UF

ЖЫЛТЫРАТЫЛҒАН ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ

Категориясы: Тағам


Бұл - грек жаңғағының марципанмен желімделіп, карамель массасымен жылтыратылған ортасынан қаққа бөлінген екі жартысынан тұратын кәмпит.

Помада жасау үшін қазанға төрт литр су құйылып, оған құм шекер салып ерітіледі. Шырынды қайнату процесі ондағы қалған ылғалдылық 17-18 процентке жеткенше созылады (оттың күшіне қарай қайнату мерзімі 30-40 минутқа жетеді). Қайнатылған шырынға сүт қосылады. Біраз қайнағаннан кейін массаға сарымай салынып, массаның ылғалдылығы 11-12 процентке жеткенше қайнатыла береді.

Помаданы бұлғау. Қайнатылғаннан кейін масса 55-56 градусқа дейін салқындатылып, ванилин қосылады. Помада машинамен немесе қолмен шайқалады. Дайын помада дымқыл матамен жабылған қазанда сақталады.

Марципан әзірлеу үшін помада әдеттегі әдіспен ылғалдылығы 12-13 процентке жеткенше қайнатылады да кептіріліп, ысқыштан өткізілген бадам қосылады, сондай-ақ бадам эссенциясы, спирт қосылып, жақсылап араластырылады. Марципан да помада сияқты сақталады.

Кептірілген грек жаңғағы әбден іріктеліп, бегде қоспалардан, сынықтардан тазартылады. Бұл тағамға қақ жарылған жаңғақ сынығының өзінің бүтіні ғана алынады.

Помада мен марципан бір-бірімен араластырылып, 45-50 градусқа дейін қыздырылады. Сөйтіп грек жаңғағының екі жартысы осы массамен желімделеді. Сөйтіп оны міндетті түрде 16-20 сағат қоя тұрған дұрыс.

Карамель массасы ылғалы 1,5-1,8 процентке жеткенше қайнатылады. Содан соң ол карамель массасы қатып қалмас үшін бәсең отқа қойылған кішкентай қазанға құйылады.

Жаңғақтың желімделген жартылары ұшы доғалданған арнайы шанышқымен карамель массасына салынып жылтыратылады.

Жылтыратқаннан кейін алдын ала сарымаймен майланған салқындататын немесе мәрмәр столға салынады. Содан соң жаңғақтың бетіне карамель массасының біркелкі жұғуы үшін тағам дайындаушы да қолын сарымаймен майлап алып оны стол үстімен домалатады. Салқындаған соң жаңғақ ыдысқа салынады.

Бір килограмм өнімге 502,0 грамм қант, 124,5 - сірне, 186,8 грамм сүт, 17,2 грамм сарымай, 287,4 грамм грек жаңғағы, 81,4 грамм бадам, 2,8 грамм спирт, 0,76 грамм бадам эссенциясы жәче 0,04 грамм ванилин жұмсалады.

Жылтыратылған грек жаңғағының бір килограмында кемінде 45 түйірі болады. Ылғалдылығы - 6 процент, ыдысқа салғандағы салмағы - 4 килограмм. Ең ұзақ сақтау мерзімі - 20 күн.

  Жарияланған-2016-02-29 18:08:06     Қаралды-4316

Мәлімет сізге көмек берді ма

АЛМАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА 10 ПАЙДАСЫ

...

Алма қабығында антиоксидант кверцетиннің көп мөлшері бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫМЫЗ АШЫТУ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ

...

Қымыз дайындау үшін ең алдымен сауын биелерін іріктей білу керек. Сауылатын бие сақа бие, қулық бие, қысырақ бие деп үшке бөлінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

8 ТҮРЛІ ПАЛАУ ДАЙЫНДАҢЫЗ

...

Шағындау қазан отқа қойылады да, май салып қыздырылады. Май қайнай бастағанда сақиналап, ірілеу етіп туралған...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

...

Әртүрлі агрегаттық күйдегі су бізді барлық жерде қоршап алады, тіпті біз оны әрдайым байқамаймыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Мохаммед Али өзінің алтын медалін өзенге тастап жіберді

...

Өзінің өмірбаянында Али 1975 жылы Рим Олимпиадалық Ойындардан қайта кері оралғанда Огайо өзеніне өзінің алтын медалін тастап жіберді, одан және оның досынан «түсті» болғандықтан ресторандардың бірінде қызмет көрсетулеріне мүмкіндік берді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4600 миллиард жыл бұрын пайда болды

ТОЛЫҒЫРАҚ »