UF

ТҰЗДАЛҒАН БАДАМ

Категориясы: Тағам


Бұл - тұз себіліп қуырылған бадам. Бір килограмын жасауға 902,4 грамм бадам, 270,7 грамм тұз жұмсалады. Осындай рецептімен бадам орнына жер жаңғағы мен өрік дәндері алынып, тұз қосылып қуырылған тағамдар да жасалады.

Тұз қажетінше суға ерітіліп, ол ерітіндіге бадам салынады да, ұдайы араластырыла отырып, 60-70 градусқа дейін қыздырылады. Тұз ерітіндісінде бадам 3,5-4 сағат ұсталады.

Тұз сіңген бадам елекке немесе торға салынып, ерітіндісінен сорғытылады. Оған қосымша кристалды тұз қосылып, мұқият араластырылады. Содан соң бадам қаңылтыр табақшаларға қалыңдығы бірдей (30-40 миллиметр) етіліп жайып салынады. Ол табақшаның астына қағаз төселеді. Содан соң температура 160-165 градусқа жеткізіліп, 50-60 минут бойы қуырылады. Бұл кезде бадамды бірнеше рет араластырып қою керек.

Қуырып болған соң бадам салқындатылып, артық туз еленіп алынады.

Салқындатылған бадам қақпағы тығыз жабылатын қаңылтыр қораптарға салынады.

Бұл тағамның сапасына келсек, оның жағымды тұзды дәмді, қуырылған бадам иісі шығып тұруы керек. Сынған жерінде бадам дәндері қызғылт тартады. Бетінде тұздық ұсақ кристалдары көрініп тұрады. Ылғалдылығы - 1,5-2,0 процент.

Шикізат әркімнің қалауынша алынады.

  Жарияланған-2016-02-28 18:52:31     Қаралды-2904

Мәлімет сізге көмек берді ма

БҰРЫШ ЖАЛБЫЗ - БРОНХ ҚАБЫНҒАНДА ЕМ

...

Бұрыш жалбыз – биіктігі 1 метрге жететін көп жылдық шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

...

Дүкенге жіберер алдында жұмысшы пышақ жүзін тегістегіш станокпен айнадай ғып жалтыратыпты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЮАНЬ ПАТШАЛЫҒЫ

...

Юань патшалығы - 1271-1368 жылдар аралығында қазіргі Моңғолия және Қытай аумағында салтанат құрған мемлекет. Мемлекеттің негізін Шыңғыс ханның немересі Құбылай қалаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨЗ ШАҒЫЛЫСТЫРҒАН ОТТЫҢ ӘМІРШІСІ

...

Пісіргіштің қалай жұмыс істейтінін көрген адам, сірә да, жанарғы мен ауыр баллон арасын жалғап жатқан құлаштай- құлаштай екі резеңке түтікті байқаған болар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАПУСТА ҚҰЙМАҒЫ

...

Капуста тазартылып, жуылады. Ұсақтап туралады да, үстіне сүт құйылып жұмсарғанша бұқтырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЫШАЛДА

...

Сабын-тамырмен және жұмыртқамен араластырып, көпіршітіп шайқалған қант шырыны осылай аталады. Түсі ақ, қоюлығы кремнің қоюлығындай. Белок ретінде жұмыртқа белогы қолданылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »