UF

БАДАМ-НОХУТ

Категориясы: Тағам


Бұл - алма және өрік пюресін қайнатып, крахмалға құлпынай формалы етіп салынған және бадамның ұсақтап туралған массасына аунатып алынған тағам.

Дайын тағамның сыртына жабыстырылатын бадам жақсылап тазартылады. Одан бүлінген дәндер мен бөгде қоспалар алынып тасталады. Қайнаған сумен үш рет шарпиды, соңғы рет шарпығанда оны қайнаған суда 5-7 минут бойы ұстайды. Содан соң суы төгіліп, бадамның қабығы аршылады.

Тазартылған бадамды температурасы 140-150 градус пешке қойып 5-7 минут бойы кептіреді. Содан кейін пештен алып, салқындатылады да пышағы бар оқтаумен мөлшері 2-3 миллиметр болатындай етіп бөлінеді.

Картоп крахмалы температураны 35-40 градусқа жеткізіп, 25-30 минут бойы кептіріледі.

Жартылай фабрикат дайындау үшін мыс қазанға өрік, алма пюресін және құм шекер салынады. Масса үздіксіз араластырыла отырып, 1,0-1,5 сағат бойы қайнатылады. Қайнап болды-ау деген кезде сірне қосылады.

Қайната бастағанда температура 100-105 градус, ал қайнап болды-ау деген кезде 105-110 градус, қайнатылған массаның ылғалдылығы – 12-14 процент болуы керек.

Ауасы сиретілген жағдайда қайнатылатын болса, бұл процесс едәуір қысқарады.

Дайын болған соң оттан алынған массаға алдын ала суға 1:2 қатынаста езілген лимон қышқылы, өрік эссенциясы қосылып, мұқият араластырылады.

Жартылай фабрикат алу үшін алдымен оған форма берілетін материал әзірленеді. Ағаш астаушаға немесе столдың үстіне кептірілген картоп крахмалы төгіліп, сыртына бірдей қашықтықта бедерлеп құлпынай, таңқурай т. с. с. салынған оқтаумен крахмалдың бетіне бедер түсіріледі. Сол ойыс бедерлерге ұшы кесілген конус тәрізді воронкамен жеміс массасы салынады. Өрік және алма пюресінің сілікпе сияқты созылатын қасиетіне байланысты қайнатылған масса тығыз құйылады.

Салынғаннан кейін, 20-25 минуттан соң тағам қатаяды да крахмалдан оңай алынады. Крахмалдан алынған тағам металл торы бар елекке салынады да крахмалынан еленіп, тазартылады. Оның бетінде қалған крахмалды салқын сумен екі қайтара жуып арылтады. Содан соң олар астаушаларға салынып, температураны 30-35 градусқа жеткізіп 30-40 минут бойы кептіріледі. Өйткені крахмалын жуғаннан кейін тағамның беті су болып, жабысқыш келеді. Бұдан кейін тағам жармаланған бадам дәніне аунатылады.

Бір килограмм бадам-нохут жасау үшін 56,2 грамм алма пюресі, 393,7 грамм өрік пюресі, 674,8 грамм құм шекер, 3,37 грамм сірне, 2,8 грамм лимон қышқылы, 196,8 грамм бадам дәні және 2,2 грамм өрік эссенциясы жұмсалады.

Дайын өнімнің формасы құлпынай сияқты болады. Дәмі мен түсі қант қосып қайнатылған өрік пюресінің дәмі мен түсіндей, аздап бадамның дәмі білінетіні бар. Қоюлығы сілікпе тәрізді аздап созылып тұрады. Ылғалдылығы – 10-12 процент. Бір килограмында – 100-105 кәмпит болады.

Дайын тағам ағаш жәшіктерге дұрыстап қатарластырып салынады. Жәшіктің түбіне және тағамның әрбір қабатының арасына қағаз төселеді.

  Жарияланған-2016-02-29 19:18:48     Қаралды-1946

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАРЫНДАШ НЕГЕ ЖАЗАДЫ?

...

Қарындаш дегенің қарапайым таяқша емес. Қарындаштың ішінде графит өзекше бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАРСТЫҢ ТҮСІ НЕГЕ ҚЫЗЫЛ?

...

Егер сендер түнгі аспанда өздеріңе қарап жымың қағып тұрған қызыл жұлдыз көрсеңдер бұл - Марс дей беріңдер. Марс - біздің Жердің ең жақын көршісі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҰТ АҒАШЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

...

Тұт ағашының жидегін жеуге болады. Жапырағында, қабығында илік заты көп. Жидегінің құрамында қант көп болады, жеуге келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР

...

Жалаңтөс Сейітқұлұлы (1576 - 1656 жж.) - қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшы, Самарқандтың аталығы (әмірі). Туған жері - Сырдарияның төменгі ағысы. Шыққан тегі - Кіші жүздің төртқара руынан. Жалаңтөс баһадүрдің арғы атасы Ораз кезінде Әмір Темір

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЙБІТШІЛІК ҚҰСЫ

...

Адам үшін пайдалы, өте момын кұстардың бірі - кептер. Көптеген адамдар бос уақытында кептер өсірумен шұғылданады. Кептер барлық елде тіршіліктің, бейбітшіліктің, сүйіспеншіліктің белгісіне айналған. Кептер - адамның өте ертеден қолға үйреткен құсының бір

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАС КИІМДЕРДІ ТАЗАЛАУ

...

Бас киімдерді әр түрлі әдіспен тазалауға болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »