Дәм қабық (корица) қосылған бисквит
Категориясы: Тағам
Бұл тағам шайқалған қамырдан жасалады да арасына дәм қабық салынады.
Қатырған жұмыртқа қоспасы мен қант универсалды машинамен әбден шайқалады да (30-40 минут бойы) үстіне ұн салынады. Содан соң біркелкі масса алынғанша тез-тез араластырылады. Иленіп болған қамырдың ылғалдылығы 35-37 процент болуға тиіс.
Дайын болған қамыр сол бойда мөлшері 200 х 200 миллиметр қаңылтыр формаға салынады, оған алдын-ала қағаз төселіп қойылады. Әуелі қамырмен форманың жартысы, содан соң үштен бір бөлігі толтырылады да қамырдың бетіне қалың және біркелкі етіліп ұнталған дәм қабық (шамамен формадағы қамыр массасының 2,5-3,0 процентіндей) себіледі. Содан соң тағы да форманың 1/2-1/3 бөлігіндей қамыр салынады.
Әр формадағы қамырдың бетіне шамамен қамыр массасының 2,5-3,0 процентіндей туралған бадам дәні себіледі.
Бадам сеуіп болысымен қамыр шөгіп кетпес үшін температура 180-200 градусқа жеткізіледі де, 35-45 минут бойы бірден пісіріледі.
Пісіріп болған соң ішіне қағаз төселген астаушаларға салқындатылған бисквит салынады.
Бір килограмм бисквит жасауға 347,8 грамм жоғары сортты ұн, 347,8 грамм құм шекер, 521,7 грамм жұмыртқа қоспасы, арасына салатын 10,4 грамм дәм қабық, кептірілген, тазартылып, туралған 34,8 грамм бадам (бұл 41,7 грамм тазартылмаған бадамға тең) жұмсалады. Бұл бадаммен тағамның беті әсемделеді.
Дайын бисквиттің формасы төрт бұрышты, түсі ашық қоңыр, бетіне ұнтақталған бадам себілген. Ылғалдылығы – 22-24 процент.
Жарияланған-2016-03-15 15:58:42 Қаралды-2901
БҰЖЫ - ТІЛ ҮЙІРЕР ДӘМДІ АС

Жаңа сойылған малдың іш майы, өкпе–бауыр, ішек–қарны, етті мүшелегенде түскен кесінді еттер ұсақтап туралады (қазіргі кезде ет тарқыштан өткізіледі).
БАДАМ ҚОСЫЛҒАН ҮГІЛГІШ ҚАТТАМА

Ұн мен қант араластырылып, кесек-кесек күйінде сарымай немесе маргарин, жұмыртқа (бір жұмыртқа ақ уызы бетіне жағуға қалдырылады), ванилин немесе ұсақ көзді үккішпен үгілген лимон цедрасы
ТЕРИ АЛУАСЫ

Бұл алуа көпіршік түзгіште қой майымен және мақта майымен қосып араластырылып, көпіршітілген карамель массасынан жасалатын біркелкі талшықты масса болып табылады.