UF

МЕЙІЗ САЛЫНҒАН ПЕЧЕНЬЕ

Категориясы: Тағам


Бірінші вариант. Жұмыртқаға қант қосып шайқалып, қаймақ, сарымай, тұз салынады. Ұн крахмалмен және содамен араластырылып, әлгі шайқалған массамен қосылады. Осылайша дайындалып, созылмалы күйге жеткенше иленген қамыр салқынға шығарылып, 15-17 минут ұсталады да жақсылап батон жасалады. Ол грек жаңғағының үлкендігіндей етіп кесіп-кесіп домалақталады. Домалақтар алдында әрқайсысына мейіз салынады. Сөйтіп домалақтар алдын-ала май жағылған жұқа табаға салынып, пісіріледі. Дайын болғаннан кейін үстіне ванилин қосылған қант ұлпасы себіліп тасталады.

Бұл тағамды жасауға 160 грамм ұн, 170 грамм крахмал, 100 грамнан қант пен қаймақ, 50 грамм май, 220 грамм мейіз, 50 грамм қант ұлпасы, 2 грамнан ванилин, тұз, сода және 1 жұмыртқа жұмсалады.

Екінші вариант. Жіби бастаған сарымай мен қант қосылып, ағарғанша шайқалады, массаға, аз-аздан бір жұмыртқадан қосылып отырады. Сөйтіп бәрі біркелкі массаға айналғанша араластырылып, ұн мен кішкентай-кішкентай мейіз салынады. Дайын болған қамыр кондитер қалталарға салынып, май жағылған табаға сығылады. Сонда бір-бірінен 5-6 сантиметр қашықтыққа орналасқан көлемі бірдей шелпектер болып шығуы керек. Ара-қашықтығы ондай болмаса пісірген кезде қамыр жайылып кетеді. Бұл тағам әбден қызғылт тартқанша пісіріледі.

Бұл тағамды жасауға 250 грамм ұн, 200 грамнан қант пен май, 120 грамм мейіз, 3 жұмыртқа жұмсалады.

Үшінші вариант. Салқындатылған сарымайға ұн салынып, езіледі де, жұмыртқаға қант қосып шайқалып, әлгі ұн сарымай қоспасымен араластырылады. Иленген қамыр 30-40 минут салқын жерге қойылып, содан соң ұзын шұжық сияқты етіп созылады да ет тартатын машинадан өткізіледі. Машинадан шыққан қамыр бір-біріне жабыспай тұрғанда бірдей етіп бөлінеді. Формаға келтірілген тағам ұн себіліп қойылған жұқа табаға салынып әрқайсысының үстіне бірнеше мейіз батырылады. Содан соң пісіріледі. Дайын қуырма тек салқындағаннан кейін ғана алынады.

Тағамның үшінші вариантын жасауға 300 грамм ұн, 200 грамм май, 80 грамнан қант пен мейіз, 0,5 грамм ванилин және 2 жұмыртқа жұмсалады.

  Жарияланған-2016-03-04 15:41:52     Қаралды-2733

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЙЫЛЖАПЫРАҚ СҮЙСІН ЖӘНЕ ТЕЛПЕК СҮЙСІН

...

Бұл – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы қуыс, жапырақтары көп.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

...

1 қыркүйек - бүкіл балаларының мерекесі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

УҚОРҒАСЫН – НЕВРАЛГИЯНЫ ЕМДЕЙДІ

...

Қазақстанда біріне-бірі өте ұқсас Жоңғар уқорғасыны мен Қарақол уқорғасыны өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУРЕТ МАЙЛЫ БОЯУЛАР ПАЙДАЛАНУЫ

...

Қазір суретшілердің көбі майлы бояуларды пайдаланады, ал бір кезде олар адамзатқа атымен белгісіз болатын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙМАҚ ТҰЗДЫҒЫНА ПІСІРІЛГЕН АЙВА

...

Жуып тазартылған және ірі етіп, қиықшалап кесілген айва жұмсарғанша қайнатылады. Тағам дайындаудан бірнеше күн бұрын апельсин қабықтары салқын суға салынып қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПАСТЕЛЬ

...

Швейцария суретшісі Жан Этьенн Лиотардың мынау «Шоколад дайындаушы әйел» деген картинасына қараңдаршы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »