UF

ҚЫМЫЗ - БАТЫРЛАР СУСЫНЫ

Категориясы: Тағам


Қымыз - бабын таппасаң өте кірпияз ас. Ол тазалық-гигиеналық шарттармен бірге, технологиялық және температуралық тәртіпті қатаң сақтауды талап етеді, дейді А. Нұрсила. Баяғыда біздің ата-бабаларымыз қымыздың дайындалу процесін, оның бабын түсі мен жұпар исінен, дәмінен ажырата білген. Бұл үлкен тәжірибемен келетін білім.

Қымыз - халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Қымыз тарихының алты мың жылдығына орай «Қымызмұрындық» халықтық фестивалінің өткізілуі де соның айғағы.

Қазіргі таңда медицинасы өрлеп тұрған Израйл, Франция, Египет, Германия, Жапония, Қытай елдерінде қымызға сұраныс күрт артып отыр.

Қымыз сапасы бүгінгі күні дәмі, уақыты, шипалық қасиеті, ыдысына байланысты және биенің сауылған кездегі жасына орай бөлінеді.

Мұрат Әуезов: «Бұл тек қана Қымыз емес, халықтың рухы. Қымыз - тірі қан. Халқымыздың, керек болса, мемлекетіміздің асыл қаны» - деген еді. Сондықтан біз қымызға ерекше мән беруіміз керек.

Қымызды зерттеп жүргеніме жиырма төрт жыл бол- Ды, сол еңбегімді жинап, «Қымызмүрындық» деген еңбек шығардым. Осы уақыт аралығында шетелдегі қазақтардың көмегімен қымыздың жетпіс түрін таптым, - дейді биология ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнайын Сейітов.

Ұрпағымызға ұқтыра алмай жүрген асыл сусынымыздың қадірін біз азғантай жаңалығына бола аузымыз ашыла беретін Батыс Еуропаңыз әбден біліп болған. Мысалы, Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшілігі, қымыз өндірумен шұғылдантын Цольман әулетінің фермасымен, Германияның қазақ диаспорасымен, Германияға қоныс аударған қазақстандықтармен бірлесе отырып, Баден-Вюртемберг жеріндегі Вальдбруни-Мюльбен қаласында «Қымыз күні - хоффест» мерекесін өткізді - дейді зерттеуші Мұрат Керейбай.

Жалпы, біздің елімізден өз атамекеніне қоныс аударған немістер қымыздың қыр-сырын терең меңгергендігін білген абзал.

Ертеде қазақ арасында бие сүтінің кереметін білдіретін әйгілі Қоңырбай батырға байланысты мынадай аңыз тараған...

Ол жорықта жүрген шағында атастырып қойған қалыңдығын қалмақтар  алып кетіпті. Жылдар өтіп, үйлі-баранды болған батыр қалмақтардан кегін қайтарып, сүйіктісін тартып алады. Еш кедергіге қарамай ғашығына үйленбек боп, ақсақалдардан бата сұрайды. Көпті көрген қариялар кеңесе келе, дәстүрлі тазалау рәсімімен - боз биенің сүтіне әлгі келіншекті шомылдырады. Осыдан соң ғана батыр оған үйленіпті. Қымызға түскен келіншек қыздай құлпырып шыға келіпті.

  Жарияланған-2016-09-01 13:27:25     Қаралды-3968

Мәлімет сізге көмек берді ма

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАРСЫ РУЛЕТ

...

Бұл - өрік пюресінен және қант помадасынан жасалған, рулет түрінде бөлініп, жармаланған бадамға аунатылған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТАРДЫҢ КЕРЕМЕТ ТАҒАМ - ҚАЗЫ

...

Қазы – жылқы етінің ең шиманды бөлігі. Оны ішекке тығып та, ішекке тықпай да сақтауға болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЫНЫСЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

...

Дем алғанда аузың әрдайым жабулы болсын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ХАЛВАЙТАР

...

Ұннан жасалған сүйық алуа осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »