КҮРЕҢОТ - НЕРВ ЖҮЙЕСІН ТЫНЫШТАНДЫРАДЫ
Категориясы: Өсімдікті
КҮРЕҢОТ – КИПРЕЙ УЗКОЛИСТНЫЙ, ИВАН-ЧАЙ
Күреңот – биіктігі 2 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Жапырақтары ұзынша, кезектесіп орналасқан. Сабағы тік өседі, гүлдері қызыл, кейде ақ түсті ұзын, масақ тәрізденіп шоғырланып тұрады. Жемісі - ұзынша келген жіңішке қауашақ, ішінде көптеген дәндері бар.
Тау беткейлеріндегі шабындықтарда өседі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жапырағын жинайды. Құрамында херофиллин деген алкалоид, илік заттар, С витамині бар. Бұдан жасалған дәрілердің нерв жүйесін тыныштандыратын, қабынуға қарсы әсер ететін қасиеттері бар. М.Н.Баринановтың мәліметтеріне қарағанда, салыстырылған 50 өсімдіктің ішінде күреңот қабынуға қарсы әсер егуі жағынан бірінші орын алады. Халық медицинасында асқазанға жара түскенде, бас ауырғанда, ішек қабынғанда бұл өсімдікті шай ретінде демдеп ішеді.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 15 грамм өсімдікті 1 стакан кайнап тұрған суға салып, 20 минут тұндырады да, 1 ас қасықтан күніне 3 рет тамақ алдында ішеді.
Жарияланған-2016-07-13 16:15:54 Қаралды-2378
ҚАРА АЛХОРЫ ҚОСЫЛҒАН КҮРІШ

Күріш күрмегінен тазартылып, жуылады, кептіріліп қуырылады. Мұқият жуылған қара алхоры жартылай дайын болғанша қайнатылады да дәндері алынып тасталып, жіңішкелеп тілінеді.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ТҮПНҰСҚА

Біз картинаны не мүсінді көріп: «Бұл түпнұсқа ғой», - деп ерекше ізет білдіреміз.
ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ӘДЕМІ БАҚТАР МЕН САЯБАҚТАР

Әлемнің ең әдемі бақтар мен саябақтар виртуалды қыдыруға шақырамыз:
ЕРЕКШЕ НЫСАНДЫ АРАЛДАР

Біз айналадағы әлемге қарап, кейбір өзімізге таңғаларлықпен байқалатын нысандарды таныс бейнелерге ұқсастыруға келетін болады.