РЕПРОДУКЦИЯ ДЕГЕН НЕ?
Категориясы: Өнер
Журнал мен кітап бетінен кейде суретшілердің картиналарын да ұшырастырамыз. Бірақ олар өнер туындыларының түпнұсқасы емес, репродукциялары ғана. «Репродукция» -картиналарды қайтадан көп дана етіп басып шығару деген сөз.
Репродукция типографияларда басылады. Оны әзірлеудің бірнеше әдістері бар. Бұл ретте шеберлер түпнұсқаның бояу ерекшелігін мейлінше дәл беруге тырысады.
Репродукциялар өнер шығармаларымен мыңдаған адамдардың танысуына жағдай жасайды. Біз репродукциялар арқылы басқа қалалардың, тіпті басқа елдердің музейлеріндегі жеке кісілер жинаған шығармалармен де таныса аламыз. Егер репродукция болмаса, біз көптеген өнер туындыларын атымен көре алмай өткен болар.
Жарияланған-2016-11-17 11:51:11 Қаралды-5765
ЖЕМІС ҚОСЫЛҒАН СҮЗБЕ

Сарымайға қант қосу керек. Үгілген ірімшік, жүзім, кептірілген өрік, қуырып, ұнтақталған жаңғақ, ванилин қоса отырып, ағарғанша езіледі.
АСАН ҚАЙҒЫ

Асан Қайғы - қазақтың ақын-жырауы, философы. Ол XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында өмір сүрген. Жәнібек ханның кеңесшісі болған. Асанның шын есімі - Хасан Сәбитұлы.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПРОПОРЦИЯ

Бұл латынның «proportio» - «үйлесім», «сәйкестік» деген сөзінен шыққан. Ол қандай да зат болмасын оның жеке-жеке бөліктерінің арасындағы белгілі бір сәйкестікті білдіреді.
БҮРГЕН (ШӘҢКІШ)

Бүрген – биіктігі 3 метрге дейін жететін бұталы өсімдік. Қабығы қызыл қоңыр, жапырақтары қарама- қарсы орналасқан, үш, бес салалы, сабақтары ұзын.
Жалынды кемпірқосақ

Жалынды кемпірқосақ ең сирек кездесетін атмосфералық феномендердің бірі болып табылады – ол кемпірқосақтардан жасалынған бұлт сияқты көрінеді. Ол ешқандай да кемпірқосақ емес және отқа қатысы да жоқ, бірақ бұл табиғат құбылысы ешкімді де енжар қалдырмайды
ӘЛЕМНІҢ 9 ТАҢҒАЛАРЛЫҚ АҒАШТАР

Өсімдіктердің мыңдаған түрлері жер шарының түкпір-түкпірінде өсетін ғаламат ағаштар, оның ішінде 9 түрлері төменде келтірілген.