UF

ШЕКЕР-ШҮРЕК

Категориясы: Тағам


Бұл - тоқаш қамырынан жасалып, үстіне қант ұлпасы себілген, үгіліп тұратын дөңгелек печенье (құырма).

Шекер-шүрек жасау үшін оған керекті шикізат былайша дайындалады. Май температурасы 4-5 градусқа жеткенше салқындатылады. Қамыр машинамен немесе қолмен иленеді. Машинамен иленген жағдайда шикізаттар мынадай тәртіппен салынады: май, жұмыртқа және ваниль эссенциясы, қант ұлпасы, ең соңында ұн.

Май машинаның қалақтарымен 15-20 минут бойы яғни түсі ағарғанша ысқыланып, жұмыртқа және эссенция қосылады. 1-2 минут, жұмыртқа майға біркелкі тарағанша араластырылады. Содан соң бірте-бірте араластырыла отырып қант ұлпасы себіледі де, 2-3 минут бойы тағы да иленеді. Илеу жұмысын бәсеңдетпестен бірдей мелшерде ұн қоса отырып, тағы да 15-20 минут илесе қамырдың сапасы жақсара түседі. Илеуге жұмсалатын барлық уақыт 33-45 минуттан аспайды. Қамырдың илеп болғаннан кейінгі ылғалдылығы 15-17 процент, температурасы 11-12 градус болуы керек. Қолмен илеу тәртібі де осылай болады. Ондағы айырмашылық - қамыр қазанға салып иленеді және оны илейтін уақыт 6-8 минут көбейтіледі. Осылайша дайындалған қамыр бөлінеді. Ол үшін алдымен илегіш машинадан немесе қазаннан алынып бөлетін столдың үстіне салынады. Сөйтіп әрқайсысының салмағы 75 грамнан келетін етіп бөліп-бө-ліп тасталады. Әр бөлік домалақтанады. Бөлу үстінде қамыр столға жабысып қалмас үшін стол үстіне аздап ұн себіледі. Осылайша бөлінген қамыр алдын-ала маймен майлаған қаңылтыр табаққа салынады.

Шекер-шурек пеш температурасы 150-160 градусқа жеткізіліп, 25-30 минут бойы пісіріледі.

Жақсы піскен тағамның астының да, үстінің де түсі солғын крем түсіндей болады, беті бадам құырмасы секілді жарылып тұрады, ортасы қызармай біркелкі піседі.

Пісірген кезде шекер-шуректің үстіңгі жағы көмпиіп көтеріледі. Сонда ол бір қарағанда дөңгелек нанға ұқсап қалады.

Дайын болған шекер-шүректің бетіне қант ұлпасы себіліп, әсемделеді. Ол үшін қаңылтыр табаңтарға салып салқындатылған шекер-шурек столға немесе ағаш тақтайларға (пирожное үшін пайдаланылатын) ауыстырылып, үстіне елекпен біркелкі етіліп қант ұлпасы себіледі. Пісірілген жартылай фабрикаттың салмағы 73 грамм, қант ұлпасының салмағы 2 грамм, сонда дайын тағамның салмағы 75 грамм болады.

Шекер-шүректер астаушаларға салынады. Оның түбіне қағаз төселеді. Содан соң бірнеше қабат етіп тағам салынады. Арасына да қағаз төселеді. Беті қақпақпен жабылады.

Бір килограмм шекер-шүрек жасауға 513,6 грамм жоғары сортты ұн, 256,8 грамм ерітілген май, 256,8 грамм құм шекер, 25,7 грамм жұмыртқа, 2,6 грамм ванильді эссенция және үстіне себу үшін 30,8 грамм қант ұлпасы жұмсалады.

Дайын тағамның формасы дөңгелек, беті жарылып тұруы керек. Ал түсі аздап крем реңді ақшыл деуге болады. Дәмі осы тағамның өзіне ғана тән болып, ванильдің иісі шығып тұруға тиіс. Кеуектілігі бір келкі. Ылғалдылығы - 5-6 процент.

Шекер-шуректі жақсы желдетіліп тұратын, бөгде иіс жоқ, ауасының салыстырмалы ылғалдылығы 60-75 процент, температурасы 14-18 градус құрғақ орында сақтау қажет.

Ескерту: тағамның формасы дұрыс дөңгелек болып шығуы үшін оларды бір-бірімен жабыстырмауға тырысу керек. Сондықтан оларды қаңылтыр табаға тым жақын салмайды, өйткені пісірген кезде қуырманың көлемі 2-2,5 есе ұлғаяды.

  Жарияланған-2016-03-01 16:14:36     Қаралды-2560

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҰСТАУҒА БАЛҒА НЕГЕ КЕРЕК?

...

Мына жарық дүниеде бір адам өмір сүріпті. Нар көтергендей күшті екен. Ертеңнен қара кешке дейін қап-қара түтін қаптаған ұстаханада ұсталық етіпті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮҢГІР ТАНУ ТАРИХЫНДА ЕҢ ІРІ ЖАҢАЛЫҚ

...

Спелеология тарихындағы ең ірі жаңалық 1940 жылы ашылды. Бұл - Франциядағы әйгілі Ласко үңгірі болатын. Мұндағы суреттердің молдығы да, көнелігі де Альтамира үңгірінен әлде қайда басым еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҮЛДІРГЕН ПЮРЕСІ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

...

Тазартылып, жуылған күріш суға салынады. Ол шала пісіріледі де сүт құйылып, әбден қайнатылады. Үстіне сарымай салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРЕВАН КЯТАСЫ

...

Ашытылған қамырдан қабатталып жасалатын тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Қытайды Батыстан Орта Азия таулары мен шөлдер ұзақ уақыт бөліп тұрған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »