UF

ДҮНГЕН ХАНДЫҒЫ - 1864 ж. Шынжаңдағы (қазіргі ҚХР-дегі Шынжаң-ұйғыр автономиялы ауд.) мұсылман халықтарының (дүнген, ұйғыр, қазақ т. б.) ұлт-азаттық көтерілісі маньчжур (цин) өкіметін құлатқаннан кейін пайда болған феодалдық мемлекет. Дүнген хандығына бастапқыда негізінен дүнген халқы мекендейтін Солтүстік Тянь-Шань маңындағы аймақтар мен қалалар [Үрімші (астанасы), Манас, Гучен т. б.] енді. Көтерілістің діни сипатына қарай Дүнген хандығындағы жетекші саяси күш мұсылман дін басыларынан құралды. Мемлекетті дін өкілі Лотай хан биледі (мұнымен қатар зерттеушілер дүнген қалаларының өзін-өзі билеу қақысы кең болғандықтан, Дүнген хандығын дүнген қалаларының одағы деп те атады). Қалаларды яншайлар басқарды. Әр қаланың өз жасағы (қаладағы ересек адамның бәрі жасақ мүшесі) болды, ал бүкіл хандықта тұрақты әскер болған жоқ. 1867 жылға дейін Дүнген хандығы Шынжаңдағы феодалдық иеліктердің ішіндегі ең күштісі болып, шекарасын едәуір кеңейтіп алды. 1864-1866 жылдар Қашғариядағы (Шынжаңның оңтүстік бөлігі) құбылмалы саяси жағдай әсерінен Оңтүстік Тянь-Шань маңындағы Турфан көгалды аймағы мен Тоқсун (халқы негізінен ұйғырлар) және олардың батыс жағындағы Қарашарға дейінгі қалалар Дүнген хандығының билігіне көшті. 1866 жылы дүнгендер Тарбағатай өлкесіндегі цин өкіметін ысырып тастап (жорыққа қазақтар да белсене қатысты), бір жылдан астам уақыт онда өз билігін жүргізді. Шығыс бағытта олар Хами қаласын алды (1866). Көрші Іле өлкесіндегі жергілікті ұйғыр тараншылармен өкімет билігіне таласқан дүнгендерге көмек көрсету үшін Дүнген хандығы әлденеше рет отряд жіберді. Ақыры тараншылар устемдік алды (1867 жылы мамыр). Мұндағы иелік Тараншы сұлтандығы деп аталды (1867-1871).

1867 жылға қарай күрт өзгерген жалпы саяси жағдай Дүнген хандығына кері әсер етті. Бір жағынан, цин үкіметі Шынжаңда және оған көршілес Шэньси, Ганьсу провинцияларында бұрынғы өз үстемдігін қайта орнатуға ұмтылып, Шынжаңның солтүстік-батыс аудандарына бақылау орнатты, 1869 жылы солтүстік-шығыс бағытта Хами қаласын алды. Екінші жағынан, 1867 жылы бүкіл Қашғариядағы өкімет билігін (Дүнген хандығына жататын жерлерден басқа) қолына алып, Жетішаһар атты феодалдық мемлекет құрған (ірі қалаларының саны бойынша) Якупбек Дүнген хандығының аса қауіпті дұшпанына айналды. 1868 жылы Дүнген хандығы Якупбектің иеліктеріне шабуыл жасап, екі арада соғыс басталды. Осы соғыстың барысында Дүнген хандығы Тянь-Шаньның оңтүстігіндегі иеліктерінен айрылды (1869 жылдың аяғы). Ұзақ шайқастан кейін 1870 жылы жазда Якупбек Турфан алқабын басып алды да, іле-шала Үрімшіге шабуыл жасады. Ақыры 1870 жылдың аяғында Дүнген хандығы дербес мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Якупбек әр қалаға өзінің салық жинаушыларын - зекетшілер тағайындап, әскерлерін орналастырды. Сонымен қатар ол дүнген билеуші топтарының қолдауына сүйенуді көздеп, солардың арасынан өзіне ұнаған адамдарды яншай етіп бекітті, дүнген қалаларының бұрынғы өзін-өзі билеу дербестігін сақтады. Дүнгендердің өз мемлекетінің тәуелсіздігі жолындағы көтерілістерін (1871, 1872 жылға салым) Якупбек аяусыз басып отырды.

1871 жылы жазда Россия Тараншы сұлтандығын басып алып, біраз уақыт қолда ұстады. Бұл жағдайды пайдаланып, Солтүстік Тянь-Шаньдағы дүнген қалаларының басшылары Россияның қол астына көшуге тырысты. Бірақ бұдан нәтиже шықпады. 1867 жылдың аяғында цин өкіметі Шэньси провинциясындағы, ал 1873 жылдың соңында Ганьсу провинциясындағы көтерілістерді талқандады. Дүнген көтерілісшілерінің кейбір отрядтары жазалаушылар мен табанды ұрыс сала отырып, 1874 жылы Солтүстік Тянь-Шань маңына ығысты. 1876 жылы шілдеде цин жазалаушылары Гучен мен Фукан, тамыздың ортасында Гумади, Үрімші қалаларын басып алды. Ал 1876 жылы 28 қазанда Манас қаласы бағындырылғаннан кейін, бүкіл Солтүстік Шынжаң (Іле өлкесінен басқа) қайтадан цин үкіметінің қол астына көшті. Дүнген хандығы біржола жойылды.

Дүнген көтерілістерін басу кезінде жазалаушылар қарулы көтерілісшілермен бірге бейбіт халықты қырғынға ұшыратты. Дүнгендердің Бай Янху бастаған көтерілісшілері үйіштерімен бас сауғалап, 1876 жылы күзде Оңтүстік Тянь-Шань маңына, Қашғарияға шегінді. 1877 жылы көктемде Қашғарияға жазалаушылар әрекеті қайта басталды. Жергілікті ұйғырлармен тізе қосқан дүнгендер жазалаушыларға айтарлықтай қарсылық көрсетті. Алайда күші басым жазалаушылар оларды батысқа қарай түре түсті. Дүнгендермен бірге жоғарыда аталған қалалардағы ұйғырлардың бір бөлегі қоса шегінді. Сөйтіп олар 1877 жылықараша-желтоқсан айларында амалсыз шекарадан өтіп, Пржевальск (1166 дүнген), Ош (2 мыңнан астам ұйғыр, 1 мыңдай дүнген) маңына келіп паналауға мәжбүр болды. Ал Бай Янь ху бастаған үлкен топ (3314 адам) Нарынға келіп тоқтады. Патшаның үкімет орындары мен жергілікті халық қашқындарға қажетті жәрдем (азық-түлік, дәрі-дәрмек, баспана) көрсетті.

1881 жылғы Санкт-Петербург шарты бойынша Россия Іле өлкесін Қытайға қайтарып бергеннен кейін, өлкедегі халықтың жартысынан астамы - 70 мыңдай адам өз ықтиярымен Россия қол астына, Жетісу облысына көшіп келді (1881-1883). Бұлардың ішінде 9572 семья (45 373 адам) ұйғыр, 5 мың үй қазақ, 1147 семья (4 682 адам) дүнген болатын. 2 565 ұйғыр, 346 дүнген, 5 мыңдай қазақ семьялары Іле өлкесінде қалды. Қазір Қазақстанда, Қыр ғызстанда, Өзбекстанда тұратын дүнгендер мен ұйғырлар 1877 және 1881-1883 жылдар ауып келген дүнгендер мен үйғырлардың ұрпақтары.

Әдеб.: Куропаткин А. Н. Кашгария. -СПБ, 1897; Сушанло М. Дунганское восстание второй половины XIX века и роль в нем Бай Янь-ху, Фр., 1959; Кабиров М.Н. Переселение илийских уйгур в Семиречье. -А.-А., 1951; Юсуров X. Переселение дунган на территорию Киргизии и Казахстана. Фр., 1961.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-10-09 17:08:16     Қаралды-1522

ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

...

Өздерің зер салып байқасаңдар, жер бетіндегі әр халықтың өз баспанасы болған. Мысалы, орыс халқының ағаш шеберлері шыршаның немесе қарағайдың бөренелерінен қиып үй салған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САЛМАҚСЫЗДЫҚТА ТІРШІЛІК

...

Космоста адам ешқайда құламайды, мұнда «жоғарғы» жақ, «төменгі» жақ деген уғым жоқ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛ МАУСЫМДАРЫ ТУРАЛЫ

...

Қөктем туады, жаз шығады, күз түседі, қыс келеді. Халықтың ұғым-тусінігіне орай қалыптасқан сөз тіркесі осылай айтыла ды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Сонымен түйме не үшін қажет?

...

Пиджактың ең астындағы түймесін этикетке сәйкес түймелемеуді барлығы біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Жасыл далап

...

Телевизия ақ-қара болған кезде, түсірілім кездері қызыл сүзгі қолданылды, олар сұр түске қызыл түс беріп отырды. Сондықтан жүргізушілер және актрисалар жасыл бояулармен және далаптармен боянды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАБУ ҚАРУЛАРЫ

...

Қазақтардың шабу қаруы үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі - жүзінің жалпақтығы орташа келген «жауынгерлік балта». Екінші түрі - жүзі жалпақ, жарты ай сияқты дөңгелене келген «айбалта».

ТОЛЫҒЫРАҚ »