұрандармен жергілікті халықтар ортасында үгіт-насихат істерін алып барды. Жадиттердің баспа органдары. «Садои Түркістан», «Түран», «Шурои Ислам» газеттерін парақтап оқысақ, онда өлкедегі ұлттық демократиялық әрекеттердің дамуына әсерін тигізетінін көреміз.

1918-1919 жылдары Самарқан облысында Абдулла өзінің халық алдындағы адал қызметтерімен танылып еңбекшілердің құрметіне бөленді. Өзінің көрегендігімен күннен күнге абыройы арта түсті. Оның бұл қасиеттері жұртшылық ұнатқан мемлекет жетекшісі дәрежесіне алып келді. 1920 жылы 6 тамызда А.Рахымбаев Түркістан Орталық Атқару комитетінің төрағалығына сайланды. Ол шаруалардың мүддесін көздейтін аграрлық қайта құруды жүзеге асыру ісіне кірісті, жер-су жөніндегі отарлау саясатының ауыр зардаптарын жою жөніндегі пікірлері Түркістан өлкесі еңбекшілерінде үлкен роль атқарды. 1920 жылы наурыз айынан А.Рахымбаев орталық ұлттар халық комиссариатының құрамында істеді. Бұл салада Орта Азияның экономика және мәдени дамуына күш салды. Бұл жердегі жасайтын халықтардың достығын орнату, нығайту мәселесінде елеулі еңбек етті. 1921 жылы тамызда А.Рахымбаевтың үлкен тәжірибеге ие және жергелікті жағдаймен жақсы таныстығын ескере отырып оны қайтадан екінші рет ТуркЦИК төрағалығына тағайындалды.

Ол мемлекеттің барлық салада жетістікке ие болу жолын қарастырды. Әсіресе халықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесін бірінші орынға қойды. Осы мақсатпен 1922 жылы 21 ақпанда жергілікті басшыларға жұмысшы кісілердің талаптарының ішінде жұмысшылардың еңбек орындарында қажет болған ділгірліктерді шешу, тұрмыс жағдайларына нақтылай көмек көрсету сияқты орынды мәселелер анықталды. Күнделікті бұл саладағы жұмыстың орындалуын түзілген комиссия арқылы алдыңғы қатарда болып отырды. Еңбекші халықтың жағдайын жақсартып, саулықтарын нығайту жолындағы еңбектері ілгерілей түсті. Бірақ әр заман «Халық үшін қызметтемін» деп тек қана өз бабының қамы ниетіндегілер былай тұрсын, қарарларды дөрекі бұзып байлық арттыру арамтамақтар да болған. Бұл саладағы салғырттыққа жол қоймай, бүзушыларды аямай әшерелеп жазасын беріп отырған.

А.Рахымбаевтың және бір үлкен ұлағатты істерінің бірі - білім саласына ерекше көңіл бөлуі болды. Ел үшін өте қажетті болған мамандарды дайындау үшін ынталы жастарды шет мемлекетке оқуға жіберткізді. Тікелей өзінің басшылығында 13 қыркүйек 1922 жылы жергілікті ұлттардың өкілінен болған Муминов Төлегенді, Мұхамедов Салиджанды, Қазбеков Темірбекті, Мұнадбаев Абдурахманды Германияға оқуға жіберткізді. Сол кезден басталған барлық мәселені шешу үшін орталықтың Мәскеуінің рұқсаты керектігі, кешегі тәуелсіздікке жеткенге дейін үстем еткені бәрімізге мәлім. А.Рахымбаев Мәскеуден келісім беруін сүрап әрбір студенттің Германияға барып оқуы үшін алтын ақшамен 620 сом алып өтуіне рұқсат сұрады. А.Рахымбаев және көптеген студенттерді Германияға жіберуде кететін қаражатқа жас республиканың қиыншылыққа ұшырап отырғанын жете түсініп басқа жағдайларды ойластырды. Бұл салада Республикадағы әрбір мекеме жеке адамдардың жәрдем көрсетуін ескертіп «Көмек» деген қорды түзіп оған өзі жетекші болды. Осы жолмен 1921 жылы бірқанша жастарды Германияға жіберткізіп, оларға толық «Көмек» қоры арқылы жәрдем беріліп отырылды.

Республикада барлық мүмкіндіктерін қарастырып отырып жергілікті жастар үшін курстар, мектептер, ағарту институттарын аштырды, олардан түрлі маман кадрлар дайындау шаралары жасалды. Әрине, Абдулланың бұл істері өз дәуірінде жемістерін бергендігі мәлім.

1923 жылы 23 шілдеде А.Рахымбаев Бұхара Орталық партия Комитетінің хатшысы болып сайланды.

Ол жерде бірқанша маңызды мәселелермен бірге, мектеп және мәдени мекеме құрылыс істерін кеңейтіп жіберді. Сол жылы қазанда Түркістан Орталық атқару комитетіне ауысады.

1924 жылы Орта Азияны үлттық-мемлекеттік межелеу мәселесіне А.Рахымбаев тікелей қатынасты, ол өзінің айқын пікірлерімен баяндама жасады, оның маңызын баяндады.

1925 жылдың соңында Мәскеуге оқуға келіп, Қызыл профессура институтында оқыды. 1929 жылы орталықта ағарту Кеңестің майда ұлттар комитеті төрағасы болып бекітілді. Бұл қызметінде ұлт мектептеріне оқытушылар дайындау және мектеп оқулықтарын жетілдіруде белсене шұғылданды.

1933 жылы желтоқсанда А.Рахымбаев Тәжікстан Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұл өте жауапты қызметте бірқатар әлеуметтік-экономикалық шаралардың жүзеге асырылуының басында тұрды.

Оның есімімен байланысты республикада үлкен құрылыс мекемелері, жолдар, электростанциялар, ирригациялық жүйелер салу жұмыстарына жергілікті ұлттардан жұмысшы кадрларды дайындауды амалға асырды.

Республикада ғылым мен білімінің дамуында мәдениттің өрлеуінде елеулі еңбектерімен А.Рахымбаев өте жоғары мәдениетті, терең білімді, орыс тілінен басқа 14 тілді қатар білген мемлекет және қоғам қайраткері. Ол үздіксіз ғылыми іспен де шұғылданған, оның бірқанша өзінің құрылыс істеріндегі тәжірибелері мен Орта Азияны ұлттық-мемлекетті межелеу туралы кітапшалары бар. Ол «Үлкен Кеңес энциклопедиясы» және көптеген журналдардың редколлегия мүшесі болған.

Әдеб: Тілеуқұлов Г. Жазықсыз жазаланған тұлғалар. -Ташкент, 2000. -Б.113-116.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-11-07 14:56:45     Қаралды-1185

ЭКВАТОРИАЛДЫҚ ГВИНЕЯ

...

Экваторлық Гвинея Республикасы - Экваторлық Африкадағы мемлекет.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚОЖАҚАТ – ДЕНЕГЕ ҚУАТ

...

Қожақат – биіктігі 1-3 метрге жуық жартылай бұталы өсімдік. Сабағы жерге төселіп өседі, немесе тік өсіп барып майысып тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚИЫР СОЛТҮСТІКТЕ, АРКТИКА АЙМАҒЫНДА МҰЗ ЕШҚАШАН ДА ЕРМЕЙДІ?

...

Қып-қысқа поляр жазында күн жоғары көтерілмейді, ал оның қызуы аз сәулелері мұз бен қарға тура, айнаға түскендей шағыласады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕҢІЗ КӨЛІ

...

Теңіз көлі Ақмола облысының аумағында орналасқан. Көлге Сарыарқадан басталатын Нұра өзені келіп кұйылады. Тереңдігі - 2-2,5 м. Теңіз көлінде 60-қа жуық кішігірім аралдар бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Ақ-қара фильмдерді қалай бояйды?

...

Соңғы кездері ескі ақ-қара фильмдерді бояу сәнге айналды. Бүгінгі таңдаақ-қара фильмдерді бояу технологиясы дамып кетті. Баяу процесі былай жүргізіледі: фильм санды форматқа ауыстырылады және бөлек кадрларға бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »