UF

ЕҢ ҮЛКЕН ЕГІС ДАЛАСЫ ҚАЙСЫ?

Категориясы: География


Бүкіл алқап жайылған алтын кілем секілді. Бұл - бидай, еліміздің астығы. Жел тұрса болды, теңіз суы шайқалғандай, даланы алтын түсті, сарыала толқын басады. Сол толқынды өрлеп комбайндар жүзеді, яғни астық жинайды. Комбайн соңында - машиналар, олардың шанағына комбайннан дән тасқыны үздіксіз құйылып жатады.

Кеше ғана осынау кең жазира дала соқаның не екенін білмейтін. Тың.

Бір күні жапан даладан гүрілдеген мотор үні мен шырқаған жастар даусы естілді. Соқалар тұңғыш рет құнарлы жердің қыртысын қопара жортып барады. Айдалған алқаптың шеті алысқа ұзап, брезентін дала желі жұлқылаған палаткалар пайда болды, әр тұстан оттар алаулап, тарсылдаған балталар үні бір тынбады.

...Далалы аймақ елімізде аз емес. Олар кең байтақ еліміздің әр түкпірінде бар. Ол өңірде қыста қар аз түсіп, жазда жаңбыр сирек жауады, жерге ылғал жетпейді. Өңтүстіктен соққан ыстық - аңызақ жер бетін қуратып өсімдіктерді күйдіріп жібереді.

Не істеу керек? Кәнеки, жоғарыдан тағы бір қарайықшы кең далаға, тек енді – Украина немесе Кубань даласына. Сары дала түп-түгел дәптердің бетіндей торланып, жасыл сызықпен жаршы бөліктерге бөлінген. Жасыл сызықтың әрқайсысы – тұтас бір орман алқабы. Қаз-қатар иін тірескен ағаштардың бәрі қолдан өсірілген. Олар қыста қар тоқтатып, қара жердің ақ көрпесін желге ұшырмай сақтап қалады. Ал жазда аңызақтан қорғайды.

Бұдан басқа тағы да біркелкі көгілдір белдеулер көрініп тұр. Олар - адам қолымен қазылған каналдар. Өзендер мен су қоймаларынан басталып, жүздеген шақырымға дейін кең даланың түкпіріне бойлай еніп, шөліркеген жердің шөлін қандыруда.

Дала дегеніміз - тек қана бидай, жүгері, күнбағыс немесе қант қызылшасы ғана өсетін алқап емес. Атырау мұнай кәсібі, Қарағандының көмір шахталары, Теміртаудың домна немесе мартен пештерінде балкып, құйылып жатқан металдар - бәрі де осы даланың байлығына жатады.

Қазіргі кезде далалы жерлермен жортып бара жатқан ҚҰЛАНДЫ да кездестіресіз. Дүние жүзінде тым аз қалғандықтан оның әр үйірі ғалымдардың есебінде.

АЛАМАН екі ұртын дәнге толтырып жер астындағы қоймасына кіріп кетеді. Ол бір қысқа 16 килограмға жуық бидай жинап алады. САРШҰНАҚ пен СУЫР қыс бойы тұяқ серіппей ұйықтайды, ал аламан ауық-ауық оянып, жинаған азығынан

Әр жерде қалшиып, шиқ-шиқ етіп саршұнақтар тұрады. Бұлар өсімдік тұқымдарымен және дәнмен қоректенеді. Оңтүстіктегі далалы жерлерді жүйрік киіктер (антилопалар) яғни АҚБӨКЕНДЕР мен ҚАРАҚҰЙРЫҚТАР мекендейді. Шүйгін өріс іздеп немесе су таппай ондаған шақырымға дейін жүгіру - олар үшін үйреншікті жайт.

Төбе баісында кемірушілерді аңдып дала бүркіті - ҚЫРАН-ҚАРА отырады. Құм қояның көзі шалса болды, ол шапшаң көкке көтеріліп, жемтігін ұмар-жұмар бас салады.

Далада құстар да аз емес. Мұнда айдарлы бозторғай да, жорға кекілік те, жүйрік дуадақ та бар. Дегенмен, ең көріктісі - ТЫРНА, оның өзі де тырна-сұлу деп аталады.

  Жарияланған-2016-09-09 13:21:05     Қаралды-8149

Мәлімет сізге көмек берді ма

БІРҚАЗАН

...

Бірқазан - өте ірі құс. Дене пішіні салмақты, әсіресе, тұмсығы өте ұзын. Тұмсығының астыңғы жағында азық жинайтын созылғыш тері қапшығы болады. Олар Қазақстанның қопалы өзен-көлдерінде кездеседі. Бірқазандар топтанып, көп болып тіршілік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СПЕЛЕОЛОГИЯ ІЛІМІ ӘЛЕМГЕ НЕ БЕРЕДІ?

...

Ол - адамзаттың тарихи-әлеуметтік аядағы даму эволюциясын танып-білу үшін, рухани жеттігіуіміздің тегін тектеу үшін, сонсоң туған жер төсіндегі саналы тіршілік сабақтастығын бажайлау үшін қажет дер едік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЫРҒАЙ – ҚУЫҚТЫҢ ҚАБЫНУЫНА ЕМ

...

Гүлдерінен жасалған дәрілер бронх қабынғанда, подагра және ревматизм ауруларына қарсы, буындар сырқырағанда, бүйрекке тас байланғанда пайдаланылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Ірімшіктен жасалған ай

...

Мүмкін, Ай тек балалардың елестетуінде ғана үлкен, домалақ ірімшіктің түйірі сияқты пайда болуы мүмкін.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИКОНА ЖАСАУ ӨНЕРІ

...

Куликов даласында татарлар орыс әскерінің тегеурініне шыдай алмай, тырағайлап қаша жөнелді. Сан ғасырдан бері еңсесін көтере алмай келе жатқан Русь еркіндік алды. Жұрт монғол-татар үстемдіғімің дәурені өткеніне енді-енді көздері жете бастады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГРАВЮРА ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

...

Гравюра - бетін белгілі бір өрнек салынған ағаш тақтайдан көшірілген бедер сурет. «graver» - французша бірдеңені ою, нақыштау деген сөз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »