ӘБІЛҚАЙЫР ХАН
Категориясы: Тарих
Әбілқайыр хан (1693-1748 жж.) - ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы, мәмілегер, Кіші жүз ханы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны - Өсекенің (Үсек) ұрпағы.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Әбілқайыр қазақ елінің бас хандығына таласады. Бірақ мұрагерлік жолмен таққа Тәукенің ұлы Болат отырады. Ол кейін өзінің күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білетін әскери қолбасшылығымен, батырлығымен, ақылдылығы және саясаткерлігімен танылып, Кіші жүзге хан болып сайланады.
Әбілқайыр хан сайланбай тұрған кезінде қалмақ билеушісі Аюханның қол астында қызмет етіп, орыс князьдігіне қарсы башқұрттар көтерілісіне қатысады. Кейін ол Аюханмен де, башқұрттармен де шайқасқа түседі. Көтеріліс кезінде көрсеткен ерлігі оны әйгілі етеді.
1723 жылы Еділ қалмақтарына соққы беріп, олардың жоңғарлармен бірігуіне кедергі жасайды. Одан соң жоңғарларды басып тастап, қазақтарға Түркістанды қайтарып алып береді. Оның мұндай батырлығы мен соғысты ұйымдастыру қабілетіне көзі жеткен халықтың оған сенімі артады. 1726 жылы болған Құрылтайда қазақтың үш жүзі бірігіп, Әбілқайырды жоңғарларға қарсы бастайтын бүкіл қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп тағайындайды. Ол халықтың сенімін ақтай білді. Әбілқайырдың басшылығымен қазақтар өз жерлерінен жоңғарларды қуып шықты.
Қазақстандағы көптеген тарихи жағдайлар Әбілқайыр ханның есімімен байланысты. 1729 жылы Аңырақайдағы ойраттарды талқандаған соғыста әскерді үйлестіру Әбілқайырдың қолында болады. Бұл қазақтардың жоңғарларды бас көтере алмастай етіп күйреткен, Қазақ хандығының қуатты ел екенін көрші елдерге паш еткен ірі жеңісі еді. 1731 жылы Әбілқайыр хан Кіші жүздің Ресей империясының қол астына кіргендігі жөнінде ант береді. Осылай Қазақстанның Ресейге бірігуінің ұзақ та, қиын жолы басталды.
Жарияланған-2015-11-13 17:56:19 Қаралды-16637
КҮНДІЗ КӨРІНЕТІН ЖҰЛДЫЗ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

Бұл - аспандағы ең жарык жұлдыз, жарықтығы сондай, азанда - барлық жұлдыз өшкен кезде Таң шапағымен бірге жарқырап тұрады, ал ақшамда көк жузінде бар жұлдыздан озып, ең алдымен көрінеді.
МЕЙІЗ ШӘРБӘТІ

Кастрюльге қойытылған сүт, қант және су құйылып, қыздырылады да үздіксіз араластырыла отырып қайнатылады.
АСЫЛ МЕТАЛДАР

Асыл металдарға алтын, күміс, платина және осы платина тобына жататын иридий, осмий, палладий, рутений және радий металдары жатады. Басқа металдарға қарағанда, асыл металдар химиялық әсерлерге тұрақтылығымен, оңай иілгіштігімен (алтын, күміс), баяу балқығ
НЕГІЗГІ УЛАҒЫШ ЗАТТАРДЫ ҚАЛАЙ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУҒА БОЛАДЫ?

Улағыш заттар - адамдарды, малдарды, өсімдіктерді және сыртқы ортаны зақымдауға арналған улы химиялық қосылыстар. Зақымдаушы әсерінің сипатына қарай улағыш заттар мынадай топтарға бөлінеді
БИДАЙ-ЖҮГЕРІ БӨЛКЕЛЕРІ

Сүттен, бидай ұнынан және ашытқыдан қамыр (ашытқы), жүгері ұнынан, судан және тұздан қайнатпа дайындалады.
ЕҢ ҚЫМБАТ БАҒАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚ

2005 жылы гонконгтық саңырауқұлақ сатушы спутниктік байланыс арқылы өзінің 1,2 килограмдық ақ трюфель саңырауқұлағын Италияда өткен қайырымдылық аукционында 95 мың евроға сатқан.