UF

ТАҢҚҰРАЙДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Категориясы: Тағам


Таңқурай жидегінде қант, пектин, илік, бояу заттары, лимон, алма, құмырсқа және салиция қышқылдары, фосфор, калий тұздары, С1, Р витаминдері және А провитамині болады. Жабайы өсетін таңқурай - адам организміне керекті тағамның бірі. Оны жаңа жиналған жас күйінде жеуге болады. Сонымен қатар, тосап, джем, сироп, кисель, компот, желе, мармелад, пастила, шарап жасалады. Кондитер ендірісінде қолданылады. Шырыны алынады. Таңқурайдың кептірілген жидегін, тосабын, джемін суық тиіп ауырғанда тер шығару үшін пайдаланады. Жапырағын қайнатып тамақ ауырғанда ауыз, тісті шаяды.

Таңқурайдың шырынын қантсыз сақтау. Тазалап алынған жидектерді тас құмыраға немесе шыны банкаларға салып, аузын қағазбен жауып, байлап жылы пешке немесе духовкаға қояды. Жидек жоғары көтеріліп, төменгі жағына шырын жиналғанда, шырынын бөліп құйып алып, суыған соң оны шөлмектерге кұяды. Ішінде шырыны бар шөлмектерді бір апта терезе алдына қояды. Бір аптадан кейін шырынды сузіп алып, басқа шөлмектерге кұйып, аузын тығындап, сыртынан смола құяды. Сақтағанда шөлмектің аузын төмен қаратып, жәшіктегі кұмға батырып, салқын жерге қояды.

Таңқурайдан сироп жасау. Піскен сироптарды тазалап алып, езіп, дорбашыққа салып сүзіп, шырынын ағызып алады. Аққан шырынның 3 стаканына 1 стакан қант салып, араластырып, үш рет қайнатып, көбігін алып, шөлмектерге немесе банкаларға құйып, аузын жақсылап бекітіп, салқын жерге сақтайды.

Таңқурайдан кисель жасау. Тазаланған жидектерді тор үстіне салып езеді. Кастрюльге 2,5 стакан ыссы су құйып, үстіне қант салады да, қайнағанша пісіреді. Оның үстіне суық суға езілген картоп ұнын кұяды да қайнатады. Ыссы сироп үстіне езілген жидектерді салып, жақсылап араластырады. Кисель жасауға 1 стакан жидек, 0,75 стакан қант, 2 ас қасық картоп ұны және 2,5 стакан су керек.

Таңқурайдан компот жасау. Жас таңқурай жемісті жинап, піспегенін, бұзылғандарын, езілгендерін алып тастайды. Жидекте таңқурай қоңызының личинкалары болады. Онан тазалау үшін 1 литр суға 10 грамм ас тұзын салып, ерітіндіге жидектерді 2 минут батырып алады. Личинкалар су бетіне қалқып шығады. Личинкаларды алып тастап, жидектерді кепсерге салып, шелектегі суға батырып жуады, сонан соң суын қалдырмай ағызып алып, мойнынан 1 см жоғары етіп банкаларға салып, 0,5 л банкадағы жидек үстіне 6-7 ас қасық ұсақ қант салынады. Бетін дәкемен жауып, байлап, 4-5 сағат қояды.

Банка ішіне салынған заттар (қант, жидек) басылып, банка мойнының жоғарғы жағына келгенде әзірлеп қойған қақпақпен жауып, ыссылығы 40° ыссы суы бар кастрюльге қойып, 15 минут пастерилизациялайды. Пастеризациялап болғаннан кейін банканың қақпағын мықтап жауып, суытып, салқын бөлмеге қояды.

Таңқурайды кептіру. Кептіру үшін әлі пісіп жетілмеген жидектерді алып, күннің көзіне қойып немесе пеште, духовкада 30-35° температурада ұстайды. Жақсы кептірілген таңқурай өзінің иісін, түсін сақтайды. Кептірілген таңқурайды дәрі ретінде суық тигенде қайнатып ішеді. Адамды жақсы терлетеді.

Таңқурайдан сусын жасау. Піскен, бұзылмаған жидектерді таңдан алып, оны таза суға 3-4 рет шаяды. Қолдан тазалап жуып алып, жпдекті аздап езеді. Езілген жидектерді және оның шырынын шыны баллонға салады (10 литрлік баллонға 8 кг езілген жидек сияды). Егер қажет болса аздап қант салуға болады (1 кг жидекке 100-150 г қант). Баллонның аузын дәкемен жауып байлайды. Оны жылы жерге 2-3 күн қояды. Үш күннен кейін шырынын бөліп алып, басқа ыдысқа құйып сақтайды.

Сусынның мөлдірленуі үшін ыдысты сол күйінде салқын бөлмеге шығарып 30-50 күн қою керек. Сонан кейін (сифонмен) резина түтікпен бетінде тұнған мөлдір сусынды шөлмектерге құйып алады. Аузын тығындап, салқын жерге апарып жатқызып қояды. Баллонда қалған жидектің қалдығының үстіне қою 30%-тік сироп жасап қосып, оны ашытуға қайта қояды. 3-4 күннен кейін, шыққан шырынын тағы басқа баллонға құйып алады да, жоғарыдағы әдіспен тағы да сусын жасауға болады. Осы жолмен алынған сусында витамин сақталады.

  Жарияланған-2016-04-12 17:21:36     Қаралды-3397

Мәлімет сізге көмек берді ма

Бізге қанша уақыт ұйқы керек?

...

Біз ұйқы қашан біздің миымыз және денеміз демалған кезде болдаы деп ойлаймыз. Бұл олай емес; ұйқы бұл көптеген маңызды процестердің, қалыпқа келулердің және күш жұмсаулардың өтетін белсенді уақыттары. Ұйқы – денсаулыққа өте маңызды. Бірақ, шектен тыс көп

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАШИНА НЕДЕН ЖАСАЛЫНҒАН?

...

Әрине, машина жеке бөлшектерден құралады. Ал бөлшектер металдан жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛТАЙ АЙМАҒЫ

...

Алтай аймағы, негізінен, Шығыс Қазақстан облысы аумағын алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі таулы-қыратты келеді. Оның солтүстік-шығыс шекарасы Алтай тауларының Көксу, Қатын, Көкжота, оңтүстігі — Сауыр-Тарбағатай, Сарымсақты, Нарын, Күршім, батысы Қалб

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕНЕЦИЯ - КӨПІРЛЕР ҚАЛАСЫ

...

Италияның солтүстік-шығысындағы қала, Адриат теңізінің жағасында, Венеция облысы мен Венеция провинциясының әкімшілік орталығы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛАДЫ?

...

Ғалымдардың айтуынша, жер қыртысы бір-бірімен байланыспаған жеті алып тақталардан тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »