UF

ҰШАТЫН СҮТҚОРЕКТІЛЕР

 

Сүтқоректілер тіршілік ерекшеліктеріне қарай аспанда қалықтап және ұзақ ұша алады. Мұндай сүтқоректілердің дене құрылысында, әсіресе алдыңғы аяқтарында өзгерістер байқалады. Кемірушілер отрядына жататын сүтқоректі ұшар ағашта тіршілік ететіндіктен, қалықтап, бір ағаштан екінші ағашқа орын ауыстырса, жүнқанаттылар ұзақ қалықтайды, ал жарқанаттар ұзақ ұшады.

Жүнқанаттылар отряды. Ежелгі бунақденеқоректілерден бөлініп шыққан, тропиктік және экваторлық жаңбыр мол жауатын орманда мекендейтін сүтқоректілер тобы - жүнқанаттылар отряды. Қазіргі уақытта олардың бір ғана түрі - ұшпарух Филиппин аралдарыпда тіршілік етеді. Оның бүкіл денесін және мойны мен аяқтарым, қүйрығын біріне-бірін жалғастыратын жарғағын өте жұмсақ, қалың түк қаптайды. Ұшпарухтың дене тұрқы - 42 см, құйрығымың ұзындығы - 27 см, салмағы - 1,7 кг. Ол төрт аяғындағы өткірі тырнақтарымен ағаштың көлденең өскен бұтағына жармасып, денесіи салбырата асылып тұрады да кеш түсісімен қорегін аулауға шығады. Алдымен ағаштың бөрікбасындағы ең биік бұтақтарға өрмелеп шығып, ұшпарух аяғы мен құйрығының аралығындағы жүн қаптаған тері қатпарларын кереді де ауаға атылып, қалықтап, дыбыссыз ұшады. Ұшпарух 50-60 метрге дейін қалықтап ұша алады. Олар тек өсімдіктермен ғана - ағаштың жапырақтары, бүрлері және жемістермен қоректенеді. Ұшпарух бір ғана бала туып, оны сүтпен асырайды. Баласы бір жылға дейін енесінің маңынан ұзамайды.

Қолқанаттылар отряды. Бұлар - кәдімгідей ұша алатын шағын денелі сүтқоректілер. Жарқанат - солардың бір өкілі. Жалпы қолқанаттылардың дене тұрқы 25-40 сантиметрден аспайды. Бұлардың алдыңғы аяғы қанатқа айналған: алдыңғы аяқтағы бірінші саусақтан басқа ұзын саусақтардың аралығы мен дененің қапталын, артқы аяқтарды, құйрықты тері жарғақ жалғастырып тұрады. Қолқанаттылардың төстігінде құстардыкі тәрізді қыр болады. Қыртөске бекінген бұлшықеттер қанатты қимылға келтіреді.

Қолқанаттылардың қанатындағы жарғақ түксіз болғанмен, олардың бүкіл денесін түк қаптайды, терісінде иіс шығаратын бездер орналасады.

Қолқанаттылардың 1000-ға тарта түрлері белгілі. Көптеген түрлері өте сиреп барады, сондықтан 3 түрі, 4 түр тармағы ХТҚО-ның, 5 түрі бұрынғы КСРО-ның және 1 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді. Қолқанаттылардың 2 отряд тармағы бар, олар: самғауықтар және жарқанаттар. Самғауықтың 130-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Олар көбінесе Африкада, Оңтүстік Азияда мекендейді. Оның белгілі өкілі - түлкібас. Малайя архипелағында тұрғындар түлкібастың етін тағамға пайдаланады.

Жарқанаттардың құлағы үлкен, шағын денелі, өткір тісті 800-ге тарта түрлері кездеседі. Бұрынғы КСРО-да 41 түрі, Қазақстанда 22 түрі мекендейді. Жарқанаттар - түн жануары, негізінде бунақденелілерді аулап жейді. Алайда тропиктік елдерде тіршілік ететін кейбір жарқанат түрлері балықпен, қанмен және жеміспен де қоректенеді. Жарқанаттар күндіз таса жерде артқы аяғына ілініп, басын төмен салбыратып тынығады, ал қыста ұйқыға кетеді.

Жарқанаттардың көзі нашар көреді, ал оның есесіне есту және сипап сезу сезімдері күшті дамыған. Олар айналасын өте жоғары толқынды дыбыстар арқылы бағдарлайды. Бұлар тұрақты жұп құрмайды, бір, кейде екі бала туып, оны сүтпен асырайды.

Жарқанаттар жақсы ұша алады. Солардың бірі - республикамызда Қызыл кітапқа тіркеліп, қорғауға алынған қалқанқұлақты қатпарерін жарқанат. Оның дене тұрқы 81-92 мм, ол көбінесе Талас Алатауы мен Қаратауда кездеседі. Олар жарғақ қанатын жиі-жиі қағып, сұрқарлығаштар тәрізді ұшады. Үстіңгі ерні бүктемелі қатпарлардан қүралатындықтан, бұл жарқанат қатпарерін деп аталады. Қатпареріндер таулы аймақта мекендейді, әр түрлі бунакденелі жәндіктермен қоректенеді. Олар қыста жылы жаққа ұшып кетеді, маусым айының бас кезінде бір бала туады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-18 16:15:09     Қаралды-495

ИІССУ ҚОЛДАНА БІЛІҢІЗ

...

Сіздің сүйікті духиіңіз хош иісін барынша ұзағырақ сақтауы үшін не істеу керек?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАМЫРҒА ОРАЛҒАН ЕТ

...

Мәнті әр түрлі фарштан дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰСТАР КҮЗДЕ НЕЛІКТЕН ҰШЫП КЕТЕДІ?

...

Мүмкін қардан қорқатын шығар?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Жалынды кемпірқосақ

...

Жалынды кемпірқосақ ең сирек кездесетін атмосфералық феномендердің бірі болып табылады – ол кемпірқосақтардан жасалынған бұлт сияқты көрінеді. Ол ешқандай да кемпірқосақ емес және отқа қатысы да жоқ, бірақ бұл табиғат құбылысы ешкімді де енжар қалдырмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТАРДА ЕҢ КӨНЕ ДІННІҢ БІР ТҮРІ

...

Адамзат баласының тарихында алғашқы қауымдық құрылыстан басталатын ең көне діннің бір түрі шаманизм екені белгілі. Шаман діні қазақ арасында небір азулы діннің түрлерімен, небір аққаптал саяси ағымдармен жағаласа жүріп XX ғасырдың басына дейін жетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »