UF

ҮҢГІР ТАНУ ТАРИХЫНДА ЕҢ ІРІ ЖАҢАЛЫҚ

Категориясы: Ғылым


Спелеология тарихындағы ең ірі жаңалық 1940 жылы ашылды. Бұл - Франциядағы әйгілі Ласко үңгірі болатын. Мұндағы суреттердің молдығы да, көнелігі де Альтамира үңгірінен әлде қайда басым еді. Ласко үңгіріндегі суреттердің кереметтігі сонда үңгірге кірген адам бейне бір палеолит дәуіріне тап болып, ондағы адамдар мен аңдар арасындағы тіршілік үшін айқаскан қанқасан арпалысты көріп тұрғандай күй кешпек. Найза тиіп, ішек-қарнын шұбата сүйреткен бизон, шүйдесі күжірейіп жер тарпыған мүйіз тұмсық, осынау дүлей күш иелерінен жазым болып жан тапсырған адам, бәрі-бәрі тіршілік үшін жанкешті болмыс-бітімдерімен жүрек сыздатады.

Ласкодағы палеолит дәуірінің ғажайып бейнелеу өнеріне көп ұзамай-ақ «Алғашқы қауым бейнелеу өнерінің Сикст капелласы» деп айдар тақты. Микеланджелоның әйгілі фрескаларымен бұлайша батыл салыстырып ат қою тегін емес те еді. Өйткені осы үңгірлердегі бейнелеу өнері оны дүниеге әкелген адамдардың ізденіс-талпыныстарын, шығармашылық ерік-күшін толық білдіріп тұр.

  Жарияланған-2016-04-20 14:17:19     Қаралды-17225

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖАҢҒАҚ ТҮТІКШЕЛЕР (ТРУБОЧКИ)

...

Жұмсарған сарымай жақсылап шайқалып, араластырыла отырып оған қаймақ, содан соң аз-аздан ұн қосылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРЫНДАШ НЕГЕ ЖАЗАДЫ?

...

Қарындаш дегенің қарапайым таяқша емес. Қарындаштың ішінде графит өзекше бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗ ҚУУ

...

Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАУШҮМІЛДЕК – ЖӨТЕЛ ПАЙДА БОЛҒАНДА

...

Құрамында эфир майлары, салицин глюкозиді, илік заттар, алкалоидтер, смола, крахмал, қант, салицил қышқылы бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕКЕР-ШҮРЕК

...

Бұл - тоқаш қамырынан жасалып, үстіне қант ұлпасы себілген, үгіліп тұратын дөңгелек печенье (құырма).

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛАДЫ?

...

Ғалымдардың айтуынша, жер қыртысы бір-бірімен байланыспаған жеті алып тақталардан тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »