UF

МАШИНА НЕДЕН ЖАСАЛЫНҒАН?

Категориясы: Өнертабысты


Әрине, машина жеке бөлшектерден құралады. Ал бөлшектер металдан жасалады.

Өзіңнің ойыншық арбаңды, әйтпесе көтергіш краныңды, ойыншық экскаваторыңды әр қилы бөлшектерден құрастырғаның секілді, заводтағы жұмысшылар да металл бөлшектерден кез келген машинаны құрастырып шығады.

Сенің пайдаға асыратын бөлшектерің онша көп емес: әлденеше қаңылтыр кесіндісі, айналма ось және кішкене доңғалақшалар. Ал небір алып машиналарды жасайтын адамдардын іресек конструктор қолданатын екінші басты бөлшек.

Әрбір оське үлкенді-кішілі болат сақиналардың - дөңгелектердің арасында тұратын, жылтыр болат шариктер мен роликтерден жасалған подшипник қажет. Осындай шарикті подшипниктер болмаса, шығыршық-доңғалақтар үйкеліске ұшырап, оның айналуы қиындай түспек. Подшипник бар жерде үйкеліс азаяды. Машинаның үшінші бір қажет бөлшегі подшипник екені осыдан келіп шығады.

Сен подшипникті колмен айналдырсаң, шын машинанын доңғалағын подшипнигімен қоса электр моторы айналдырады. Демек, электр моторы дегеніміз де - машинаның басты бөлшегі.

Машина жасауда берілістің те мәні зор. Мәселен, велосипед теуіп келе жатқанда, педальды айнал- дыратын аяғың емес пе? Сонда велосипедтің шынжыр бауы беріліс қызметін атқарады. Ол педальдың айналысын артқы доңғалаққа жеткізеді. Сол себепті де велосипед қозғала бастайды.

Басқа машиналардағы беріліс тәсілі бұдан гөрі өзгешелеу. Мәселен, айналып тұрған бір доңғалақтың тісі екінші бір доңғалақтың тісіне кигізілсе, онда екінші доңғалақ та айнала бастайды. Тісті беріліс дегеніміз осы!

Тағы бір қызық жай: егер тісті үлкен доңғалақ - мұны біз шестеренка деп атаймыз - кішкене доңғалақты айналдыра бастаса, онда үлкеніне қарағанда кішкенесінің жылдамдығы әлдеқайда артық түсіп жатады. Керісінше: кішкене доңғалак үлкен доңғалақты айналдыра бастаса, онда кішкене доңғалаққа қарағанда үлкен доңғалақ баяу айналады. Машиналардың әр түрлі жылдамдықпен жүруі тісті доңғалақтардың осындай қасиетіне негізделген. Автомобильде үлкенді-кішілі доңғалақ тістерден тұратын тұтас қорап бар. Ол беріліс қорабы деп аталады. Автомобильді жүргізу үшін жүргізуші ең алдымен ең қуатты, бірақ баяу қозғалатын бірінші берілісті рычаг арқылы іске қосады. Жылдамырақ жүру үшін – екіншісін, содан соң - үшіншісін, ең соңында ең жылдам - төртіншісін іске қосады.

Ал енді, велосипедіңнің тепкішегін аяқтарың емес, керісінше - тепкішек сенің аяқтарыңды жоғары-төмен кезекпен қозғайды екен делік. Машиналардың көбіндегі жағдай осыған ұқсайды. Әрине, машиналардың аяғы жоқ, ондай аяқтың қажеті де жоқ.

Оның есесіне машинаның шатун деп аталатын болат қолы бар. Доңғалақ айналған кезде шатун да онымен бірге ілгері-кейін, жоғары-төмен зырлай береді. Егер шатунның екінші басына ара орнатсаң, машина кез келген затты аралап кеседі, насос орнатсаң, су мен мұнайды айдайды, өткір алмас егеу орнатсаң, болат темірдің өзін сүргілей бастайды.

Мотор, доңғалақ, ось, подшипник, шатун... - міне, осы секілді негізгі бөлшектерді пайдалана отырып, ересек конструктор- инженерлер әр түрлі машиналарды құрастырып шығарады.

  Жарияланған-2016-09-18 13:59:50     Қаралды-5320

Мәлімет сізге көмек берді ма

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ КІШКЕНТАЙ ЕЛДЕР

...

Осы мақалада әлемдегі ең кішкентай мемлекеттер көрсетілген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕДЕ ЕҢ ЖЫРТҚЫШ ҚАЙ АҢ?

...

Біз әуелі ең ірі жыртқыштардың бірі - аң патшасы арыстанды аузыңа алғандықтан, әңгімемізді содан бастайық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫС КИІМДЕРІН ТАЗАЛАУ

...

Ауыр жұмыс мамандықтағы адамдардың жұмыс киімдері әрдайым қатты кірлеп, май теңбілденіп кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ

...

Қабығы аршылып, өзегінен тазартылған алма салқын суға салынып, дайын болғанша қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҮЗІМ НУГАСЫ

...

Туралған курага мен жүзімнен қайнатып жасалған төрт қырлы ұзыншалау кәмпит жүзім нугасы деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚҚАЛАҚ

...

Аққалақ - Қазақстандағы жыртқыш аңдар ішіндегі ең кішкентайы. Ұзындығы - 35 см. Ол - батыл, айлакер, ұзын құйрықты аң. Аққалақты кейде «аққия» деп те атайды. Қыста жүні ақ, жазда арқа жүні қызыл қоңыр немесе қара бурыл, бүйірі қара, бауыры ақ болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »