UF

ӨЗБЕК ХАНДЫҒЫ - КӨШПЕЛІ МЕМЛЕКЕТ

Категориясы: Тарих


ӨЗБЕК ХАНДЫҒЫ - 15 ғасырдың 20-60 жылдарында Қазақстан жерінде өмір сүрген феодалдық мемлекет. Б.А.Ахмедов бұл хандықты «Көшпелі өзбек мемлекеті» деп атауды ұсынды. Өзбек хандығы ішкі өзара қырқыс нәтижесінде 15 ғасырдың 20 жылдарында Жошы әулеті (Жұмадұқ хан, Махмұд қожа хан, Мұстафа хан т.б.) билеген бірнеше феодалдық иеліктерге бөлініп кеткен Ақ Ордадан бөлініп шықты. Орыс ханның немересі Барақ Темір әулетінен шыққан Ұлықбектің көмегімен 1425 жылы Ақ Ордаға хан болды, алайда феодалдық қырқыс тыйылмай, Барақ хан 1428 жылы өлтірілді. Ол кезде Орда-Ежен мен Шайбани ұлыстарының жерлерін өзіне қосып алған өзбек ұлысындағы (жазба деректерде Ақ Орда 14 ғасырдың аяғынан бастап осылай аталады) өкімет билігі Әбілхайыр ханның қолына көшті.

Әбілхайыр хан мемлекетінің территориясы Ноғай Ордасының шығысына қарай; оңтүстікте Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінен бастап, солтүстікте Тобыл және Ертіс өзендерінің орта ағысына дейін, батыста Жайық өзеннен бастап, шығыста Балқаш көліне дейінгі жерлерді, яғни Сырдарияның төменгі бойындағы аймақты, Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Сібірді алып жатты. Өзбек хандығының этникалық құрамы Ақ Орданың және Ноғай Ордасынын бір бөлігінің құрамымен бірдей болды. Оның құрамына 14 ғасырдың аяғы - 15 ғасырдың басында «өзбек» деген жалпы ортақ атпен біріккен [Өзбекстан (14-15 ғ.)] Қаңлы, Қоңырат, Кенегес, Қарлуқ, Қыпшақ, Найман, Маңғыт, Үйсін, Арғын, Қытай (Хитай), Бұрқұт, Қият, Қосшы, Жат т.б. тайпалар, яғни 14-15 ғасырларда «қазақ» деген этникалық атаумен түркі тілдес халык болып қалыптасқан тайпалар кірді. Бұл тайпалар әкономикалық даму және материалдық мәдениетінің дәрежесі жағынан бір-біріне жақын еді. Өзбек хандығы халықтарының негізгі кәсібі - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, кей жерлерде (өзен, көл алқаптарында, әсіресе оңтүстікте) отырықшы және жартылай отырықшы егін шаруашылығы болды. Әбілхайыр хан билеген хандықта патриархалдық-феодалдық қатынастар устем болды. Хандық әлсіз феодалдық мемлекеттік бірлестік дәрежесінде қалды, онда Жошы әулетінен шыққан хандар (Махмұд хан, Ахмет хан т. б.) мен көшпелі тайпалар көсемдерінің феодалдық өзара қырқысы толастамады. 1446 жылы Әбілхайыр хан Сырдарияның орта бойындағы қалаларды (Сығанақ, Аққорған, Өзкент т.б.) басып алды, мұның өзі оның хандығын едәуір кушейтті. Сығанақ хандықтың астанасы (бұған дейін астана Тара, Орда-Базар қалалары еді) болды. 1457 жылы Әбілхайыр хан Сығанақ қала түбінде қалмақтардан жеңілді. 1459 ж. ш. Жәнібек пен Керей бастаған тайпалардың бір бөлігі Әбілхайыр елінен бөлініп, Батыс Моғолстанға көшіп кетті. Әбілхайыр 1468 жылы оларға қарсы жорық жасады. Әбілхайыр хан өлген соң (1468), ол құрған мемлекет көп кешікпей ыдырап кетті. Оның мирас-қоры Шейх-Хайдар хан өзара қырқыс кезінде өлтірілді, 70 жылдардың бас кезінде Әбілхайыр ханның иелігіндегі бұрынғы жерлер Қазақ хандығының құрамына кірді. Мемлекеттің ыдырауына феодалдық өзара қырқыс пен әулеттік тартыстың бәсеңдемеуі және хан өкіметінің әлсіздігі, феодалдық қанаудың күшеюі, феодалдық жоғарғы топ пен көш пелі рулар арасындағы таптық қайшылықтардың шиеленісуі, сондай-ақ қазақ халқының қалыптасып, Жетісудың басына қазақ хандарының күшеюі, осыған байланысты 15 ғасырдың аяғы - 16 ғасырдың бас кезінде Мауараннахрға кеткен бір топ өзбек тайпаларының бөлініп шығуы себеп болды.

Әдеб.: Қазақ ССР тарихы. 1-т. -А., 1957, 139-140 б.; Мас’уд бен Осман. Кухистани, Тарих-и Абулхайр-хани, в кн.: Материалы по истории казахских ханств ХҮ-XVIII веков. -А.-А., 1969, с. 135-171; Ахмедов В.А. Государство кочевых узбеков. -М., 1965; Иванов П.П. Очерки по истории Средней Азии. М., 1958. -С. 15-45.

  Жарияланған-2019-09-09 17:39:52     Қаралды-1636

Мәлімет сізге көмек берді ма

Загрузка...

ТОҒЫМ ХАН

...

Тоғым хан да - Жәнібек ханның ұрпағы. Жәнібектің тоғызыншы ұлы Жәдік сұлтанның баласы. Тоғым хан елдің орталығында, оңтүстігінде билік кұрады. Сырдария өзені бойындағы қалалар Тоғым ханға қарайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨКШЕТАУ ҰЛТТЫҚ ТАБИҒАТ САЯБАҒЫ

...

Көкшетау ұлттық табиғат саябағы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жердегі қорықтық аймақ. Ақмола облысының Айыртау, Зеренді аудандары аумағында орналасқан. Құрамына Шалқар, Зеренді көлдері, Айыртау шоқылары, қалың қарағайлы орман кіре

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ МҰРАЖАЙЫ

...

Археология мұражайы Қазақстандағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көне заман мұраларын сақтап, зерттейтін мекеме болып табылады. Бұл мұражай 1973 жылы Тарих, археология және этнография институтының жанынан ашылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫМЫЗ - БАТЫРЛАР СУСЫНЫ

...

Қымыз - бабын таппасаң өте кірпияз ас.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ НАНЫ

...

Дөңгелек, шеттері қалың да, ортасы жұқа нан осылай аталады. Салмағы - 0,2 килограмм.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМАТЫДА ДА АЛЫП ЕМЕН АҒАШЫ ӨСІП ТҰР

...

Алматы тұрғындарынын ішінде де ұзақ жасаушы қарт адамдар кездеседі, бірақ та оларды, саусақпен ғана санауға болады Ал, ағаштардың арасында «ұзақ жасаушылары» көптеп кездеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »