UF

ҚАРАБАХ КЯТАСЫ

Категориясы: Тағам


Бұл да тоқаш қамырынан жасалатын тағам.

Қамыр ашытылады. Қамыр ипейтін машинаға температурасы 28-30 градус аз ғана суға ашытқы салып ерітіліп, содан соң илеуге кететін барлық ұнның 20-25 проценті мөлшерінде ұн, сондай мөлшерде су қосылады да барлығы мұқият араластырылады. Қамырдың ашу мерзімі температура 29-30 градус кезде 2,5-3,0 сағатқа созылады.

Жоғарыда айтылған тағамды жасау үшін клейковинасының сапасы жақсы ұн пайдаланылу керек.

Қамыр мынадай тәртіппен иленеді: ертілген май, құм шекер, жұмыртқа, ванилин және тұз біркелкі масса болғанша араластырылады да содан соң оған ашыған қамыр қосылады, сөйтіп тағы араластырылады. Үстіне қалған ұн салынып, біркелкі масса болғанша илене береді. Ал оның илеп болғандағы температурасы 28-30 градус, ылғалдылығы 25-27 процент болу керек. Қамырдың ашу мерзімі – 1,0-1,5 сағат.

Ішіне салатын шикі заттарды жасау үшін алдын-ала 10 градусқа дейін салқындатылған және микс-машинада немесе маркасы басқа машинада ысқыланған майдың үстіне қант ұлпасы, ванилин қосылып, мұқият араластырылады да үстіне ұн қосылады. Ішіне салынатын бұл заттарды біркелкі үгітілгіш, ылғалдылығы шамамен 11-13 процент болатын масса алынғанша араластыру қажет.

Дайын қамыр 250 грамнан бөлінеді де ер бөлік оқтаумен немесе жанышатын машинамен 5-6 миллиметр қалындықта дөңгелектеліп жайылады. Жайылған қамырға ішіне салатын заттың 200 грамын салып, шеттері біріктіріліп тасталады. Содан соң қолмен 1,5-2,0 сантиметр қалыңдықта дөңгелектеліп, үстіне жұмыртқа жағылады да, көлбеу жолаң етіп тесіп не сызып бедерлер салынады. Содан кейін маймен майланған табақтарға салынып, температурасы 200-220 градусқа жеткізілген пешке қойып, 25-35 минут бойы пісіріледі.

Салқындаған тағам қағаз төселген астаушаларға тікесінен салынады.

Бір килограмм карабах кятасын жасауға 347,5 грамм жоғары сортты ұн, ішіне салатын заттармен араластыратын 278,0 грамм жоғары сортты ұн, ішіне салатын 104,3 грамм қант ұлпасы, 69,5 грамм құм шекер, 67,8 грамм ерітілген сарымай, ішіне салатын 119,9 грамм ерітілген сарымай, 55,6 грамм жұмыртқа, сыртына жағатын 13,9 грамм жұмыртқа, 0,14 грамм ванилин, ішіне салатын 0,1 грамм ванилин, 5,2 грамм тұз және 10,4 грамм ашытқы жұмсалады.

Тағамның формасы дөңгелек, түсі ашық қоңыр, беті жылтыр болады. Беті жолақтап әсемделген. Аздап ванилин иісі шығып тұрады. Ылғалдылығы 12-15 процент.

  Жарияланған-2016-03-02 12:17:48     Қаралды-1890

Мәлімет сізге көмек берді ма

СУ ДОБЫ

...

Су добы ойынының шығу тарихы кездейсоқ оқиғаға байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨЗ ЖҮГІРЕТІН ЖОЛ ЖАЙЫНДА

...

Әуелгі сөз латынның «транспортаре» - «тасымалдау» деген сөзінен шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМ-НОХУТ

...

Бұл - алма және өрік пюресін қайнатып, крахмалға құлпынай формалы етіп салынған және бадамның ұсақтап туралған массасына аунатып алынған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АТ ОМАРЛАСТЫРУ

...

Қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық ойыны.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«ҚАРАКӨЗ» ҚУЫРМАСЫ

...

Қаракөз қуырмасын жасау үшін белок пайдаланылады. Сары уызынан мұқият тазартылған белок салқындатылады, көпіршітіліп шайқалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »